26. Қазақ тіліндегі диалектілердің шығу төркіні мен қалыптасуы, пайда болу жолдарын түсіндіріңіз, мысалдармен негіздеңіз



жүктеу 57.27 Kb.
бет8/9
Дата13.11.2022
өлшемі57.27 Kb.
#23829
1   2   3   4   5   6   7   8   9
26-30
Фонетикалық ерекшеліктер. С пен ш алмасуы: мысық – мышық, есек – ешек, масқара – машқара;

Ш мен ч алмасуы; шұқырау – чұрқырау, шана – чана, шеге – чеге, шикі – чикі, шүберек – чүберек. Бұл өзгешелік Қазақстанның шығыс аудандарында да кездеседі.

^ Д мен л алмасуы: теңдік – теңлік, тыңда – тыңла, маңдай – маңлай, адамау – аңламау.

Б мен п алмасуы: болат – полат, бітіру – пітіру, бейнет – пейнет, бақыр – пақыр, байқау – пайқау.

Ң мен н алмасуы: ертең – ертен, өлең - өлен, көбең – көбен, қалың – қалын.

^ М мен п алмасуы: маңай – паңай, мақта – пахта, мешпет – пешпет.

К мен г алмасуы: күріш – гүріш, көң – гөң, т. б. Бұл алмасу оңтүстік диалектісіндегі оғыз тілдерінің әсерін көрсетеді;

^ Б мен у ауысуы: кебіс – кеуіш, көпір – көуір, шылапшын – шылаушын // шіләужін.

Ж мен й ауысуы: о жақ – о йақ, бұ жақ – бү йақ, о (л) жерде – о йерде.

С мен т ауысуы: түгесу – түгету, қысу – қыту, сырқаттану – сырқастану, тұрпат – сұрпат.

^ А мен ә алмасуы: қатты – кәтті, қайтып – кәйтіп, керісінше, әйел – айал, едәуір – адауір.
Грамматикалық ерекшеліктері. Етістіктің жекеше 2 – жақ бұйрық райының - ғын, - гін, - қын, - кін, - ың, - ің қосымшалары арқылы жасалған тұлғалары кездеседі: суғырғын (суыр), айтқын (айт), келгін (кел), барың (бар), көрің (көр).

Бұйрық райлы етістіктің көпше 1 – жағының – лы, - лі қосымшалары арқылы жасалған тұлғалары кездеседі: баралы – барайық; келелі – келейік.

Қалау райдың бар, жоқ сөздері арқылы жасалған түрлері кездеседі: барғым бар – барғым келеді, барғым жоқ – барғым келмейді.

Көмектес септігінің - мынан, - бынан, - пынан қосымшалары арқылы жасалған түрлері кездеседі: атпынан келу – атпен келупойызбынан бару – пойызбен бару.

Септік жалғауларының қызметінде ауысушылық байқалады: мұғалімге оқыдым – мұғалімнен оқыдым. Арысқа тұрамын – Арыста тұрамын.


жүктеу 57.27 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет