26 маусым 2015 ж жұма



жүктеу 1.05 Mb.

бет2/8
Дата06.06.2017
өлшемі1.05 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

"Достыќ керуені"

"Достыќ керуені"

"Достыќ керуені"

"Достыќ керуені"

‡КІМЕТТІК ЕМЕС ¦ЙЫМДАРДА

Г‰лназым

    САЃИТОВА

 "Батыр – ел ‰шін туады, елі

‰шін μледі" – деп, дана хал-

ќымыз айтќандай, Жалѓызтал

ауылында да елін ќорѓаѓан

батыр аталарымыз аз емес.

Олар жау оѓына ќасќая т±рып,

ќасыќ ќандары ќалѓанша

ерен ерлік кμрсетті. Отанын

ќорѓап, μз туѓандары, туѓан

жерлері ‰шін жандарын аяма-

ды. ¤здерініњ арттаѓы ±рпаќ-

тарына бейбіт μмір сыйлауѓа

тырысты.


Биылѓы айтулы мереке

¦лы жењістіњ 70 жылдыѓына

орай ауылдыќ ардагерлер

±йымыныњ басшысы Сапар-

бай Ќабжанов атамыз бен ауы-

лымыздыњ єкімі Ќасым Ќанаѓат

Тоќсейітќызыныњ  ±йымдасты-

Ер есімі – ел есінде!

руымен батыр аталарымыздыњ

ерлігіне арналып, мєњгілік ес-

керткіш таќта орнатылды. Оѓан

демеушілік жасаѓандар

ауыл т±рѓындары мен ба-

тыр аталарымыздыњ ±р-

паќтары жєне ардагерлер

±йымы болды. Ескерткіш

таќтаныњ ашылуына батыр

аталардыњ жан-жаќтаѓы

барлыќ ±рпаѓы жиналып,

аруаќтарѓа арналып ас

берілді.


Ауыл єкімдігі μздерініњ

ќонаќжайлылыѓын кμрсе-

тіп, єн-жырдан шашу шаш-

ты. Осы к‰ні μткен іс-шара

баршаѓа тамаша кμњіл-к‰й

сыйлады.


Айг‰л НАСРЕДИНОВА,

Жалѓызтал ауылыныњ

мєдени ±йымдастырушысы.

Арќалыќ ќаласы.



4

26 маусым  2015 жыл

Газеттің бақылау пакетінің 51%  

–  мемлекеттікі,  ал  49% – газетке 

қалса дұрыс.

Қазақстандағы БАҚ-тың 75% 

жеке меншікте. Бұдан қорқатын 

ештеңе  жоқ.  Ал  бірақ  ғасырға 

жуық халыққа қызмет етіп келе 

жатқан басылымдарға келгенде 

қатты ойлану керек. Әсіресе қа-

зақтілді  облыстық газеттер. Мен  

тендерге  түсетін  мемлекеттік 

бюджетте отырған облыстық ба-

сылымдар хақында жоғарыдағы 

билікке, ақпарат министріне дей-

ін  бірнеше рет айтқанмын. Маған 

қарсы шыққандар болды. Облыс-

тық қазақ газеттерінің жанашыр-

лары да жеткілікті еді. Жоғары 

билік облыстық қазақтілді тарихи 

басылымдарды жекешелендіруге 

асықпағаны лазым. Мұның оңтай-

лы  да  дұрыс  шешімін  шығару 

әлі де болса  өңірдегі әкімдік пен 

мемлекеттік меншік органдары-

ның қолында. Өңірлердегі байыр-

ғы қазақ газеттерін  қорғау, оның  

халыққа қызмет етуіне шынайы 

қамқорлық көрсетіп отыру,  менің-

ше,  жергілікті атқарушы биліктің 

парызы .

– Сізді журналистер Одағы-

ның төрағасы, белгілі көсем-

сөз шебері ретінде не толған-

тып жүр?

–  Мені    жиі  мазалайтын  – 

еліміздің ақпарат кеңістігі. Қазір  

белгілісі, елімізде Ресей БАҚ-ы 

жеткілікті. Телеарналарды алып 

қараңызшы. Тіпті шектен шығып 

барады. Мен екі ел арасындағы 

тату-тәтті  достығымызды,  эко-

номикалық келісім-шартымызды 

да жақсы түсінемін. Қолдаймын. 

Әйтсе де, бір қауіп бар секілді. 

Мысалы, бір кездерде көршіміз 

Қырғызстанда  Бакиев  Путинге 

ұнамай қалды да, Ресей БАҚ-ы  

жаппай жабыла жұмылып, оны 

тақтан кетіруде зор  қызмет көр-

сетті. Мен сондай қауіптен сеске-

немін.


Тағы  бірі,  ашық  айтайын, 

биліктегі  қазақ  тілі  мәселесі. 

Меніңше, биліктегі басшыларда 

қазақша ойлай алатын, қазақша 

сөйлей алатын адамдар көбірек 

болса  деңіз.  Тіліміздің  сонда 

ғана бағы жанар еді.  Мен өзім 

Ресейде туып-өскен азаматпын.   

Туған елге келгесін жатпай тұр-

май  қазақша  үйренуге  ұмтыл-

дым.  «Абай  жолын»,  қазақша 

газет-жорналдарды  оқыдым. 

Жатақханада Шымкент пен Та-

раздың балаларымен бірге тұр-

дым. Осылардың арқасында,  қа-

зақшаны игеріп алдым. Ай тайын 

дегенім – ынта керек. Ынта мен 

ықыласың күшті болса, қазақ тілін 

игерудің  қиындығы  болмайды. 

Биліктегі замандастарым осыны 

ескерсе, нұр үстіне нұр.

–  Бір  кездері  Қазақстан 

Республикасы  Президентінің 

тұңғыш  баспасөз  хатшысы, 

Үкіметтің баспасөз хатшысы, 

кеңес  заманының  ең  бедел-

ді баспасөзінің елдегі тілшісі 

болған, қоғам қайраткері, та-

нымал көсемсөзші Сейітқазы 

Матаевтың қалың оқырманға 

айтары  болса  керек-ті.    Осы 

орайда      естелік  кітабыңыз 

жазылуы заңды емес пе?

– Мен былтыр алпысқа тол-

дым. Ойлап қарасам айтар ой-

лар  да,  қызықты  жайттар  да 

бар.  Кітап  жазуыма  да  болар 

еді. Бірақ, оны кім оқиды?  Қазір  

естелік, басқа да  кітаптар көп-

теп  шығып жатыр... Қолға ұстап 

көреді де, көбісі оқымайды.  Ал 

мен жазсам,  оқитын кітап жаза-

мын. Ол қолымнан келеді. Бірақ 

енді оны  уақыт көрсетер.  Бәлкім 

жазылып та қалар.

– Әңгімеңізге рақмет.

Алматы.


Ж.Аязбеков: – Секе, соңғы 

жылды  алайық,    Қазақстан 

Журналистер  Одағы  не  тын-

дырды?

С.Матаев:  –  Бір  жыл 

емес,  үш-төрт  жылдан  бері  біз 

қолымыз дан келгенше одақтың 

облыс тардағы  филиалдарының 

ахуалын жақсартып, ықпалын кү-

шейтуге ұмтылып келеміз. Өйт-

кені,  өңірдегі  журналистердің 

әлеуетін арттырсақ, тұтастай  ел 

журналистерінің  күшін  еселеп, 

журналистиканың  пәрменділі-

гін  күшейтуге  мүмкіндік  туады.  

Шүкір, Алматыда және Астана-

да журналистер одағының өз үйі 

бар.  Бұл екі қалада журналис-

тер де көп. Қаламдастарымыз-

ды қорғау ға қашанда дайынбыз. 

Егер    бір  тілшіге  біреу  шоқпар 

ала жүгірсе, кеуде тосып, қорғап 

қалатын    қауқарымыз  бар  деп 

есептеймін.  Өңірлердегі фили-

алдарда    журналистерді  әлеу-

меттік жағынан қорғалуына  үнемі 

назар аудару керек екенін айтып 

жүрміз. Бірақ, әрине, барлық жер-

де жағдай біркелкі емес. 

Одақ    «Әділ  сөзбен»  (Сөз 

бостандығын қорғау  халықара-

лық қоры)  бірлесе жүргізіп отыр-

ған бір ісі – журналистердің заң 

жағынан сауаттылығын арттыру. 

Осы орайда бірнеше облыстар-

да семинар өткіздік. Шыны керек, 

бүгінгі журналистердің  бір пара-

сы  заңды  білу  және  заңға  жү-

гінуге үстірт қарайды. Мәселенің 

мәнісін саралап жазуға шорқақ, 

содан барып бизнесмендермен 

соттасып , көп жағдайда жеңіліп 

қалып жатады.

  –  Секе,  менің  білгім  ке-

летіні – журналистердің әлеу-

меттік  жағдайын  жақсарту, 

айталық, тұрғын үй, сыйақы,  

ипотекалық жеңілдіктер, зей-

нетақылық  кәсіби  санатын 

анықтау  сияқты  біршама 

соқталы мәселе бар. Осыны 

билік тармақтарына айтып, қа-

бырғасынан қойдыңыздар ма? 

– Біз мұны жақсы білеміз. Қой-

дық, ресми түрде де, бетпе-бет 

кездесіп те, жүзбе-жүз сөйлесіп 

те  айттық.  Шешімін  таппай  ке-

леді. Мұны Парламенттегі  Да-

риға Назарбаеваға да жеткізген-

біз. Қазақстанда журналистердің 

ешқандай мәртебесі жоқ. Олар 

мемлекеттік  қызметкер  емес. 

Жер жүзіндегі көпшілік елдерде, 

біздің қоғамда да БАҚ өкілдерін  

төртінші билік деген түсінік бар. 

Бірақ  шынтуайтына  келгенде 

бәрі  басқаша.  Мысалы,  мем-

лекеттік  билік  тармақтарында: 

Парламент, Сот, Үкіметтің әрқай-

сысының  өзіндік мәртебесі бар. 

Олар заң жүзінде бекітілген.  Ал 

«төртінші билікте» мұның бірі де 

жоқ. Тіпті пәтер алуға келгенде 

мемлекеттік БАҚ-тың адамдары-

на «қолжетімді баспана» бағдар-

ламасыда ескерілмеген. Себебі 

сол біреу – журналистер мемле-

кеттік қызметкерге жатпайды. 

Бізге бұл орайда  бюджеттен 

қаржыландырылатын баспасөз 

органдарына тиісті мәртебе беру 

туралы бұқаралық ақпарат құрал-

дары туралы ұлттық заңнамаға 

толықтыру енгізу керек шығар. 

БАҚ,  журналистердің  құқығы 

мен  бостандығының  негіздерін 

өзгертуіміз, кеңейтуіміз керек-ау.  

Мен осыдан төрт-бес жыл бұрын 

Алматыдағы тұрғын үй комиссия-

сының мүшесі болғанмын. Сонда 

мен мұны жақсы түсіндім. Кеңес 

заманынында Одаққа мүше жур-

налистердің пәтеріне 7-8 шаршы 

метр  қосып  беретін.  Қазір  бұл 

жоқ. Мұны шешу керек.

 Менің бір қуанатыным, кейінгі 

кезде қазақ басылымдары көбей-

іп әрі сапасы жақсарып келеді. 

Әйтсе де, мемлекет тарапынан 

қазақ  баспасөзіне  қамқорлық 

керек.  Бәлкім  ол  мемлекеттік 

тапсырыс  бола  ма,  басқа  да 

жеңілдіктер ме қарастырылып, 

мемлекеттің қорғауына алынға-

ны жөн. Бұл жерде бәріне  бір-

дей  емес,    солтүстік  өңірдегі 

қазақтілді газеттерге ғана. Неге 

екені түсінікті.



– Сейітқазы мырза, соңғы 

жылдары өңірлердегі жергілік-

ті БАҚ сатыла бастады. Жар-

тылай да, тұтасымен де. Мы-

салы, біздің облыста бірқатар 

аудандық, қалалық  газеттер 

сатылды. Сіз бұл туралы не 

дейсіз?

– Жалпы бұл дұрыс.  Бірақ 

мәселе  бар,  ол  –  оның  кімге 

сатылуында.  Бұл  жерде  біздің 

позициямыз газеттерді арзанда-

тып, өз редакциясына сату керек. 



Қазақстан Журналистер Одағының 

төрағасы 

Сейітқазы Матаев

 

пен «Қостанай таңы» газетінің 

Директор-Бас редакторы  

Жанұзақ Аязбеков

 

арасындағы 

кәсіби сұхбат

Мәртебе керек



ОРАЙЛЫ ӘҢГІМЕ

5

26 маусым  2015 жыл

«

Х

абар»  агенттігінің  Қостанай  об-

лысындағы  меншікті  тілшісі  Мағауия 

Қалиев тің есімі жұртшылыққа жақсы та-

ныс. Ол бес жылдан бері республикадағы 

маңдайалды телеарнаның облыстағы қо-

сынында  жемісті  қызмет  атқарып  келе 

жатыр. Мұның алдында облыстық телера-

диокомпаниясында он бес жылдан артық 

еңбек еткені тағы бар.  Сол кезде облыстық 

телеарнаның ішінде бір емес, екі арна жұ-

мыс істеді. Бірі облысты қамтыса, «Заман» 

телеарнасы қала және қаланың іргесін-

дегі ауылдарға хабар таратты. Міне, осы 

тұста тілшілердің «екі майданда» қатар 

еңбек етуіне тура келді. Және редакция 

басшылығы әр хабардың, түрлі бағдарла-

малардың, жаңалықтар қызметінің сапа-

сына басты  назар аудара білді. Басшылар 

әр хабардың ішкі мазмұнына, оның са-

пасына терең үңілетін. Әсіресе, телеар-

на  директорының  орынбасары,  белгілі 

журналист-қаламгер Жанұзақ Аязбекұлы 

жас журналистерді телевизия саласының 

ұңғыл-шұңғылына дейін үйретіп шығар-

ды.  Кез  келген  бағдарламаның  ішінде 

бір түйір дәні  болса да,  көрермендерге 

ой саларлық жағына қатты көңіл аудару 

қажеттігін жете түсіндіреді. Бүгінде есім-

дері елге танылған бір топ журналистердің 

«Жәкеңнің шинелінен шықтық» деуі сон-

дықтан. Солардың бірі осы Мағауия. 

Мағауия Назымұлы Науырзым ауда-

нының  «Науырзым» кеңшарына қарасты 

Сарышығанақ елді мекенінде туып-өсті. 

Ес біліп, етек жаба бастаған тұста осы бір 

шағын  ауылда  елу  шақты  үй  болатын. 

Бірақ,  әкесінің  қызметіне  байланыс-

ты  мұнда  көп тұрақтаған  жоқ.  Өмірбек 

ауылына қоныс аударды (кезінде «Науыр-

зым» кеңшарының бөлімшесі болған). Ол 

кезде мұнда үш-ақ кластық мектеп қана 

бар . Мәкең осы бастауыш білім ошағынан 

алғаш рет әріп танып, жазу үйренді. Одан 

әрі оқуын  нағашыларының қолында, ау-

дан орталығы – Докучаевкадағы Науыр-

зым орта мектебінде  жалғастырған.  

«Жігіттің жақсы болмағы – нағашыдан» 

деген, Кәментай апа үлкен ұлды нағашы-

ларының қолына берді. Ел ішінде Тәшкен 

Қауметов  есімді  ақылман  қария  өткен. 

Оқыған-тоқығаны  көп.  Жүрген-тұрған 

ортасына аса беделді, қиыннан қиысты-

рып сөз таба білетін ділмәрлығы бар кісі 

көрінеді. Мағауия міне, осы кісінің тәлімін 

алды. Ел ішінде «Ескі Науырзым» аталып 

кеткен Науырзым кеңшарында он 

жылдықты тәмамдады. Мектепте де жа-

ман оқушы болған жоқ. Әсіресе, қазақ тілі 

мен әдебиеті пәніне өте алғыр-тұғын. Ша-

масы, нағашы жұрттан дарыса керек. Тіл-

шілік қасиеттің негізі сол кезде қаланған 

болуы керек.

Өз атасы – Сейдәзім ақсақал да көргені 

көп кісі еді, жарықтық! Н.Ахметбековтың 

«Қарға ұры» дастанын жатқа айтады екен. 

Қашан көзі жұмылғанша газет-журналдар-

ды үйіне жаздырып, оқитын. Бұлар Қара-

тайдан Сейдәзім, Зейпен, Назым, Қуаныш 

атты төрт ұл тарайды. Әкесінің туған ағасы 

болғандықтан ол кісіні кейін гілер ата деуі 

заңды. Бала күнінде Сейдәзім шал бұған  

ескі қиссаларды, жырларды оқытып, жат-

татқызады. Үйренсін дегені  ғой.  Қария 

бертінде  тоқсан  жасқа  келіп  дүниеден 

өтті. Мәкеңнің өзегін өртейтін өкініші сол, 

атасының тағылымды әңгімелерін таспаға 

түсіре алмағандығы.

Мағауия Назымұлымен бірге оқыған 

азаматтардың арасында екі дүркін әлем 

чемпионы  Нұржан  Ермағамбетов,  заң 

ғылымдарының  кандидаты  Өмірбек 

Оразбаев,  оқымай-ақ  техниканың  хас 

шебері атанған Ілияс Жансейітов, Мұх-

тар  Жүсіпов,  ішкі  істер  саласында  ши-

рек ғасырдан бері қызмет атқарып келе 

жатқан  Мақсұт  Молдахметов  сынды  өз 

ісінің білікті мамандары бар. Бұл жігіттер 

әлі күнге дейін бала күнгі достық жібінің 

қылын үзген емес.

«Ұстазы  жақсының  ұстанымы  жақ-

сы».  Нақ  осы  сөзді  Мәкеңе  қарата  айт-

сақ, ақиқаттың ауылынан онша алыста-

маймыз.  Кезінде  Қазақ  КСР-нің  білім 

және ғылым министрі болған Шайсұлтан 

Шаях метов, Қыпшақ Ысмағұлов, Нұрсұл-

тан Шәйкенов, Пиалаш Сүйінкина, Күлтай 

Әбдірахманова тәрізді білікті ұстаздар-

дан білім алды. Өзі де сол аға-апаларына 

ұқсағысы келетін. Онжылдықты бітіріп, 

мамандық таңдауға  көшкенде  Мағауия 

агрономдықты  қалапты.  Ол  кезде  шын 

мәнінде бұл мәртебелі мамандық еді ғой. 

Әрі ауылға жақын маңда оқығысы кел-

ді. Сөйтіп 1983-1985 жылдары Қостанай 

ауылшаруашылық институтының агроно-

мия факультетін екі курс оқып тауысты 

да қатарымен Отан алдындағы борышын 

өтеуге аттанды. Шешен-Ингуш АССР-інде 

өзінің екі жылдық әскери борышын өтеп, 

қатардағы  жауынгерден    танк    коман-

дирі, аға сержант шеніне дейін көтерілді. 

Қандай жағдайда болсын өзіне жүктелген 

міндетті тиянақты, аса жауапкершілікпен 

орындай білетін жас жігіт елге оралғасын 

да қарап отырған жоқ. Екі білекті түріп 

жіберіп, жұмысқа кірісті. Әкесі ауырып 

қалғалы, бар жүк үйдің үлкені – осыған 

артылған. Сондықтан, оқуын жалғастыра 

алмады.  Қостанайда  енді  ғана  ашылып 

жатқан дизель зауытына слесарь болып 

жұмысқа  орналасты.  Кейін  құрылысшы 

атанып,  Науырзым  ауданында  бірнеше 

үйлер салды. Айтпақшы, Мәкеңнің «3-ші 

дәрежелі құрылысшы» деген куәлігі де бар. 

Тек, 1989 жылы ғана үзіліп қалған оқуын 

жалғастыруға мүмкіндік туды. Бірақ, күт-

пеген жерден жаңа бір кәсіпті игеруіне 

тура келді.

– Ол кезде отбасымызда жалғыз ше-

шем ғана жұмыс істейді. Бір ғана табыспен 

күнелту мүмкін емес қой. Сондықтан үйде-

гі алты баланың ең үлкені ретінде жұмыс 

істеуіме тура келді, – деп еске алады Маға-

уия Назымұлы сонау бір жастық шақтарын 

ойға оралтқанда, – Тоқсаныншы жылдары 

аудандық «Жазира» газеті енді ашылып 

жатқан. Бір күні Ілияс екеуміз редакци-

яның жанынан өтіп бара жатқанбыз. Бір 

кезде досым маған тосын ұсыныс айтып, 

«Мында Күлтай апайымыз жауапты хат-

шы болып істейді, кіріп шықсайшы», – деп 

сүйрей жөнелді. Басылымның редакторы 

Асқар Жарылғасымов болатын. Ілияс дос-

тың айтқанына көнуге тура келді. Міне, 

менің журналистикаға келу хикаям осын-

дай. Алғаш  журналистика  мамандығын 

игеріп, үйіріп әкетуіме Күлтай Камалқызы 

ықпал етті.

Сол жолы Мағауия  Әбілқасым Тәйір-

бергенов, Таңат Қалмақов, Тоғайбай Бабы-

ров тәрізді тісқаққан журналист ағалары-

ның арқасында  тілшіліктің қыр-сырына 

қанықты. Газеттің ішкі кухнясын меңгеріп 

алды. Өзі де кейін жауапты хатшы қызмет 

атқарғаны бар. Міне, содан бастап Маға-

уияның  журналистикадағы  жаңа  дәуірі 

басталды. Аудандық үнпарақта толық бес 

жыл істегеннен кейін Мағауия Қалиев от-

басымен Қостанайға қоныс аударды. Бұл 

1995 жыл болатын.

Келе сала облыстық радиоға тілшілік 

қызметке тұрды. Қостанайға көшіп келген-

деріне екі ай толғанда Мағауия мен Нұр-

гүлдің ұлдары – Нұрхан өмірге келді. Бұл 

кезде облыстық телерадиокомпания сы-

ның төрағасы Нұрхан Ислямиев еді.Ол кісі 

маңайына талантты жастарды шоғырлан-

дыра білді. Оларға сенім артты. Қаламда-

рын ұштады. Бір ғажабы, осы Нұрекең қан-

ша басшы болғанмен, бәлсінуді білмейтін, 

өте қарапайым азамат. Туа бітті мінезі сол. 

Жұмыста жұмысты талап етеді, былайғы 

уақытта жас болсын, жасамыс болсын, бөл-

ген жоқ. Үйлеріне шақырса барады. Төраға 

жас отбасының жатақханадағы тар бөл-

месіне құтты болсын айтып барып, дәм 

де татқан. Енді міне, сәби өмірге келген-

де Мағауияның Тұрсын, Кәлима, Ырысты 

тәрізді әріптес апалары тамаша ұсыныс 

айтыпты: «Биыл Ұлы Абайдың 150 жыл-

дығын, Шоқан Уәлихановтың 160 жылдық 

мерейтойын атап өтіп жатырмыз. Біздің 

Нұрхан ағай да 50 жасқа толып жатқан жоқ 

па, шақалақтың есімі Нұрхан болсын», – 

дескен. Ешкім қарсы болған жоқ, бәрі де 

орынды айтылған ұсынысты құп алды.

Мәкең радиомен қоса телевизия сала-

сында да тер төкті. Алдымен қатардағы 

тілші болды, кейін аға редакторлық қыз-

метке жоғарылатылды. Ол қандай шаруа 

атқармасын, өзінің туа бітті мінезінен бір 

айныған емес. Баяғы сол салмақты, сырбаз 

қалпы. Тәжірибелі маман ретінде жастарға 

кеңес беруден жалыққан жоқ. Қажетті дү-

ниеңізді  асықпай, аптықтай, бәрін рет-

ретімен  түсіндіріп  береді.  Сондықтан 

шығар, Мағауияның маңына шығармашыл 

жастар үйір. Мағауия Назымұлы облыстық 

телеарна эфирінде «Апта», «Қылмыс пен 

жаза» тәрізді хабарларды жүргізді. Оның 

жасаған хабарларының әр саны  өз көрер-

мендерін шынайы лығымен баурап әке-

тетін. Осы арқылы ол жұртшылыққа кеңі-

нен танылды.

Бірде мынадай қызық оқиға болған: 

2000  жылдардың  бас  кезі  болуы  керек. 

Екеу міз  Таран  ауданының  Мариновка 

ауылына той басқаруға бардық. Үзіліске 

шыққанымыз  сол  еді,  жұрт  кеу-кеулеп 

әкетті  дерсіз:  «Мына  кісі  Мағауия  Қа-

лиевтен айнымайды екен», – дейді. Әл-

гілер Мәкеңді айналшықтап, маңайынан 

ұзайтын емес. «Дәл таптыңыздар. Бұл сол 

Мағауияның өзі еді», – дегенім сол еді, 

жаңағы  жерде  жүрген  бір  топ  адамдар 

орындарынан  ұшып  түрегеліп,  біздің 

қасымызға жетіп келді. Бәрі Мағауияға 

таңырқасып қарайды. Міне, телевизияның 

құдіреті дегеніңіз осы. Кейде көшеде не-

месе автобуста келе жатқанда көп кісілер 

бас изесіп амандасып жатады. Сондайда 

Мәкең «бұлар кімдер еді?» – деп маған қа-

райды. Мен де танымаймын. «Экраннан 

көріп, сыртыңнан тілеулес болып жүрген 

азаматтар шығар», – деймін.

Журналистика саласында ширек ға-

сырға жуық қызмет істеген Мағауия На-

зымұлының  еңбегі  атаусыз  қалып  көр-

ген емес. ҚР Президентің алғыс хатына 

ие  болды.  Облыс  әкімінің  сыйлығын 

жеңіп алды. ҚР Мәдениет және ақпарат 

министр інің құрмет грамотасымен ма-

рапатталды. Бұл талантты журналисттің 

алған жүлделерінің бір парасы ғана. Оның 

алар асуы әлі алда деп білемін. 

Бүгінде Мағауия зайыбы Нүргүл Ғаб-

дымәжитқызы екеуі бір ұл,бір қыз өсіріп 

отыр. Үлкені – Нұрхан геолог мамандығын 

таңдаса, кішісі – Айша қызымыз С.Мәуле-

нов атындағы №24-ші мектеп-гимназия-

ның 7-сыныбын бітірді. Мәкең ұл-қызына 

келісті тәрбие берді. Нүргүл екеуі солар-

дың қызық-қуанышын көрсек дейді.  

Республикаға есімі белгілі журналист 

Мағауия Қалиевтің біз білетін қырлары 

осындай.


СУРЕТТЕ: «Хабар агенттігінің Қос­

танай облысындағы меншікті тілшісі 

Мағауия Қалиев.

2222222222222 2222222222222



ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАРШЫСЫ

Сыралғы  дос

    

2222222222222 2222222222222



Айбек 

     КӘДІРҰЛЫ

Қоғамдағы ең күрделі мамандық

тың бірі – журналистік кәсіп.

 Ол көп 

жұмысты, ізденісті талап ет

еді. Қағаз­қаламды қару етіп,

 микрофон 

асынған жандардың ісі былайғы жұр

тқа қызық көрінуі әсте мүмкін.

 

Бірақ, бұл қызығынан гөрі,

 шыжығы басым, бар жан

­тәніңмен беріле 

жұмыс істеуді қалайтын 

мамандық. Шындығы осы.

 Қарапайым тілші 

қажет кезінде  экономис

т те, саясаткер де, спортшы мен 

дәрігер 

де бола білуі керек. Сонда ғана ақпарат

 шынайы шығады. Мен 

әңгімелегелі отырған жігіт

 ағасы осы қасиеттерді бойына жинай 

білген бесаспап маман, өз ісінің нағыз хас шебері.

Белгілі журналист, «Хабар» агенттігінің облыстағы 

меншікті тілшісі Мағауия Қалиев туралы бір үзік сыр

6

26 маусым  2015 жыл

Рухы биік жазушы

Дей алмаймын дара туған данамын,

Ел алдында аласамын, баламын.

Қажетіне жарар болсам халқымның,

Қиналмай-ақ өлімге де барамын.

Сәбит ДОСАНОВ.

Қазіргі  қазақ  әдебиетінде  әдеби  сынның  назарынан  қалыс 

жүрген жазушылар аз емес. Солардың бірі – күні бүгінге дейін 

25 том көлеміндегі көркем шығармалары жарық көрген жазушы, 

Мемлекеттік және М.Шолохов, В.Пикуль атындағы Халықаралық 

сыйлықтардың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, 

Ресей әдебиет академиясының академигі, Ресей педагогика және 

әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі, Қостанай облы-

сының құрметті азаматы, бірқатар шығармалары алыс және жақын 

шет елдерде кітап болып шыққан, көрнекті суреткер Сәбит Досанов.

Досанов Сәбит Аймұханұлы 1940 жылы қаңтар айының 12-ші 

жұлдызында Қостанай облысы Аманкелді ауданының Байғабыл 

ауылында дүниеге келген.

Еңбек жолын Қазақ телевидениесінде, «Жазушы» баспасында 

редактор, «Қазақ әдебиеті» газетінде бөлім меңгерушісі болып 

бастаған.

1985-1989 жж. КСРО Әдебиет қорының қазақ бөлімшесінің ди-

ректоры, 1991–1995 жж. Республикалық Халық шығармашылығы 

және мәдени қызмет көрсету орталығының бас директоры, 1996–

1997 жж. «Қайнар» баспасының бас редакторы болды.

С.Досановтың  аса  шабытпен,  зор  ынта  ықыласпен  беріле 

жазған шығармасы қазақ әдебиетінде бірегей еңбек екенінде дау 

жоқ. Жазушы Сәбит Досановты көркем сөздің көрнекті шебер-

лерінің қатарына алып келген құпияның бірі – оның кейіпкер-

лерін бірыңғай ақ, қарамен ғана емес, құбыла құлпырған көк бо-

яулармен бейнелейтіндігінде болса керек.

Сәбит Досановтың алғашқы «Қайырлы таң» очерктер мен әң-

гімелер жинағы 1966 ж. жарық көрді. Бұдан соң «Қыран қалғымай-

ды», «Ақ аруана» повестер жинақтары мен «Тау жолы», «Екінші 

өмір» романдары жарияланды. «Жер тағдыры», «Сексен бестің 

көктемі», «Адаспаңдар, адамдар», «Сыңсып ұшқан сыңар аққу» 

шығармалары жазушыны өмірдің өзекті мәселелерін көтере білетін 

көркемсөз шебері ретінде танытты.

Сәбит Аймұханұлы әдеби сын мен әдебиет зерттеу бағытында 

да жемісті еңбек етіп, оқырман қауымға «Соны іздер», «Жүректің 

отын сөндірме», «Қазына» монографияларын ұсынды.

Жазушының «Жиырмасыншы ғасыр» романы жанашырлар 

тарапынан керемет бағаланды. «Жиырмасыншы ғасыр» романын 

әлем таныған сыншы Феликс Кузнецов «қазақ әдебиетіндегі үлкен 

оқиға» деп бағалады.

Сәбит Досанов – алпысыншы жылдар ішінде әдебиетке келіп, 

бүгінгі прозаның салмақты жүгін көтерген топтың ірі өкілдерінің 

бірі.


Оның  шығармалары  оқырмандардың  жылы  ықыласына 

бөленіп, жазушы есімі қазір қалың қауымға белгілі. Кітаптары 

орыс, қырғыз, француз сияқты шет тілдеріне аударылып, өз оқыр-

мандарының кітапханасынан орын алуда.

Мария Ахметова айтқандай, «Сәбиттің ескі сүрлеуді таптамай, 

әдебиетке өзіндік үнімен, сырымен, айтар ойымен келгені, өмірді 

өзінше көріп тануға, өзінше бейнелеуге ұмтылысы, осы жолдағы 

сәтті ізденістері оның оқырманын тез табуына, оның жүрегінен 

жылы орын алуына себеп болғаны даусыз. Реалистік әдебиет еш 

уақытта алдына ондай мақсат қоймайды».

Оның шығармашылығы еркін ақыл-ой мен қажырлы еңбекті 

тоғыстырған көркемдік кестесі келісті, өзгеше әлем. Себебі, қа-

лам тартқан қай тақырыбын да сана сүзгісінен өткізіп, өрелі ой 

айтудың құралына айналдыратын жазушының арман аңсары да 

асқаралы.

Сергей Есенин атындағы «Алтын күз» әдеби сыйлығының лау-

реаты, Василий Шукшиннің алтын медалінің иегері, Сәбит Досанов 

сонымен бірге аса көрнекті орыс мемлекет қайраткері Геннадий 

Зюгановтың шешімімен «Тың жерлерді игерудің 60 жылдығы» 

және «Панфиловшы» ескерткіш-медалімен марапатталды.

Сәбит Досанов Дунду (Ангола) және Арқалық, Қостанай қала-

ларының, ШҚО Ақсат ауданы және Қостанай облысы Аманкелді 

ауданының құрметті азаматы, Шығыс Қазақстан мемлекеттік уни-

верситетінің құрметті профессоры.

Қазақ әдебиетінің «Алтын ғасыры» атанған жетпісінші жылда-

ры жұлдызы жанып, үлкен романдар жазған Сәбит Досанов тек 

қаламгер ғана емес, қоғам қайраткері.

Көркем сөздің көрнекті шебері




1   2   3   4   5   6   7   8


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал