№23-27 (76) 3-31 шілде М. Жұмабаев



жүктеу 495.27 Kb.

бет4/5
Дата23.02.2017
өлшемі495.27 Kb.
1   2   3   4   5

XX ғасыр басы қазақ әдебиетіндегі ең бір күрделі кезең. Бұл – 

қазақ халқы тарихи дамудың аумалы-төкпелі кезеңнен өтіп

еркіндіктің құрғақ қиял, құр арманнан елес боп көріне бастаған 

тұсы. Бостандықтың биік табалдырығын батыл аттауға таяу 

қалып, бірақ тауы шағылып, көңіліне кірбің түскен сәті болатын. 

Қазақ ұлты не тарих сахнасынан өзіндік орын алуға, не біржола 

қор халық болып қорлықта өмір сүруге бейімделуге, орыстың 

отаршылықтың саясатына мойынсынуға тиіс болған еді.

19

мақаласында  тілге  тиек  етеді:  «Мәшһүр 

Жүсіп  Көпеевтің  өлендерінің  айрықша 

бір  қасиеті  –  қарапайымдылығында.  Ол 

айрықша  бояу,  тыңнан  жаңалық  іздемейді, 

жұртты  таңырқата  қояйын  деген  ой  онда 

атымен жоқ. Тек өз өлеңдерінде шындықты 

айтып халық қамын білдіреді».

Жазушының  өмір  шындығына  бойлауы, 

оны  сезініп-түсінуі  және  сол  шындықты 

сөзбен мүсіндеп жеткізу шеберлігі – осы екеуі 

көркемдік  түрдің  жасалу  шарты.  Көркемдік 

келісім  жоқ  жерде  өнер  шығармасы  өмір 

сүрмейді.  Көркемдік  –  өнер  туындысының 

салалық көрсеткіші.

Әлдеқандай 

бейнелі 

сөздердің 

арттырудағы орындары ерекше, ол ақынның 

қолдану  шеберлігіне  байланысты.  Осы 

заңдылыққа  біз  Мәшһүр  Жүсіп  өлеңдерінің 

көркемдік  қырларын  бағдарлау  барысында 

көз жеткіземіз.

Азатшылдық, ағартушылық идеяларына, 

әртүрлі 

танымдық-тәрбиеге 

толы 

шығармаларымен әдеби мұраға үлес қосқан 



ірі ақынымыз Мәшһүр Жүсіп Көпеев XX ғасыр 

басындағы дәуірдің көкейкесті мәселелерін, 

қазақ  халқының  хал-жайын  жырлаумен, 

ұлтын ояту, ілгері бастыру, мәдени өркендеу, 

бақытты,  еркін  өмірге  жетуге  үндеумен, 

елді  білімге,  ынтымақ-бірлікке,  еңбекке 

шақыруымен  әдебиет  тарихынан  ерекше 

орын алады.

XIX  ғасыр  аяқ  шені  мен  XX  ғасыр  бас 

кезіндегі  рухани  өмір  әдебиет  пен  өнер 

алдыңғы  жүзжылдықтардан  өзгешелеу, 

ерекшелеу 

қоғамдық 

экономикалық, 

әлеуметтік-саяси  жағдайларда  дамыды. 

Сондықтан  да  Мәшһүр  Жүсіп  Көпеев 

шығармашылығының 

дені 


халықтың 

әлеуметтік  тұрмысы  және  дәуірдің  осындай 

қиын жағдайында ел-жұртын «жарық күнге» 

жетуге  ұмтылдырған,  азатшылдыққа  алғаш 

үндеген,  насихаттаған  өлеңдер  болып 

келеді.


XX-ғасыр  басындағы  қазақ  қоғамының 

әлеуметтік 

даму 

процесінде 



ұлттық, 

отаршылдық 

тонаудың 

нығаюы 


мен 

ұлғаюына  байланысты  ішкі  прогрессивтік 

күштер  әрекетінде  ширыға  түсті.  Осындай 

жағдайда Мәшһүр Жүсіп Көпеев те өзге ақын-

жазушылар  секілді  қоғамдық  ой-сананың 

оянуына  өзінің  ұлттық  рух,  патриотизмге 

толы өмірлі өлеңімен ықпал жасады.

Ақын өлеңдерінде халық мұңын жоқтап, 

өткір  тілмен  отаршылдар  әкімшілігінің 

жауыздығын  әшкерелеп,  сынға  алды.  XX 

ғасыр  басындағы  қазақ  әдебиеті  көтерген 

ең негізгі проблемалық тақырыптардың бірі 

– ағарту, ғылым-білім десек, мұның Мәшһүр 

шығармашылығында  елеулі  орын  алғанына 

көз жеткіземіз.

Аллаберген ҚОНАРБАЕВ,

Қазақстан Журналистер 

одағының мүшесі,

«Жастар TODAY» газетінің 

Маңғыстау облысындағы

меншікті тілшісі.

бөлмелердің 

санына 


және 

ыңғайлығына  қарай  5  мыңнан  10 

мыңға дейін өзгеріп тұрады. Әдетте 

бұл  пәтерлер  өзен  жағасынан 

700-1000  метр  жерде  орналасқан 

үйлерде болады.

Демалыс аймағын велосипедпен 

айналып  шығуға  да  болады. 

Велосипедті  жалға  алғанда  әр 

сағатына 

төленеді. 

Бурабайда 

квадроциклда  серуендеу  ерекше 

қызығушылықты  тудырады.  Оның 

бағасы  сағатына  6000-нан  10000-

ға  дейін  жетеді.  Велосипед  немесе 

квадроциклді  жалға  алу  үшін  сіз 

жеке  куәлігіңізді  қалдыруыңыз 

қажет.  Квадроциклді  айдау  үшін 

жүргізуші  куәлігі  қажет  емес,  бірақ 

18-ге  толған  жағдайда  ғана  оны 

басқара аласыз.

Бурабай  көлі  мен  оның  көркі 

саналатын  Жұмбақтас  жартасы 

осы  шипажайдың  нағыз  эпицентрі 

десек  қателеспейміз.  Әрбір  турист 

жартасқа 

қайықпен 

немесе 

катамаранмен жүзіп барып, міндетті 



түрде  ең  басына  шығуды  өзінің 

борышы  деп  санайды.  Қайықты  30 

минутқа жалдау 1500 теңге тұрады. 

Қайықтар стансасында сізге құтқару 

жилеттерін беріп, дұрыс ескек есуді 

үйретеді. Қосымша ақша төлесеңіз, 

қайықшы жалдауға болады.

«Абылай  хан»  қонақ  үйі, 

тұрған  жері  өте  ыңғайлы:  жолдан 

өткен  кезде  қайық  стансалары 

мен  велосипедтерді  жалға  беру 

орталықтары 

орналасқан. 

Бұл 


қонақ  үйдегі  қарапайым  бөлме 

тәулігіне 12 мың тұрады, автокөлік 

тұрағы төлемге кіреді. Люкс бөлмесі 

– көл көрінетін мансардасы бар екі 

бөлме 26 мың теңге тұрады.

Бурабайда 

баратын 

әдемі 


жерлер  көп.  Ол  үшін  жергілікті 

турагенттіктердің  қызметіне  жүгіне 

аласыз.  Саяхаттау  1200  теңгеден 

6000 теңгеге дейін тұрады.

Жағажайда  демалу  маусымның 

ортасында  басталады.  Бұл  жердегі 

жағажайлар ақылы, орташа есеппен 

кіру адам басына 500 теңгеден.

Тегін  жағажайлар  да  бар, 

мысалы, 


Айнакөл 

көліндегі 

жағажай.  Бұл  тура  сол  көл,  тек 

басқа жағынан. Бұл жағажайлардың 

кемшілігі  тек  киінетін  кабиналар 

мен  жағажайда  жататын  ағаш 

тапшандардың болмауында.

«Айнакөл» 

қонақ 

үйінде 


қарапайым  екі  орындық  бөлме  30 

000  теңге  тұрады,  ал  люкс  бөлме 

– 50 000 теңге тұрады. Қонақ үйдің 

өзінің  жағажайы  және  алуан  түрлі 

ойын-сауықтары  бар.  Жағажайға 

кіру 2000 теңге тұрады, ал егер сіз 

қонақ үйдің тұрғыны болсаңыз, кіру 

тегін.


Rixos 

Borovoe 


– 

керемет 


әдемі  Щучье  өзенінің  бойында 

орналасқан,  премиум  тобындағы 

қонақ  үй.  Ең  қарапайым  бөлме 

(Deluxe  дәрежесіндегі)  36  000 

теңге  тұрады.  Бұл  қонақ  үйдегі 

президенттік  люкс  бөлме  96  000 

теңге тұрады.

Ең  маңыздысы  –  Бурабайдың 

Мемлекеттік  ұлттық  табиғи  саябақ 

екенін  естен  шығармау,  сондықтан 

оны  кіршіксіз  таза  ұстау  үшін  адам 

басына  185  теңге  мемлекеттік  баж 

салығы енгізілген.

Егер сіз Астанадан автокөлікпен 

шықсаңыз,  онда  Астана-Щучинск 

жолымен бір жаққа қарай өту ақысы 

200 теңге болады. 

(Мәліметтер мен суреттер 

www.voxpopuli.kz сайтынан 

алынды. 


Авторы: Искандер 

САЛИХОДЖАЕВ)

(Соңы. Басы 17-бетте)

СІЗ  БІЛЕСІЗ  БЕ?



20

Р

ахметулла  Байлыбеков  өзінің  өнегелі  ғұмырында  қазақ 



жастары үлгі тұтарлықтай нар тұлғалы азамат болатын. Ол 

кісі жоғары оқу орындарында көбіне «кафедра меңгерушісі» 

және  «факультет  деканы»  қызметтерін  атқарған  екен.  Ал,  бұл 

қызметтер жоғары оқу орындарында ең шешуші тізгіндер, яғни, білім 

ордаларының  сипатын  жасаушы,  осы  жолда  негізгі  ауыртпалықты 

көтерушілер екені бәріңізге мәлім. 

2011  жылдың  күзінде  Тараз  мемлекеттік  педагогикалық 

институтына  «Тарих-география»  факультетіне  декан  қызметіне 

келген Ол өмірінің соңына дейін аталмыш ЖОО-ның «сырттай және 

қашықтықтан білім беру» факультетінің деканы қызметін атқарды.

М.Х.Дулати  атындағы  Тараз  мемлекеттік  университеті, 

Қ.А.Ясауи  атындағы  Халықаралық  қазақ-түрік  университеті,  Тараз 

инновациялық-гуманитарлық  университеті,  сондай-ақ,  Тараз 

мемлекеттік  педагогикалық  институттары  тарихында  ізі  қалған 

Рахметулла  Естайұлы  әріптестеріне  рухани  аға,  шәкірттеріне  үлгілі 

ұстаз бола білді. 

Рахметулла аға 1990-1996 жылдары да Жамбыл педагогикалық 

институтында  аға  оқытушы,  кафедра  меңгерушісі  қызметтерін 

атқарған. Дәл сол кезде оның атына аспирантураға оқуға жолдама 

келеді.  Ал,  марқұм  ағамыз  сол  алтын  қазынадай  жолдаманы 

қарындасындай  болып  кеткен,  елімізге  танымал  ғалым  Дария 

Қожамжароваға ұсынған. Сол Дария Қожамжарова бүгінгі таңда тарих 

ғылымдарының  докторы,  ҰҒА  академигі  атанып,  Тараз  мемлекеттік 

педагогикалық институтының ректоры қызметін атқарып отыр.

Міне,  дәл  осындай  мәрттікті  қазақ  азаматтарының  барлығы 

бірдей  жасай  алады,  деп  айту  қиынның-қиыны.  Абзал  ағаның  осы 

жақсылығын  ол  дүниеден  озған  күні  Дария  Пернешқызы  елжірей 

еске алыпты.

Рахметулла Естайұлының тағы бір асыл қасиеті – оның «адал дос» 

бола білуінде жатса керек. Бұл тұрғыда, оның М.Х.Дулати атындағы 

ТарМУ-дың  бірінші  проректоры,  т.ғ.д.,  профессор  Асқар  Абдуалы 

екеуінің  арасындағы  достықты  жыр  етіп  айтуға  болады.  «Азамат, 

Ғалым,  Адал  дос»  деп  аталатын  Рахметулла  Байлыбеков  туралы 

естеліктер  кітабында  Асқар  Бегәділұлы  өзінің  жан  досы  туралы 

былай деп сыр шертеді: «Рахметулланың бойындағы кішіпейілділік, 

адамгершілік,  адалдық  пен  бауырмашылдық  қасиеттер  кез-

келгеннің бойынан табыла бермейді. Адам баласына табиғаттан, 

ата-анадан берілген осындай абзал қасиеттерді бәріміз бірдей 

сақтап, дамыта алдық па? Жоқ па? Кім білсін? Осы қасиеттерді 

Рахаң  бозбала  шақтан,  өмірінің  соңына  дейін  жоғалтпай, 

керісінше жоғарылата білді. 

Рахаң  тарихшы  ретінде  де  жақсы  ғалым  еді,  білгенін 

шәкірттеріне, әріптестеріне жеткізе білетін. Бүгінгі М.Х.Дулати 

атындағы Тараз мемлекеттік университетіндегі орталықтың 

жұмысына белсене араласып,  ортағасырлық ғұлама-ғалым 

бабамыздың мұраларын арамыздан бірінші болып зерттеп, 

зерделеген де Рахметулла Естайұлы болатын.

М.Х.Дулати  атындағы  ТарМУ-дың  бірінші  ректоры  болған 

Уалихан  Қозыкеұлы  Бишімбаевтың  бастауымен  ұйымдастырылған 

талай  халықаралық  конференциялардың  көпшілігіндегі  бас 

баяндаманы  негізінен  екеуіміз  даярлайтынбыз.  1997-2003  жылдар 

аралығындағы өткен М.Х.Дулати мұраларына арналған конференция 

материалдарын  шығару,  шешімдерін  даярлау  секілді  жұмыстарды 

уақытпен  санаспай  бірге  жасайтынбыз.  Сол  үшін  Рахаңның 

білімділігін У.Бишімбаев ағамыз кездескен сайын ықыласпен айтып 

отырады».   

 

Ал,  ғалым-ұстаздың  шәкірті  Ердос  Альчикенов:  «Курстас 



білімгерлер арасында әкеміздей болып кеткен Рахметулла ағайдың 

әр дәрісі өте қызықты, терең тағылымды болып өтетін. Рахметулла 

ағай  әрқайсымызды  баласындай  көріп,  үнемі  қамқорлық  жасап 

тұрушы еді. Сонымен қатар, шебер педагог ретінде ешқайсымызды 

кемсітпей,  барлығымызға  бірдей  қарап,  бауырына  тартушы  еді. 

Одан  кейінгі  жылдары  университетті  тәмамдап,  диплом  алғаннан 

кейін  университет  қабырғасында  ассисент  болып  жұмыс  істеп 

жүрген  жылдары  ол  кісіден  өте  көп  нәрсені  үйрендім.  Әсіресе 

қатты шаршап, шалдығып қолды бір сілтеп жұмысты тастап кеткің 

келгенде, ол кісі күлімсіреп, қалжыңдарымен өмірге, жұмысқа қайта 

шабыттандырушы  еді.  Тарих  мамандығы  білімгерлерін  Қырғыз 

Алатауының  биік  шыңдарындағы  көне  түркі  дәуірінен  қалған  тас 

мүсіндерге қазба жұмысын жүргізуге апарған жылдары қан қысымы 

бола тұрса да, теңіз деңгейінен 3000 метр биіктікке білімгерлермен 

бірге тау шыңдарына ерінбестен шығушы еді. Ағамыздың әр сабағын 

қызығушылықпен  тыңдайтынбыз,    арты  пікірталасқа  ұласар  еді. 

Кейіннен ойлап қарасақ, тек сапалы өткізілген сабақтар ғана осылай 

болады  екен»,  деп  өткен  күндерге  көз  жүгірте  отырып,  ұстазын 

еске алса, Талғат Сатаев деген шәкірті: «Рахметулла Естайұлының 

адам  ретіндегі  қарапайымдылығы  өзгелерден  ерекшеленуге  жол 

ашатын.  Ол  кісінің  сөйлеуінде,  өз-өзін  ұстауында,  қарым-қатынас 

ортасында,  жалпы  тіршілігінде  қарапайымдылық  бірінші  кезекте 

тұрды.    Қарапайым  болу  арқылы  ол  жастарды  адамгершілікке, 

мейірбандылыққа, сыйлы болуға, адалдыққа тәрбиеледі», дейді. 

Ұстаз  ағамыздың  тағы  бір  шәкірті:  «Кейін  университет 

бітіріп  барлығымыз  сол  ағамыз  айтқан  ел  алдындағы  азаматтық 

парызымызды орындауға жан-жаққа кетсек те, қалаға жинала қалсақ 

Былтырғы 2013, жылан жылы мен 

білетін екі бірдей тарихшыны жер 

қойнауына алыпты. Оның бірі – 

тарих ғылымдарының докторы 

Көкіш Рысбаев болса, екіншісі 

тарих ғылымының кандидаты 

Рахметулла Байлыбеков. Көкіш 

аға 87 жасында өмірден өтсе, 

Рахметулла Естайұлы 60 жасқа 

толардан 12 күн бұрын дүниеден 

озыпты. Тағдырдың жазғанына 

не шара, марқұмның отбасы асыл 

әкенің туған күнін дүрілдетіп 

атап өтеміз деп отырғанда, қара 

жамылып қаларын сезді дейсіз бе?..

ӨНЕГЕЛІ  ӨМІР



21

міндетті  түрде  ағамыздың  үйіне  соғып,  амандасып,  ақыл-кеңесіне 

құлақ  асып,  әңгімелесуге  асығатынбыз.  Бірде  ағамыздың  үйіне 

жиналып,  отбасын  құрған  біздерге:  «Балаға  бала  деп  қарамаңдар, 

олар  да  кейде  үлкендерше  ойлайды,  сендерге  еліктейді.  Оларға 

«ойыншық»,  болмаса,  «басқа  зат  әперем»,  деп  уәде  етсеңдер, 

айтқан  уақытта  орындаңдар.  Себебі,  бала  содан  тәлім  алады.  Ал, 

егер  сен  уәде  бере  тұра  уәдеңді  орындамай  алмасаң,  ол  да  саған 

кейін  соны  істері  сөзсіз»  дегені  бар  еді.  Ойлап  қарасақ,  шынында 

ағамыз тек тарихшы ғана емес, керемет педагог-психолог та екен. 

Осындай оймақтай философиялық ойдың астарында тәрбиенің ерен 

үлгісі жатса керек», деп тебіренеді. 

Ал,  жеке  өзіме  келсем,  мен  Рахметулла  ағамен  Тараз 

инновациялық-гуманитарлық 

университетінде 

«Тарих» 


кафедрасында қызмет атқарып жүрген кезімде таныстым. «Декан» 

деген  қызметтік  лауазымын  естіп,  алғашқыда  одан  жүрексінгенім 

рас. Сөйтсем, қайран ағам, аңғал да адал азамат екен. Ол кезде өзім 

туған әкемнен айырылып қалғаныма 5 жылдай уақыт болып қалған. 

«Бір  баланың  анасы»  атанып  отырсам  да  әкенің  махаббаты  бөлек 

екен.  6  жасар  ұлымды  құшақтап,  әкемді  аңсап,  жылап  шығатын 

түндерім аз болмапты. Сол кездерде бір сылтауларды желеу қылып, 

«Экономика  және  филология»  факультетіне  барып,  Рахметулла 

ағамды көріп қайтатынмын. Ол кісі менің әкеме мүлдем ұқсамайтын. 

Бірақ, бір қылықтары, мүмкін, бір ер адамдарға ғана тән мінезімен бе, 

әйтеуір, Ол кісі менің әкемді көзіме елестетіп тұрушы еді. Бірде мен 

оған: «Аға, мен Сізді туған әкемдей жақсы көремін!», деп айтқаным 

бар. Мүлдем бөтен қыздың бұл сөзі оған ерсі де көрінген шығар. Өзі 

жұмыс бабымен үнемі күйгелектеп жүруші еді. Көзінің астымен әдемі 

ғана жымиып қойды. Сол күлкісі менің жүрегімде мәңгілікке қалып 

қойған екен...

Мен  аталмыш  оқу  орнында  қызмет  атқара  жүріп,  Рахметулла 

ағаның  декан  ретінде  қоғамдық  жұмыстарға  белсене  араласқан, 

ұйымдастыру  қабілеті  зор  іскер  басшы  болғанын  көзіммен  көрдім. 

Оның оқу-ағарту саласында еткен жемісті еңбегі ескерусіз қалмапты. 

Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің Құрмет Грамотасымен 

марапатталып,  «Қазақстан  Республикасының  Білім  беру  ісінің 

құрметті  қызметкері»  деген  қадірлі  атақтарды  иеленіпті.  Оны  өз 

уақытысында бағалаған министрлікке де рахмет! Сондай-

ақ,  филология  ғылымдарының  кандидаты  Меңдібай 

Әбілев те оның ғылым жолындағы қажырлы еңбегін дәл 

уақытысында бағалап, 2006 жылы «Қолжазбасын іздеп, 

аға, сақтардың» деген өлең жазған екен:

Көне ізін іздеп, аға, сақтардың,

Дала кездің, тауды-тасты ақтардың.

Бабалардың  тарихына үңілдің,

Білім менен әділдікті жақтадың.

Мөде батыр, Шу батырлар ежелгі,

Батыр болған ата-баба беделді.

Бабаларды тірілттің  ғой, сондықтан,

Тарихымыз жаңалыққа кенелді.

Еңбегі  еленді,  деп  осыны  айт!  Қадіріңізді  көзіңіздің  тірісінде 

біреулер  білсе,  біреулер  білмепті.  Сол  «білмегендердің»  ішінде 

мен  де  бармын.  Амал  не,  жазмыштан  озмыш  жоқ.  Дүниеден  озып 

кеткеніңізді  де  өте  кеш  естідім.  Дүниеден  де  озық  адамдар  озады. 

Сіз  бұл  дүниеде  де  «Озық»  адамдардың  қатарында  адамдардың 

жүрегінде сақталып қалдыңыз. Бұған да шүкір!...



Гүлсара БАЙДАНОВА, 

журналист

ӨНЕГЕЛІ  ӨМІР


22

ШОУ-БИЗНЕС



Шоу-бизнес

ЖАНАР 

ДӘУЛЕТҚЫЗЫМЕН 

БІРГЕ

20  жастағы  әйгілі  канадалық  әнші 

Джастин  Бибер  вандализммен  айналысты 

деген    айыппен  2  жылға  шартты  түрде 

бас  бостандығынан  айырылды.  Лос-

Анджелес  қаласының  аймақтық  соты 

осындай шешім шығарды. Бибер сондай-ақ 

81  мың  доллар  айыппұл  төлеуге  міндетті. 

5 күндік қоғамдық жұмыстарға тартылды. 

Істі қарау барысында әнші өзіне тағылған 

айыпқа қарсылық білдірген жоқ. 

Айта  кетейік,  Бибер  2014  жылдың 

қаңтарында 

Калифорния 

штатының 

Калабарсас  қаласында  болған  оқиғаға 

байланысты  жауапқа  тартылып  отыр.  Әнші 

көршісіне  жұмыртқа  лақтырған  болатын. 

Зардап шеккен азамат Бибердің бұл қылығын 

бейнетаспаға  түсіріп  алып,  полицияға  арыз 

жазған.

Ресейлік 

әнші 

әрі 

актриса  Жанна  Фриске  40 

жасқа  толды.  Ол  Балтық 

жағалауындағы 

елді-

мекендердің 

бірінде 

отбасымен  бірге  туған  күнін 

атап өтті.

Мыңдаған 

адамның 

жүрегінен 

орын 

алған 


әйгілі  әнші  оңалып  келеді. 

Дәрігерлердің  айтуынша, 

Жаннаның  көру  қабілеті 

жақсарды.  Ең  бастысы, 

Фриске  екі  аяғынан  тұрып, 

өздігінен жүретін болды. 

Еске 

салайық, 



әншінің 

қатерлі  ісік  дертіне  шалдыққаны 

2014  жылдың  басында  белгілі 

болды.  Фрискенің  тыңдармандары 

оның  емделуіне  екі  миллион 

доллар қаржы жинаған. Алайда, 

жиналған  ақшаның  жартысын 

әнші  қатерлі  ісік  дертіне 

шалдыққан 

балалардың 

40  жастағы  британдық  әнші 

Робби Уильямс өнер көрсету кезінде 

көрермендерге  қарай  жақындап 

келіп,  олардың  бірінің  қолын  алмақ 

болады. Осы кезде әнші тепе-теңдікті 

сақтай  алмай,  тыңдармандарына 

қарай  құлап  кетеді.  Оқиға 

салдарынан  52  жастағы 

Маргарет  Нэш  қолын 

сындырып алады. 

Айта 

кетейік, 



британдық  жұлдыздың  сахнадан  құлауы  алғаш 

рет емес. Әншімен мұндай оқиға 2006 жылы Лидс 

қаласында  орын  алған-ды.  Абырой  болғанда, 

ондағы концертте зардап шеккендер болған жоқ.



Санабеков әулетінің атынан Шу қаласының тұрғыны Айгүл Мәуленқызын 4-шілдедегі 35 жасқа 

толған мерейтойымен шын жүректен құттықтаймыз! Деніңіз сау, аспаныңыз ашық 

болсын. Өмір деген үлкен белестің тайғақ жерінен  таймай, сулы жеріне батпай, 

отты жеріне жанбай, соқпағына соқтықпай, көздеген арман-мұратыңызға жете 

беруіңізге  тілектеспіз.  Ерке  екеуіңіз  қызыққа  толы  ғұмыр  кешіп,  Рамазанның 

қызығына  тоймай,  көпшіліктің  ыстық  ықыласы  мен  құрметіне  бөлене 

беріңіздер дей отырып, төмендегі жыр жолдарын арнаймыз:

Өмірдің әр қырынан іздер арай,

Бақыт құсы самғасын сізге қарай.

Отыз бестің асуынан еркін асып,

Сәтті қадам басыңыз жүзге қарай!

Қамал алған құтты болсын жасыңыз

Өрлей берсін, өрге қарай тасыңыз.

Күн сайын нұрға толсын жүзіңіз,

Қуаныңыз, шаттаныңыз, күліңіз.

23

ШОУ-БИЗНЕС

Бұрнағы 

жылдары 


«Шіркін, 

life» 


тележобасында  шашын  тықырлап  алып 

тастаған  соң  атышулы  тележүргізушіге 

айналған  «тақырбас  қыз»,    теле  және 

радиожүргізуші  Маржан  Сұлтанбай  тұрмысқа 

шықты. 

Бұл  туралы  тележүргізушінің  құрбысы 



айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева Инстаграм 

әлеуметтік  желісінде  хабарлап,  жұрттан 

сүйінші  сұрады.  Жалпы  бұл  хабар  еліміздегі 

телеарналардың бірі ұйымдастырған ауызашарда белгілі болып, дүйім 

жұртқа танымал өнерпаздардың Инстаграм және Туиттер әлеуметтік 

желілері арқылы тараған. Тележүргізушінің айналасындағы танымал 

достары  Маржанның  тұрмысқа  шыққанына  біраз  уақыт  болғанын 

және таяуда ғана хабарды жеткізуге рұқсат бергенін жазған. Әзірге 

күйеу жігіттің есімі мен қай өңірден екені айтылмайды. Екі жастың 

үйлену тойы жақын арада өтеді деп жоспарланып отыр. 

Жақында  ғана  Астанада 

жеке 


ән 

кешін 


өткізіп, 

халықтың  ыстық  ықыласына 

бөленген  әнші  Мейрамбек 

Бесбаев 


концерттен 

соң 


іле-шала  отбасымен  Париж 

қаласына жол тартты. 

Әншінің  Париж  қаласына 

баруына  себеп  те  жоқ  емес. 

Биыл  елдің  сүйікті  әншісі 

Мейрамбек  пен  оның  жары  Мархаббаттың  отау  құрғандарына 

10  жыл.  Махаббат  мекені  Францияның  Париж  қаласында  айтулы 

датаны  атап  өтуге  кеткен  жұп  өздерімен  бірге  қыздары  Кәусарды 

да  алып  алған.  Сондай-ақ,  37  жастағы  әншінің  қасында  бірнеше 

дос-жарандары бар. Бесбаевтар отбасы бірнеше күн бойы Парижде 

тұрақтап,  одан  әрі  Миланға  барып,  кейін  Түркияның  Жерорта 

теңізінде демалыстарын жалғастыруды жоспарлап отыр.

Kuralai  сән  үйінің  басшысы,  танымал 

дизайнер,  марқұм  Заманбек  Нұрқаділовтың 

қызы 

Құралай 


«Алматы» 

қонақүйі 

ғимаратындағы  Issyk  мейрамханасының  бас 

директоры  атанды.  Осылайша  дизайнер 

мейрамханалық  бизнеспен  айналыспақшы. 

Ол  өзінің  серіктестерімен  бірге  тарихи 

мейрамхананы сатып алған.

«Менде  сән  индустриясынан  бөлек, 

бірнеше  бизнес-жоба  бар.  Соның  қатарын 

Issyk мейрамханасы толтырып отыр. Бұған дейін маған мейрамхана 

бизнесін  жүргізуді  ұсынғандар  көп  болғанымен,  мен  бас  тартып 

келген едім. Бірақ бұл жолы серіктестерімe өз келісімімді бердім», 

– дейді Құралай Нұрқаділова.

Танымал  актриса     әрі    тележүргізуші     

29  жастағы  Әсел  Сағатованың  ағымдағы 

жылдың мамыр айында ана атанғанын бұрын 

жазғанбыз. Күні кеше ғана актриса әлеуметтік 

желіде ұлына екі ай болғанын жазып, суреттер 

жариялады.  «Көз  тиеді»  дейтін  ырымға 

сенген  Әсел  әзірге  сәбиінің  түрін  көрсетпей, 

кішкентай ғана саусағын ұстап тұрған фотоны 

өзінің жеке парақшасында жариялады. 

Айта  кетейік,  Әсел  Сағатова  2010-жылы 

тұрмысқа  шықты.  Актрисаның  жұбайы  Радий  Мұхамеджанов  – 

Қарағанды облысының экс-әкімі Камалтин Ескендірұлының ортаншы 

ұлы,  кәсіпкер,  бұрын  Ұлттық  қауіпсіздік  комитетінде  (КНБ)  қызмет 

істеген.



1   2   3   4   5


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал