27 ақпан, 2015 жыл Газет 2007 жылдың 14 желтоқсанынан шыға бастады Газет әр аптаның жұма күні шығады МҰнайлы аудандық ҚОҒамдық-саяси газет



жүктеу 0.55 Mb.

бет1/7
Дата14.09.2017
өлшемі0.55 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7

№14-15 (465-466)

27  ақпан, 2015 

жыл

Газет 2007 жылдың 

14 желтоқсанынан шыға бастады

Газет әр аптаның жұма күні шығады

МҰНАЙЛЫ АУДАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ГАЗЕТ

E-mail: munaily@mail.ru

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ  

ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫ

Қазақстан Республикасы 

Президентінің кезектен тыс 

сайлауын тағайындау туралы

Қазақстан Республикасы Конституциясының 41-бабының 3-1-тармағына сәйкес қаулы 



етемін:

1.  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  кезектен  тыс  сайлауы  2015  жылдың  26 

сәуіріне тағайындалсын.

2. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс президенттік 

сайлауды ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз етсін.

3.  Қазақстан  Республикасының  Үкіметі  кезектен  тыс  президенттік  сайлауды  ұйым-

дастырушылық,  материалдық-техникалық  және  қаржылық  қамтамасыз  ету  жөніндегі 

қажетті шараларды қабылдасын.

4.  Облыстардың,  Астана  мен  Алматы  қалаларының  әкімдері  сайлау  құқығы  бар 

азаматтардың тізімін дер кезінде жасауды және дұрыстығын қамтамасыз етсін, Орталық, 

аумақтық  және  учаскелік  сайлау  комиссияларына  кезектен  тыс  президенттік  сайлауды 

ұйымдастыру мен өткізу мәселелерін шешуде жан-жақты көмек көрсетсін.

5. Осы Жарлық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. НАЗАРБАЕВ.

Астана, Ақорда, 2015 жылғы 25 ақпан.  №1018

-  Себебі  мен  Ресейдің  Пермь  облысында  туыл-

ғаныммен жасқа жетпей ата-анамның жұмыс бабымен 

осында  көшіп  келгенбіз.  Содан  бері  өмір  бойы  қа-

зақтардың  ортасында  өсіп,  өмір  сүріп  келемін.  №1 

мектепте  орыс  сыныбында  оқыдым.  Бірақ  айнала 

достарым  қазақтар  болғандықтан  қазақ  тілін  жетік 

біліп өстім. Тіпті жар таңдағанда да мен өз ұлтымның 

емес,  қазақтың  азаматымен  бас  қостым.  Қазақтардың 

ақжарқын,  кеңпейілділігі  ұнайды.  Бүгінде  ұжымда  да 

туған  апам  екеуміз  ешкімнен  жатсыну  көрмей  жұмыс 

істеп келеміз, - дейді Клавдия. 

7 жылдан бері «РЦКЦ-Ақтау» ЖШС-нің контролері 

қызметін  атқарып  келе  жатқан  Клавдия  Маңғыстау 

селосы  бойынша  табиғи  газ  пайдаланушылардың 

есептеу  құралдарында  ай  сайын  шыққан  тұтыну 

көр сеткіштерін  жинайды.  Әр  айдың  20-сы  мен  25-

сі  аралығында  ол  селодағы  900  үйдің  есігін  қағып, 

күніне жаяулай 200-300 үйге кіріп шығуы керек. Ауыл 

халқымен  тілдесіп,  араласудан  қорықпайтын  ол,  тек 

көшедегі  иттер  мәселесі  және  кей  тұрғындардың  есік  ашпайтыны  ғана  қынжылтатынын 

айтады. Дегенмен, үйренген жұмысын тиянақты атқарып, керекті мәліметтерін толық алып 

қайтады. Ұжымда өзі сияқты қызметкерлер жыл сайын сала бойынша емтихан сынағынан 

өтіп тұрады. 

-  Қазақтың  келіні  екенімді  мақтан  етемін.  Екі  балам  да  қазақ  сыныбында  оқиды. 

Қазақтың дәстүрлерінің ішінде – ұзату тойы, ұлттық киімдер, келіншектің киімдері қатты 

ұнайды. Бұйыртса, өз қызымды да сондай жөн-жоралғыларды сақтап, ұзатқым келеді. Бұл 

салтымыздың тәрбиелік мәні зор деп білемін, - дейді ол.   



Р. ӘЛІМ,

«Мұнайлы»

ҚАЗАҚТЫҢ КЕЛІНІ – 

КЛАВДИЯ

Ұлыс  пен  ұлттардың  басын  біріктірген  көп 

ұлтты  елімізде  өзара  татулық  пен  достығымыз 

әлемге  үлгі.  Мемлекеттік  тіл  мен  дәстүрге  құр­

мет  өзге  ұлт  өкілдері  тарапынан  жылдан­жыл­

ға  артып  келеді.  Әсіресе,  қазақы  қаймағы  бұ­

зылмаған  Маңғыстауда  сондай  жандардың  ана 

тілімізде  еркін  сөйлеп  қана  қоймай,  дәстүрімізді 

де жатсынбай, соның арқасында қандастарымыздың отбасыларына құда­

лы­құдандалы  болып  отырғандары  да  баршылық.  Соның  бірі  –  қазақ­

тың  келіні,  ұлты  орыс  Клавдия  Марамзина.  Екі  баланың  анасы,  қазақ 

отбасының отанасы ата­енесіне салтымызға сай сәлем салып, барлық  жо­

ралғыларды орындайтынын және оны таңсық санамайтынын айтады. 

Облыс орталығына ең жақын, әрі жаңа аудан Мұнайлының облыстың әлеуметтік-экономикалық 

дамуындағы  үлесі  зор.  Атамекенге  оралған  қандастарымыз  шоғырланған  аудан  облыстың 

демографиялық өсіміне тек көші-қон арқылы ғана емес, бала туу көрсеткішінің жоғары болуымен 

де оң әсер етуде. Бұған қоса өндірістік өнеркәсіптік салада да көптеген шетелдік компаниялардың 

базаларының осында орналасуы соңғы жылдары олардың аймақтың өнеркәсіп бойынша дамуы-

на өз ықпалын тигізуде. Жылдар бойы қордаланған әлеуметтік, инфрақұрылымдық мәселелері 

шешімін тауып, байырғы аудандармен терезесі теңескен Мұнайлының халқы бүгінгі күйіне зор 

ризашылық білдіретіндіктерін білдіріп жүр. Дегенмен, әлі де бітпей жатқан шаруалар баршылық. 

Солардың бірқатары тікелей эфирде айтылды. Облыс әкімі өз есебінде Мұнайлы ауданындағы 

дәрігерлік амбулатория құрылысы биыл аяқталатынын хабарласа, келген сұрақтар ретіне қарай 

ауданда  жаңа  орталық  аурухана  салу  мәселесінің  қалай  шешілері  аймақ  бюджеті  қаралғаннан 

кейін белгілі болатынын мәлімдеді. 

- Аурухананың құжаттарының бәрі дайын. Оның құрылысын биыл бастап кетеміз бе деп едік, 

бірақ дағдарысқа байланысты бюджет қайта қаралып жатқаннан кейін оның реті бюджетті бекіт-

кесін ғана белгілі болмақ. Түбі бұл аурухана салынады. Бірақ биыл бастап кете аламыз ба, оны 

қазір нақты айта алмаймыз, - деді ол.

Ал тікелей байланыс кезінде ауданның ардагер қарттары А. Мұрыншықов пен Қ. Егізқараев 

әкім  есебіне,  жасалған  жұмыстарға  халықтың  көңілі  толып  отырғанын  айта  келе,  Атамекен 

ауылындағы  мемлекеттік  балабақша  құрылысы  мен  ауылішілік  жолдар  мәселесін  көтерді.  Бұл 

мәселелер шешілетін шаруалар екенін айтқан Алик Серікұлы былтыр басталған құрылыстар осы 

жылы аяқталып, әлеуметтік нысандар ел игілігіне берілетініне  сенім білдірді. Ауданның жаңа 

ауылы Батырдың да газ, су, ток тарту, жол салу мәселелері жоспарлы түрде жүргізіле бермек. 2 

сағатқа жуық облыс халқы мен республикалық, аймақтық БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап 

берген әкім  жылдық есебін қорытындылай келе барлық сауалдарға жауап қайтарылатынын ай-

тып, ұсыныс-пікірлер мен жолданған сұрақтар назардан тыс қалмайтындығын жеткізді.



Р. РАХМЕТОВА,

«Мұнайлы»

ТІКЕЛЕЙ БАЙЛАНЫСҚА 

МҰНАЙЛЫЛЫҚТАР ДА 

ШЫҚТЫ


Өткен  аптада  дүйім  елдің  алдында  есеп  берген  аймақ  басшысы                                        

А.  Айдарбаевпен  тікелей  телекөпір  арқылы  кездесуге  мұнайлылықтар 

да  куә болды. Соның ішінде аудан әкімдігінің мәжіліс залына жиналған 

140 адам арасынан сөз кезегі келгендер көкейдегі сауал дарын қойып, оған 

тиісті жауаптарын алды. 

Әкім есеп берді

2

munaily@mail.ru



Қызу желі

№14-15 (465-466) 27 ақпан 2015 

ж

.

- «Өткеннің жақсысы - өнеге, жаманы 

- сабақ» демекші, ауданда барлық сала-

да  жүргізілетін  құрылыстарға  жауапты 

бөлімнің былтырғы жұмыстарына шолу 

жасасаңыз....

-  Өткен  жылдың  ең  басты  жаңалығы  - 

«Қолжетімді  баспана-2020»  бағдарламасы 

бойынша  кезекте  тұрған  азаматтарды  тұр-

ғын  үймен  қамтамасыз  ету  мақсатында 

Маңғыстау селосынан 24 пәтерлі 4 қабатты 

екі  тұрғын  үйдің  құрылысы  аяқталған-

дығы  болды.  Ол  үйлердің  құрылысы  біт-

ке сін  «Мұнайлы  аудандық  тұрғын  үй-

ком муналдық  шаруашылығы,  жолаушы 

кө лігі  және  автомобиль  жолдары  бөлімі» 

мемлекеттік  мекемесінің  балансына  өткі-

зіліп,  аудан  тұрғындарына  пайдалануға 

берілді.  Сонымен  қатар  Маңғыстау-4  жә-

не  Маңғыстау-5  елді  мекендерінен  280 

орындық  балабақша  құрылысына  рес пуб-

ликалық  және  жергілікті  бюджеттен  қа-

жетті қаражаттың бөлінуіне орай құрылыс 

жұмыстары  аяқталып,  ел  игілігіне  жара-

тылды. «Басқұдық селосының "Жаңа қоныс" 

тұрғын  массиві  құрылысын  жайғастыру 

жоспары  және  жоспарлау  жобасын  жасау 

(жаңадан салынып жатқан тұрғын үйлер ге) 

газбен  қамтамасыз  ету»  нысаны  бо йынша 

республикалық бюджеттен қаражат бөлініп, 

оның да құрылыс жұмыстары тә мамдалып, 

пайдалануға    берілгендігін  ай та  кетейін. 

Ауданымыздағы  кәсіпкерлік  са  ласын  да-

мыту  мақсатында  Маңғыстау  се лосында 

бизнес-инкубаторының құры лысы бітті.  

Әлеуметтік  инвестициялық  жобалар 

ті  зіміне  енгізілген  «Маңғыстау құ ры-

лыс    инвест»  ЖШС-нің  техникалық  қа-

да  ғалауымен    Баянды  селосындағы  280 

орын дық  балабақша  құрылысы,  Батыр 

се лосындағы  АГРС-нан  ГРПШ-на  дейін-

гі  орта  қысымды  газ  құбырының,  АГ-

РС-нан  басталатын  жоғары  қысымды  газ 

құ бырының  құрылысы,  Басқұдық  село-

сындағы спортзал құрылысы жер қойна   уын 

пайдаланушы кәсіпорын есебінен салы  нып 

болды. Оның да игілігін бүгінде тұрғын  дар 

көріп отыр. 

-  Көпшілік  назарына  көп  ілікпегені-

мен, жұмысы ауқымды сәулет, қала құ-

рылысы  және  құрылыс  бөліміне  жүк-

телген  негізгі міндеттер қандай? 

-    Ең  алдымен  нысандарды  орналасты-

рып,  кешендер  мен  ғимараттарды  кеңей-

ту  мақсатында,  сонымен  қатар  оларды 

жаңарту,  техникалық  қайта  жабдықтауда, 

қайта  жөндеу  жүргізуде,  күрделі  жөндеу-

ден өткізуде, инженерлік-көлік коммуника-

ция  ларын  жасауда  жергілікті  атқарушы 

ор  гандарға  ұсыныстар  дайындаймыз.  Мұ-

ның  барлығы  сәулет,  қала  құрылысы  жә -

не  құрылыс  қызметі  туралы  заңнамаға 

қайшы  келмеуін  қадағалаймыз.  Аудан 

ау мағында  мемлекеттік  қала  құрылысы 

ка дастрын  белгілеп,  оны  іске  асырамыз. 

Ау дан  көлемінде  салынған  немесе  құры-

лыс салуға белгіленген нысандардың және 

ре  конструкция,  кеңейту,  жаңарту,  күрделі 

жөндеу жұмыстарының мониторингін жүр-

гізу  міндеті  де  бар.  Ауданның  ағымдағы 

бас  тапқы  әлеуметтік-экономикалық  даму-

ының  шешімін  табу  жұмысында  құрылыс 

шараларының  жоспарын  әзірлеп  береміз. 

Сәулет,  қала  құрылысы  және  құрылыс  са-

ласындағы  мемлекеттік  нормативтер  да-

йындау  барысында  ұсыныстар  енгізе 

аламыз.  Аудан  аумағында  өсіру,  көркейту 

бағытында  салынатын  ғимараттар  сәу-

летінің  сәнділігін  толықтыру  үшін  тың 

ұсыныстар  дайындаймыз.  Отандық  және 

әлемдік  тәжірибедегі  құрылыс  саласының 

озық  үлгідегі  жетістіктерін  пайдалану  ар-

қылы  қала  құрылысы,  құрылымдар  мен 

ғимараттардың  техникалық-экономикалық 

деңгейі мен конструкциялық деңгейін арт-

тыру,  әлеуметтік-экономикалық  басым ды-

лығын тиімді пайдалану бағытын ай қындау, 

құрылыс саласында мониторинг жүргізу де 

- біздің міндет. 



-  Сонда  Мұнайлыдағы  нысандардың 

қан шалықты  сәулетті,  көз  тартарлық 

көркем болуы сіздердің жүйелі қадаға лау, 

керек болғанда өз тарапыңыздан ұсы ныс 

енгізулеріңізге тікелей байланысты бол-

ды ғой....

-  Әрине,  сәулет-жоспарлау  тапсырмала-

рын  дайындау,  поселке,  селоларды  да-

мыту  және  қайта  өзгертіп  салу  үрдісінде 

сәулеттің,  құрылыстың  жоғары  идеялық 

көркемдік  деңгейін  қамтамасыз  ету,  са-

лын ған  объектілердің    пайдалануға  бе-

рі луін  қадағалап,  оларды  мемлекеттік 

қа   былдау комиссияларының жұмысына қа-

ты  су  арқылы  біз  белгілі  бір  деңгейде  осы 

шаруаға өз үлесімізді және өзгерістерімізді 

қоса  аламыз.  Құрылыс  үрдісін  мемлекет-

тік  реттеуге  және  құрылыс,  тұрғын  үй 

құрылысын  салуға  бағытталған  мемлекет-

тік қаражатты бөлуге қатысып, жұмылдыру 

даярлығы,  азаматтық  қорғаныс,  авария-

лар мен дүлей апаттардың алдын алу және 

жою,  төтенше  жағдайларға  байланысты 

на сихаттау жұмыстарын жүргіземіз. Аудан 

аумағында  тұрғын-үй  қорының  техника-

лық  жағдайын  және  абаттандыру,  сәулет-

тік  бе зендіру  жұмыстарын  қадағалаймыз. 

Бө   лімге  жүктелген  міндеттерді  орындау, 

функ  цияларын  жүзеге  асыру  үшін  қажет-

ті  құжаттарды,  қорытындыларды,  матери-

алдарды,  мәліметтерді,  олардың  меншік 

нысанына  қарамастан  кәсіпорындардың, 

ме кемелердің,  ұйымдардың  лауазымды 

адамдарынан,  сондай-ақ  қоғамдық  бірлес-

тіктерден  және  жеке  тұлғалардан  сұратып 

алуға,  бөлімнің  құзіретіне  кіретін  мәселе-

лер  бойынша  белгіленген  тәртіпте  жер-

гілікті  атқарушы  органдармен,  меншік 

ны санына қарамастан ұйымдармен, мекеме-

лермен және объектілермен өзара іс-қимыл 

жасауға,  шет  елдермен  ғылыми-техника-

лық және экономикалық қарым-қатынасты 

жүзеге  асыруға  қатысуға,  өз  құзіретінің 

шегінде,  ұйымдар  мен  кәсіпорындардың 

шетелдік  жетекші  фирмалармен  байланыс 

орнатуына ықпал ете отырып жәрдемдесу-

ге, құрылыс нормативтері мен ережелерінің 

сақталуын  қамтамасыз  ету  жөнінде  құры-

лыс  барысына  техникалық  бақылауды  жү -

зеге  асыру  үшін  келісім-шарт  негізінде 

ма мандандырыл ған  кәсіпорындарды  тар-

туға, сәулет, қала құрылысы және құ рылыс 

қызметі  туралы  заңнамаға  қай шы  келетін 

жобалық-сметалық құжаттама мен басқа да 

ұсы ныстарды келісуді қа был  дамауға, жоба-

ларды, мемлекеттік құ жаттарды сараптау ға 

білікті  мамандарды  қатыстыру  және  сәу-

лет, қала құрылысы және құрылыс саласы-

на  қатысты  уәкілетті  органға  ұсыныстар 

беруге,  қала  құрылыс  тәртібін  «Қазақстан 

Республикасындағы сәулет, қала құрылы сы 

және  құрылыс  қызметі  туралы»  ҚР  заңын 

бұзып,  өз  бетімен  құрылыс  салуға  кінәлі 

адамдарды, бел гіленген тәртіппен әкімшілік 

және қыл мыстық жауапкершілікке тарту не-

месе  айыппұл  санкцияларын  беру  туралы 

тиісті мемлекеттік органдардың алдына мә-

селе қоюға құзырымыз бар. 

- Осыншама міндет арқалаған ұжым-

да қанша адам еңбек етеді? Мұндай күр-

делі жұмыстарды жүйелі жүргізуге қан-

дай мамандық иелерін қызметке тартып 

отырсыздар? 

-  Бүгінгі  таңда  ұжымда  барлығы  16 

адам  еңбек  етеді.  Оның  7-уі  мемлекеттік 

қыз мет керлер  болса,  9-ы  нұсқаушылар. 

Қыз  меткерлеріміздің  қатарында  құры-

лыс  шы,  сәулетші,  заңгер,  инженер  сынды 

ма мандық  иелері  бар.  Бұл  ұжымға  6  жыл 

бұрын келгенмін. Содан бері нұсқаушы, бас 

маман  қызметтерін  атқардым.  Екі  салада 

білім алғанмын, бірі – мұнайшылық, екін-

шісі – кәсіптік білім беру. Былтыр қараша 

айынан бастап бөлім бастығының міндетін 

атқарушы қызметін атқарып келемін. 

-Бөлімнің  2015  жылға  жоспарланған 

жұ мыстарымен таныстыра кетсеңіз.....

- Басқұдық ауылында орналасқан қатты 

қал дықтар көму полигонын жабу үшін Ба-

янды  селосы  аумағынан  қатты  қалдықтар 

көму полигоны нысаны құрылысының екін-

ші  кезеңін  бастап,  полигонға  дейінгі  жол 

құрылысы жұмыстарын аяқтау керек. Және 

оны биыл іске қосу міндеті тұр. Ал Батыр 

селосындағы  ауылішілік  электр  желілері 

құрылыс жұмыстарын «Айком ЛТД» ЖШС 

жүргізуде,  соған  республикалық  бюджет-

тен бөлінген қаражатты тиімді пайдаланып, 

барлық шағын аудандарды электр желісімен 

қамтамасыз етуге тиіспіз.

«Ақ бұлақ» бағдарламасы аясында жүр-

гізіліп  жатқан  Дәулет  ауылдық  округін 

су мен  жабдықтау  желілерінің  құрылысы 

жалғасады.  Биылға  бұған  республикалық 

бюджеттен 411,6 млн.теңге қарастырылған. 

Мердігер мекеме - «Ас құрылыс» ЖШС-і.

Мектептерде 3 ауысымдық оқу процесін 

және  ауылішілік  оқушылар  тасымалын 

болдырмау  үшін  Атамекен  ауылында  2014 

жылы  құрылысы  басталған  1200  орын-

дық  орта  мектептің  құрылыс-құрастыру 

жұ мыс тарын  аяқтап,  пайдалануға  береміз 

деп отырмыз. Оны салып жатқан мердігер 

мекеме  -  «Жигер  Ақтау»  ЖШС-і.  Басқұ-

дық  және  Қызылтөбе  ауылдарындағы  600 

орын дық  орта  мектеп  құрылыстары  ның 

және  Атамекен  ауылындағы  жұмыс  жасап 

тұрған  640  орындық  орта  мектепке  320 

орындық  қосымша  құрылыс  жүргізу  үшін 

жобалық-сметалық 

құжаттамаларының 

мем    лекеттік  сараптама  қорытындысын 

алып,  құрылысын  салуға  қажет  етілетін 

қар   жы  бөлдіруге  ұсыныс  береміз.  Бас құ -

дық  селосында  жұмыс  жасап  тұрған  960 

орындық  орта  мектепке  320  орындық  қо-

сымша  құрылыс  салу  үшін  жобалық-сме-

талық  құжаттамасын  жасақтауымыз  қа-

жет.  Биыл  сонымен  қатар  Атамекен  және 

Дәулет  ауылдарында  салынып  жатқан  280 

орындық  балабақша  құрылысы  аяқталып, 

пайдалануға беріледі. 

Жобалық  сметалық  құжаттамалары 

жа   сақталып  жатқан  Қызылтөбе-2,  Маң-

ғыстау-2, Маңғыстау-3 елді мекендеріндегі 

140 орындық балабақшалар мен Қызылтө-

бе  ауылындағы  280  орындық  балабақша 

нысандарының  мемлекеттік  сараптама 

қо рытындысын  алып,  құрылысын  бастау 

үшін тиісті құзырлы басқармаларға қа  ражат 

бөлуге  ұсыныс  береміз.  Бұған  қо са  мына 

әлеуметтік нысандарға жа сақ  талып жатқан 

жобалық-сметалық  құ жат тамалардың  мем-

лекеттік  сараптама  қорытындысын  алып, 

құрылысын  салу  үшін  қаржы  бөлуге  ұсы-

ныс беруіміз керек. Оларды атап айтқанда, 

Атамекен  ауылынан  2  спортзалдың  құры-

лысы, Маңғыстау селосынан мәдениет үйі, 

Маң ғыстау-5  елді  мекенінен  160  орындық 

спорт  зал  кешені,  Маңғыстау  селосынан 

от  ба сылық  100  орындық  жатақхана,  Ата-

мекен  және  Дәулет  ауылдарынан  кітапха-

насымен  бірге  200  орындық  ауыл  клубы. 

Сонымен қа тар, қорытындысы дайын Бас-

құдық  ауы  лындағы  кітапханасымен  бірге 

200  орындық  ауыл  клубының  құрылы сын 

са луға ықпал етеміз.

Жер  қойнауын  пайдаланушы  кәсіпорын 

есебінен  құрылыс  жұмыстары  жүргізіліп 

жатқан Ақтау қаласы ЦУВС-2 стансасы нан 

Батыр  селосына  дейінгі  су  құбыры  және 

су  айдау  стансасының  жұмыстарын  аяқ-

тап, пайдалануға беру жоспарлануда. Пай-

да лануға  берілгеннен  кейін  «Маңғыстау 

Жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпор-

нының қызмет көрсетуімен ауыл іргесі  нен 

Батыр  ауылының  тұрғындарына  жақын 

жер  ден су тасымалданатын болады.

Маңғыстау  облысының  сәулет  және  қа-

ла  құрылысы  басқармасының  тапсырыс 

беруімен жасақталып жатқан Мұнайлы ау-

даны  елді  мекендерінің  бас  жоспарларын 

аудандық мәслихаттың кезекті отырысында 

қарауға және бекітуге жұмыстанамыз.



-Сұхбатыңызға рахмет!

Р.  РАХМЕТОВА

Қалымбек АҚШАБАЕВ, 

Мұнайлы аудандық сәулет

қала құрылысы және құрылыс бөлімі бастығының міндетін атқарушы: 

АУҚЫМДЫ ҚҰРЫЛЫСТАР – 

ХАЛЫҚ ИГІЛІГІ ҮШІН

Олардың басым бөлігін  әдеттегідей баспана және жұмыс 

мәселесі толғандырады.  Әкімдікте тұрғын үй кезегіне тіркел-

гендер  тезірек  баспаналы  болудан  үмітті.  Алайда  кейбірінің 

сөзіне қарағанда кезектері әлі күнге жылжыр емес. О. Жетпіс-

баев - Маңғыстау селосындағы №26 жатақханада уақытша өмір 

сүріп жатқан мүгедек. Ал Дәулет ауылында сарай жалдайтын Б. 

Аймағанбетова - жалғызбасты ана, екі баласы да мүгедек. Ол да 

үйге 2011 жылы кезекке тұрған. Депутаттар бұл тұрғындарға 

баспана  тек  кезекпен,  комиссия  шешімімен  берілетінін  ай-

тып,  үйге  кезектері  нешінші  орынға  көтерілгенін  анықтап 

беруге,  кезектің  дұрыстығын  тексеруге  сөз  берді.  Жұмыс 

сұрап келгендердің бірінде орта білімі ғана бар болса, бірінің 

құжаттары  дұрыс  емес.  Жұмыспен  қамту  бөлімінде  тіркеуде 

тұрған  С.  Кулбековаға  осы  бөлім 

тарапынан  бірнеше  рет  жұмыс 

ұсы нылған.  Алайда  өзінің  ай-

туынша,  ол  жұмыс  орындарының 

орналасқан жері алыс, әрі ақшасы 

мар дымсыз  болғандықтан  бас 

тартыпты.    Оған  да  аталмыш  бө-

лім нен  келесі  ұсыныстарды  күту 

керектігі  түсіндірілді.  Тағы  бір 

аза мат  Б.  Шабаев  мамандығы  мұ-

най шы  бола  тұра  жұмыссыз.  Бұ-

рын  құқыққорғау  саласында  да 

еңбек еткен. Кезекті аттестациядан 

өтпеуіне  байланысты  жұмыстан 

шығып  қалған.  Ол  аудандық  жұ-

мыспен қамту бөліміне тіркелуге жіберілді. Е.Чокалов темір-

жолшы болса да жұмыссыз. Оған депутаттар Маңғыстау жол 

бөлімшесіне  және  жұмыспен  қамту  бөліміне  түйіндемемен 

барып, тіркелуді ұсынды. Келесі бір азамат - Ауған соғысының 

ардагері.  Алайда  сол  соғысқа  қатысқандығы  туралы  кітап-

шасын  жоғалтып  алған.  Үйінде  газын  қиып  кеткен.  Соғыс 

ардагері  ретінде  жаңа  үй  сұраған  оған  депутаттар  алдымен 

кітапшасын қайта қалпына келтіру үшін аудандағы қорғаныс 

істері жөніндегі бөлімге баруға кеңес берді. Қабылдауға келген 

барлық тұрғынға партия өкілдері және депутаттар тарапынан 

нақты, қанағаттанарлық жауаптар берілді. 



Р. ӘЛІМ,

«Мұнайлы»

 «Нұр Отанда»

«АШЫҚ ЕСІК» КҮНІ ӨТТІ

«Нұр Отан» партиясы Мұнайлы филиалында аудандық мәслихат депутаттары – Сарсенбай Есенқұлов пен Аман-

бай Үкібаев және партияның облыстық филиалы қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі Мұхамбет Сәбенұлы 

азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдады. Ашық есік күніне 8 тұрғын келіп, шешілмей жүрген мәселелерін 

ортаға салды. 

Екінші сайланған Мұнайлы аудандық мәслихаты  депутаттарының  

2015 жылдың  наурыз айына азаматтарды қабылдау 

К Е С Т Е С І

Сайлау 

округінің №

Депутаттың

аты-жөні

Кездесу өтетін орын

Уақыты

Байланыс 

телефондары

1

Шыршықбаев Айларбек 

Елтайұлы

Маңғыстау селосы«Нұр 

Отан» ХДП Мұнайлы 

аудандық филиалы ғимараты 

02.03.2015 ж

сағ:15:00 – 17:00

465606



  1   2   3   4   5   6   7


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал