25 сәуір, 2001 ж. Мектепте оқып жүрген



жүктеу 63.73 Kb.

Дата10.09.2017
өлшемі63.73 Kb.

25 сәуір, 2001 ж.

Мектепте оқып жүрген

кезімде ағайым Айтбайдың

аузынан Қасым Аманжолов тура-

лы, оның талантты да дарынды

ақын екендігін жиі еститінмін.

Айтбай Нәрешев 1938 жылдан

1981 жылға дейін Қарағанды пе-

дагогика институтында, одан

кейін университетте қазақ

әдебиеті тарихынан дәріс оқыған

ұлағатты ұстаз, білгір

әдебиетшілердің бірі еді.

— Біз,— дейтін ол, 1936 жыл-

дары Оралдың А.С. Пушкин атын-

дағы педагогика институтында

Қасыммен бірге оқыдық. Ол сту-

дент кезінен-ақ өршіл, лирик

ақын, үлкен өнерпаз жан болды.

Оның тұла бойы тұнған жыр,

жүрген жері ойын-сауық бола-

тын.


"Ағайдың ақын жөніндегі

мақтау сөздері әсер етті ғой

деймін, бұдан былай Қасым шы-

ғармаларын іздеп жүріп оқитын

болдым. 1938 жылы шыққан

«Өмір сыры» атты жыр жинағын

тауып алып оқыдым. Қасымның

1940 жылдары жазылған «Ора-

мал» деген өлеңінің:

Айрылмасқа серттескен,

Айғағым бұл орамал;

Орамалға, тілесең,

Жүрегімді орап ал!

Кіршіксіз ақ орамал,

Көз жасыммен жуғанмын.

Жаным сендік, қабыл ал,

Бір сен үшін туғанмын,— де-

ген жолдары әлі күнге дейін

есімде. Бұл өлеңді жас шағым-

да жиі айтып жүретінмін. Қасым-

ға, оның шығармасына деген

құмарлық оқытушылар институ-

тында оқып жүргенде бұрынғы-

дан да гөрі арта түсті. Мұнда та-

лантты ақын Қабыкен Мұқышев

әдебиеттен дәріс оқыды. Ол кісі

де тамаша лирикалық өлеңдер

жазатын, жиі-жиі ақындар айты-

сын ұйымдастыратын. Өзі де

Қасым сияқты үлкен талант иесі

еді марқұм. Жүрген жері ойын-

сауық, әр сөзі төгіліп тұрған по-

эзия болатын. Ол Қасым Аман-

жолов, Қалижан Бекхожин, Қапан

Сатыбалдинді аузынан таста-

майтын. Олармен бірге жүрген

кездерін қызықты әңгімелейтін,

өлеңдерін жатқа айтатын.

Әсіресе, Қасымның ақындық

құдіретіне табынатын. Мысалы,

ол ақынның Маяковский туралы:

Арыстандай ақырған

ақын еді,

Жыр көгінде қырандай

шалқып еді.

Даусы қалды құлақта

саңқылдаған,

Жыры қалды жүректе

жарқылдаған,

Жыр керек қой дүниеге,

жыр керек қой,

Неге ғана өледі ақын адам?!

— деген өлеңін жиі айтатын.

Бұдан Қасым Аманжоловқа

деген құмарлығым күн санап

арта түсті, ақынды жүзбе-жүз

көруді армандадым.

Оқытушылар институтын

бітіргеннен кейін екі жыл орта

мектепте қазақ әдебиетінен са-

бақ бердім. 1946 жылы астана-

мыз Алматыға келіп, С.Киров

атындағы Қазақтың мемлекеттік

университетіне оқуға түстім.

Соғыстан кейінгі жылдары

тұрмыстың ауырлығына байла-

нысты студент-жастардың

көпшілігі қосымша жұмыс

істейтін. Біз де жұмыс іздеп

біраз мекемелердің есігін аш-

тық. Курстас досым Қайсар

Қасымбеков екеуміз Қазақтың

мемлекеттік көркем әдебиет

баспасына (қазіргі «Жазушы»

баспасы) корректор болып орна-

ластық. Бұл баспа орны тәрбие,

білім орталығына айналды.

Мұнда белгілі ақын-жазушылар,

қаламы төселген журналистер

болды. Т.Ахтанов, Т.Әлімқұлов,

Мұса Дінішев (КСРО халық артисі

Әлібек Дінішевтің әкесі), Дихан-

бай Қосанов, Нағима Арықова

апай — бәрі де редакторлық

қызмет атқарды.

Бір күні баспа директоры

Жұмабай Есбатыров бізді

кабинетіне шақырып алды. Бар-

сақ, оның қарсы алдында орта

бойлы, өткір көзді, отыз бес-

қырықтар шамасындағы әдемі

қараторы жігіт ағасы отыр екен.

— Танысып қойыңдар, ақиық

ақын Қасым Аманжолов ағала-

рың осы кісі болады, — деп та-

ныстырды Жұмекең қасында

отырған адамға күлімсірей

қарап.


— Айтбай ағатайыммен

Оралда бірге оқыған ақын Қасым

аға сіз екенсіз ғой, — деп ор-

нымнан ұшып тұрып қолын ал-

дым. Тосыннан болған оқиғадан

абдырап қалғандай болған ақын:

— Сен өзің оралдық Айтбай

Нәрешевтің інісі болдың ғой, бау-

ырым, — деп, ол да мені құшағына

алды. Көптен көрмеген туыс адам-

дай шүйіркелесіп, ағайдың аман-

дығын, отбасы жағдайын, қайда,

не істейтіндігін сұрап жатты. Осы

кезде туған жерім Орал, Үйшік,

Еділ-Жайық, Шаған бойы есіме

түсіп кетті де, Қасымның соғыс

жылдары жазған:

Оралым, шықтың алдымнан,

Оралым менің, Оралым,

Қол созып қызыл вагоннан,

Үстіңнен өтіп барамын,

— деп басталатын «Оралым,

сөздің расын,

«Екі жарты — бір бүтін»

деген сөз бар,

Бір бүтін қайта екіге

жарылмасын», —

деп өлеңдете жөнелді.

— Бәрекелді, айтқаның келсін,

көп жаса! Міне, ақын деген осын-

дай болу керек! — деп Тәкен, Ди-

ханбай, Мұсалар алғыстарын жау-

дырып, Қасымның қолын алып, ри-

зашылықтарын білдірісіп жатты.

Осы жылдары Көркем әдебиет

баспасынан Қ.Бекхожиннің «Көк-

тем» атты жинағы жарық көрді. Бұл

жинақ жөнінде «Пионер» журналы-

на рецензия жаздым. Көп ұзамай,

1948 жылы Қ.Аманжоловтың атақ-

ты «Дауыл» жыр жинағы басылып

Қасым Аманжоловтың туғанына

 —

90 жыл

ҰМЫТЫЛМАС

БЕЙНЕ

алғашқы аяқ алыстарының ұнай-

тындығын өте жылы

сүйіспеншілікпен атап өтті. Олар-

дың болашақта поэзия жүгін

алып жүрер жақсы ақын бола-

тындықтарына үлкен үміт, зор

сенім білдіре сөйледі.

Қасымның әдебиет, өнер

жөніндегі әсерлі де өте тартым-

ды әңгімесі ойымызды сергітіп,

бойымызға күш-қуат қосқандай

болды. Басқаларды қайдан

білейін, ал Қайсар екеуміз

өзімізді ақын болып кеткендей

сезіндік.

— Қасеке, осы жұрт сізді ән

шығаратын композитор, көпте-

ген музыкалық аспаптарда ой-

найтын музыкант деседі. Ал енді

өнеріңіздің осы бір қырын

көрсетсеңіз қайтеді,— деп

өтініш білдірді баспа редак-

торы Мұса Дінішев.

— Ой, Мұсажан-ай, халық

айтса қате айтпайды ғой!

Өнердің бұл жағынан да ха-

барымыз бар. Әй, Сәпкен,

әпкел менің домбырамды! —

деді Қасым екі көзі отша жа-

нып, бүркітше түйіліп. Дом-

быра да күйіне келіп тұр екен,

иесінің

шықтың алдымнан» деген өлеңін



мүдірместен жатқа айтып шықтым.

— Ой, бауырым, үлкен рахмет!

Ел-жұртыңды сен де сағынған

екенсің, ойда жоқта кешегі ес біліп,

етек-жеңімді жинаған, жастық ша-

ғым өткен Орал жерін еске

түсірдің-ау, жаным Рамазан,—

деді Қасым Орал қаласында

өткізген өмірін еске алып.

— Ал, Қасеке, мына жігіт Қай-

сар Қасымбеков деген студент,

Қарағандының Қарсақбай, Ұлытау

жағының азаматы, Рамазан екеуі

ҚазМУ-да бірге оқиды. Бір жағы-

нан бізде корректор болып қызмет

атқарады. Әдебиетке құмар, та-

лапты жастар,— деп таныстырды

бізді Жұмекең.

Қ.Аманжоловпен алғашқы

кездесіп танысуым осылай баста-

лып еді.

Қазақстан Жазушылар одағы

Қасымның «Дауыл» атты өлеңдер

жинағын басып шығаруды осы біз

қызмет істейтін баспаға тапсы-

рыпты. Баспа директоры бізді осы

жинақтың корректурасын қарап

шығуға бекітіп, жинақтың авторы-

мен таныстыру үшін өзіне шақырғ-

ан екен. Жинақтың редакторы бо-

лып ақын Т.Әлімқұлов бекітілді.

Тәкен Әлімқұлов Қасымның

қолжазбасын қарап отырып, оның

«Советтік менің өз елім», «Орал»,

«Байқал», тағы басқа өлеңдерін,

«Абдолла» поэмасын дауыстап оқи

отырып, ақынның оқ боп атылып,

от боп лаулап тұрған әрбір сөзіне

жеке тоқталып: «Не деген ақындық

құдірет! Не деген ғажап тапқыр-

лық пен ұшқырлық!»,— дөп тамса-

на таңданатын. Кейіннен Т.Әлімқұ-

лов танымал жазушы болды, көпте-

ген повестердің авторы, Қасым-

ның таңдамалы жинақтарына

бірнеше рет алғысөз де жазды.

Оның Қ.Аманжоловты зерттеу-

шілердің алдыңғы легінде болға-

ны мәлім.

Осы кездері Қасым біздің бас-

па редакциясына жиі келетін. Қол-

жазбаларына түзетулер енгізіп,

басқадай өлеңдерін әкеп беріп

жүрді. Бір күні редакторлар

бөлмесінде Қасым мен Тәкенге

келіп жүретін Ханзаш деген татар

қызы отыр екен. Бәріне де сәлем

бердім. Қасым Ханзашты бұрын-

нан біледі ғой деймін, әзіл-қал-

жыңы аралас қызық әңгіме айтып,

жұрттың бәрін күлкіге бөлеп отыр.

Осы кезде редактор Диханбай

Қосанов тұрып:

— Қасеке, өзіңді мына қалам-

дас достарың өлеңді суырып са-

лып айтады дейді. Міне, мына

Тәкен мен Ханзашқа арнап бір өлең

шығарып жіберсең қайтеді,— деді,

әлгіндегі күлкісін баса алмай,

Қасымға сүйсіне қарап. Қасымның

көңіл-күйі көтеріңкі, шабытты сәті

болуы керек, қыз бен жігітке өткір

көзін бір төңкеріп тастады да:

«Бірің дос,

бірің жақын қарындасым,

Аямас сендер келсең,

барын Қасым,

«Жете ме жоққа жүйрік»

деген сөз бар,

Жоқтықта көңіл шіркін

тарылмасын.

Бірің дос,

бірің жақын қарындасым,

Айтамын айт десеңдер

шықты. Жинақтың корректоры бо-

лып мен қол қойдым-. Ал рецензи-

яны Қ.Қасымбеков жазып, «Ленин-

шіл жас» газетіне жариялаған-ды.

— Ал, жігіттер, — деді бір күні

Қасым Аманжолов «Дауыл» жина-

ғының бірнеше данасын қолына

алып тұрып,— кітабымның басы-

лып шыққанына өте қуаныштымын.

Сендерге үлкен рахмет. Қолтаң-

бамды қойып, осы жыр кітабымды

ескерткіш сый ретінде бәріңе де

ұсынғалы тұрмын. Одан кейін ал-

дымыздағы жексенбіде бәріңді де

үйге қонаққа шақырамын, — деді

жайраң қағып.

1948 жылғы күз айы болатын.

Тәкен Әлімқұлов бастаған бір топ

адам «Алматинканы» көктей өтіп,

Городская көшесіндегі Қ.Аманжо-

ловтың үйіне келіп те қалдық. Тау

бөктеріндегі сарқырай ағып жатқ-

ан өзеннің жағасындағы ақынның

үйін жасыл жапырақтар жасырып

тұрғандай.

Қасым мен Сақыпжамал апай

бізді қуана қарсы алып жатыр.

Амандықтан кейін үй ішін Қасым-

ның жыр жинағымен құттықтап,

азды-көпті әкелген сыйлықтары-

мызды беріп жатырмыз. Бір

бөлмелі, кішкене ғана үй екен, біраз

отырғаннан кейін бой жазуға да-

лаға шығып, бақ ішіне барып жай-

ғастық. Ас-дәм осы бақ ішіне дай-

ындалды. Дастархан басында жа-

расымды әңгіме басталып та кетті.

Бірінші сөз алған үй иесі Қасым:

— Ой, айналайын қымбатты

бауырларым, ағаларыңды елеп,

еркелеп келгендеріңе өте қуаныш-

тымын, оның үстіне менің өлең-

жырларымды кітап қылып шығар-

ғандарыңа шын жүректен алғыс

айтамын. Өздеріңе ұзақ өмір, зор

денсаулық, бақыт, еңбекте табыс

тілеймін,— деп ағынан жарыла,

ақтарыла сөйлеп кетті.

— «Дауыл» жыр жинағы соғыс-

тан кейінгі қазақ поэзиясының

шоқтығы деп білемін, — деді сөз

алған ақын Тәкен Әлімқұлов.— Ол

— сезіміңді тереңдетіп, мейірімің-

ді молайтып, қиялыңа қанат қақты-

ратын, жаныңды шаттандыратын

поэзия. Міне, осындай шығарма-

лардың авторы Қасым Аманжолов

жасай берсін, — деп бітірді дас-

тархан басындағы сөзін. Қасым-

ның ақындық ерекшелігі, өзіндік

мәнері, өз үні, өз сезімі жөнінде

әңгімеленіп жатты. Соңынан Қа-

сымның өзі сөйлеп, сол кездегі әде-

биет жайы, қазақ поэзиясының

жанрлық жағынан өсіп дамуы

жөнінде өз пікірін ортаға салды.

Ә.Тәжібаевтың, Ғ.Слановтың,

Қ.Әбдіқадыровтың шығармашы-

лық өнеріне ерекше тоқталды. Ол

поэзиямызға кейіннен қосылған

С.Мәуленов, Ғ.Қайырбеков,

І.Мәмбетов, Қ.Шаңғытбаевтардың

саусағы тиісімен безілдеп қоя

берді. Ақын Қасым әнші Қасы-

мға айналды. Неше түрлі ән мар-

жанын төкті... Ет-жүректі

елжіретіп, жан тербетер не де-

ген ғажап үн! Не деген шыншыл

лебіз десеңші, шіркін! Сиқырлы

саз бен әсем әуен бәрімізді де

өзіне бірден баурап алды. Осы

сәтте ақынның:

Көңілім шарықтап бір

кейде үйде,

Жырлаймын шалқып басып

әрбір күйге,

Шарпыған қызыл жалын

мінезім бар,

Мейлің сүй, ерік сенде,

мейлің сүйме, —

деген өлеңі есіме түсті. Қасым-

ның әлгінде орындағандары —

«Дариға-ай, сол қыз», «Туған

жер», «Өлсем орным — қара жер»

атты төл әндері екен. Ол тек дом-

бырада ғана емес, мандолина,

скрипка мен сырнай сынды ас-

паптарда да шебер ойнайтын еді.

Қасымның ақиық ақындығымен

қоса әнші, композиторлығына,

осындай сан қырлылығына бас

иіп, үлкен ризашылық пен қоше-

мет көрсетіп отырдық.

Біз үй ішіне алғыс, ізгі ниет,

ақ тілегімізді айтып, кетуге жи-

налдық. Қасым мен Сақыпжамал

апай бізді біраз жерге дейін

шығарып салды...

Бұл басқосудан зор тағлым,

үлкен ғибрат алдық. «Болмасаң

да ұқсап бақ, бір ғалымды

көрсеңіз»,— деп ұлы Абай ата-

мыз айтқандай, отты да өршіл,

біртуар ақын Қасымға ұқсауды

әрқайсымыз да ішімізден ар-

мандап қайттық.

Менің Қасыммен кездесу

сәттерім осындай жағдайларда

өткен еді. Өз басым Қасым си-

яқты қазақтың классик, дүлдүл

ақынымен бірнеше рет кездесіп,

оның үйінде, дастархан басын-

да бірге болып, әңгімесін тың-

дағанымды мақтан тұтам. Тіпті,

«Дауыл» жыр жинағының коррек-

торы болғанымды да мақтаныш

көремін. Қасыммен бірге болған

күндерімді өмірімнің небір

қуанышты да, жарқын сәттері деп

есептеймін. Қасым бейнесі көз

алдымнан өмірбақи кетпек

емес. Оның жалын атқан отты по-

эзиясы бойыма күш, санама ой,

жүрегіме от, жаныма жарық

береді. Өшпес, өлмес өмірге ба-

стайды. Қасым Аманжолов —

әрқайсымыздың жүрегімізде

мәңгілік сақталып қалатын

қасиетти есім болмақ.

Рамазан НӘРЕШЕВ.

СУРЕТТЕ: (солдан оңға қарай)



Ә. Көшімов, С. Мәуленов,

Қ.Аманжолов, Ә. Омарбаев.




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал