№29 (7011) 19 шілде 2016 жыл



жүктеу 401.29 Kb.

бет4/4
Дата15.09.2017
өлшемі401.29 Kb.
1   2   3   4

− Ал, 

талаптардағы 

«діни 

атрибутиканың 

қолданылмауы 

қажет» дегенге не айтар едіңіз?

– Мектеп 

формасы-

на 


қойылатын 

талаптар 

мәтініндегі «діни 

атрибутиканың 

қолданылмауы» деген  тіркеске  кел-

сек,  «мектеп  формасын  сақтау» 

дегеннің  өзі  «басқа  ешбір  атрибути-

каны  қолданбау»  дегенді  білдіретіні 

бесенеден белгілі. Және бұл тек діни 

атрибуттарға  ғана  емес,  басқа  да 

ерекшеліктерге тыйым салынатынын 

білдіреді.  Мәселен,  бала  мектепке 

еркін  киім  үлгісімен,  сәнді  немесе 

спорттық  киімдермен,  жарқыраған 

әшекей  бұйымдармен  келе  алмай-

ды ғой. «Форма» ұғымы соның бәрін 

реттейді.  Дұрысы,  бұрыннан  реттеп 

келген.


Мектеп  формасының  да  көтеріп 

отырған  өзіндік  әлеуметтік-тұлғалық 

жүгі  бар.  Біріншіден,  кез  кел-

ген  форма  белгілі  бір  мекемеге 

қатыстылықты 

білдіретіндіктен, 



Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу 

және талдау орталығының директоры, фи-

лология ғылымдарының кандидаты Айнұр 

Әбдірәсілқызымен сұхбат.

тұлғаға  сол  мекеме  алдындағы  жа-

уапкершілікті  жүктейді.  Екіншіден, 

форма  –  құқықтық  қатынастар  ше-

гін  айқындайтын  бақылау  құралы. 

Қарапайым  мысалмен  өрнектесек, 

мектеп  формасындағы  бала  сабақ 

уақытында  көше  кезіп  жүрсе  неме-

се  компьютер  клубында  ойын  ой-

нап  отырса,  кез  келген  учаскелік 

полиция  инспекторы  оның  мән-

жайын  сұрап,  қадағалауға  құқылы. 

Үшіншіден,  біртекті  форма  мектеп 

жасындағы  балалардың  әлеуметтік 

тұрғыдан  жіктелуіне,  психологиялық 

қысымдардың орын алуына жол бер-

мейді, яғни «бұлақ бастан былғанбас» 

үшін форманың сақталуы қажет.

Тізе 

берсек, 


басқа 

да 


артықшылықтарды  атауға  болады, 

бірақ оның барлығы қарапайым қоғам 

мүшесіне  де  белгілі. Сондықтан 

қайыра  айтарым  –  мектеп  форма-

сына  қойылатын  талаптарға  жер 

астынан  жік  шыққандай  таң-тамаша 

болудың реті жоқ.

− Арандатушы секілді көрінсе де 

кезекті  бір  сауалды  қойғым  келіп 

отыр.  Кезінде  кейбір  азаматтар 

мектепте  хижабқа  жол  берілмеуін 

Конституцияға  қайшылық  ретінде 

бағалап жатты. Бұған не дейсіз?

– Арандатушы  емес,  алаңдатушы 

сауал бұл. Құқықтық сауаттылықтың 

қарапайым деңгейін игермегеніміздің 

көрінісі. 

Құқықтық 

мәселелерді 

қозғағанда ауырдың үстімен, жеңілдің 

астымен жүретін психологиядан ары-

луымыз керек. Өзімізге керек нәрсені 

ғана  көріп,  керек  еместі  жылы  жа-

уып  қойғаннан  жағдай  өзгермейді. 

Мәселеден  қашу  емес,  оны  шешу 

керек.


Басын  ашып  алатын  бір  мәселе 

– Ата Заңда «діни сенім бостандығы» 

деген  ұғым  жоқ.  Ол  «ар-ождан 

бостандығы»  ұғымының  аясында 

қамтылады. Қазақстан Республикасы 

Конституциясының 22 бабына сәйкес 

«әркімнің  ар-ождан  бостандығына 

құқығы  бар».  Бірақ  дәл  осы  бапта 

жазылғандай, «ар-ождан бостандығы 

құқығын  жүзеге  асыру  жалпы 

адамдық  және  азаматтық  құқықтар 

мен  мемлекет  алдындағы  міндет-

терге  байланысты  болмауға  неме-

се  оларды  шектемеуге  тиіс». Яғни, 

сол бостандыққа  қатысты  құқықтық 

нормаларда оның шет-шегі де айқын 

көрсетілген. Керітартпа 

пікірлерге 

арбалған  кей  азаматтар  осы екінші 

ережені көргісі келмейді. Білім туралы 

заңның білім мекемесінің ішкі тәртібін 

сақтау мақсатында мектеп формасы-

на  қойған  талаптары  азаматтардың 

ар-ождан бостандықтарын бұзбайды, 

керісінше  олардың  заңнамалық 

нормаларға  кең  түсінікпен,  ашық 

азаматтық тұрғыдан қарауын міндет-

тейді.


Әрбір  саналы  азаматтың  заң 

қағидалары  ар-ождан  бостандығын 

қамтамасыз  етумен  қатар  мемлекет 

алдындағы  міндеттер  мен   жауап-

кершіліктерді  қоса  жүктейтінін  есте 

тұтқан  абзал.  Қарапайым  құқықтық 

сауаттылықтың шарты осындай.

Енді  орамал  мәселесіне  келейік. 

Мұсылман әйелдердің орамал тағуы 

Құранда  бұйырылғандықтан,  ол 

парыз  амал  болып  есептеледі.  Па-

рызды мойындамау – күпірлік, діннен 

шығуға алып барады. Ал, орамалдың 

парыз  екенін  мойындаса,  бірақ  бел-

гілі бір себептермен (біздің мысалы-

мызда  –  мектеп  формасын  сақтау 

қажеттілігінен) таға  алмаса, ол  әйел 

немесе  қыз  бала  мұсылмандықтан 

шыққан  болып  саналмайды. Яғни, 

жүрегінде иманы бар болса, орамал 

тақпаған  әйелді  «мұсылман  емес, 

кәпір»  деп  ешкім  айта  алмайды. 

Керісінше,  бұл  жағдайда  Мұхаммед 

пайғамбардың: «Кімде-кім бауырына: 

«Ей, кәпір!» десе, егер ол адам шы-

нымен  кәпір  болмаса,  онда  айтқан 

адамның  өзі  кәпір  болады»  деген 

қатаң  ескертуін  есте  ұстау  орынды. 

Ислам  шариғаты  бойынша  иман 

келтірген мұсылман адамды «кәпір» 

деп айыптауға болмайды. Егер ора-

мал мұсылмандықтың басты көрінісі 

болса,  иманды  жүректен  бір  сәт  те 

өшіруге болмайтыны секілді, орамал-

ды бір сәт те шешуге рұқсат берілмес 

еді.  Бірақ  ислам  шариғатында  олай 

емес  –  балиғатқа  толған  қыз  бала 

мен  әйел  адам  жақын  туыстарының 

көзінше  (ер  адам  болса  да)  ора-

малсыз,  тұмшаланбай  жүре  алады. 

Бұл  туралы  талай  дәлел-дәйектер 

келтіруге  болады,  бірақ  ұзын  сөздің 

қысқасы  –  иман  орамалмен  бірге 

алынып-салынып  тұратын  заттық 

дүние емес.

– Түйін сөзіңіз?

–  «Өспейтін  бала  өнбейтін  дауды 

қуады»  дегізбей,  болар  елдің  бала-

сына тән байсалды мінез танытайық. 

Кешегі  жер  дауы  мен  жесір  дауына 

бүгін  хижаб  дауын  қолдан  қосып, 

буынсыз  жерге  пышақ  ұрмайық. 

Қазақтың өзге дерті де аз емес. Жа-

нашыр болсақ, соларды емдейік.

Мемлекетіміз  мектептен  тыс  жер-

де  орамал  тұрмақ,  бес  парыздың 

ешбіріне  тыйым  салып  отырған 

жоқ,  керісінше  барлық  азаматтар-

мен  қатар  мұсылмандардың  сенім 

бостандығына  барынша  жағдай  жа-

сап отыр. Қарындастарымыз сол ізгі 

заңдарды  игілігіне  тұтсын.  Сөйтсін 

де,  сондай  мемлекетті  нәсіп  еткен 

Алла  Тағалаға  шүкіршілік  танытып, 

бейбіт  Отанына  адал  қызмет  етсін. 

Өйткені,  Мұхаммед  пайғамбардың 

хадисінде  айтылғандай:  «Отанды 

сүю – иманнан».

Әңгімелескен Самат МҰСА. 

«егемен Қазақстан».


19 шілде 2016 жыл

8

E-mail: too-orda@bk.ru



ЖҰЛДЫЗЫ

ОрДа


Туристік слет

Құттықтаймыз!

Сайқын  ауылының  тұрғыны  бірімізге  адал  жар, 

бірімізге  аяулы  ана,  ардақты  әже 



Тәшімова  Зура 

Тәшімқызын мерейлі 75 жасқа толуымен шын жүректен 

құттықтаймыз. Алла деніңізге саулық берсін. Жанұяңда 

жапырағы жайылған мәуелі бәйтеректей асыл әкемізбен 

бірге  ортаны  толтырып,  ұрпақтарыңыздың  қызығына 

кенеліп, аман-есен отыра бергейсіз.  

Үлгі менен өнеге боп маңайға,

Жансыз ғой сіз тәлім берер талайға.

Құт-береке, ырыс-бақыт әкелгей,

Нұрын шашып әр атқан таң арайлап.

Игі тілекпен: жолдасы Бақытжан, ұл-

келіндері, қыз-күйеулері, немере-жиендері.

* * *


  Сайқын  ауылының  тұрғыны,  қадірлі  құдағайымыз 

Сарбалина Рабиға Төлегенқызын мерейлі 70 жасқа 

толуымен  құттықтаймыз.  Жаратқан  сізге  ең  алдымен 

мықты  денсаулық,  көтеріңкі  көңіл-күй  сыйласын.  Не-

мере-жиендеріңіздің бал қылықтарына марқайып жүре 

беріңіз.

Құтты болсын мерейлі туған күніңіз,

Деніңіз сау боп, шалтты өмір сүріңіз.

Бала-шаға қызығына қуанып,

Ортамызда тек есен-сау жүріңіз.

Құттықтаушылар: құда-құдағайлары 

Шайдолла-Зоя, Тамара және шиыршықтас 

достары ержан-Күләш, Хамидолла-Рауза, Қитеш-Әсия

Кәрім-Сара, Анна, нәсіп, Айтқаным, Дариға, Ғалия.

* * *


Хан  ордасы  ауылының  тұрғыны,  қымбатты  ана, 

сүйікті жар, мейірімді әже 



Кенжалиева Құрманғаным 

Уәлиқызын  60  жасқа  толуымен  құттықтаймыз. 

Шаңырағыңызда  немере-жиеннің  шаттығына  бөленіп, 

көңіл-қошыңыз  әрдайым  бала-шағаның  қуанышымен 

жасай берсін. 

Бақыт, ырыс, береке өзіңізсіз,

Ақ әже, асыл әже жарқын жүрек.

Біз сізді шын жүректен құттықтаймыз,

Денсаулық, қайғы-мұңсыз ғұмыр тілеп.



Тілек білдірушілер: жолдасы Асан, ұл-

келіні Бекет-Айымгүл, қыз-күйеуі Балауса-

ерген, Алмагүл, немере-жиендері: Алина, ернұр, еркеназ.  

* * *


Сайқын  ауылының  тұрғыны 

Тасқалиева  Бибігүл 

Темірқызын  мерейлі  40  жасқа  толуымен  құттықтап, 

деніне саулық,  отбасына амандық,  мәнді де сәнді ұзақ 

өмір тілейміз.

Құтты болсын туған күнің шырақты,

Денсаулығың мықты болсын қуатты.

Ортамызда аман-есен жүре бер,

Күлкі кетпей жанарыңнан шуақты.

Құттықтаушылар: ата-анасы Темір-

Бақытжамал, ағасы ермек, іні-келіндері 

Серік-Жанаргүл, Берік, немере сіңлісі Аида.

Аудандық ішкі істер бөлімі жергілікті полиция қызметінің 

учаскелік 

инспекторларымен 

отбасылық-тұрмыстық 

қатынаста құқық бұзушылық жасап, жанұя шырқын бұзғаны 

үшін    бисендік  К.Ақмолдин  мен  сайқындық  Д.Қабасовқа, 

сейтәлілік Т.Шайхиевке  ҚР ӘҚБтК-нің 73 бабымен хатта-

ма толтырылып, істері сотқа жолданды. 

Кәмелетке  толмаған  жасөспірімдердің  түнгі  мезгілде, 

яғни,  сағат  23:00-ден  кейін  көшеде  жүргені  үшін  Бөрлі 

ауылының екі тұрғынына ескерту түріндегі әкімшілік жаза 

қолданылса, иттер мен мысықтарды асырау және серуен-

дету қағидаларын бұзып, жеке тұлғалардың денсаулығына 

және  мүлкiне  залал  келтiрген  осы  ауылдың  бірнеше 

тұрғындарына тиісті шара алынды. 

Сондай-ақ,  өткен  аптада  қоғамдық  орындарда 

адамдардың  қадір-қасиеті  мен  қоғамдық  имандылыққа 

нұқсан келтіретін күйде мас жүрген бірнеше адам әкімшілік 

жауапкершілікке тартылды.



е.ЖОРАЛИеВ,

аудандық жергілікті полиция

 қызметінің бастығы,

полиция подполковнигі.

Қазіргі  алмағайып  заманда  оқыс 

оқиға, тосын жағдай дегеніңіз қас пен 

көздің арасында тұрғандай. Өрт, сел, 

жер сілкінісі секілді табиғи апаттардың 

қатарында  адамдар  қолымен  жаса-

латын  лаңкестік  әрекеттер  де  соңғы 

кезде  жиі  байқалып  жүр.  Алла  бетін 

әрмен қылсын, мұндай жайттар орын 

ала қалса, аңырып отырмай, ұтымды 

әрекет  ету  үшін  төтенше  жағдай 

қызметінің әзір тұрғаны абзал.

Азаматтық  қорғаныстың  аумақтық 

және  нысандық  құрамаларының 

дайындықтарын 

пысықтау 

мақсатында 13-15 шілдеде аудандық 

оқу-жаттығу  шаралары  оздырылды. 

Оған  облыстық  төтенше  жағдайлар 

департаментінің  әскери-жұмылдыру 

жұмыстары 

тобының, 

кешенді 

жаттығулар  өткізу  штабының  бас-

шысы,  подполковник  Сергей  Вик-

торович  Волохов,  департаменттің 

аға  офицері,  подполковник  Талғат 

Мұратұлы Сейсенғалиев пен маманы 

Сергей  Александрович  Сценцеренко 

қатысты.


Алдымен  аудандық  азаматтық 

қорғаныс  штабында  (бастығы  аудан 

әкімі  Н.Рахымжанов)  құрама  жетек-

шілеріне  оқу-жаттығу  жоспары  та-

ныстырылып,  кейін  арнайы  алаңда 

олардың  саптық  әзірліктері  тек-

серілді.  Онда  ауданның  төтенше 

жағдай  бөлімі  басшысы  Т.Қ.Апақаев 

аудандық 

азаматтық 

қорғаныс 

штабы 


басшысының 

орынбаса-

ры,  аудан  әкімінің  орынбасары 

Р.М.Зұлқашевқа 

баянат 

тапсыр-


ды.  Өртке  қарсы,  қоғамдық  тәртіпті 

сақтау, 


медициналық, 

инженер-


лік, 

материалдық-техникалық, 

радиациялық-химиялық 

қорғаныс, 

көлік,  өсімдік  пен  жануарларды 

қорғау,  электр,  байланыс  желілерін 

қалпына 

келтіру, 

газ 

жүйесі, 


ақпараттандыру қызметтері (барлығы 

12 құрама) жетекшілері Р.М.Зұлқашев 

пен С.В.Волоховты өз жасақтарының 

атқаратын қызметімен таныстырды.

Оқу-жаттығу  жоспарында  бел-

гіленген 

аудандық 

демалыс 


орталығындағы 

және 


даладағы 

«өрт»  ауыздықталып,  зардап  шек-

кендерге  жедел  көмек  көрсетілді. 

«Үзілген  электр  желісі  де»  шұғыл 

қалыпқа  келтіріліп,  малынан  ауру 

білінген тұрғынның хабары бойынша 

да  тиісті  шаралар  алынды.  Осылай-

ша,  әр  қызмет  саласының  адамда-

ры  өздерінің  кәсіби  шеберліктерің 

тағы  бір  аңғартты.  Олар  теориялық 

сынақтан (тест тапсыру) да мүдірмей 

өтті. Ал, менің тілімнің ұшына: «Бола 

қалса  тосын  жай,  қимылдайық  осы-

лай»,-деген сөз тіркесі орала берді.



К.ҒАЙСИн.

Суреттерде: оқу-жаттығу 

сәттерінен көріністер.

Бола қалса тосын жай...

«Нұр Отан» партиясының «Ұлы дала 

елі» жобасы аясында Сырым ауданын-

да  облыстық  және  аудандық  мәдениет 

қызметкерлері арасында достық қарым-

қатынасты  нығайтып,  өзара  тәжірибе 

алмасу  мақсатындағы  «Тәуелсіздіктің 

жемісі» атты облыстық туристік слет оз-

дырылды. 

Аталмыш  шараға  біздің  көркем-

өнерпаздар  да  барынша  атсалысты. 

«Озық  тәжірбие  –  көпке  ортақ»  атты 

семинар-кеңес  келесі  күні  «Аспалы 

өткелден  өту»,  «Мергендер»,  «Балық 

аулау»,  «Эстафета»,  т.б.  бөлімдерден 

құралған    туристтік  слетке  ұласты. 

Cайыс шарттарын кедергісіз орындаған 

бөкейлік  әріптестеріміз  11  команданың 

арасынан    озық  шығып,  үздіктер  сапы-

нан көрінді.

Миллат нАСыРОВ,

аудандық демалыс 

орталығының директоры.

Үздіктер сапынан көріндік

Бала  тәрбиесі  өмір  бойы  қалыптасатын  құбылыс.  Сәбилердің  дұрыс 

жетілуі  үшін  балабақшаның  маңызы  орасан.  «Ертөстік»  ясли-бақшасында 

өткен  «Шынықсаң  –  шымыр  боларсың»  атты  отбасылық  сауықтыру  шарасы 

(дене  шынықтыру  пәнінің  мұғалімі  Е.А.Құрманғалиевтің  ұйымдастыруымен) 

балақайлардың  ата-аналарын  қатыстыра  отырып  өткізілді.  Оған  Жанғуат 

Нұрбелестің (Харесовтер отбасы), Сармат Менеевтің (Менеевтер)және  Мұхат 

Гүлназдың (Тайгенжиндер) ата-аналары қатысып, ептіліктері мен белсенділік-

терін танытты.

«Мергендер»  деп  аталатын  бөлімде  кедергілерден  өтіп,  допты  белгілен-

ген  жердегі  жәшікке  лақтырса,  «Водовоз»  ойынында  ортақ  ыдыстағы  суды 

әр  қайсысы  қасықпен  тасып,  жолай  кездескен  кедергілерден  өту  арқылы 

құтыларын алғашқы боп толтыруға тырысты. Сондай-ақ, «Тәтті жұп», «Асық 

ату», «Арқан тарту», «Кім шапшаң?» бөлімдері де әсерлі өтіп, көрермендерді 

күлкіге  қарық  қылды.  Ойын  барысында  белсенділік  танытқан  Харесовтер 

жанұясы І орынды жеңіп алса, Менеевтер ІІ, ал, Тайгенжиндер ІІІ орынды ен-

шіледі.  Кішкентай  бүлдіршіндерді  бір  серпілткен  шара  соңында  ынталылық 

танытқандарға сый-сияпат табыс етілді.

н.ЗАЙнОЛЛИнА,

«ер төстік» ясли-бақшасының әдіскері.

Бала – бауыр етің

Қызықты өткен сайыс

Жирен жаман әдеттен



Келеңсіз әрекеттер тыйылмауда


1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал