25 мамыр күні еліміздің барлық мектептерінде соңғы қоңырау үні сыңғырлады. Алда – жаз маусымы, артта – 9 айлық еңбек. Әрбір оқушы бұл күні әртүрлі ойда болады



жүктеу 0.71 Mb.

бет6/7
Дата11.09.2017
өлшемі0.71 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

1942 жыл 22 маусым

Сұрапыл бір сәт тыныстап

Қарадым келген көктемге.

Ұшқыр қиял жылыстап,

Ауылға жеттім, бөктерге.

Осы кез ана қыр күліп,        

Қызғалдақ гүлге оранды-ау.

Ініне жаудың су құйып

Мүмкін бе? Елге оралмау.

Егін сап жатқан шығарсың,

Жүргізіп соқа мен үшін.

Аз күнге ана шыдарсың,

Қол созым жерде жеңісім.

Арнаған маған көк  тайың,

Ат болған шығар арқалы.

Сағындым ауыл көкпарын,

Сайранды Сарыарқаны.

  

1944 жыл 23 шілд



е

Әкемнің ана орнына ана болған 

Нағима тәтесіне жазған хаттардан

Көк аспанда қалықтаған 

Сарыарқа сұңқары

 

Ардагер 

әңгімесі

Ерланд Нұралханұлы

Таңатов  Қойтөлеу  Таңат 

ұлы  1900  жылы,  8  на-

урызда  Абай  ауданын-

да  өмірге  келген.  Орта 

білімді. Өз еркімен тіленіп, 

1942  жылы  әскерге  Семей 

қаласы,    Октябрь 

қалалық  комиссариатынан 

кеткен.  Соғыста  2-ші  Бе-

лорус  майданында  болған. 

Ребулск 


бағытында 

шайқасқа  14  мамыр  1942 

жылы  қатынасып,  Отан 

алдындағы  міндетін  орындап.  Жауынгер  жолдаста-

рымен бірге, бірнеше шешуші шайқастарға қатысқан. 

Соғыс кезінде бірнеше медальдар мен марапатталған. 

1944  жылдыц  қыркүйек  айында  «Ерлігі  үшін» 

медальімен  наградталса,  1945жылы  16  маусымда 

Бас  қолбасшы  И.В.  Сталиннің  үшінші  құттықтау-

марапаттау қағазымен алғыс жарияланған. 1945 жылы 

Германияны  жеңгені  үшін  медальімен  наградталған. 

Жеңістің 20, 30, 40 мерекелік медальдарымен қоса Гер-

манияны жеңген үшін 7 мамыр 1965 жылы, наурызда, 

1979  жылы  СССР  қарулы  күштерінің  60  жылдығы 

мерекелік  медальімен  марапатталған.  14  наурызда 

1985 жылы II дәрежелі Отан соғысы орденімен  

наградталған. 1 шілде 1945 жылы әскерден босап елге 

оралған.  Елге 

қайтқаннан кейін Семей қаласында 

су  пароходствасында,  ТЭЦ  №2  мекемесінде,  Тері 

илеу заводында жұмыс істеп, еңбек демалысына 1963 

жылы шықты. Қойтөлеу  отбасында, 4 бала: 3 қыз,бір 

ұл тәрбиелеп өсірді. 7 мамыр 1986 жылы өмірден өтті. 

Баласы Толеуғали бұл күнде құрметті азамат, жол са-

пасы саласында қызмет жасап, 2006 жылы «Құрметті 

Жолшы» кеуде белгісімен марапатталған.



Танатов Әлібек,

 шөбересі.

Отан үшін от кешкен

Жауынгерлік ту астында 

Жеңістің  70  жылдығы  қарсаңында  «Ер 

есімі  –  ел  есінде»  (Мы  помним,  мы  гор-

димся)  атты  фото-кітап  жарыққа  шықты. 

Фото-кітапқа Ұлы Отан соғысына қатысқан 

майдангерлердің  ұрпақтары  жолдаған  де-

ректер  мен  фотосуреттер  топтастырылған. 

Құрастырушы-автор: Қазбек Бейсебаев.

Кітап 

аудармасынан 

үзінді:Бүгін 

халықтық  комиссар  шешімімен  маған  жаңа 

әскери атақ 

берді.  Енді  мені  кіші  лейтенант  ретінде 

күтуіңе болады.

Баубек  Бұлқышев  Ю.А.Гагарин  алғаш  рет 

ғарышқа ұшқаннан кейін бүкіл әлемге танылған 

Қазақстанның  кішкене  селосы  Байқоңырда 

туылды. 

Фабрикалық-заводтық 

оқытуды 

аяқтады.  Алматы  газетінде  жұмыс  істеді.  Жа-

зушы болуды армандады. Міне, соғыс, майдан.

Жауынгерлік міндет ауыр. Бірақ сапер Бау-

бек Бұлқышев сирек болатын тыныш сәттерде 

кемеңгерлікпен  күнделік  жазды.  «Фашистер 

біздің  жастық  шағымызды,  болашағымызды 

алып  қойғысы  келеді,  -  деп  жазды  ол.  -  Бірақ 

біз  оңайлықпен  берілеміз  бе?  Өлсек  өлеміз, 

бірақ берілмейміз!» Ары қарай: «Адамгершілік 

Софоклдан  Ленинге,  Гомерден  Горькийге, 

Бахадан  Шостаковичке  дейін  көп  өткелден 

өтті.  Адамгершілік  ғасырлар  бойы  мәдениет 

байлығына  жинақталды...  XX  ғасырдың 

мәдениет 

мұраларын 

талқандаушыларға 

ештеңе де бермейміз», - деп қайталап, қатаң 

шешіммен аяқтайды Баубек: «Таңертең ұрысқа 

Отанды ойлай аттанамын!».

1942  жылы  жазда  Баубек  құрдас-

майдандастарының кеңесімен Мәскеуге «Ком-

сомольская  Правда»  редакциясы  мекенжай-

ына  күнделігінен  үзінділер  жазып,  жолдады. 

«Правда»  газетінің  саяси  шолушысы  Юрий 

Жуков сол кезде Баубек Бұлқышевтің ұсақ ха-

барлары газет бөлімінде бірден қызығушылық 

туғызғанын, олардың бір бөлігі жарияланғанын 

және  майданнан  тікелей  ақпар  болып  келіп 

тұрғанын айтады.

1943  жылдың  күзінде  үлкен  әскери 

стратегиялық  маңызы  бар  Криворожский 

темірлі-кенді аймақты және Никопольский мар-

ганец бассейнін қорғауда кескілескен ұрыс ба-

сталды.

Баубектің саперлік батальонды басқарғаны 



жөнінде  жазған  хаттары  өте-мөте  сирек  келіп 

тұрды,  содан  кейін  мүлдем  келуін  тоқтатты. 

Ұзақ  үнсіздіктен  соң  жауынгер  Н.Степурин: 

«Баубек  Бұлқышев  –  менің  командирім,  ол 

біздің ең жақсы досымыз әрі жолдасымыз бол-

ды. Ол Ново-Юльевка селосындағы шайқаста 

қаза тапты»,- деген хабар жіберді...

Бірнеше  жыл  өткеннен  кейін  мынадай  рес-

ми  анықтама  келді:  «810-шы  атқыштар  полкі, 

394-ші  атқыштар  дивизиясының  саперлік 

бөлімшесінің  командирі  Баубек  Бұлқышев, 

Қарағанды  облысы,  Қарсақпай  ауданында 

туған,  Бүкілодақтық  большевиктік  комму-

нистер  партиясының  мүшесі,  1944  жылы  3 

ақпанда  қайтыс  болған,  Ново-Юльевтің  Дне-

пропетровский облысы, Софийский ауданында 

жерленді».

Дайындаған: Әсел Асанова

Баубек Бұлқышев: 

«Таңертең ұрысқа 

Отанды ойлай 

аттанамын!»

  «Егер  фашистерді  біз 

жоймасақ, олар біздің түбімізге 

жетеді.  Сөйтіп,  қуанышты, 

бақытты  өмір  қайтып  орал-

майтын  болады...».  Нүркен 

Әбдіровтың 

тұңғыш 

рет 

жауынгерлік 

тапсырмамен 

ұшар алдында жазған хатынан 

(23 қазан).

Бейбіт  өмір  мен  ел  бірлігін 

аңсаған  Нүркен  Әбдіров  1919 

жылы 


Қарқаралы 

өңірінде 

бұрынғы  бесінші  ауыл,  қазіргі 

Нүркен  атындағы  шаруашылық 

аумағында, 

қарапайым 

шаруаның  отбасында  дүниеге 

келген. 


Кейін 

ата–анасымен 

бірге  Қарағандыға  қоныс  ауда-

рып,  осы  қалада  әуе  клубын-

да  ұшқыш  мамандығын  игер-

ген.  Соғыс  басталғанда  Нүркен 

Орынбордың  авиаучилищесінің 

курсанты  болып  оқып  жүрген 

еді.  Оқуды  бітіргеннен  кейін  оған 

қысқа мерзімді демалыс беріледі, 

бірақ  ол  демалыстан  бас  тарта-

ды.  Қолына  ақ  парақ  пен  қалам 

алып, үйіне былай деп хат жаза-

ды: «Мен фашистердің үнін ажал 

оғымен  өшіру  үшін  асығып,  үйге 

бармадым...».

Осылайша,  жиырма  жасында 

алғаш  әуеге  көтеріліп,  ұшудың 

дәмін  сезген  өжет  жігіт  оқуын 

аяқтай сала, үйіне де бармай, 267 

әуе  дивизиясының  808-ші  шабу-

ылшы полкі құрамында майданға 

аттанды.  Онда  талай  әуе 

шайқасына  қатысып,  көк  аспан-

да  қырандай  самғап,  қармаған 

жауының жанын алып отырды. 

Барлығы 17 рет әуе шайқасына 

қатысқан  Нүркен  жаудың  18 

танкісін,  46  жүк  машинасы  мен 

көлігін,  оның  ішінде  оқ-дәрі 

тасыған  18  керуенді,  жанармай 

құйған  3  цистернаны  талқандап, 

зенит  қондырғыларының  бесеуін, 

бірнеше жабық атыс ұясын, талай 

жау әскерін жайратты.

1942  жылы  желтоқсанның 

ызғарлы бір күнінде біздің батыр 

жерлесіміз өзінің серігі, атқыш әрі 

байланысшы  Саша  Комиссаров 

екеуі  соғыс  аспанына  соңғы  рет 

самғап  шыққандарын  өздері  де 

білмеген  еді.  Боков-Пономорев 

станциясы  маңайына  келген-

де,  соғыс  оты  өрши  түсті.  Олар 

жаудың тас құрсанған үлкен алты 

танкісін,  бірнеше  атыс  ұясын, 

зенит 

артиллериясының 



екі 

қондырғысын жойып жіберді.

Жау жағы да қарап қалмады. 

Қырандай 

самғаған 

темір 


ұшақтарға  жаудырта  оқ  атып, 

жауап  қатты.  Осындай  бір  жау 

оғы  ұшаққа  дөп  тиіп,  ол  өрт 

құшағына  ене  бастады.  «Отан 

үшін  отқа  түс,  күймейсің»  деген 

ой  көңілінде  күңгірттене  сәуле 

берсе де, Нүркен осы жолы отқа 

түссе,  аман  қалмайтынын  білді. 

Бірақ  батырдың  батырлығы  сол, 

жан  сақтауға  еш  тырысқан  жоқ. 

Керісінше,  отқа  оранған  күміс 

қанат  қыранның  тұмсығын  фа-

шист 

танктері 



шоғырланған 

тұсқа  қарай  бұрды.  Осылай-

ша  құлдилай  құлаған  само-

лет  ішіндегі  Нүркен  мен  оның 

қандыкөйлек  серігі  Александр 

Комиссаров  екеуі  ақырғы  рет 

қаншама  жауды  қырып,  жастық 

шағын өздерімен бірге ала кетті.

Осынау  теңдесі  жоқ  ерлігі 

үшін  Нүркен  Әбдіровке  1943 

жылғы  наурыздың  31-інде  ең 

мәртебелі атақ «Кеңес Одағының 

Батыры» атағы берілген еді. 

Сарыарқа  сұңқары  осылай  мерт 

болды.  Оның  қаһармандығы 

бүкіл  елге  жайылды.  Қарағанды 

еңбеккерлері,  олардың  ішінде 

кеншілер 

Нүркен 

Әбдіров 


атындағы  ұшаққа  қаржы  жинап, 

жауға  аттандырды.  Бұл  ұшақ 

кейін  Жеңіске  дейін  қанаты  тал-

май, қатарда қызмет етті.

Ростов  облысындағы  Боков 

станциясының  іргесіндегі  Конек 

ауылында  жерленген  Нүркеннің 

басында қызыл тастан қашалған 

ескерткіш бар. Қарағандының қақ 

ортасында батыр Нүркен бейнесі 

мәңгілікке  орнықты,  Нүркен  ау-

ылында  да  ескерткіш  орнатыл-

ды.  Кеншілер  астанасының  әсем 

спорт сарайы батыр жерлесіміздің 

есімін иеленген. Қазақ батырының 

ерлігі қанша жыр-хикаяға, ән мен 

әңгімеге  арқау  болды.  Боков 

орта  мектебіндегі  отрядтардың 

бірі  –  Нүркен  атында.  Батырдың 

анасы  Бағжан  бәйбіше  «Боков 

станциясының  құрметті  азама-

ты»  болып  табылады.  Еліміздің 

әр  қаласында  Н.  Әбдіров  атын-

да көптеген көше бар. Жері үшін 

жанын  берген  еріне  елі  осылай 

тағзым жасауда.

Нүркен  Әбдіров  –  қазақ 

топырағынан  шыққан  Кеңес 

Одағының Батыры. Ол жайында, 

оның ерлігі жайында айтып тауы-

су мүмкін де емес. Сұрапыл соғыс 

заманында көрсеткен теңдесі жоқ 

ерлігі  ғасырдан-ғасырға  дастан 

болып қала бермек. 



Ербол Жұмабайұлы

№8 /Мамыр/ 2015 жыл

Жау  жағадан  алғанда  елін,  жерін 

қорғау  –  әрбір  азаматтың  Отан 

алдындағы  парызы  екенін  ескер-

сек, 1941-1945 жылдардағы сұрапыл 

соғыста  талай  қандастарымыздың 

ерлікпен қаза тауып, қаншамасының 

қыршыннан  қиылғаны  тағылымды 

тарихтан  аян.  Солардың  бірі  –  Отан 

үшін отқа түсіп, ерлік көрсетіп, Кеңес 

Одағының батыры атанған Жүнісбай 

Каипов.  «Адам  ұрпағымен  мың  жа-

сайды» дегендей, қан майданда қаза 

тапса  да,  Жүнісбай  Каиповтың  ізін 

жалғар артында ұрпағы қалған. Оның 

жиен немересі бүгінде елдегі тәртіпті 

күзететін 

шенді 

полицейлердің 

бірі.  Ол  -  «Семей  таңы»  газетінің 

ардагері  Мұхамедқан  Имашевтың 

ұлы,  Қазақстан  Республикасы  ІІМ 

Семей  қаласындағы  оқу  орталығы 

бастығының  оқу  ісі  жөніндегі  орын-

басары,  полиция  полковнигі  Қайрат 

Мұхаметқанұлы Имашев. 

...  1943  жылдың  қаңтар  айының 

таңы. Синявский биіктігінде мыңдаған 

Кеңес  әскері  қаруларынан  оқ  борат-

ты.  Жүздеген  тонна  металл  жаудың 

бекінісіне  түсті.  Каиповтың  да  қаруы 

атқылауды  бастады.  Оның  алдын-

да  елдімекен  жолын  жауып  тұрған 

жаудың  екі  нысанын,  яғни  станкалық 

пулемет  пен  ДЗОТ-ты  талқандау 

міндеті тұр. Үш рет атқаннан кейін-ақ 

станкалық  пулемет  жойылды.  Біздің 

сарбаздар  жаудың  траншеясына  ба-

сып  кірді.  Немістер  ДЗОТ-тан  оқ  жа-

удыра  берді.  Бір  жерде  тұрып  оны 

жою  мүмкін  болмады.  Сондықтан 

Каиповтың  жауынгерлері  қаруды 

алдыға  қарай  сүйрете  бастады.  Жау 

одан  да  бетер  оқ  жаудырды.  Сол  сәт 

оң жақ флангтан жаудың пулеметі де 

атқылай  бастады.  Негізгі  мақсатты 

орындау  үшін,  Каипов  алдымен 

пулеметті  құртуды  бұйырды.  Қаруды  

жылдам  бұрып:  «Бір,  екі,  үш!!!»  деп 

атуға  команда  берілген  соң  жаудың 

оқ  жаудырып  тұрған  орны  жалын 

құшағында қалды. Тағы да алға жылжу. 

Тағы бір талпыныс. Тағы бір күш салу. 

Міне,  ДЗОТ-та  алақандағыдай  көрініп 

тұр. Ату жөнінде бұйрық берілді. ДЗОТ 

талқандалды.  Бұйрық  орындалды. 

Үздік жауынгерлік қызметі үшін байла-

ныс командирі Каиповқа алғыс жари-

яланды. Каиповтың командалығымен 

бұл  жолғы  ұрыста  2  автоматшы,  жал-

пы,  37  фашистпен  бірге  жаудың  2 

минометті батареясы, 2 ПТО қаруы, 9 

ДЗОТ, 4 пулеметтік нысан, 1 автокөлігі 

мен  1  танкісі  жойылды.  Бұл  старши-

на  Каиповтың  майдан  даласында 

жасаған ерліктерінің тек бірі ғана...

Жүнісбай Каипов 1907 жылы Алма-

ты облысы қазіргі Еңбекші ауданының 

Қазақстан  ауылында,  қарапайым 

шаруа  отбасында  дүниеге  келген. 

Қазақстан  ауылында  оқып,  сегіз 

сыныптық  білім  алған  ол  соғыс  ба-

сталмай тұрғанда Шелек ауданындағы 

Социалистік  Қазақстан  колхозында 

ауыл кеңесінің хатшысы болып қызмет 

атқарған. 1941 жылдың желтоқсан ай-

ында  Кеңес  Одағының  Қызыл  әскер 

қатарына  шақырылып,  артиллерист 

мамандығын алып шыққан.

Л е н и н г р а дт ы қ - Н о в го р одт ы қ 

стратегиялық шабуыл операциясының 

барысындағы  ұрыста  ерекше  көзге 

түскен  20-шы  жеңіл  артиллериялық 

бригадасының 

54-ші 


жеңіл 

артиллериялық  полкінде  қару-жарақ 

командирінің  міндетін  атқарған  стар-

шина Каиповтың ерлігі де әсте елеусіз 

қалмаған. 1943 жылдың 23 қаңтарында 

Жүнісбай  Каиповқа  Кеңес  Одағының 

батыры  атағы  берілген.  Алайда  бұл 

жоғары  марапат  туралы  батырдың 

өзі  естігенмен, оған  салтанатты  түрде 

табысталудың сәті түспепті. Анығында 

үлгермеген, ол күнді көру маңдайына 

жазылмаған.  1944  жылы  6  ақпанда 

қарсылас  артиллериясының  орнын 

атқылау  кезінде  Жүнісбай  Каипов 

ерлікпен  қаза  тапқан.  Ж.Каиповтың 

денесі  Новгород  облысының  Батец-

кий кентіндегі бауырластар қорымына 

жерленген.

Бүгінде  Батецкий  кентінде  Ка-

ипов  есімімен  аталатын  көше  бар. 

Онда  батырға  арналып  мемори-

алды  белгі  қойылған.  Новгород 

облысындағы  мектептердің  біріне  де 

жақында  Жүнісбай  Каиповтың  есімі 

беріліпті.  Сонымен  қатар  туған  жері 

Алматы  облысының  Шелек  ауылын-

да  батырдың  ескерткіші  орнатылған. 

Ондағы  өзі  оқыған  мектеп  те  бүгінде 

Ж.Каипов атымен аталады.

-  Ата-анамның  көзі  тірісінде 

Ресейдің  Новгород  облысына  жыл 

сайын  арнайы  шақыртулар  бойын-

ша  барып  тұратынбыз.  Ата-анамыз 

бақилық  болғаннан  кейін  ол  жақпен 

біраз жыл байланыс үзілген болатын. 

Ұзақ жылдардан соң үзіліп қалған бай-

ланысты  қайтадан  жандандырдық. 

Ал атамыздың туған жері Алматы об-

лысымен  тығыз  байланыстамыз.  Ол 

жақтағы  ескерткішіне  барып,  ата  ру-

хына  тағзым  жасап  тұрамыз,  -  деген 

Қайрат  Имашев,  -  нағашы  атам  тура-

лы  анам  айтып  отыратын.  Анам  мені 

өзінің әкесі сияқты әскери қызметкер 

болғанымды  қалаған  еді.  Ол  мені 

құрсағында  көтеріп  жүргенінде  түс 

көріпті.  Түсінде  анам  айнаға  қараса, 

әскери киім киіп тұрған екен. Сол түсін 

жақсыға  жорыған  анам  нағашы  атам 

сияқты  менің  де  әскери  қызметкер 

болғанымды  қалайтынын  айтып  еді. 

Алайда  мен  әскери  қызметкер  бол-

масам да, форма киіп, шен тағып, по-

лиция қызметкері болдым, - дейді сөз 

арасында.

«Жігіттің  жақсысы  нағашыдан». 

«Әке көрген оқ жонар». Бұл сөздер бе-

керге айтылмаса керек. Тегіне тартып 

туған ұл нағашы атасы, Кеңес Одағының 

батыры Жүнісбай Каиповтың өр мінезі 

мен  қайсарлығын,  табандылығын 

бойына қондырса, әкесінің тағылымы 

мол  тәрбиесін  көрген.  Бойындағы 

ұстамдылық,  тұрақтылық,  адалдық, 

еңбекқорлық  сияқты  қасиеттері  де 

әкесінен  дарыған.  Айта  кету  керек, 

әкесі  Мұхамедқан  Имашев  қаламы 

қарымды  қаламгер,  білімдар  азамат 

болған. «Семей таңы» газетінде табан 

аудармастан 20 жыл қызмет атқарған.

-  Әкем  мен  анам  Алматыдағы 

ҚазМУ-де  оқып  жүрген  кездерінде 

танысып,  отбасын  құрыпты.  Әкем 

журналистика  факультетінде,  ал  анам 

Ләззат  Жүнісбайқызы  филология 

факультетінде  оқыған.  Содан  1967 

жылы  Жарма  ауданындағы  Белтерек 

ауылында  мен  дүниеге  келгенмін. 

Отбасында  4  ағайындымыз.  Ата-

анамыз  бізді  қанаттыға  қақтырмай, 

тұмсықтыға  шоқыттырмай  өсірді. 

Мен  мектепке  бармай  тұрып,  Семей-

ге  көшіп  келдік.  Әкем  «Семей  таңы» 

газетіне орналасып, онда ұзақ жылдар 

қызмет  атқарды.  Ал  анам  ұстаздық 

жолында еңбек етті, - дейді Қ.Имашев 

ата-анасы жайлы. 

Семейдегі  №  30  және  №  7 

орта  мектептерінде  білім  алған 

Қайрат  Мұхаметқанұлы  қаладағы 

училищелердің  бірінен  фотографтық 

кәсіптік  мамандық  алып  шыққан. 

Одан  кейін  біраз  уақыт  фотограф  бо-

лып  жұмыс  істеген  Қайрат  Имашев 

1986 жылы әскерге шақырылып, 1988 

жылға дейін Эстонияда, Ресейдің Мур-

манск қаласында Отан алдындағы бо-

рышын  өтеп  келеді.  Әскерден  кейін 

бір  жылдай  көтерме  жұмыс  істеп, 

нәпақасын  тапқанын  да  жасырмады 

кейіпкеріміз.  Ал  1989-1993  жылдары 

Н.Крупская атындағы педагогикалық

институтында  педагогика-психология 

мамандығы бойынша білім алған 



Қайрат Мұхаметқанұлы Имашев          

Қайрат  Имашевтың  құқық  қорғау 

саласындағы  еңбек  жолы  бұрынғы 

Семей  облысының  ІІБ  Затон  ІІб  кадр 

тобының  инспекторы  лауазымынан 

басталған.  Содан  кейін  түрлі  орта 

басшы  құрамда  қылмысты  іздестіру 

қызметінде,  Қазақстан  Республикасы 

ІІМ  Семей  заң  колледжінің  Әкімшілік 

құқық және ІІО-ның әкімшілік қызмет 

кафедрасында оқытушы, аға оқытушы 

қызметінде  болады.  Ал  2009  жылы 

аталған  кафедраның  бастығы  бо-

лып  тағайындалады.  2011  жылы 

Қазақстан  Республикасының  ІІМ-нің 

Оқу орталығында (Семей қаласы) «Ар-

найы  пәндер»  циклінің  бастығы  лау-

азымында  қызмет  атқарады.  Бүгінде 

батырдың  жиені,  полиция  полковнигі 

Қайрат  Имашев  Қазақстан  Республи-

касы  ІІМ-нің  Семей  қаласындағы  Оқу 

орталығы бастығының оқу ісі жөніндегі 

орынбасары  болып  жастарды,  яғни 

елдің тәртібін күзететін полицейлерді 

тәрбиелеуде жемісті еңбек етуде.

....  Полиция  подполковнигі  Ардақ 

Аманғазин  басшылық  ететін  меке-

меде  100-ге  жуық  адам  жұмыспен 

қамтылған.  Оның  58-і  аттестатталған 

құрам. Қайрат Имашевтың айтуынша, 

мұнда  жылына  600-ге  жуық  полиция 

қызметкерлері  дайындық  курсынан 

өтеді екен. Соның ішінде 2 айлық және 

3 айлық курстар бар. Мәселен, тек қана 

Шығыс  Қазақстан  облысы  аумағында 

қызмет  ететін  жоғары  білімді  әрі 

офицерлік  құрамдағы  мамандар  2 

айлық  дайындық  курсынан  өтсе,  3 

айлық  дайындық  курсынан  еліміздің 

әр  өңірінен  келген  орта  білімді,  сер-

жант шеніндегі тәртіп сақшылары өтеді 

екен.  Өздерінің  болашағын  еліміздің 

тәртібін  күзетуге  арнағысы  келетін 

мамандар  мұнда  полицейге  артылар 

зор  міндеттерден  бастап  Қазақстан 

Республикасының 

Конституциялық 

Заңын,  түрлі  қиын  жағдайларды  рет-

теп,  тұрғындарды  сабырға,  ал  құқық 

бұзушыларды  тәртіпке  шақыруда 

қолданылатын 

моральдік 

және 

физикалық  тәсілдерді  үйренеді  екен. 



Сондай-ақ  полиция  қызметкері  сала 

бойынша  лауазымы  ауысқанда  да 

оқу  орталығынан  міндетті  түрде 

дайындық  курсынан  өтетінін  айтады 

Қайрат  Мұхаметқанұлы.  Ол  үшін  бұл 

жерде барлық жағдай да жасалған.

Өмірдегі  түйгені  мен  көргенін 

жас  буын  өкілдеріне  үйретуден 

әсте  жалықпайтын  Қайрат  Имашев 

жанұясында аяулы жар, үлгілі әке. За-

йыбы  Айгүл  Қалибекқызымен  1994 

жылы  отасып,  шаңырақ  көтерген. 

Бүгінде  қыздары  Әсел  Имашева 

қаладағы  музыка  мектебінің  бірінде 

сабақ береді. Тектінің тұяғы, асылдың 

сынығы  Қайрат  Имашевтың  еңбегіне 

жеміс, 

отбасына 



береке-бірлік 

тілейміз. 



Гүлжан МАСАЛОВА, 

Нұрдәулет КӘКІШЕВ. 

ТЕКТІНІҢ ТҰЯҒЫ, АСЫЛДЫҢ 

СЫНЫҒЫ

День  Победы  –  Великий  праздник  счастья  и  радости, 



боли и грусти, преклонения перед Подвигом страны и на-

рода. 


В  Казахстане  нет  ни  одной  семьи,  в  чью  историю  Ве-

ликая Отечественная война не была бы вписана черными 

датами.  Война  сломала,  изуродовала,  искалечила  судьбы 

многих. Сколько жизней загублено, сколько пролито слез, 

сколько  страданий  выпало  на  долю  поколения  военного 

времени.


Мы  много  знаем  и  помним  о  Великой  Отечественной 

войне, о бесчисленных подвигах миллионов людей  Совет-

ского Союза и всего мира. 

Казалось бы, эта война должна была дать всему миру 

довольно  весомый  незабываемый  урок  и  сплотить  весь 

мир в единое целое.  

Однако,  во  многих  точках  мира  до  сих  пор  не  утиха-

ет  материнский и детский  плач, до сих пор гибнут люди. 

Жертвы исчисляются тысячами.  

Самое страшное, то, что во всех этих конфликтах страда-

ют невинные дети и старики.  

Самое  страшное,  то,  что  дети  умеют  убивать  и  нести 

смерть. 

Самое страшное, что война уже где-то рядом,  не в Аме-

рике или Австралии, а в соседней когда-то бывшей постсо-

ветской Украине.

Самое  страшное  то,  что  за  что  воевали  наши    деды  и 

прадеды пытаются забыть и  перечеркнуть.

Кто-то может возразить, что  у  противоборствующих сто-

рон свои идеи, взгляды, мнения, идеалы, позиция.  Какими 

бы не были те или иные точки зрения нельзя допускать ги-

бели  населения.  Наверное, нам надо всем вспомнить про-

писные  истины,  указанные  во  всех  священных  духовных 

источниках (Коран, Библия). Если каждый человек будет со-

блюдать хотя бы третью часть всех заповедей, то, думается, 

что конфликты сами себя исчерпают.   

По  большому  счету  человечество  должно  задуматься 

о своем будущем. Оно должно бороться с угрозами иного 

характера. Экологические проблемы, дефицит природных 

ресурсов, различные инфекции и  болезни с каждым годом 

ощущаются все острее и острее не только в Африке, но и во 

многих регионах планеты.  

Мы  знаем,  что  наши  прадеды  не  таким    видели  наш 

мир,  когда  боролись  с  фашистками  захватчиками.    Буду-

щим  поклонениям хотелось бы напомнить их заветы. 

Помните о подвиге миллионов людей, воевавших и по-

гибших на полях сражений !

Помните о безымянных солдатах, оставшихся далеко за 

пределами своей отчизны.

Помните о подвиге детей,  матерей и стариков,  кругло-

суточно стоявших у станка!

Помните о тысячах погибших в застенках гестапо и кон-

центрационных лагерей фашисткой Германии!

Помните о сломленных судьбах множества семей!

Помните о тысячах обездоленных сиротах, оставшихся 

без отцов и матерей!  

Помните! Помните! Помните!  

Исмаилова Г.К., и.о. профессора кафедры 

«Иностранная филология»,

Хасенова К.Е., и.о. ассоциированного

профессора кафедры «Финансы»

Койлыбаева А.Н.,  старший преподаватель

 кафедры иностранной филологии

Государственного университета имени

 Шакарима города Семей

Ветеранам Великой 

Отечественной 

войны посвящается

1997 жылдан бастап «31-мамыр – са-

яси  қуғын-сүргін  құрбандарын  еске  алу 

күні» болып ресми бекітілген болатын.

1937-1939 

жылдар 

аралығында 



қазақтың бас көтерер зиялы қауымының 

көпшілігі  қуғын-сүргін  құрбанына  айнал-

ды. Жұбан Молдағалиев «Мен қазақпын» 

атты өлеңінде:

Мен – қазақпын мың өліп, мың тірілген,

Жөргегімде таныстым мұң тіліммен.

Жылағанда жүрегім күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен түн түрілген

–деп  жырлағандай,  қазақтың  басы-

нан  өтпеген  зұлмат  кемде-кем.  Алай-

да,  тоталитарлық  саясаттың  машинасы 

бәрінен асып түсті. Қазір осы датаны аза 

тұту  күні  ретінде  атап  өту  парызымыз. 

Себебі өткенін ұмытқан ұлттың болашағы 

да жоқ.

Сондықтан  мамырдың  31-і  күні 



Қазақстанның  түкпір-түкпірінде  қуғын-

сүргін  құрбандарының  ұрпақтарымен 

кездесулер өтіп, түрлі іс-шаралар болып 

отырады.  ҚР  Парламенті  Мәжілісінің  де-

путаты А.Смайыл былтыр 31-мамыр жап-

пай  қуғын-сүргін  құрбандарын  еске  алу 

күнін  «жаппай  қуғын-сүргін  және  аштық 

құрбандарын  еске  алу  күні»,–  деп  қайта 

рәсімдеуді  сұраған.  Алайда  ол  туралы 

түрлі  кереғар  пікірлердің  тууына  байла-

нысты мәселе аяқсыз қалған.

Тәуелсіздік  алғаннан  кейін  1993 

жылы  сәуірдің  14-інде  «Жаппай  саяси 

қуғын-сүргін  құрбандарын  ақтау  тура-

лы»  Қазақстан  Республикасының  Заңы 

қабылданады. Содан бері 20 мыңнан аса 

мұрағаттық  қылмыстық  іс  зерттелінген 

көрінеді.  Алайда,  «саяси  қуғын-сүргін 

құрбандарына  арналған  мұражайдың» 

жекешеленіп  кетуінен  аталмыш  та-

рихи  оқиғаға  мемлекеттік  деңгейде 

баға  берілмей  жүргенін  білуге  болады. 

Мұражай  қызметкерлері  болашақта  төл 

ғимараттарының  қайтадан  өздеріне 

қайтарылатынына сенімдері мол. Себебі, 

– дейді мекеменің басшысы Н.Жақауова: 

«НКВД-ның  бұрынғы  ғимараты  саяси 

қуғын-сүргін  құрбандарының  соңғы  демі 

қалған  жер,  тіпті  бөлмелерінде  қанның 

ізі  бар  еді.  Меніңше,  бұл  көрініс  келген 

адамдарға қатты әсер беріп, өткен тари-

хымызды бағалауға мұрындық болар еді. 

Саяси  қуғын-сүргін  құрбандарының  ба-

лалары 3-4 жастарында әке-шешелеріне 

тамақ  тасыған  жер.  Мәселен,  Томск 

қаласында НКВД-ның бұрынғы ғимараты 

сол қалпында сақталынып, саяси қуғын-

сүргін құрбандарының мұражайына айна-

лып отыр.

31-мамыр  күнін  біз  жыл  сайын  атап 

өтеміз. Алматы қаласының осы зұлматты 

бастан  өткерген  отбасы  ұрпақтары  Ал-

маты  облысының  «Жаңалық»  ауылын-

да  қаралы  митингке  жиналады.  Онда 

НКВД қолымен атылған 3 мыңнан астам 

адам  жерленген.  1990  жылы  бұл  жерге 

тас белгі қойылса, 2002 жылы ескерткіш 

орнатылған».

1937-1938  жылдардағы  қанды  оқиға 

жаңғырығы мәңгі ел жадында. Нақақтан-

нақақ ұлтымыздың көзі ашық, көкірегі ояу 

азаматтары «ұлтым» деймін деп – «ұлы 

қылмыс» жасап, «халқым» деймін деп – 

«халық жауы» деген жала жабылып аты-

лып  кетті.  Талай  бейбіт  отбасыларының 

оты  өшіп,  ана  жесір,  бала  жетім  қалды. 

Түптеп  келгенде,  саяси  қуғын-сүргін, 

аштық,  өзге  ұлттардың  депортаци-

ясы  барлығы  тоталитарлық  жүйенің 

орыстандыру-шоқындыру,      бүтіндей  бір 

ұлтты жою саясатының нәтижесі.

Мәселен, Қазақстанға 1936-1957 жыл-

дары  800  мың  неміс,  102  мың  поляк,  19 

мың  кәріс,  507  мың  Солтүстік  Кавказ 

халықтарының  өкілдері  жер  аударыл-

ды. Қырым татарлары, түріктер, гректер, 

қалмақтар  мен  басқалар  да  өз  еркімен 

келген жоқ. Барлығы 1,5 млн адам көшіп 

келді.

Ол заманда солақай саясат шындығын 



айтуға  болмайтын,  ал  қара  халықтың 

тілек-мүддесі  мүлде  ескерілмейтін.  Оны 

төменде берілген эпизодтан да көре ала-

мыз.


Бірде  ел-жұртты  32-ші  жыл  зұлматы 

күңірентіп  тұрған  кезде  пойызбен 

Мәскеуге,  әлде  Алматыға  өтіп  бара 

жатқан Филипп Голощекин Ақтөбе вокза-

лында  «контрреволюционер-байлардың 

малды  қырып  тастаған  зымиян  әрекеті» 

туралы әшкере-сөз айтып тастауға ниет-

тенсе  керек.  Бірақ,  ол  вагонынан  түсер-

түспестен,  алдынан  алғашқы  Қазревком 

мүшесі,  әділет  комиссары,  қызыл  пар-

тизан  ретінде  кеңес  өкіметін  қорғауға 

көп  еңбек  сіңірген  қалжыраңқы  ардагер 

Бақытжан  Қаратаев  жайдақ  арбамен 

шыға  келеді.  Тізесі  қалт-құлт  етіп,  та-

рантас  үстінде  бойын  түзейді.  Сосын 

дімкәс  қарт  алаңда  жиылған  халықтың 

көз  алдында,  баяғы  2-Дума  мінберінде 

тұрғандай  өжеттікпен  Голощекинге  ашы-

на  түйіліп,  сөйлеп  береді.  Ол  больше-

вик-патшаны  елді  аштан  қырып  жатқан 

қылмысы  үшін  айыптайды.  Сонда  Голо-

щекин: «Шал шаршап қалыпты», – деген 

күбірмен вагонына кері кіріп кетеді…

Бас  көтергендерге  жазалау  шара-

лары  жүргізіледі.  1929-1931  жылдары 

көтерілістер  мен  толқуларға  қатысқаны 

үшін НКВД органдары 5551 адамды сот-

тап,  оның  883-ін  атып  жібереді.  Жалпы 

алғанда, күштеп ұжымдастыру кезінде 10 

мыңнан астам адам жазаланады.

Осылайша, қазақ халқы атажұртында 

отырып-ақ 

ана 

тілінен, 



ұлттық 

ерекшелігінен, дінінен айырмақшы болған 

қауіпті  қара  сызықтың  келесі  жолағын 

аттаған болатын.

1932  жылғы  тамызда  ҚАКСР  Халық 

Комиссарлары  Кеңесінің  төрағасы  Ораз 

Исаев  Сталинге  хат  жолдаған.  Онда 

қазақтардың  аштан  қырылу,  босып  кету 

деректерін  бүкпей  баяндап,  өлкелік 

комитеттің  көзбояушылыққа  жол  беріп, 

аштыққа  апарған  әсіре  науқаншылдығы 

мен оны үстей түскен ауылдардағы шолақ 

белсенділікті  жасырмай  әшкереледі. 

Бар  айыпты  бір  адамға  үйіп-төгуге  бол-

майтынын  ескертті.  Күйзеліске  өлкеком 

бюросы  түгел,  оның  ішінде,  басшы 

қызметкер  ретінде,  өзінің  де  белгілі 

дәрежеде жауапты екенін мойындай оты-

рып,  басшылықты  жаңарту  қажеттігін 

айтты.  Бірінші  хатшының  айрықша  рөлі 

баршаға белгілі екенін атап көрсете келе, 

О.  Исаев  Голощекинді  өз  қателіктерін 

түзетуге  қауқарсыз  деп  ойлайтынын  да 

жазды.  Ол  Бас  хатшы  И.В.  Сталиннің 

тікелей  өзіне  осындай  пікірін  ашық  жол-

дап,  Қазөлкекомның  бірінші  хатшысы 

Голощекинді ауыстыру қажеттігін тұңғыш 

та дара, әрі жалғыз көтерді.

1933 жылғы 9 наурызда Т. Рысқұлов 

көсемге  Қазақстандағы  ауыр  жағдай 

мен  оның  себептерін  баяндап,  тұйықтан 

шығарар  ұсыныстар  қорытқан  екінші 

хатын  берді.  Ұзамай  республикада  Ле-

вон  Мирзоянның  басшылығымен,  ше-

телдерге  асып  кеткендер  мен  аштықтан 

қырылғандарды  ауызға  алуға  тыйым 

салулы  ахуалда,  ашаршылық  зардапта-

рын  мал  шаруашылығындағы  жағдайды 

жақсарту  арқылы  жоюға  бағытталған 

жұмыстар жүргізіле бастады…

Тарихшылардың  бағалауынша,  одақ 

бойынша 1927-1953 жылдары 60 милли-

он адам, оның ішінде Қазақстан бойынша 

103  мың  адам  қуғын-сүргінге  ұшыраған. 

Олардың 25 мыңы атылды. Тізімдегі 631 

атылған  адамның  80  пайызы  қазақтың 

белгілі  адамдары  болған.  Көбі  алаштың 

арыстары.

1929-1933  жылдары  Қазақ  АССР 

ОГПУ саяси өкілінің үштігі 9 805 іс қарап, 

22 933 адам жөнінде шешім қабылдаған, 

соның  ішінде  3  386  адамға  ең  жоғары 

жаза  –  ату  жөнінде  үкім  шығарған. 

Соның  ішінде  Батыс  Қазақстан  облысы 

бойынша  1937  жылы  853  адам  қуғынға 

ұшырап, оның 335-і атылған, қалғандары 

әр  түрлі  мерзімдерге  еңбекпен  түзеу 

лагерлеріне  жіберілген.  1938  жылы  936 

адам  тұтқындалып,  690-ы  атылған,  246-

сы сотталған.

1937-1938  жылдары  лагерьлерде  20 

мың  әйел  жазасын  өтеді.  Олардың  ара-

сында  бұрынғы  көрнекті  партия-кеңес 

қайраткерлерінің  Әзиза  Рысқұлова,  Зи-

наида  Тухачевская,  Дәмеш  Жүргенова, 

Әбиша  Қабылова  сияқты  әйелдері 

болды.  Мыңдаған  жазықсыз  жандар 

Ақмола  маңындағы  Малиновка  ауылы-

на  Мәскеуден,  Ленинградтан,  Одессадан, 

кең  байтақ  Кеңес  Одағының  барлық 

түкпірінен  ағылды.  1938  жылдың  жиыр-

ма  сегізінші  ақпанында  алғашқы  этап 

келді:  аяқтарына  жеңіл  аяқ  киім  киген, 

сәнді де кербез әйелдер Ақмоланың сыз 

басқан  қытымыр  табиғатына  аяқ  басты. 

Олар мал бақты, бақшада жұмыс істеді, 

қырқыншы жылдары майдандағы әскерге 

киім тікті, қамыс шапты.

Қазақ  зиялыларының  жікке  бөлінуі 

қолдан  жасалған  және  бірнеше  кезеңге 

созылған  күрделі  процесс.  Ең  алғаш 

большевиктер 

Әлихан 

Бөкейхан 



бастаған 

Алашорда 

қайраткерлерін 

биліктен  ығыстырып  шығарды.  Одан 

кейін бұл үрдіс 1925-1930 жылдары қайта 

жалғасты. Үшінші кезеңде 1937-1938 жыл-

дары шарықтау шегіне жетті. Осы жылда-

ры  қазақ  зиялылары:  Тұрар  Рысқұлов, 

Әлихан  Бөкейханов,  Бейімбет  Майлин, 

Мағжан  Жұмабаев,  Ахмет  Байтұрсынов, 

Абдулла  Розыбакиев,  Магази  Масанчи, 

Ілияс Жансүгіров, Левон Мирзоян, Сәкен 

Сейфуллин, Санжар Асфендияров, Халел 

Досмұханбетов, Жаханша Досмұханбетов 

атылды.

Алаш  қозғалысының  басты  мақсаты 



–  Қазақ  елінің  өзін-өзі  басқару,  ұлттық 

мүддесін  қорғай  алатын  мемлекеттік 

жүйе  құру  құқын  метрополияға  мой-

ындату,  түбінде  дербес  мемлекет 

құру,  қазақ  жерлеріне  ішкі  Ресейден 

қоныс  аударуға  шек  қою,  әлемдік  озық 

тәжірибені  пайдалана  отырып,  дәстүрлі 

мал шаруашылығын өркендету, сонымен 

қатар  егіншіліктің,  өнеркәсіптің  дамуын 

қамтамасыз ету, нарықтық қатынастарға 

жол ашу, жеке адам құқығын және басқа 

демократиялық 

принциптерді 

қадір 


тұту,  ұлттық  мәдениетті  өркендету,  оқу 

жүйесінің,  тілдің  дамуына  қажет  шарт-

тар  түзу  болды.  Қазақты  «ұлт»  ретінде 

сақтап қалу болды. Солардың бірқатары 

туралы нақтылы деректер келтіре кетсек.

Алашордалықтарды 

ұлтшылдар 

ретінде  1929-1931  жылдар  аралығында 

құрта  бастады.  Олардың  ішінде  Ах-

мет  Байтұрсынов,  Міржақып  Дулатов, 

Шәкәрім Құдайбердиев, Жүсіпбек Аймау-

ытов, Жаһанша, Халел Досмұхамедовтар 

секілді алаштың арыстары болды.

Міржақып  Дулатов  (1885-1935)  – 

Алаш  қозғалысының  қайраткері,  20-шы 

ғасырдың  бас  кезіндегі  қазақ  мәдениеті 

мен  әдебиетінің  ірі  өкілі,  ақын,  драма-

тург.  Қостанай  облысының  Жангелдин 

ауданында  туған.  Алғашында  ауыл  мол-

дасынан  хат  танып,  кейін  Торғайдағы 

Ы.Алтынсарин  ықпалымен  ашылған 

2  сыныптық  орыс-қазақ  мектебінде 

білім  алды.  Ауыл  мұғалімі  деген  куәлік 

алып,  ауылда  бала  оқытты.  1904  жылы 

Омбы  қаласына  қоныс  аударып,  онда 

А.Байтұрсынов,  Ә.Бөкейхановпен  та-

нысты.  Омбы,  Қарқаралы,  Орал,  Пе-

тербор  қалаларында  көрнекті  қоғам 

қайраткерлерімен 

пікірлесу, 

саяси 

қозғалыстарға  араласу  оның  саяси-



әлеуметтік  көзарасының  қалыптасуына 

ықпал етті. Ол 1905 жылы қазанның 17-

інде  Ресей  үкіметіне  қазақ  халқы  аты-

нан  жолданған  Қарқаралы  құзырхатын 

дайындаушылардың  бірі  болды.  1906 

жылы  Конституциялық  демократтар 

партиясы 

делегаттары 

қатарында 

Петерборға  барады.  Түрлі  сипатты  жи-

ындар мен саяси күштер ұйымдастырған 

көше шерулеріне, ереуілдерге қатысады. 

Осы  кезден  бастап  Ресей  үкіметі  құпия 

полициясының  саяси  сенімсіз  адамдар 

тізіміне ілінеді.

1928 


жылдың 

желтоқсанында 

қамауға алынып, екі жылдан кейін ату жа-

засына кесіледі, кейін он жылға абақтыға 

ауыстырылады. 

Беломор-Балтық 

арнасының құрылысы бойында Сосновск 

стансысындағы лагерьде жазасын өтейді. 

1935 жылы қазанның 5-інде осы лагерьдің 

лазаретінде ауыр науқастан қайтыс бол-

ды.  Сүйегі  1992  жылы  қыркүйектің  1-18 

аралығында Торғай өңіріндегі өз есімімен 

аталатын  ауыл  бейітіне  әкелініп,  қайта 

жерленді.

Ахмет 

Байтұрсынов 



– 

қоғам 


кайраткері,  ақын,  әдебиеттанушы,  линг-

вист,  аудармашы,  публицист,  ағартушы-

ғалым, ұлт ұстазы.

1873 жылы, қаңтар айында Қостанай 

облысы,  Жангелдин  ауданы,  Сарытүбек 

деген жерде дүниеге келді.

1886-1891 

жылдары 


Торғай 

қаласындагы  екі  сыныптық  мектеп-

те,  1891-1895  жылдары  Орынбордағы 

мұғалімдер даярлайтын мектепте оқиды.

1913  жылдан  1917  жылға  дейін 

М.Дулатовпен  бірге  «Қазақ»  газетін 

шығарады. Саяси бағыттағы мақалалары 

патша  үкіметі  орындарына  жақпаған 

басылымның 

редакторы 

ретінде 

А.Байтұрсынов  бірнеше  рет  түрмеге  жа-

былады.

Патша  тақтан  түскен  соң  Ахаң  қазақ 



зиялыларымен  бірігіп,  ұлттық  «Алаш» 

партиясын құрады. Кеңес үкіметі орнаған 

соң  А.Байтұрсынов  Қазақстан  үкіметінің 

мүшесі,  Халық  ағарту  Комиссариаты 

жанындағы  ғылыми-әдеби  комиссияның 

төрағасы болып сайланады.

Орынбор, 

Ташкент, 

Алматы 

қалаларындағы  педагогикалык  жоғарғы 



оқу 

орындарында 

сабақ 

береді. 


Голощекиндік  асыра  сілтеу  саясатына 

қарсы болғаны үшін 1929, 1937 жылдары 

екі рет саяси репрессияға ілігіп, жазықсыз 

атылды.


1927-1953  жылдарға  дейін  саяси 

қуғын-сүргін құрбаны болған адамдардың 

қаралы  тізімін  әрі  қарай  жалғастыра 

беруге  болады…  Ұзақ  жылдардан 

кейін  ғана  көптеген  алаштың  ардақты 

азаматтарының  есімдері  халқымызға 

қайта оралды.

Осы  қанқұйлы  жылдардың  оқиғасын, 

оның 

жазықсыз 



құрбаны 

болған 


адамдардың  есімдерін  мәңгі  ұмытпай, 

оларды  әрқашан  есте  сақтау,  өткенге 

салауат  етіп,  ақтаңдақтар  ақиқатына 

тереңірек мән беріп, ұғыну – бүгінгі ұрпақ 

парызы.



1   2   3   4   5   6   7


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал