26. Қазақ тіліндегі диалектілердің шығу төркіні мен қалыптасуы, пайда болу жолдарын түсіндіріңіз, мысалдармен негіздеңіз



жүктеу 57.27 Kb.
бет9/9
Дата13.11.2022
өлшемі57.27 Kb.
#23829
1   2   3   4   5   6   7   8   9
26-30
Лексикалық ерекшеліктері. С. Аманжолов оңтүстік диалектісінің лексикалық ерекшеліктерін 20 салаға бөледі. Берілген материалдар оңтүстік диалектісі мен әдеби тіл лексикасы арасындағы айырманы айқын көрсетеді. Оңтүстік диалектісінің лексикалық ерекшелігі халық өмірінің барлық жағын да қамтыған. Егіншілік пен бау – бақшаға байланысты сөздер өте көп және олардың кейбірі баспасөз арқылы әдеби тілге еніп, бүкіл халық пайдаланатын сөздерге айналып отыр. Оңтүстік диалектісінде өте ерте замандардан сақталып қалған, басқа жерде кездеспейтін сөздер де аз емес. Қазақ тілі лексикасының тарихын тексеруде бұлардың зор мәні бар.
Оңтүстік диалектісінде лексикалық ерекшеліктердің бәрін бірдей беру мүмкін болмағандықтан, төменде кейбір мысалдар ғана келтіріліп отыр: айуан, дәліз, далаң – ауыз үй, алдыңғы үй, аташ – пойыз, ауқат – тамақ, жұмыс, ашық – машық, топша, тұрым – топса, әтешкер, әтешкі- қысқаш, әтубер – абырой, бақуат – қуатты, бәдірен – қияр, бігіз – біз, білік // пілік – білте, бітпе – жазба, дава – таба, табадан, дақыл – нәрсе, зат, дарбаза – қақпа, дарын – жаршы, қабырға, дүр – шебер, маман, діт – ой, арма, еге – ие, егер – ер, етмал – ықтимал, жаған // жағлан – қайыс сандық, жам, кірлен, лөген – леген, шылапшын, жемелек – шашбау, жоғырмақта - жуықта, жозы – аласа үстел, жуалдыз – тебен ине, зәмбіл // зембіл – нәселке, зөңгі // зеңгі – басқыш, саты, зерен – тотаған, зілмендей – зілдей, кәттә - зор, үлкен, кепсер – сүзгі темір, кеуірт – күкірт, кеуіш – кебіс, қам – шикі, леген – табақ, мекпі, топы – тақия, төбетей, мұқым – тіпті, мүлде, мұттайым – қу, өтірікші, мыттық – арамза, нам – ат, есім, нам – дымқыл, ылғал, нанбай – үлкен, зор, өтпен – тұрақ, мекен, пая – сабақ, парбоз // паруаз – үй төбесіне салатын ағаш, пахнатты – күйлі, пешене – маңдай, бақыт, пісентті – жинақты, ұқыпты, сыйлықтау – сыйлау, таға – нағашы, тиқоры – негізінде, асылында, уақытылы – уақытында, үстін – діңгек , тіреу, шайдоз – қара құман, шақа – жүйе, рет, шыптахана – билет сататын орын т. б.

Оңтүстік диалектісінде әдеби тілмен салыстырғанда қалыптасуынада, мағынасында, қолдануда ерекшелік бар идеомалық, фразалық сөз тіркестері едәуір мөлшерде кездеседі. Мысалы, алағаудан болу – алаң болу, амалкесін іздеу – амал іздеу, аяқ қылып тастау – аяқсыз қалдыру, әдден тысқары – шамадан тыс, бәз уақытта – кей уақытта, белі ауыру – жаны ашу, біршек болу – бөліну.




жүктеу 57.27 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет