26. Қазақ тіліндегі диалектілердің шығу төркіні мен қалыптасуы, пайда болу жолдарын түсіндіріңіз, мысалдармен негіздеңіз


Жергілікті тіл ерекшеліктерінің диалектілік, говорлық сипатына тоқталыңыз, ерекшеліктері мен ұқсастықтарын кестеге түсіріңіз



жүктеу 57.27 Kb.
бет2/9
Дата13.11.2022
өлшемі57.27 Kb.
#23829
1   2   3   4   5   6   7   8   9
26-30
27. Жергілікті тіл ерекшеліктерінің диалектілік, говорлық сипатына тоқталыңыз, ерекшеліктері мен ұқсастықтарын кестеге түсіріңіз.
Халық тілінен, түрлі көркем шығармалар тілінен сан-салалы сөз орамдарын, диалектілік сөздерді яғни жергілікті тіл ерекшеліктерін жинап, бір ізге түсірудің маңызы зор. Аймақтық тіліміздегі диалектілік тілдік ерекшеліктер ол халық тілінің байлығы, оның бөлінбес бір қазыналы тілдік тарихи-мәдени мұрасы болып табылады. Осы диалектілік ерекшелікердің тілдегі қызметі мен оның тілдік табиғатын жете түсіну, оны жан-жақты зерттеу бүгінгі ұлттық тіліміздің дамып, жетілген тұсында жан-жақты толық қарастыру тілде өзекті болып табылады. Тілдегі жергілікті тіл ерекшеліктерін барынша жиып-теріп, зерттеу оларды тұлғалық және мағыналық жағынан саралап, лингвистикалық тұрғыда тілдік табиғатын, ерекшеліктерін ғылыми тұрғыда зерделеп, сараптап, лексика-семантикалық, тақырыптық, мағыналық т.б. түрлі жақтарынан жіктеп, қарастыру бұл уақыт талабы.
Ақын-жазушылар тіліндегі жергілікті тіл ерекшеліктерін зерттеу арқылы сол аймаққа тән тек тілдің өткенін, түп тамырын ғана емес, сол тілді қолданушы халықтың мәдениетінің тереңін, тіл тұңғиығын, халықтың жергілікті тілдік табиғатының, сөз байлығының, сөз құнарының тереңін білуге болады. Диалектілік жергілікті тілдік ерекшеліктер жергілікті халық өмірінің тарихы, тұрмыс-тіршілігі мен таным, көзқарастарына тікелей байланысты. Олар арқылы халық тілінің мол тілдік мұралары қалыптасып, дамып, қажетінше жалпыхалықтық тілдің мол тілдік қорына эсер етіп, оларды байытып отырады. Тілімізде айшықты көрініс тауып, жергілікті жерге қатысты халықтың бүткіл рухани-мәдени өмірінен, өмір сүру салты мен әдет- ғұрпынан, тұрмыс-тіршілігінен т.б. мол нақты мәліметтер беретін диалектілік жергілікті тілдік ерекшеліктер материалдар, бірліктер арқылы көрініс табады. Қазақ тіліндегі жергілікті тіл ерекшеліктері яғни диалектілерді зерттеу мен зерделеудің маңызы зор. Себебі ол біздің тіліміздің тарихы, тілдік байлығымыз, тіліміздің бір бөлшегі болып табылады.
Қазақ тілінің аймақтық, жергілікті тіліндегі көптеген сөздерді танып-білуде, оларды өз кәдемізге жаратуда, халқымыздың төл тіл байлығын байытуда тіл білімінің сүбелі бір саласы - диалектология ғылымының алатын орны ерекше деп айтуға болады. Әдеби асыл да, құнарлы көркем тілімізді байытып, қорландыруда тіліміздегі жергілікті тіл ерекшеліктері болып табылатын диалектизмдер бар. Қандай да тілдің болмасын өзінің жергілікті тіл ерекшеліктерінен бастап, тілдің ең жетілген, сұрыпталған жоғарғы түрі жалпыхалықтық әдеби тілге дейін дамып, нормаланып, қалыптасып отырады. Тілдегі көптеген жергілікті тіл ерекшеліктері, сан түрлі сөздері арқылы сол халықтың яғни ұлттың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, тұрмыс-тіршілігін, болмысын, танымын, тарихын жалпы бәрін-бірін көруге болады. Қазақ тіліндегі жергілікті диалектілерді барынша зерттеп, зерделеудің қазіргі қазақ тіл білімі үшін үлкен мән-маңызы зор. Себебі тіл халық тарихы, мұрасы, оның өткені мен бүгіні, тіл біздің рухани мол құндылықтарымыздың басты белгісі болып табылады. Тіл халықтың айнасы десе де болады...
Тілімізде қазақ диалектологиясының тарихы XIX ғасырдың екінші жартысынан басталады. Халықтың ауызекі сөйлеу тіліндегі жергілікті ерекшеліктерді зерттеу, экспедициялардың ұйымдастырылуы XX ғасырдың 30-жылдары ғана қолға алынғанмен, қазақ тілінде жергілікті ерекшеліктердің кездесетіндігі туралы одан әлдеқайда бұрын айтылған. Миссионерлік пиғылмен болса да, қазақ тілінің орыс жұртшылығына таныстырыла бастауы XIX ғасырдың екінші жартысынан басталатыны белгілі. Сол кездердегі еңбектерден-ақ қазақ тілінде жергілікті ерекшеліктер бар деген тұжырымды анық байқауға болады. Мысалы, түрколог ғалым, Н.Ильминский «Материалы к изучению киргизского наречия» деген еңбегінде «...для человека, живущего в Оренбурге, вовсе невозможно познакомиться с киргизским наречием по книгам... Изучение его можно только среди киргизов», - деп жазады.
Мұндай пікір түрколог ғалым, П.М.Мелиоранский еңбектерінде де кездеседі. Зерттеуші былай деп жазады: «Оренбургская губерния представляет из себя весьма интересное поле наблюдения для тюрколога, так как в ее смешанном татарско- башкирско-киргизском населении можно знакомиться не только с этими тремя наречиями, но местами и с различными переходными говорами. Язык киргизов Оренбургской губернии несколько иной, чем язык их сородичей в степях Западной Сибири» [2].
Ендеше қазақ тілінде жергілікті тіл ерекшеліктері кездесетіні туралы пікірдің тарихы өте ертеден басталатынын көреміз. Халықтың ауызекі тіліндегі өзгешеліктер туралы XX ғасырдың басында да жан-жақты сөз болған.
Жалпы алғанда, XX ғасырдың басында қазақ зиялыларының ағартушылық саласында тынбай ізденіп, ғылымның қай саласында болмасын, батыл қадамдар жасағаны тарихтан белгілі. Алайда жазудың түрлілігіне, материалдың тапшылығына байланысты ол кезең әлі толық зерттеу нысанына айнала алмай келеді. XX ғасырдың басындағы қазақ тіліндегі жергілікті тіл ерекшеліктері туралы пікірлерге мүмкіндігінше шолу жасалып, мәлімет, деректер негізделе отырып бұл кезеңде бірқатар батыл тұжырымдар айтылғанына көз жеткізуге болады. Қазақ тілінің жергілікті ерекшеліктері туралы пікір Қошке Кемеңгерұлының «Қазақша-орысша тілмаш туралы түсініс», Ж.Аймауытовтың «Тіл туралы», «Әдебиет тілі мен емле» т.с.с. мақалаларда сөз болады. Аталған мақаласында Қошке Кемеңгерұлы «Қазақша-орысша тілмашта» бірқатар, көптеген түсініксіз сөздердің кездесетінін, себебі сөздік құрастырушылардың көпшілігі Ақмоладан болғандықган, сөздікте бірқатар Ақмоланың жергілікті сөздері кіріп кеткенін ескертеді [3].
Ғалымның осы сөздерінен-ақ қазақ тілінде жергілікті тіл ерекшеліктері кездесетінін мақұлдағанын байқауға болады.
Бұл орайда, әсіресе Жүсіпбек Аймауытұлының мақалаларына назар аударарлық. «Тіл туралы» деген мақаласында: «Қазақтың әр елінде, әр гүбірнесінде өздері ғана қолданатын, өзге елдер білмейтін тілдер бар. Мұны ғылым тілінде жергілікті тіл(провинциализм) деп атайды» [4].

жүктеу 57.27 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет