23 желтоқсан №149 (17086) 2014 жыл



жүктеу 221.77 Kb.

Дата13.09.2017
өлшемі221.77 Kb.

ДИДАР

Вице-премьердің іссапары

шығыс қазақстан Облыстық газеті



1931 жылдың 24-қазанынан шығады 

сейсенбі

23 желтоқсан

№149 (17086)

2014 жыл

www.media-vko.kz 

Мираның тігін цехы бар

мейрамтай иманғали

Мираның  негізгі  мамандығы  –  заңгер.  Бірақ  өз  мамандығы  бойынша 

жұмыс таба алмаған Мира Табиева бүгінде өзінің тігін цехын ашып, шаруа-

сын дөңгелетіп отыр.

қарауылдың  орталығындағы  «ақ-

ерке»  сауда  үйінің  екінші  қабатында 

орналасқан  тігін  цехына  келушілердің 

қатары  бүгінде  күн  сайын  көбейіп 

келеді.  тігін  цехын  ашқалы  Мираның 

да қолы істен бір босаған емес. 

Оның  айтуынша,  іс  тігу  оның  бала 

кезінен  ермегі  екен.  «Әке  көрген  оқ 

жонар, ана көрген тон пішер» дегендей, 

бәлкім  бұл  өнер  оның  әжесінен  де 

жұғысты  болған  шығар.  Ол  кісі  нағыз 

ісмер  жан  еді-ау.  Әжесі  бірдеңе  тіге 

қалса, кішкентай Мира инесін сабақтап 

беріп  қасынан  шықпайтын.  Әжесі  де 

немересіне  білгенін  үйретіп,  санасына 

құюдан  еш  жалыққан  емес.  сөйтіп, 

төртінші  сыныпта  оқып  жүргенде-ақ 

Мира  іс  машинасымен  қуыршағына 

түрлі  киімді  өзі  тігіп  алатын  болды. 

тоқыма  тоқуды  да  оқушы  кезінде 

үйренді. бойжете келе, құрақ көрпелер 

құрауға  көшті.  Көрші-қолаңның  бәрі 

көздің  жауын  алатын  әдемі  құрақ 

көрпелерді  көргенде  «Мынаны  Мира 

құрады ма» деп таңғалып, аузының суы 

құритын. 

Әйтсе  де  Мира  табиева  сол 

кезде  осы  өнеріммен  болашақта  мал 

табамын деп еш ойлаған емес. Мектеп 

қабырғасында 

оқып 


жүргенде-ақ 

заңгер болғысы келетін. Университетті 

де  ойдағыдай  аяқтады.  бірақ  өз 

мамандығы  бойынша  жұмысқа  ор-

наласудың  сәті  түспеді.  содан  Мира 

тігін  цехын  ашуға  тәуекел  етті.  Көзде-

ген  мақсатына  қол  созуға  «Жұмыспен 

қамту-2020»  бағдарламасы  та-

маша  мүмкіндік  берді.  аудан- 

дық  жұмыспен  қамту  орталы-

ғының  директоры  Жұмағали 

қырқынбаев бағдарлама жайын- 

да  жақсылап  баяндап  берді. 

сөйтіп,  бір  миллион  теңге  кө-

лемінде  несиеге  қол  жеткізген 

Мира табиева тігін цехына қажет-

ті  құрал-жабдықтарды  да  сатып 

алып,  қазан  айының  ортасында 

жеке кәсібін ашып алды. 

қолында 


тігіншінің 

дип-


ломы  жоқ  болғанымен,  Мира 

табиева  өз  ісінің  нағыз  шебе-

рі. 

төсек-орын 



жабдықтары 

мен  терезе  перделерін,  бала- 

ның  жаялықтары  мен  киім-дерін 

дейсіз  бе,  бәрін  де  тіге  береді. 

қарауыл  ауылының  тұрғындары 

да қытайдың киімдерін қымбатқа 

сатып  алғанша,  қолдан  тіктірген 

дүниенің 

әлдеқайда 

сапалы 


болаты-нын  да  біліп  алған.  бір 

байқағанымыз,  ауылды  жерде 

тойбастарға  сұраныс  көп  түседі  екен. 

Әрбір  шаңырақта  шаттықтың  көп 

болғаны  мұндағы  тігін  цехындағылар-

ға да жақсы.

сонымен  қатар,  Мира  жолдасы 

біржан  екеуі  тігін  цехының  жанынан 

«STYIE»  атты  дүкен  де  ашып  алған. 

Келушілерді  көптеп  тарту  мақсатында 

арнайы жеңілдіктер де қарастырылған. 

Яғни,  төрт  нәрсе  сатып  алсаң,  біреуін 

тегін аласың. 

алдағы  уақытта  Мира  табиева 

тігін цехын кеңейтіп, тағы да тігіншілер 

алуды жоспарлап отыр.



Абай ауданы.

табиғат

аВ

тонарық

аталмыш 


шара 

барысында 

84  рейд  ұйымдастырылды.  бұған 

табиғатты  қорғау  органдары  да 

атсалысты.  нәтижесінде  бір  ғана 

заңбұзушылық  анықталды.  Риддер 

қаласы  төңірегінде  жүргізілген  тек-

серу  жұмыстары  кезінде  бір    орман-

шы  1,8  метр  жасыл  шыршаны  кесіп 

алған. Ол азаматқа «Әкімшілік құқық 

бұзушылық  туралы»  Кодекстің  283-

бабының  1-тармағы  бойынша  хатта-

ма толтырылды. 

шырша 


кесудің 

алдын 


алу 

мақсатында  «семей  орманы»  бө-

кейбай  филиалының  әкімшілігі  де 

бірқатар  жұмыстар  атқарып  жатыр. 

«семей  орманы»  мамандарының  ай- 

туынша, Жаңа жыл қарсаңында қыл-

қанжапырақты  ағаштарды  қиғаны 

үшін  бір  данасына  15  аеК  көлемінде 

айыппұл салынады. Кейбір жағдайда 

жеке  тұлғаларға  20-25  аеК  айыппұл 

қарастырылған. 

Жаңа 


жылдың 

сәніне, 


сим-

волына  айналған  тау  шыршасын  

қиып,  табиғатқа  залал  келтіргенше, 

үйіңізге  жасанды  шырша  орнатқан 

дұрыс.  құқық  қорғау  мамандары  

мен  орманшылар  осындай  ақыл  ай-

тады.   

автокомпанияның  хабарлауынша, 

«Skoda»  маркасына  сұраныс  жылдан-

жылға  артып  келеді.  айталық,  алдың-

ғы  жылмен  салыстырғанда  биылғы 

он  айдағы  сатылған  көліктердің  саны 

43%-ға өскені байқалады. 

–  бүгінде  «Skoda»  маркасы  еліміз-

де  жақсы  сатылатын  автомобильдер 

ондығына енген. Осы жылдың қаңтар-

қазан  айларында  шығарылған  өнімнің 

21%-ға  жуығы  «Skoda»-ның  үлесі. 

сұраныстың  артуы  «Rapid  Spacebask» 

хэтчбегін,  «Octavia  RS»  лифтбэктерін 

және  «Octavia  1.6  MPI»  құрастыра 

бастаумен  байланысты.  Жаңа  көлік 

иелерінің  көбі  «Rapid»-ті  таңдаған. 

бүгінде  бұл  еуропалық  модель  қа-

зақстан  нарығында  бірінші  орында,  – 

дейді  «азия  авто»  ақ  президенті  ерік 

сағымбаев.

Шығыс-Ақпарат

Шырша 

қиғандар  

шығынға 

батады

«Skoda» жаңа 

төрт модельмен 

толығады

Жаңа  жыл  қарсаңында  заңсыз  қиған  шыршаңыз  шығынға  батыруы 

әбден  мүмкін.  Заңсыздықтың  алдын  алу  мақсатында    облыста  «Шырша-

2014» жедел алдын алу іс-шаралары өткізіліп жатыр. 

Өскемендегі «Азия Авто» зауыты алдағы жылдың ақпан айынан бастап 

«Skoda Octavia 4x4», «Octavia Combi 4x4», «Octavia Scout» және «Yeti 1.6 MPI 

AT» деп аталатын төрт жаңа модельді шығара бастайды.

мерей қайнарұлы

«Мәңгілік ел» идеясының 

төңірегіне топтасуыМыз керек

жұмыспен қамту-2020

а

гросектор

қожалықтың  басшысы  шоқан 

Мұсабалин  асыл  тұқымды  малдарды 

«қазагроқаржы»  ақ  арқылы  несие 

қаражатына сатып алып, новополяко-

ва ауылдық округінің Поляна телімінде 

бағып отыр. бүгінде жасыл құрлықтан  

келген  түліктер  жергілікті  табиғат 

жағдайына  бейімделіп  алды.  қыстан 

қамсыз  шығу  мақсатында  6  000  мың 

тонна шөп, 4000 мың тонна пішенде-

ме, 350 тонна жем әзірленген. 

сондай-ақ,  жаз  бойы  қора-

жай  салынып,  облыстық  бюджет 

қаражатының  арқасында  фермаға 

су  жеткізілді.  енді  қазір  фермаға 

электр қуатын тарту жұмыстары қолға 

алынған.  Өзінің  қаражаты  есебінен 

сағатына  400  квт  электр  қуатымен 

қамтамасыз  ететін  жобаға  тапсырыс 

беріп қойыпты.

Шығыс-Ақпарат

аустралиядан 

асыл тұқымды 

мал әкелді

Катонқарағай  ауданының  «Әмір»  шаруа  қожалығында  Аустралия-

дан  жеткізілген  герефорд  тұқымдас  бір  мың  бас  ірі  қара  малы  өсірілуде. 

Жергілікті  әкімдік  асыл  тұқымды  шаруашылықтар  санын  көбейтуге 

бағытталған  аталмыш  жобаны  облыстың  Индустрияландыру  картасына 

енгізуді көздеп отыр.

Нұрсұлтан Құрман, «Хабар» агенттігі:

–  Құрметті  Елбасы,  Сізбен  жолығу 

мүмкіндігі туғанына қуаныштымыз. Менің 

және  әріптестерімнің  сізге  қояр  бірнеше 

сұрақтары бар.

Сіздің «Нұрлы жол» жаңа экономикалық 

саясаты туралы Жолдауыңыз жұрт көңіліне 

ұялаған күдікті сейілтті. Осындай маңызды 

қадамның тарихи қажеттілігі қандай және 

осы  саладағы  инфрақұрылымға  салына-

тын  қаражат  өзін  қалай  ақтайды?  Оның 

біздің  экономикалық  жағдайымыздағы 

тиімділігі қандай? 

–  Халық  өз  басшыларын  сайлаған  кезде, 

сол басшының қолына тізгін-шылбырды береді 

де, «біздің жағдайымызды ойла» дегенді айта-

ды. Дәл солай айтылмаса да, мағынасы сондай 

болады.  Президенттің,  ел  бастаған  адамның 

мойнындағы  жүктің  ауырлығы  да  сонда.  Ол  

болып  жатқан,  алда  келе  жатқан  оқиғаларды 

біліп, түсініп, сараптап, соған қарсы алдын ала 

жұмыс істеп, халықтың жағдайын қиындатпау-

ды ойлауы керек.

Көріп  отырсыздар,  мен  Жолдауды  қашан 

жарияладым? Өткен айда. ал кешегі Ресейдегі 

жағдай  бір  айдан  кейін  болды,  ешкім  оны 

ойлаған  жоқ.  Жалпы  сараптай  келіп,  дүние 

жүзінің  экономикасында  осындай  жағдайдың 

жақындап  қалғанын  болжадық.  сондықтан 

бұл – алдын алу шарасы, екіншіден, бұрыннан 

ойлап келе жатқан, халыққа керек нәрсе. Мы-

салы, біздің жиған қорымыз болмаса, біз бұған 

бара алмас едік.

Көлік  инфрақұрылымы  дегеніміз  –  жол. 

Кең  байтақ  қазақстанның  жерінде  жол  бол-

маса,  адамдар  бір-бірімен  қатынаспайды. 

Жолға  ешқандай  бизнес  ақша  бере  алмайды, 

себебі бұл көп жылда қайтарылатын нәрселер. 

бизнестің оған жағдайы жоқ. тек қана мемле-

кет,  күшті  мемлекет,  жағдайы  бар  мемлекет 

жол салады.

біздің  жолдарымыздың  бәрі  солтүстікке 

қарай,  Ресейге  қарай  салынған.  біз  ана 

қостанайдан ақтөбеге дейін төрт жүз шақырым 

жол  жасадық.  неге?  себебі,  қостанайдан 

ақтөбеге  келу  үшін  шекарадан  ары-бері  өту, 

тексерілу  керек.  қанша  қиын  болғанымен,  біз 

солай  еттік.  Жол  бойында  қаншама  ауылдар 

пайда болды.

Мысалы,  Өскеменге  бару  үшін  алматыдан 

шығып,  локоть  деген  стансаға  бару  керек  еді, 

өзі  де  шынтақ  секілді.  содан  кейін  Өскеменге 

баратын.  сондықтан  шар  арқылы  Өскеменге 

тура  жол  салынды.  екібастұздан  Өскеменге 

қарай  жол  салынды.  Мұның  бәрі  жолдардың 

сыртқа  шықпай,  ішкі  қатынасты  ел  аумағы 

арқылы қамтамасыз ету үшін жасалды. 

біз,  мысалы,  оңтүстікте  де  өзбек  ағайын-

дардан  шығатын  жол  арқылы  Жетісайдан 

шымкентке келе алмай қалдық қой. алдымен 

Өзбекстанға кіреді, сосын шығады. сондықтан 

шардараның үстінен көпір салуға тура келді. 

ал енді кейінгі, мынау қорғастан Жетігенге,  

арқалықтан  Жезқазғанға,  Жезқазғаннан  бей-

неуге  дейінгі  теміржол  желісінің  құрылысын 

бітірдік.  сол  арқылы  қазақстан  теміржол  же-

лісімен  толық  қамтамасыз  етілді.  сондықтан, 

«нұрлы жол» айқындаған көлік мәселесі – бас-

ты  нәрсе.  Жол  –  экономиканың  күре  тамыры, 

адамдардың  өзара  қарым-қатынасы,  өңірлер-

дің орталықпен байланысы, облыстардың бір-

бірімен қатысуы.

егер  бизнес  қазақстанда  керек  тауардың 

бәрін шығаратын болса, болашақта дағдарыс-

қа  қарсы  негізгі  шара  осы  болып  саналады. 

«нұрлы жол» теміржол және автомобиль жол-

дарын, электр желілерін ғана емес, жаңа электр 

Мемлекет басшысының отандық жетекші телеарналардың өкілдерімен сұхбаты

стансаларын, сондай-ақ тұрғын үй, тұрғын үй-

коммуналдық  шаруашылықты  да  қамтиды. 

2007-2009  жылдардағы  дағдарыс  кезінде 

тәжірибе  жинадық,  бізде  дағдарысқа  қарсы 

әлем  мойындаған  үздік  бағдарлама  болды. 

бұл бағдарламадағы ең басты тармақ – шағын 

және  орта  бизнесті  қолдау.  Жұмыс  орында-

рын  шағын  және  орта  бизнес  құрады.  Онда 

адамдар  жұмыспен  қамтылған.  ал  өндіріс 

икемділігімен  ерекшеленеді.  Мысалы,  түрксіб 

бүгінге дейін жұмыс істеп тұр. сондықтан біздің 

салғандарымыз  да  балаларымызға  жүз  жыл 

қызмет етеді. тіпті сіздердің балаларыңызға да. 

біздің жасаған нәрсеміз өте игілікті шаруа.

біз  өз  нарығымызды  қамтамасыз  ету 

үшін  өңдеумен  айналысатын,  әсіресе  ауыл 

шаруашылығы  өнімдерін  өңдейтін  ондаған 

жаңа зауыт салдық.  Мен бәріміз «нұрлы жол» 

бағдарламасын  іске  асыру  үшін    жұмылуға 

тиіспіз деп санаймын.

Майя Бекбаева, «7 арна»:

– Келер жылы біз Қазақстан халқы Ас-

самблеясының  20  жылдығын  атап  өтеміз. 

Әлбетте,  бұл  ұйым  кейбіреулердің  скеп- 

тиктік  сипаттағы  пікірлеріне  қарамастан, 

өзінің  маңыздылығын  дәлелдеді.  Бұл 

орайда, бәрі жақсы секілді. Бірақ Сіз бұл та- 

қырыпқа қайта-қайта оралып жүрсіз. Жа-

ңа  Жолдауыңызда  ұлтаралық  келісім  мен 

бірлікті нығайтудың қажеттігіне  тағы да на- 

зар аудардыңыз. Бұған қажеттілік бар ма? 

– қазақстан небәрі 20 жылда ғажап табыс-

тарға жетті. Экономика 16 есеге, халықтың та-

бысы 17 есеге артты. Яғни, осы уақыт бойы біз 

жасампаз  еңбек  үрдісінде  болдық.  бұл  елдегі 

бейбіт  өмірдің  арқасында  ғана  мүмкін  болды. 

Хаос жағдайында бұлай болмайды.

1995  жылы,  тәуелсіздік  жариялағаннан 

кейін аз ғана уақыт өткен тұстағы кезеңнің си-

паты  әлі  де  беймәлім  болатын.  қай  бағытта 

ілгерілейміз,  халықты  қайда  бастаймыз,  оны 

әлі  білмейтін  едік.  сол  уақытта  түрлі  этнос 

өкілдері  арасында  алаңдаушылық  болды. 

Ұлттың,  тілдің,  діннің  ахуалы  қалай  болады 

деген  мәселелер  туындады.  еліміздің  барлық 

этностарына  арналған  мінбер,  Президент 

жанындағы  кеңесші  орган  –  қазақстан  халқы 

ассамблеясын  құру  идеясы  сол  кезде  туды. 

ассамблея  сессиясына  жиналған  әр  адамның 

Үкіметке өз сөзін айтуға құқығы бар, ал Үкімет 

жұртты не толғандыратынын білетін болады.

барлық  облыстарда  кіші  ассамблея-

лар  құрылды,  мәдени  орталықтар  жұмыс 

істейді.  Мен  басқаратын  ассамблея  енді 

конституциялық  органға  айналды.  Ол  Парла-

ментке 9 депутат ұсынады. бұл олардың жоға- 

ры  өкілді  органдағы  өкілдері.  Олардың 

келісімінсіз  бірде-бір  заң  немесе  заңға 

енгізілетін  өзгерістер  қабылданбауы  тиіс. 

сондай-ақ  бұл  заңдар  қазақстанда  біреудің 

құқығын шектесе де, солай болады.

бұл  жұмыстың  нәтижесі  бар.  1994-1995 

жылдары  қазақстаннан  жаппай  кету  үрдісі 

болған  еді.  қазір  адамдар  қайтып  келіп  жа-

тыр.  ассамблея  бүгінде  біздің  өмірімізге 

берік  енді,  өзімізді  онсыз  елестете  алмаймыз. 

Ол  этникалық  азшылықты  ғана  емес,  бүкіл 

қазақстандықтарды біріктіреді. біз сол арқылы 

түрлі  мәселелерді  талқылап,  халықтың  мұң-

мұқтажын  біліп  отырамыз.  сондықтан  ассам-

блея  мемлекеттің  маңызды  органы  болып  са-

налады.  Ол  қазақстанның  тұрақтылығының 

айшықты  атрибуты.  сол  себепті  де  мен 

әрдайым  үлкен  міндеттер  арта  отырып,  бүкіл 

халықтың қолдауына ие болу үшін ассамблея-

ға жүгінемін.



Ярослав Красиенко, «КТК» телеарнасы:

–  Тәуелсіздік  алғаннан  бергі  соңғы  екі 

онжылдықта  бізде  негізгі  ұстанымымыз 

көпвекторлылық  болғаны  мәлім.  Соның 

арқасында  біз  қазір  бірде-бір  мемлекет-

пен  араз  емеспіз,  барлық  елдермен  өзара 

тиімді  ынтымақтастық  орнатып  отырмыз. 

Бірақ  әлемдегі  соңғы  оқиғалар,  өкінішке 

қарай,  мемлекеттердің  түрлі  блоктар  бо- 

йынша тағы да бөліне бастағанын көрсету-

де.  Осыған  байланысты  көпвекторлықтан 

бас  тартып,  сыртқы  саяси  стратегияны 

қайта қарайтын кез келген жоқ па?

–  Әлемде  бейтараптықты  ұстанатын  біраз 

ел  бар.  іс  жүзінде  барлық  мемлекеттер-

ді  көпвекторлы  деп  атауға  болады.  бұл 

тәуелсіздік  пен  дербестік  жағдайында  әрбір 

мемлекет кімдерді тиімді санаса, сол елдердің 

барлығымен  араласып,  сауда  жүргізіп,  саяси 

шарттар жасай алатынын білдіреді.

біздің 

көпвекторлылық 



ұстанымымыз 

айналамыздағылардың  бәрімен  достық  қа-

тынасқа  әкелді.  ешқандай  мемлекетпен  ара- 

мызда  шешілмейтін  дауымыз  жоқ.  шекара- 

мыздың  барлығы  сызылған,  делимитация-

ланған, демаркацияланған.  

елдер түрлі блоктарға кіруі мүмкін, бірақ ол 

қазіргі  заманда  кең  ауқымды  ықпалдастыққа 

кедергі  келтірмейді.  Мысалы,  натО  әскери 

блок  болып  саналады,  бірақ  бұл  ұйымның 

құрамындағы мемлекет барлық өзге елдермен 

қарым-қатынас жасайды.

қазақстан  ҰқшҰ-ға  мүше.  бұл  –  қазіргі 

заманғы  қауіп-қатерлерге,  яғни  лаңкестікке, 

экстремизмге,  есірткі  трафигіне,  халықаралық 

қылмыстарға қарсы әскери-саяси блок. шарт-

та  бір  тармақ  бар,  оған  сәйкес  қатарындағы 

біреуіне  басқыншылық  жасалған  жағдайда, 

мемлекеттер бірлескен қорғаныс туралы шешім 

қабылдайды.

біз  көпвекторлы  саясатымыздан  бас  тарт-

паймыз, оған негіз жоқ. қазақстан 1 қаңтардан 

бастап  еуразиялық  экономикалық  одаққа 

кіреді.  Оған  қоса,  біз  Дүниежүзілік  сауда 

ұйымына кіру қарсаңында тұрмыз.

(Соңы 2-бетте)

Жолдаудың басым 

бағыттары дағдарысты 

еңсеруді көздейді

Кеше  Елбасы  Нұрсұлтан  НАЗАРБАЕВТЫҢ  «Нұрлы  

жол  –  болашаққа  бастар  жол»  Жолдауының  басты 

бағыттарын  насихаттау  аясында  Премьер-Министрдің 

орынбасары  Бердібек  САПАРБАЕВ  облысымызға  ар-

найы жұмыс сапарымен келді. Алдымен Риддер қала-

сында  «Жұмыспен  қамтудың  жол  картасы  –  2020» 

бағдарламасын  орындау  мақсатында  Премьер-Ми-

нистрдің  орынбасары  Бердібек  САПАРБАЕВТЫҢ,  об-

лыс әкімі Даниал АХМЕТОВТІҢ, Денсаулық сақтау және 

әлеуметтік  даму  министрі  Тамара  ДҮЙСЕНОВАНЫҢ 

қатысуымен «Шығыс Қазақстан – отбасының демогра-

фиялық  дамуына  және  өмір  сүруіне  қолайлы  аймақ» 

атты форум өтті. 

Шығысқа оңтүстік өңірлерден 

жұмыс күші тартылады

аталмыш шаһарға «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 

2020»  мемлекеттік  бағдарламасының  үшінші  бағыты,  яғни, 

тұрғын  үй  беру  және  жұмысқа  орналастыруға  жәрдемдесу 

бағыты  бойынша  27  отбасы  қоныс  аударған.  Оның  ішінде 

білім беру саласында сегіз адам, денсаулық сақтау саласын-

да бір адам, жеке кәсіпкерлікке сегіз адам, әкім аппаратына  

екі  адам  жұмысқа  орналасты.  Осы  жылы  Риддерде  бағ-

дарлама  бойынша  екі  көпқабатты  тұрғын  үй  қолданысқа 

берілмек. 

Мәртебелі меймандар ең алдымен «Жұмыспен қамтудың 

жол  картасы  –  2020»  бағдарламасы  аясында  салынған 

Островский  көшесінің  бойындағы  №34  үйдің  қолданысқа 

берілу  салтанатына  қатысты.  60  пәтерлі  бұл  тұрғын  үй 

еліміздің  оңтүстік  өңірлерінен  келген  мамандар  мен  жергі-

лікті  жетім  балаларға  берілді.  Оңтүстік  қазақстан,  қызыл-

орда,  Маңғыстау  және  алматы  облыстарынан  қоныс 

аударған  отандастарымыздың  бәрі  осы  қаладан  жұмыс  

тауып,  балаларын  шағын  орталықтар  мен  балабақшаларға 

орналастырыпты. 

– Мемлекет басшысы нұрсұлтан назаРбаеВтыҢ ұстанып 

отырған  басты  саясаты  –  барша  қазақстандықтардың  әл-

ауқатын,  тұрмысын  жақсарту  екенін  жақсы  білесіздер. 

қазір  бүкіл  дүние  жүзінде  қаржы  дағдарысы  жүріп  жатыр,  

десек  те,  еліміз  өзінің  әлеуметтік  бағдарламаларын  орын-

дап  келеді.  Риддерде  ата-ананың  қамқорлығынсыз  қалған 

балаларға,  оңтүстік  өңірлерден  келген  отбасыларға  үй 

беріліп  жатыр.  бұл  –  табиғаты  тамылжыған  ерекше  өлке. 

Мен мұнда қоныс аударып отырған азаматтардың осы өңір- 

де  тірлік  құрып  кетулеріне  тілектеспін.  енді  тек  қажырлы 

еңбек  етулеріңіз  керек,  ол  үшін  барлық  жағдай  жасалып  

отыр мемлекет тарапынан, – деді бердібек саПаРбаеВ. 

Пәтер  кілтін  алған  маңғыстаулық  гүлмира  құдайберге-

нова  қалалық  ауруханаға  медбике  болып  орналасыпты,  

жалпы  бұл  шағын  шаһар  білікті  медициналық  қызметкер-

лерге  аса  зәру.  гүлмира  таулы  өңірде  орын  тепкен  Рид- 

дердің  өзіне  ұнағанын,  баспанамен,  еңбекпен  қамтылып 

отырғанын, енді жолдасына да жұмыс табылатынына сенімді 

екенін  қуана  жеткізіп,  осы  бағдарламаны  қолға  алған  ел 

Үкіметіне, облыс, қала басшылығына алғысын білдірді. 

бұдан  соң  құрметті  қонақтар  жаңадан  салынған  бес 

қабатты  үйдің  пәтерлерін  аралап,  онда  қоныстанып  жатқан 

тұрғындардың  хал-жағдайларына  қанықты.  соңғы  отыз 

жылдың көлемінде кеншілер шаһарында жаңадан көпқабат-

ты  үйлердің  бой  көтермегенін  ескерсек,  бұл  Риддер  үшін 

үлкен оқиға болды. 

Осыдан  соң  үкіметтік  делегация  Риддер  аграрлық-

техникалық колледжіне барып, онда облыстағы жоғары оқу 

орындары  мен  колледждерде  білім  алып  жатқан,  жұмыс 

күші  артық  өңірлерден  келген  студенттермен  кездесті.  Кол-

ледж  фойесінде  с.аманжолов  атындағы  шқМУ,  Радио-

техника  және  байланыс  колледжі,  геодезия  және  карто-

графия  колледжі,  Электр-техникалық  колледж  сынды 

білім  ошақтарында  іске  асырылып  жатқан  «серпін-2050» 

бағдарламасының барысымен танысты. 

(Жалғасы 3-бетте)


Руханият

0

1



2

4



5

6

7



8

9

10



11

12

13



14

15

16



17

5

ДИДАР



№149 (17086)

23 желтоқсан



Сұхбат

–   Н ұ р л а н   қ а ж ы ,   ә у е л і   ө т і п 

бара  жатқ ан  ж ы лқы  ж ы лынд а 

дініміз  үшін  атқарылған  істер  мен 

алдағы  жоспарларыңыз  жайында 

айтсаңыз.

–  Аса  қамқор,  ерекше  мейірімді 

Жаратушы  Алланың  атымен  баста-

йын. Аллаға қызмет ету – менің өмірлік 

ұстанымым.  Ол  үшін  ауқымды  істер 

тындырдым деуім қисынсыздау. Себебі, 

А лла  мәңгілік,  оның  діні  қияметке 

дейін  жалғаса  бермек.  Ең  бастысы, 

ҚМДБ-ның  төрағасы,  Бас  мүфтиіміз 

Ержан  қажы  Малғажыұлы  хазіреттің 

тапсырмаларын  басшылыққа  аламын. 

Осы  тұрғыда  аймаққа  қарасты  қала, 

аудан  мешіт  имамдарының  басын 

қосып,  жұмыстарымызды  жүйелеп 

алғанбыз.  ҚМДБ  үстіміздегі  жылды 

«Дін  мен  дәстүр»  жылы  деп  жария-

лады.  Бұл  жердегі  мақсат  үш  бағытқа 

белгіленді. Яғни, халықты сауаттандыру 

мақсатында, дінімізді уағыздайтын наси-

хат жұмыстарын жандандыру. Халықты 

ізгілікке, жұртымызды бірлікке, баршаны 

ынтымаққа шақыру, рухани әлсіретпеу. 

Ал  екіншіден,  халықтың  жағдайына 

қарайласу,  олар  үшін  қайырымдылық 

істерді жиі өткізу, қамқорлық акцияла-

рын ұйымдастыру. Үшіншіден, дін мен 

дәстүрге  қайшы  көзқарас  ұстанатын, 

қоғамымызға  ылаң  салатын,  бүлік 

тудырып  жүрген  жат  ағымдағыларды 

табанды  түрде  даналық  жолмен  бетін 

қайыру бағытында топтаса отырып на-

сихат жүргізу жүктелінді. Менің ойым-

ша,  бұл  бағыттарды  мұсылмандыққа 

бет  бұрған  бүгінгі  қазақ  қоғамының 

нағыз қажеті деп білемін. Осыған орай 

өңірдегі  барлық  мешіттерде  тиянақты 

жұмыстар  жүргізіліп,  тиісті  іс-шаралар 

атқарылуда.  Нәтижесі  жаман  емес, 

уағыз-насихат  жұмысы  бірізділікте. 

Жоғары,  арнайы  орта  оқу  орындары 

мен  орта  мектептер,  арнайы  түзету 

мекемелерімен  тұрақты  кездесулерде 

түрлі тақырыптар қозғалды. Күнделікті 

ақшам  –  құптан  намаз  аралығында 

жүргізілетін уағыздар мен үлкенді-кішілі 

қалың  бұқара  қамтылды.  Бұл  істердің 

дерлігі жергілікті атқарушы мекемелер-

мен бірлесе өткізілді. Олардың тарапы-

нан бұл бағытымызға арнайы мамандар 

бекітілді. Дініміз асыл, алайда, дін атын 

жамылғандардың ісі нашар. Жастар са-

насын улатып, деструктивті ағым құрауы 

жақсы емес. Соның салдарынан бірнеше 

жастарымыз  дін  мен  ағымды  айыра 

алмай келеді. «Ештен кеш жақсы» деген-

дей, келеңсіздің алдын алу үшін, насихат 

жұмысы барынша жақсы деңгейде. 

–   Б а ғ ы т т а р д ы ң   б і р і   – 

қайырымдылық.  Облыстық  мешіт 

қамқорлық жасай алды ма?

– Мешіт имамдарының қайырымды 

болуы  үнемі  менің  назарымда.  Осы-

дан  бірнеше  жылдар  бұрын,  аймаққа 

қарасты  мешіттерге  «Шығыстың  аялы 

алақаны» атты акцияның ұдайы жүргізіліп 

отыруын  өкілдік  тарапынан  қатаң 

түрде  тапсырдым.  Сол  уақыттан  бері 

аймақтағы барлық мешіттер әлеуметтік 

аз  қамтылған  отбасы  мен  тұрмыстық 

мұқтаж  жандарға  көмек  қолын  созып 

келеді.  Мәселен,  сол  уақыттан  бері 

жыл сайын облыстық мешіт тарапынан 

қалалық  мектептің  балалары  оқушы 

құрал-жабдығымен қамтамасыз етілуде. 

Аймақтан  ҚМДБ  жанындағы  «Нұр-

Мүбәрак» университетінде білім алушы 

және  еліміздегі  медреселерде  оқитын 

шәкірттердің  оқу  қаражаты  төленіп, 

жалпы  қаржылай  көмек  көрсетіледі. 

Одан  басқа  науқас  жандардың  ем-

домына, тіпті шетелге барып ота жаса-

туына  қаражат  тауып  беріп,  жағдайы 

төмен отбасыға азық-түлік, жалғызілікті 

аналардың  балаларына  қыстық  киім-

кешек алып беріп тұрамыз. Жыл басын-

да Ұлан ауданына қарасты Мамай батыр 

ауылының  тұрғыны  болған  марқұм 

Несіпхан  Әбдіғалиева  кейуананың 

жер-төлені  паналағаны  менің  жаныма 

қатты  батты.  Бұл  туралы  «КТК»  теле-

арнасынан хабарлағанын білерсіз. Осы 

жайтты ести сала жаным жай таппастан, 

алып-ұшып жертөлеге бардым. Сенесіз 

бе,  қарт  ананың  паналаған  лашығына 

еңкейіп  кіріп,  иіліп  шықтым.  Жасыған 

қарт  кейуананың  көңілін,  көз-жасына 

булыққан мүгедек қызы мен жанарлары 

жәудіреген екі баланы көргенде, жүрегім 

шыдамады. Бірден имамдардың басын 

қосып,  олардың  баспаналы  болуын 

жоспарладық. Алланың қалауы болар, 

баспаналы болуына көмектестік, бірақ 

сол үйге қоныс аударғаннан кейін қарт 

ана дүниеден озды. Әрине, одан кейінде 

бұл  отбасыға  көмектер  көрсетілді. 

Облыстық  мешіттің  ақсақалдары  жи-

налып,  қажет ті  мүліктерін  апарып, 

жағдайларын сұрасты. Тізіп айта берудің 

жөні  болмас.  Одан  басқа,  мүгедек 

жандар  мен  алтын  құрсақты  батыр 

аналардың  да  көңілін  аулап  үлгердік. 

Бұл  жақсылықтар  қамкөңіл  жандарға 

қуаныш болсын. Бір Алланың разылығы 

үшін. Осындай игілікті істі көрген, баста-

маны естіген өңірдегі басқа мешіттер қол 

қусырып қалған жоқ. Шама-шарқынша 

мұқтаж жандарға көмек қолдарын со-

зуда. 

–  Көп  жағдайларда  мешіттерде 

б і л і к т і   д і н   м а м а н д а р ы н ы ң 

тапшылығы сынға алынуда. Ол жағы 

қалай шешімін табуда? 

– Ел ішінде дініміздің беделін арттыру 

үшін ең әуелі жергілікті жерлерде имам-

молдалардың діни білімі мен біліктілігін 

бүгінгі  заман  талабына  сай  жоғары 

деңгейде  болуы  үнемі  қадағаланады. 

Қасиетті Рамазан айы алдында облыстық 

мешітте  қала  және  ауданның  имам-

молдалары қысқа мерзімді діни семи-

нарда  білімдерін  ұштады.  Оған  «Нұр 

–  Мүбарак»  Египет  Ислам  мәдениеті 

университетінің  ұстазы,  PhD  докто-

ранты Қайрат Құрманбаев шақырылды. 

Және  мешітіміздің  жанындағы  сауат 

ашу курсының ұстаздары, облыстық дін 

істері басқармасының басшысы Манар-

бек  Мұхаметжанов  қосымша  дәрістер 

жүргізді. Соңында Алланың қалауымен 

имам-молдалар бас мүфтидің қолынан 

куәлік  алды.  Онымен  қоса,  аймақтағы 

аудан имамдарының біліктілігін ұштап, 

тәжірибесін  жетілдіру  мақсатында 

әр  жұма  сайын  қала  және  аудандық 

мешіт тің  бас  имамдары  кезекпен 

облыстық мешіттің жамағаты алдында 

уағыз  айтуды  үйреніп,  жұма  намазын 

өткізіп тұрады.

Қараша  айының  басында  аймаққа 

қарасты жүзге тарта мешіттің тоқсанға 

жуық имам-молдасы сараптаудан өтті. 

Мұнда дін қызметкерінің біліктілігі, со-

сын қызметіне лайықтылығын саралау 

басшылыққа алынды. Бұған атсалысқан 

Қ М Д Б - н ы ң   д і н   і с т е р і   б ө л і м і н і ң 

меңгерушісі  Камалжан  Тұрдыбаев 

бастаған  діни  басқарманың  сарапшы-

лары болды. Ниетімізге орай, нәтижесі 

оң, оған қуанамыз. 



- Әңгімеңізге рақмет! 

Сұхбаттасқан – Р. Түсіпбекұлы

Өскемен.

Дін өкілдері қайырымдылық шараларын жиі өткізеді

«Шығыс  Қазақстан  облысының  дін 

істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі 

(070004, Өскемен қаласы, Карл Либкнехт 

көшесі, 19, 508 кабинет, анықтама теле-

фондары:  8  (7232)  703-424,  70-29-34 

(факс), электрондық пошта: religvko@mail.

ru) бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға 

орналасуға конкурс жариялайды:

Діни бірлестіктермен байланыстар 

жөніндегі  бөлім  басшысы  (D-O-3  са-

наты) – 1 бірлік. Лауазымдық жалақысы 

еңбек өтіліне байланысты 84 563 теңге-

ден 114 032 теңгеге дейін.



Функционалдық  міндеттері:  діни 

бірлестіктермен қарым-қатынас орнату, 

діни  бірлестіктердің,  миссионерлердің, 

рухани (діни) білім беру мекемелерінің 

қызметін  зерделеу  және  талдау  жасау, 

құқық  қорғау  органдарына  Қазақстан 

Республикасының  діни  қызмет  және 

діни  бірлестіктер  туралы  заңнамасын 

бұзатын  жеке  және  заңды  тұлғалардың 

қызметіне тыйым салу жөнінде ұсыныстар 

енгізу,  конфессияаралық  келісім  мен 

діни  экс тремизм  мен  терроризмге 

қарсы  бағытталған  ақпараттық-насихат 

жұмыстарын жүргізу, діни бірлестіктерді, 

ф и л и а л д а р д ы   ж ә н е   ө к і л д і к т е р д і 

мемлекеттік  тіркеу  бойынша  түсіндіру 

жұмыстарын  жүргізу,  діни  бірлестіктер, 

ғибадат үйлері (ғимараттары) жөніндегі 

ақпарат тар  базасын  қалыптас тыру 

және  толықтыру,  діни  ахуал  жөніндегі 

тоқсандық,  жылдық  ақпарат тарды 

әзірлеу, Қазақстан Республикасының діни 

қызмет  және  діни  бірлестіктер  туралы 

заңнамасын  бұзушылықтарға  қатысты 

жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін 

қарау,  ғибадат  үйлерiн  (ғимараттарын) 

салу  туралы,  олардың  орналасатын 

жерiн айқындау, дiни әдебиеттi және дiни 

мазмұндағы өзге де ақпараттық матери-

алдарды, дiни мақсаттағы заттарды тарату 

үшiн арнайы тұрақты үй-жайлардың орна-

ластырылуын бекiту, сондай-ақ ғибадат 

үйлерiнен  (ғимараттарынан)  тыс  жер-

лерде дiни жораларды өткiзуге арналған 

үй-жайлардың орналастырылуын келiсу, 

сондай-ақ  үйлердi  (ғимарат тарды) 

ғибадат үйлерi (ғимараттары) етiп қайта 

бейiндеу  (функционалдық  мақсатын 

өзгерту) туралы шешiмдер қабылдайды, 

дiни  бiрлестiктердi  құруға  бастама-

шы  азаматтардың  тiзiмдерiне  тексеру 

жүргiзудi қамтамасыз ету, миссионерлік 

қызметті  жүзеге  асыратын  адамдар-

ды  тіркеуді  жүргізуді  қамтамасыз  ету, 

әдістемелік  құралдарды  әзірлеу,  дін 

саясатының өзекті мәселелері бойынша 

конференциялар,  дөңгелек  үстелдер, 

семинарлар,  кеңестер  ұйымдастыру. 

Басқарманың  Стратегиялық,  ағымдағы 

жоспарларын жүзеге асыру, лауазымдық 

нұсқаулыққа сәйкес басқа да міндеттер.

К о н к у р с қ а   қ а т ы с у ш ы л а р ғ а 

қойылатын біліктілік талаптары: 

ж о ғ а р ы   б і л і м :   г у м а н и т а р л ы қ 

(дінтанушы,  теолог),  педагогикалық, 

заңгерлік, мемлекеттік басқару.

Жұмыс тәжiрибесi келесi талаптардың 

бiрiне сәйкес болуы тиiс:

1) мемлекеттiк қызмет өтiлi екi жыл-

дан кем емес;

2) мемлекеттiк органдарда басшылық 

немесе  өзге  лауазымдарда  жұмыс  өтiлi 

бiр жылдан кем емес;

3) осы санаттағы нақты лауазымның 

функционалдық бағыттарына сәйкес са-

лаларда жұмыс өтiлi үш жылдан кем емес, 

оның iшiнде басшылық лауазымдарда бiр 

жылдан кем емес;

4) жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм 

бағдарламалары  бойынша  Қазақстан 

Республикасы Президентiнiң жанындағы 

бiлiм  беру  ұйымдарында  мемлекеттiк 

тапсырыс  негiзiнде  немесе  шетелдiң 

жоғары  оқу  орындарында  шетелде  

кадрлар даярлау жөнiндегi республика-

л ы қ   к о м и с с и я   б е к i т е т i н   б а с ы м 

мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

5) ғылыми дәрежесiнiң болуы.



К о н к у р с қ а   қ а т ы с у ш ы л а р ғ а 

қойылатын жалпы талаптар:

Қазақстан Республикасының Консти-

туциясын,  «Қазақстан Республикасының 

П р е з и д е н т i   т у р а л ы»,   «Қ а з а қ с т а н 

Республикасының  Парламентi  және 

оның депутаттарының мәртебесi туралы», 

«Қазақстан  Республикасының  Үкiметi 

туралы»  Қазақстан  Республикасының 

Конституциялық  заңдарын,  Қазақстан 

Республикасының «Мемлекеттiк қызмет 

туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 

күрес  туралы»,  «Әкiмшiлiк  рәсiмдер 

т у р а л ы»,  «Но р м ат и в т iк  қ ұ қ ы қ т ы қ 

актiлер  туралы»  (аталған  заң  D-O-3 

с анат ы  ү ш ін),  «Же ке  жә н е  з аң д ы 

тұлғалардың  өтiнiштерiн  қарау  тәртiбi 

туралы» Заңдарын, осы санаттағы нақты 

лауазымның  мамандануына  сәйкес 

салалардағы  қатынастарды  реттейтiн 

Қазақстан Республикасының нормативтiк 

құқықтық  актiлерiн,  «Қазақстан-2050» 

Стратегиясы:  қалыптасқан  мемлекеттiң 

жаңа  саяси  бағыты  стратегиясын  бiлуi. 

Функционалдық  мiндеттердi  орындау 

үшiн қажеттi басқа да мiндеттi бiлiмдер.

Құжаттарды  қабылдау  мерзiмi:  кон-

курс өткiзу туралы соңғы хабарландыру 

жарияланған  күнiнен  бастап  10  жұмыс 

күн ішінде.

Конкурсқа  қатысуға  ниет  бiлдiрген 

азаматтар  мынадай  құжаттарын  тапсы-

рады:


1) нысан бойынша өтiнiш;

2)  3х4  үлгiдегi  суреті  бар  нысан  бо-

йынша толтырылған сауалнама;

3)  бiлiмi  туралы  құжаттардың  но-

т ар и а л д ы  түрде  к у ә л а н д ы р ы л ғ а н 

көшiрмелерi;

4) еңбек қызметiн растайтын құжат-

тың нотариалдық түрде куәландырылған 

көшiрмесi;

5)   Қ а з а қ с т а н   Р е с п у б л и к а с ы 

Де н с аул ы қ  с ақ т ау  м и н и с т рлiг iнiң 

2010  жылғы  23  қарашадағы  №  907 

бұйрығымен  бекiтiлген  (Нормативтiк 

құқықтық  актiлердiң  тiзiлiмiнде  2010 

жылы  21  желтоқсанда  №  6697  болып 

тiркелген) нысандағы денсаулығы туралы 

анықтама;

6)   Қ а з а қ с т а н   Р е с п у б л и к а с ы 

азаматының жеке куәлiгiнiң көшiрмесi;

7)  құ жат тарды  тапсыру  сәтiнде 

уәкiлеттi орган белгiлеген шектi мәннен 

төмен  емес  нәтижемен  тестiлеуден 

өткенi туралы қолданыстағы сертификат 

(немесе  нотариатты  куәландырылған 

көшірмесі).

Құжаттардың  толық  емес  пакетiн 

ұсыну  конкурс  комиссиясының  оларды 

қараудан  бас  тартуы  үшiн  негiз  болып 

табылады.

3) және 4) тармақшаларда көрсетiлген 

құжаттарды  мемлекеттiк  қызметшiлер 

тапсырған  жағдайда,  құжаттарды  олар 

жұмыс  iстейтiн  мемлекеттiк  органдар-

дың персоналды басқару қызметi (кадр 

қызметi) куәландыра алады.

Әңгiмелесуге  жiберiлген  кандидат-

тар  одан  кандидаттарды  әңгiмелесуге 

жiберу  туралы  хабардар  ету  күнiнен 

бастап  бес  жұмыс  күн  iшiнде  Өскемен 

қаласы,  К.Либкнехт  көшесі,  19  (510 

кабинет)  мекенжайында  орналасқан 

Шығыс Қазақстан облысының дін істері 

басқармасында өтедi.

Конкурс  комиссиясының  отырысына 

байқаушылар ретінде Қазақстан Респуб-

ликасы  Парламентінің  және  барлық 

деңгейдегі  мәслихат  депутаттарының, 

Қазақстан Республикасы заңнамасында 

белгіленген  тәртіпте  аккредиттелген 

бұқаралық  ақпарат  құралдарының, 

б ас қ а  м е м л е ке т т ік  о р г ан д ар д ы ң , 

қоғамдық  бірлестіктердің  (үкіметтік 

емес  ұйымдардың),  коммерциялық 

ұйымдардың және саяси партиялардың 

ө к і л д е р і ,   у ә к і л е т т і   о р г а н н ы ң 

қызметкерлері қатысуы мүмкін.



Бетті облыстық дін істері 

басқармасының тапсырысы 

бойынша әзірлеген – 

Серік Әбілхан

Келер  жылға  аяқ  басар  шақта  «Жылқы  жылы  дініміз  үшін  қандай  істер 

атқарылды?»  деген  сауалдың  төңірегінде  облыстық  мешіттің  бас  имамы, 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Өскемен аймақтық өкіл имамы 

Нұрлан қажы Байжігітұлымен әңгімелескен едік.

ЭкСтремизммен күреС

ой-толғам

Биылғы 22 жасын абақтыда «атап өткен» 

Ербол  Ахметов  (этикалық  нормаларға 

сәйкес  мақаладағы  кейіпкерлердің  аты-

жөндері өзгертілген) жастайынан апасының 

қолында өскен. Күнделікті күйбең тірліктің 

қамымен  ж үретін  ата-ана  баласына 

дұрыстап  көңіл  бөліп,  тәрбиесімен  айна-

лыса  алмаған  соң,  бүкіл  жауапкершілікті 

апасына артқан. Немересінің қолына келуі 

қарияны да қатты қуантқан. 

–  Алғашқыда  бәрі  жақсы  басталды. 

Айналайын  апам  тәтті-дәмдіні  алдыма 

тосып,  төбемнен  құс  ұшырмай  өсірді.  Өз 

қатарластарымның  алды  болдым.  Доста-

рым  көп  еді.  Мектепте  де  жаман  оқыма-

дым.  Спорттағы  жетістіктерім  өз  алдына  

бір төбе. Осының бәрі бір адамның кездей-

соқ  таныстығынан  кейін  сап  тыйылып, 

өмірім  өзге  арнаға  бұрылды.  Ақырында, 

міне  темір  тордан  бірақ  шықтым,  –  деп 

есіне алады Ербол.

Кейіпкеріміздің  сөзіне  қарағанда,  ол 

бозбалалыққа  аяқ  басқан  өтпелі  кезеңде 

ата-ананың  тәрбиесіне,  ақыл-кеңесіне 

қатты  зәру  болған.  Өмірінде  бетпе-бет 

ұшырасатын  мәселелерге  қатысты  ашық 

сырласып,  ақылын  айтатын,  дұрыс  бағыт 

сілтейтін  ет  жақынын  жанынан  таппаған 

сәтте,  ондай  адамдарды  сырттан  іздеу 

–  заңдылық  қой.  Бұдан  Ербол  да  асып 

кете  алмаған  сияқты.  Ақырында,  оң-

солын  толық  танып  үлгермеген  боз-

бала  теріс  діни  ұйымдардың  шырма-

уына  қалай  ілінгенін  өзі  де  байқамай 

қалады. Көшеде кездейсоқ кездескен Бо-

лат  есімді  жігіт  қамқорсымақ  көңілімен, 

жылы сөздерімен оның іш-бауырына кіріп, 

сенімін жаулап ала бастайды. Қарапайым 

әңгімеден  өріс  алған  қарым-қатынас 

дінмен  байланысты  іс-әрекеттерге  ұласа-

ды, ең соңында заңсыз ұйымның арасына 

топ еткізеді. 

Арада бір жыл уақыт өтпей Ербол ата-

анасымен, туыстарымен араласуды азайта-

ды, тіпті, оларды теріс жолдағы «кәпірлер» 

деп айыптауға дейін барған. Ал туғанынан 

осылай  безінген  адамнан  Отанға,  ел  мен 

жерге  деген  сүйіспеншілікті,  патриоттық 

сезімді мүлдем күтпей-ақ қойыңыз. Оның 

ойынша,  өздерінен  басқаның  бәрі  –  ада-

сушылар,  тозақтық  жандар.  «Өздері»  деп 

отырғаны – белгілі бір діни ұстанымы бар, 

сол  арқылы  ғана  іс-әрекет  ететін,  жалпы 

тәртіпті мойындамайтын топ. 

–  С ол  т о п т ы ң  қ ұ р а м ы н а  м е н  д е 

қосылдым. Біздер апта сайын, кейде апта-

сына екі рет қала сыртындағы саяжайда жи-

налып, жамағат болып уағыз айтамыз. Діни 

кітаптар оқып, экстремизмді насихаттайтын 

фильмдер  көреміз.  Топтың  жетекшілері  

бізді теріс жолдағы адамдармен күресуге, 

дінімізді  қолға  қару  алып  қорғауға, 

шариғат  заңдылықтарына  сәйкес  қоғам 

құру  үшін  билікке,  басшыларға  қарсы 

шығуға  шақырды.  Ал  біз  болсақ,  соған 

имандай  сендік.  Қазір  ойласам,  бұрынғы 

«достарым» біз секілді жастардың қолымен 

от көсеп, өздерінің идеологиясын жүргізіп 

отырған екен ғой. Әттең, сол шақты қайта 

айналдырып  алдыма  әкелсе,  мұндай 

ақымақтыққа  аттап  бармас  едім,  –  деп 

өкінеді ол.      

Ерболдың  айт уынша,  топқа  мүше 

жастар  ай  сайын  маңдай  терімен  тапқан 

табыс тарының  белгілі  бір  мөлшерін 

ұйымның ортақ қазанына құйып отырған. 

Артынан  белгілі  болғандай,  жиналған 

қаражатқа  қару-жарақ  сатып  алынады 

екен. 


Аталған  ұйымның  жетекшілері  адам 

психикасына  қалай  әсер  ету  қажеттігін 

жақсы  меңгергені  сонша,  жастардың  са-

насын  улап  тастаған.  Кез  келген  заңсыз 

әрекетті  «сауап  болады»  деп  түсіндіріп, 

шариғатты өздерінің қолайына қарай пай-

даланып отырған. Айталық, «дін жолында 

өмірін құрбан ету – ең үлкен сауап, ондай 

адамның  о  дүниелік  орны  –  жұмақта» 

немесе  «кәпірлерді  өлтіру  сауап»,  «на-

маз  оқымайтын  адамдармен,  мейлі,  ол 

ата-анаң  болсын,  қарым-қатынасты  үзу, 

мойындамау»  сияқты  шариғат  т үгілі, 

а дамгершілік тің  аясына  сыймай тын 

кеңкелес  түсініктерді  жастардың  санасы-

на құйған. Діннен хабары аз жастар соған 

сеніп,  өздерінің  істеп  жүргендерін  дұрыс 

санаған.


Шынтуайтына  келсек,  мамандардың 

пікірінше,  ислам  –  біреудің  өмірін  қию 

былай тұрсын, қатты сөз айтудың өзін құп 

көрмейтін бейбітсүйгіш дін.   

«Деструктивті діни ұйымның қармағына 

іліккеніңді қай кезде білдің?» деген сауалға 

Ербол:  –  Әдеттегідей,  жамағат  жиналып, 

сөйлесіп отырғанбыз. Сол кезде арамыздағы 

адамдардың бірі Болаттың шахид белбеуін 

тағып,  өзін-өзі  жарып  жібергенін  айтты. 

Бұл  оқиға  еліміздің  батысындағы  Ақтөбе 

қаласында болған. Осыдан соң-ақ көңіліме 

күдік  ұялады.  Ойланбастан  бірден  құқық 

қорғау органына барып, барлық мәнжайды 

айтып бердім. Кінәмді мойындадым, – деп 

жауап берді.

Ербол  Ахметовке  Қазақстан  Респуб- 

ликасы  Қылмыс тық  кодексінің  233- 

бабы  бойынша  (террористік  әрекетке 

барғаны  үшін)  айып  тағылып,  сот  13 

жылға бас бостандығынан айыру жазасын 

тағайындады. 19 жасында қатаң режимдегі 

түзеу мекемесіне түскен Ербол енді өмірінің 

ең  қызықты,  ең  жалынды  кезеңін  тар 

қапаста қамауда өткізеді. 

– Әрине, өкініштің өрті өзекті өртегенмен 

не шара? Қолмен істегенді мойынмен көтеру 

керек. Білместікпен істедік бәрін, бірақ бұл 

іс-әрекетімді ақтап алмайды. Менің айта-

йын дегенім, мұндай жағдайға басқа жас-

тарымыз  тап  болмаса,  деструктивті  діни 

ұйымдарға  шатылмаса,  менің  қателігімді 

қайталамаса  екен  деген  тілек.  Жазам-

ды  аман-есен  өтеп,  бостандықта  мені 

сарғайып  күтіп  отырған  әйелім  мен  екі 

қызымның,  туған-туыстардың  ортасына 

оралсам, ел қатарлы еңбек етіп, балалары-

ма тәрбие берсем деген арманым бар. Сол 

күнді асыға күтіп жүремін, – деп сырымен 

бөліскен  кейіпкеріміздің  жанарында  үміт 

сәулесі жалт еткендей көрінді. 

Иә, бір ғана шалыс басқан қадамының 

салдары  бүкіл  ғұмырына  көлеңке  түсіріп, 

жас тық  дәуренін  к үлпарша  еткеніне 

өкінеді  Ербол.  Және  өткенге  өкінуден 

ештеңе өзгермейтінін де біледі. Ең бастысы, 

өмірде жасаған қателіктерден сабақ алып, 

қалған  өмірімді  өкінбейтіндей  өткізсем 

дейді ол.

Толеранттылық  және  келісім,  үн-

қатысу,  адамгершілік  және  руханият 

негізінде  бүгінгі  заманның  бейбітші-

лік  құрылымын  қалыптастырудағы 

мемлекеттің  саяси  стратегиясының 

құрамдас  бір  бөлігі  Қазақстанның 

халықаралық қауымдастықпен, оның 

ішінде әлемдік және дәстүрлі діндер- 

дің  көшбасшыларымен  тиімді  серік-

тестік құруында болып отыр. Әлемдік 

саясатта  мұндай  феномен  бұрын 

болып  көрген  емес.  Президенттің 

баламасыз бастамасымен Қазақ же-

рінде  Әлемдік  және  дәстүрлі  діндер 

көшбасшыларының  4  съезі  болып 

өтті. 

Жақында Милан қаласында өткен 



мемлекет  басшыларының  кездесуін-

де  Нұрсұлтан  НАЗАРБАЕв  Азия  мен 

Еуропаның өзара іс-қимыл және бейбіт 

қатар  өмір  сүруінің  жаңа  трендтерін  

жариялады. Бұл тұжырымдар қоғам-

тану  ғылымының  хрестоматиялық 

мәтініне  кіруге  лайық  үлгілі  бағыт 

болып  табылады.  Мемлекет  бас-

шысы  өзіне,  өзінің  отандастарына 

тарихта  бұрын-соңды  ешбір  жерде 

болып  көрмеген  діндер  және  олар-

дың  көшбасшыларының  үнқатысуы 

жөніндегі миссия міндетін жүктеді.

2013  жылы  13  ақпанда  Алма-

ты  қаласында  өткен  халықаралық 

бейбітшілік  және  келісім  конферен-

циясында  Президенттің  бастамасы-

мен Астана қаласында Әлемдік және 

дәстүрлі  діндер  көшбасшыларының 

съезін өткізу жөніндегі бастама осының 

жарқын көрінісі болды. 

Әлемдік  және  дәстүрлі  діндер 

көшбасшыларының  ІІІ  съезінің 

жұмысы аяқталғаннан кейін «Родная 

газета»  тілшісіне  берген  сұхбатында 

Нұрсұлтан  НАЗАРБАЕв  былай  деп 

атап  көрсетті:  «Съезд  өткізу  идеясы 

тақыр жерде пайда болған жоқ. Мен 

дін  көшбасшыларымен  кездесулер 

барысында  бейбітшілік  және  келісім 

істері  үшін  осындай  кездесулердің 

өте  маңыздылығы  жөнінде  үнемі 

айтып  жүрдім.  Осы  жылдың  ақпан 

айында Қазақстанда әртүрлі діндерге 

сенуші  адамдар  арасындағы  келісім 

және бейбітшілікті нығайту жөніндегі 

халықаралық конференция болып өтті. 

Оның жұмысына христиан, мұсылман 

және  еврей  ұйымдарының  өкілдері 

қатысты.  Бұл  кездесулер  діндерді, 

мәдениеттерді  және  халықтарды 

жақындастыруда өзінің ерекше рөлін 

атқарды. Сондықтан мен Астанадағы 

Әлемдік  діндер  көшбасшыларының 

съезін  халықаралық  саясаттың  жаңа 

бағытындағы маңызды қозғаушы күш 

ретінде  қарастырамын.  Адамзаттың 

шиеленіскен  саяси  экологиялық,  

рухани  проблемаларын  шешу  үшін 

әлемдік діндердің орасан зор мүмкін-

діктері мен ресурстарын пайдаланатын 

уақыт жетті. Бұл жерде әңгіме адамзат 

өркениетінің  өмір  сүруі  жағдайында 

болып отыр. Соңғы жылдағы өзгерістер 

әлемді қауіпсіз ете алған жоқ. Үнемі 

жаһандық жаңа қатерлер туындауда. 

Іс  жүзінде  адам  жаратқан  құдіреттің 

атқаратын  қызметтерін  өзіне  алды. 

Алайда, ол өзінің қуатын орынды пай-

далана ма? Міне, сондықтан да біздің 

барлығымыз  діни  қызметкерлердің  

үнін естігіміз келеді. Бүгінгі таңда бедел-

ді діни қайраткер сөзінің маңызы бел-

гілі саясаткердің сөзінен кем емес».

Съезд  өркениеттер,  мәдениеттер 

және  діндер  арасындағы  жаһандық 

үнқатысу идеяларын іс жүзіне асыруға 

елеулі үлес қосты. Оның қызметімен 

іс  жүзінде  планетамыздың  халықтар 

арасындағы  рухани  жақындасу 

үрдісі  басталып,  оған  дінаралық, 

мәдениетаралық  және  өркениетара-

лық үнқатысулар мен өзара түсіністік 

қалыптастыруға  бағытталған  басқа 

форумдар да қосылды: бұл Өркениет 

альянсы,  Әулие  Эджидия  қоғамы, 

Дохадағы  дінаралық  үнқатысу  кон-

ференциясы, Меккедегі халықаралық 

мұсылмандар конференциясы, Мад-

ридтегі  халықаралық  форум  және 

басқалар.

Үнқатысу және түсіністік шешімде-

рін  қабылдау  жөніндегі  тұрақты  

жұмыс істейтін халықаралық конфес-

сияаралық  институтты  құру,  әлемдік 

және  дәстүрлі  діндер  арасындағы 

жалпы  адамзаттық  түсіністікті  табуға 

бағытталған І съездің жұмысы өткен-

нен  бері  10  жылдан  астам  уақыт 

болды.  Тарихи  өлшем  бойынша 

аса  көп  уақыт  болып  есептелмейтін 

осы  кезеңде  тағы  да  үш  съезд  өтті. 

Олардың жұмысына көпшілігінің ара-

сында  әлі  де  түсініспеушіліктер  бола 

тұра,  ислам,  христиандық,  иудаизм, 

буддизм,  синтоизм,  даосизм  және 

басқа  дәстүрлі  діндердің  өкілдері 

қатысты.  Астана  дінаралық  саммиті-

нің  тұрғырнамасында  қоғамдар  мен 

халықтарды  рухани  жақындастыру 

туралы  мазмұнды  үнқатысудың  өтуі 

адал ойлы барлық адамдарға рухани 

көшбасшылардың біріккен үндеуі мен 

декларациялары  қабылданады.  Бұл 

Астана саммитінің аса үлкен жетістігі 

болса керек.

I-IV  съездердің  жұмысы  аясында 

діни қауымдастықтар арасында өзара 

сыйластық  пен  сенімді  арттыруға 

жағдай жасайтын әртүрлі діндер мен 

конфессиялар  өкілдері  арасындағы 

тығыз  байланыстар  біртіндеп  нығая 

бастады. Съездің оң бағыттағы рөлін 

әлем  барған  сайын  мойындауда. 

Мұндай ерекше форумның рөлі алда-

ғы  уақытта  сөзсіз  нығаятын  болады. 

Оның дәрежесі БҰҰ, ЕҚЫҰ және басқа 

ықпалды  халықаралық  ұйымдардың 

дәрежесімен теңесуі мүмкін.

Президент  бастамасының  ең  ал-

дымен, мемлекеттің ұлттық мүддесіне 

жауап  беретіндігін  ерекше  атап  өту 

керек. Съезд мемлекетті және қоғам-

ды дамыту парадигмасын – өркениет, 

мәдениет  және  дін  арасындағы  ки-

кілжің  моделінен  толеранттылыққа, 

сенімге,  үйлесімділікке  негізделген 

үнқатысу және келісім моделіне дейін-

гі жаңа Қазақстан брендіне айналды. 

Нұрсұлтан  НАЗАРБАЕв  дінаралық 

саммит  қорытындысын  сараптай 

келе  былай  деп  атап  көрсетеді:  «Біз 

өзіміздің тәжірибеміз арқылы әртүрлі 

халықтардың, әртүрлі діндердің және 

діни  сенімдердің  өзара  бейбітшілік 

жағдайында қалыпты өмір сүретіндігін 

және дамитындығын айшықты түрде 

көрсетіп бердік». Халықаралық беделді 

ұйымдардың жетекшілері және бедел-

ді  саяси  көшбасшылардың  Астана 

дінаралық  саммитінің  жұмысына 

қатысуға барған сайын қызығушылық 

білдіруі үлгі тұтарлық.

Алдымыздағы  V  съездің  де  дін-

аралық және конфессияаралық қаты-

настарға  жаңа  серпін  беретіндігіне 

күмән  жоқ.  Елбасы  Нұрсұлтан 

НАЗАРБАЕвТЫң сара басшылығымен 

үшінші  мыңжылдықтың  қауіптері 

мен қатерлерін жеңу және алдын алу 

мақсатында  Еуразиялық  идеяны  іс 

жүзіне  асырып,  адамзаттың  бейбіт 

болашағы үшін адамдарды ұлтқа жә-

не дінге сенушілікке бөлмей, барлық 

адамдардың өсіп-өркендеуі жолында 

жер  бетінде  бейбітшілік  сақтау  үшін 



ерекше белсенділік танытуда.

Қ.Қалилаханова,

Мәдениет және спорт 

министрлігі мәдениеттер мен 

діндердің халықаралық орталығы 

директорының орынбасары

Албырттық жетегінде жүріп адасқанын 

кеш білді

Шығыс пен Батыстың өзара 

іс-қимыл көпірі

Серік Әбілхан

Темір тордың есігі тарс-тұрс ашылды. Еңгезердей екі қарауыл қазақтың өрімдей жас жігітін мен отырған бөлмеге жетелеп 

алып келді. Қарама-қарсы жайғасқан жүзі жылы, жүріс-тұрысы салмақты, біртоға жігіттің сырт келбетіне қарап, Қылмыстық 

кодекстің 233-бабы бойынша террористік әрекет үшін сотталды дегенге сенбейсіз.

Бүгінгі  заманның  аса  көрнекті  саяси  қайраткерінің  бірі  ретіндегі 

Елбасының феномені оның ұлттық мүдделер шеңберінде шектелмей, 

жаһандық  ауқымда  ойлау  және  әрекет  ету  қасиетімен  ерекшеленеді. 

Оның бастамалары болашаққа бағытталған. Қазақстанда Әлемдік және 

дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезін өткізу соның жарқын көрінісі 

болып табылады.

Шартты сурет




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал