25 белес елбасының қанатты сөздері мен олардан туындаған ой-тұжырымдар



жүктеу 11.09 Kb.

бет1/30
Дата20.05.2017
өлшемі11.09 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30

25
 
БЕЛЕС
Елбасының қанатты 
сөздері мен олардан 
туындаған ой-тұжырымдар
Қазақстан Республикасы Президентінің Кеңсесі мен 
Президенттің Баспасөз қызметінің бірлескен жобасы

УДК 910 (084)
ББК 84 Қаз-4
А37
Қазақстан Республикасы Тәуелcіздігінің 25 жылдығына арналады
«Қазақстан  Республикасы  Мәдениет  және  спорт  министрлігі  «Мәдениет  және  өнер 
саласындағы бәсекелестікті жоғарылату, қазақстандық мәдени мұраны сақтау, зерделеу мен 
насихаттау және мұрағат ісінің іске асырылу тиімділігін арттыру» бағдарламасы «Әдебиеттің 
әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» кіші бағдарламасы бойынша жарық көрді.
Қазақстан Республикасы Президентінің Кеңсесі
Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі
А37 25 белес. Елбасының қанатты сөздері мен олардан туындаған ой-тұжырымдар. 
Құрастырған – Айдос Үкібай. 
– Алматы: Тау-Қайнар, 2016. – 272 б.
ISBN 978-601-7059-63-7
Елбасының қанатты сөздерінің, айшықты афоризмдерінің топтамалары әр жылдары бірнеше 
рет кітап болып жарық көріп, жұртшылық игілігіне айналғаны мәлім. Бұл жаңа жинақта Мемлекет 
басшысының тәуелсіздік жылдарындағы (1991 – 2016 ж.ж.) түрлі маңызды шараларда сөйлеген 
сөздерінен іріктеліп алынған, өмірлік тәжірибесінен туған нақыл сөздері, жұртшылыққа танымал 
өміршең  бастамалары,  бұдан  бірнеше  жыл  бұрын  айтқан,  қазір  ақиқатқа  айналған  берекелі 
болжамдары мүмкіндігінше хронологиялық ретпен берілді. Осы қанатты сөздердің бүгінгі күнмен 
берік сабақтастығын көрсету мақсатымен білікті мамандардың түсініктеме-комментарийлері қоса 
ұсынылып отыр.
Жинақ ел тарихын қадір тұтатын көпшілік қауымға арналған.
УДК 910 (084)
ББК 84 Қаз-4
ISBN 978-601-7059-63-7
© Үкібай А.Ы., 2016
© «Тау-Қайнар» баспа компаниясы, 2016

ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ МЕН ОЛАРДАН ТУЫНДАҒАН ОЙ-ТҰЖЫРЫМДАР
3
25 бағдар
ҚАНАТТЫ СӨЗДІҢ ҚАЗЫНАСЫ
(Алғы сөз)
Б
иыл, 2016 жылы еліміз өз тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейлі белесін атап өтуде. 
Бұл жылдар егемендікке жаңа қол жеткізген жас мемлекетіміз үшін қиын әрі аса 
ауқымды істерді жүзеге асырған тарихи ерекше кезең болды. 
Қазақстан тәуелсіздікке ие болғанға дейін ұзаққа созылған саяси және экономикалық 
дағдарыс  салдарынан  өмір  сүруін  тоқтатуға  мәжбүр  болған  бұрынғы  Кеңес  Одағының 
көш соңындағы аграрлы республикаларының бірі еді. Оған де йін толық мағынасындағы 
дербес басқару институттары болмаған, әлемдік экономикаға интеграцияланбаған, жоға-
рыда аталған себеппен қазына қоржыны мүлде бос мемлекеттің аз жылдарда аяғына қаз 
тұрып, тәуелсіздік туын тіктеп кетуі оңайға түскен жоқ. 
Алайда,  Қазақстан  халқы  өзінің  Тұңғыш  Президенті  Н.Ә.  Назарбаевтың  кемел  бас-
шылығы арқасында, тарих үшін қысқа мерзім ішінде сол қиындықтардың көбін табысты 
еңсеріп, дамудың даңғыл жолына түсе білді. Жалпы, терең үңіле түскен жанға Қазақ хан-
дығының тарихи төркіні тым әріде жатқаны белгілі. Алайда бүгінгі заманның талапта-
рына сай, шекара шебі айқын, алыс-жақын мемлекеттермен өзара тиімді саяси және эко-
номикалық байланыстар орнатқан, бейбіт те бақуатты ел ретінде әлемге танылған қазіргі 
Қазақстан нақ осы тәуелсіздік жылдарында құрылды. Оның бас архитекторы да, белсенді 
құрылысшысы да Нұрсұлтан Назарбаев екені талассыз шындық. Президентіміздің білік-
ті басшылығының нәтижесінде Қазақстан осы жылдарда өзінің даму қарқыны бойынша 
Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдері арасында көшбасшылардың біріне айналып үл-
герді. Қазір әлемді сансыратып тұрған экономикалық дағдарысқа қарамастан, еліміз өсу 
қарқынын төмендетсе де, кері құлдырауға жол бермей келеді. 
Елбасымыздың мемлекет басшысы ретіндегі дара дарыны мен жасампаздық еңбегі ту-
ралы осы жылдарда аз жазылған жоқ. Бұл жөнінде шет мемлекеттердің есімдері әлемге 
әйгілі басшылары мен саяси қайраткерлерінің сүйсіне айт қан пікірлері тіпті де аз емес. 
Нұрсұлтан Әбішұлының түрлі авторлар мен қайраткер тұлғалар атап көрсеткен сол басқа-
рушылық дарынының ең басты қырларының бірі, әрине, оның зор ұйымдастырушылық 
қабілеті екені сөзсіз. Ал осы ұйымдастырушылық қабілеті оның алысты көре білу қаси-
етімен, уәжді сөзімен, батыл да байыпты іс-әрекеттерімен ұштаса келе, халқымызды әр-
дайым ұлы істерге ұмтылдырып, тәуелсіз Қазақстанның әлемге танымал, беделді де қуат-
ты мемлекетке айналуына шешуші ықпал етті.
Демек, бүгінгі тәуелсіз еліміздің ширек ғасырлық тарихы дегеніміз – Елбасымыздың 
осы жылдардағы тынымсыз еңбегінің, үздіксіз ізденістерінің, толассыз ой-толғаныстары-
ның, түрлі жиындарда жұртшылық алдында тебірене, кейде ашына, кейде қызулана сөй-
леген сөздерінің де тарихы екені сөзсіз. Еліміздің қиын өткенінің, қинала кемелденуінің 
тарихы да, ізі де ел тағдырының бүгіні мен болашағының қамын ойлап жасалған сол ба-
йыпты баяндамалар мен сөйленген сөздерде жатыр десек болады.
3

4
Мұны айрықша айтып отырған себебіміз: ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы тұсында сіз-
дердің қолдарыңызға тигелі тұрған осы тосындау пішін мен өзгеше мазмұнға құрылған 
кітапқа байланысты, құрметті оқырман! «25 белес» деп аталатын бұл жинаққа есімдері 
елімізге танымал мемлекет және қоғам қайраткерлерінің, үлкен ғалымдар мен қаламгер 
жазушы,  журналистердің  Елбасымыздың  ел  тәуелсіздігінің  елең-алаң  кезінен  бастап, 
күні бүгінге дейінгі әр жылдары қоғам өмірінің түрлі салаларына қатысты айтқан түйінді 
ой-пікірлері мен қанатты сөздеріне қазіргі уақыт биігінен берілген қысқаша пайымдаула-
ры топтастырылған.
Кітапқа 70-ке тарта автордың 200-ден астам мақаласы енгізілді. Авторлар қатарынан 
Қуаныш Сұлтанов, Мырзатай Жолдасбеков, Әділ Ахметов, Бақберген Досманбетов, Ал-
дан  Смайыл,  Оразалы  Сәбден,  Ғарифолла  Есім,  Хангелді  Әбжанов,  Нұрлан  Оразалин, 
Серік Негимов, Әбдіжәлел Бәкір, Ерлан Сыдықов, Тоқтар Есіркепов, Атамұрат Шаменов, 
Ғалым Мұтанов, Қаржаубай Сартқожаұлы, Ержан қажы Малғажыұлы, тағы басқа да көп-
теген танымал есімдерді ұшыратуға болады. 
Әрине, бір ғана беттің көлемінде Президент атап өткен белгілі бір мәселені барлық 
қырынан жан-жақты ашып көрсетудің өз қиындығы бар. Әйтсе де ой мен сөздің қадірін 
білетін,  оны  қаламның  құдіретімен  жеткізе  алатын  қайраткер  тұлғалар  мен  тарихшы, 
философ, филолог, экономист, социолог мамандар оны өз пікірлерімен, нақты деректер-
мен  дәйектеп  ұсынған.  Сол  арқылы  олар  қалың  оқырманды  тәуелсіздіктің,  еліміздегі 
ұлтаралық татулық пен бірліктің қадірін білуге, оны көзіміздің қарашығындай сақтауға 
және еліміздің одан әрі өсіп-өркендеуі үшін әрқайсымыздың өз лайықты үлесімізді қо-
суға үндейді.
«Халқыма керекті қалай табам, қайдан табам деп қам жеп жүру тек қана менің емес, әр 
азаматтың ісі мен жадында болуы тиіс», – деп еді Президент 1995 жылы Абайдың 150 жыл-
дық мерейтойына арналған салтанатты жиында жасаған баяндамасында. Әрбір қазақстан-
дықтың жүрек түкпірінде жүруге лайықты сөз осы кітапта да орын алған. Бұл кітапты 
шығарудағы мақсатты Елбасымыздың осындай қадау -қадау ой қазынасына жұртшылықты 
ортақтастыру орайындағы тағы бір игілікті қадам деп ұғынғанымыз жөн. 
Осы тұрғыдан алғанда, ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы тұсында жарық көріп отырған 
«25  белес»  деп  аталатын  бұл  кітаптың  айтулы  меженің  өзіндік  бір  жылнамасы  ретінде 
оқырманға беретін өзіндік рухани азығы аз болмас деген үміттеміз. 
Махмұт ҚАСЫМБЕКОВ,
 Қазақстан Республикасы 
Президенті Кеңсесінің бастығы 

25 бағдар

25 БЕЛЕС
6
25 бағдар
Т
әуелсіз  мемлекеттігіміздің  арайлы  таңында  айтылған  Нұрсұлтан  Әбішұлының 
осы сөзі оның болашақ орасан қайраткерлік мемлекеттік еңбегінің қайнар көзі, 
терең орныққан іргетасы болды. 
Бұрынғы  Одақ  күйреп,  ұлттар  арасы  дағдарысқа,  қайшылықтарға  ұшырап,  көптеген 
этностар  мәжбүрлі  көшіп-қону  әуре  сарсаңына  түсіп  жатқанда  біздің  Президент  Қазақ 
жерінде  тіршілік  құрып  жүрген  жүзден  астам  ұлт  өкілдерін,  сан  алуан  діни  сенімдегі 
адамдардың  басын  біріктіріп,  оларды  ынтымаққа,  бір  мақсат,  бір  мүдделікке,  бір 
болашаққа  жұмылдыра  білді.  Ешкім  де  ұлтына,  тіліне,  нәсіліне,  діни  дүниетанымына 
қарай жіктелмейтініне, ешкімнің де азаматтық құқығы шектелмейтініне кепілдік берді. 
Мемлекет басшысы сол кепілдігін конституциялық негізде жүзеге асырды. Қазақстанда 
құқықтық,  ізгілікті,  зайырлы,  демократиялық,  азаматтық  қоғамның  негізін  қалап,  берік 
қалыптастырды. 
Қазақстан  Республикасының  Тұңғыш  Президентінің  бұл  іргелі,  рухани,  саяси 
ұстанымын  бүкіл  халық  қолдады.  Елбасының  мұндай  сарабдал,  болашаққа  бет  түзеген 
бағыты  Қазақстан  халқының  жасампаздығымен  қуаттанып,  ел  өз  тағдырының  жарқын 
өміріне құлшына жұмылды. 
Осындай  дәрежеге  жету  үшін  қоғамдық  өміріміздің  барлық  салаларында  нәтижелі 
реформалар  жүргізіліп  келеді.  Азаматтық  жаңа  сана  қалыптастыру  жолында  Елбасы 
бастамашылдығымен  құрылған  Қазақстан  халқы  Ассамблеясы  сияқты  мемлекеттік 
институттардың да атқарып жүрген ынтымақшылдығы ерекше. 
Елдегі тыныштық, төзімділік пен өзара келісім, бірін-бірі қолдаушылық құндылықтары 
да  біздің  бүгінгі  тұрмыс  тіршілігіміздің  жарқын  көріністері  деп  толық  сеніммен  айта 
алатынымыз да – біздің зор жетістігіміз. 
Біз  Елбасының  басшылығымен  ел  бірлігін,  мүдде  бірлігін,  сол  арқылы  Қазақстан 
халқының ортақ мүдделестігін қамтамасыз ете алдық. Бұл мүдделестік Мемлекет басшысы 
айтқандай,  көздің  қарашығындай  сақталып,  Тәуелсіз  еліміздің  бағытын  айқындайтын 
басты белгінің біріне айналды. 
Қуаныш СҰЛТАНОВ
мемлекет және қоғам қайраткері, 
  Парламент Мәжілісінің депутаты, 
саяси ғылымдар докторы
Ел бірлігі қашанда мүдде бірлігінен басталады. Біздің болашағымыз – 
Қазақстан халқының ортақ мүдделестігінде. Біз мұны көздің 
қарашығындай сақтауымыз керек. 
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 
Президенттік қызметіне кірісуге арналған салтанатты рәсімде сөйлеген 
сөзінен. Алматы, 10 желтоқсан, 1991 жыл

ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ МЕН ОЛАРДАН ТУЫНДАҒАН ОЙ-ТҰЖЫРЫМДАР
7
25 бағдар
Е
лбасының  бұлай  деуінің  астары  терең.  Біріншіден,  бұл  түйінді  пікір  ата-
бабаларымыз сан ғасыр «егемен болмай ел болмас, етектен кесіп жең болмас» деп, 
сарыла күтіп, аңсап-армандаған егемендіктің халқымыздың маңдайына бақ болып 
қонғанын меңзеп тұр. 
Бұл – дау туғызбайтын шындық. Өйткені, 1991 жылы, бұрын мәңгі-бақи мызғымастай 
болып көрінген алып Кеңес Одағының керегесі сол мемлекет ішіндегі саяси-тектоникалық 
дүмпу салдарынан күйрей шайқалып, шаңырағы шытынап, бір-ақ сәтте ортасына түскен 
болатын. Бірнеше ғасыр бойы Ресей империясына, соңыра Кеңестік «қызыл империяға» 
бодан болып келген 15 республика түгелдей егемендікке қол жеткізіп, өте қысқа мерзім 
ішінде күні біткен ескі жүйенің бұғауынан соның нәтижесінде біржола арылған еді. Енді, 
міне, азаттыққа қол жеткізген 24 жыл ішінде Қазақ елі егемендігін көзінің қарашығындай 
сақтай отырып, әлемнің саяси-экономикалық үдерістерін жан-жақты зерттеп, елеп-екшей 
келе, мемлекеттік мүддесіне сай келетін дамудың тұрақты жолына түсті.
Екіншіден,  осы  жылдар  ішінде  Қазақ  елі  халықаралық  аренада  кеңінен  танылып, 
зор  табыстарға  қол  жеткізді:  шекарасын  шегендеп  алды;  Біріккен  Ұлттар  Ұйымының 
белсенді мүшесіне айналды; Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының, 
Шанхай  ынтымақтастық  ұйымының,  Ислам  ынтымақтастық  ұйымының,  Азиядағы 
өзара  іс-қимыл  және  сенім  шаралары  жөніндегі  кеңестің,  Түркітілдес  мемлекеттер 
ынтымақтастық кеңесінің, Еуразиялық экономикалық одақтың, сол сияқты халықаралық 
аренада  биік  бедел  жинаған  санаулы  Парламент  ассамблеяларының  мүшелігіне  ие 
болды. Елордамыз Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының әр үш жыл сайын 
өтетін съездерінің, жыл сайын өтіп тұратын Астана экономикалық форумының, G-Global 
форумының үнқатысу алаңына айналып отыр.
Үшіншіден, Қазақстанның 2030 және 2050 жылдарға дейінгі стратегиялық дамуының 
жол  картасы  толассыз  іске  асырылып  келеді.  Соның  арқасында  еліміз  оза  дамыған  50 
мемлекет қатарына еніп, индустриялық бағдарламаларды іске асыру арқасында, о бастағы 
шикізат экспорттауға ғана негізделген экономикасының сипаты өзгеріп, енді индустрияға 
негізделген  инновациялық  экономиканың  үлесі  арта  бастады.  Бүгінгі  таңда  еліміздің 
алдына 2050 жылға дейін әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына ену мен Мәңгі ел болу 
мұраты тұр. Бұл мақсаттарға жету үшін ел бірлігі мен жеріміздің бүтіндігін, егемендігіміз 
бен  азаттығымызды  сақтай  отырып,  бүгінге  дейін  қол  жеткізген  құндылықтарымызды 
еселей түсіп, болашақта олардан айырылып қалмау мүмкіндігін жасауға талпынуымыз 
қажет. Түптеп келгенде, Президенттің меңзеп отырғаны да осы.
Әділ АХМЕТОВ, 
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,
 филология ғылымдарының докторы, профессор
Біздің үлесімізге тарихи мүмкіндіктің тиіп отырғанын түйсіну қажет, 
оны біз қолдан шығарып алмауға тиіспіз. 
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 
Президенттік қызметіне кірісуге арналған салтанатты рәсімде сөйлеген 
сөзінен. Алматы, 10 желтоқсан, 1991 жыл

25 БЕЛЕС
25 бағдар
8
Біз тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті 
белгілерін де ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек. 
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 
Қазақстан Республикасының жаңа мемлекеттік рәміздерін таныстыру 
салтанатында сөйлеген сөзінен. Алматы қаласы, 5 маусым, 1992 жыл
Т
әуелсіз еліміздің дербестігі мен тұтастығын, әлемдік қауымдастықтағы мәртебесін 
айшықтайтын мемлекеттік рәміздер – ұлттық құндылықтарымыздың бірегейі. 
Суы жоқ жер болса да, туы жоқ ел болмайды. Рухыңды аспанға көтерген әнұраның 
болмаса, елтаңбаңды кім елейді? Бес жарым ғасырдың белесіне байрақ тіккен қазақ 
халқының бүгінгі тарихындағы ерекше безендірілген елтаңба, ұлттық-рухани қуатқа 
толы әнұран, шашақты күнді қаусыра қалықтаған қыран бейнеленген көк ту әрбір 
қазақстандықтың жүрегінде жүретін киелі бойтұмарлары болса керек. Сондықтан 
киелі  белгілердің  айбынын  асыру,  алысқа  жеткізу,  аяқасты  етпей,  қадірлеу  – 
баршамыздың парасатты парызымыз. 
Мемлекеттік  рәміздерді  қабылдаған  жиырма  үш  жыл  бедерінде  біздің  әнұранымыз 
әлемнің  қаншама  елінде  шырқалып,  қанша  құрлық  аспанында  көк  туымыз  желбіреді 
десеңізші!  Елбасымыздың  ресми  сапарларындағы  көңіл  тербетер  көріністерді 
түгендемей-ақ  қоялық,  жаһандық  спорт  жарыстарында,  Олимп  биіктерінде  жеңіске 
жеткен  ұл-қыздарымыздың  құрметіне  нешеме  рет  әнұран  ойналып,  қаншама  рет  көк 
байрағымыз көкке көтерілді! Осындайда ұлттық рәміздеріміздің рауан нұры көкірегіңді 
толтырып тұрғандай сезіледі.
Мемлекеттік  рәміздердің  құдіретін  сезіну  адамға  аздық  етеді,  оларды  өмір  бойы 
қастерлеп,  ұлықтап  өтуіміз  керек.  Ол  үшін  мектепке  дейінгі  мекемелерден  бастап, 
мектептерде, арнаулы және жоғарғы оқу орындарында, еңбек ұжымдарында мемлекеттік 
рәміздерімізге  арналған  мазмұнды  іс-шараларды  ұдайы  өткізудің,  нышандардың  нақты 
белгілерінің  тарихи  мәнін  түсіндірудің  маңызы  зор.  Ол  науқандық  шараға  айналмауға 
тиіс.  Сондай-ақ  мемлекеттік  рәміздерді  жөн-жосықсыз  пайдалануға  қатаң  тиым  салу 
керек.  Қайбір  жылдары  мемлекеттік  мекемелерден  бөлек  жекелеген  кәсіпорындар  мен 
серіктестіктер,  тіпті  жеке  кәсіпкерлер  іс-қағаз  бланкілеріне  елтаңбамызды,  ірілі-ұсақты 
басшылар  визиттік  карточкаларына  мемлекеттік  туды  таңбалауды  сәнге  айналдырған 
еді.  Тиісті  орындар  тарапынан  қатаң  қадағалаулар  мен  ескертулерден  кейін  теріс  үрдіс 
саябырлады.  Бірақ  кейде  қарапайым  адамдар  түгілі  шенді-шекпенділер  мемлекеттік 
рәміздерді қорлау қылмыстық іс екенін, бұның заңмен қудаланатынын түсінгісі келмейді. 
Әрбір қазақстандық азамат мемлекеттік рәміздерді құрметтеу арқылы өзін құрметтейді, 
ұрпағының болашағын баянды етеді, тәуелсіздігіміздің тұғырын нығайтуға үлес қосады. 
Біз соны түсінуіміз керек. Елбасының сөзін осы тұрғыдан ұғынғанымыз абзал.
Бақберген ДОСМАНБЕТОВ,
 ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, 
экономика ғылымдарының докторы, профессор

ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ МЕН ОЛАРДАН ТУЫНДАҒАН ОЙ-ТҰЖЫРЫМДАР
9
25 бағдар
Әрбір азамат Қазақстанның жалауын, елтаңбасын, әнұранын тұмардай 
қасиет тұтуы қажет. Елдігіміздің сыналатын бір тұсы осы. 
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 
Қазақстан Республикасының жаңа мемлекеттік рәміздерін таныстыру 
салтанатында сөйлеген сөзінен. Алматы қаласы, 5 маусым, 1992 жыл
Е
лбасы өткенімізді ұмытпай, болашағымызға сеніммен ұмтылудың үмітті жолын 
жиырмасыншы ғасырдың тоқсаныншы жылдарының тоқырауында тап басып 
анықтап айта білді, ойындағысы болды, көңілдегісін іске асырды. Өз халқының тілі 
мен дінін, салты мен дәстүрін, әдебиеті мен мәдениетін, тағдыры мен тарихын жетік 
білетін Мемлекет басшысы ұлттық мүдделер тұрғысындағы істер атқаруға әрдайым 
шынайы жанашырлық пен қамқорлық танытып келеді. Осы орайда Елбасы біздің 
елдігіміз  бен  тәуелсіздігіміздің  басты  символдарын  –  Қазақстанның  жалауын, 
елтаңбасын, әнұранын тұмардай қасиет тұту қажеттігін айта отырып, елдігіміздің 
сыналатын да бір тұсы осы екендігін санаға жеткізе білді. 
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанның әнұраны ретінде Шәмші Қалдаяқовтың 
«Менің  Қазақстаным»  әнін  еліміздің  қасиетті  де  киелі  әнұраны  есебінде  таңдап  алуы 
тәуелсіздігіміздің басты әрі тарихи беттерінің біріне алтын әріптермен жазылды. Ел мен 
елдікке  лайықты,  халықтың  рухын  көтерер  әнұран  таңдай  білу  үшін  де  елің  мен  туған 
халқыңа деген Елбасынікіндей адал жүрек пен зор сүйіспеншілік керек әуелі. Президентіміз 
ән мәтінінің авторы, марқұм Жұмекен Нәжімеденовтің мұрагерлерінің келісімін ала отырып, 
жыр жолдарының кей тұстарына өз қолымен осы заманның үндестігімен сай келерлік әрі 
нақпа-нақ  ой  түйіндерін  енгізді.  Тәуелсіздіктің  қилы  да  қиын  жолымен  елін  абыройлы 
бастап келе жатқан адамның жүрегі ғана сөйлей алар сөздерді туғызды. Мысалы, ақын 
Нәжімеденовтің «Кең екен жер деген, жерге дән шықты ғой. Дән егіп терлеген қазағым 
мықты ғой» деген жыр жолдарын Елбасының «Ежелден ер деген, даңқымыз шықты ғой, 
намысын бермеген, қазағым мықты ғой» деп осы бір төгіліп тұрған жыр шумақтарымен 
әнді  әсерлеп,  рухтандырып  алып  кеткендігінің  таңдандырары  бар.  Өз  елінің  көк  туын, 
елтаңбасын, әнұранын Елбасының тұмардай қасиет тұтатындығының да белгісі мен үлгісі 
де осы болса керек. Сондықтан да жақсы ісіңді, жақсы есіміңді, атың мен даңқыңды, ең 
бастысы ғұмырыңды мәңгілікке ұластырып, жалғастырар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтай 
мәңгілік  ізде!  Елбасының  мәңгілігі  –  Қазақ  елі!  Елбасының  мәңгілігі  –  ел  тәуелсіздігі! 
Елбасының мәңгілігі – Қазақ елінің көк байрағы, әнұраны мен елтаңбасы! 
Әр қазақ баласының бүгінгі күні қасиет тұтар жеті дүниесі бар. Ол –Тәуелсіздік! Көк 
Ту! Елтаңба! Әнұран! Президент! Жер! Қазақ тілі! Менің өз түсінігімдегі қасиетті болып 
саналатын  осы  жеті  дүниенің  біреуіне  шек  келтіруді  ақылсыздық  пен  парықсыз дық, 
тәуелсіздікке жасалар опасыздық деп білемін. 
 Жабал ЕРҒАЛИ, 
Парламент Сенатының депутаты
жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

25 БЕЛЕС
25 бағдар
10
Мен әрдайым сөзім мен ісімнің өзара үйлесіп жатуына ұмтылып келемін. 
Мен  бұл  бағытымды  өзгерткен  емеспін,  осы  бағытпен  жүріп  келемін 
және жүре де беремін. Бұл ең алдымен қазақ халқына және Қазақстанды 
мекендейтін барлық халықтарға қажет. 
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 
«Егемен Қазақстан» газетінің бас редакторы Шерхан Мұртаза және 
«Казахстанская правда» газеті бас редакторының бірінші орынбасары 
Сергей Степановпен Қазақ теледидарында өткен сұхбатынан. 
23 маусым, 1992 жыл
К
еңес  одағы  құлаған  кезеңде  Қазақстан  да  бұрынғы  одақтың  көптеген 
республикалары сияқты бірқатар қиындықтарға тап болды: жұмыс орындары 
қысқарды, өндіріс тоқтады, гиперинфляция, көші-қон, халықтың әлеуметтік қорғау 
саласындағы іркіліс орын алды. 
Бұқара  халық  арасынан:  «Енді  не  істейміз?»  –  деген  сұрақтар  жиі  естілетін.  Адамдарға 
болашаққа,  өз  мүдделерін  қорғайтын  мемлекетке  деген  сенім  керек  еді.  Сондықтан, 
Н.Ә.  Назарбаевтың  1992  жылғы  23  маусымында  «Егемен  Қазақстан»  мен  «Казахстанская 
правда»  газеттерінің  бас  редакторларына  берген  сұхбатындағы  жоғарыда  келтірілген 
қарапайым және жүрекке жылы сөздері әр қазақстандықтың көкейінде үміт отын жаққан лебіз 
болды. Бұл сөздер сол кезде тұрақтандырушы және жұмылдырушы фактор рөлін атқарды. 
Уақыт өте жаңа өнеркәсіптер ашылып, құрылыстар салынып, жаңа жұмыс орындары 
ашылды,  инвестициялар  тартылып,  құқықтық  база  жасалып,  жаңа  елорда  –  көркем 
Астана салынды.
Бүгінде Тәуелсіз Қазақстан әлемдік экономикалық және көпмәдениетті қоғамдастықтың 
бір  бөлшегіне  айналды.  Еліміз  қиын  жағдайда  дамудың  жоғары  нәтижелеріне  қол 
жеткізді, жалпыұлттық бірліктің үлгісіне айналды.
Осының  бәрі  этностар  мен  конфессиялар  арасындағы  байсалды  және  әділ  қарым-
қатынастардың арқасында, ішкі саяси тұрақтылықты сақтау мен дамытуға бағытталған 
біздің  Президенттің  көреген  саясатының  арқасында  мүмкін  болды.  Біз,  түрлі  этнос 
өкілдері, ортақ үйімізді салудамыз. Бұл үй жайлы және ыңғайлы, барлық ауыртпалықтардан 
сақтайтын қауіпсіз баспана болуы тиіс. Тұрақтылық пен бірлік болмай, мұндай үй салуға 
болмайтынын біз жақсы білеміз.
Елбасына  деген  сенім,  оның  ұсынған  реформаларына  деген  сенім,  Қазақстан 
халқын жаңа жетістіктерге жетуіне дем береді. Бұл бізге Президенттік реформалардың 
мақсаттарын жүзеге асыруға және Ұлт жоспарын іске асырып, әлемнің үздік жетекші 
елдер қатарына қосылатынымызға мүмкіндік беретініне сенімдімін.


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал