№23-27 (76) 3-31 шілде М. Жұмабаев



жүктеу 495.27 Kb.

бет5/5
Дата23.02.2017
өлшемі495.27 Kb.
1   2   3   4   5

24

Ә

кеміз  теледидарды  сындырғаннан 



бері,  осы  терезені  ашып  қойып 

өткен  кеткенге  қарап  қызықтауды 

шығарды... Бірақ ол оны бүгін басқаша атады. 

Бүгін  пойыз  деді...  Пойыз,  пойыз,  пойыз  –  

cпектаклдың барлық болмысы мен түйіні осы 

бір сөзге сыйып тұрғандай. 

Бұл  Қаллеки  театры  репертуарындағы  

Испан    драматургы    Антонио    Буэро 

Вальехоның 

«Күн 


сәулесі 

түспеген» 

психологиялық драмасынан үзінді. Туындыны 

ана  тілімізде  сөйлеткен  –  театртанушы 

Еркін  Жуасбек,  сахналық  нұсқасын  жасаған  

ҚР  Еңбек  сіңірген  қайраткері  Нұрлан 

Жұманиязов. 

Жұмыстан  қайтпақ  болған  Висенте 

әкесіне бірнеше сурет апарып бермек, бірақ 

солардың    ішіндегі  пойыздың  бейнесі  барын 

алмай  жеке  қалдырып  кетті.  Неге?  Бұл 

сұрақтың  жауабын  қойылымның  финалына 

дейін іздеумен боласың. Драматургтың жазу 

стилі солай. Ол бірден бәрін жайып салмай, 

құпия ұстайды. 

Висенте 


байлық 

жолын 


таңдады, 

лауазымды қызмет, жайлы өмір үшін сұрапыл 

соғыс  жылдарында  отбасынан  бас  тартып, 

сол бір аты өшкір пойызға отырып кетті.  Екі 

жасар қарындасы  Элвира да соның кесірінен 

қаза  тапты.  Ұлының  сатқындығына  төзе 

алмаған әкесі де  есінен айрылған, жарымжан 

жанның  кейпіне енді. Анасына да оңай тиген 

жоқ. Ал кіші ұлдары Марио бар ауыртпалықты 

көріп отбасымен бірге жертөледе күн кешті. 

Бар-жоғы бес актерге арналған қойылымның 

көтерер  жүгі  ауыр,  айтар  ойы  терең.  Ал 

осы  әлемдік  туындыны  театр  ұжымы  қалай 

жеткізді? 

Суретші Шынар Елубаева мен режиссердің 

бірлесіп  жасаған  сахна  безендірілуі  өз 

деңгейінде  шыққан.  Жертөле  мен  жер 

үстіндегі  өмір  көріністері  аядай  сахнаға 

сыйып  тұр.  Марио  мен  Энкарнаның  оңаша 

кездесетін  орны,  Висентенің  жұмыс  бөлмесі, 

сыртқа  шығатын  есік  бәрі-бәрі  өз  орнында. 

Жан дүниеңе ғажап әсер беретін Испан вальсі 

қойылымдағы  оқиғалармен  астасып,  сол 

отбасының  мұң-зарымен  үндесіп  жатқандай. 

Бұл  драмалық  шығарманың  музыкасын 

құрастырушы  Қайрат Тоқымбетовтің  еңбегі. 

Ал  енді    қойылым    актерлерінің  ойын 

үлгілеріне    де  шолу  жасайық.  ҚР  еңбек 

сіңірген  қайраткері  Боранбай  Молдабаев 

кескіндеген  әке  болмысы  –  өз  өзіне  ерік 

бермей, 

селкілдеп, 

қойылым 

соңына 


дейін  дірілдеумен  болады,  баяу  қозғалыс, 

жылаңқы  дауыс,  өзгеше  ізденіс,  кейіпкердің 

жан  дүниесіне  басқаша  үңілу,  Боранбайша 

бедерлеу. Бірақ бейнелеудің бабында жүріп, 

драматургияның  заңын  да  ұмыт  қалдыруға 

тағы болмайды. Айтып отырғаным Молдабаев 

кескіндеген  кейіпкер  Валехоның  жазуы 

бойынша,  бір  бірімен  ұғыса  алмаған  ұлдары 

сөзге  келіп  қалған  сәттерде  «мынау  кім, 

мынау  ше»  деп  ұлдарының  назарын  алып, 

яғни  «пойыз»  оқиғасының  ашылып  кетпеуі 

үшін қызмет атқаруға тиіс болатын. Ал біздің 

Боранбай  актер,  ол  қағидаларды  ұмытқаны 

аздай, 


қойылымдағы 

маңызды 


роль 

атқаратын  кейбір  сөйлемдерді  де  қараусыз 

қалдырды.  (Орынсыз  қалжың  әумесерліктің 

белгісі).

Марио  рөліндегі  Асылбек  Қапаев  та 

сөзден  шатасып,  мәтіннен  адасып,  әйтіп-

бүйтіп жүріп аяқтағанына мәз. Ал жазушының 

жұмбақтарын 

қай 

актердің 



құзырына 

қалдырмақ  сонда?  Ол  бір  жерінде  атүсті 

айтып  финалында  ұмытып  кеткен  «түс» 

туралы оқиға нағыз айтылуға тиісті мәтін еді. 

Себебі Висентенің өлімі алдын ала сол түсте 

суреттелетін. 

Осындайда спектакльдегі мына бір көрініс 

еске түседі, жертөле терезесін ашып қойып, 

кіші  ұлы  Марио  көз  алдына  қалыңдық  пен 

күйеу  немесе  бала  көтерген  әйел  секілді 

белгісіз  бір  бейнелерді  суреттеп    келіп  ең 

соңында  кафенің  алдында  тұрған  біреу  деп 

жұмбақтағанда  Висента  оның  Бельтран 

туралы  айтылып  жатқанын    біліп  қояды. 

Валехо бұл жерде ойына келгенін шимайлай 

салған  жоқ,  екі  жасар  баласы  бар    әйел 

Висентаның аштықтан өлім құшқан қарындасы 

Элвира  мен  анасы,  яғни  Висентаның  өз 

құрбандарын  өзіне  тигізіп  айтып  жатады  

ақылды  Марио.  Ал  осы  бір  әңгіме  үстінде, 

бет әлпеті өзгеріске түсіп,  айтылғандар өзіне 

кері әсерін тигізіп жатқандығын сезу әрекетін 

«Дарын»  Мемлекеттік  жастар  сыйлығының 

иегері  Сырым  Қашқабаевтың  ойынынан 

көре  алмадық.  Себебі  өз  бетінше  су  ішіп, 

немқұрайды  қарап,  өзінің  алдағы  айтар 

сөздеріне  дайындалып  қана  жүргендігін 

байқатты.  Сырым  Қашбаев  сахнаның  кейбір 

қарапайым заңдылықтарына да мән бермейді. 

Мысалға: кеңседе өтетін оқиғада қолындағы 

үстелге қоюға тиіс заттарды Висента шатырға 

қойып қояды, дұрыс секілді, бірақ шатыр ол 

басқа сахна,  оқиға орындарына да мән беру 

керектігін ұмытпаса екен.

Энкарна рөліндегі  Айман Қарпсейтованың 

ойыны  да  көңіл  тоғайтпайды.  Мәселен, 

шымылдықтың  арғы  жағында  тұрғанның 

өзінде  халыққа  көрініп  тұрғанмен  шаруасы 

жоқ  Энкарнаның  табиғатына  еніп,  сол 

кейіпкерге тән көңіл күй ауанын сахнаға алып 

шыға  алмады.  Қалай  да  тезірек  сахнадағы 

міндетімнен құтылсам деген ойдың жетегінде 

жүрген сыңайлы әсер берді. 

ТЕАТР ТЫНЫСЫ



25

Енді мына бір көрініске назар аударайық. 

Висенте  әкесіне  алданыш  болсын  деп  

суреттер  апармақ.  Сол  фотосуреттердің 

ортасында  пойыздың  да  суреті  бар.  Осы 

сәттің 


маңызды 

рөл 


атқаратындығын 

актерлер 

табиғилықпен, 

қателіксіз 

көрерменге  шынайы  жолмен  жеткізу  керек. 

Мысал  үшін  бірінші  құрамда  ойнаған  Жанар 

Қасымова    ол  суреттерге  назар  аударады 

да  «ал  мына  поезд  қызық  екен,  тура  өткен 

жылдардағыдай» деп сәл ғана жымиып,  оған 

фотоны    ұсынады,  ал  Висента  Қашқабаев 

бұл  суреттің  тылсым  тарихы  барын  ешкімге 

білдіргісі келмей, «жоқ, бұл сурет жарамайды, 

адамдардың  түрлері  анық  көрінбейді»  деп 

сытылып кетеді. Ал Айман Қарпсейтова бәрін 

біліп тұрғандай, әдейілеп тұрып жеке фотоны 

ұсынып  «меніңше  мына  поезд  сенің  әкеңе 

ұнауы  керек»  дейді.  Жарайды  мұны  да  өз 

ойын өрнегіне тән ізденісі деп ақтап алайық, 

бірақ жалған дауыс, жасанды күлкі, кейіпкер 

сындылыққа да тартымсыз ойынға театр өнері 

кешіріммен қарай алмайды. Бірінші көріністің 

соңында шымылдық жабылар сәтте орынсыз 

күлгені  көпшілікке  көрінбегенімен  алдыңғы 

қатарда  отырған  көрерменге  ерсі  көрінеді.

Міне,  Энкарнаның  жүрегімен  дем  алып, 

жан  дүниесімен  тыныстамағанының  дәлелі.

Бұл  айтқандарды  алдағы  уақытта  актриса 

ескереді  деп  сенеміз.  Бір  таң  қалғаным, 

әкесі есінен ауысқан пенде болып спектакль 

соңына  дейін  жүреді  де,  аяқ  астынан  сау 

адам болып шыға келеді. Бұған тағар мініміз 

жоқ.  Бірақ  ол  шынымен  де  сау  адам,  тек 

аурудың  кейпіне  еніп  жүруді  әдет  қылған 

жан болса, актерлеріміз қойылымдағы кейбір 

эпизодтарда  оның  есі  дұрыс  екенін  қайсібір 

ойын үлгілерімен көрсете кетпеске? 

Қалай  болғанда  да,  театрға  Вальехоның 

қадам  басуы  тың  жаңалық,  Жұманиязовтық 

жетістік еді. Бірақ премьерасы 2013 жылдың  

16-17  сәуірінде  өткен  осы  қойылымның 

алғашқы сапасы төмендеп, жұтаң тартып бара 

жатқандай  көрінеді  бос  тұрған  балкон  мен 

залдың  екі  жағындағы  иесіз  орындарға  көз 

салсаң.  Бұған  жауапкершілікті  сезіну  деген 

ұғымның да ескерілмегендігі  әсер ететіндей. 

«Күн  сәулесі  түспеген»  деген  тақырыпты 

тар  шеңберде  түсінді  ме  қайдам,  жарық 

қоюшылар да шам сәулесі барынша берілуге 

тиіс  жерлерге  түсірмей  абдырап  қалғандай. 

Осындай  олқылықтардың  алдын  алмаса, 

спектакль  күн  сәулесі  түспеген  жертөледей 

назардан  тыс  қала  ма  деп  алаңдаймыз. 

Қалай  десек  те,  сахналық  шығарманың 

көрермен  жүрегіне  жету  жолында  бей  жай 

қала алмаймыз. 

Мирас ӘБІЛ,

Қазақ Ұлттық Өнер 

Университетінің студенті

ДЕРЕК  ПЕН  ДӘЙЕК



26

АНЫҚ-ҚАНЫҚ

Дайындаған:

Жанар 

ДӘУЛЕТҚЫЗЫ

Қазақтың көк туын өзге елде желбіретіп, әлемді 

мойындатқан Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев бұған 

дейін талай мәрте рингте қарсыластарын соққыға жығып, 

жеңіске жеткен. Алайда боксшының «қызды ұрды» деген 

сөзге қалуына жақында Астананың қымбат «Fashion» түнгі 

клубында болған оқыс жағдай себеп болған еді. 

Ч

емпионнан  «ногдаун»  алған  қыздың  есімі 



–  Айсұлу  Ыбрашева.  Жапа  шеккен  қыздың 

айтуынша,  боксшы  Бахтияр  Артаев  оны  соққыға 

жыққан. Оқиға Астанадағы Fashion түнгі клубының жазғы 

терассасында орын алған.



«Бір ер жігіт келіп, құйрығымнан қойып қалды. 

Бұрылып  қарасам,  «қарындас  кешіріңіз»  дейді. 

Күзетті шақырдым. Жанымдағы қыздар «Ол Артаев 

қой» дейді. Ал анадай жерде достары ыржалаңдап, 

менің  қолымды  ұстап  қалды.  Ашуланып  «Ертең 

шағымданам» деп айқайладым. Ол бұрылып келді 

де  мені  бетімнен  қойып  қалды»,  –  дейді  Айсұлу 

Ыбрашева.

«Жақ-сүйегіме  зақым  келді»  деп  емхана  жағалап 

жүрген  бойжеткен  полицияға  да  шағым  түсіріп  қойды. 

Қазір бұл іспен Астананың тергеушілері айналысып жатыр. 

Олар  болған  оқиғаға  қатысты  қылмыстық  іс  те  қозғады. 

«Артаев сол жақ иегіме қолын салып келіп жіберді» деген 

Ыбрашеваның сөзін сараптама қорытындысы растап отыр. 

Қағазда  Айсұлу  Ыбрашеваның  сол  жақ  иегі  қанталағаны 

және денсаулығына кішігірім 

зиян  келгендігі  жазылған. 

Ал  даңқты  боксшының  өзі 

«бойжеткенге  саусағымның 

ұшын  да  тигізбедім»  деп 

азар да безер. 

«Мен 

ол 

қызды 

танымаймын. 

Менің 

алдымда билеп тұр екен. 

Кедергі  келтірген  соң 

«әрі тұрыңыз» дегендей 

сәл  ығыстырдым.  Ол 

мен  жаққа  бұрылып 

боқтап,  аяғымен  теуіп 

жіберді. 

Шынымды 

айтайын,  өзі  айтпақшы, 

мен  оның  еш  жеріне  де 

тиіскен  жоқпын.  Келесі 

күні  менің  достарыма 

хабарласып:  «Бақтияр 

маған 

хабарлассын!» 

деп 

жалыныпты. 

Мен 

хабарластым, 

кешірім 

сұрадым. 

Кездеспекші де болдық. 

Алайда,  мен  қайтара 

х а б а р л а с қ а н ы м д а 

телефон 

тұтқасын 

көтермеді.  Ертеңінде 

БАҚ өкілдеріне «Артаев 

менің бетімді көгертті» 

деп  сұхбат  беріпті.  Ал 

бойжеткеннің  бетінде 

тіпті  көгерген  жері  де 

жоқ»,  –  деп  ақталды 

боксшы.


Масқара  болғанда, 

даңқты 


боксшы 

керісінше 

оны 

бойжеткеннің  ұрғанын 



айтып қалды. 

«Ол  қыз  мені 

ішімнен  жақсылап 

теуіп,  қол  сілтеді.  Мен  ер  жігіт  болған  соң  айтпап 

ем жасырып, енді амалым жоқ. Мен де экспертиза 

тапсырдым.  Оң  көзімнің  астында  дақ  тұр»,  –  деген 

боксшы  Айсұлудың  әлдекімдердің  арандатуына,  айтағына 

еріп отырғанына сенімді. «Тіпті өзіме жала жапты» деген 

қызды алаяқ және сол күні удай мас болғанын мәлімдеді. 

Бірақ,  зардап  шегуші  бұл  оқиғадан  ақша  істеу  ойында 

жоқтығын айтып ақталып отыр.



«Мас  болған  жоқпын.  Менде  аллергия  бар 

спиртке.  Оны  достарымның    барлығы  біледі.  Мен 

көп іше алмаймын. Отырыстарда ішсем  1 шына-аяқ 

сыра ішермін. Болды», – деді бойжеткен.

Осылайша  бұл  оқиға  шым-шытырық  фильмге 

ұқсаңқырып  барады.  Дауласқан  екі  тараптың  да  өз 

шындығы  бар.  Алайда,  Бахтияр  иілсе,  Айсұлу  кешіруге 

де  дайын.  Бірақ  ол  үшін  Артаев  қыздың  алдына  келіп, 

жұртшылықтың көзінше кешірім сұрауы керек екен.

Олимпиада  чемпионы  бойжеткенді  соққыға  жықты 

дегенді  естігенде  жағамызды  ұстағанымыз  рас.  Мүмкін 

емес...  Қалайша?  Бахтияр  мұндай  әрекетке  бармайды. 

Ер адам әйел затына қол жұмсауға тиіс те емес кім болса 

да.  Атағы  жер  жаратын  спортшымызды  жамандыққа 

қимаймыз, әрине. Бірақ... Кім білсін... «Жел тұрмаса шөптің 

басы қимылдамайтыны» тағы рас.

Бақтияр Артаев расымен де қызға қол көтерді ме, әлде 

«жәбір»  көрген  Айсұлу  Ыбрашева  жала  жауып  тұр  ма? 

Әзірге бұл сұрақтың жауабын табу мүмкін болмай тұр.

Кеше Бақыт, бүгін Бақтияр, ертең Серіктің кезегі ме?..  

Әттең, бір кем дүние!



ЧЕМПИОННАН «НОГДАУН» АЛҒАН ҚЫЗДЫҢ 

ЕСІМІ – АЙСҰЛУ ЫБРАШЕВА. FACEBOOK 

ЖЕКЕ ПАРАҚШАСЫНДАҒЫ МӘЛІМЕТ 

БОЙЫНША, 28 ЖАСТАҒЫ  ОЛ SAMRUK ENERGY 

КОМПАНИЯСЫНДА ЗАҢГЕР БОЛЫП ЖҰМЫС 

ЖАСАЙДЫ. АҚТӨБЕНІҢ ТУМАСЫ.

27

ОҚЫС  ОҚИҒА



ЖҰЛДЫЗ-ЖОРАМАЛ

Шілде айына арналған жұлдыз-жорамал

ТОҚТЫ

ШАЯН

ТАРАЗЫ

ТАУЕШКІ

СУҚҰЙҒЫШ

САРЫШАЯН

АРЫСТАН

ТОРПАҚ

ЕГІЗДЕР

БИКЕШ

МЕРГЕН

БАЛЫҚТАР

Тоқты  белгісіндегі 

ш ы ғ а р м а ш ы л 

жандарды 

осы 

айда  сәттілік  күтіп  тұр.  Егер 



іске  құлшыныспен  кірісер 

болсаңыз,  ол  міндетті  түрде 

жемісті болады. Жеке ісіңізді 

бастауға 

қорықпаңыз. 

Өзіңізге  деген  сенімділік 

пен  белсенділігіңіздің  сізге 

көбірек пайдасы тимек.

Арманға  жету  үшін 

жеңіл жолды таңдау 

оңай 

болғанымен 



одан 

түк 


шықпайтынын 

түсініңіз. Бұл ай сізден төзім 

мен  ақылды  қажет  етеді. 

Сабырлы  болыңыз.  Айдың 

соңында 

көптен 


күткен 

ақпарат  келеді,  дегенмен 

оны  пайдалануда  өте  сақ 

болыңыз.


Кейбір 

таразы 


белгісіндегі  жандар 

өмір сүру барысында 

қоғамдағы 

қалыптасып 

қалған пікірді өміріне бағдар 

етеді.  Бұл,  әрине,  дұрыс 

емес.  Қандай  да  бір  істі 

бастағыңыз келсе, алдын ала 

зерттеңіз.  Бойыңыздағы  бар 

ынта-жігеріңізді жұмсасаңыз, 

өз жемісін береді.

Ай  басталысымен, 

тәуекел 

етіп, 


биік 

қадамдарға 

талпыныс жасаңыз, бұл сізді 

сөзсіз жетістіктерге жеткізеді 

деп  сеніңіз.  Армандарыңыз 

орындалар  күн  де  алыс 

емес.  Бастысы,  қаржылық 

жағдайыңыз 

жақсаруы 

мүмкін. 


Көңіл-күйіңіз 

де 


бірқалыпты болады.

Айдың 


соңында 

м а ң ы з д ы 

ш е ш і м д е р д і 

ұмытпаңыз  және  ең  сенімді 

серіктеріңізбен 

ақылдаса 

отырып 

қабылдаңыз. 



Бірінші  алдыңызға  мақсат 

қойып 


алғаныңыз 

жөн. 


Мақсатсыз  істелген  жұмыс 

нәтиже бермейді. Ал, мақсат 

қойсаңыз, соған жетесіз.

Болмашы 


ұсақ-

түйекке 


бола 

ашуланып, күшіңізді 

зая  кетіруден  сақтаныңыз. 

Алға  қойған  мақсатыңызға 

жету  үшін  ешкімге  арқа 

сүйемей, 

өз 

күшіңізге 



сенгеніңіз 

жөн. 


Айдың 

сонында  күтпеген  жақсы 

жаңалықтар  мен  сыйлықтар 

алуыңыз мүмкін.

Бұл  ай  ойға  алған 

істің  артын  бағып, 

о р ы н д а л ғ а н ш а 

жасырын 


ұстасаңыз 

да 


болады. 

Ой-өрісіңіз, 

біліміңізді  кеңейте  түсесіз, 

жұмысқа  керек  тәжірибе 

жинақтаудың 

жаңа 


мүмкіндіктері  туады.  Өмірлік 

маңызы бар мәселені шешуде 

өзге біреуге сенім артпаңыз.

Жұмыста 


және 

о т б а с ы н д а 

кейбір 

келеңсіз 



жағдайлар  болуы  мүмкін. 

Азғантай  кедергілерге  бола 

жүйкеңізді 

жұқартпаңыз.  

Пәтерде жөндеу жұмыстарын 

жүргізуге 

қолайлы 

ай.  


Жексенбіде 

дем 


алып, 

өзіңізге  ұнайтын  шаруамен 

айналысыңыз.

Осы 


айда 

жұмысқа 


деген 

қ ұ ш т а р л ы ғ ы ң ы з 

артып,  басқа  адамдардың 

назарын  өзіңізге  аударасыз. 

Адамдардың 

айтқан 


пікірлерінен тың жобалардың 

пайда  болуы  да  ықтимал.  

Жеке  өміріңізге  қатысты 

жағымды  жаңалық,  жақсы 

көрсеткіштер болуы мүмкін. 

Ж ұ м ы с т а 

қиындықтар  туып 

жатса,  әңгіменің 

басын ашып бәрін тек бейбіт 

жолмен  шешуге  тырысыңыз. 

Егер 

сабыр 


сақтасаңыз, 

сіздің  ұйымшыл  топ  құруға 

мол 

мүмкіндігіңіз 



бар.  

Көпшілікпен  қарым-қатынас 

жасау 

барысында 



өте 

салқынқандылық танытыңыз.

Айдың  ортасында 

қ ы з ғ а н ы ш қ а 

бой 

алдырып, 



сүйіктіңізбен  сөзге  келіп, 

ренжісуіңіз  мүмкін.  Қандай 

қиындық  орын  алса  да, 

сабырмен шешкеніңіз дұрыс. 

Махаббатқа келгенде жұмсақ 

болғаныңыз абзал. Жұмыста, 

жеке  өміріңізде  маңызды 

мәселелер орын алуы мүмкін.

Ө м і р і ң і з г е 

кедергі  жасайтын 

ә р е к е т т е р д е н 

арылыңыз. 

Пайдалы 

әрі 


сауапты іс істеуге тырысыңыз. 

Бәрі  сізден  үлгі  аларлықтай 

жақсы 

шаруа 


бітіріңіз. 

Жаныңыздағылардың  көңіл-

күйіне қараңыз, сізге ренжулі 

жандардың  санын  арттырып 

алмаңыз. 

Оңтүстік 

Қазақстан 

облысының 

кәмелетке 

толмағандар 

ісі 

жөніндегі 

ауданаралық 

мамандандырылған  соты  төрт  баласын  сатқан 

Сарыағаш ауданының 27 жастағы тұрғынына қатысты 

айыптау үкімін шығарды.

«Оны  және  бала  сатып  алушыларды  іздестірген 

ауылдық  амбулатория  медбикесі  Қылмыстық  кодекстің 

«Жасөспірімдерді  саудалау»  бабы  бойынша  сегіз  жылға 

сотталды», – деп хабарлады сот кеңсесінің өкілдері.

Сонымен  бірге,  бала  сатып  алған  үш  әйел  жеті  жылға 

шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Бұған дейін 27 

жастағы жұмыссыз әйелдің бірнеше жыл ішінде өз балаларын 

түрлі адамдарға сатып жібергені хабарланған болатын.

7  жастағы  қызын  ол  30  мың  теңгеге,  төрт  және  бес 

жастағы  екі  ұлын  30  және  40  мың  теңгеден,  ал  екі  жасар 

қызын 120 мың теңгеге сатып жіберген. 

Үлкен қызын сатып алған әйел оны шешесіне қайтарған, 

әйел оны бұрынғы күйеуінің ата-анасына берген. Ұлдарының 

бірін  де  сатып  алушылар  шешесіне  қайтарып  берген,  әйел 

оны басқа біреуге 60 мың теңгеге қайта сатқан.

Филиппинде 

қайтыс 


болған 

қыз 


жерлеу 

рәсімі 


кезінде  тіріліп  кетті.  Қыз  бала 

безгекпен  ауырып,  11  шілде  күні 

ауруханаға  жатқызылған.  Келесі 

күні  дәрігерлер  оның  қайтыс 

болғанын  анықтайды.  Сәбидің 

ата-анасы 13 шілде күні қызының 

жаназасын  шығармақ  болады. 

Рәсімге 


дайындалып 

жатқан 


кезде  көршілердің  бірі  табыттағы 

қыздың қозғалғанын байқайды.

«Марқұмның»  туыстары  оның 

жүрек  қағысын  тексеріп,  тірі 

екеніне көз жеткізеді. 

Дәрігерлер 

өліп-тірілген 

қызды  тексерді,  қазір  ол  үйіне 

жіберілді.  Науқастың  ата-анасы 

оған білікті мамандарды іздестіріп 

жатыр.  


28

Оның  емшілік,  көріпкелдік  қасиетіне  еш  шүбә  келтіре 

алмайсыз. Өйткені, ол өзін халық алдында телебағдарлама арқылы 

мойындатқан, сонымен қатар «Табиб» халық емшілері қауымдастығы 

қасиетін  куәландырып  (№74),  Денсаулық  сақтау  министрлігінің 

арнайы  кеңесіне  сүйене  отырып,  Қазақстан  Республикасының 

Конституциясы,  Азаматтық  кодексіне  сәйкес  қолданыстағы  емін 

жасауға рұқсат еткен (№70). 

Алия Васильевна дарынын ұзақ жылдардан бері айналасындағы 

адамдардың  игілігіне  шын  жүректен  бағыштап  келеді.  Онысы 

жеміссіз,  алғыссыз  емес.  Алдына  барған  адамдардың  меселі 

қайтқан  жоқ.  Оның  алдына  жоғын  іздегендерден  бастап,  ішімдікке 

салынған адамдар емделуге, бала көтере алмай жүрген келіншектер, 

ажырасқан  жанұялар,  басы  ауырып,  балтыры  сыздаған  науқастар 

және  мәселесі  шиеленісіп,  түйінін  тарқата  алмай  жүрген  көптеген 

адамдар келеді. Олардың барлығы Әлияның көмегін сезініп, алғысын 

жаудырып, ризашылығын білдіріп тарқасады.

Егерде тығырыққа тіреліп, жаныңыз тарығып, жолыңыз болмай, 

дертіңізге шипа табылмай, түрлі ойлар мазалап жүрген болса, Әлия 

Салимованың көмегіне жүгінуіңізге кеңес береміз. 8 702 348 30 14, 



+790 63454986 телефондары арқылы хабарласуға болады.

СОҢҒЫ  БЕТ



Емші, көріпкел, ресейлік 

танымал «Битва Экстрасенсов» 

шоуының 12-ші маусымында финалға жол 

тартып, ерекше қасиетімен көрінген Салимова 

Әлия Васильевна Астана қаласында 

7-тамыздан бастап айдың аяғына дейін қабылдау 

жүргізеді. Қандай да бір мәселеңіз болса, 

денсаулығыңыз сыр беріп жүрсе, Алла берген 

бойындағы қасиеті арқылы қаншама адамға 

қол ұшын берген Әлия Васильевнаның 

қабылдауына келіңіз. 

Индекс

Мерзімі

Алматы 

қаласы

Өзге 

қалалар

Аудан/

ауыл

64471

3 ай

662,70

690,90

729,12


1   2   3   4   5


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал