26. Қазақ тіліндегі диалектілердің шығу төркіні мен қалыптасуы, пайда болу жолдарын түсіндіріңіз, мысалдармен негіздеңіз


Ж.Досқараев қазақ тіліндегі говорлар туралы



жүктеу 57.27 Kb.
бет7/9
Дата13.11.2022
өлшемі57.27 Kb.
#23829
1   2   3   4   5   6   7   8   9
26-30
Ж.Досқараев қазақ тіліндегі говорлар туралы. Ж.Досқараев қазақ тілінде екі үлкен говорлар тобы бар деп көрсетеді: 1 Оңтүстік-шығыс говорлар тобы. Бұған Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстары, сондай-ақ Талдықорған облысының оңтүстік-батыс аудандарындағы (Талдықорған, Киров, Қаратал т.б.) және Қызылорданың оңтүстік-шығыс аудандарындағы халық тілін жатқызады. 2 Солтүстік-батыс говорлар тобы. Бұған Батыс Қазақстан, Гурьев, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Целиноград, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Қызылорда облысының батыс аудандарындағы (Қазалы, Арал т.б.) және Семей облысының солтүстік-батыс аудандарындағы халық тілін жатқызады.
Бұл говорлық топтардың өзара айырмасын білдіретін фонетика, лексика, грамматика салаларындағы тілдік белгілерге тоқталады.
29. Диалектілік сипаттағы кәсіби сөздер, түрлері. Мысалдармен дәлелдеңіз. Кәсіби сөздердің жергілікті жерде қалыптасу ерекшеліктеріне сипаттама беріңіз.
Қазақ тілінің лексикалық құрамы әдеби тілде қолданылып жүрген сөздерден ғана жасалмайды. Ол сөздерден басқа да халық тілінен қамтылмағантіл материалы, сөз байлығы бар. Бұл сөз байлығы ұлт тілі жасалған дәуірдеғана әдеби тілге еніп, бірте-бірте қалыптасып, халықтың керегіне жұмсалады.Тілдің сөздік құрамы толығып, кейбір грамматикалық формалары жетіліп, ұлттілінің көлемі кеңейді. Мұның өзі ұлт тілінің халық тілінен айырмасынанықтайтын көрсеткіштің бірі болып табылады. Шынында ұлт тілінің дамуы тілдің жаңа, тың элементтерінің өрістеуіменде байланысты. Қазақ тілінің сөздік қоры қазіргі әдеби тілде қолданылыпжүрген сөздерден, сөйлеу тіліндегі лексика мен диалектілік лексикадан ғанатұрмайды, қоғамдағы әр түрлі топтардың тіліндегі арнаулы сөздер де ұлттықтілдің сөздік құрамына кіреді. Олар тіл білімінде әлеуметтік диалектілердеп аталып жүр. Қазақ тіліндегі сөз тудыру заңдарының негізінде жасалаотырып, бұлар да лексиканың басқа салалары сияқты, ұлттық әдеби тіл нәралатын негізгі арналардың бірі болып табылады. Әлеуметтік диалектілердіңқалыптасу, пайда болу жағдайы, себептері жергілікті диалектілерден басқаша.Қай тілде болсын, жергілікті диалектілердің негізі көне замандарда салынып,қалыптасуы феодалдық заманмен ұштасып жатыр. Мұнда ең басты себеп халықтыңжергілікті аудандарының экономикалық бытыраңқылығымен байланысты. Аләлеуметтік диалектілерді тұтасымен белгілі бір ғана қоғамның жемісі депкесіп айтуға болмайды. Мәселен, қазақ тіліндегі кәсіби сөздердіңкейбіреулері (шиіт, тоған, арық-атыз, алыс-арық т. б. М. Қашғаридыңсөздігінде (XI ғ.) кездеседі. Көне заманнан келе жатса, бірсыпырасы кейінгікездің жемісі, мысалы, балық шаруашылығындағы, тау-кен өндірісіндегі кәсібисөздер Қазақстанның Ресейге қосылуынан кейін пайда болған. Сондықтан,олардың қалыптасу тарихы да түрлі кезеңдерді қамтиды деген қорытындыжасаймыз.
Тіл тарихын жасауда жергілікті диалектілер мен говорлардың алатын орнызор. Шын мәнінде, жергілікті диалектілер мен говорларды зерттемейіншехалықтық, ұлттық тілдер мен әдеби тілдің қалыптасу тарихын толық білумүмкін емес. Ұлттық тіл де, кейде әдеби тіл де жергілікті диалектінің,говорлардың негізінде дамиды. Мысалы, орыстың ұлттық әдеби тілі Москваговорының, ағылшының ұлттық әдеби тілі Лондон диалектісінің, Италияныңұлттық әдеби тілі Тоскан говорларының негізінде жасалғаны белгілі.
Тіл этноспен бірге жаралып, бірге өмір сүреді десек, оның бастапқыбелгісі өсу, даму, қарым-қатынас көріністері осы күні жергілікті тілерекшелігі, яғни диалект деп танылып жүрген сөздердің мағынасындасақталған. Сондықтан диалект сөздерді тек этимологиялық, семантикалық,семасиологиялық, тарихи тұрғыдан ғана емес, сондай-ақ экстралингвистикалықмақсатта да қарастырып, мәдениетпен, халықтық этнографиямен жақындастыразерттеу қажеттігі туды.
Диалектілік жүйенің пайда болуына тағы бір себеп – көрші елдің тілдікәсері, яғни ареалды қарым-қатынастың ықпалы. Оқшауланған сөйленіс өзініңнегізгі диалектілік сөйленіс тобы көлемінен соншалықты алыстап көптегеніменоған өзін қоршаған өзге туыс, туыстық қатысы жоқ тілдер айқын әсер етеді.Бұл жөнінде диалектолог-ғалымдар Ш.Сарыбаев, О.Нақысбеков былайшатүсіндіреді: Қарақалпақ жеріндегі қазақтар қарақалпақ, өзбек, түрікменхалықтарымен аралас тұрады, сондықтан олардың тілінде аталған тілдердіңәсері байқалады. Осы сияқты Өзбекстан, Түрікменстан, Қытай, Монғол, Ресейқазақтарының тілі де үлкен әсерге ұшыраған, дегенмен оқшауланғансөйленістер де лексиканың негізін жалпыхалықтық лексикадан алады, сондықтандиалектілік лексика шығу арнасына қарай: дәстүрлі диалектілік құбылыстар,дәстүрсіз диалектілік ерекшеліктер болып бөлінеді 
Қазақ диалектілерінің арасында бірі түркі тілдің ана тобына, бірі мына тобына жатады деп жіктестірерліктей диалектілер жоқ. Әрине, көршілес,аралас отырған түркі халықтардың тілдік ықпалы нәтижесінде оңтүстік өңірдіңқазақтарының тіліне өзбек тіліен, оңтүстік-батыс алқаптың қазақтарыныңтіліне қарақалпақ, түрікмен тілінен өткен елеулі тілдік элеметтердің барекені рас. Сол секілді Қазақстанның башқұрт, татар жұртына жақын жатқанөлкелердегі жергілікті халықтың тілінен осы тілдердің бірлі-жарымэлементінің кездесетіні бар. Бұлар диалектілердің біреуінде аз, біреуіндекөп кездеседі. Әсіресе Орта Азияның ішкі қоныстарында тұратын жергіліктіқазақтардың тілі осындағы тілдердің ықпалына көбірек шалдыққан. Ал ОртаАзияның ішкі қоныстарында отырған және соған жақынжуық маңда отырғанқазақтардың тілін алатын болсақ, сөз болып отырған фонетикалық құбылыстыңөрісі мейлінше кең құбылыс болып табылады. Бұлай болатын себебі ағайынөзбек, қарақалпақ, түрікпен тілінің ықпалынан. Өйткені мұның осы тілдердегітән деген дыбыстық белгілердің бірі екені белгілі. ал қалған ерекшеліктерді ежелгі рутайпа диалектілерінен сақталған белгі деп қарау керек. Осысебептен де болу керек, қазақ тілін өзбек, ұйғыр, т.б. осы сияқты ағайынтілдермен салыстырып, олардан гөрі диалектілік жіктелісі солғын тілдерқатарында тап жүр. Біздің тіліміздегі ерекшеліктердің саны мен сапасыаталған тілдердінімен бірдей болмайтында шүбә жоқ. Халық тілі топырағындакөктеп өркен жайған әдеби тілдің сөз қазынасының кемелдеуінің сарқылмасбұлақ, құнарлы арнасы халық сөзінің байлығы болатыны – толассыз шындық.Күні кеше белгілі өлкеде тұратын жергілікті халықтың тілінде ғанақолданылып келген, өзге жердің қазағына мүлдем бейтаныс не қилы сөздердікітап, қағаз жүзінде, көркем шығармада, сахнада, мектепте, баспасөзде,радиотеледидар хабарында әдейілеп мақсат қоя қолданудың нәтижесінде олсөздердің әдеби тіліміздің сөз қорының шынайы игілігіне айналып отырғанынбілеміз. Мәселен, айтқанда да, жазғанда да бәріміз жаппай қолдана беретіндақыл, дәндідақыл, бағбан, сүдігер, сақпаншы, мердігерлік сияқты сөздерқазір жұртшылыққа әбден таныс. Бірақ осы сөздердің әуелде Қазақстанның текоңтүстік аймағы тұрғындарының тіліне ғана тән сөз болғанын бәріміз жетебіле бермейміз. Жергілікті сөздердің ішінде, әсіресе, әр түрлі өлкеніңөзіне тән кәсіби сөздер (профессионализмдер) делінетін тарауы әдебитіліміздің сөз қорын, қазақ терминологиясын дамытуда тамаша үлес қосыпкеледі. Мысал ретінде бұл күнде әдеби тілде өзіміз жиі қолданып, жиіеститін, бұрын тек Каспий, Арал, Балқаш балықшылары ғана қолдантын лақа,қаяз, сыла, тыран, мерке, сүген (балықтың түрлері), я болмаса бұрын текоңтүстік диқаны ғана білетін шитті мақта, жүйек, араба, қозапая; сол сияқтыкүні кешеге дейін Сыр бойы қазақтарында ғана танымал қауын түрлерін:әңгелек, торлама, күләбі, патсайы қауын, қант қауын, қауын ішек, қауын құртт.б. сөздерді жатқызуға болады.
Осы секілді күріш, темекі, жеміс, бау-бақша т.б. арнаулы шаруашылықпенайналысатын жерлерде осы кәсіп түрлеріне байланысты терминдер жақсыдамыған. Олардың біразын баспасөз бетінен жиі оқып, теледидардан көріп-естіп жүрміз. Әдепкіде құлаққа тосындау естілгенімен, айтыла келе бірте-бірте құлаққа сіңісіп әдеби тіліміздің лексикасынан өзінің лайықты орныналатынын тәжірибе көрсетіп жүр.
Әдеби тіліміздің сөз байлығына жергілікті халық тілінің қатысыжайында сөз қозғағанда ең алдымен ауызға оралатыны – лексикамыздағы дублетсөздердің жайы. Ауызекі тілімізде болсын, жазба жүзінде болсын ұдайыайтылып, екі ұдай жазылып жүрген баршамызға аян ары−әрі, балуан−палуан,айқай−айғай, бәйге−бәйгі тәрізді сөздер. Дұрысына келсек, бұлар – әрөлкенің қазағының тіліндегі бір сөздің әр түрлі нұсқалары. Білдіретінмағынасы, тілімізде атқаратын қызметі бір−бірімен тепе-тең түсіп жататынболғандықтан, мұндай жарыспалы сөздердің әдеби тіліміздің сөз нәрі,стильдік орамы үшін тигізер пайдасы әлбетте аз болмақ. Бір сөзді бірдериза, бірде ырза, разы деп, дыбыстық тұрғыдан сан−саққа жүгіртіп қолданудыңайту мен жазуда ала-құлазық тудырғаны болмаса, тілдің байлығы танытпасыкәміл.
Қазақ жерiнiң әр өлкесiн қоныстанған жергiлiктi халықтың ауызекiтiлiнде мұндай қыруар сөз бар. Мәселен, осындағы мысалға алынып өткендублеттердiң қай тiзбегiн алсақ та, олардың әр сыңарының ресnyбликамыздыңәр өңipiнe тән сөз eкeнi көрiнедi. Айталық, Қазақстанның оңтүстiгi менбатысында егiз туған үш төлдi, төрт төлдi бiлдiретiн үшем, төртем (немесеүшен, төртен) сөздерiн орыс тiлiндегi дәл осы мағынадағы тройня, четвернясөздерiнiң баламасы есебiнде қолданатын болсақ, әдеби лексикамыз үшiнқандай жарасымды болар едi.
Әсіресе жергілікті профессионализм деп аталатын сөз машығының неалуан үлгілері әдеби тіліміз сөз байлығының сарқылмас көзі, төл қазынасыдесек болғандай. Бір ғана ирригация кәсібі төңірегінде оңтүстік аймақтаайтылатын әуіз, әуіт, тұран, нарсалма, тоғыт уат, қашы сынды сөздер әдебитерминологиямыздың нағыз ырысы десек, әбден сияды. Қазақтың халықдиалектілері мен сөйленістерінің әлі күнге ескерілмей, зерттеуші назарынантыс, қалыс жатқан осы іспетті құбылыстары баршылық. Кейде осындай сөздерді"жергілікті" дегенді желеу етіп жатырқамай, мұқтаж болған жерде белгілімақсатқа лайықтап, сәтті пайдалана алсақ, әдеби тілімізді ұстартудыңсарқылмас арналарының бірі - сол болмақ.
Республикамыздағы белгілі тіл маманы академик Ә.Қайдаровтың мына бірсөзін айта кеткен жөн: Жергілікті халық тіліңдегі фонетикалық, лексикалық,семантикалық, фразеологиялық т.б. ерекшеліктердің өздері де неше түрлі.Олардың ішіңде әдеби тілде толық баламасы жоқ, бірақ ерте ме, кеш пе,әйтеуір, оның бір кәдесіне жарауға тиісті диалектизмдерге кәсіби сөздер,яғни, жергілікті халықтың кәсібіне, әлеуметтік тіршілігіне, шаруашылықжағдайына, табиғи ерекшелігіне байланысты ұғымдардың, заттардың,құбылыстардың атаулары жатады.... Әдеби тіл мен жергілікті тілерекшеліктері арасындағы қытай қорғаны жоқ, - деп көрсетеді.
Ана тіліміздегі мағынасы көмескеленген кей сөздердің бастапқы тарихи төркінін түсіндіруге де жергілікті сөздердің тигізер септігі аз емес. Мәселен, ұнжырғасы түсу деген тipкeстің ұнжырға сөзi халықтық тiлiмiзде осы тipкeстeн басқа жерде жеке қолданылмайды. Ал ендi Маңғыстау қазақтарының тiлiн алсақ, онда оның бұғана сүйектi бiлдiретiн дербес сөз. Бұдан бұл тipкecтер иығы түсу деген тiркеспен мағыналас келетiнiн аңғару қиын емес. Сондай-ақ республиканың батыс бөлiгi тұрғындарының судың тереңдiгiн бел буардан келедi деп қолданылуы - өзге жердiң қазақтары айтатын белуардан сөзiнiң әуелде бел буардан деген eкi сөздiң бiрiгуiнен пайда болғандығының дәлелi. Сол секiлдi қосағыңмен қоса ағар деген iзгi тiлектi бiлдiретiн aлғыс сөз бәрiмiзге таныс. Осындағы ағар деген сөздiң басында қары деген етiстiктiң дыбыстық тұpғыдан өзгеруi нәтижесiнде бертiн келе пайда болған сөз eкeнiн екiнiң бiрi аңғара бермейдi. Өйткенi қары деген eтicтiк қазақ сөйленiстерiнде қартай кәртай деген мaғынадa дербес сөз peтінде қолданылатынын бiлмейтiндер үшiн бұған сену қиын.
1960 жылдарға дейін Қазақстанның түпкір-түпкіріндегі бір аумақ, аудан, не облыс көлемінде ғана қолданылатын, көпшілікке беймәлім, бірақ әдеби тіл терминологиясын байытуға қажетті сөздер арнайы зерттелмей келеді. Осы кезде Ғылым академиясының Тіл білімі институты тұрақты түрде жыл сайын Қазақстанның облыс, аудандарына диалектологиялық экспедициялар ұйымдастырып, жергілікті халық тілінен балық, мақта, бау-бақша, зергерлік тағы да басқа мамандықтарға байланысты ауталарды жиып-теріп, оларды зерттеуді қолға алды. Кәсіби сөздерді алғашқы зерттеушілер профессор Ж.Досқараев пен Қ.Айтазин болды. Қ.Айтазиннің ғылыми шығармашылық жолы қазақ диалектологиясының негізін қалаушылардың бірі оның ұстазы Ж.Досқараевтың есімімен байланысты. Ж.Досқараев пен Қ.Айтазин еңбектерінің басқа зерттеушілерден артықшылығы - балықпен байланысты атаулардың мағыналарын сөзбен сипаттап түсіндірумен ғана шектелмей, объектіге алып отырған заттарды және олардың ұсақ бөлшектерінің суреттерін де келтіріп отыруында. Мұндай иллюстративтік материалдар атаулардың мағынасын аша түсетіні сөзсіз. Қ.Айтазин 1973 жылы кәсіби сөздерге байланысты зерттеулерін қортындылап кандидаттық диссертация қорғады. Бұл еңбектің әдеби тіл лексикасын байытуда маңызы зор болды. Филология ғылымдарының кандидаты, ғалым-педагог, доцент Қазтай Айтазин қазақ тілінің әр түрлі мәселелерін зерттеуге арналған елуден аса еңбек жазған, тілдің көптеген салаларына қатысты тың мәселелерді зерттеп, үлкен жұмыстың өнегесін танытқан ғалым. Оның диалектология мәселелеріне арналған еңбектерімен қатар тастардағы таңба-жазуларды сөз еткен мақалалары да баршылық. Қ.Айтазин лексикография саласында да өнімді еңбек етті. 1969 жылы басылып шыққан бір томдық және алғашқы томы жарық көріп, кейінгі томдары баспада жатқан "Қазақ тілінің диалектологиялық сөздігі" (80 баспа табақ) атты іргелі еңбекті құрастырушылардың бірі болды. 1994 жылы бірнеше ғалым-педагогтармен (О.Тоққожаева, К.Иманқұлова) бірлесіп жазған "Қазақша-орысша оқу сөздігі" жоғары оқу орындарында көмекші оқу құралы ретінде үнемі пайдаланып жүр. Тіл мәдениеті мәселелері де ғалымның назарынан тыс қалған жоқ. Бірақ "Сүйген іс сүйкімді келеді" дегендей ғалымның күш-жігерін сарп етіп, бал арасының гүл шырынын тергендей ізденіп, арнайы шұғылданып, қыруар еңбек еткен саласы лексикология, оның ішінде кәсіби сөздер.
30. Қазақ ғалымдарының зерттеулеріндегі оңтүстік, батыс, солтүстік-шығыс диалектілерінің бөлінісін мысалдармен дәлелдеңіз. Фонетикалық, грамматикалық лексикалық ерекшеліктеріне мысалдар келтіріп, дәйектеңіз.

Қазақтың халық тілі мен ауыз әдебиет үлгілерінен жиналған материалдарды және қазақ тілінің тарихын зерттеу нәтижесінде С.Аманжолов қазақ тілінде үш диалект бар деген қорытындыға келді. Олар мыналар: а) оңтүстік диалектісі – Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарын және Талдықорған мен Қызылорданың кейбір оңтүстік аудандарын қамтиды; ә) батыс диалектісі – Батыс Қазақстан, Гурьев, Ақтөбе облыстарын және Қызылорданың солтүстік аудандарын, Қостанайдың кейбір батыс аудандарын қамтиды; б) солтүстік-шығыс диалектісі – Ақмола, Павлодар, Семей, Шығыс Қазақстан, Көкшетау, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарын және Қостанай мен Талдықорған облыстарының кейбір аудандарын қамтиды.


С. Аманжолов қазақ тілінің оңтүстік диалектісіне бұрынғы үйсін, қаңлы, дулат және жалайыр ьайпа одақтарының тілін жатқызады. Бұл одақтар ерте замандардан бастап – ақ Жетісу, сырдария және Алатау алқабын, яғни қазіргі Алматы, Талдықорған, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарының жерін мекен еткен, олар шығысында – Синьцзянмен (Шыңжан), ұйғырлармен, солтүстік – шығысында – найман, керей, қоңырат тайпаларымен, солтүстік – батысында – алшын тайпалары одағымен, оңтүстігінде - өзбек, қырғыздармен шектескен. Монғол шабуылына дейін де, одан кейін де, сол сияқты 16 – ғасырда қазақ хандығына қосылған кезде де, бұл тайпа одақтары Ұлы жүз болып аталды. Ерте заманнан бастап – ақ бұлардың қоғамдық, шаруашылық және мәдени ортасы бір болды. Соның нәтижесінде олардың бір кездегі тайпалық тілдері бірігіп, бір жергілікті диалект болып қалыптасты. Бұл – қазақ тілінің оңтүстік диалектісі деп аталады. Оңтүстік диалектісінің қалыптасуына Ұлы жүзге кіретін тайпалардың әр түрлі табиғи – тарихи себептерге байланысты басқа тайпалармен қарым – қатынасы нашар болғандығы да үлкен әсер етті. Мәселен, бұл тайпалардың солтүстігіндегі Балқаш көлі, Бетпақ дала, солтүстік – батысындағы ұлан – байтақ далалар, Қызылқұм және Арал теңізі осындай табиғи бөгеттер болып табылады. Онымен бірге бұл диалектінің қалыптасуына көрші өзбек, ұйғыр, қырғыз халықтарының тілі де әсер етті. Ұлы жүздің 17 – 19 ғасырларда Қоқан, Хиуа хандықтары қол астында болуы бұл диалектіге өзбек тілінің ықпалын күшейте түсті. Бірнеше тайпалық тілдердің негізінде қалыптасқандықтан және әр түрлі тілдердің әсері тигендіктен, оңтүстік диалектісінде кездесетін ерекшеліктердің сипаты біріңғай емес. Кейбіреулері жалпылама түрде кездеседі. Енді біреулерінің тараған көлемі шағын, белгілі бір ауданда ғана айтылады. Өзгешеліктердің ішінде оңтүстік диалектісінің басқа диалектілерден айырмасы көрсететін негізгілері бар және негізгі болып табылмайтын жеке ерекшеліктері бар, сол сияқты басқа диалектілерде ауысып кіргендері де бар. Оңтүстік диалектісінің С. Аманжолов көрсеткен негізгі ерекшеліктері төмендегідей.

жүктеу 57.27 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет