№29 (7011) 19 шілде 2016 жыл



жүктеу 401.29 Kb.

бет1/4
Дата15.09.2017
өлшемі401.29 Kb.
  1   2   3   4

Газет 1930 жылдың 7 қыркүйегінен шығады

Апталық  басылым



№29 (7011)         19 шілде   2016 жыл

Бөкей  ордасы   аудандық  қоғамдық-саяси  газеті

Орда жұлдызы

ordazhuldyzy.kz

+32


+24

Сәрсенбі, 20.7.2016

+31

+25


Бейсенбі, 21.7.2016

+28


+20

Жұма, 22.7.2016

+26

+21


Сенбі, 23.7.2016

+25


+20

Жексенбі, 24.7.2016

+25

+19


Дүйсенбі, 25.7.2016

+29


+20

Сейсенбі, 26.7.2016

Шебердің қолы ортақ

«Багира»  кафесінің  қожайыны,  ағаштан  түйін  түйген 

шебер  Жанар  Садарованың  есімі  ауылдастары  ара-

сында  құрметпен  аталады.  Нәзік  жаратылысты  әйел 

затының Ресейдің Волгоград қаласы мен өзіміздің облыс 

орталығынан  материалдар  алдырып,  әдемі,  өте  ұқыпты 

дүниелер  жасайтыны  жайында  газетіміздің  өткен  жылғы 

сандарының бірінде қалам тербедік. 

Бүгінде  Жанардың  қолынан  шыққан  үстелдер, 

орындықтар,  ілгіш,  шкаф,  қолжуғыш,  кереует,  сөре,  

жиһаздар көз тартып, әр шаңырақтың ажарын ашып тұр. 

Қолына  электрлі  тескіш  құралын  алып,  көзіне  көзілдірік 

киіп  жұмысына  кіріскен  сәтінің  де  куәсі  болған  едік.  Ер 

адамдардың батылы бара бермейтін істі ұршықша үйіріп 

алып  кеткен  ол  жақында  жаңа  бір  қырынан  танылып, 

ауылдастарын тағы бір сүйсінтті

Көз  жауын  алардай  құмыра,  гүл,  жан-жануарлар 

мүсініндегі  сувенирлер  жасап,  саттыққа  шығарды. 

Нәтижесі де жаман емес. Шебердің анасы Рабиға апаның 

айтуынша, балаларының бәрі де кішкентай кездерінен су-

рет салған, ісмерлікке икемді болған. 

Жиһаз жасау оңай шаруа емес. Нағыз шұқыма жұмыс. 

Дегенмен іскер жан өзін осы салада байқап көруді ойла-

ды.  Мұндайда  жанашыры  –  анасының  ақыл-кеңесі  ауа-

дай қажет. Нағашыларынан дарыған іскерлік те Жанарды 

айналып өтпеген-ді. Ойлана келе: «Іс тігуді қолға алсам, 

қалай болар екен?»-деген ұсынысын ортаға салды. Анасы 

оның бұл талабын құптай қоймады. «Ұсақ жұмыс қажытады 

ғой?»-деген  күмәнін  алға  тартты.  Біртіндеп  құмыра, 

крахмалға салынған гүлдер, жан-жануарлар бейнесін жа-

сады. Бұл істе қыл қалам құдіреті өз нәтижесін берді. Ал-

дымен суретін салып, яғни, макетін құрып алды. Қатесін өзі 

тауып, оны түзеу арқылы еңбегін жандандыра түсті. Гүлдің 

сабағына салфеткаларды шиырлап байлады, жібек мата-

ларды крахмалдап, қызылды-жасылды гүлдердің әр алу-

анын шығарды. Ал, құмыра жасауды алғаш қолға алғанда 

баклашка, әйнектерді пайдаланса, кейін бұл жұмыстың әр 

түрлі жасалу жолдарын зерттеп, шығармашылық жұмысын 

кеңейте  түсті.  Алдымен  көкейінде  ұялаған  нәрселердің 

ағаштан сұлбасын ойып, оны әрледі. Әрбір ұсақ тетіктерін 

де аса жауапкершілікпен атқаруға тырысты. Жан-тәнімен 

беріліп  істеуінің  нәтижесінде  осындай  әдемі  дүниелер 

өмірге  келді.    Әсемдікке  ерекше  ынтазарлық  Жанардың 

еңбектен,  тәуекел  етуден  қашпайтынын  байқатады.  Із-

деніс – оның басты мұраты. «Ниет, қызығушылық болса, 

адамның қолынан келмейтіні жоқ»-дейді іскер жан.

Жалпы,  Садаровтар  отбасының  ептілігі  арқасында  әр 

жерде қолтаңбалары қалған. Олардың автокөлік жөндеу, 

үй құрылысын жүргізу, темір қақпа, жиһаз жасаумен айна-

лысатындары тағы бар. Әулеттің үлкені Мүсілім ағаш ше-

бері болса (мамандығы мұғалім), Палласовка қаласында 

тұратын  Нұрлан  құрылыс  жұмысына  икемді.  Темір 

қақпалар жасаумен айналысады. Мереке – көлік жөндеудің 

майталманы. Ал, Садаровтар отбасының отағасы, марқұм 

Бисенбай аға техника тілін жетік меңгерген азамат болып-

ты. Әке-ана қанымен дарыған осынау қасиет ұрпақтарын 

да ұятқа қалдырып жүрген жоқ.  

Г.ТҰРСынТеГі.

Қоларбаға  таңылған  мүгедектер  баратын  жерге  (мемлекеттік  мекемелер, 

қоғамдық ұйымдар, т.б.) тиісті стандартқа сай пандус (көлбеулік) салу мәселесі 

күн тәртібінен түскен емес. Осы істі қадағалау үшін арнайы штаб жасақталып, 

оның  жанынан  комиссия  құрылған.  13  шілде  күні  құрамында  аудан  әкімінің 

орынбасары  Л.Қайырғалиева,  «Нұр  Отан»  партиясының  аудандық  филиалы 

төрағасының бірінші орынбасары Т.Арыстанбеков, аудандық жұмыспен қамту 

және  әлеуметтік  бағдарламалар  бөлімі  басшысы  Ж.Еркеғалиев,  аудандық 

сәулет және құрылыс бөлімінің маманы Б.Кенжеғалиев бар комиссия мүшелері 

аудан орталығындағы пандустардың стандартқа сай келу мәселесіне қатысты 

«Қазпошта» АҚ аудандық филиалы, аудандық білім беру, мәдениет, тілдерді 

дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімдері, педагогикалық-психологиялық 

түзеу кабинеті, аудандық ветеринария бөлімі мекемелерін аралап, олардағы 

пандустардың  стандартқа  сәйкестігін  тексерді.  «Қазпошта»  АҚ  аудандық 

бөлімшесінде пандус тым қысқа әрі тік болғандықтан оны қайта жасау керектігі 

мекеме басшысына міндеттелді. Ол өз кезегінде бұл мәселе келесі жылдың 

күрделі  жөндеу  жобасына  енгізілетіндігінен  хабардар  етті.  Аудандық  ветери-

нария бөлімінде пандус мүлдем салынбапты. Сондай-ақ, кейбір мекемелер-

дегі пандустардың қолтұтқаларының (поручень) арақашықтығы мен көлбеулігі 

стандарт талабынан ауытқығандығы анықталды. Аталмыш мекеме басшыла-

рына айтылған сыннан көп кешіктірмей нәтиже шығару тапсырылды.

А.ХАМЗИн.

Қазақстан  Республикасының  «Халықты  жұмыспен 

қамту  туралы»  Заңының  (№  482-V,  6  сәуір  2016ж.)  28 

бабы  2  тармағында  жұмыс  берушінің  бос  қызмет  орны 

туралы  мәліметті  үш  жұмыс  күні  ішінде  еңбек  жағдайы 

мен  төлемақысын  көрсете  отырып,  халықты  жұмыспен 

қамту  орталығына  жіберуі  тиіс  екендігі  жазылған.  Алай-

да,  бұл  талаптың  кей  жерлерде  орындалмайтындығы 

облыстық  прокуратураның  24  маусымда  оздырылған 

кеңейтілген  алқа  отырысында  ерекше  атап  көрсетілді. 

Сынға іліккендердің арасында біздің аудан да бар.

Аудан әкімінің орынбасары Л.Т.Қайырғалиева облпро-

куратура алқасы отырысының №5 хаттамасына байла-

нысты әкімдіктің мәжіліс залында аудан орталығы меке-

мелері басшылары мен орта мектеп өкілдерінің, аудандық 

жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, 

жұмыспен қамту орталығы қызметкерлерінің қатысымен 

жиналыс  өткізді.  Оған  аудан  прокуроры  Н.Е.Байменов 

пен  прокуротура  қызметкері  Р.Р.Шәкіржанов  қатысты. 

Руслан  Рахымжанұлы  Заңның  жұмыс  берушілерге 

қатысты  талаптары  мен  өздері  жүргізген  тексерістің 

қорытындысы  туралы  баяндама  да  жасады.  Нартай 

Елібайұлы аталмыш мәселеге қатысты жайларға түсінік 

беріп,  аудандық  жұмыспен  қамту  және  әлеуметтік 

бағдарламалар  бөлімі  басшысы  Ж.Ж.Еркеғалиев  өз 

пікірін ортаға салды. 

Қорытынды сөз сөйлеген Лариса Тельманқызы мекеме 

басшыларына  заңға  сай  жұмыстану  қажеттігін  қатаң  ес-

кертті.

Жаңа тағайындау

Аудан әкімі Н.Рахымжановтың 2016 жылғы 15 шілдедегі №80 өкімімен 

Насимоллин Бисенбек Жамбылұлы аудандық тұрғын үй, коммуналдық 

шаруашылық,  жолаушылар  көлігі  және  автомобиль  жолдары  бөлімінің 

басшысы лауазымына тағайындалды.

Б.Ж.Насимоллин 1985 жылдың 13 тамызын-

да  Сайқын  ауылында  дүниеге  келген.  Білімі 

жоғары. М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан  

мемлекеттік  университетінің  түлегі.  Құқық  та-

рихы  және  экономика  негіздері  пәні  мұғалімі, 

екінші мамандығы бойынша  экономист-менед-

жер. Еңбек жолын М.Мәметова атындағы орта 

мектептен  бастаған  ол  түрлі  қызмет  сатыла-

рынан өтіп, Мұратсай ауылдық округінде  әкім, 

аудандық ішкі саясат бөлімінде басшы болды. 

Осыған  дейін  Сайқын  ауылдық  округі  әкімі 

қызметін атқарды. 

Біздің тілек, билік баспалдағы беделіңді асы-

рып, туған өлкенің іскер азаматтары қатарынан 

көріне біл!

Пандус стандартқа 

сай ма?


Құттықтаймыз!

«Мүмкіндігі  шектеулі  азамат­

тарымызға 

көбірек 

көңіл 

бөлуіміз  керек.  Олар  үшін 

Қазақстан  кедергісіз  аймаққа 

айналуы тиіс».

(ҚР Президенті 

н.назарбаевтың «Қазақстан 

жолы – 2050: бір мақсат, бір 

мүдде, бір болашақ» атты 

Жолдауынан).

Аудан әкімдігінде

Қызмет ұсынудың ережесі қатайды

Жанардай жандар аз-ау...



19 шілде 2016 жыл

2

E-mail: too-orda@bk.ru



ЖҰЛДЫЗЫ

ОрДа


Туған өлке тарихынан

Қарауылқожаның  ауылын  екі  рет 

шапты.  Оған  жалғас  Балқы,  Айда-

лы,  Қуаныш  сұлтандардың  ауыл-

дары  да  осының  кебін  киді.  Енді 

шын қысылыс кіріп, абыржыған бай-

сұлтандар Хан Ордасына қашты. Бұл 

кезде  көтерілісшілер  үлкен  күшке 

айналып,  олардың  жалпы  саны  үш 

мыңнан асып кеткен-ді. Қазан айын-

да  олар  Хан  Ордасына  төтесінен 

тартып,  алды  шақырымдай  жерге 

таялып  келіп,  лагерь  тікті.  Жәңгір 

хан  қалаға  қашып  келіп  тығылған 

билер  мен  байлардан,  олардың 

қызметшілерінен, 

саудагерлерден 

«қорғаныс  отрядын»  құрып,  Орданы 

айналдыра ор қазып, «бекініс» жаса-

ды. Ханның жеке басына және бүкіл 

хандық  құрылысқа  шын  қауіп  төнген 

шақта  Орданы  тастап  қашқалы 

тұрған Жәңгір хан төңірегіндегілердің 

ақылымен  билердің  бірін  Исатайға 

елші етіп жіберіп, он күн мерзім ішін-

де  олардың  талап-тілектерін  қарап, 

«қанағаттандыратынын» 

айтады. 


Ханның  есебі  бойынша  осы  мерзім 

ішінде  патша  әскерлері  де  көмекке 

келіп  жетуі  тиіс  еді.  «Хан  Ордасы 

мен  күллі  хандыққа  қауіп  төнді»  де-

ген хабар алысымен патша үкіметінің 

әкімшілік  орындары  көтерілісті  басу 

Құм Нарындағы дауыл

немесе Исатай­Махамбет бастаған шаруалар 

көтерілісіне 180 жыл

1836-38 жылдары Бөкей Ордасын-

да басталып, кіші жүздің біраз бөлігін 

қамтыған шаруалар көтерілісі тек осы 

өңірдегі ғана емес, бүкіл қазақ жерін-

дегі  тарихи  оқиға  болды.  Шаруалар 

көтерілісінің  алдында  бір-ақ  мақсат 

тұрды,  ол  –  не  ақ  білектің  күшімен, 

көк найзаның ұшымен ғасырлар бойы 

көксеп келген бостандық пен теңдікті 

жеңіп алу, не соның жолында құрбан 

болу.  Өкініштісі,  көтерілісшілердің 

еншісіне  осының  екіншісі  тиді.  Айта 

кетелік, көтеріліс жетекшілері Исатай 

батыр  мен  Махамбет  ақын  азаттық 

жолында атқа қонбас бұрын қанауға 

ұшыраған  қара  халықтың  талап-

тілектері  мен  мұң-мұқтаждарын  ай-

тып, ханға да, Орынбордың әкімшілік 

орындарына  да  бірнеше  дүркін 

шағым-арыз  берген.  Сөйтіп,  олар 

өздері қоғам болып қол қойған талап-

тарын  бейбіт  жолмен  орындатудың 

барлық  мүмкіндіктерін  пайдаланды. 

Бірақ,  олардың  бұл  әрекеттерінен 

ештеңе  өнбеді.  Ақыры,  еркіндік  пен 

теңдікке бұлайша жете алмайтында-

рын түсінген қара халық қолына қару 

алып, ашық майданға шығуға мәжбүр 

болды.


1836  жылы  көтеріліс  кең  етек 

жайып,  бұқаралық  сипат  алды. 

Осы  жылғы  наурыз  айының  аяқ 

шенінде  Қиялымола  деген  жерде 

көтерілісшілердің  екі  жүзге  тарта 

шағын  қолын  есауыл  Қарауылқожа 

Бабажановтың  500  кісілік  жасағы 

қоршауға  алған.  Ондағы  мақсат  – 

Исатайды қолға түсіріп, жасақты бас-

шысыз  қалдыру.  Сөйтіп,  көтерілісті 

бірден тұншықтырып тастау болатын. 

Алайда, жеме-жемге келгенде, азап-

тан  ашынып,  жорық  жолына  жаны-

нан  түңіліп  шыққан  көтерілісшілерге 

ашық майдан салуға батылы бармай, 

Қарауылқожа  жасағы  кейін  шегінді. 

Ұрыс  даласындағы  алғашқы  жетістік 

көтерілісшілердің жауынгерлік рухын 

көтеріп,  олардың  өз  күштеріне  де-

ген  сенімін  арттырады.  Осылайша, 

олардың  батыл  қимылға  көшуіне 

себепші  болды.  Әрі  осы  жылдың 

аяғында көтерілісшілердің саны 700-

800  адамға  жетті.  Бұрын  көтеріліс 

дүмпуі  хандықтың  оңтүстігінде  бас-

талып,  тиіп-қашты  қақтығысулармен 

шектелсе,  1837  жылы  хандықтың 

барлық  жерін  қамтыды.  Бұл  жылы 

көтерілісшілер  Қарауылқожа  Ба-

бажанов,  Балқы  Құдайбергенов, 

Шөке  Нұралыханов  және  Шомбал 

сияқты  ірі-ірі  бай,  сұлтандардың 

ауылдарына шабуыл жасап отырды. 

Жәңгір хан көтерілісті басу үшін мау-

сым,  шілде,  тамыз  айларында  хан 

жасағын  қарсы  қойып  көрді.  Алайда 

көтерілісшілердің қалың қолына олар 

да төтеп бере алмады.

Енді  көтерілісті  өз  күшімен  баса 

алмасын  түсінген  хан  Астрахан, 

Орынбор,  Орал  әкімшілік  орында-

рына «Егер халық толқуын тез арада 

басуға  жәрдемдеспесеңіз,  хандық 

құрылысқа  қауіп  төнуі  мүмкін»  де-

ген  суыт  хабармен  жан-жаққа 

шапқыншылар  аттандырады.  Сон-

дай-ақ,  патша  үкіметінің  әкімшілік 

орындары 

күннен-күнге 

қаулап 


бара  жатқан  «қалың  өрттің»  қаупін 

терең  түсіне  бастады.  Қыркүйек 

айының орта шенінде көтерілісшілер 

1836-38  жылдардағы  шаруалар 

көтерілісі жайында сол кездің өзінде 

патша үкіметі тарапынан бірқатар ма-

териалдар жарияланған-ды. Алайда, 

ол  материалдардағы  мәліметтердің 

мән-мазмұны  бұрмаланып,  шындық 

бүркемеленген.  Үстем  тап  тарихшы-

лары көтеріліс жайындағы деректер-

ді шынайылықтан тысқары көрсетуге 

тырысып  бақты.  Соған  қарамастан, 

бұл  оқиғаны  сол  кездің  өзінде 

әділет  тұрғысынан  бағалай  біл-

ген  орыс  географиялық  қоғамының 

ғылыми  секретары,  атақты  саяхат-

шы,  академик  Егор  Петрович  Кова-

левский  мен  орыс  офицері,  белгілі 

тарихшы-журналист, 

архивариус, 

Т.Г.Шевченконың  досы  Никита  Фе-

дорович  Савичев  сияқты  орыстың 

прогресшіл  көзқарастағы  озық  ойлы 

адамдары да болды. Олардың екеуі 

де көтерілісті тұңғыш зерттеуші ғана 

үшін  шұғыл  шаралар  ала  бастай-

ды.  Қазан  айының  ішінде  Исатайды 

тұтқындау үшін Оралдан 600 адамдық 

отрядымен атаман Покатилов шығып, 

ештеңе  тындыра  алмағасын,  кейін 

қайтқан. Бұдан кейін Астраханнан екі 

зеңбірек, 300 адамдық казак отряды-

мен  подполковник  Алиев,  Оралдан 

бірнеше  зеңбірек  және  400  кісілік 

казак  отрядымен  подполковник  Гек-

ке  келеді.  Астрахан  және  Орынбор 

генерал-губернаторларының  өзара 

келісуімен екі отряд бірігіп, оған Гекке 

басшылық жасайды.

Патша  әскерлері,  хан  жасағының 

біріккен  күші  мен  көтерілісшілер 

арасындағы  шешуші  шайқас  1837 

жылы 15 қарашада Бекетай құмының 

жағасындағы  Тастөбе  деген  жерде 

болған.  Бастапқыда  көтерілісшілер 

жағы  жазалаушылар  қолын  біраз 

тықсырғанымен, ұрыс тағдырын пат-

ша  әскерлері  қолданған  зеңбіректер 

шешіп  кетті.  Дәлдеп  атқан  зеңбірек 

оқтары шабуылға түйдегімен шыққан 

көтерілісшілердің қалың қолын жуса-

тып тастады. Ұрыс үстінде Исатайдың 

біраз сенімді серіктері қаза тапты.

Жәңгір  хан  мен  патша  үкіметі 

көтерілісті  бірігіп  тұншықтырғаннан 

кейін,  оған  қатысқандардан  өш 

бөктіруге 

жетекшілік 

еткендер 

патшаның  шен-шекпеніне  ие  бол-

ды.  Мысалы,  подполковник  Алиев 

пен  Геккеге  кезектен  тыс  полковник 

дәрежесі  берілді.  Ал,  Жәңгір  хан 

патшаның ерекше ықыласына ие бол-

ды.  1840  жылы  8  желтоқсанда  оған 

генерал-майор атағы берілгендігі ту-

ралы бұйрық шықты. Сонымен қатар, 

ол  тек  дворяндарға  берілетін  патша 

үкіметінің ең жоғары ордені – бірінші 

дәрежелі «Қасиетті Анна» орденімен, 

ақ патшаның арнайы сыйлығы алтын 

зерлі  оқалы  шапан  және  қылышпен 

мараппатталды.

емес, өз заманында бұл оқиғаға әділ 

баға бергендер болды.

Сөйтіп, екі жыл бойы кең сахараны 

дүбірлеткен  көтеріліс  жеңіліс  тапты. 

Басқаша  болуы  мүмкін  де  емес  еді. 

Ол  барлық  шаруалар  көтерілісіне 

тән  бытыраңқы,  әрі  стихиялы 

көрініс  алды.  Көтерілісшілер  нашар 

қаруланды  және  шабуыл  жасаудың 

шешуші  сәттерін  дұрыс  пайдалана 

алмады.  Сонымен  бірге,  ақырында 

көтерілістің түпкі мақсатын белгілей-

тін  саяси  программасы  және  оған 

жетекшілік  ететін  саяси  партиясы 

болмады.

Бөкей ордасы тарихи мұражай ке-

шенінде  1836-38  жылдардағы  Иса-

тай-Махамбет  бастаған  шаруалар 

көтерілісіне  байланысты  үш  нәрсе 

сақтаулы  және  оның  үшеуі  де  қару. 

Соның  бірі  –  көтеріліске  қатысушы 

шолақ  қол  Ареннің  қанжары.  Бұл 

ұзындығы  жарты  кездей  алмас 

қанжарды оған ерлігі мен батырлығы 

үшін  көтеріліс  көсемі  Исатайдың 

өзі  сыйлаған.  Қалған  екеуі  көтеріліс 

сарбаздары 

Тоқпан 


батырдың 

ұзындығы  270  сантиметрлік  қарағай 

сапты  найзасы  мен  Байтілеуұлы 

Шынай  батырдың  төрт  қырлы 

сауытбұзар  найзасы.  Бабаларының 

бұл  заттарын  көзінің  қарашығындай 

қастерлеп,  музейге  тапсырған  атал-

мыш батырлардың  шөберелері,  Ұлы 

Отан соғысының ардагерлері Шайха-

ден Иманғалиев, Темірғали Қарашев 

және  Батау  Әділов  сияқты  жерлес-

теріміз. 

Бұдан  180  жыл  бұрын  бүкіл 

Бөкей  даласын  дүбірлеткен  шаруа-

лар  көтерілісі  қазақ  кедейлерінің 

езуші  үстем  тапқа  қарсы  тұңғыш 

ұйымдастырылған 

күресі 


еді. 

Сондықтан  ол  Қазақстан  тарихында 

айрықша  орын  алатын  оқиғалардың 

бірі  ретінде  бағалануға  тиіс.  Осыған 

байланысты  мынандай  бір  пікір-

ұсыныс айтуды жөн көрдік. Мәселен, 

орыс  халқы  теңдік  үшін  күрескен  өз 

ұлы  Емельян  Пугачев  есімін  заңды 

мақтан  етіп,  төбесіне  көтереді.  Ол 

туралы екі сериялды кино түсіріп, ар-

найы  ескерткіш  тұрғызып,  музей  де 

ашты. Ал, біз Исатай-Махамбет есімін 

жәй  ғана  жалпылама  мақтаудан 

әрі  аса  алмай  жүрміз.  Келешекте 

Орда  ауылында  Исатай-Махамбет 

батырларға  ескерткіш  орнатылып, 

1836-38  жылдардағы  шаруалар 

көтерілісіне  арнап  скульптуралық 

композиция 

тұрғызылса 

артық 

болмас  еді.  Бұл  мәселе  облыстық 



деңгейде де әлсін-әлсін көтеріліп жүр. 

Әрине, ол бір күннің не бір жылдың ісі 

емес екендігі түсінікті. Алдымен ниет, 

сосын  жоспар  һәм  қаржы  қажет.  Әрі 

мұндай  іске  қолұшын  беруге  туған 

өлкеміздің  шынайы  патриоттары  да 

қарсы бола қоймас.

А.ХАМЗИн,

тарихшы-өлкетанушы.

алуға  кірісті.  Қолға 

түскендеріне  500-

ден  1000-ға  дейін 

дүре  соғылып,  одан 

тірі 


қалғандары 

к р е п о с т н и к т і к 

жұмысқа  жіберілді, 

Сібірге 


айдалды, 

түрмеге 


жабыл-

ды.  Олардың  мал-

мүліктері  тәркілен-

ді. 


Көтеріліске 

қатысқан  ауылдар-

дан 

тәркіленген 



мал    (733  түйе,  510 

жылқы,  1799  сиыр 

және 8032 қой) торг-

пен  сатылып,  одан 

түскен  ақша  жаза-

лау  экспедициясын 

ұйымдастыруға  кет-

кен 


шығындарды 

өтеуге  жұмсалды. 

Көтерілісті 

қанға 


Көне Орда

Нарын кұм

19 шілде 2016 жыл

3

E-mail: too-orda@bk.ru



ЖҰЛДЫЗЫ

ОрДа


Базалық,  міндетті  және  ерікті  деңгейден 

тұратын қазақстандық зейнетақы жүйесі қазіргі 

уақытта көп деңгейлікке көшуде. Бірінші деңгей 

(базалық)  –  еңбек  өтілі  мен  табысының  бар-

жоғына  қарамастан  зейнеткерлікке  шыққан 

барлық  азаматтарға  тағайындалатын  мемле-

кеттік базалық зейнетақы төлемі.

Қазақстан  Республикасы  Президентінің 

2005 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан халқына 

Жолдауына  сай  кедейшіліктің  алдын  алу 

және  қариялардың  зейнетақысын  арттыруға 

мүмкіндік беретін мемлекеттік зейнетақы төлемі 

2005  жылдан  бері  қолданыста.  Бастапқыда 

базалық  зейнетақы  мөлшері  3000  теңгені 

құраса, биыл ол 11965 теңгеге дейін өсті. 

Екінші  деңгей  (міндетті)  –  зейнеткерлік-

ке  шығар  алдындағы  еңбек  ақысы  мен  1998 

жылғы 1 қаңтарға дейінгі еңбек өтіліне байла-

нысты  республикалық  бюджеттен  төленетін 

ынтымақты 

зейнетақы 

және 


Бірыңғай 

жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін 10% 

міндетті зейнетақы жарналарынан қалыптасқан 

зейнетақы жинақтары.

Жинақтаушы  зейнетақы  жүйесіне  көшкен 

кезде (1998 жылы) елдің азаматтары үшін 1998 

жылдың 1 қаңтарына дейін кемінде 6 ай еңбек 

өтілі  бар  болғанда  бюджеттен  ынтымақты 

зейнетақы 

алуға 


құқылы. 

Ынтымақты 

зейнетақыларды  тағайындау  шамамен  2043 

жылға дейін сақталады.

1998 жылы жинақтаушы зейнетақы жүйесіне 

көшуге  байланысты  жұмыс  берушіге  барлық 

жұмысшыларға  міндетті  зейнетақы  жарнала-

рын (бұдан әрі – МЗЖ) қызметкердің Бірыңғай 

жинақтаушы  зейнетақы  қорындағы  (бұдан  әрі 

–  БЖЗҚ)  ашылған    жеке  зейнетақы  шотына 

ай сайынғы табысының 10% мөлшерін жүйелі 

түрде аударып тұру жүктелді.

БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алуға онда 

зейнетақы  жинақтары  бар  зейнеткерлік  жасқа 

толған азаматтар, 1 және 2 топтағы мүгедектер 

(егер  мүгедектігі  мерзімсіз  болып  белгіленсе) 

ерлер  55  жасқа,  әйелдер  50  жасқа  толғанда, 

Қазақстаннан  шетелге  тұрақты  тұруға  кеткен 

шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар ала 

алады. 


Үшінші  деңгей  (ерікті)  –  ерікті  зейнетақы  

жарналарының  есебінен жүргізілетін төлемдер. 

Ерікті  зейнетақы  жарналары  жеке  адамның 

өзінің қаражаты есебінен аударылады. 

1998  жылғы  1  қаңтарға  дейінгі  еңбек  өтілі 

барлардың  азаюына  байланысты  қазіргі 

тағайындалып  жатқан  зейнетақы  мөлшері 

біртіндеп  төмендей  бермек.  Сол  себепті 

зейнетақы  жүйесін  жаңғырту  қажеттілігі  туды. 

Зейнетақы жүйесін жаңғырту  біріншіден, оның 

қолданылған уақытындағы макроэкономикалық 

жағдайлардың өзгеруіне, екіншіден, ынтымақты 

зейнетақының  тоқталуына  (1998  жылғы  01.01 

дейінгі  еңбек  стажының  азаюына),  зейнетақы 

жүйесіндегі  алдағы  болатын  өзгерістерге 

байланысты  жүргізіледі.  Ол  зейнетақымен 

қамсыздандырудың  көп  деңгейлі  жүйесін 

сақтай  отырып,  мемлекет  басшысының  тап-

сырмасы  бойынша  жүзеге  асырылатын  бола-

ды. 


Бірыңғай  жинақтаушы  зейнетақы  қоры 

құрылып,  ондағы  зейнетақы  активтерін  топ-

тастыру  жұмысы  аяқталды.  Мемлекеттің 

зейнетақы  жинақтары  бойынша  кепілдігі 

сақталады.

2014  жылғы  1  қаңтардан  бастап  зейнетақы 

жинақтарының  көбеюін  қамтамасыз  ету 

мақсатында төмендегі шаралар:

а)  жұмыс  істейтін  әйелдер  үшін  бала  күтімі 

бойынша демалыста жүрген кезеңінде міндетті 

зейнетақы жарналарын субсидиялау;

б)  зиянды  (ерекше  зиянды)  өндірістерде 

жұмыс  істейтін  қызметкерлердің  пайдасына 

жұмыс  берушілердің  қаражаты  есебінен  5% 

міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары;

в)  әйелдердің  зейнеткерлік  жасын  кезең 

кезеңмен арттыру енгізілді.

Әйелдердің  зейнеткерлік  жасын  көбейту 

2018 жылдан бастап 2027 жыл аралығындағы 

кезеңде 10 жыл бойы жыл сайын 6 айдан қосу 

арқылы жүзеге асырылады.

Әйелдер  үшін    ерте  зейнеткерлікке  шығу  

мүмкіндігі сақталған:

1.  Бес  және  одан  да  көп  бала  туған  (асы-

рап  алған)  және  оларды  8  жасқа  дейін 

тәрбиелегендер 53 жастан;

2. Зейнетақы аннуитетін иеленуі жағдайында 

зейнетақы жинақтары жеткілікті болса 50 жас-

тан.

Әлемдік  қаржылық-экономикалық  дағда-



рыстың  жағымсыз  әсер  етуіне  қарамастан 

ҚР  Үкіметі  зейнетақы  жүйесін  кезең  кезеңмен 

жаңғыртуға  кірісті.  2014  жылғы  18  маусымда 

ҚР  Президентінің  Жарлығымен  «Қазақстан 

Республикасының 

Зейнетақы 

жүйесін 

одан  әрі  жаңғыртудың  2030  жылға  дейінгі 

тұжырымдамасы» бекітілді. Бүгінгі күні барлық 

зейнеткерлер, еңбек өтіліне қарамастан, 11965 

теңге  мөлшерінде  бірдей  базалық  зейнетақы 

алады, бұл ең төменгі күнкөріс деңгейінің (бұдан 

әрі – ЕТКД) 50% болып табылды. Ынтымақты 

зейнетақы тағайындау үшін қолданыстағы заң 

бойынша жұмыс істемейтін балалы әйелдердің 

бала күтімінің уақыты әр бала 3 жасқа толғанға  

дейін 12 жыл шегінде еңбек өтілі есептеледі.

Базалық  зейнетақы  еңбек  стажы  10  жыл 

және одан да аз адамдарға ЕТКД 50% есебін-

де, еңбек стажы  10 жылдан жоғары адамдарға 

әр жыл үшін 2% артатын болады және еңбек 

стажы    35  жыл  одан  да  көп  болғанда  100% 

ЕТКД  есебінен  тағайындалады  (15  жыл  стаж 

болғанда  базалық  зейнетақы  мөлшері  60% 

ЕТКД,  20  жыл  –  70%  ЕТКД,  25  жыл  –  80% 

ЕТКД). 


Аталған  норманы  іске  асыру  үшін  есеп-

те  тұрған  зейнеткерлерге  зейнетақы  ісіндегі 

мәліметтер  негізінде  базалық  зейнетақыны 

қайта есептеу жүргізілетін болады.

Аталған  шаралар  еңбек  стажы  көп,  бірақ 

төмен  (немесе  ең  аз)  зейнетақы  алатын 

зейнеткерлердің  зейнетақысын  көбейтуге, 

оның мөлшерін анықтауға бірыңғай тәсіл белгі-

леуге, зейнетақы жүйесіне қатысуда және еңбек 

қатынастарын  заңдастыруды  ынталандыруға 

мүмкіндік береді.

  Қазақстан  Республикасының  зейнетақы 

жүйесін  жаңғыртудың  екінші  кезеңінің  бас-

ты  концептуалдық  өзгерістердің  бірі  –  2018 

жылғы  1  қаңтардан  бастап  зейнетақымен 

қамсыздандыру жүйесінің шарты – жинақтаушы 

құрамдауышын енгізу. Қазіргі жұмысшылардың 

еңбек ақысынан ұсталып қалатын 10% міндет-

ті    зейнетақы  жарналарына  қосымша  жұмыс 

беруші  өз  қаражаты  есебінен  міндетті  5% 

зейнетақы  жарналарын    әрбір    жұмысшының 

шартты зейнетақы шотына аударатын болады. 

Осы зейнетақы төлемдерін алу үшін ең төменгі 

қатысу  өтілі  60  ай  болып  белгіленді.  Яғни, 

зейнетақы  төлемдерін  алу  құқығын  5  жылдан 

кейін иеленеді.

2023 жылдан бастап жарналары аударылған 

және 


белгіленген 

зейнеткерлік 

жасқа 

толған  (58/63-63)  адамдарға,  сондай-ақ  



мүгедектігі мерзімсіз белгіленген 1 және 2 топ 

мүгедектеріне  зейнетақы  осы  жарналардың 

есебінен  төленеді.  Атап  кететін  жағдай,  осы 

төлемдер өмір бойы ай сайынғы төлем ретінде 

төленетін болады. 

Зейнетақының  мөлшері  БЖЗҚ  қаржылық 

мүмкіндіктеріне  қарай  және  демографиялық 

көрсеткіштеріне 

байланысты 

жыл 


са-

йын  индекстеледі.  Бұл  ретте,  Заңнамада 

зейнетақының ең жоғарғы мөлшері ең төменгі 

күнкөріс  деңгейінің  2  еселенген  мөлшерінен 

аспау  керек.  Жарналар  жұмыс  берушінің 

қаражаты 

есебінен 

аударылатындықтан, 

оларға  жұмысшылардың  меншік  құқығы  және 

оларды мұрагерлікке қалдыруға болмайды.

Азаматтарды  зейнетақымен  қамтамасыз 

етудегі  ұсынылып  отырған  өзгерістер  келесі 

бөлімдерден тұрады:

1.  Мемлекеттік  бюджет  есебінен  төленетін 

зейнетақылар.  

– Зейнетақы жүйесіне қатысу стажына бай-

ланысты тағайындалған базалық зейнетақы 

Зейнетақы

2 БЖЗҚ төленетін зейнетақы төлемдері.

– жұмысшының жеке 10% зейнетақы жарна-

лары .

–  жұмыс  берушінің  қосымша  5%  зейнетақы 



жарналары есебінен.

3 Ерікті зейнетақы жарналары

Қабылдаған шаралар жинақтаушы зейнетақы 

жүйесінің  қызметімен  азаматтарды  қамтуды 

кеңейтуге,  зейнетақы  жинақтарын  сақтауды 

қамтамасыз    етуді,  халықтың  жинақтаушы 

зейнетақы  жүйесіне  сенімділігін  арттыруға, 

тұрғындардың  жұмысқа  орналасу  ынтасын 

күшейтуге мүмкіндік береді. Ұсынылып отырған 

өзгерістер  2030  жылға  дейін  зейнетақының 

мөлшерін  орташа  айлық  табыстың    40%  кем 

емес деңгейде болуын қамтамасыз етеді.



Б.ҚОЙШеКенОВ,

«Азаматтарға арналған үкімет» 

мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ 

«ЗТМО» филиалының аудандық 

бөлімшесінің басшысы.

Базалық, міндетті және ерікті




  1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал