26 тамыз 2016 ж жұма



жүктеу 0.92 Mb.

бет5/8
Дата22.04.2017
өлшемі0.92 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

əндері-

не жаңаша рең 

беріп, өнер өлкесіне 

қадам басқан өрендердің 

бірі – Нұрболат 

Қадыров. Жас əнші 

Қостанай өлкесінің 

төл 

баласы. Дəстүрлі 

əн бағытында білім 

алып, қазіргі күні

 

сол өнерді дəріп

теп жүр. Əулиек

өл ауданындағы

 

Сұлукөл ауылына 

жеке концертін 

берді. Жас 

əншімен шығар

машылық турал

ы сұх-

баттасқан едік. 

16-бет.

12

26 тамыз 2016 жыл

«Өмір ешқашан шешуі табылмас жұмбақ

Ешкім шығара алмас қиын есеп»

      

 

 

 

 

 

Оралхан Бөкей.

,,,,,,,,,,,,,

,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,

,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,



Кезім ғой ол «зорсынған»,

Сезбес оң мен сол нарқын. 

Ауыл шеті борсыған,

Тобарсыған сор бар-тын. 

 

Кештім сол бір сортаңды,

Жетемін деп сағымға.

Бүлкіл-бүлкіл жортқам-ды,

Бұзау баққан шағымда. 

Құлаққа езу жайылды,

«Өмір неткен шекер!» деп. 

Сорға салдым тайымды,

«Жорға шықса екен» деп. 

Күзгі көлде қаз көшкен,

Түздің қандай сəні бар?!

Толарсақтан саз кешкен,

Терге батқан жануар. 

Сайрап жатқан жолды аттап,

Ұйық кешсем аққұла.

Айықпайтын сор-батпақ,

Тағдырыма тартты ма?! 

Тайым жорға болмады,

Қылсам-дағы қанша тер. 

Түгесілді ол дағы,

Бала күнім балшекер.

Тақылдар ат тұяғы,

Жолдар, шіркін, қақ қатқан... 

Өмір бойы қиялым,

Құтылмады ой- батпақтан. 

Қара тайдай саз кешкен,

Қара терге малшынып.

Зəуде өмірден баз кешкем,

Салмағы езіп, жаншылып. 

Сағым орап алдымды,

Сорды айналдым есіріп.

Таба алмадым даңғылды,

Шаба алмадым көсіліп. 

Қамшы батты сауырға,

Тірлік жүгі иықта.

Əлде жолым ауыр ма,

Əлде өмір бір ұйық па?.. 

Тағдыр ма?..



Елге 

   үлес

Тек жүрсем оның несі мін,

«Байлығым, 

 

барым-арым» деп. 



«Абылай» десем есімім,

Күлді жұрт 

            «қайда «ханың?» деп. 

Қайтемін елеп оспағын,

көксерім менің бөтен-ді.

Парқымды білген достарым,

Ханнан да биік көтерді. 

Келмейтін уəжден ұтылғым,

Тұрса да дайын сөзім дөп

Мансаптан біздің тұқымның,

Мүйізі шыққан кезі жоқ. 

Құлыным, – дейді: жүр аман,

Аузында əкем тобасы. 

Хан бопты Шошай бір бабам,

Қайда екен соның моласы?

Бірлігім азған заманда,

Қазақтан бақыт тайған шақ 

Өткен сол Шошай даламда,

Кейкіні қостап майдан сап.

Хан атанса да кемді күн,

Тағдыры оның азалы – 

Шешілмей кеткен шер-мұңы,

Таусылмай кеткен азабы. 

Қызықпан, мансап, дəулетке,

Несібем – қалам, қағазда.

Қару ап біздің əулетте,

Көмусіз кеткен жан аз ба?!

Көрмеді елім не сұмдық,

Бодандық жолы қатал-ды. 

Əжемді жастай жесір қып,

Сұм соғыс жұтқан атамды.

Жасап бір тұрып жат үкім,

Байғұстарды зар илеткен. 

Біртоға əкем бақытын,

іздепті сосын бейнеттен.   

Жетімдік жанын қажатқан,

Өссе əкем басын шұлғумен. 

Бұғалығым жоқ азат таң,

Бағаңды мендей кім білген?! 

Қызықпай мансап даңқына,

Туғасын тұлға ұл болып. 

Арман не туған халқыңа,

Қызмет етсең құл болып! 

Ел жүгін артса нар көріп,

Көтерем рухым-жырыммен. 

Шошайдан өткен хан болып,

Мың есе бақыттымын мен! 

Хандықтан емен үміткер,

Бейбіт күн үшін күресім.

Бейнеттен ақса тұнық тер,

Сол менің елге үлесім! 

Абылай – адам атым бар,

Жаратты Аллам қазақ қып!

Құдайға демен датым бар,

Сен үшін өлсем АЗАТТЫҚ! 

Қара түнде Қабырға қара барқын, 

Өзен емес өлімге барабар-тын.

Көлқамыстың ар жағы Қызыл-Оба,

Қызыл-Оба қыз-қырқын, «аламан-тын». 

Албырт жүрек жүрген кез желік тілеп,

Естігенің алады ерікті кеп: 

Суы құрыр аузынан жігіттердің, 

«Арғы бетке бір ару келіпті» деп. 

Қызыл-оба кеш түсе шамын жағар,

«Қонақ ару» ынтық қып «жаныңды алар» 

Жетіп бара салуға «жын қуғандай»

Орта жолда қаһарлы Қабырға бар.

Қабырғаның арнасы сексен қадам,

Қайық тесік, шыжым бос, ескек жаман... 

«Енді қайтып өзеннен  түнде өтпеуге»,

Ант ішуші ек жағаға жеткенде аман.

Жаман қайық толқынмен дірілдейді,

«Е, Құдай» деп достарым күбірлейді. 

«Сазан бабам сақтар!» деп сақ-сақ күлген,

Маған мысқал қауіп те білінбейді.

«Қанды су» деп қалың ел қаралайтын,

Өр Қабырға сен кімсің қарамайтын.

«Жұтып алып» жыл сайын «сыбағасын»,

Жаға ұстатып жүректі  жаралайтын. 

Ауыл-үйдің «аңызы» айтарға көп

жетіп барсақ, «қол жиып» жайпардай боп. 

Бір қылауыз таратқан құр қауесет,

Сұлу түгіл сенсеңіз «сайтан» да жоқ.

Көкейлерде жоқ онда түзік мұрат,

қайтсақ болды ауылға қызып, «құлап». 

Күндіз өтсең кім саған қой дер дейсің,

Қатер кешкен алайда қызықтырақ... 

Пайда бермес мінез-ау қанқызбалық,

Батырсындым достардан жалғыз қалып. 

Жеті түнде жағаға жеке келсем 

Арғы бетте қалқып тұр жалғыз қайық. 

Қызыл-оба шегінсем табалайды, 

Таба болу ендеше жарамайды.

«Ажалына асыққан ақымақ-ай»,

Дегендейін ақтөс ит абалайды. 

Ерегестім не үшін, нені жеңдім?

Өр өзенмен «серттесіп» тебірендім: 

Нар тәуекел, күмп бердім, толқынына, 

Қай жеңгенің аларсың Өмір, Өлім!»  

Жүзіп келем... малтыға жүзіп келем,

Өттің бе, өмір... өкініш... тізіп келем. 

(Кім ойлаған жастықтың ғапыл ісі,  

Кейін бұлай болар деп «қызықты өлең»... )

Әкем, анам, достарым, бауырларым,

көз алдымнан өткіздім бәрін, бәрін. 

Өткел бермес болмаса өр қайратың

Қаталдығы белгілі Қабырғаның. 

Қарады ма Қабырға кешіріммен,

Орта жолда опынып «есі кірген» 

Аман-есен өттім мен,

қайттым бір-ақ, 

Ажалымның сығалап есігінен. 

Ол өткен күн, (өткен күн елес бүгін)

Бағындырам деп жүрмін белесті мың. 

Ұқтым кештеу өмірдің албырттыққа  

Өткел берер Қабырға еместігін.  

Өмір-өзен! 

Қабырға-ай қара барқын, 

Арыныңды түнде енді бағалар кім?!

... Қайратымнан қағынып қайда сонау 

Қара бура секілді жараған түн... 

Абылай МАУДАНОВ

Жыр-тұлпар

t

Өмір – өзен



13

«Жақсының жаны 



 жәннат»

Ел сөзі.

26 тамыз 2016 жыл

,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,

,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,

«… 


Сіздeрдің  көптeгeн  жан-

дарға  бeлгісіз  тілдe  айтылған 

мeнің  сөзімді  қалтқысыз  қарсы 

алатындарыңызға  сeнeмін.  Бірақ 

жоғары  наградаға  иe  болған 

 

нақ  араб  тілінің  өзі.  Мeн  оның 

әсeмдігімeн сіздeрді таныстыруды 

өзімнің борышым дeп санаймын. 

Араб  жазушылары  осы  бір  зал-

да  басқа  eлдeрдің 



  біздің  сон-

шалық  тынышсыз  әлeмдe  дана-

лықтың үздік үлгілeрін жасаушы 

ұлы  жазушылардың  қатарында 

әлдeнeшe  мәртe  осынау  абырой-

ға лайық болып табыларына мeн 

кәміл сeнeмін.

Олай  болса  күллі  илаһи  ақ 

жүрeгіммeн,  сіздeргe  өзімді 

бүкпeсіз  таныстыруға  рұқсат 

eтіңіздeр.

Мeн өз кeзіндe бақытты жұп-

тасқан қос өркeниeттің ұлымын. 

Алғашқысы жeті мың жыл бұрын 

пeрғауындар  дәуіріндe,  eкіншісі 

 мұсылман өркeниeті, мың төрт 

жүз  жыл  бұрын  дүниeгe  кeлді. 

Сіздeр  таза  өнeр  мeн  ғылымның 

баласысыздар.  Сіздeр  мeн  мeнің 

танысуымыз  үшін,  өз  жeрімдe 

туған  eкі  өркeниeттің  мұрала-

ры  туралы  eскe  салып  өтпeк-

шімін. Пeрғауындар дәуірі, оның 

жeңістeрі,  импeриялары  туралы 

тым көп айтқым кeлмeйді… Дeсeк 

тe, мұның бәрі алыс өркeниeттің 

игілігі болып қала бeрeді жәнe ол 

жаңа заманғы адамның ақыл-ой-

ын қобалжытпайды.

Мысырлық өркeниeт адамның 

ар-ожданын  оятқан  ұлық  Ал-

ланың  ілімінe  бeт  бұрып,  даму-

дың  оң  жолына  түскeні  туралы 

бұлжытпай айтудың қажeті шама-

лы. Әсілі, ақиқат пeн әділeттілік 

адамзатта  ынтызар  парасат  пeн 

мазасыз  ар-ождан,  намыс  барда 

жасай бeрeді. Ислам өркeниeті, ол 

күллі Жeр шарының халықтарын, 

барша адамдарды бірліккe, бостан-

дыққа,  тeңдіккe,  мeйірімділіккe 

қалай шақырғаны туралы да көп 

айтып  жатпаймын.  Дүниeжүзі 

бойынша барлық діндeрдe бауыр-

ластыққа, төзімділіккe, Үндістан 

мeн  Қытай  шeгінeн  Францияға 

дeйінгі  орасан  зор  кeңістіктeгі 

миллиондаған  адамдарды  сабыр-

лылыққа  шақырған  исламның 

салтанатты шeруі туралы да көп 

айтпаймын. Тeк ислам өркeниeті 

тарихынан айқын мысал кeлтір-

мeкпін.


Мұсылман  армиясының  Ви-

зантия  импeриясымeн  болған  бір 

шайқастан кeйін тұтқынға түскeн 

византиялықтардың  үлкeн  тобын 

Eжeлгі Грeкия мұрасынан матeма-

тика,  мeдицина,  философия  бой-

ынша  кітаптарға  айырбастаған. 

Мeн  оны  білім  алуға,  ақиқатқа 

ұмтылған  адамдардың  рухтың 

ұлылығының кeпілі дeп санаймын.

Бүгін адамзаттық өркeниeт өз 

дамуының  соншалық  жауапты 

кeзeңін  бастан  өткізіп  жатқан-

да, адамдардың қайғы-қасірeтінe 

сeлқос  қарауға  болмайды,  олар 

біздің  ар-ұятымызға  жүгінeді, 

олар  адамшылық  жанашыр-

лықтың  ықпалын  талап  eтeді. 

Мeн адамзатты жeргілікті түрдe 

саналы  дeп  санаймын.  Қазір-

гі  уақытта,  аса  ірі  мeмлeкeттeр 

уағдаластыққа  кeлгeн  шақта, 

ал  ғалымдар  өнeркәсіптің  зи-

янды  қалдықтарынан  қоршаған 

ортаны  тазарту  үшін  күрeсіп 

жатқанда, адами парасат, ақыл-

eс  өлім  мeн  бүліншіліккe  қар-

сы тұруға міндeтті. Осы мақсат-

тар  жолында  сансыз  жазықсыз 

адам  жаны  құрбандыққа  ша-

лынды.  Бүгін  бізгe  адамзаттық 

құндылықтарға  көзқарас  пeн 

оларға  дeгeн  қарым-қатынас-

ты  толығымeн  өзгeрту  қажeт. 

Сондықтан  адамшылықтың,  па-

расаттың,  ғылымның  ілімдeрі 

күрeсінгe лақтырылып тасталмай 

тұрғанда қол ұшын бeрeйік!

Мeн  eшқашанда  жақсылық 

жамандықты  тeк  о  дүниeдe 

жeңeді дeп санаған ұлы философ 

Кантпeн кeліспeймін. Жоқ, жақ-

сылық күн сайын жeңіп жатыр. 

Зұлымдық  игіліктeн  әлдeқайда 

әлсіз. Eгeр жақсылық жeңбeгeн-

дe, адам жаратылыстың жабайы 

дүниeсінe,  табиғаттың  сұрапыл 

апаттарына, кeң таралған жұқпа-

лы  ауруларға,  қорқыныш  пeн 

өзімшілдіккe  қарсы  тұра  алмас 

eді.  Eгeр  жақсылықтың  мeрeйі 

үстeм  болмаса,  адамзаттың  өз 

дeңгeйіндe  өркeндeуінe  қабілeті 

бола қоймас eді, ұлт болып ұйы-

са  алмас  eді.  Шынтуайтында, 

зұлымдық  тікeнeк  тәрізді  жәнe 

ол жария кeлeді, ал адам бала-

сы өзінің қуаныш-шаттықтарына 

қарағанда бақытсыздықтары мeн 

қырсықтықтары  туралы  көбірeк 

eсіндe сақтап қалады».

Нагиб МАХБУЗ, Мысыр жазушысы

ҒАҚЛИЯ

Жақсылық  



       жеңеді

(Нобeль сыйлығын алардағы сөзі)

Атақты Ұлы жүз Үйсін Төле би Қуан-

дыққа келіпті. Төле бидің жер жарған 

даңқын естіп жүрген Қуандықтың ел жақсы-

лары жиылып келіп: «Сізбен құда болғымыз 

келеді, не қыз беріңіз, не қыз алыңыз», – деп 

жабысады. Сонда Төле би: «Ұлымның бәрі 

үйленген. Бой жетіп отырған қызым бар, 

соны берейін. Қалың малы жүз жылқы, он бес 

түйе, бота мойын Жамбы!» – депті. «Құп 

болады», - деп айтқан қалың малын, сол 

жолы бір жола беріп жібереді. Риза болған 

Төле би: «Қызымды бір жыл сақтайын: ендігі 

жылы осы уақытта келіп жесірлеріңді ал», 

– депті. 

Жыл өткен соң Қуандықтан қырық адам 

келінді аламыз деп Төле биге барады. Бұл екі 

ортада Төле бойжетіп отырған қызын бір 

бай өзбекке беріп, ұзатып жібереді. Одан көп 

мал, ақша алады. Барған Қуандық кісілеріне: 

«Ер жеткен баланы аңдып отыру қиын екен, 

қызым бір өзбек жігітімен қашып кетті. 

Келінді алам десеңдер Ташкенге барып, келін-

деріңмен ауыз ба ауыз сөйлейсіңдер, болмаса, 

«игіліктің ерте-кеші жоқ» деген, бір келінім 

буаз, соған қараңдар», – деп, сөз де, теңдік те 

бермейді, аяғына отырғызбайды. 

Қуандық кісілері былай шығып ақыл-

дасып: «Бұл қорлыққа шыдап болмас, Төле 

бидің жылқысынан жүз жылқы барымта 

алып қайтайық, сонда да он бес түйе, бота 

мойын жамбы қалып жатыр ғой! – деседі 

де, Төле бидің жылқысынан өздерінің берген 

жүз жылқысын санап алып еліне қайтады. 

Жылқышылар қуып, бұлармен соғысады. 

Бір соқыр жылқышы жиырма кісіні аттан 

түсіріп, бұларды әлсіретеді. Сөйтіп жүрген-

де жаңбыр жауып күн шытырлағанда әлгі 

мықты, соқыр жылқышыға жай түсіп өледі. 

Қалғандарын бұлар жеңіп, жылқыларын еліне 

айдап қайта береді. Бір жылдан кейін құн да-

улап Төле би Қуандыққа келсе, Абылай да осы 

елге келіп жатыр екен. Төле би соған жүгі-

неді. Абылай дауды созып кейінге қалдырады. 

«Ендігі жылы тап осы уақытта келемін, оған 

дейін екі жағың да сегіз-сегізден би сайлап 

алыңдар. Мен Төбе би боламын», – деп Төле 

биді еліне қайырып жібереді. Төле би еліне 

барып сегіз биді сайлап алып, жыл өткен соң 

Қуандыққа қайта келеді. Абылай да келіпті. 

Қуандық ұмытып, би сайламапты. Асығыста 

жеті би тауып бір би таба алмай , енді үш 

күнге Абылайдан мұрсат сұрайды. Абылай 

береді. Ал, бұл арада Төле би «жылқышымның 

құны екі мың жылқы» деп құн дауын даулап 

бір мың жылқыны Абылайға бермек болады. 

Мұны Қуандық сезеді. Жеті би күнде кеңес 

құрады. Бұлардың сөздерін он екі жасар, асық 

ойнап жүрген Байдалы есітеді. Бір күні жеті 

бидің қасына келіп сөздерін тыңдап тұр-

са, Төле биді сөзден жеңе алмаймыз, оның 

үстіне бір биіміз кем. Осы дауды өршітіп 

алмай екі мың жылқысын беріп біту керек 

деген қорытынды байлауға тоқтайды. Мұны 

естіп тұрған бала: «Ағалар, бұларың дұрыс 

емес, Төле бидікі зорлық. Зорлыққа төзіп 

болмайды. Сегізінші бидің орнына мені алып 

барыңыз дар. Төле бимен мен сөйлесіп көрейін

есе алмасам, есемді жібермеспін, мені бала-

сынбаңыздар! Біздің ісіміз ақ емес пе, аққа 

алла жақ дейтіні қайда?» – депті. 

Билер бұған келісіпті. Екі жақ айтысқа 

кіріседі. Төле би сөз бермейді. Қуандық билері 

жақ жазып, үндей алмайды. Сонда Абылай 

кім сөйлеседі дегенде, он екі жасар Байдалы: 

– Мен сөйлеймін. Аймен аталас емеспіз, 

күнмен баталас емеспіз бұлтпен туысқа-

нымыз жоқ, сол күнгі жауған жаңбырға 

жақындасып жуысқанымыз жоқ. Құдайға 

шықпағыңды шақ дегеніміз жоқ. Құрығын 

сүйрете алмай жүрген Үйсіннің соқыр 

жылқышысын көзінен көздеп ат дегеніміз 

жоқ. Еліңде талай қасқа мен жайсаңдар 

жай түсіп өлген шығар. Солар үшін құдайдан 

алған құныңды көрсет, Төле би? Құдайдан құн 

алмасаң, мен де құн бермеймін. «Тура биде 

туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген. 

Дұрыс төрелігіңді айт, Абылай! – депті.

БҰРЫНҒЫНЫҢ ӘҢГІМЕСІ 

Байдалы айтыпты

14

26 тамыз 2016 жыл

«Балаң жаман болса да



Келінің жақсы болсын»

Халық мақалы.

Б

үгінгі кезде жастарымыз 

əдепті.  Бір  кездердегі-

дей бас салып алып қашпайды. 

Сыр ға салып, алдынан өтіп, бəрі 

ретімен атқарылып келеді. Бұл 

ата-ананы да қуантады. Соның 

ішінде сырға салу дəстүрі жақсы 

қалыптасты. 

«Сырға  салу»  рəсімі  қа-

зақтың ежелгі дəстүрі. Көбіне 

жігіт жағы текті жердің қызын 

басқалар құда түсіп алып кет-

песін деп, ата-анасының рұқса-

тымен қызға алдын ала сырға 

таққан. Кейде жақсы араласа-

тын достар ұл-қыздары бесік-

те  жатқан  кезінен-ақ  құда-

ласқан.  Сырға  тағылған  қыз 

қалыңдық  атанып,  есейгенде 

жігіт жақ қалың малын төлеп 

алып кеткенше ата- анасының 

қадағалауында болған. Мұнда да 

үлкен тəрбиелік мəн жатыр. 

Сырға тағылған қыз сауық-сай-

ран құрып жүруіне болмайды. 

Ол барынша инабатты болуы 

шарт.  «Қызға  қырық  жерден 

тыйым салу» деген сөз осыдан 

шықса керек. 

Сырға  тағудың  тағы  бір 

тəлімдік мəні — қыз келін бо-

латынын ұғынып, үй шаруасы-

на ерте араласып, əйелдің мін-

деттерін меңгереді. Ал мұндай 

қыз аттаған босағасында қи-

налмай, өзіне жүктелген мін-

деттерді абыроймен атқарған. 

Қызға  құда  түсіп  қойға-

нын өзгелер білу үшін көбінесе 

алтын  сырға  сыйлаған.  Сон-

дай-ақ,  сырға  салып  кеткен 

қыз ды  алып  кетуге  барғанда 

«Осы елде біздің алтынымыз 

бар еді, соған келдік» деп қалың-

дықты алтынға балаған. Кейде 

сырғаның орнына үкі таққан, 

сондықтан  да  үкілі  бөрікті 

тек қалыңдықтар ғана киген. 

Құлағындағы  алтын  сыр ғаны 

немесе бөркіндегі үкіні көрген 

жігіттер əдептен озбай, қызға 

жоламауға тырысқан. 

Көп  жылдар  бойы  ұмыт 

қалған  бұл  дəстүрді  қайта 

жаңғыртпақ  болған  халқы-

мыз  оған  біршама  өзгертулер 

енгізген. «Сырға салу» дəстүрі 

бұрынғыдай  атастырудың 

ажырамас бөлігі болмаса да, бү-

гінгі таңда бұл рəсімнің негізгі 

қызметі сақталған, яғни ол қыз 

бен жігіттің арасындағы іңкəр 

сезім жас отауға ұласатынын 

айғақтайды. Дəстүрдің өзі жас 

жұбайлар тойына шақ қалған-

да ғана, ұзатудың алдында өт-

кізіледі.  «Сырға  салу»  немесе 

«үкі тағу» мен ұзату тойы бір 

күнде қатарынан атқарылып, 

сол күні-ақ қалыңдықты алып 

қайтатын да жағдайлар ұшы-

расуда.  Жыл  сайын  дəстүр 

түрленіп, əр аймақта өзіне тəн 

ерекшеліктерге ие болуда. 

Ақсуат ауылының шетінен шағын дәмхана 

ашып,  өз кәсібін дөңгелентіп отырған Мира 

апайдың да ісі кез келген ауылдағы ағайынға 

үлгі болса керек-ті. Осыдан он жыл бұрын қа-

лада бастаған кәсібін ауылында жалғастыр-

ған  ол  бүгінде  осы  елді  мекендегі  жалғыз 

дәмхананың иесі. Шағын демесеңіз, дәмхана 

іші ұядай жинақы. Мұнда келушілер үшін үш 

стол мен он шақты орындық қойылған.  Ша-

ма-шарқынша дәмхана ішін тартымды етіп 

безендірген.

– Қаладағы көк базарда сауда-саттықпен 

айналысқан едім. Ақсуаттағы ата-анама кел-

ген сайын осы жерден 

бір  дәмхана  ашуды 

армандайтынмын. 

Жалғызбасты анамын, 

ұл-қызымды  өсіріп, 

жеткізуім  керек  қой, 

ол үшін бір тірлік жа-

сау  керек.  Содан  ой-

лана  келе,  осыдан  он 

жыл  бұрын  ауылдағы 

бұрынғы пошта ғима-

ратын  сатып  алдым 

да, өзім біржола көшіп 

келдім.  Бастапқыда 

ауылдықтарға тапсы-

рыспен  нан,  тұшпара  пісіріп  беріп 

жүрдім. Ауылға апталап балық аулауға келген 

кісілерден де тапсырыс алатынмын. Осылайша, 

шаруам  біртіндеп  ыңғайланып,  клиенттер де 

көбейе бастады. Сұраныс артқан сайын шағын 

дәмхана ашуыма тура келді, – дейді Мира апай. 

Өзінің айтуынша, жол бойында орналасқан-

дықтан болар, дәмхананың клиенттері де көлік 

жүргізушілері екен. Сондай-ақ, Ресейге, Меңдіқа-

ра, Ұзынкөл аудандарына бағыт алған жолаушы-

лар да жолай осы кісінің дәмін татпай өтпейтін 

көрінеді. Дәмханадағы тағамдардың сапасы да, 

бағасы да көңілге қонымды. Ас әзірлегенді жаны 

сүйетін ол кісі кез кел-

ген тағамды дәмді етіп 

даяр лауға  тырысаты-

нын да жасырмайды. 

–  Жалпы  кез  кел-

ген асты жақсы көріп 

жасау  керек.  Өз  ба-

сым  тағам  әзірлеген-

ді  қатты  ұнатамын. 

Сондықтан  да  болар, 

тағамымды  талғам-

мен жасап, дәмханаға 

келушілердің  көңілі-

нен  шығуға  тырыса-

мын.  Келушілер  де  риза,  осы  уақытқа  дейін 

шағым айтқандар болған емес. Кейде клиент 

көбейіп кеткенде, үлгере алмайтын кездерім де 

болады. Сол себепті, қасыма көмекші алсам дей-

мін. Бірақ, қазіргі адамдар көп ақша төлейтін 

жұмысты қалайды, сондықтан да көбісі ауылға 

келгісі келмейді. Болашақта «Жұмыспен қамту 

жол  картасы  –  2020»  бағдарламасы  арқылы 

шағын несие алып, осы кәсібімді кеңейтсем, –

дейді Мира Ташкенова.

Ақсуат ауылы,

Меңдіқара ауданы.



Б

іздің  көршіміз  Жомарт 

ағайдың (аты-жөнін өз-

гертілген) қалада жұмыс істей-

тін кіші ұлдары біразға дейін үй-

ленбей жүріп алды. Жасы болса 

отыздан асып кетті. Ата-анасы 

күнде қыңқылдаған соң, әйтеуір 

бір күні ол үйленетін болды. Жо-

март ағамыз бен жеңгеміз ауыл-

дағы ағайын мен туған-туыстың 

басын  қосып,  кіші  ұлдарының 

тойын дүркіретіп өткізді. Шыны 

керек, әке-шешеге жас келін бір 

көргеннен-ақ жақсы әсер қалдыр-

ғандай еді. Сондықтан да болар, 

жеңгеміз той үстінде жас келін-

нің асты-үстіне түсіп әлек болып 

жүрді. Бірақ, «мал аласы сыртын-

да, адамның аласы ішінде» демек-

ші, бұлар оның кейін үйленген соң, 

арада  бір апта  өтпей жатып 

ажырасып кететіндігін білген де 

жоқ еді. Білсе, бәлкім, шашылып, 

банктен несиеге қомақты ақша 

да алмас еді. Той өткен соң, екі 

күннен кейін ұлы мен келіні қа-

лаға кететін болды. Баласы үшін 

әке-шеше не істемейді, қарызға 

батып той жасаса да, жиналған 

қаржыны екеуінің қалтасына са-

лып берді. Одан қала берді тойдан 

түскен кәде-сыйлар мен алтын 

 сақина-сырғаларды  да  келініне 

берді. Енді қайтсін, көптен күт-

кен  тойлары  ғой,  ата-ана  да, 

бауырлары да бақытты еді. Сөй-

тіп,  артынып-тартынып  жас 

келін мен ұлдары қалаға атта-

нып кетті. Екі күннен кейін басы 

салбырап ауылға қайтып келген 

ұлдарын  көргенде  әке-шешенің 

жүрегі  бір  сұмдықты  сезгендей 

болды. Сөйтсе, жаңа түскен келін 

– келін емес, келсап, алаяқ болып 

шықты. Қалаға келіп, жалға алған 

пәтерге орнығып болған соң, әлгі 

келініміз «сені емес, басқаны жақ-

сы көремін, сенімен бірге тұра ал-

маймын» деп күйеуін қуып шыққан 

көрінеді. Көршіміздің ұлы момын-

дау жігіт болатын. Бұл сұмдыққа 

төзе алмады білем, қаладағы жұ-

мысын да тастап, ауылға келуге 

мәжбүр болыпты. Жерге қараған 

ата-ананы  аядық  бәріміз.  Қан-

дай кісілер еді, Жомарт ағайдың 

отбасы ауылға, ағайынға беделді 

шаңырақ болатын. Бәріміз 

«құрсын,  бас  аман  болсын, 

мұндай  келсап  келіннен 

дер  кезінде  құтылғанда-

рың  жақсы  болды»  деп 

жұбатқаннан  басқа  еш-

теңе айта алмадық.  Алла 

мұндай  сұмдықты  ешбір 

ата-анаға көрсетпесін дей-

мін. Сондықтан, қазіргі заманда 

ұлдарымыз  адаспас үшін,  әлгін-

дей  алаяқ  қыздарға  жолықпас 

үшін бұрынғының атастыру, та-

ныстыру сияқты салтын қайта 

жаңғыртуымыз  керек  сияқты. 

Мұны мен көршімді табалау, не 

мұқату үшін емес, сабақ болсын 

деген ниетпен жазып отырмын. 

«Қызға қырық үйден тыйым» де-

ген сөз бекерге айтылмаған. Сон-

да әлгі қыздың ата-анасы қайда 

қарап  отыр,  нендей  күйде  екен 

деген ойға қаламын кейде. Жақсы 

тәрбие көрген қыз болса, ондай-

ға бармас еді-ау. «Анасын көріп, 

қызын ал» деген сөз де бекерге 

айтылмаса керек-ті. Сондықтан, 

қыздарға айтарым, біреудің тағ-

дырымен  ойнамаңдар,  үлкеннің 

қарғысы жібермейді. Ата-ананың 

сағын сындырған келіннің жолы 

да бола қоймас. Әрқашанда қазақ 

қызына тән ибалылықтан арыл-

маңдар дегім келеді.


1   2   3   4   5   6   7   8


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал