26. Қазақ тіліндегі диалектілердің шығу төркіні мен қалыптасуы, пайда болу жолдарын түсіндіріңіз, мысалдармен негіздеңіз



жүктеу 57.27 Kb.
бет3/9
Дата13.11.2022
өлшемі57.27 Kb.
#23829
1   2   3   4   5   6   7   8   9
26-30
Жүсіпбек Аймауытұлы қазақ тілінде жергілікті тіл ерекшеліктері яғни диалектизмдер бар екенін, оның қандай сипатта екенін айтып қана қоймай, сонымен қатар оның әдеби тілге (өз сөзімен айтқанда, «әдебиет тілі») қатысын, пайдасы мен залалын ашып көрсетеді. Атап айтқанда, жергілікті сөздердің әдеби тілге кері әсерін, біріншіден, бір ойды, бір нәрсені әр түрлі етіп айту көпшілікке түсініксіз болатынын, екіншіден, сөздің тұрақсыз, құбылмалы болуы сауаттандыру, хат таныту ісінде бірқатар кедергі болатынын айтады.
Жүсіпбек Аймауытұлы әдеби тілге: «Ол тіл қара халықтың сөйлеп жүрген тілінен өзгеше, ойдан шығарылған, көктен түскен тіл емес, сол қара халықтың сөйлеп жүрген тіліндегі ең қолайлысы, қонымдысы, таңдамасы, пернелісі болуы керек», - деп анықтама бере келіп, жергілікті сөздерді әдеби тілге қатысына қарай: 1) пайдалы сөздер, 2) зиянды сөздер, 3) даулы сөздер деп бөліп, жіктейді. Даулы сөздердің қатарына ғалым көрім, оспадар сияқты сөздерді келтіре отырып, оны бір жақта жағымды, екінші бір жақта яғни аймақта жағымсыз мәнде қолданылатындығын айтып, ондай сөздерді түрік, парсы, араб тілдерінің мамандары зерттеп, түбірін, әуелде қай мәнде қолданылатындығын анықтау керектігін айтады. Әдеби тілге зиянды сөздер ретінде Ж.Аймауытұлы /геу/л-көңіл, /7мха//-піскен, буоатана-бұралқы, sapap-залал-зиян, күнімейін-кун\ бойы-күн ұзын-күн ұзаққа-күн ұзайын, абьдауо-әбійір-абырой т.с.с. лексикалық, фонетикалық вариант сөздерді жатқызып, бір сөздің осылайша әр түрлі болып жазылуына тілімізге келер пайда жоқ екенін айта келіп, оның ішінен біріншіден, әуелгі шыққан түбіріне жақынын, екіншіден, көбірек айтылатынын, үшіншіден, тіл заңына сәйкес өзгерген түрін, төртіншіден, жазуға жеңілін таңдап алу қажеттігін айтады. Ал әдеби тілдің өркендеуіне, баюына жәрдем ететін пайдалы сөздер ретінде ғалым басқыш - баспалдақ - тепкішек, тағдыр - пешене, кереге - дуал - қабырға, шалбар - сым, сыпайы - сыпа - кірпияз т.с.с. сөздерді атайды. Бұл сөздер өзара мәндес, синонимдес болғанмен, әрқайсысы әр түрлі түбірден шыққанын айта келіп, оларды да қалай болса солай қолданбай, сұрыптап қолдану қажеттігін айтады.
Жүсіпбек Аймауытұлы қазақ тілінде бұрыннан бар сөздің орнына басқа тілден енген сөзді алуға болмайтынын, ол тілімізді байытпайтынын, керісінше, шұбарландыратынын, аздыратынын айтады.
Жалпы тіліміздегі диалектілер мен говорлар диалектология мәселелерін қарастырып, шешу үшін ғана зерттелмейді. Жергілікті тіл ерекшеліктерін, диалектілерді, ондағы тіл ерекшеліктерін танып білудің тілдің өткенін, тарихын зерттеуде, ұлт тілінің сөз байлығын меңгеруде оның теориялық та, тәжірибелік те мән-маңызы зор.
Қазақ тілінің халық тілі, ұлт тілі болып қалыптасу процесін, әдеби тілдің даму заңдылықтарын жете толық түсіну үшін, қазіргі тілдегі жеке категориялардың тарихын зерттеу қажет. Ал бұған керекті тілдік материал-дар бұрынғы заманнан қалған тарихи жазба ескерткіштерде, көне нұсқаларда, туыстас түркі тілдерінде және осы күнгі халық тілінің өзінде, оның жергілікті диалектілері мен говорларында жатыр. Жалпы қазақ тілінің, ондағы диалектілер мен говорлардың даму жолы біркелкі емес. Осыған байланысты халық тілінің жергілікті ерекшеліктерінде қазіргі кезде әдеби тілде жоқ, әлдеқашан жойылып кеткен көне тілдік белгілер сақталып қалған. Олардан қазақ тіліндегі көптеген тілдік категориялардың тарихына, өткеніне қатысты материалдар табуға болады. Осы жерде бір ескерер жай, осылардың дені түркі тілдерінің көне ескерткіштері мен нұсқаларындағы тіл құбылыстарымен үндесіп келеді. Бұлар тіл тарихына тікелей қатысты десек те болады, мұның өзі тілдің өткен тарихын, оның тарихи фонетикасын, грамматикасын және лексикологиясын жасау жұмысын едәуір жеңілдетеді.
Мысалы, кей еңбектерде дыбысы, қазақ тіліндегі в, ф, ц, щ дыбыстары сияқты, орыс тілінің әсерінен пайда болған деп айтылады. Қазіргі әдеби тіліміздің нормасы жағынан осылай болғанмен, қазақ тілінің жалпы дыбыс жүйесі даму жағынан көз жіберсек, ч дыбысы түркі тілдерінде, оның ішінде қазақ тілінде бұрыннан бар. Тарихи жазба нұсқаларға қарағанда оның көне түркі тілдерінде кең тарағаны көрінеді. V-VIII ғасырларда орхон-енисей жазуларында - чур (титул - оғлан чур), чаб (даңқ), чығай (кедей), көңлунчә (көңілінше), XI ғасырдағы М.Қашғаридің белгілі Түркі тілдерінің сөздігінде чадан (шаян), чечек (шешек), черіг (шерік), куч (күш) т.б. сөздерді кездестіруге болады. Ч дыбысы қазіргі көптеген түркі тілдерінде де (қырғыз, түрікмен, өзбек, ұйғыр, азербайжан т.б.) жиі қолданылады. Ал қазақ тілінде бұл дыбыс Маңғыстау түбегінде және оңтүстік-шығыс аудандардағы жергілікті халық тілінде кездеседі. Көбіне сөздің басында, кейде ортасында мұрын жолды сонор дыбыстардан соң қолданылып, әдеби тілдегі ш дыбысы орнына қолданылып айтылады: чикі, чана, чығу, чыдау, енчі, қамчы, сонча, келгенче т.б. Әрине, қазіргі түркі тілдерінде, сол сияқты қазақ тілінің жергілікті говорларында бұл дыбыстың қолдану, айтылу дәрежесі бірдей емес [5, 6].

жүктеу 57.27 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет