№24 (157), желтоқсан 2013 жыл



жүктеу 475.17 Kb.

бет1/6
Дата15.09.2017
өлшемі475.17 Kb.
  1   2   3   4   5   6

№ 24 (157),  

желтоқсан 2013 жыл

www.enu.kz

Газет 2004 жылдың 30 сәуірінен бастап шығады

(Жалғасы 7-бетте)

1 ЖЕЛТОҚСАН – ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ



ЖАҢА 2014 ЖЫЛ  ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Құрметті оқытушы-профессорлар құрамы, сала 

қызметкерлері, студент-жастар! Табалдырығымызда 

тұрған жаңа 2014 жыл барлықтарыңыздың 

шаңырақтарыңызға шаттық, қуаныш пен бақыт ала 

келсін! 


Қазақ ежелден әрбір жаңа күннен жақсылық күткен, 

асылдай армандарын айтқан. Жаңа жыл қазақтың төл 

мерекесі болмаса да, бұл біз үшін жаңа күннің ғана емес, 

12 айдың есігін айқара ашатын уақыты. Әрбір адамның 

өзіне-өзі есеп беретін кезі. Халқымыздың «Ескі жыл 

есірке, жаңа жыл жарылқа» деуі сондықтан. Өткен 

жыл еңселі оқу ордамыз үшін берекелі жыл болды. 

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген сөз бар, бұған 

барлықтарыңыздың үлес-салмақтарыңыз ерекше, сол 

үшін Сіздерге зор алғысымды білдіремін. 

Университетіміз әлемдік деңгейде білім беру саласы 

бойынша жоғары сатыдағы оқу орындары қатарына 

көтерілген білім ордасы. Былтыр университетіміз 

«Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын» аталымындағы 

ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының 

лауреаты атанды. Өтіп бара жатқан 2013 жылы 

Әлеуметтік ғылымдар факультетінің құрамында болып 

келген Тарих кафедрасы жеке отау құрып, факультет 

болып құрылды, бұл үлкен жетістік. «Мәңгі ел» 

ғылыми-көпшілік тарихи журналы жарық көрді. Журнал 

жай ғылыми журнал емес, ғылыми-көпшілік журнал. 

Яғни, неғұрлым көп оқушысы болатындай аясы кең, 

оқырмандардың әлеуметтік мәртебесі де, дәрежесі де әр 

түрлі адамдарды қамти алатындай, оларды қызықтыра 

алатындай, таралымы кең басылым. Бұл тапсырма 

оңай болған жоқ. Аз уақыттың ішінде алғашқы нөмірін 

әзірлеуге тура келді.   Оқу ордамызда этникааралық 

және діниаралық толлеранттылық жөніндегі ЮНЕСКО 

кафедрасының ашылуы тек университетімізде ғана емес, 

елімізде ерекше оқиға болды. ЮНЕСКО кафедрасы 

толеранттылық мәселелерімен және толеранттылық 

мәдениетті қалыптастырумен айналысатын Орталық 

Азиядағы жалғыз мекеме болады деп отырмыз. Сондай-

ақ, Журналистика және саясаттану факультетінде 

оқу-тәжірибелік телестудия тұсауын кесті. Сандық 

технологиямен жабдықталған бұл телестудияда кәсіби 

деңгейдегі хабарлар түсіріп, монтаждау мүмкіндігі 

жасалды. 

Құрметті әріптестер, сала қызметкерлері, студент-

жастар! Сіздерге Жаңа жыл қарсаңында ғылымдағы 

еңбектеріңізге жеміс, шығармашылық жолда шалқар 

шабыт пен толағай табыс тілеймін. Келер жылы оқу 

ордамыз бұдан да биік белестерді бағындыра бергей! 

Ерлан СЫДЫҚОВ,

 ректор 

Жаңа жыл – 

жақсылықтардың 

бастауы болсын!

Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының 

академигі, философия ғылымдарының докторы, Л.Н.Гумилев 

атындағы Еуразия ұлттық университеті философия 

кафедрасының профессоры Жабайхан Мүбәракұлы Әбділдин 

Қазақстан халықтары арасындағы ынтымақтастық пен достықты 

нығайту ісіне қосқан үлесі үшін  Қазақстан Республикасы 

Президентінің Жарлығымен Тәуелсіздік күніне орай Парасат 

орденімен марапатталды.

Жабайхан Мүбәракұлы – Қазақстан Республикасы Ұлттық 

ғылым академиясының академигі және вице-президенті, 

Қазақстандағы диалектикалық логика мектебінің негізін салушы. 

Қоғамдық ғылымдар саласы бойынша Ш. Уәлиханов атындағы 

сыйлықтың (1974) иегері, белгілі қоғам және мемлекет 

қайраткері. Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының (1984), ҚР 

Президентінің Бейбітшілік және рухани татулық сыйлығының 

(1994), Еңбек Қызыл Ту, “Құрмет белгісі” ордендерімен 

марапатталған. 2008 жылы «БҰҰ-ның принциптеріне адалдығы 

және соңғы 15 жылда Қазақстанда БҰҰ-ның жұмысына өлшеусіз 

үлес қосқаны үшін» марапатталған, Халықаралық «Өмір ағашы» 

сыйлығын «Шығармашылық ұзақ жасаушы» аталымы бойынша 

иеленген (2010 ж.). «Барыс» ІІ дәрежесімен (2000 ж.), ТМД 

Парламентаралық ассамблеясының «Достық» медальдарымен 

марапатталған. 

Төреші-уақыт тағы бір жылды еңсеріп, өмірге ғашық жандарды қазақ кие тұтатын жануар - 

тұлпардың дүбіріне ілестіріп барады. Жылдағы дәстүрге сай ұлттық университетіміз жаңа - 2014 жылды 

зор жетістік, толайым табыстармен қарсы алды. 

Академик Жабайхан Әбділдин «Парасат» 

орденімен марапатталды

МӘРТЕБЕ


2

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

№ 24 (157), 

желтоқсан, 2013 жыл

АҚПАРАТ АЙДЫНЫ

«Нұр Отан» партиясының 

Орталық аппаратының 

ғимаратында Саяси кеңес 

бюросының мүшелеріне 

жаңа үлгідегі куәлік табыс 

етілді. Куәлікті «Нұр Отан» 

партиясы Төрағасының бірінші 

орынбасары Байыржан Байбек 

салтанатты түрде тапсырды. 

Айта кететін жәйт, «Нұр Отан» 

партиясының Саяси кеңес 

бюросының мүшелері құрамында 

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 

ұлттық университетінің ректоры 

Ерлан Сыдықов та бар. Оқу 

ордасының басшысы да  жаңа 

үлгідегі куәлікке ие болды. 

Бүгінде Қазақстан Рес­

публикасының Президенті 

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 

төрағалық ететін  «Нұр Отан» 

саяси партиясының миллионнан 

астам мүшесі бар, ол еліміздің 

ең ірі саяси партияларының 

көшбасшысы болып саналады. 

 «Нұр Отан» партиясының 

атқарар рөлі мен саяси 

маңызы зор. Саяси бюроның 

«Нұр Отан» жаңа үлгідегі 

куәлігін табыс етті

мүшесі Ерлан Сыдықовтың 

айтуынша, «Нұр Отан» 

партиясы жалпыхалықтық 

іргелі саяси ұйымға айналды. 

Еуразия ұлттық университетінің 

көптеген қызметкерлері мен 

оқытушылары «Нұр Отан» 

партиясының мүшесі болып 

есептеледі. Сондай­ақ, Л.Н. 

Гумилев атындағы ЕҰУ­дың 

бірінші проректоры Жәмилә 

Нұрманбетова еліміздің саяси 

өміріне белсенді араласу 

мақсатында  жастармен қоян­

қолтық жұмыс істеп, олардың 

бойында көшбасшылық қасиетті 

дарытуға және мемлекетіміздің 

өркендеуіне сүбелі үлес қосып 

келеді. 


Еске сала кетейік, 2014 

жылдың наурызында партия 

өзінің 15 жылдығын тойламақ. 

 

«Еуразия-ақпарат»



Жылы жүздесу

УВАЖАЕМЫЙ 

КАИРЖАН БЕКИШЕВИЧ

Позвольте от всей души по­

здравить Вас с 80­летним юби­

леем!


Все годы Вашей жизнедея­

тельности наполнены  глубоким 

содержанием и трепетным отно­

шением к   труду во благо своего 

Отечества.

На протяжении славного 

пути служения Республике Ка­

захстан,  являясь образцом  пре­

данности своему делу, Вас выде­

ляют высокий профессионализм, 

трудолюбие, неиссякаемый 

жизненный оптимизм  – сугубо 

отличительные черты Вашего ха­

рактера.


Жизненные невзгоды спо­

собствовали  формированию 

 

целеустремленности, справедли­



вости, порядочности. Окончив  

Семипалатинский государст­

венный педагогический инсти­

тут, Вы проработав учителем 

физики и завучем средней шко­

лы Кургальджинского района, 

с открытием  Целиноградского 

педагогического государствен­

ного института стали его основа­

телем, проработав в нем более 40 

лет. Вы  оставили частицу своей 

души в тысячах молодых педаго­

гов, которые сегодня трудятся на 

просторах нашей родной страны. 

Ваша жизнь и вся трудовая 

деятельность, Каиржан Бекише­

вич,  яркий пример для подра­

жания студенческой молодежи. 

Ведь сеять разумное, доброе, 

вечное ­ удел целеустремленных 

личностей, преодолевающих 

жизненные невзгоды и реализу­

ющих  себя в поступках, книгах, 

детях, делая наш мир добрее, че­

ловечнее, благополучнее. 

Желаем Вам здоровья, жиз­

ненной энергии и оптимизма на 

многие годы!



Ректор  

Ерлан СЫДЫКОВ

Председатель 

Совета ветеранов

Василий Игнатьевич 

АЛЕКСЕЕВ

Университетімізге Ауғанстан Ислам Республикасының 

делегациясы, атап айтқанда: Ауғанстан Парламенті төменгі 

палатасының депутаттары (Волеси Джирга) Симин Барекзай, 

Абдул Хади Джамшиди, вице-спикер Сальджуки Мохаммад 

Салех, сондай-ақ, халықаралық ынтымақтастық департаментінің 

директоры Адель Низамуддин келіп қайтты. Олар Л.Н. Гумилев 

атындағы ЕҰУ-де оқитын Ауғанстаннан келген студенттермен 

және ЖОО басшылығымен кездесу өткізді. 

Қазақстан тарапынан кездесуге Қазақстан Республикасының 

Парламент Мәжілісінің депутаты Бахытжан Ертаев, Еуразия ұлттық 

университетінің бірінші проректоры Жәмилә Нұрманбетова, сыртық 

байланыстар жөніндегі ректордың кеңесшісі Ғазиз Досмахамбетұлы, 

халықаралық ынтымақтастық департаменті директорының міндетін 

атқарушы Дина Туртугулова, факультет декандары ­ Баубек Сомжүрек, 

Серік Мақыш, Талғат Байтасов, Тыныс Сүлейменов қатысты.

Парламент өкілдері Еуразия ұлттық университетінің қызметімен 

танысып болғаннан соң, білім, жалпы шетелдегі өмір салты мен ағысы 

жайлы студенттермен әңгімелесті. 

 Өз кезегінде Парламенттің вице­спикері Сальджуки Мохаммад 

Салех  ЖОО басшылығына алғыс білдіріп, Ауғанстанға қазақ 

халқының қол ұшын бергенін ешқашан ұмытпайтынын жеткізді. 

Ауғанстанда соғыс жылдары барлық оқу мекемелері 

қираған болатын. Қазақстан ауғанстандық азаматтарға білім 

беру бағдарламаларын жүзеге асыруға алғаш қолдау көрсеткен 

мемлекеттердің бірі болып табылады.

 2010 жылдың қыркүйегінде 152 ауған студенттерінен тұрған 

алғашқы топ біздің мемлекетімізде оқуын бастаған болатын. 2011 

жылдың қыркүйегінде ҚР­ға 182 студент келді. 2011­2012 оқу 

жылынан бастап 32 ауған студенті Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ­де 

білім алып келеді. Олардың көпшілігі сәулет­құрылыс факультетінде 

оқиды. 


Руна жазуы күні

Еуразия ұлттық уни-

верситетінде Дариға Назар-

баеваның төрағалығымен 

ҚР Парламенті Мәжілісінің 

әлеуметтік-мәдени даму 

комитетінің көшпелі 

отырысы өтті. Күн тәртібінде 

түркі әлемінің руна жазуы 

(Руна-Сына) күнін өткізу 

мәселесі қарастырылды. 

Дариға Назарбаеваның 

төрағалығымен өткен ҚР 

Парламенті Мәжілісінің әлеу­

меттік­мәдени даму комитетінің 

көшпелі отырысын өткізудегі 

мақсаты – руна жазуын оқыту 

проблемаларын паш ету. 

Отырыстың жұмысын 

ҚР Парламенті Мәжілісінің 

әлеуметтік­мәдени даму коми­

тетінің төрайымы Назарбаева 

Дариға Нұрсұлтанқызы ашты. 

Алғы сөз ҚР Парламенті Мәжі­

лісінің депутаты, әлеуметтік­

мәдени даму комитетінің 

мүшесі Алдан Смайылға берілді. 

Сондай­ақ, ЕҰУ­де өткен 

ҚР Парламенті Мәжілісінің 

жұмысына басқа да Мәжіліс 

депутаттары атсалысты. 

Отырыста түркітану және 

алтайтану ғылыми­зерттеу 

орталығының директоры, 

ф.ғ.д., профессор Қаржаубай 

Сартқожаұлы «Тарихи 

мәтіндер: проблемалары мен 

әдістері» атты тақырыпта 

баяндама жасады. Ал 

Қазақстанның тілдік саясаты 

мен көне түркі жазуының 

дәстүрлері жайында ҚР Білім 

және ғылым вице­министрі 

Тақыр Балықбаев сөз етті. 

Баяндама тақырыптары түркі 

жазуын оқыту проблемаларына 

арналды.

Мұнымен қоса, белгілі 

түрколог Мырзатай Жолдас­

беков руна жазуы күнін 

келесі жылдың 18 мамырында 

атап өтуді ұсынды. Дәл 

осы күні Еуразия ұлттық 

университетінде Күлтегін 

ескерткішінің көшір­месі 

орнатылған болатын. 

Уикипедияның матер­

иалдарына сүйенсек, «Көне 

Түркі жазуы (басқаша Орхон­

Енисей жазуы) — V ғ. б.з.б. 

— X ғ. б.з. Орта Азия түркі 

тайпалары қолданған жазу. 

Бірінші табылғаны Орхон 

өзенінің бойында (Екінші 

түркі қағандығы) және Енисей 

өзенінің жоғарғы ағысында 

(қырғыз қағандығы)». 

Көне Түркі жазулары V­

VIII ғасырлар аралығында 

Сібір, Моңғолия, Шыңжаң, 

Қазақстан, Қырғызстан және 

Оңтүстік Ресей жерінде 

кеңінен қолданылған.


3

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

№ 24 (157), 

желтоқсан, 2013 жыл

Дүбірлеткен «Жас тұлпар»

Оқу ордамызда Қазақстан 

Республикасының Тәуелсіздік 

күніне арналған «Жас тұлпар: 

дәстүр сабақтастығы» ат-

ты халықаралық ғылыми 

конференция өтті. 

Еуразия ұлттық университеті 

мен Қазақстан тарихшыларының 

ұлттық конгресі ұйымдастырған 

шараға белгілі мемлекет 

және қоғам қайраткерлері, 

ғалымдар мен студент жастар, 

сонымен қатар ХХ ғасырдың 

60-70-жылдарындағы «Жас 

тұлпар» қозғалысының 

қатысушылары Мұрат Әуезов, 

Марат Сембин, Қайрат 

Қадыржанов, Ғаділбек Шалах-

метов, Қадырғали Байбек, 

Тимур Жолдасбеков, Тимур 

Сүлейменов, Ерсайын Тапенов, 

Гүлжан Бейбітова, Әміржан 

Әлпейісов, тағы басқа да 

азаматтар қатысты.

берді. Қабір басына тұрғызылған 

тастағы мәтін сол көне 

түркілердің тас бітіктеріндегі 

эпитафиялық мәтіндерге өте 

ұқсас екенін білдік. Онда: 

«Ережеп айының.... оразасы», 

«1838 жыл, Сармырза», 

«Қайыролла... қолының», 

«Саржанұлы», «50 жасауыл 

Ақмола», «Ханның ұлы төрелер 

200 сардар», «Көшті Алла-

тағалла әрбір шаҺит» Қыршын 

жасын...» деген мәтін бар.

Құлыптастағы бұл жазулар 

хан Кенесары сарбаздарының 

қазақ елінің мәңгілік болып қалуы 

үшін жандарын қиғанын паш 

етіп тұр. Аңғарған адамға оның 

аржағында үлкен философиялық 

ой, тарихи тұжырым жатыр. Бұл 

жерде қыршын сарбаздардың 

қасық қанын қиюы ел 

болашағын тереңнен ойлағанын 

пайымдатады: мәңгі ел болуды 

көксегендері жатыр.

«Мәңгі ел» болу идеясы 

бүгінде құрылғанына 50 жыл 

толған жастұлпарлықтардың 

да ойында болғанын бүгінгі 

кездесуден  аңғара түстік. 

Бұл асыл мұрат Елбасы 

Н.Назарбаевтың бастауымен 

Қазақстан егемендік алғаннан 

бері соңғы 22 жыл уақыт ішінде 

біртін-біртін орындалып келе 

жатқандығының куәсіміз. 

Кезінде Ұлы Түрік қағанаты 

Елбасыларының: «түнде ұй-

ықтамай, күндіз отырмай, 

қара терін төгіп, қызыл қанын 

ағызып» «Мәңгі елдің» іргесін 

қалап кетсе, дәл осыны жаңа 

дәуірде, бүгінгі Тәуелсіздік күнін 

жыл сайын атап отырғанда, ХХІ 

ғасырдағы «Мәңгі ел» идеясы 

іс жүзінде тарихи сабақтастықта 

бірін-бірі жалғастырып отыр-

ғанын атап кетсек, артық 

емес. Оған кеше Елбасының 

өзі «Мәңгі ел» боламыз деп, 

«Қазақстан-2050» Стратегиясы 

– қалыптасқан мемлекеттің жаңа 

саяси бағытын» белгілеп беруі 

куә.

 Бұдан  кейін  жастұлпарлықтар 



Алаш қайраткері Смағұл 

Сәдуақасовтың рухына қойылған 

ескерткіштің басына барды. 

Бас иіп, тағзым жасады, құран 

бағыштады.

Сондай-ақ жастұлпарлықтар 

конференция аясында 

университеттің ғылыми 

«Отырар» кітапханасында 

Жиын басталмас бұрын 

делегация құрамы Астананың 

«Жастар» шағын ауданы 

аумағында орналасқан 

«Қараөткел» мұсылмандар 

зиратында болып, таяуда 

елордалық жастардың «Жас 

азамат» ұйымы тапқан Хан 

Кененің ел тәуелсіздігі үшін 

жанын қиған 250 сарбазының 

рухына тағзым етті. Бейіт 

басында белгілі алаштанушы 

ғалым, университет проректоры 

Дихан Қамзабекұлы сөз сөйлеп, 

сан жылдар бойы сырын 

ішіне бүккен тарихи тастағы 

жазулардың мән-маңызын ашып 

болып, белгілі ғалым, публицист, 

фольклорист, этнолог Ақселеу 

Сейдімбекті еске алу құрметіне 

орай ұйымдастырылған кітап 

көрмесін аралады. «Ақселеу 

Сейдімбек: Азамат, ғалым, 

қайраткер», «Талаптың мініп 

тұлпарын...», «Ел баспасөзіндегі 

елеулі жылдар», «Ұлт 

ғылымының қара шаңырағында», 

«Өнерді өрістету жолында», 

«Қайраткерлік пен даналық 

шеңберінде» атты жазулардан 

ғалымның бүкіл өмір жолын 

аңғарасың. 

 Шара барысында кітапхана 

қызметкерлері Мұрат Әуезов 

бастаған жастұлпарлықтармен 

естелік суретке түсті. Басқосуда 

сөз алған Мұрат Мұхтарұлы 

өзі де бір жылдары осы салада 

қызмет жасағанын тілге тиек етіп, 

кітапхана ұжымының жұмысына 

мол табыстар тіледі.

Сөйтіп, көптен күткен 

халықаралық конференция 

да басталып кетті. Басқосуды 

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия 

ұлттық университетінің 

ректоры Ерлан Сыдықов 

ашып, конференция жұмысына 

сәттілік тіледі. Алғашқы 

баяндаманы Мұрат Әуезов 

жасап, қоғам қайраткері «Жас 

тұлпар» ұйымы туралы жан-

жақты әңгімелеп берді. Толық 

мағлұмат алған конференцияға 

қатысушылар одан кейін 

Марат 

Сембиннің 



«Жас   

тұлпар және қазіргі заман», 

филология ғылымдарының 

докторы, профессор Серік 

Негимовтің «Жас тұлпар» 

және ұлт тәуелсіздігі», Гүлжан 

Бейбітованың «Жас тұлпар» 

және «Оян қазақ» атты 

баяндамаларын тыңдады. 

Сондай-ақ Қадырғали Байбек, 

Сұлтанхан Аққұлұлы ұлт 

зиялылары, ағартушылық іс 

туралы әңгімелесе, Бүркітбай 

Аяған, Серік Тұрғынбектер де 

тағылымды көп нәрсе айтты.

Конференция барысында 

белгілі публицист-жазушы 

Әміржан Әлпейісовтің 

«Жас тұлпар дүбірі» 

кітабының тұсаукесер рәсімі 

ұйымдастырылды. Бұл кітапта ХХ 

ғасырдың 60-70-жылдарындағы 

жастардың Қазақстанның 

тәуелсіздігі үшін күресі туралы 

айтылған. Қозғалыс мүшелерінің 

естеліктері мен жұртшылық біле 

бермейтін мұрағат материалдары 

негізінде жазылған деректі 

шығарма қазақ ұлтының тарихын 

зерттеушілерге, қалың оқырман 

қауымға арналыпты.

Сонымен, көптен 

күткен «Жас тұлпар: 

дәстүр сабақтастығы» 

атты   халықаралық ғылыми 

конференция өз мәресіне 

жетті. Жиында Елбасының 

Қазақстанда жаңа патриотизмді 

дамыту жөніндегі тапсырмасын 

жүзеге асыру мақсатында және 

конференцияда айтылған 

ұсыныс-тілектер ескеріле 

отырып, арнайы қарар 

қабылданды. 



«Еуразия-ақпарат»

Журналистика және саясаттану факультеті 

жыл сайын ҚР Мемлекеттік сыйлығының 

лауреаты, көрнекті қоғам қайраткері, ғұлама 

ғалым, ұлағатты ұстаз Ақселеу Сланұлы 

Сейдімбектің туған күніне орай «Ақселеу 

Сейдімбек оқуларын» өткізіп келеді. Биыл да сол 

дәстүрден айнымай 2013 жылдың 20 желтоқсан 

күні «Отырар» кітапханасының Ғылым залында 

шертпе күйдің шебері, ҚР Мәдениет қайраткері 

Жанғали Жүзбаев пен шәкірттерінің қатысуымен 

«Ақселеу Сейдімбек және қазақтың күй өнері» 

атты әдеби-сазды кеш ұйымдастырды. Кешті 

факультет деканы, алаштанушы ғалым Қайрат 

Сақ жүргізіп отырды.

Жиынға А. Сейдімбектің елімізге танымал 

қаламгер-ғалым достары, университеттің 

профессор-оқытушылар құрамы, студенттер, 

сондай-ақ Ақселеу Сланұлының отбасы мүшелері 

мен туыстары қатысып, естен кетпес естеліктер 

айтты. Сондай-ақ осындай игі шарадан 

Астанадағы Қазақ ұлттық музыка академиясының 

студенттері де қалыс қалмады: күмбірлете күй 

тартып, әуелетіп ән салды.

Сөйтіп, көпшілікке рухани ләззат сыйлаған 

сазды сабақ жиналған қауымның естелік суретке 

түсуімен аяқталды.

PhD диссертациялық кеңес залында «Сот 

бақылауы мен іс жүргізу келісімдері: Қазақстан 

Республикасының Қылмыстық іс жүргізу 

кодексінің жаңа редакциясы жобасының 

проблемалары мен шешімдері» атты тақырыпта 

семинар өтті. Семинар жұмысына қылмыстық 

іс-жүргізу құқығы саласындағы белгілі мамандар, 

мемлекеттік құқық қорғау органдарының 

өкілдері мен ғалымдар қатысты.

«Қазақстан Республикасының Қылмыстық 

іс жүргізу кодексінің (жаңа редакциясы) жобасы 

контекстіндегі сот бақылауының іс жүргізу 

тетігі мен шегі» атты тақырыпта қылмыстық-

құқықтық пәндер кафедрасының профессоры, 

заң ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ІІМ 

еңбек сіңірген қызметкері Арыстан Нөкешұлы 

Ахпанов баяндама жасады. 

Теоретикалық семинардың мақсаты 

– қылмыстық іс-жүргізу заңы жобасының 

қосымшасын түсінуді белгілеу, теоретикалық 

және тәжірибелік тәсілдемелерді 

ықпалдастыруға бағытталған ұсыныстарды 

жасау, оны қолдану мәселелері, негізгі құқықтық 

іс жүргізу институттарының қолайлы жұмыс 

істеуін қамтамасыз ету. 

Теоретикалық семинар соңында Қазақстан 

Республикасының Қылмыстық іс жүргізу 

кодексінің жаңа жобасын қарап, қолданысқа 

енгізу үшін Қазақстан Республикасының 

Парламентіне нақты ұсыныстар жасалды. 

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Л.Н.Гумилев атындағы 

Еуразия ұлттық университетінде Стоматологиялық орталық ашылды. Бұл игілікті іс 

Тәуелсіздік күні мерекесіне тартымды тарту болды.

Осыдан тура екі жыл бұрын еліміз Тәуелсіздігінің 20 жылдығын тойлап жатқан тұста 

«ЕҰУ студенттік медицина орталығы» пайдалануға берілген болатын. Бұл университет 

ректоры Ерлан Сыдықовтың тікелей бастамасымен өмірге келген «Бәрі де студентттер 

үшін» жобасы аясында жүзеге асқан шаруа еді. Ол өзінің өміршеңдігін көрсетті. 

Шындығында, бір білім ордасының жанынан мұндай дәрігерлік орталықтың ашылуы ТМД 

елдері бойынша алғашқы екенін ескерсек, оның мән-маңызы арта түседі.

Енді міне, сол өміршең «Бәрі де студенттер үшін» жобасы аясында Стоматологиялық 

орталық ашылып отыр. Орталықта ойдағыдай жұмыс істеуге қолайлы жағдайлар жасалған: 

кабинеттер қазіргі заманауи құрал-жабдықтармен жарақтанған.

Қазіргі таңда университетте 13 000 студент болса, оның тоғыз мыңдайын өзге 

облыстардан келгендер құрайды. Сондықтан да орталық бірінші кезекте сырттан келіп 

оқуға түскен студенттердің денсаулығын тексеріп отыруға күш салады. Алға қойған мақсаты 

– студент жастардың арасындағы аурудың алдын алып, асқынып кетпеуіне күш салу, 

денсаулығын жақсарту.

Жаңадан ашылған Стоматологиялық орталық студенттердің ғана емес, университет 

қызметкерлерінің де тістерін қарап, тексеріп тұрады. Бұл Астанада жоғары оқу орындары 

арасында алғаш рет қолға алынып отыр. Студенттік медицина орталығында жоғары білікті 

мамандар қызмет көрсетеді: Астана денсаулық басқармасы мен Л.Гумилев атындағы 

Еуразия ұлттық университеті арасындағы өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға 

қол қойылған. Ең бастысы, студенттерге медициналық көмектің қай түрі болса да тегін 

көрсетіледі. Өткен жылмен салыстырғанда биыл емделушілердің саны 3039 адамға артып 

отыр. Мұның өзі көп жайды аңғартса керек.

Университетте студенттерге тегін медициналық көмек көрсетумен қатар, тегін 

кинотеатр да жұмыс істейді. Мұның барлығы «Бәрі де студенттер үшін» жобасы аясында 

жүзеге асып жатқан игі істердің жемісі.



  1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал