№24(44) 26 маусым Жексенбі. 2016 мешін жылы Газет 6 шілде 2015 жылдан шығады. Ел бірлігі — ең асыл қасиет



жүктеу 234.86 Kb.

бет1/3
Дата14.09.2017
өлшемі234.86 Kb.
  1   2   3

№24(44)

26 маусым

Жексенбі.

2016

мешін жылы

Газет 6 шілде 

2015

 жылдан шығады.

Ел бірлігі —   ең асыл қасиет. 

Н. Ә.  НАЗАРБАЕВ.

Нұрсұлтан Назарбаев

Алматы облыстық  қоғамдық  газет

“Райымбек”  газетіне жазылыңыздар!

Асығыңыз! 1 шілдеде баспасөзге жазылу аяқталады.

2016

2016

    

Қадірменді оқырман! Баспасөзге жазылу мамыр - маусым айларында жүргізіледі. Төл газетіңіз “Райымбекке” жазылуға 

асығыңыз.  Индексі: 64629.  2016 жылдың жарты жылдығына жазылу барлық “Казпочта” бөлімшелерінде жүргізіледі.

                                                Жазылу: алты айға - 1660 теңге.

“Алтын белгі” төсбелгісі тапсырылды

Сүйінбай ақын ескерткіші 

  Білім - ұлы күш. Ол танымалдыққа, даңққа, молшылық пен игілікке жол ашады. 

*    *    *

  Балабақшадан бастап мектептерде, колледждер мен жоғары оқу орындарында, әскери орындарда 

біз балаларға тек білім беріп қана қоймай, тәрбие беруді де назардан шығармауымыз керек. 

*    *    *

  

Оқу, үйрену - ұят емес, надандықта қалып, одан арылуға талпынбау - ұят. 

Түркияның төріне қойылды

Анкара қаласының ең үлкен саналатын 

Кечиорен ауданында сөздің пірі атанған 

Сүйінбай ақынның бюсті орнатылды. 

Былтырғы жылы ақынның 200 жылдығына 

орай осы елде Сүйінбай саябағы ашылған 

болатын.

Саябақтың ашылу салтанатында сөз 

сөйлеген Кечиорен муниципалитетінің 

мэрі Мұстафа Ак «Қазақ жері атажұртымыз 

болса, түрік жері анажұртымыз. 

Байланысымыз жалғасып, өткен жылы 

ашылған саябақтың ішіне бүгін шайырдың 

бюстін қойып отырмыз. Рамазан айымен 

дөп келіп отырған қуаныш құтты болсын!» 

- деді.


Алматы облысы әкімінің орынбасары 

Бақтияр Өнербаев та сөз алып, тәуелсіздіктің 

25 жылдығына орай атқарылып отырған 

шара Елбасының сарабдал саясатының 

арқасында жүзеге асып отырғанын жеткізді. 

Қазақ халқының, облыс басшының 

атынан түрік бауырларға, осы істің басы-

қасында жүрген азаматтарға алғыс айтып, 

мұндай шаралардың түркі дүниесін 

байыта түсетініне, Мәңгілік елдің мәңгілік 

мұралары болатынына сенім білдірді.

ТҮРКСОЙ бас хатшысы Дүйсен 

Қасейінов, Қазақстанның Түркиядағы 

Төтенше және өкілетті елшісі Жансейіт 

Түймебаев, мемлекет және қоғам қайраткері 

Шәмші Беркімбаева, ақынның тікелей 

ұрпағы Ғабит Садырбаев екі ел арасында 

саяси, экономикалық 

байланыстармен қатар 

алтын көпір болып отырған 

руханият әлемі – түркілік 

тұтастық екенін атап өтті. 

Сүйінбай ескерткішінің 

ашылуын соның бір жарқын 

көрінісіне балады.

Бюсттің ашылу рәсімін 

Сүйінбай атындағы 

облыстық филармония 

өнерпаздары ән-күймен 

көмкеріп, анкаралықтардың 

ыстық ықыласына бөленді.

Бюсттің авторы – мүсінші 

Нұрғалым Исабаев. Өткен 

жылы Н. Исабаевтың 

жасаған мүсіні ақынның 

туған ауылы Қарақыстаққа 

қойылған болатын. «Бұл 

бюст Қарақыстақтағыға қарағанда көлемі 

жағынан үлкен. Және бұл жұмысымда 

қазақтың киімдеріндегі ою-өрнектерін 

зерттеп жүрген ғалымдармен бірлесе 

отырып, бас киімі мен шапанындағы зердің 

мән-мазмұнына жете мән бердім. Мәселен, 

қалпағына билерге тән «Билік ағашы» оюы 

салынды»,- дейді автор.

Бюсттің тұғырымен қосқандағы жалпы 

биіктігі 2,60 метр, иық тұсынан ені 1,35 

метр.


Осы күні «Калаба Кент» алаңында Жамбыл 

жыраудың 170 жылдығына орай облыстық 

Сүйінбай атындағы филармония мен 

«Алтынай» мемлекеттік халық биі ансамблі 

қазақ өнерін паш етіп, халық әндері мен 

билерін анкаралық көрермендер назарына 

ұсынды.

zhetysu.gov.kz

Облыс бойынша 214 «Алтын белгі» 

иегерлеріне Талдықорғандағы «Жастар» 

саябағында құрмет көрсетілді. 

Үздіктерді облыс әкімі Амандық Баталов 

құттықтады.

Түлектерді құттықтай отырып, 

облыс басшысы А. Баталов «Алтын 

белгі» төсбелгісін мектеп бітірушілер 

қорытындысы да өткен жылдан жоғары 

болып, орташа көрсеткіш – 80 балға 

жетті.


    «Алтын белгі» иегерлеріне, барлық жас 

түлектерге – үлкен өмір жолына басқан 

қадамдарың сәтті болсын, Ақ жол! – 

дейміз.


   Мәңгілік Еліміздің беделін асырып, 

өздерінің білімділігімен, 

ой өрісінің кеңдігімен, 

талаптылығымен алып 

отырғанын мақтан ететінін 

атап өтті.

-Тәуелсіздіктің 25 жыл-

дығына қадам басқан 

еліміздің абыройлы 

азаматы болыңыздар. 

Алар асуларыңыз биік, 

мұраттарыңыз  асыл  болсын!     

Президентіміз Нұрсұлтан 

Әбішұлы: «Кез келген 

ел өзінің келешегін 

өскелең ұрпағымен 

байланыстырады. Жаңа 

құндылықтар жастардың 

жүрегіне тезірек жол 

табады», - деген еді. Адамзат 

баласы өмір бойы білім 

алады. Өйткені білім – 

таусылмас қазына, баға жетпес байлық. 

Біз Сіздерден жаңалыққа жаны құмар, 

әлем өркениетіне жақын, озық ойлы 

жастар ретінде үлкен үміт күтеміз, - деді 

А. Баталов.

Мұнан соң облыс әкімі білім саласына 

облыста бұдан әрі де барлық қажетті 

қолдаулар көрсетілетінін айтты.

- Осы орайда, өскелең ұрпақтың 

терең білім мен тәрбие алуына 

өңірімізде қолайлы жағдай жасалып 

отыр. Нәтижесінде соңғы жылдары 

облысымыздың озат оқушылары 

республикалық, халықаралық білім 

сайыстарында биік белестерді 

бағындырып келеді.

Ұлттық бірыңғай тестілеудің 

биік белестерге жете беріңіздер! – деді 

үздіктерге «Алтын белгі» тапсырып тұрып 

облыс әкімі.

Жалпы, биылғы жылы облыста 214 түлек 

«Алтын белгі» төсбелгісіне, 171 оқушы 

ерекше үлгідегі аттестатқа ие болды.

Бұл орайда ҰБТ нәтижесі бойынша ең 

жоғары – 124 балды Кербұлақ ауданы 

Қарашоқы ауылындағы орта мектептің 

түлегі Талшын Шоқаева алды. Жалпы 28 

оқушы 120 балдан жоғары көрсеткішке 

ие болды.

Салтанатты шарада концерт 

ұйымдастырылып, педагогтардың 

қолынан ақ көгершіндер ұшырылды.



zhetysu.gov.kz

 Райымбек ауданы Кеген ауылында мектеп 

бітірушілердің салтанаты жоғарғы деңгейде өтті. 

Салтанатқа аудан әкімі Жанат Тәжиев, ардагер 

ұстаздар Бақытгүл Көнеева, Ғалия Кәдірова, 

Мейрамгүл Мекетаева, Гүлжамал Оңғарова, 

аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Совет 

Оразаев, аудандық білім бөлімінің басшысы Рысалды 

Таударбекова, мекеме-ұйым басшылары, мектеп 

бітірушілердің ата-аналары қатысты.

 2015-2016 оқу жылында  512  шәкірт білім нәрімен 

сусындап, алтын ұя мектебінен қанат қақты.  Ұлттық 

бірыңғай тестілеуге  357 оқушы қатысып, аудан 

бойынша  ортақ бал 77,9 пайыз болды.  «Алтын 

белгіге» үміткер оқушыларымыздың   4-уі ұстаз 

сенімін ақтады. Олар:   №2 Кеген орта мектебінің 



Мектеп бітірушілердің аттестат алу салтанатынан

Болашақ  бүгіннен басталады



Сәт сапар, жас түлек!

оқушысы  Айгерім Қызайбай,  С.Әшімбаев 

атындағы орта мектебінің оқушысы Гаухар 

Қыдырәлі, Н.Өмірзақов атындағы орта 

мектебінің оқушысы Айгерім Есімхан, 

Т.Жанұзақов атындағы орта мектебінің оқушысы 

Шырын Шәймерденқызы. Жалпы өткен оқу 

жылында оқушылар өздерінің терең де, сапалы білім, 

тәлімді тәрбие алғанын көрсетті.

 Мектеп бітіруші түлектерді құттықтау үшін Райымбек 

ауданының      әкімі Тажиев Жанат Жолдаспекұлы сөз 

сөйледі.


 -Қадірменді мектеп бітіруші түлектер! Сіздердің 

естеріңізге бүгінгі қуанышты салтанат  мәңгі 

қалады. Он бір жыл біліммен сусындаған 

мектептеріңізбен қош айтысып, жаңа өмір жолына 

қадам басып отырсыздар. Ендігі өмірлеріңізде 

көптеген қиыншылықтар мен қуаныштың куәсі 

боласыздар. Арман қуып, алысқа самғайсыздар. 

Отанымыздың белді азаматы болып, ел игілігін 

 

молайтуда қолдарыңыздан келгенше өз үлестеріңізді 



қосасыздар. Сіздердің алдарыңызда жарқын болашақ 

күтіп тұр. «Мәңгілік елдің» білікті де, білімді, іскер де 

талапты кадры боласыздар. Қанаттарыңды қатайтып 

алысқа самғап кетсеңіздер де жүрек түпкірлеріңіздегі 

туған жерге, елге, ата-анаға, ұстаздарыңа, мектепке 

деген сағыныш әрдайым ортаймасын. Сіздерге  сәт 

сапар тілеймін,-деді.

  Мұнан кейін аудан әкімі Ж. Тәжиев мектеп бітіруші 

түлектерге «Жалпы орта білім туралы аттестат» пен  

жоғары оқу орнына түсуге арналған сертификаттарды 

тапсырды.

 Түлектердің ата-аналары атынан  Жібек Молдасанова, 

аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы, Райымбек 

ауданының «Құрметті азаматы», «Парасат» орденінің 

иегері Совет Оразаев, мектеп бітіруші түлектер 

атынан  №2  Кеген орта мектебінің «Алтын белгі» 

иегері Айгерім Қызайбай, Халықаралық ғылыми 

жоба жарысында оқу грантының жеңімпазы Маржан 

Серік, №3 Кеген орта мектебінің түлегі Халықаралық 

ғылыми жоба жарысында оқу грантының жеңімпазы 

Мақпал Дарубай,  Ө.Жаңабаев  орта мектебінің 

 

үздік аттестат иегері  Нұрсұлтан Әріпбай сөз сөйлеп, 



ата-ана, ұстаздарына жүрек жарды рахметтерін 

айты, өмірде де өз орындарын тауып, еңбектерін 

ақтайтындарына тоқталды.

          Өрендер кетті, сендерден енді балалық,

          Тұрсыңдар міне, болашақ күнге жол ашып.

          Кетігін елдің жетілдірер бол азамат,

         Бір кірпіш болып дүниеге мына қаланып.

         11 жыл оқып, білімің түсті қорлана,

         Аттестат алдың мектеп деген ордада.

         Аттестат деген – азаматтық куәсі,

         Аттестат деген - өмірге берген жолдама.

Ия, бұл күні түлектер алтын ұяларынан «өмір» атты 

болашақты бетке алып, қанат қақты. Қайда жүрсе 

де, қайда болса да, қанша жасқа келсе де бір- бірін 

ұмытпай, туған жеріне тағзым ете бермек!

     Мектеп, мектеп, менің жарқын көңілім

     Мектеп, мектеп, шаттық толы өмірім

Мектеп, мектеп, әнім болып төгілдің

    Мектеп, мектеп,ана болып та көріндің.

Мектеп бітірушілер салтанатында күмбірлете күй 

шертіліп, асқақтата ән шырқалды. Оқушылар 

қоштасу вальсін биледі. Жиналған қауым да мектеп 

бітіруші түлектерге сәт-сапар тіледі. Қуаныштан 

көздеріне жас үйірілді.



Самат ТӨРЕБЕК, 

Райымбек ауданы

  Тәуелсіздікке 25 жыл

Арақтың азабы

Тілшілер хабары

Ұлт жоспары:  100 нақты қадам

Ақ халатты абзал жандар

Ғылымның қия жолында

Баспасөз релизі

Заң және сана

Кітап-жан азығы

Мақсат – сот  ісін 

жүргізуді жеңілдету

Адам жанының арашасышы

Ғұмырын ғылымға арнаған

 ҚР ДСӘДМ Ұлттық дәрілік 

формулярмен жұмыс істеу 

бойынша медициналық 

қызметкерлерді оқыту үшін 

сарапшылар тобын дайындауда

Қазіргі демократиялық қоғамда кең 

ауқымды сот жүйесін дамыту еліміздің 

басты басымдықтарының бірі саналады. 

Біздің сот жүйесі 

сонау сан ғасырлармен 

заман талаптарына сай қалыптастырылуда. 

Осы орайда Мемлекет басшысы халыққа 

арнаған Жолдауында: «Сот жүйесі іс жүзінде 

ашық және қолжетімді, қарапайым, барлық 

дауды тез шеше алатындай болуға тиіс»деп 

атап өткен болатын. Бұдан біз сот төрелігі 

заңды , әрі уақытында жүзеге асса, онда 

халықтың сотқа деген сенімі нығаяды деген 

сөз.

Әділ шешім айтудағы басты тұлға – ол 



судья. Судья Конституция мен заңға сәйкес, 

шешім  қабылдап, оларды дұрыс қолдануға 

міндетті. Судья тәуелсіздігін жүзеге асыру 

судьяның өзіне тікелей байланысты екенін 

айтқан академик Салық Зиманов:  «Судья 

тәуелсіздігінің екі дұшпаны бар: судьяның 

өзі мен бас пайдасын көздеген күштер»,-

деген екен.   Сондықтан , ғалым ағамыздың 

сөзін әрбір судья есте ұстағаны абзал. 

Бұл тұрғыда Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев 

Судьялардың  V съезінде: «Заманауи сот 

жүйесі – мемлекетті қалыптастырудың 

бірден-бір басты негіздерінің, әлеу- 

меттік, экономикалық және саяси 

жаңғырту жолындағы демократиялық 

даму тетіктерінің бірі. Азаматтардың 

 

мемлекеттің құқықтық саясатына оң 



көзқарасы мен қоғам тарапынан билікке 

сенімнің қалыптасуы – сот жүйесінің 

ахуалына байланысты» деген болатын.

Биыл елімізде Қазақстан судьяларының 

кезектен тыс  VII съезі өтеді деп күтілуде. 

Ондағы қабылданатын басты құжаттың 

бірі – ол Судьялар әдебінің кодексі болмақ. 

Бұл тұрғыда кодекс 

жобасы республиканың 

барлық өңірлеріндегі 

сот жүйелерінде кеңінен талқылануда. 

 

Осы орайда  еліміздегі жаңа азаматтық 



процессуалдық кодексі мен «Жоғары 

Сот Кеңесі туралы» жаңа Заңның орны 

айрықша болмақ. Сондай-ақ  Елбасының  

100 нақты қадам Ұлт жоспарын жүзеге асыру 

шаралары қарқынды жүргізілуде. Оның 

 

ішінде заңның үстемдігін қамтамасыз етуге 



баса  назар аударылып,,  сот саласында 

реформалар жүзеге асуда.  Мұның бәрі 

де айналып келгенде мемлекетімізде 

түбегейлі жаңа құқықтық орта құруға негіз 

қалануы керек. Шынтуайтына келгенде 

жаңашылдықты қолдансақ,  онда  сот 

 

істерін жүргізуге жеңілдік болары анық. 



Бұл жағдайлар өз кезегінде түпкілікті сот 

шешімдерін қабылдау уақытын барынша 

 

қысқартып, судьялардың жүктемесін 



азайтуға мүмкіндіктер береді.

Ермек  ЕГЕУБЕКОВ,

                   Ұйғыр аудандық 

сотының төрағасы.

Жол-көлік оқиғаларының алдын алу, апат- 

тарды болдырмау мақсатында жасалып жатқан 

шаралардың қай-қайсысы да жүргізушілерге 

сабақ болмай отыр.

Құқық бұзушы Б.С. өткен жылдың қаңтар 

айында өз басқаруындағы «Volkswagen Passat» 

маркілі автокөлігін масаю күйінде басқарған.

Оны  жол полиция қызметкерлері тоқтатып, 

ауруханаға апарып, дәрігерлік куәләндіруден 

өткізгенде арақ ішкені анықталған.

Құқық бұзушы Б.С.-ның әрекеті Қазақстан 

Республикасының ӘҚБтК-нің (әкімшілік 

құқық бұзушылық туралы кодексінің) 608 

бабының 1 бөлігі бойынша алкогольдік масаю 

күйінде көлік құралын басқару белгісімен дұрыс 

дәрежеленген, сөйтіп ол көлікті мас күйінде 

тізгіндеген.

Сот залында құқық бұзушы Б.С. өз айыбын 

мойындап, берген жауабынан басқа, масаю 

жағдайын анықтайтын дәрігерлік куәлендіру 

қорытындысымен, әкімшілік құқық бұзушылық 

хаттамасымен толық дәлелденіп, үш жыл 

мерзімге көлік құралын басқару құқығынан 

айырылды. 

Ішімдік ішіп, рульге отырған жүргізушілердің 

бәрі де заңның талабы бойынша 3 жылға 

жүргізушілік құқығынан айырылып, жүргізуші 

куәлігінен қағылады.

                

 

 К.АРЫСТАНБЕКОВА. 



Райымбек ауданының № 2

                   аудандық сотының бас 

маманы

жалғасқан Ұлы Дала елінің әділ билері 

арқылы жалғасып келе жатқан тамыры 

терең елдіктің белгісі. Сондықтан болар 

халқымызда: «Тура биде туған жоқ, 

туғанды биде иман жоқ»,-деген қағида бар. 

Мұның мағынасы билік айтушы ешкімді 

алаламайтын адал, қара қылды қақ жарған 

әділ болуы керек дегенді білдіреді. Еліміздегі 

сот жүйесі жылдан-жылға өзгеріп, тек 

 

әділдікке негізделіп, заңға ғана бағынатын 



Француз философы Г. Мабли(1709-1785). 

«Біздің бойымызға біткен қасиеттердің ішіндегі 

ең маңыздысы және ең ізгісі –ақыл, парасат»,- 

деген екен. Парасатты адамға істейтін ісін, 

сөйлейтін сөзін, қабылдайтын 

шешімін алдымен ақыл 

таразысынан өткізіп алу, әдеп-

инабат,  адамгершілік жағынан 

кінәратсыздық, салиқалылық 

пен мейірімділік, ізгілік пен кең- 

пейілділік тән. 

Өмірі ізгілік пен кең пейілділікке 

толы жандар аз емес. Міне, сондай 

жандардың бірі – Ұйғыр аудандық 

орталық аурухананың бас 

дәрігерінің орынбасары – Букеева 

Майра Әбілқызы. Бәріміз пенде 

болған соң бас ауырып, балтыры 

сыздамайтын адам болмайды. 

 

Сөзі де, ісі де көркіне сай. Кіммен 



сөйлессе де сол адамның жанын 

түсіне білетін адам.  Ақын тілімен 

айтқанда, «Өн бойында бір мін 

жоқ» .


Мінез - адамды көріктендіруші, мінезіне көркі 

сай адамдар бұл өмірде өте аз. Адам өмірге 

келеді. Өмірге келгенен соң ауру-сырқаусыз 

болмайды. Сол ауру-сырқатымызды емдейтін 

жандар – дәрігерлер. Өзім сөз етіп отырған 

дәрігер, ақ халатты абзал жан Майра Әбілқызы 

Шонжы ауылында тұрады. Жақында ол кісімен 

әңгімелесудің сәті түсті. Ол кішкене кезінен 

ақ халатты абзал жан болуды армандаған екен. 

Мектепте оқып жүргенде парталас отырған 

сыныптастарының тазалығын тексеріп, 

«тазалық секторы» жұмысын атқарған көрінеді. 

Бауырының әйелі Гүлнұр  перзентханада 

әйелдерді босандыратын дәрігер болғандықтан 

сол жеңгесіне еліктеп, дәрігер болуды кішкене 

кезден арман еткен. Міне, бүгінгі күні арманы 

орындалып , дәрігер атанды.

Майра Әбілқызының балалық бал дәурені 

табиғаты көркем, талай ұлы адамдарды дүниеге 

әкелген Нарынқол ауылында өткен. Әкесі мен 

шешесі де ауданға сыйлы жандар. Әкесі - Әбіл 

ақсақал, бұрынғы агроном, өмірі еңбекпен 

өткен, шыншыл, әділ, турашыл жан. Өз ісіне 

терең берілген адам. Анасы Райхан апай көп 

жыл есепші болып 

істеп, қазір бейнетінің 

зейнетін көріп отырған бақытты әже.

 Әріптесі, әрі Ұйғыр аудандық аурухананың 

бас дәрігері Қадыров Ғайрат Коммунарұлы 

Майра Әбілқызы жайлы өте жақсы пікір 

айтты. Атам қазақ: «Жақсының жақсылығын 

айт, нұры тасысын» демей ме. Жолдасы Асхат 

бұрынғы әскери қызметкер, қазір зейнеткерлік 

демалыста. Асхаттың адамгершілігі өз алдына 

үлкен әңгіме. Майра Әбілқызы жары Асхат 

екеуі 2 қыз тәрбиелеп  өсірген, 1 немеренің 

атасы мен әжесі. Майра өз сөзінде осы қиын 

жұмыста қиналмай жұмыс істеп отырғаны жары 

Асхаттың арқасы екенін жасырмады.

 Ұлыстың Ұлы күні дүниеге келген Майрада 

өзіне тән қасиет бар. Бұл күні жақсы мен 

жаман, күн мен түн теңеледі, ренжіскен 

адамдар татуласады. Сондықтан та Майраның 

туған күні өзіне сай болғаны ғой. Үнемі ешбір 

жанды алаламайтын тең ұстайтын адам, өз ісіне 

шын берілген жан. Жалпы, дәрігер – ол адам 

жанының арашашысы. Майра Әбілқызы  талай 

адамның өмірін сақтап қалған дәрігер, оған ел  

алғысы шексіз. Сөз соңында айтарым 50 жасы 

құтты болсын, жасы жүзге келсін!

             

Жұман МАТАЙ,                                                                              

Ұйғыр ауданы.

Жуырда аудандық мәдениет үйінде Қазақстан 

Республикасы Ұлттық ғылым академиясының 

академигі, физика-математика ғылымдарының 

докторы, профессор, Қазақстанның Еңбек 

сіңірген ғылым және техника қайраткері, 

Мемлекеттік сыйлықтың иегері Төлеген 

Қожамқұловтың 70 жас 

қа толуына арналған 

салтанатты кеш бол-

ды.Академиктің ту-

ған топырағында 

өткен жиынға елге 

белгілі ғалымдар, 

маңдайалды жоғары 

оқу орындарының 

ректорлары, ірі 

ғ ы л ы м и - з е р т т е у 

институттарының жетек-

шілері, мерейтой иесінің 

етжақын туыстары және 

тұрғындар қатысты.

Академиктің 70 

жылдығы және ғылыми-

ұстаздық жолдағы 50 

жылдық еңбегі бұдан бір 

ай бұрын халықаралық 

деңгейде, өзі ұзақ жыл 

жемісті қызмет істеп, 

біраз жыл ректоры да 

болған еліміздегі білім 

ордаларының қара шаңырағы – Әл-Фараби 

атындағы Қазақ Ұлттық университетінде атап 

өтілген болатын. Енді ақындар мен батырлар 

елі атанған Жамбыл жері перзентінің жеткен 

жетістіктеріне марқайып, мерейін өсірді. Аудан 

әкімі Жандарбек Далабаевтың  алғысөзінен 

кейін Төлеген Әбдісағиұлына арнаған облыс 

әкімі Амандық Баталовтың құттықтауын 

облыстық мәслихат хатшысы Серік Мұқанов 

жеткізіп, мерейтой иесіне жүрекжарды тілегін 

білдірді.

Белгілі ғалым, білікті ұстаз, іскер 

ұйымдастырушы ретінде еліміздегі білім беру 

ісінің өркендеуіне ерен еңбек сіңірген Төлеген 

Әбдісағиұлы облыс орталығындағы Ілияс 

Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік 

университетін басқарған уақытта да оқу 

орнын жаңа деңгейге көтергені белгілі. 

Жастайынан білімге алғырлығымен үнемі 

қатарының алдынан көрінетін ол бұрынғы 

кеңестер одағы бойынша торланған калибрлік 

өріс теориясынан бірінші болып докторлық 

диссертация қорғаған. Ғылымдағы айтулы 

жетістіктері үшін «Парасат» және ІІ-дәрежелі 

«Барыс» ордендерімен марапатталып, өткен 

жылы Елбасы Жарлығымен ғылым және 

техника саласында Әл-Фараби атындағы 

Мемлекеттік сыйлықтың иегері атанды. Алматы 

облысының, Талдықорған қаласының және 

Жамбыл ауданының Құрметті азаматы. Сегіз 

қырлы, бір сырлы ғалым домбырамен әуелете ән 

салып, ән шығаратын сазгерлік өнерден де кенде 

емес. Спортты өмір бойы жанына серік етіп келе 

жатқан салауатты жан, боз кілемде шарболаттай 

шыңдалған балуан, шебер шахматшы, кір тасын 

қаңбақша үйіретін бұла күш иесі «Қазақстанның 

Құрметті спорт қайраткері». Оның ілім қуған 

өмір жолы, отандық ғылымды дамытуға қосқан 

еңбегі, қарымды қабілеті мен азаматтық 

болмысы, биік парасаты өсер ұрпаққа үлгі-

өнеге. Біртуар физик-теоретик өрістің кванттық 

теориясы саласы бойынша қазір әлемге танымал 

ірі ғалымдардың бірі. 

Жарты ғасыр бойы білім мен ғылым саласына 

зор еңбек сіңіріп келе жатқан мерейтой 

иесіне арналған ақ тілектер ақтарылды. Бұл 

орайда академиктер, ҚР ҰҒА президенті 

Мұрат Жұрынов, Әл-Фараби атындағы Қазақ 

Ұлттық университетінің ректоры Ғалымқайыр 

Мұтанов,Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану 

институтының директоры, филология ғылым-

дарының  докторы, профессор  Әбсаттар Дербісәлі 

лебіз білдірді. Төлеген Қожамқұловтың әлемдік 

ғылымға қосқан үлесі, қалыптастырған мектебі, 

өмірінің маңызды кезеңдері туралы бейнебаян, 

слайд көрсетілді. Сондай-ақ Қазақстанның 

Еңбек сіңірген қайраткері, филология 

ғылымдарының докторы, Қазақстанның 

құрметті журналисі, М.Әуезов атындағы 

Әдебиет және өнер институтының директоры 

Уәлихан Қалижан, Абай атындағы Қазақ 

Ұлттық Педагогикалық 

у н и в е р с и т е т і н і ң 

профессоры Анатолий 

Купчишин, осы оқу 

орнының ғылыми жұмыс 

бойынша проректоры, 

ф и з и к а - м а т е м а т и к а 

ғылымдарының докторы, 

профессор Владимир 

Косов, мерейтой иесінің 

а ғ а й ы н - т у ы с т а р ы 

атынан ҚР Еңбек 

сіңірген судьясы Марат 

Нұрбеков, жерлестері 

атынан облыстың және 

ауданның Құрметті 

азаматы Әскербек Абаев 

пен Абай Сәдуақасұлы 

көпшілік алдында ыстық 

ықыластарын жеткізді. 

Төлеген Әбдісағиұлына 

жерлестері әшекейлі 

ер-тұрманды құла 

жорға мінгізді. Кешті 

ұйымдастыруға Қарасай ауданының әкімі 

Махаббат Бигелдиев бастаған азаматтар белсене 

атсалысты.

 Мерейтой иесі қорытынды сөзінде әріптестері 

мен жалпы көпшілікке шынайы алғысын айтты. 

Жиынға мектеп директорлары да қатысып 

отырғандықтан, жас ұрпақтың бойындағы 

қабілетін танып, мамандық таңдауына 

ұстазының бағыт-бағдар көрсетуі жөнінде ақыл-

кеңестерін берді. Сахна экранында көрнекті 

теоретик-физиктің баласы, өз туындыларын 

пианинода шебер орындайтын жас музыкант, 

халықаралық конкурстар лауреаты Рахат-би 

Әбдісағиннің Еуропа елінде өткен концертінен 

үзінді көрсетілді.

Аудандық «Сүйінбай сазы» фольклорлық-

этнографиялық ансамблінің өнерпаздары 

салтанатты шараны тамаша ән-жырмен жалғап, 

сахна төрінде мерейтой иесінің «Ой толқыны» 

күйі, «Туған жерді есіңе ал» әні орындалды. 




  1   2   3


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал