№29 (7011) 19 шілде 2016 жыл



жүктеу 401.29 Kb.

бет2/4
Дата15.09.2017
өлшемі401.29 Kb.
1   2   3   4

зейнетақы жүйесіндегі соны өзгерістер

Міндетті 

әлеуметтік 

 

сақтандыру 



жүйесінің 

қатысушылары  болып  табылатын  қазақстандықтар 

жұмыстан  қысқарған  жағдайда  әлеуметтік  төлем 

тағайындау  және  жұмыссыз  ретінде  есепке  қою  рәсімі 

жеңілдетілді. Енді бұл екі қызметті де жергілікті жұмыспен 

қамту орталығына жүгіне отырып, бір мезгілде алуға бо-

лады. 

Бұрын  жұмыссыз  қалған  адам  әлеуметтік  төлем 



тағайындауды рәсімдеу үшін алдымен жұмыссыз азамат 

ретінде тіркеліп, есепке тұруға жұмыспен қамту орталығына 

баратын, содан кейін ғана жұмыстан қысқарғаны бойынша 

әлеуметтік  төлем  тағайындауды  рәсімдеуге  ЗТМО-ға  не-

месе ХҚКО-ға жүгінетін.

«Азаматтарға  арналған  үкімет»  мемлекеттік  корпо-

рациясы»  коммерциялық  емес  акционерлік  қоғамы  фи-

лиалы  –  ЗТМО  директорының  орынбасары  Серікхан 

Сабыржановтың  айтуынша,  мемлекеттік  органдардың 

ақпараттық  жүйелерін  ықпалдастыру  нәтижесінде  қағаз 

жүзіндегі  құжат  айналымы  толығымен  жойылды.  «Енді 

өтініш  қабылдау  кезінде  нақтылау  үшін  жеке  куәлігі 

және  қаржыны  аудару  үшін  банк  деректемелері  ғана  та-

лап  етіледі.  Қалған  мәліметтердің  бәрін  орындаушы 

жеке  тұлғалардың  мемлекеттік  мәліметтер  базасынан 

электрондық үкімет шлюзі арқылы және еңбек рыногы ба-

засынан алады»,- дейді ол. 

Жұмысын  жоғалтқан  қазақстандықтар  әлеуметтік 

төлемді 4 айға дейін ала алады. Егер ол қысқарту жұмыс 

орнының  таратылуы  немесе  өндіріс  көлемінің  азайюы-

на  байланысты  болса,  әлеуметтік  төлем  6  айға  дейін 

тағайындалуы  мүмкін.  Жұмысынан  айырылған  жағдайда 

төленетін  ай  сайынғы  әлеуметтік  төлем  мөлшері  соңғы 

24  айдағы  табысының  орташа  айлық  мөлшерін  0,3  та-

бысты  алмастыру  коэффициентіне  және  (0,1  ден  1-ге 

дейін)  қатысу өтілінің  коэффициентіне көбейту жолымен 

анықталады.  Мәселен,  сіз  ЖШС-де  7  жыл  еңбек  еттіңіз 

және 50 000-нан 90 000-ға дейін табысыңыз болды. Мін-

детті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліңіз – 67 

ай. Бұл қатысу өтілінің 1 коэффициенті, орташа айлық та-

быс 63 000 теңге болады. Яғни, сізге ай сайын 18900 теңге 

әлеуметтік төлем тиесілі.

Реті  келгенде  айта  кетелік,  жыл  басынан  бері  есепке 

қоюға және әлеуметтік төлем тағайындауға барлығы 2720 

жұмыссыз өтініш берді.

Р.ӘБУОВ,

халыққа қызмет көрсету орталығының 

аудандық бөлімі басшысы.

Сала басшысы сөз алады

Жұмыссыздарға әлеуметтік көмек


19 шілде 2016 жыл

4

E-mail: too-orda@bk.ru



ЖҰЛДЫЗЫ

ОрДа


әрқайсысы  ата-әжелер.  Аурухана  10 

кереуетке арналған болса, бесеуі сәби 

күтіп  жүрген  әйелдердің  еншісіне  ти-

етін. Бар жауапкершілік өзіне жүктеліп, 

босаңсуға болмайтынын қызмет тізгінін 

ұстағаннан-ақ  жете    ұғынды.  Жоғары 

білімді дәрігердің көмегінсіз бір өзі та-

лай әйелдің жанын нәрестесімен қоса, 

аман алып қалды. 

Уақыт  неткен  жүйрік?!  Әлі  есінде 

Жұпар есімді келіншек егізінің өмірге 

келуі  кезінде    қатты  толқыды.  Біре-

уі  шыққанымен,  екіншісі  жарыққа 

ұмтылмай,  әбден  зәресін  алған-ды. 

Әбүйір  болғанда,  Жәнібектен  хирург 

Мұқтар  Жұмағалиев  құстай  ұшып 

жетіп, дереу кесарь тілімі жасалады. 

Уақыт  ұттырып  алғанда  не  болары 

белгісіз  еді.  Енді  бірде  жас  акушер 

қырыққа  таянған  әйелді  босанды-

ру  мезетінде  тағы  қобалжуға  душар 

болады.  Бала  әдеттегідей  басымен 

емес,  аяғымен  келіп  тұр.  Не  істеу 

керек?  Медициналық  кітапты  ашып 

қойып,  құдіреті  күшті  Аллаға  сиы-

нып,  әуелі  қолдарын  шығарып,  енді 

басына  келгенде  тұншығып  қала  ма 

деп  иманы  ұшады.  Дегенмен  қолы 

епті  жас  маман  бұл  ауыр  сыннан 

да  абыроймен  өтті.  Сөйтіп,  бірте-

бірте  тәжірибесі  молайып,  ауылда 

ана мен бала өлімі болмауы себепті 

қызметі де көріне бастады. Комсомол 

ұйымының  белсенді  мүшесі  болды. 

Аудандық  кеңестің  депутаттығына 

да сайланды. Ол кездердің де қызық-

шыжықтары жетіп артылады. 

1968  жылы  Ақтөбе  қаласындағы 

өлкелік  комсомол  ұйымының  кон-

ференциясына  қатысады.  Сол  са-

парында  өзге  депутаттармен  бірге 

алаңсыз қала көшесімен келе жатқан-

ды.  Кенет  алдарынан  аттылы  адам 

кезігеді.  Бейтаныстың  жанынан  өте 

бергенде  жон  арқасын  бірдеңе  осып 

өткендей  ыршып  түседі.  Шошып, 

жалт  қараса,  жаңағы  ер  адам  өрім 

қамшысын  ысылдатып  кетіп  бара-

ды  екен.  Арқа,  иықтан  тиген  соққы 

жанын  көз  ұшына  келтіреді.  Жәнібек 

ауаткомының төрағасы Қадер Ғайсин 

және  Мұрат  Насимоллин  ағалар  өре 

түрегеліп,  шу  көтеріп,  әлгі  әңгүдіктің 

кешірім сұрауын талап етеді. Сөйтсе, 

ол әйелі үш баласымен тастап кетіп, 

тағдырдан  таяқ  жеген  жан  екен. 

Әйел  затын  көрсе,  жүйкесі  сыр  бе-

ретін  әдетімен  өз-өзін  ұстай  алмай 

қалыпты-мыс. 

Ағалары: 

«Біздің 

қызымызды  қамшымен  ұратын  ол 

кім?»  -десе  де,  байғұс  анасы  жалы-

нып  келіп,  кешірім  өтінген  соң,  Зура 

апай да райынан қайтыпты. 

Ойлап  отырса,  учаскелік  дәрігер 

келгенге  дейінгі  он  жыл  ішінде 

ауыл  акушерінің  басынан  не  өтпеді 

десеңізші?!  Ол  кезде  түнгі  сағат 

12:00-де  ауылдың  электр  қуаты 

өшірілетін. Шамның әлсіз жарығымен 

әйел  босандырған  сәттерді  қалай 

ұмытсын-ау?!

–  Бірде  үйге  келсем  атам:  «Мұрт 

қойып алғансың ба?» - дейді әзілдеп. 

Айнаға қарасам,  шамның білтесінен 

шыққан  күйеден  мұрнымның  асты 

қарайып қалыпты. Осындай да қызық 

жәйт  өткен,-  деп  еске  алады  ол. 

Жарық  ерте  сөніп,  ауыл  қараңғылық 

құшағына  енеді.  Бұл  жаңа  нәресте 

өмірге  келер  сәтте  қиындық  әкелері 

сөзсіз. Әрі өте қауіпті. «Босанған әйел 

аяқ-қолын  бауырына  алғанша  жа-

рықты  сөндірмей  тұра  тұрыңызшы»-

деп, электр станциясының кезекшісі-

не  «Портвейн»  қызыл  арағын  алып 

барып,  талай  өтініш  те  жасаған. 

Сондағы  ойлайтыны  ана  мен  сәби 

қамы. 


Жұмыстан  соң  да  шақыртулар  еш 

саябырсымайтын. Бір түнде төрт-бес 

әйелдің  толғағы  қатар  келген  ауыр 

мезеттер де өтіпті басынан. Сонда да 

еш қабақ шытпайтын. Акушер үшін әр 

минут  қымбат.  Ол  кезде  көлік  деген 

атымен жоқ. Түнімен жаяу шапқылап 

жүріп, міндетін адал өткеріп қайтатын. 

Мұндайда  отағасының  жақсы  адам 

боп  кезігуі  қандай  бақыт.  Жұбайы 

Бақытжан аға жоғары білімді маман. 

Елге  сыйлы.  Қашанда  Зура  апаны 

демеп,  жанынан  табылады.  Атасы 

Зәкір  мен  енесі  Ұлмекен  де  керемет 

жандар-тұғын.  Үйге  алаңдауына  се-

беп туғызбады. Әркез демеп, қолдап 

отырды. 

–  Кей  кезде  түнгі  шақыртуларға 

отағасымен бірге атам да ілесіп бара-

тын, - деп еске алады талай қаракөзге 

жарық  дүние  сыйлаған  кіндік  шеше. 

–Бір үйде бес бала болса, солардың 

бесеуінің де кіндігін өзім кескен жай-

лар да бар.

Ақ  халат  кию  –  мәртебелі  іс. 

Дейтұрғанмен,  жаңа  қызметке  кіріс-

кен кезіндегі мына бір оқиға жадында 

қалыпты. Онда тұрмысқа шыққанына 

көп  бола  қоймаған-ды.  Бір  ер  адам  

мас  күйінде  әйеліне  ерегісіп,  өзінің 

кеңірдегін  кесіп  жіберіпті.  Әбүйір 

болғанда  пышақ  ұшы  күре  тамырға 

тимеген.  Дереу  Жәнібек  аурухана-

сына  жеткізілді.  Жолай  қан  шашы-

рап,  діттеген  жерге  жеткенше  Зура 

апайдың  ақ  халаты  қып-қызыл  қанға 

боялады.  Әлгі  адамды  аман-есен 

дәрігерлер  қолына    табыстап,  енді 

ауылға кері қатынайтын пойызға мін-

се,  мойнындағы  дәкесі  қып-қызыл 

болып, манағы  науқасы сонда отыр. 

Сонда  зәресі  зәр  түбіне  кеткені  бар. 

Сондай-ақ,  қай  жылы  екені  есінде 

жоқ,  №2  фермада  Бақытжамал  Иб-

рагимова мен Меруерт Құспановалар 

фельдшер  болып  жүрген  кезде  бір 

оқыс оқиға орын алады. Босану кезін-

Кіндік шеше



­ Очерк ­

Өмір  жолында  айшықты  іздері 

қалған  адамдар  аудан  көлемінде  аз 

кездеспейді. Біреуі мол тәжірибесімен 

ерекшеленсе, кейбірінің тағдыр жолы 

бұралаңдылығымен де мәнді көрініп, 

журналистер қаламының ұшына ілініп 

жатады. Сондай  қажырлы еңбегімен 

ел  құрметіне  бөленгендердің  бірі 

– ардақты ана Зура Тәшімова. 

Кейіпкеріміздің  айтуынша,  адам-

ның  ішінен  адам  шығу  оңай  шаруа 

емес. Әрбір толғақ – әйел үшін ауыр 

сын.  Шақалақтың  алғашқы  іңгәсін 

есту  ананың    сөзбен  айтып  жеткізе 

алмас бақытты сәті. Ардагер акушер 

маңдайынан  тері  шып-шып  шығып 

жүріп,  жүздеген  шарананың  кіндігін 

кесіпті.

Зура  Тәшімқызы  мектептен  соң, 

Ақтөбе  қаласындағы  медициналық 

институтқа құжат тапсырғанымен ем-

тиханнан өте алмайды. Орыс тілінде-

гі сұрақтарды түсініп, бірақ сол тілде 

жауап қатуда кібіртіктеп тұрған қазақ 

қызының  талабын  байқаған  орыс 

ұлтының  өкілі  оған  медициналық 

училищеде бағын сынауға кеңес бе-

реді.  Институт  ұстазының  ізгі  тілегі 

дем  беріп,  ол  Орал  қаласындағы 

медициналық  училищенің  студен-

ті  атанады.  Екі  жыл  ішінде  фель-

дшерлік 

мамандықты 

меңгеріп 

шығады.  Сөйтіп,  ата-бабаларының 

кіндік  қандары  тамған  киелі  өңірге 

атбасын  бұрады.  Мұнда  аудандық 

аурухананың 

меңгерушісі 

Әсет 

Хайрошевтің әкелік тағылымын көріп, 



оның іс-тәжірибесінен үлгі алады. Ау-

руханада фельдшерлік орын болмай, 

маңдайынан  самал  сүйген  жап-жас 

қызға акушерлік қызмет ұсынылады. 

Ойлап  отырса,  өмірінде  қолтығы-

нан демеген жақсы адамдар аз бол-

мапты.  Солардың  бірі  М.Мәметова 

атындағы    совхоздың  директо-

ры  Мұрат  аға  Насимоллин.  Көпті 

көрген  абзал  азамат  жас  маманға 

төрт  бөлмелі  баспана  бергізеді. 

Сөйтіп,  оның  Ресейдегі  ата-анала-

рын  көшіріп  алуына  жағдай  жасай-

ды.  Ол  кезде  Зура  Тәшімқызы  бар 

болғаны жиырма жаста ғана еді. Ара-

да  қаншама  уақыт  өтсе  де,  сол  бір 

ізгі  іс  ұмытылмастай,  көңіл  төрінде 

қонақтап  қалған.  Кең  пішілген  бол-

мысында  адамды  тартып  тұратын 

бір қасиеті бар. Ол ұл-қыз тәрбиелеп, 

қанаттарын 

қатайтқан 

ананың 

қажырлы  болмысы  сияқты  көрінді 



бізге.  Ең  алғаш  рет  «Ұңғысын»  елді 

мекенінде  Ғарифолла  Бисенғалиев 

атты  сәбидің  жарық  дүниеге  келуіне 

көмектесіп, кіндігін кесіпті. Бүгінде ол 

ағамыз  өмірінің  55-ші  жазын  өткеріп 

жатыр.  Аллаға  шүкір,  еліне  елеулі 

жан. 

Иә,  Эльтоннан,  шойын  жолдың 



арғы  бетінен,  фермалардан  ат  арба, 

трактормен  күн  құрғатпай  айы-күні 

жақындаған 

әйелдерді 

Сайқын 

учаскелік  ауруханасына  әкеліп  жа-



татын.  Өз  учаскесіндегі  балаларға 

екпе жасау кезінде бір үйдің үш қара 

домалағы  тас  лақтырып,  жүргізбейді 

екен. Сонда марқұм Әсет ағайы: «Сен 

бұл  балақайларға  витамин  бер,  сон-

да  олар    сенімен  дос  болады»-дей-

тін.  Кейін  тентектер  оған  кәдімгідей 

бауыр  басып,  Зура  апай  оларды 

көшеде  ойнап  жүргенде-ақ  егіп  кете 

беретін. Заман тыныш, туу көрсеткіші 

де  жоғары.  1960  жылы  алғашқылар 

легінде  Исатай,  Талшын,  Бейбіттер 

іңгәлап өмірге келді. Бүгінде олардың 

де  жолдасы  іште  қалып  қойып,  ана 

қайтыс болады. Күйеуі әйелдің ауыр 

жағдайын  көре  тұра  арақ  ішіп  кетіп, 

дәрігерлерге хабар кеш келеді. Зура 

Тәшімқызы  жаңағы  қос  әріптестерін 

ертіп  барса,  бұлар  келмей  тұрып, 

әйел дүниеден озып кеткен екен. Сол 

ауыр кезді кейіпкеріміз былай деп су-

реттейді. 

– Жатаған үй. Ішке енсек, үш сәби 

жүр.  Аналарының  көз  жұмғанынан 

бейхабар.  Қолдан  келер  қайран 

қайсы?!  Істер  амалымыз  болмаған 

соң, балаларды өзімізбен бірге алып 

қайттық,-дейді Зура апа терең күрсініп. 

Бірақ,  бұл  жағдайға  оңайлықпен 

нүкте  қойылмайды.  Қайтыс  болған 

әйелдің туыстары арыз жазып, меди-

цина қызметкерлерін сотқа сүйрейді. 

Екі-үш  күннен  соң,  балаларды  алып 

кері келсе, өлген әйелдің күйеуі Зура 

апайға лом ала жүгіреді. Шопыр есті 

адам  еді.  «Қарындасымның  қандай 

жазығы  бар?-деп,  айқайлап,  ана  ер 

адамды  сабырға  шақырады.  Содан 

қырық  күннен  соң,  Жәнібектен  сот, 

прокурор,  хирургтар  келіп,  бақилық 

болған  бейшара  пенденің  қабірін 

қайта  аштырып,  сараптама  жасай-

ды.  Сөйтіп,  ақ  халаттылардың  еш 

жазықтары жоқ екені дәлелденеді. 

Кейін Сайқын учаскелік ауруханасы 

аудандыққа айналып, жоғары білімді 

жас  мамандар  легі  келе  бастаған 

соң ғана ауыл акушерінің тынымсыз 

қызметі де біраз жеңілдеді. Олардың 

әрқайсысымен  жақсы  тіл  табысты. 

Қасым  Біләлов,  Әділгерей  Ғаббас, 

Нұрболат 

Жанғалиевтер 

есімін 


құрметпен  атайды.  Сол  қарбалас 

қызметіне  үлкен  тіреу  бола  білген 

отбасына бүгінде шүкіршілік айтады. 

Зура апайдың осынау тынымсыз әрі 

қажырлы  еңбегі  бағаланып,  «Еңбек 

ардагері» медалімен марапатталған. 

2000  жылы  Қазақстан  әйелдерінің 

республикалық  форумына  қатысуы 

да бір мәртебе. Онда Зура Тәшімқызы 

Елордамыз  Астанада  болып,  Елба-

сымен  жүздесті.  Бұл  кейіпкеріміздің 

өміріндегі  ең  бір  ұмытылмас  сәт. 

Айта кетелік, ата-енесінің де ақ бата-

сын алған. 

Иә, Зура апай ешнәрсені екшемей 

тұрып,  құр  уайымға  салынатындар 

санатынан  емес.  Сабырлы  кейпі-

мен  басқа  салған  тағдыр  дауылына 

да  дес  бермей  келе  жатқан  қайсар 

жан.  Бүгінде  аяулы  ана,  сүйікті  жар, 

ардақты  әже.  Сырт  кейпі  дені  сау 

жандай  әсер  бергенімен,  кейіп-

керіміз осы кезге дейін бес ауыр ота 

жасатқан.  Бүгінде  ол  –  жапырағы 

жайылған  әулеттің  алтын  діңгегі. 

Бақытжан ағай екеуі екі ұл, үш қызды 

өсіріп-өндірді.  Бәрі  де  өмірден  өз 

орындарын тапқан. Зура апаның жо-

лын таңдап, Әсем атты жиені Ақтөбе 

медициналық  институтында  грант 

негізінде білім алып жүр. Ең бастысы, 

ынтымағы  артқан  осынау  жанұяның 

жарасты тірлігі көпке үлгі. Айтпақшы, 

үлкен-кіші  «кіндік  шеше»  атап  кет-

кен  апамыз  күні  ертең  75-тің  биігіне 

көтерілмек.  Әркез  келбетіңізден  нұр 

таймай,  жүздің  төріне  жетіңіз,  алғыс 

арқалаған аяулы ана!



Гүлнар ҚАДыРОВА,

Қазақстан Журналистер 

одағының мүшесі.

Суретте: ерлі-зайыпты 

Бақытжан аға мен Зура апа  

кіндік балалары Ғарифолла мен 

Сүйінбектің ортасында.

Үш жұрт

Жігіттің үш жұрты бар: өз жұрты, 

қайын  жұрты,  нағашы  жұрты. 

Халық  арасында  мұны:  өз  жұртың 

–  күншіл,  қайын  жұртың  –  міншіл, 

нағашы  жұртың  –  сыншыл  деп  те 

мәтелдейді.  Алғашқысы  жақсы 

болсаң  күндейді,  жаман  болсаң 

жүндейді. Қайын жұртың қолыңның 

ұзындығына  қарайды,  жағаңның 

қызылдығына  қарайды,  берсең 

жағасың,  бермесең  дауға  қаласың. 

Нағашы 

жұртың 


жақсылығыңа 

сүйсінеді,  әрқашан  тілеуіңді  тілей-

ді, телеуқор. 

Үш қуат

1.Ақыл  қуат.  2.  Жүрек  қуат.  3.  Тіл 

қуат.

Үш ғайып

1.Ғұмыр  ғайып.  2.  Қонақ  ғайып.  3. 

Несібе ғайып.

Үш арсыз

1.Ұйқы  арсыз.  2.  Тамақ  арсыз.    3. 

Күлкі арсыз.

Үш даусыз

1.Мінез. 2. Кәрілік.  3. Ажал.



Үш қадірсіз

1.Жігіттік.  2.  Денсаулық.  3.  Жақсы 

жар (әйел).

Үш жамандық

1.Нақақ  қан  төгу.  2.  Кісі  малын 

нақақ алу. 3. Ата-бабадан қалған ескі 

жұртты бұзу.



Үш жақын

1.Жан  тәтті.  2.  Мал  тәтті.  3.  Жар 

тәтті.

Үш көз

1.Су анасы – бұлақ. 2. Жол анасы 

– тұяқ. 3. Сөз анасы – құлақ.

Үш тоқтам

Ақыл  –  арқан,  ой  –  өріс,  адам 

– қазық.

Ескірмейтін ескі сөз



19 шілде 2016 жыл

5

E-mail: too-orda@bk.ru



ЖҰЛДЫЗЫ

ОрДа


Тағдырлы талант

Шілденің 15-і қазақтың әйгілі бард-

әншісі,  қайталанбас  талант  иесі 

Табылды  Досымовтың  туған  күні. 

Фәниден  бақиға  тым  ерте  жылыстап 

кеткен біртуар бауырымыз тірі болса, 

биыл  51  жасқа  толар  еді...  Осыдан 

алты жыл бұрын, небәрі 45 жасында 

дүние салған Табыл бүгінде арамызда 

жыр  болып  қалықтап  жүргендей... 

Бұрынғы  қазақ  дәстүрінде  дүние 

салған  адамның  жылдық  асына 

құйрық-жалы күзелген тұл ат сойылып, 

бар кәдесі өткеннен кейін босағадағы 

найзаға ілінген қара байрақ түсіріліп, 

ел бұрынғы тіршілігіне қайта оралып, 

өмір көшіне ілесіп кетуші еді ғой. Сол 

тәрізді,  біз  де  Алланың  әміріне  бас 

иіп,  Табылды  жоқтап  күңіренуді  са-

ябырлатып,  оның  мұрасын  өміршең 

етуді қаузай бастадық.

Бір кезде Расул Ғамзатов: «Алтын 

балық  бәрін  бергенде,  талант  бере 

алмайды.  Берер  еді-ау,  бірақ  бұл 

қасиет оның өзінде де жоқ. Оны еш-

кім бере алмайды, ешкім тартып ала 

алмайды. Тек талант боп туу керек», 

-деген еді.

Ендеше,  шын  талантқа  дауа 

жоқ  қой!  Бір  қарағанда,  Табылдың 

өмірден ерте кеткені болмаса, өнерін 

қастерлеушілерге өкпесі жоқ сияқты.

Ел  ішінде  кәсіпкер  азамат-

тар  екі  рет  «Ұнатамын  мен  сені», 

«Табылдының  әні»  деген  ән-дис-

кісін,  «Ұнатамын  мен  сені»  атты 

әндер,  «Жанарымның  жарқылы» 

дейтін  өлеңдер  жинағын  шығарып 

беруі,  дарынына  тәнті  болғандар 

Ақтөбе,  Қарағанды,  Ақтау,  Аста-

на,  Құлжа  қалаларында  еске  алу 

кештерін  өткізуі,  өнернамасын  на-

сихаттайтын  арнайы  қор  құрылуы, 

Алматы  облысының  бұрынғы  әкімі 

Серік  Үмбетовтің  белгілі  журна-

лист  Серік  Жанболатовтан  әндер 

дискісін  сұратып  алдыруы,  ұлттық 

өнер  жанашыры,  кәсіпкер  Би-

жан  Қалмағамбетов  пен  Шымыр 

Қармановтың  бард-әншінің  зира-

тын  тұрғызуы,  көрнекті  мемлекет 

және  қоғам  қайраткері  Мұхтар  Құл-

Мұхаммедтің  қамқорлықтарын  айт-

пай кетсек, күпірлік болар.

Интернетте  Табылдыға  арналған 

қауымдастық 

ашылды. 

Қайтыс 


болғанда  Әбіш  Кекілбайұлы,  Фа-

риза 


Оңғарсынова, 

Иманғали 

Тасмағамбетов, 

Бақтықожа 

Ізмұхамбетов тәрізді белгілі тұлғалар, 

жүздеген  өнерсүйер  қауым  қатты 

қайғырып, көңіл айтқаны оның қадірін 

бұрынғыдан да арттыра түсті.

...Баяғыда Дәулеткерей Қызылғұрт 

руына  сұлтан  болып  тағайындалып 

келгенде,  ең  әуелі  абақтыда  жатқан 

дәулескер күйші, сол кезде қартайып 

қалған  Мүсірәліні  іздеп  таптырып, 

алдына  алдырып,  қолындағы  кісенін 

шештіріп,  домбыра  шерткізіпті.  Сол 

сияқты,  Иманғали  Тасмағамбетов  те 

Атырау  облысына  әкім  болған  кезде 

Табылдың өнеріне тәнті болып, екінің 

бірінің қолына түсе бермейтін қымбат 

гитараны сыйлауы ғанибет емес пе?!

Қазір ойлап отырсам, бард-әншінің 

бағын ашқан кезең – Алматыда өткен 

мезгілдері,  әсіресе,  Қазақ  ұлттық 

университеті  журналистика  факуль-

тетінде оқыған жылдары болса керек. 

Өйткені, оның ең танымал әндері осы 

тұста  туды.  Бір  жатақханада  тұрған 

Бауыржан  Үсенов,  Бауыржан  Ома-

ров,  Бауыржан  Жақыпов,  Әбубәкір 

Смайылов,  Светқали  Нұржанов, 

Гүлнар Салықбаева, Серік Жанбола-

тов, тағы да басқа өнерлі қыз-жігіттер 

үлкенді-кішілі боп бірге жүріп, бір ор-

кестр  секілді  сырласа,  үндесе  жүріп, 

сан жанрда жарыса қалам тербеді.

Табыл  –  қазақ  әнінің  тарихынан 

мол  мағлұматы  бар  эрудит  саз-

гер,  жырау.  Оның  әуезінен  байырғы 

серілер  заманындағы  қазақ  әнінің 

Атыңды сенің айтамын ән қылып неге,

«Қозым-ау», - деші күлімдеп Баяндай маған.

Тірлікті мынау, жаным-ай, мәңгілік деме,

Ұйықтап кетсем бір күні, оянбай қалам.

Оянбай қалам, бұл – шындық, ұрыспа қарғам,

Шөлмек-тірліктің белгілі құлай сынары...

Гитарамды алып елеусіз бұрышта қалған,

Бауырыңа басып, егіліп жылайсың әлі.

«Тірлікті мынау, жаным-ай, мәңгілік деме...»

Мен  Кенжеғали  Балабасұлын 

көптен білетін адаммын. Ол әуелі 

әнші  болып  танылды.  Сосын 

айтысқа  түсті.  Сазгерлік  қабілеті 

де  бар.  Не  десең  де  көпшілік 

Кенжақаңды  айтыс  ақыны  деп 

біледі. 

Оның 


үлкенді-кішілі 

айтыстарға  қатынасып,  сахна-

дан  жыр-маржанын  төккеніне 

жарты  ғасырдан    асып  барады. 

Кезінде  ол  облыстық,  аймақтық, 

республикалық 

айтыстардан 

қалып көрген жоқ. Алда өткен Ха-

мит Әбілев, Хамидолла Қыдыров, 

Нығмет Нағымов, Елекеш Қалиев 

сияқты  ақын  ағаларының  бата-

сын  алды,  оларға  серік  болды. 

Қазір  Кенжақаң  облысымыздағы 

айтыскер  ақындардың  ақсақалы 

болып  отыр.  Ол  тәрбиелеген 

жастар  қаншама?!  Әрі  облыстық 

ақындар 

айтысы 


кездерінде 

қазылар  алқасының  құрамында 

сан  рет  болғанда  байқағаным 

–  Кенжеғали  айтыс  өнерінің  қай 

түріне де тайпалған жорға екенін 

әркез  дәлелдеп  отырды.  Сүре 

айтыс,  түре  айтыс,  жұмбақ  ай-

тыс,  қыз  бен  жігіт  айтыстарының 

қайсысына  түссе  де  жүйтки 

жөнелетін-ді.

...1986 

жылы 


Алматыға 

республикалық  айтысқа  бардық. 

Облысымыздың 

бетке 


ұстар 

ақындары  тамақтарын  кенеп, 

алақандарын  ысқылап  деген-

дей,  үлкен  құлшыныс  таныт-

ты. 

Қызылорда 



облысының 

ақындарымен  сайысқа  түсетін 

болдық.  Сыр  елі  –  жыр  елі 

екені  белгілі.  Ол  жақта  да  екі 

иығын  жұлып  жеген  арқалылар 

бар  екен.  Мен  әдеби  кеңесші 

болғандықтан  ақындарымыздың 

өлең 


құрау 

мәдениеті 

жағына 

мән 


беріңкіреймін. 

Ұйымдастырушылар 

айтыстың 

барлық  түрін  сахнаға  шығаруды 

ұйғарыпты. Жастар жағы қобалжи 

бастады. 

Сонда 

Кенжеғали 



қысылған  жоқ.  «Айтыстың  қай 

түріне түсуге де дайынмын» – деп, 

көңілімізді  бір  көтеріп  тастады. 

Шынында  да,  ол  сүре  айтыс  пен 

жұмбақ айтысқа түсіп, қарсыласын 

жеңіп  шықты.  Мұндай  мысал-

дарды  көптеп  келтіре  аламын. 

Сондай-ақ,  оның  айтыстардан 

жүлдесіз  оралған  кезі  жоқ.  Бір-екі 

рет облыстық ақындар айтысында 

бас  жүлдені  иеленіп,  оюлы  кілем 

жабылған  арғымақ  мінгені  дәл 

бүгінгідей есімде.

Ал, 


енді 

Кенжеғали 

Балабасовтың  жазбаша  ақындық 

қыры  маған  беймәлімдеу.  Негізі 

әншілік,  айтыскерлік,  сазгерлік 

және  жазбаша  ақындық  бір  адам 

үшін  жеңіл  жүк  емес.  Осылардың 

біреуі 


ғана 

адамның 


бүкіл 

ғұмырына  жарап  жатыр.  Әрине, 

«Өлеңге  әркімнің  де  бар  таласы» 

деп  ұлы  Абай  айтқандай,  анада 

ақынның  «Жүріп  келем»  деген 

жыр  жинағы  да  шықты.  Авторға 

солай  неге  жазбадың,  бұлай  неге 

жазбадың  деп  айтуға  болмайды. 

Өз  патша  көңілі  біледі.  Мен  бүгін 

75 жасқа толып отырған Орданың 

өнердегі өрен жүйрігіне тек шалт-

ты ғұмыр тілеймін.



Айтқали нӘРіКОВ,

Қазақстан Жазушылар 

одағының мүшесі.

Орал қаласы.


1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал