№29 (7011) 19 шілде 2016 жыл



жүктеу 401.29 Kb.

бет3/4
Дата15.09.2017
өлшемі401.29 Kb.
1   2   3   4

Үй орнындағы 

толғаныс

Көк белді жондар жатыр жоталанып,

Айырылған ескі сүрлеу қоса барып.

Алады көркіменен көз жанарын,

Аунағың келер, шіркін, жата қалып.

Сайраған құстар әні жан-жағыңда,

Тербелген нәзіктік бар талдарыңда.

Нұрына алтын шапақ оранады,

Күн барып көкжиекке қонғанында.

Айнала көк шалғынмен көмкерілген,

Адырда жатыр ескі жер көрінген.

Қалыпты бір бөлтектің құшағында,

Қазандай орын жатыр төңкерілген.

Демеуші ед «Шәпи көрші арқа жақтан»,

Осылар кедей ауыл шаруа баққан.

Жоқтаған ескі үй орнын білері анық,

Қыстауы Жарок қарттың осы жатқан.

Білгің кеп үйдің орнын үңілесің,

Сияқты көз алдыңда жүгіретін.

Дүниеге Тайыр келген осы төрден,

Күшіне тағзым етіп жүгінесің.

Осы сәт өр дауысы оның саңқылдаған,

Сияқты дүрліктіріп, қарқындаған.

Бейне бір сол шаңырақ сәні келіп,

Өлең-жыр найзағайы жарқылдаған.

Ашылып жыр арнасы Нарын болған,

Дем беріп Жасқұс, Орда жолда қалған.

«Жапанды орман жаңғыртып» 

 

 

 



еркін дауыс,

Шарықтап Алатауға барып қонған.

Атқылап тасқын болған асыл жыры,

Тіл қатқан мейіріммен көкте күні.

Көреген, құдіретті сөз зергері,

Самғады «Аэроплан» боп көкте үні.

Бесжылдық балғаларын жырмен соққан,

Басталып миллион толқын миллион 

 

 

 



       топтан,

Жароков Қызыл алаңда өлең оқып,

Гүлденген дәуіріне үнін қосқан.

Жолшыны ескі үй орны толғандырған,

Мекенде қасиетті жыр жаңғырған.

Жароков жарық болып жыр көгінен,

Ұрпаққа өрнегімен із қалдырған.

Нарынға  

келгенде...

Бұл Нарын сонадайдан мұнартатын,

Әркім де бір көруге құмартатын.

Мейманға келетұғын сая болған,

Бүркеген жасыл желек құм арқасын.

Кең дала шетсіз-шексіз жасыл қандай,

Құшағын айқара ашып жатырғандай.

«Қарағым, қайда жүрсің, сағындым»-деп,

Мойныма анам келіп асылғандай.

Бастайтын асу белді жондарына,

Түстім мен ескі сүрлеу жолдарына.

Ауасын көкірекке тоя жұтып,

Аңсаған кіріп келдім орманыма.

Айнала орман іші тына қалды-ай,

Бұл сәтім менің келіп ұнағандай.

Бір кезде әр тұсымнан ызың келді,

«Қайда?»-деп Тайыр ағаң сұрағандай.

Менің де көру еді ізгі арманым,

Суынан сусын ішу жыр-маржанның.

Тәкеңді «жоқ-бар» деуге тілім келмей,

Не деуді көңіл босап, біле алмадым.

Секілді бала қыран қомданам мен,

Жыр арнап, туған жерге толғанам мен.

Ойымның аз болса да, нәрін бердім,

Жыр-нөсер Тайырыңдай болмағанмен.

Дарынды құдіретті бергені де,

Ұрпағы із қалдырар өрлеріне.

Қасиетті топырағы үстіндемін,

Не жетер, құм Нарынға келгеніме?!

Кенжеғали БАЛАБАСОВ,

облыс ақыны.

биік  рухы  сезіліп  тұрады.  Сонымен 

қатар терең сағыныш, ел алдындағы 

жауапкершілік,  перзенттік  борыш, 

мұңлы  сезім,  тәкаппар  намыс  атой-

лайды.  Әрі  «Өнерпаз  болсаң  –  өр 

бол», – деп Біржан айтқандай, Табыл 

да  тіршілігінде  өнерін  қақпақылға 

салғысы  келгендерге  қасқая  қарсы 

тұрып, мәймөңке, жәреуке, жалбақтау 

дегенді  білмей-ақ  өтті.  Айта  ке-

телік,  Владимир  Высоцкий  де  еркін 

әрі  салқам  туындыларымен  қатар, 

әскери,  спорт  тақырыптарына,  тіпті 

кино, театр, мультфильмдерге арнап 

әндер  жазғаны  белгілі.  Ол  тек  тап-

сырыспен  жазуға  жан-тәнімен  қарсы 

еді.  Әйгілі  бард-әнші  Роман  Кармен 

түсірген Чилидегі төңкерістің жеңуіне 

байланысты  фильміне  үгіт-насихат 

жайындағы  ән  жазудан  қыруар  го-

норарына  қарамай,  үзілді-кесілді 

бас  тартты.  Табыл  Досымов  та  осы 

өнерпаз ағасы сияқты ешқашан біреу-

ді  жарнамалап  немесе  тапсырыспен 

ән жазудан аулақ жүретін еді. 

Кейін  университетті  тамамдаған 

бард-әнші 

Атырауға 

аттанды. 

Табылдың  кеңестік  жүйеге  деген 

ширыққан  айбын,  саяси  уытқа  толы 

элегия, толғаулары, мәтіні мен әуені 

бірін-бірі  асқақтатқан  әсерлі  әндері 

туған жерде туды. Табаны жерге тисе, 

күш алып, дес бермей кететін Антей-

дей  Табыл  да  атамекенде  ерекше 

шабыт  құшағында  қалқып,  ғұмырлы 

туындылар  қалдырды.  Бұрындары 

қазақтың болайын деп тұрған жігіттері 

өздерінің  өнерін,  бағын  сынату  үшін 

аруақты  билердің  алдына  келетін 

дәстүр болған. Батырлығы мен билігі 

алты алашқа әйгілі Сырымның Алдар 

биді іздеп келіп, өзін сынатуы – соның 

айғағы.  Осы  салтты  қастерлеген  Та-

был  да  сонау  Атыраудан  Ұлытауға 

тұңғыш  гитара  сызылтқан  Қорабай 

Есенов  ағасын  іздеп  барып,  бата 

алуы дер едік. 

Ерекше  қадап  айтатын  бір  жайт 

–  дарынды  адамның  генетикалық 

фоны  таза  болуы  шарт.  Егер  оның 

бойында  антропологиялық  деңгейде 

рух  мәдениеті,  ар-намыс  ұғымы,  ел-

жұртын  сүю  қасиеті  болмаса,  оның 

туындысының  нәрі  кем,  құны  ша-

малы.  Табыл  –  осыны  ерте  түсінген 

өнерпаз.  Өзі  дүниеден  өткеннен  соң 

адамдар  санасында  жақсы  атпен 

қалғанды  қатты  қадағалаған  бард-

әнші  өз  туындыларын  түп-түгел 

сүзгіден өткізіп, ұнамағандарын өртеп 

жібергенін көзіміз көрді. Әннің парқы 

мен  нарқын,  киесін  қастерлеген 

қайран сабазым-ай!

Иә,  патша  мен  пақырдың,  бағлан 

мен  бейшараның,  министр  мен 

мүсәпірдің жүрегіне бірдей ұялайтын 

ән  жазу  қайдан  оңай  болсын?!  Ол 

қайда жүрсе де, Иманғали сыйлаған 

сүйікті  аспабын  қолынан  тастамай-

тын.  Сағынып  жолыққанда,  аман-

саулық  сұрасып,  шай  ішіп,  көңілі 

жайланғаннан кейін жуан саусақтары 

жарыса билеп, сыдырта ойнап, гита-

ра пернелері әсем әуендерді сыңсыта 

төгетін. 

Бүгінде  адамдар  парықсыздықтан, 

байлық  қуудан,  түрлі  эксперимент-

терден, жүйкені жейтін даңғаза музы-

калардан өлесі боп қалжырады. Енді 

олар саф тыныштық, рухани тазалық, 

ойлы  әуендер  іздеуге  көшті.  Міне, 

осындай жандарға Табыл әндері тап-

тырмас серік боларына күмән жоқ.

Бір  кезде  К.Чуковский:  «Антон  Че-

хов  өлгенде  артында  әлемге  әйгілі 

жиырма томдық шығармалары, бүкіл 

қала сусындауға жететін бай кітапха-

насы,  ескі  қоңырау  және  тамаша  екі 

бағы  мен  мүлгіген  тоғайы  қалды», 

– деп жазып еді. Сол сияқты, Махам-

бет бабасының қасында мәңгі ұйқыға 

кеткен Табылдың да артында өнерін 

өрістететін  ұрпағы,  мәңгі  өлмес 

әндері,  аяулы  дарыны  қалды.  Енде-

ше, ақтық тынысы біткенше көмейіне 

тыным болмаған тарлан өнерпаздың 

бақида иманы серік болғай!



Жұмабай ҚҰЛИеВ,

Қазақстан Жазушылар 

одағының мүшесі, 

ҚР мәдениет  қайраткері.

Ақын


-әнші К.Балабасов – 75 жаста

Өнердің өрен жүйрігі

Өлең және өмір


19 шілде 2016 жыл

6

E-mail: too-orda@bk.ru



ЖҰЛДЫЗЫ

ОрДа


«Мал шаруашылығы – ата-бабаларымыздың ата 

кәсібі» деп жатамыз. Малдың бағым-күтімін келісті-

ре  білген  олар  тұқымын  асылдандыруға  жіті  мән 

беріп, сұрыптау жұмыстарын да жүргізген. Қазақтың 

ақбас сиырлары мен еділбай қойлары, жабы, адай, 

көшім жылқылары бұл күнде шет елдерге де жақсы 

танымал. 

«Асыл  тұқымды  мал  шаруашылығы  туралы» 

Қазақстан  Республикасының  1998  жылғы  9  шіл-

деде  қабылданған  Заңына  (278)  2015  жылдың  27 

қарашасында  толықтырулар    мен  өзгерістер  ен-

гізілді.  Жаңа  нормаларға  сәйкес  «асыл  тұқымды 

зауыт», «асыл тұқымды шаруашылық» мәртебелері 

жойылып,  орнына  «республикалық  палаталар», 

«асыл  тұқымды  мал»  ұғымдары  пайда  болды. 

Асыл  тұқымды  мал  өсіретін,  өнімін  молайтумен 

шұғылданатын  жеке  және  заңды  тұлғалардың 

мүддесін  қорғау  мақсатында  әр  тұқым  бойын-

ша  республикалық  палаталар  құрылған.  Өзін-

өзі  қаржыландыратын,  коммерциялық  емес, 

қоғамдық бірлестіктер куәліктер, асыл тұқымды мал 

мәртебесін берумен айналысады. Мысалы, қазақтың 

ақбас тұқымының республикалық палатасына ауда-

нымыздан 9 шаруа қожалығы – «Рауан» (жетекшісі 

С.Мұқамбетшин),  «Береке»  (Е.Жабасов),  «Ораз» 

(М.Момынов),  «Есет»  (И.Ғабдоллин),  «Каукешев» 

(А.Каукешев),  «Ахметов»  (Н.Ахметов),  «Төлеген» 

(Б.Шәкіржанова),  «Курорт»  (Н.Саматов),  «Талап» 

(И.Дәуленов) мүше боп кірді. Бұл қожалықтардағы 

3921  қазақтың  ақбас  тұқымды  малының  1953-і 

аналық.

Асыл  тұқымды  мал  шаруашылығы  туралы 



заңға  енгізілген  өзгерістерге  байланысты  биылғы 

2  маусымнан  бастап,  асыл  тұқымды  қой,  жылқы, 

түйе  шаруашылықтарының  әр  бағыты  бойын-

ша  республикалық  палаталар  құрылуда.  Осыған 

орай  бұл  түліктерді  өсірумен  айналысып  отырған 

шаруашылық  басшылары  әр  тұқым  бойынша 

құрылып  жатқан  республикалық  палаталарға 

уақтылы 


хабарласып, 

қажетті 


құжаттарды 

тапсырғандары жөн. Мұны әсіресе, қазақтың айыр 

өркешті  түйесін  өсіретін  «Хан  Ордасы»  ЖШС-і 

және  көшім  жылқысын  өсіретін  «Рауан»,  жабы 

жылқысын  өсіретін  «Боранбаев»  қожалықтарының 

ескеруі  керек.  Өйткені,  жоғарыда  айтқанымыздай, 

ол шаруашылықтардың бұрынғы мәртебесі заңмен 

жойылған.  Алдағы  уақытта  барлық  селекциялық  

асылдандыру  жұмыстары  осы  республикалық  па-

латалар арқылы жүргізіледі.

Мүйізді  ірі  қараны  тұқымдық  түрлендіру  кезінде-

гі  туыстық  шағылыстыру  –  «инбридинг»  деп  ата-

лады.  Мұны  ұзақ  уақыт  қолдану  жануарлардың 

тіршілік  қабілетінің  төмендеуіне,  иммунитетінің, 

беретін өнімінің саны мен сапасының кемуіне, му-

тант  немесе  төлдің  өлі  тууына  әкеліп  соқтырады. 

Бұл  негізінен  бір  шаруашылықтан  екінші  қайтара 

мал сатып алған жағдайларда кездеседі. Мемлекет 

селекциялық мал тұқымын асылдандыру жұмысын 

ұйымдастырып,  республикалық  бюджеттен  ар-

найы  қаржы  бөлінуде.  Басты  шарт  –  қойылатын 

өлшемдер мен талаптардың қатаң орындалуы, АЖБ 

(ауылшаруашылық  жануарларын  бірдейлендіру) 

мен АТЖ-да (ақпараттық талдау жүйесі) тіркеуде бо-

луы. Импортталған жануарлар үшін асыл тұқымды 

екенін дәлелдейтін куәліктер, Қазақстаннан болған 

жағдайда  республикалық  палатадан  тұқымдық 

мәртебесін  анықтайтын  куәлік  керек.  Тұқымдық 

түрленумен қамтылған ірі қара мал өсірушілер үшін 

қосымша: 

1)  Зоотехникалық  нормативтерге  (шағылыстыру 

контингентінің  отыз  басына  кемінде  бір  бұқа  және 

оны  қатарынан  екі  шағылыстыру  маусымынан 

артық  пайдаланбау)  сәйкес  етті  бағыттағы  бірін-

ші  және  екінші  санатты  асыл  тұқымды  бұқаларды 

шағылыстыру кезеңі бойында осы санаттағы бұрын 

пайдаланылмаған бұқалармен алмастыру. 

2)  АЖБ-ден  үзінді  көшірмелерде  ақпаратпен 

расталған,  табындағы  тұқымы  төмен  бұқаларды 

піштіру.


2015  жылы  тұқымдық  түрлендіру  бойын-

ша 


селекциялық 

асылдандыруға 

қатысқан 

ауданымыздағы  154  қожалық  тиісті  субсидия-

ларын  алса,  биыл  олардың  саны  183-ке  жетеді 

деп  күтілуде.  Жоғарыда  аталған  республикалық 

палатаға  мүшелікке  кірген  9  қожалық  ағымдағы 

жылдың  өзінде  131  қашар,  737  бұқашық,  30  бұқа, 

барлығы 898 асыл тұқымды мал сатты. 

Мал шаруашылығы еліміздің азық-түлік мәселесін 

шешумен қатар жеңіл өнеркәсіпке шикізат өндіретін 

өндірістік  орындардың  ашылуына,  халықтың 

әл-ауқатының, 

тұрмыс-жайының 

жақсаруына 

ықпал  етеді.  Ел  дамуына  өз  үлесімізді  қосайық, 

бөкейліктер!

Алтынай МҰҚАТОВА, 

аудандық аумақтық испекцияның

 бас маманы, 

асыл тұқымды мал шаруашылығы 

жөніндегі мемлекеттік инспектор.

КҮЙДІРГІ


 

Күйдіргі  –  организмнің  әлсіздігі, 

қызба,  ісік  және  карбункулдың  пай-

да  болуымен,  ішектің  кейде  өкпенің 

зақымдануымен  сипатталатын  жедел 

зоонозды ауру. Оның таралу көзі – дер-

тке  шалдыққан  ірі  және  ұсақ  мүйізді 

мал.


Адам  күйдіргіні  ауру    малдар-

ды  сойып,  бөлшектегенде,  сол  мал 

өнімдерін  (ет,  тері,  жүн)  өңдегенде 

және  тасымалдағанда,  термиялық 

өңдеуден дұрыс өтпеген етті дайындау 

мен пайдаланғанда, мал қоралары мен 

ауланы жинастыру кезінде, ауру ошағы 

болған жерді қазғанда немесе күйдіргі 

қоздырғышы  (спорасы)  бар  ауамен  демалғанда,  қансорғыш  шыбын-шіркей-

лер (слепней, жигалок) шаққан кезде жұқтырады. Жұқтырған уақыттан бастап 

аурудың алғашқы белгілерінің білінуі көбінесе 1 күннен 12 күнге (орташа 2-3 

күн, сирек 6-7 күн) созылады. Күйдіргінің клиникалық түрі – терілік (жаралық) 

жиі кездеседі. Ішек (абдоминальды), пневмониялық (өкпелік, медиастиналды), 

орофарингиалды (ауыз-жұтқыншақ, ангинозды) түрлері сирек байқалады.

Аурудың негізгі  клиникалық симптомдары:

–  күйдіргінің  терілік  түрінде  лимфа  түйіндерінің  ұлғаюы,  жергілікті  терінің 

қабынуы, ісінуі, кейін ауырсынусыз жараның түбінде тығыз, құрғақ қара түстес 

қабыршақтың болуы;

– ішек түріндегісінде дене қызуының көтерілуі, бас ауруы, құсу және қанды 

іш өту, іш аймағында қатты ауырсыну;

– пневмониялық түрінде қызу, қалтырау, әлсіздік, құрғақ жөтел, ентікпе, кеу-

де аймағында ауырсыну және қатты тершеңдік;

–  орофарингиальды  түрінде  қызу,  тамақтың  ауырсынуы,  фариндит, 

мойынның ісінуі білінеді;

Алдын алу шаралары:

•  Соятын  не  өлген  малды  алдымен  ветеринарлық  маманға  көрсетіп,  ол 

рұқсат берген соң  ғана терісін сыпыруға кірісу;

• Кенеттен өлген не ауырған мал жөнінде дереу ветеринарлық мамандарға 

хабарлау;

• Базардан немесе жеке тұлғадан ветеринарлық куәландырылмаған етті са-

тып алмау. 

Аурудың  алғашқы  белгілері  анықталған  жағдайда  міндетті  түрде  тездетіп 

дәрігерге қаралыңыз!

Л. КАРИнА,

аудандық тұтынушылар

құқығын қорғау басқармасының

жетекші маманы.

2014 жылдың 1 қыркүйегінде басталған мүлікті жария ету акциясы 2016 

жылдың  31  желтоқсанына  дейін  жүргізіледі.  Жария  етуге  ақша,  құнды 

қағаздар,  заңды  тұлғалардың  жарғылық  капиталдағы  қатысу  үлесі,  жыл-

жымайтын  мүлік,  құрылыс  нормалары  мен  ережелеріне  сәйкес  келетін 

Қазақстанның  аумағындағы  ғимараттар,  сонымен  қатар  республиканың 

аумағынан тыс жерлердегі жылжымайтын мүлік кіреді.

Қазақстанның  аумағындағы  тиісті  түрде  ресімделмеген  жылжымайтын 

мүлікті жария ету үшін азаматтар тиісті өтініші мен заңнамада белгіленген 

құжаттардың  тізбесін  аудан  әкімдігі  жанындағы  комиссияға  ұсынады.  Ал, 

еліміздегі және шетелдегі мүлкін (ақша, бағалы қағаздар, заңды тұлғалардың 

жарғылық капиталдағы қатысу үлесі,  жылжымайтын мүлкін) жариялау үшін 

тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына жүгінеді.

Ақшаны екі тәсілмен заңдастыруға болады. Біріншісі, оларды банк шот-

тары арқылы көрсете отырып, өзінің кез келген мұқтаждықтарына пайда-

лану. Мысалы, бизнеске салу, жылжымайтын мүлікті сатып алу, т.б. Мұның 

барлығы 10% алымды төлемей жүргізіледі. Екінші тәсіл, шетелдегі неме-

се қолма-қол айналымдағы ақшаны өтініш беру нысанында, оларды банк 

шоттарында  көрсетпей  жария  ету.  Бірақ,  бұл  ретте  бюджетке  10%  алым 

төленеді.

Асығыңыз! Акцияның аяқталуына жарты жылға жетпейтін уақыт қалды.

Аудандық мемлекеттік 

кірістер басқармасы.

С 1 сентября 2014 года по 31 декабря 2016 года в Казахстане проводится 

акция по легализации имущества. Легализации подлежат: деньги, ценные 

бумаги, доля участия в уставном капитале юридических лиц, недвижимое 

имущество, здания находящиеся на территории Казахстана, соответству-

ющие строительным нормам и правилам, а также недвижимое имущество 

находящееся за пределами республики.

В Комиссии при акиматах граждане обращаются по вопросу легализации 

неоформленного должным образом недвижимого имущества, находящего-

ся на территории Казахстана, предоставив соответствующее заявление и 

перечень законодательно установленных документов.

Для легализации денег, ценных бумаг, доли участия в юридических лицах, 

недвижимого имущества, находящегося как на территории Казахстана, так 

и за его пределами, необходимо обратится  в Управление государственных 

доходов по месту жительства, представив соответствующую декларацию и 

перечень законодательно установленных документов.

Деньги можно узаконить двумя способами.

Первый: Показать их через банковские счета и использовать на любые 

свои нужды, например: вложить в бизнес, купить недвижимость и т.д., и, 

наконец,  просто  снять.  Причем  все  это  будет  производиться  без  уплаты 

10%-го сбора.

Второй способ: Легализовать деньги, находящиеся за рубежом или в на-

личном  обороте,  в  заявительной  форме,  не  показывая  их  на  банковских 

счетах. Но при этом уплачивается в бюджет 10%-ый сбор.

Спешите! До конца акции осталось меньше полугода.

Управление государственных доходов 

по Бокейординскому району.

Маман түсіндірмесі

Төскей сәні – төрт түлік

Асыл тұқым – 

байлық көзі


Газет  жарияланымдарындағы  автор  пікірі  редакцияның 

түпкілікті көзқарасы болып есептелмейді. Редакция оқырман 

хаттарына жауап бермейді, оны қайтармайды. Деректердің 

дәлдігі үшін автор жауапты. 

Мекен-жайымыз:  090200  Батыс  Қазақстан  облысы,  Бөкей 

ордасы ауданы Сайқын ауылы, Ғ.Әзербаев көшесі, 10/1 үй. 

Телефондар: Редактор: 21-5-30 (факс). Тілшілер: 21-8-42

Біздің электронды поштамыз: too-orda@bk.ru

ж белгісімен жарияланған материалдар ақылы болып есеп-

телінеді.



Меншік иесі:

«Жайық Пресс» ЖШС

Бас директор 

Жантас Сафуллин

«Жайық Пресс» ЖШС

Бөкей ордасы филиалы

«Орда жұлдызы» Бөкей ордасы 

аудандық қоғамдық­саяси газетінің 

директор­редакторы:

Бисенов Бауыржан  Махутұлы

Газет  БҚО  Әділет  департа-

менті,  Бөкей  ордасы  аудандық 

Әділет 


басқармасында 

09.01.2012 жылы тіркелген. Тіркеу  

№7-1926-15-ф-л.

Газет  Бөкей  ордасы  аудандық  «Орда 

жұлдызы»  газеті  редакциясында  компью-

терлік әдіспен теріліп, беттелді.

«Полиграфсервис» ЖШС баспаханасын-

да басылды. 

Орал қаласы, Л.Толстой көшесі, 27/6

Газет аптасына 1 рет сейсенбі күні шығады.

Көлемі 2 баспа табақ. Тапсырыс: 29

Таралымы: 1765 дана.

Корректор: Гүлжаз Баделова. 

Газетті 


есепке 

қою 


тура-

лы  №12259-Г  куәлікті  2012 

жылғы  19  қаңтарда  Қазақстан 

Республикасының  Байланыс  және 

ақпарат  министрлігінің  Ақпарат 

және мұрағат комитеті берген. 



19 шілде 2016 жыл

7

E-mail: too-orda@bk.ru



ЖҰЛДЫЗЫ

ОрДа


ЕСКЕ АЛУ

Сайқын 


ауылының 

тұрғыны 


болған, 

асқар  таудай  әкеміз 



Насыров  Асқар 

Нұрболатұлының  дүниеден  озғанына  1 

жыл толуына орай сағынышпен еске аламыз. 

Жатқан жерің жарық, топырағың торқа, иманың 

жолдас болғай.

Жыл толды,  әке, өмірден өткеніңе,

Келместің кемесімен кеткеніңе.

Өзіңді сағынышпен еске аламыз,

Ешқашан шағармаймыз естен мүлде.



еске алушылар: жұбайы Гүлнәр, 

ұлдары, келіні, немерелері.

Халықтың діни сауатын арттыру – 

бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Өйткені, 

қазір 


діни 

арандатушылардың 

жастарды  жаппай  теріс  ағымға 

итермелеп  отырғаны  ащы  шындық. 

Өз  салт-дәстүрімізді  аяққа  тап-

тап,  жат  пиғылдылардың  жетегінде 

кетпеудің  алдын  алу  мақсатында 

біраз  жұмыстар  атқарылып  та  жа-

тыр.  Осы  бағытта  жақында  БҚО 

дін  мәселелерін  зерттеу  орталығы 

ақпараттық  түсіндіру  бөлімінің  бас-

шысы Сандуғаш Сақауова мен атал-

мыш  орталықтың  теологі,  исламта-

нушы  Бауыржан  Қожагелдиевтер 

аудан  әкімдігінде  түрлі  сала  маман-

дарымен  жүздесіп,  келелі  әңгіме 

қозғады. 

Басқосуды  ішкі  саясат  бөлімінің 

басшысы  Асқар  Әжіғалиев  ашып, 

аудандағы    діни  ахуал  жайын 

мәлімдеді.  Кезегі  келгенде  құрметті 

меймандар      дәстүрлі  және  теріс 

ағымдардың  аражігін  ажыратып, 

асыл дініміз – исламның Әбу Ханифа 

мәзһабы туралы кеңінен түсінік берді. 

Сондай-ақ,  аудан  имамы  Назымбек 

Иманғалиев,  ауыл  ағалары  Елдос 

Кенжеғалиев  пен  Болат  Лұқпанов  

тағылым негізі отбасынан бастау ала-

тыны  турасында  ой  қозғаса,  жиынға 

қатысушылар тақырыпқа сай өздерін 

толғандырып  жүрген  сауалдарға 

нақты жауап алды. 

Г.ТАСБОЛАТҚыЗы.

Адам.Қоғам.Дін

Имандылық иірімдері

Жат ағымнан сақтанайық!



−  ҚР  Білім  және  ғылым 

министрлігінің мектеп формасына 

қойылатын  талаптары  қоғамдық 

пікірге  біршама  қозғау  салды. 

Әрі  сарапшы,  әрі  дін  саласының 

маманы  ретінде  осы  мәселеге 

түйінді көзқарасты сізден естігіміз 

келеді...

–  Мәселеге  ешбір  эмоциясыз,  са-

рабдал сана көзімен қарасақ, ашығы 

сол – мектеп формасына қойылатын 

талаптарда ешқандай өзгеріс болған 

жоқ.  Қазақстан  Республикасының 

Білім  туралы  заңының сонау  2007 

жылғы 27  шілдедегі  мәтінінің 49-

бабының  3  тармағында «Ата-ана-

лар мен өзге де заңды өкілдер білім 

беру 

ұйымының 



жарғысында 

айқындалған қағидаларды орындауға 

міндетті» деп  көрсетілген  болатын. 

Ол қағидалардың бірі – орта мектеп-

тер жарғысындағы мектеп формасын 

сақтау  еді. Осыны  тиянақтай  түсу 

мақсатында  2011  жылғы  24  қазанда 

Білім  туралы  заңға  толықтырулар 

енгізілді.  Енді  заңның 47  бабының 

15-1  тармағы:  «Орта  білім  беру 

ұйымдарында  білім  алушылар  білім 

беру 


саласындағы уәкілетті 

ор-


ган  белгілеген  мектеп  формасына 

қойылатын талаптарды сақтауға мін-

детті» деп жазылды.

2015  жылдың  13  қарашасында 

Білім  заңының  бесінші  бабына 

білім  беру  саласындағы  уәкілетті 

органның құзыреті 

ретінде «орта 

білім  беру  ұйымдары  үшін  міндет-

ті  мектеп  формасына  қойылатын 

талаптарды  әзірлейді  және  бекі-

теді» (14-1)  деген  ереже  қосылды. 

Қырық  тоғызыншы  бапта  ата-ана-

лар  мен  өзге  де  заңды  өкілдердің 

балалардың  оқу  орнындағы  сабаққа 

баруын  қамтамасыз  етуі,  білім  беру 

саласындағы  уәкілетті  орган  бел-

Қыз тәрбиесі – орасан жауапкершілік

гілеген міндетті  мектеп  формасына 

қойылатын  талаптарды  орындауы, 

білім  беру  ұйымында  белгіленген 

киім  формасын  сақтауы  міндет-

ті екендігі  тайға  таңба  басқандай 

көрсетілді.  Сондықтан  мектеп  фор-

масына 

қатысты 


қағидалардың 

арысы он жыл, берісі бес жыл білім 

жүйесінде  кеңінен  қолданылып  келе 

жатқанын  атап  айтуымыз  қажет. 

Білім  және  ғылым  министрлігі  бар 

болғаны  сол  ережелерді  айқындай 

түсу  мақсатында  бөлек  құжаттарды 

біріктіріп, 

жүйелеп 

жариялады. 

Оны  жаңа  талап  ретінде  жатырқай 

қабылдаушылар  шыққанда  өз  ба-

сым: «Осынша уақыттан бері бәзбір 

ата-аналар Білім туралы заңнан бей-

хабар болып немесе орындамай кел-

ген бе?» деп таңғалдым.




1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал