24 ақпан 2015 жылы қазақ тілінің теориясы мен әдістемесі кафедрасының



жүктеу 57.14 Kb.

Дата19.02.2017
өлшемі57.14 Kb.

     24 ақпан  2015 жылы  қазақ тілінің теориясы мен әдістемесі кафедрасының 

ф.ғ.к., 


доцент 

Э.М.Самекбаеваның 

ұйымдастыруымен 

жатақхана 

студенттерінің  арасында  «Адамгершілік-асыл  қасиет»  тақырыбында  әңгіме  

өткізілді. 

     Мақсаты: Студенттердің  бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату 

үшін  мейірбан,  ақылды,  шыншыл,  қайырымды  адамдық  асыл  қасиеттерді 

игеруге  ықпал  ету.  Адамгершілікке,  кішіпейілділікке,  жаман  әдеттерден 

аулақ  болуға  үйрету;  Адам  бойындағы  ұнамды,  ұнамсыз  қылықтарды 

ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту. «Әдеп», «әдептілік» туралы 

түсініктерін кеңейту;  әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 


 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 


2015 жылдың 14-ақпанында  жатақханада өткен кезекшіліктің 

қорытындысы жайлы 

 

ЕСЕП 



 

       Қазақ  тілі  теориясы  мен  әдістемесі  кафедрасында  белгіленген 

кесте бойынша жатақхада кезекшілік өтті. Жатақхана тыныш, таза. 

Студенттердің  сабақ  оқуына  және  өмір  сүруіне  барлық  жағдай 

жасалған.  Кезекшілік  кезінде  ешқандай  тәртіп  бұзушылық 

байқалмады.  Жатақхана  бөлмелері  талапқа  сай,  бәрі  өз  орнында, 

студенттермен  әңгімелесу  барысында  олар  тарапынан  наразылық 

айтылмады.  Бірінші  қабатта  компьютер  желілері  интернетке 

қосылған  бөлмеде  студенттердің  сабаққа  дайындалуына  барлық 

жағдайлар жасалған.   



       Жатақханада  кезекшілік  өткен  14-ақпан  күні  студенттер 

арасында «Адамгершілік-асыл қасиет» тақырыбында тәрбие сағаты 

өткізілді.

   


     Мақсаты:  Студенттердің    бойына  рухани  адамгершілік  қасиеттерді 

ұялату  үшін  мейірбан,  ақылды,  шыншыл,  қайырымды  адамдық  асыл 

қасиеттерді  игеруге  ықпал  ету.  Адамгершілікке,  кішіпейілділікке,  жаман 

әдеттерден  аулақ  болуға  үйрету;  Адам  бойындағы  ұнамды,  ұнамсыз 

қылықтарды  ажырата  отырып,  әдеп  әліппесін  бойына  дарыту.  «Әдеп», 

«әдептілік»  туралы  түсініктерін  кеңейту;    әдептілікке,  сыпайылыққа 

тәрбиелеу. 

   Төменде  өткізілген  тәрбие  сағатының  жоспары  мен  сценарий 

берілген. 

 

 



 

Қазақ тілі теориясы мен әдістемесі  

кафедрасының ф.ғ.к., доценті                               Самекбаева Э.М.                  

 

 



 

 

 

                          Тақырыбы: Адамгершілік-асыл қасиет 



 

   Мақсаты: Жеке адамның мінез-құлық мәдениеті туралы, мінез-құлық 

ережелері мен мінездің кейбір белгілері жайында түсінік қалыптастыру. 

Студенттер бойына шынайы адамгершілік қатынастарды – жолдастық, 

ынтымақтастық, ізгілік, адалдық, қарапайымдылық пен кішіпейілділікті 

орнықтыру, оқушылардың мінез-құлық мәдениетін дамыту. 

   Өткізілу барысы: 

1. Ұйымдастыру бөлімі. 



    Кіріспе сөз: Cабақтың тақырыбы: Адамгершілік - асыл қасиет. Мақсаты: 

Студенттердің  бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін 

мейірбан, ақылды, шыншыл, қайырымды адамдық асыл қасиеттерді игеруге 

ықпал ету. Адамгершілікке, кішіпейілділікке, жаман әдеттерден аулақ болуға 

үйрету; Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, 

әдеп әліппесін бойына дарыту. «Әдеп», «әдептілік» туралы түсініктерін 

кеңейту;  әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу. 

Көрнекілігі: ән-күй,үлестірмелі материалдар,нақыл сөздер жазылған 

плакаттар. Тәрбие сағатының тақырыбы,мақсаты айтылады. Тақырыпқа 

сәйкес ой қозғауға студенттерге төмендегідей сұрақтар беріледі.  

1. Адамгершілік дегенді қалай түсінесіңдер? 2. Адамгершілікке қандай 

қасиеттерді жатқызуға болады? Оқушылардың ойын әрмен қарай өзім 

толықтырамын. Адамның адамгершілігі-оның жоғары қасиеті.Оның негізгі 

белгілерінің бірі-өзі үшін ғана емес,ел,қоғам үшін өмір сүру,адамдық ар-

намысты ардақтау,әр уақытта жақсылық жасауға дайын болу. «Өзің үшін 

еңбек қылсаң,дейді Абай,-өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың. «Досыңа 

достық-қарыз іс,дұшпаныңа әділ бол».Ақылды,мейірімді адам әруақытта 

өзгенің жақсылығын бағалағыш келеді.Арлы адам-ардақты адам.Арымыз 

таза болса,тарихымыз да таза. Адам атаулының жақсы қасиеттерінің бірі-

адалдық,ол өмірде қымбат асыл қасиет,асыл мінез,ашық,шыншыл қарым-

қатынас. «Өтіріктің балын жалап тірі жүргенше,шындықтың уын ішіп өлген 

артық» деген Бауыржан Момышұлы. Адамда асыл қасиеттерімен қатар 

жағымсыз қасиеттер де болады. Олар-

жалқаулық,өзімшілдік,күншілдік,сараңдық,қорқақтық,менмендік,қатыгездік 

ашу,ызақорлық Сыныптағы оқушылар екі топқа бөлініп 

отырады.Адамгершілік туралы Ұлы Абайдың «Бес нәрседен қашық бол, Бес 

нәрсеге асық бол, Адам болам десеңіз»деген өлең жолдарын қалай түсінуге 

болады? Ол қандай қасиеттер? 1-топқа неден жирену керек?(Өсек,өтірік 

мақтаншақ,еріншек,бекер мал шашпақ) 2-топқа Неге үйрену 

керек?(Талап,еңбек,терең ой,қанағат,рақым) Келесі тапсырма «Өз бойыңда 

қандай жақсы қасиеттер бар?» Жарқын күн көлбейленіп тұр,күнді біз 

мейірбан,жан шуағын төгетін құдіретті ананың біріне теңесек,біз оның 



жүрегіндегі көлеңке сезімін сейілтейік,ол үшін бетіндегі түнерген бұлттарды 

ашайық. Бірінші бұлт.Жағымды ой ойлауға бір минут уақыт беріледі. Екінші 

бұлт.рухани адамгершілік қасиет-сүйіспеншілік.Сүйіспеншілік дегенді қалай 

түсінесіңдер? 1.Отанға деге,ата-анаға деген сүйіспеншілік,досқа деген,туған 

жерге деген сүйіспеншілік. Үшінші бұлт.Жағдаяттық сұрақтар. 1.Сынып 

ішіндегі бір баламен сенің досың ойнағысы,қарым-қатынас жасағысы 

келмейді.Тіпті «оны мазақтаңдар»үгіттейді.Ал сен не істер едің? 2.Сенің жан 

досың «Киноға барайық»деген болатын,ал сенің уақытың болмай жатыр.Не 

істер едің? 4.Ата-анаңның теледидардан қарайтын бағдарламасы сенің 

қарайтын бағдарламаңмен бір уақытқа келіп қалды делік,сен де оны үзбей 

қарайсың.Бірақ өкінішке орай екеуі екі арнадан беріледі,сен қандай шешімге 

келер едің? Төртінші бұлт.1.Мәдениетті болу дегенді қалай түсінесің? Тамақ 

ішіп болған соң «рахмет»айт. Телефонға біреуді шақырғанда «рұқсат 

болса»дегенді ұмытпа. Байқаусызда біреуді қағып кетсең «кешіріңіз»деу 

керек. Үш-ақ нәрсе-адамның қасиеті:ыстық қайрат,нұрлы ақыл,жылы 

жүрек». (Абай) Абай «Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар,сонан 

қашпақ керек»деп үйретеді. «Әуелі надандық,екіншісі-еріншектік,үшіншісі-

залымдық.Надандық-білім,ғылымның жоқтығы,дүниеде еш нәрсені оларсыз 

біліп болмайды.Еріншектік-күллі дүниедегі өнердің 

дұшпаны,талапсыздық,ұятсыздық-бәрі осыдан келіп шығады.Залымдық-адам 

баласының дұшпаны. Ашылған күннің соңындағы кемпірқосаққа көңіл 

аударайық. 1-түсі.Әр күнді жақсы ойлар ойлаумен бастаңдар. 2-түсі.Күні 

бойы өзіңді қоршаған адамдардың бәрі туралы тек сүйіспеншілікпен және 

ізгілікпен ойлап жүріңдер. 3-түсі.Ұйықтар алдында бүгін қанша адамды 

қуантқаныңды,жұбатқаныңда күлдіргеніңді еске түсіру үшін бірнеше минут 

арнап көр. 4-түсі.Әнді жиірек тыңдаған дұрыс. 5-түсі.Басқалардың қажетіне 

жарай білуге талпын. 6-түсі.Тыныштық сақтай білуге үйрен.Нәзік үнмен 

биязы сөйлеуге дағдылан. 7-түсі.Жақсылыққа жақсылық-әр кісінің ісі-

жамандыққа жақсылық-ер кісінің ісі»деген сөз жаныңда жүрсін. Көк аспан 

аясында күлімдеген күнімізді түнерген бұлттан қорғадық,артынан жадырап 

кемпірқосақ керілді,міне осындай әсем табиғат аясына асыл қасиеттерге толы 

«Адамгершілік ағашын» өсірдік.Осы әсем ағаш алдағы уақытта сіздерге сая 

болсын,бір-біріңізге деген ықылас сезімдеріңіз еш уақытта 

жойылмасын,үнемі қайырымды,мейірімді,адал,ақкөңіл,еңбекқор,әділ,ақылды 

парасатты болыңыздар!  

Мінез-құлық ережелері әрқашанда гигиена талаптарын бейнелеп келді және 

бейнелеп отыр. Мінез-құлықты билейтін әдет-ғұрыптардың басым көпшілігі 

психогигиенамен тікелей байланысты. Әрбір адам өзінің 

айналасындағылармен қарым-қатынасын бірінші кезекте психогигиена 

талаптарына сүйеніп, саналы түрде реттеп отыруға тиіс. Үстел басындағы 

мінез-құлық ережелерінің едәуір бөлігі және жалпы мінез-құлық 

ережелерінің де көпшілігі гигиена талаптарына бағынады. Мысалы, біреудің 

түсіп кеткен қол орамалын көтеріп алып бермей-ақ иесіне ескерте салса 

жетеді: басқа біреудің қол орамалын қолға ұстаған жағдайда қайсыбір 

ауруды жұқтырып алуың немесе өз қолың арқылы ондай ауруды орамалға 


жұқтыруың мүмкін. (Бірақ қартайған немесе ауру адамға жас және неғұрлым 

дені сау адам, әрине, орамалын жерден алып береді.) Сыпайылық ережесі 

біздің шу көтеруімізге айналадағылардың мазасын алып, шамына тиюімізге 

тыйым салады. Сыпайылық сөйлегенде және іс-әрекет жасағанда ұстамды 

болуды талап етеді.  

Академик И.П.Павлов 1883 жылдың өзінде-ақ ағзаның бүкіл қызметін 

жоғары нерв жүйесі басқарады деп жазған болатын. Медициналық 

зерттеулер ми қабығындағы қозу мен тежелу әр түрлі ауруларға 

шалдықтыруы мүмкін екенін көрсетті. Дәрігерлер тіпті біздің өзіміз де 

байқай бермейтін кез-келген шу миымыз бен бүкіл денемізде қозу толқынын 

туғызады дейді. Уақыт өте келе бұл тітіркенулер ағзада ізін қалдырып, 

жүйке, қан тамырларының ауруы, асқазан ауруы, қан қысымының артуы 

және т.б. сияқты аурулардың асқынуына себепші болады. 

Адамның ішкі жан-дүниесі, оның интеллектісі, парасаты мен сезімі сыртқы 

келбетінен, көздерінен, бет-әлпетінен, сондай-ақ мүсіні мен мінез-құлқынан 

көрініс табады. Ішкі жан-дүниесі бай болса, оған мінез-құлқының жоғары 

мәдениеті сай келеді.  

Сәлемдесу 

1.Қол алысып амандасу қайдан пайда болды? 

Еуропа халықтарында сәлемдескенде бір-бірінің қолын қысатын болған. 

Бүгінгі таңда бұл дәстүр құрметтеу белгісі деп түсініледі. Ал бұл ғұрыптың 

тууына басқа себеп: татулық бейбіт ниетті дәлелдеу себеп болған еді. 

Алақанын жазып, ілгері созылған оң қол онда тас, пышақ және басқа қару 

жоқ екенін дәлелдеуге тиіс болатын. Егер екінші жақ та бейбіт ниетте болса, 

шын пейілімен қол қысып, сәлемдесетін болған. Нақ сол ойды Шығыста 

арабтар кеудесіне қолын қусырып, түрікмендер қолдарын ұзын жеңіне тығып 

білдірген, қытайларда бас игенде қолдары екі жағында салбырап тұратын 

болған. 

2. Бас киімін алып құрмет білдіру қалай пайда болды? 

Бұл ғұрып бейбіт сезімнен, шайқас алаңында дулығаны шешуден басталған 

еді. 


3. Сәлемдесу қалай оңайлатылды? 

Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін Еуропаны тұмау сүзек індеті жайлаған 

кезде, дәрігерлердің бастамасымен, Сәлемдесуді оңайлату одағы пайда 

болды. Көптеген қалалардың көшелерінде кеудесіне ерекше белгі таққан, қол 

алыспай және қалпағын көтермей амандасатын адамдарды көруге болатын 

еді.  


Мінездің ұнамды белгілері 

1.Әдептілік сезімі дегеніміз не? 

Бұл - өзіңді әр түрлі жағдайда жалпылама мінез-құлық ережелеріне сәйкес 

қана емес, сонымен қатар эстетикалық және этикалық талаптарды да 

қанағаттандыратындай етіп ұстай білу. Шын жүректен шыққан әдептілік 

сезімі адамның өзге біреудің жанына бататынның немесе қуаныш әкеле 

алатынның бәрін түсінуін және басқа біреудің қажеттері мен уайым-

қайғысына ортақтаса білуді талап етеді. Әдепті адам ыңғайсыздық 



тудыратын жағдайды болдырмауға тырысады. 

2. Адам бойында ең алдымен өзіне-өзі сын көзбен қарай алатындай 

сыншылдық негіз не үшін дамуы керек деп ойлайсың? 

Адамдар және олардың мінез-құлқы жөнінде пікір түйместен бұрын өзіңе 

сын көзбен қарай білу қажет. Сынаушы өзі айыптап отырған кемшіліктер 

оның өзіне де тән екенін көбінесе аңғара бермейді. Сезім мен парасат 

билейтін әдептілік іс-әрекеттен де, сөзден де көрінеді. Әдепті адам ешкімнің 

мазасын алмай, ешкімді ренжітпей, қарапайым жүріп, өзін қарапайым 

ұстайды. 

3. Табиғилықты сақтау дегеніміз не? 

Өзің қандай болсаң, сондай болу деген сөз. Бұл үшін адалдық пен 

шыншылдық қажет. Екіжүзділіктен, қылымсудан және қулық жасаудан асқан 

жаман ештеңе жоқ. Қыз сияқты аңғал болып көрінуге тырысатын ересек әйел 

қандай күлкі келтіретін болса, ересек болып көрінуге тырысатын жас қыздар 

да сондай күлкі келтіреді. Өз қалпыңда көріну, мінез-құлқыңда табиғи болу, 

шама-шарқыңды сезіне білу – нағыз әдемілік, міне, осында, жақсы талғам 

деген де осы.  

Мінездің жағымсыз жақтары 

Мінездің ең жиренішті жақтары - өзімшілдік, күншілдік және жағымпаздық. 

Өзімшілдің, күншілдің және жағымпаздың мінез-құлқын жеке басының 

пайдасы немесе адамдардың шағын топтарының (мысалы, отбасының) 

пайдасы билейді. Жағымпаздың мақтауы мен жарамсақтануы оның нақты 

қалыптасқан жағдайда дұрыс бағдар алуына одан сайын көбірек кедергі 

жасайды. «Мақтау – ақымақтарға қазылған ор» деген нақыл сөз бар. Өзінің 

де, өз жақындарының да мінезінің жағымсыз жақтарына қарсы күресіп, оңды 

жақтарын дамыта түсу - әрбір адамның міндеті. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 

Семей  қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті 

Филология факультеті 

Қазақ тілінің теориясы мен әдістемесі кафедрасы 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

      Сәмекбаева Эльмира Мақсұтқызы 



Адамгершілік –асыл қасиет 

 

Жатақханада өткен тәрбие сағаты 



 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

            Семей  - 2015

 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал