№23-27 (76) 3-31 шілде М. Жұмабаев



жүктеу 495.27 Kb.

бет1/5
Дата23.02.2017
өлшемі495.27 Kb.
  1   2   3   4   5



23-27

 

(76)

3-31 шілде

М. Жұмабаев:  АЛАШ  АТЫН  АСПАНҒА

ШЫҒАРАР  ОЛАР  БIР  ТАҢДА,

МЕН  ЖАСТАРҒА  СЕНЕМIН!

АТА ЖАУДЫҢ

АТАУЫН 

АЛҒАНЫ ҚАЙ

САСҚАНЫ?!

БУРАБАЙДА 

ДЕМАЛУ ҚАНША 

ТҰРАДЫ?

ӘККІ 

«МҰҒАЛІМДЕР» 

ӘКІМ 

БОЛҒЫСЫ 

КЕЛЕДІ...

ҚАНДАСТАР 

ТЫНЫСЫ:

ФРАНЦИЯДАҒЫ 

ҚАЗАҚ ЖАСТАРЫ


2

Н

есін  жасырайын,  редакцияның  басына  қара 



бұлт  үйірілді.  Таралым  біраз  төмендеді.  Есесіне, 

баспахана  бағасы  қымбаттап  барады.  Яғни, 

редакцияның  шығыны  өте  көп.  Мемлекеттен  бір 

тиын  алмайтын,    демеушісі  жоқ  редакция  үшін  бұл  үлкен 

ауыртпалық.  Шерағаң  айтпақшы,  «арқалағанымыз  алтын, 

жегеніміз жантақ» болып тұр.

Ұлт  ұстазы  Ахмет  Байтұрсынұлының  «ұлым  дейтін  ел 

болмаса, елім дейтін ұл қайдан болсын» дейтін ұлағатты сөзін 

басшылыққа  алып,  Президенттен  бастап,  түрлі  деңгейдегі 

әкімдерден,  қалталы  азаматтардан  (меценаттардан)  көмек 

сұрадым.  Бәрі  де  уәде  береді,  бірақ  уәде  айтылған  жерінде 

қалады. Сөзде бармыз, істе жоқпыз. Ащы болса да ақиқат осы!

Қоғамның  қозғаушы  күші  саналатын  жастарға  қашанда 

жігер  мен  қайсарлы  мінез  тән.  Сондықтан  да,  редакциядағы 

қаржы  тапшылығына  қарамастан  жастар  өмірінің  айнасы 

болуды  мақсат  еткен  «Жастар  TODAY»  газетін  жабуды 

еш  ойлаған  емеспін.  Газеттің  құрылтайшысы  ретінде 

бар  ауыртпалық  маған  түседі,  әрине.  Айлықтың  тұрақты 

берілмеуіне  қарамастан  қиындықты  бірге  бөлісіп  отырған 

редакцияның адал қызметкерлеріне алғысым шексіз.

Бұл  қиындықтарға  мойынсұнып  отырған  жоқпын.  Газет 

сапасының  артуына  үнемі  назар  аударып  жүргенімді  көзі 

қарақты  оқырман  білетін  болар.  Ізденіс  үстіндемін.  Газетті 

барша қазақ жастарының айнасына айналдыруым керек. 

Иә,  бастапқыда,  яғни  2012-2013  жылдары  газет  А3 

форматында  жарық  көрсе,  кейіннен  үлкен  А2  форматына 

көшкенінен  хабардарсыздар.  Бүгінгі  санынан  бастап  газетті 

толықтай  өзгертіп  А4  форматында  жарыққа  шығардық.  Бұл 

қаржы тапшылығына байланысты емес, өйткені газеттің көлемі 

кіші болғанымен беті көп қой. Оқылуға ыңғайлы болғандықтан 

газеттің көлемін А4 форматына өзгертуге тура келді. 

Бүгінгі санынан бастап әр салада (өнерде, спортта, білімде, 

медицинада, т.б.) биік белесті бағындырған жастарға арналған 

«Топжарған» қосымшасын тұрақты жарыққа шығару жоспарда 

бар. «Топжарған» атты журналды жарыққа шығару бұрыннан 

ойымда  бар  дүние  еді.  Әттең,  қол  қысқа,  әйтпесе  жеке 

журналға сұранып-ақ тұрған жоба.

Біздің  демеушіміз  –  оқырманның  ықыласы.  Оқырманның 

жазылған  ақшасына  газетті  шығарып  отырмыз.  Әйтпесе, 

қысылтаяң    шақта    газетті  жаба  салуға  да  болар  еді.  Біз 

жарыққа  шыққан  екі  жылда  талай  газет-журнал  ашылып, 

артынан  қаржыға  байланысты  талайының  жабылғанын 

білесіздер. Алайда бұл оқырманға деген адалдығымыз болмас 

еді.


Демеушілік  көмек  көрсетемін  дейтін  қандастар  табылып 

жатса,  нұр  үстіне  нұр  болар  еді.  Оқырмандарға  айтарымыз, 

еңбек ету – бізден, еңбекті бағалау – сізден, қадірлі оқырман! 

Газет  сапасының  артуы  тікелей  өздеріңізге  де  байланысты 

екенін  ұмытпағайсыздар.  Атсалысыңыздар!  «Жастар  ТОDAY» 

газетіне жазылыңыздар! Жазылу индексі – 64471. «Қазпошта» 

бөлімшелері  арқылы  жазылуға  болады.  «Қазпошта» 

бөлімшелері мен «Мир Пресстің» Астана мен Алматыдағы сауда 

дүңгіршектерінде газет сатылымда бар. Сатып алыңыздар!

Құрметпен,



Жасұлан МӘУЛЕНҰЛЫ,

«Жастар ТОDAY» 

газетінің Бас редакторы

РЕДАКТОР АЛАҢЫ

2012-жылғы 2-сәуірде ҚР Мәдениет және ақпарат 

министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетінде 

тіркеліп, мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алу 

туралы №12388-Г куәлігі берілген

Құрылтайшы: ЖК “ҚЫЗЖІБЕК”

«Жастар TODAY» газеті редакцияның компьютер орталығында беттеліп, 

Ақтаудағы «Типография Вадим» №1002 және 

Алматыдағы «Алматы-Болашақ» №1000  баспаханаларында басылды

Таралымы: 6 700 дана.  Индексі: 64471. «Қазпоштада» жазылуға болады

Атқарушы директор – Бас редактор: Жасұлан МӘУЛЕНҰЛЫ

Бас редактордың орынбасары – шеф-редактор: Мадияр ӘЗИЗҰЛЫ

Ақтаудағы бөлімшенің жетекшісі: Асқар ЖАНӘБІЛҰЛЫ

Көркемдеуші редактор – дизайнер-беттеуші: Айнұр ҚАЙРАТБЕКҚЫЗЫ

Тілшілер: Жанар ДӘУЛЕТҚЫЗЫ, Динар КАМИЛОВА

Меншікті тілшілер: Аллаберген ҚОНАРБАЕВ (Маңғыстау облысы), 

Дәурен ЖОМАРТҰЛЫ (Павлодар облысы), Айдана ОРАЗГЕЛДІ (Жамбыл 

облысы), Ибрагим МАГОМЕДОВ (Ресей Федерациясы)

Редакцияның мекен-жайы:

050004, Алматы қаласы

Гоголь көшесі, №89А, 3-қабат, 325-офис

Байланыс телефоны: 



8 (727) 327-84-87

E-mail:  



jasulan_89@mail.ru

Газетте жарияланған авторлар пікірі редакцияның көзқарасы болып есептелмейді 

Материалды газеттен көшіріп басқанда редакцияға сілтеме жасалуы міндетті

Кей суреттер мен мақалалар интернеттен алынады

Газет 2012-жылдың 15-мамырынан бастап жарық көре бастады

 А  – ақысы төленген материалдар мен жарнамалар

Жарнамалардың мазмұны мен көлеміне және тіліне жарнама беруші жауапты


3

Жеңіс  Махмұдұлы  1975  жылы  7  мамырда 

Жамбыл  облысы  Шу  қаласында  дүниеге  келді. 

Қазақ  мемлекеттік  сәулет-құрылыс  академиясын 

сәулетші-дизайншы мамандығы бойынша, Еуразия 

университетін мемлекеттік және жергілікті басқару 

мамандығы бойынша бітірген. 

Еңбек жолын «Темірбанк» АҚ-ның бас банкирі 

болып  бастаған.  ҚР  Табиғи  монополияларды 

реттеу  және  бәсекелестікті  қорғау  агенттігінің 

темір  жол  көлігі  және  порттар  бөлімі  бастығы, 

Үйлестіру  және  тарифтік  саясат  департаментінің 

тарифтік  саясат  бөлімінің  бастығы,  ҚР  Көлік 

және  коммуникация  министрлігінің  Су  көлігі 

департаментінің директоры, «Ақтау халықаралық 

теңіз  порты»  РМК-ның  директоры  қызметтерін 

атқарған. 

2005  жылдың  қарашасынан  бастап  ҚР  көлік 

және коммуникация вице-министрі,  2009 жылдың 

наурыздан бастап аталған министрліктің жауапты 

хатшысы  болды.  ҚР  Президентінің  2014  жылғы 

7-наурыздағы  №  764  Қаулысымен  Қазақстан 

Республикасының  көлік  және  коммуникация 

министрі болып тағайындалды.

Жұбайы Ақжан екеуі Ақерке (1997 ж. т.), Жансая 

(2000 ж. т.), Ләйлім (2003 ж. т.) есімді қыздарды 

тәрбиелеп  отыр.  Әкесi  Махмұд  Қасымбеков  –  ҚР 

Президент  канцеляриясының  жетекшiсi.  Iнiсi 

Ардақ  Қасымбек  –  «ҚазМұнайГазда»  қаржы 

саласын басқарады.

Жеңіс  Махмұдұлы  «Құрмет»  орденімен, 

«Қазақстан  Республикасының  тәуелсіздігіне  10 

жыл», т.б. медальдармен марапатталған.

ЖАС  САЯСАТКЕР



Солтүстіктегі 

көршіміз 

Ресей 

Федерациясындағы  ең  жас  министр 

– 

Байланыс 

және 

коммуникация 

министрі Николай Никифоров. Аталған 

ведомствоны басқарғанда ол небәрі 29 

жаста еді.

Николай  Анатольевич  1982-жылы 

24-маусымда 

Татарстан 

астанасы 

Қазан  қаласында  туылған.  1999-

жылы  сондағы  мектептің  бірінде 

мұғалім  болып  еңбек  жолын  бастап,  

Қазан  мемлекеттік  университетінің 

Н.Г.Чеботарёв  атындағы  математика 

және 

механика 

ғылыми-зерттеу 

институтында  лаборант  болды.  2001-

2005 

жылдары 

«Казан 

Портал» 

компаниясында 

директордың 

орынбасары 

қызметін 

атқарды. 

2004 

жылы 

Қазан 

мемлекеттік 

университетінің экономика факультетін 

бітірді.  Еңбегінің  арқасында  2010-

жылы  Татарстан  Республикасының 

Министрлер  Кабинетінің  құрамына 

еніп,  Татарстанның  ақпарат  және 

байланыс министрі болды. 2012-жылы 

РФ  Байланыс  және  коммуникация 

министрі болып тағайындалды.

Үйленген.  Екі  ұл  мен  бір  қыздың 

әкесі.

Жастар өмірінің 

айнасы болуды 

мақсат еткен 

«Жастар 

TODAY» газеті 

еліміздегі жас 

саясаткерлерді 

таныстыруды 

жалғастырады. 

«Таныс болыңыз: 

жас саясаткер» 

айдарының 

бүгінгі кейіпкері 

– 39 жастағы 

Қазақстан 

Республикасының 

көлік және 

коммуникация 

министрі 

Жеңіс Қасымбек.

4

«Рамазан»  айында    осындай  тақырыппен  Шетпе 

селосындағы Жастар орталығында Маңғыстау ауданы әкімдігінің 

«Аудандық  жастар  саясаты  орталығы»  және  «Жас  Отан» 

Жастар  қанатының  ұйымдастыруымен    дөңгелек  үстел  өтті. 

Жиынды ұйымдастырушы А.Қонарбаев ашып, жүргізіп отырды.  

Жиынның мақсаты – жастарға Рамазан айының қадір-қасиетін 

кеңінен  түсіндіру,  жастарға  Ислам  дінінің  басты  қағидаларын 

ауқымды түрде насихаттау болып табылады. 

Аталмыш  жиында  жетекші  партияның  аудандық  филиал 

төрағасының  орынбасары  Сәкен  Төребаев  асыл  дініміздің 

казіргі  таңдағы  жастар  арасындағы  кең  таралуы,  басқа  діни 

ұйымдарының  жастар  санасын  улауы  жайында  әңгіме  өрбітсе, 

ауданның бас имамы Нұредин Керимов Рамазан айының  қасиеті 

жайында  өзінің пайымды пікірін, орамды  ойларын ортаға салды. 

Басқосуда    Шетпе  селолық  ардагерлер  кеңесінің  төрағасы 

Қуантқан  Исаев  казіргі  ғаламтор  желісіндегі  кейбір  діни 

сайттардың  жастар  санасын  улап  жатқандығын  тілге  тиек  ете 

келіп,  ғаламтордағы  сайттарға  тосқауыл  жасау  керек  деген 

ұсынысын жасырмады. 

Жиын  барысында  жастарға  «Хабар»  телеарнасының 

дайындаған  «Адасқандар»,  «Секта»  атты  деректі  фильмдері 

көрсетілді. Жиын соңында  жастар өздерін мазалаған сауалдарын 

ортаға салып, ұсыныс пікірлерін айтты. 



Зере ӘБДІБЕКҚЫЗЫ,

«Жас Отан» жастар қанатының белсендісі,

Маңғыстау облысы

Жуырда 


аудандық 

«Жастар 


орталығы» 

коммуналдық 

мемлекеттік  мекемесі  «Мақтарал»  мәдениет  үйінде  Аудандық  І 

Ұлттық Дельфийлік ойындарын өткізіп, жеңімпаздарын анықтады. 

Бұл  ойын  әлемдегі  ең  ерекше,  барлық  мәдениет,  ұлттық  және 

халықаралық жанрды қамтитын жарыс болып табылады. 

Ауыл  клубтары  мен  оқу  орындарынан  келген  30-дан  астам 

өнерпаздар  ұлттық  аспаптар  домбыра  тарту,  поэзия,  халық  биі, 

эстрадалық ән салу  жанрлары бойынша сайысқа түсті. Әр номинация 

бойынша ауданымызға танымал өнер қайраткерлері енген қазылар 

алқасы құрылып, сайысты әділ бағалап отырды. 

Жарыс  қорытындысында  ұлттық  аспаптар  домбыра  тарту 

жанры  бойынша  І-орынды  Жасұзақ  Алмас,  ІІ-орынды  Әбдішайых 

Мұхаммед, ІІІ-орынды Әнәпияев Бақытжан иеленді. Поэзия бойынша 

І-орынды  Шарап  Ізет,  ІІ-орынды  Файызханов  Әлихан  иеленсе, 

ІІІ-орын Жайсаңбаев Жандосқа бұйырды. Халық биі жанрында  І- 

орынды    «Ерке»  би  тобы  иемденіп,  ІІ-орынды  Қойжігітова  Айжан 

еншіледі.  Эстрадалық ән  салуда  Дүйсебеков  Саят І-орын  иеленіп, 

Ақмырзаева  Ләззатқа  ІІ-орын  бұйырды.  Өскенбай  Әбдіхамит  ІІІ-

орынды еншіледі.



Мөлдір БАЛХАШОВА,

«Жастар орталығы» КММ қызметкері,

Оңтүстік Қазақстан облысы

ЖАСТАР  АЙНАСЫ



ЖАСТАР ЖӘНЕ ДІН

Ағымдағы  жылдың  2-12-ші  маусым  аралығында  Алматы 

облысының Қаскелең қаласында дойбыдан 23 жасқа дейінгі ерлер 

мен  әйелдер  арасында  Қазақстан  Республикасының  чемпионаты 

өткен  болатын.  Аталған  жарысқа  еліміздің  10  облысынан  және 

Алматы қаласынан 80 дойбышы қатысты. 

Білікті бапкер – Данияр Қадырұлы Жұмагелдиев жаттықтыратын 

қаламыздағы  №2  балалар  мен  жасөспірімдер  спорт  мектебінің 

дойбышыларынан құралған облыс құрамасы жақсы нәтижеге қол 

жеткізіп, 4 алтын және 3 қола медальді иеленді.  

Алтынға  әйелдер  арасындағы  рапид  ойынында  Жанат 

Құдайберген,  блиц  бойынша  Балауса  Жоламанова,  жастар 

арасындағы  рапидте  Елизавета  Бапиева  және  блиц  бәсекесінде 

Кристина  Литвиненко  қол  жеткізді.  Ал,  қола  медальді  әйелдер 

арасындағы рапидте Әйгерім Сағатова, жастар арасындағы блицте 

Әнел  Дәулетова  және  рапид  ойынында  Әділхан  Мейрам  жеңіп 

алды. 

Қаскелеңдегі  жарыста  командалық  есеп  бойынша  облыс 



құрамасы  Оңтүстік  Қазақстаннан  кейін  2-ші  орынға  тұрақтады. 

Алдағы  уақытта  дойбышыларымыз  Болгарияда  өтетін  жастардың 

әлем  чемпионатына  қатысуға  дайындалуда.  Олардан  айтулы 

көрсеткіштер күтеміз. 



Асан НАРЫНБАЙҰЛЫ, 

Орал қаласы



ДОЙБЫ

ӨНЕР  ӨЛКЕСІ

5

Шараның  өту  барысы  Елбасы  жолдауындағы  басым  бағыт 

«Жаңа  Қазақстандық  патриотизмді  қалыптастырудың  өзекті 

мәселелері»  бойынша  өрбіді.  Кең  ауқымды,  өзекті  тақырыпты 

арқау  еткен  шараға  «Қазақ  и  Я»  қоғамдық  бірлестігінің  төрағасы 

Базарбай Иманов, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік 

университетінің  Қазақстан  тарихы  кафедрасының  аға  оқытушысы 

Айшуақ    Дәрменұлы,  «Жас  қуат»  жастар  қоғамдық  бірлестігінің 

төрағасы  Әлсейіт  Есбатыров,  Ақтөбе  политехникалық  колледжінің 

жастар ісі жөніндегі комитетінің жетекшісі Гүлсезім Ақсисенова, «Нұр 

Отан»  партиясының  Ақтөбе  облыстық  филиалының  орынбасары 

Нұрхан Ақниязов, Облыстық қорғаныс істері департаментінің әскери 

дайындық бөлімінің бастығы Мереке Әскерұлы Тұрғанбай, облыстық 

жастар  саясаты  басқармасының  маманы  Сәбит  Мұқанов,  тағы  да 

басқа жастар істер комитетінің басшылары мен жастар, студенттер 

қонақ болды.

Кітапхана  директоры  Марат  Төлебай  ел  іргесін  нық  көтеретін 

жастардың  тәлімі  мен  тәрбиесі,  білімі  мен  біліктілігі    осындай 

шаралардан бастау алары сөзсіз деп,  жастарға өз елінің патриоты 

болуға тілектестік білдірді.



Үржан ҚҰРМАНҚЫЗЫ,

С.Жиенбаев атындағы        

Ақтөбе облыстық жасөспірімдер 

кітапханасының қызметкері

Шептедегі Ш.Бөлтекұлы спорт кешенінде аудандық спорт және 

дене шынықтыру бөлімі мен аудандық жастар саясаты орталығының 

ұйытқы болуымен  аудандағы  спорт сүйер жастар мен ардагерлер   

арасында  шағын футболдан турнир ұйымдастырылды. 

Аталмыш турнирге аудандағы, облыстағы барлық ауылдардан 

10 команда қатысып, бақтарын сынады. «Мыңнан тұлпар, жүзден 

жүйрік»  демекші  әр  ауданның  үздік  футбол  командалары  бағы 

сынаған турнир қызықты да тартысты өтті деуге болады. 

Турнир соңында  жүлделі бірінші орынды биыл Шетпелік спорт 

саласының  ардагерлерінен  құралған    «Мәңгілік  ел»  командасы 

жеңіске  жетсе,  екінші  орынды  «Шепте-1»  командасы,  ал    үшінші 

орынды  «Қосбұлақ»  ауылының  «Жалын  жастар»  командасы  місе 

тұтты.  Ал үздік ойыншы  атағымен Әлжданов Сұңғат пен Қосқұлақов 

Жамбыл,  Бейжанов  Саламат  иеленсе,  ынталандыру  сыйлықтарын 

«Жаңа орпа», «Жармыш» жастар командалары өзара бөлісті.  

Биғаша ӨТЕҒҰЛОВА,

Маңғыстау аудандық

Жастар саясаты орталығының психологы

ЖАСТАР  АЙНАСЫ

6-шілде  Астана  күніне  орай  «Маңғыстау  аудандық  жастар 

саясаты орталығы» МКҚК-нің және «Жас Отан» жастар қанатының 

аудандық филиалының  ұйымдастыруымен «Аудан әкімінің Кубогы 

2014»    ойындарының  финалы  өтті.  Сайысқа  ауданға  қарасты 

барлық ауылдардан 5 үздік  команда қатысты.

Ойын  шымылдығы  ашылысымен  өздерінің  ұтқыр  әзілдерімен, 

тапқырлықтарымен  және  әртістік  өнерлерімен  көрермендерді 

қуанышқа бөлеген жайдарманшылар бірінен-бірі кем түспеді. Ойын  

«Сәлемдесу», «5 сайыс», «Үй тапсырмасы», «Қайым айтыс», «Видео 

сайыс»  секілді  бөлімдерден  құралды.  Финалдың  шымылдығын 

Шетпелік    «Болашақ  жастар»  командасы  әдемі  әзілдерімен  

көрерменнің көңіліне жол тартты. Үш сағаттан астам тартысты өткен 

сайыста  жоғары  ұпай  жинаған  Ондылық    «Маңғыстау  ауданының 

құрама»  командасы  бас  жүлдеге,  яғни  аудан  әкімінің  кубогын 

иеленіп,  қаржылай  сыйлыққа  ие  болса,  екінші  орынды  тағы  да  

Онды ауылынан «Ойбай» командасы, ал үшінші орынды  Шетпелік 

Шепте  гимназиясының  «Есте  қалар»  командасы  місе  тұтты.  Ал 

ұйымдастырушылар  атынан  Маңғыстау  техникалық  колледжінің 

«Болашақ механиктер», М.Атымов мектебінің «Болашақ жастары» 

командасы Алғыс хаттармен  марапатталды. Бұл финалда жеңіске 

жеткен команда  Астана қаласында өтетін  Республикалық  байқауға  

жолдаманы қанжығасына байлады. 



Әлия СЕЙТНАЗАРОВА,

Маңғыстау аудандық 

Жастар саясаты орталығының бас маманы

ЖАЙДАРМАН

КЕЛЕЛІ  ЖИЫН

Облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама 

басқармасының қолдауымен С.Жиенбаев атындағы 

облыстық жасөспірімдер кітапханасында Ақтөбе 

облысының ішкі саясат басқармасының әлеуметтік маңызды 

тапсырмасымен «Қазақ и Я» қоғамдық бірлестігі дөңгелек 

үстел өткізді. 

ШАҒЫН  ФУТБОЛ


6

Әйгерім, 26 жаста, Ақтөбеден, 

Францияда тұрып жатқанына 16 жыл 

болған, аудитор:

–М

енің 



анам 

француз 


азаматына  күйеуге  шықты, 

осылай 


мен 

тағдырдың 

жазуымен  Францияға  келдім.  Қазақстанда 

анам  мұнай  компаниясында  аудармашы 

болып  жұмыс  істеді,  сол  жерде  болашақ 

күйеуімен  танысты.  Францияға  1995  жылы 

бірінші рет келдім, анам екеуіміз елді көруге 

және  менің  осында  тұра  алатыныма  көз 

жеткізу  үшін  бір-екі  аптаға  ғана  келдік.  Он 

жасымда  туған  Қазақстаныммен  қоштасу 

қиын  болды  деп  айта  алмаймын,  тек  басқа 

елге көшуім қызық болды.

Франция  маған  бірден  ұнады,  алғашқы 

танысуым  сәтті  өтті.  Анам  екеуіміз  1997 

жылдың  аяғында  оңтүстіктегі  По  деген 

кішкентай  қалашыққа  толықтай  көшіп 

алдық.  Мен  бірден  кәдімгі  француздық 

мектепке  барып,  бірнеше  айдан  кейін  жат 

тілді  меңгеріп  алдым.  Мектепте  мені  жылы 

қабылдады  және  барлығы  көмектесуге 

тырысты. Содан бері не өзгерді? Қазір менің 

екі  әкем  бар  –  француз  және  қазақ.  Қазақ 

әкем  Ақтөбеде  қалды.  Француз  әкем  туған 

қызындай бақты, сол үшін мен оған ризамын.

Біз  2002  жылы  Парижге  көшіп  келдік, 

мен  осында  мектеп  бітірдім.  Мектептен 

кейін  экономика  факультетінің  «қаржы 

және  аудит»  мамандығына  түсуді  шештім. 

Төрт  жыл  бойы  мен  әлемге  әйгілі  «Үлкен 

төрттік»  ірі  аудиторлық  компаниялардың 

бірінде  жұмыс  істедім.  Қазір  мен  қызмет 

саласын  ауыстырып,  ішкі  аудит  қызметімен 

айналысатын  компанияда  жұмыс  істеймін, 

компания  пластик  өндірумен,  автокөлік 

өндірісіне 

қажет 


пластикалық 

құрал-


саймандарды  және  қоқыс  жәшіктерін 

өндірумен 

айналысады. 

Францияда 

кездесетін  барлық  қоқыс  жәшіктерін  біздің 

компания жасаған. Қазір мен компаниямның 

филиалдарында  аудит  жасау  үшін  әлемнің 

көп 


елдерін 

аралаймын. 

Қазақстанға 

жылына екі рет баруға тырысамын, мен үшін 

отбасыммен араласу өте маңызды. Дәл қазір 

бүкіл  отбасым  Қазақстанда,  анам  екі  елге 

жұмыс істейді. Францияда қанша тұрсам да, 

жамандық көрмедім, адамдар шын ниетімен 

Қазақстанға қызығады. 

Өмірімнің көп бөлігін Францияда өткізсем 

де,  өзімді  француздық  емес,  қазақ  деп 

есептеймін. Франция – менің екінші отаным, 

мен,  мысалға,  отандық  және  француздық 

кино  классикаларын  бірдей  білемін.  Соңғы 

кездері,  мен  өз  бетімен  білім  алуға  құштар 

болдым,  қазақ  және  орыс  классикалық 

әдебиеттерін  оқып  жүрмін,  өйткені  шетелге 

ерте  кетсем  де,  әдеби  мұраны  білуім  жөн 

деп  ойлаймын.  Францияда  маған  көбінесе 

қазақ  отбасым  жетіспейді,  жасым  ұлғайған 

сайын  бұл  сезім  өршіп  барады.  Олардың 

Қазақстандағы  өмірі  мүлдем  басқа,  ал  мен 

басқаша өмір сүріп жатырмын, көп жағдайда 

мен  олармен  күнделікті  өмірімдегі  болып 

жатқан  белгілі  бір  сәттермен  бөліскім  келіп 

тұрады.


ФОТОРЕПОРТАЖ

Әйгілі француздық 

жазушы Саша 

Гитри: «Нағыз 

париждік болу – 

Парижде туып-өсу 

емес, Парижде 

қайта дүниеге келу 

дегенді білдіреді»,– 

деп айтыпты. Қазіргі 

кезде Францияда 

тұрып жатқан 

www.voxpopuli.

kz тілшісі Жанар 

Саясат Париждегі 

қандастарымызбен 

кездесіп, олардың 

француздық 

тұрмысымен 

танысыпты. 

«Парижді көріп, 

өліп кетсем 


  1   2   3   4   5


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал