№23-24 (204-205), желтоқсан, 2015 жыл Газет 2004 жылдың 30 сәуірінен бастап шығады жыл құтты болсын!



жүктеу 410.92 Kb.

бет1/4
Дата24.02.2017
өлшемі410.92 Kb.
  1   2   3   4

№ 23-24 (204-205),  

желтоқсан, 2015 жыл

Газет 2004 жылдың 30 сәуірінен бастап шығады

жыл құтты болсын!

Құрметті профессор-оқытушылар, сала 

қызметкерлері, студент-жастар!

Егіз лебіз

Мемлекет басшысының сөзін, көрегендігін 

шын  ниетіммен  қолдаймын.  Тек  әлемдік 

деңгейдегі  әдемі  істі  жетілдіре  берсек,  ол 

"Мәңгілік  Ел"  білім  жүйесінің  алтын  арқауы 

болып  қалары  сөзсіз.  Осы  арқылы  ұлттық 

білім  жүйесін  біртіндеп  қалыптастыру  туралы 

идеясы да асқан көрегендік. 

Еуразия  ұлттық  университетінде

 

дарынды 



ғалымдар  бар.  Менің  шәкіртім  Рысқұл 

Ойнаров  та  керемет  жаңалық  ашты.  Оны 

математиктерден  басқалар  біле  бермейді.  Ол 

– «Ойнаров ядросы» деп аталады. Сол теория 

әлемдегі  айтулы  ғылыми  еңбек терде  жүр. 

Мұндай мысалдарды тізе берсем, баршылық.

Менің  жеті  математикалық  есептің 

қатарына  енген  «мыңжылдық  проблеманы» 

шешуіме ғұмырымның отыз бес жылы кетіпті. 

Ақыры,  бірде  қателесіп,  бірде  жолын  тауып, 

осы  еңбегімді аяқтадым.  

Өткен  жыл  университетіміз  үшін  табысты 

жылдар болды. Бәрін айтып шығу мүмкін емес. 

Тек  соны  әрі    қарай  жалғастыру  тынымсыз, 

қажырлы  еңбектін  арқасында  келмек.  Жаңа 

жыл жаңа  табыстар жылы болсын!



Мұхтарбай 

ӨТЕЛБАЕВ,

ҚР ҰҒА 

академигі,

Мемлекеттік 

сыйлықтың 

иегері

Бәріміз 


білеміз, 

Президент 

«Мәңгілік  Ел»  болайық  деген  идея 

көтерді. Бұл идея көтерілген уақытта 

мен  басында  ойланып  қалдым,   

жаңағы  30  елдің  деңгейінде  болайық 

дегеннің  басқа  бір  көрінісі  шығар 

деп. Ал енді өзім қазір ойлап қарасам, 

бұл Мәңгілік ел деген өте көкейкесті 

мәселе  екен.  Мәңгілік  ел  деген  сөз 

–  ол  біздің  мемлекетіміз.  Біздің 

халқымыздың  қазіргі  жасап  отырған 

елі. Бұл ел біреу. Тістегеннің аузында 

кетіп қалмау керек. Бұл ел орнықты ел 

болып қалуы керек. 

Президентіміздің жаңа Жолдауы­

мен де ықылас қоя танысып шықтым. 

Бұған  дейінгі  Жолдауындағы  сияқты 

бұл құжаттың астарында да аса үлкен 

мән­мағына,  стратегиялық  мақсат­

міндеттер  жатыр,  бәрі  анық,  айқын 

көрсетілген.  Жаңа  2016  жылы  зор 

денсаулық,  ұзақ  ғұмыр  толағай 

табыстар тілеймін! 



Жабайхан 

ӘБДІЛДИН,

ҚР ҰҒА 

академигі, 

мемлекет 

және қоғам 

қайраткері

Жаңа  жыл  –  қашанда  әр  адамның  жүрегіне  жаңа  үміттер  мен  аппақ 

армандар ұялататын, ғажайып қиялдарға қол создыратын ең сүйікті мерекеміз.  

Барша  адамзат  бұл  күні  өткенді  ой  елегінен  өткізіп,  саралап,  Жаңа  жылға 

таза  ниетпен,  болашаққа  деген  мол  сеніммен,  нық  қадаммен  аттағанды 

қалайды.  Табалдырығымызда  тұрған  жаңа  2016  жыл  барлықтарыңыздың 

шаңырақтарыңызға шаттық, қуаныш пен бақыт ала келсін! 

Өткен оқу жылында біз білім алушылардың жаңа контингентіне 188 бірегей 

білім бағдарламасын ұсындық: бакалавриат үшін – 71 және магистратура үшін – 

81. Барлық білім бағдарламаларына дерлік атаулары мен мазмұны көп жағдайда 

әлеуметтік  серіктестеріміз  –  жұмыс  берушілер  анықтаған  пәндер  енгізілген. 

Мұның бәрі біз алдымызға «барлық студентке білім беру» қағидатынан «әр 

студентке  сапалы  білім  беру»  қағидатына  көшу  міндетін  қоятынымызды 

көрсетті. Мұндай жоғары атақ пен марапатқа ие болу – профессор­оқытушылар 

құрамы және ұжым еңбегінің нәтижесі.

Университеттің      материалдық­техникалық  базасын  дамыту  бойынша 

да  біраз  жұмыстар  атқарылды.  №  2  оқу­зертханалық  ғимараттың  құрылысы 

аяқталды.  М.В.  Ломоносов  атындағы  ММУ  Қазақстандық  филиалының 

Студенттер  үйі  пайдалануға  берілді.  ЕҰУ­дің  «Барлығы  студенттер  үшін» 

бағдарламасы  аясында  білім  ұясының  аумағында  жалпы  ауданы  8071,16  м

2

 

болатын  9  қабатты  500  орындық  жаңа  Студенттер  үйінің  құрылысы  жүріп 



жатыр. Оны алдағы жылдың  ІІІ тоқсанында тапсыру  жоспарланған.

Әр  студентке  сапалы  білім  беру,  қамқорлық  көрсету  басты  қағида.  Осы 

жұмысты  жүйелі  атқарсақ,  алар    асуымыз  –  биік,  маңдай    теріміз  –  нәтижелі 

болмақ.


Құрметті  әріптестер!  Дендеріңізге  саулық,  жанұяларыңызға  амандық, 

еңбектеріңізге  толағай  табыс  тілеймін:    Жаңа  жыл  тың  шығармашылық 

ойлар, биік кәсіби жетістіктер, керемет оң өзгерістер, жарқын кездесулер мен 

қуанышты оқиғалар, тамаша бастамалар мен оң шешімдер жылы болсын!



Ректор Е. СЫДЫҚОВ

2

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

№ 23-24 (204-205), 

желтоқсан, 2015 жыл

Алқалы  жиынға  ҚР  Президенті 

Әкімшілігінің,  ҚР  Премьер-Министрі 

кеңсесінің  өкілдері,  ҚР  Парламент 

Сенатының 

және 


Мәжілісінің 

депутаттары, ЖОО ректорлары; ұлттық 

және  республикалық  орталықтардың, 

НЗМ, 


халықаралық 

мектептер, 

республикалық 

мектеп-интернат 

және  колледждер,  ҒЗИ  және  білім 

беру  басқармаларының  басшылары; 

білім  және  ғылым  саласын  бақылау 

департаменттерінің, 

педагогикалық 

кадрлардың 

біліктілігін 

көтеру 


институттарының 

директорлары;  

ТжКБ 

бөлімдерінің 



басшылары, 

«Қазақстандық  салалық  білім  және 

ғылым  қызметкерлерінің  кәсіби  одағы» 

ҚБ  қызметкерлері қатысты. 

Алқалы  жиын  ҚР  Білім  және  ғылым 

министрі  Аслан  Сәрінжіповтің  ҚР 

Президенті  Нұрсұлтан  Назарбаевтың 

«Қазақстан  жаңа  жаһандық  нақты 

ахуалда:  өсім,  реформалар,  даму» 

Жолдауында көрсетілген тапсырмаларға 

тоқталған  баяндамасымен  басталды. 

Министрдің  айтуынша,  білім  жүйесін 

жаңғырту 

жұмыстары 

барлық 

бағыттар  бойынша  жалғасады.  Ал  



ауқымды  тапсырма  техникалық  және 

кәсіптік  білімді  дамыту  және  тиімді 

ғылыми-инновациялық  жүйені  құруға 

бағытталады. 

А.Сәрінжіпов 

бұл 


тапсырмаларды  жүзеге  асыру  бойынша 

ведомствоның  алдағы  міндеттеріне 

тоқталды. 

Сондай-ақ, 

«Тұран»  

университетінің 

ректоры 

Рахман 


Алшанов  «Мемлекет  басшысының 

Жолдауында  айтылған  реформалардың 

жаңа  кезеңдері  туралы»  сөз  қозғаса, 

Қызылорда  индустриалды-техникалық 



ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ 

МИНИСТРЛІГІНІҢ АЛҚА ОТЫРЫСЫ

ҚР Білім және ғылым министрі 

Аслан Сәрінжіпов:

«Білім жүйесін жаңғырту барлық 

бағыттар бойынша жалғасады»

2015 жылғы 11 желтоқсанда Л.Н. Гумилев атындағы 

Еуразия ұлттық университетінде Қазақстан 

Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 

кеңейтілген алқа отырысы өтті. 

колледжінің  директоры  Болат  Ахметов 

«Алғашқы 

жұмысшы 


кәсібімен 

қамтамасыз  ету  –  жастарды  табысты 

әлеуметтендірудің кепілі» тақырыбында 

ой білдірді. 

Күн  тәртібіндегі  екінші  мәселе 

бойынша  жиынға  қатысушылар  «Білім 

туралы»  Қазақстан  Республикасының 

Заңына  енгізілген  өзгерістер  мен 

толықтырулар» 

туралы 


мәлімет 

алды. 


Әр 

берілген 

толықтыру 

бойынша  қатысушыларға  түсініктеме 

беріліп,  оны  іске  асыру  бойынша 

нақты  шаралар  ұсынылды.  Аталған 

тақырыпқа  байланысты  ҚР  Парламенті 

Мәжілісінің 

депутаты 

Гүлмира 


Исимбаева,  Дулати  атындағы  Тараз 

мемлекеттік  университетінің  ректоры 

Махметғали 

Сарыбеков, 

Ақмола 

облысы 


Степногорскқаласы 

№2 


индустриалды-техникалық  колледжінің 

директоры  Елена  Крайнева,  Солтүстік 

Қазақстан облысы Білім басқармасының 

басшысыШолпан Каринова сөз сөйледі. 

Сонымен  қатар  Алқа  отырысында 

Л.Н.  Гумилев  атындағы  Еуразия  ұлттық 

университетінің  ректоры  Ерлан    Сы -

дық  ов  және  әл-Фараби  атындағы  Қазақ 

ұлттық 

университетінің 



ректоры 

Ғалымқайыр 

Мұтановтың 

есебі 


тыңдалды. 

Кездесу  соңында    ҚР  Білім  және 

ғылым  министрі  Аслан  Сәрінжіпов 

жиынға  қатысушыларды  Тәуелсіздік 

күнімен 

құттықтай 

келіп, 

ҚР 


Білім 

және 


ғылым 

министрлігі 

қызметкерлері 

және 


ғалымдарды 

ведомстволық  наградалармен  және 

ғылым  саласындағыатаулы  жүлдемен 

марапаттады. 



Баспасөз қызметі

3

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

№ 23-24 (204-205), 

желтоқсан, 2015 жыл

Мерейтой

Еліміздің Тәуелсіздік күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің 

Жарлығымен  елдің  әлеуметтік-экономикалық  және  мәдени  дамуына,  халықтар 

арасындағы  достық  пен  ынтымақтастықты  нығайтуға  қосқан  елеулі  үлесі 

және  белсенді  қоғамдық  қызметі  үшін  Л.Н.  Гумилев  атындағы  Еуразия  ұлттық 

университетінің ректоры, ҚР ҰҒА академигі, тарих ғылымдарының докторы Ерлан 

Сыдықов ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды.

Елбасының өз қолынан ІІ дәрежелі «Барыс» орденін алған Ерлан Бәтташұлы 

дүйім жұртты Тәуелсіздік күнімен құттықтап, болашақта Мемлекет басшысының 

жүргізіп  отырған  бағыт-бағдары  мен  саясатына  қолдау  көрсете  беретіндігін 

жеткізді. 

Сонымен бірге университет ректоры, ҚР ҰҒА академигі, тарих ғылымдарының 

докторы,  халықаралық  «Мangi  El»  ғылыми-көпшілік  тарихи  журналының  бас 

редакторы Ерлан Сыдықов Халықаралық Шыңғыс Айтматов атындағы сыйлықтың 

иегері атанды. 

Мереке  қарсаңында  Еуразия  ұлттық  университеті  профессор-оқытушылар 

құрамының да еңбектері елеусіз қалған жоқ. Мемлекет басшысының  жарлығымен 

ғалым-жазушы  Тұрсын  Жұртбай  мен  ф.ғ.д.  ғалым,  профессор  Серік  Негимов  

«Қазақстанның  еңбек сіңірген  қайраткері» атағын алды.

Біз,  Еуразия  ұлттық  университетінің  бүкіл  профессор-оқытушылар  құрамы, 

сала қызметкерлері, студент-жастары  награда иелерін шын жүректен құттықтап, 

дендеріне саулық, отбастарына амандық, шығармашылық табыс тілейміз!



ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Сардарбек  Әбиұлы  Әбиев  ботаника 

және  микология  мамандықтары  бойынша 

биология  ғылымдарының  докторы  елімізде 

эксперименттік 

микология 

мектебін 

қалыптастырған  ғалым.  Негізгі  ғылыми 

еңбектері  Қазақстанның  табиғи  және  мәдени 

өсімдіктерін  ауруға  шалдықтыратын  тат 

саңырауқұлақтарын  зерттеуге  арналған.  Осы 

бағыттарда  Қазақстанның  барлық  табиғат-

климат  аймақтарына,  көршілес  жатқан 

Қырғызстан,  Өзбекстан,  Ресей  (Омбы 

обл.)  жерлеріне  арнайы  экспедициялар 

ұйымдастырып, 

салыстырмалы 

зерттеу 


мақсатында Қырым, Кавказ, Памир, Камчатка, 

Сахалин 


жерлерінде 

ұйымдастырылған 

экспедицияларға қатысып, өсімдіктің паразитті 

саңырауқұлақтары 

жайында 

жан-жақты 

мәліметтер жинады.

2004  жылы  С.  Әбиев  басқарған  Ботаника 

және  фитоинтродукция  институты  Халық-

аралық  Бизнес  және  басқару  жоғарғы 

институтының  (Женева–Швейцария)  сарап-

тау  кеңесінің  шешімімен  “Өте  жоғарғы 

іскерлік  беделі  үшін”  атты  алтын  медальмен 

марапатталды. 

Жақын  және  алыс  шет 

елдерде  өткен  халықаралық 

форумдарда 

(микологиялық 

конгресс,  ТельАвив,  2001; 

Ботаникалық 

бақтарды 

сақтау  және  дамыту  атты 

симпозиум, Кейп Таун, 2003, 

т.б.) баяндамалар жасады. Шанси және Пекин 

университеттерінде дәрістер оқыды.

Республикалық,  жақын 

және 

алыс 


шетелдерде  жарық  көрген  193  ғылыми 

мақалалардың,  8  монографиялық,  1  ғылыми 

жалпылама  жұмыстардың,  3  сөздіктің 

(биология  саласы  бойынша:  қазақша-

орысша,  орысша-қазақша  және  терминдік 

түсіндірме  сөздік),  1  микологиялық  және 

фитопатологиялық  анықтама  сөздіктің  және 

«Фитопатология»  атты  екі  бөлімнен  тұратын 

оқулықтың  авторы.

С.  Әбиевтің  жетекшілігімен  2  ғылым 

докторы,  9  ғылым  кандидаты  және  6  PhD 

докторлары  диссертацияларын  қорғап,  тиісті 

ғылыми атақтарын алды. 

Сардарбек  Әбиұлы  1995-2005  жж. 

ботаника  саласы  бойынша  докторлық 

диссертациялық кеңестің төрағасы. 2000-2008 

жж.      Халықаралық  және  Орталық  Азиялық 

ботаникалық  бақтар  кеңесінің  мүшесі.  2000-

2003  жж.  Қазақстан  Үкіметі  жанындағы 

ғылым,  техника  және  білім  беру  саласындағы 

мемлекеттік сыйлықтары жөніндегі комиссиясы 

Президиумының  мүшесі.  19961997  жж. 

Қазақстан  Республикасының  Парламенті 

жанынан құрылған уақытша жұмыс топтарының 

құрамында  “Ерекше  қорғалатын  табиғи 

аймақтар”  атты  Қазақстан  Республикасының 

заңының  жасалуына,  кейіннен  оған  өзгерістер 

енгізілуіне қатынасқан. Трансшекаралық Батыс 

Тянь-Шаньдық  “Биологиялық  алуантүрлілікті 

қорғау”  атты  жобаның  бақылау  комитетінің 

мүшесі.  Білім  және  ғылым  министрлігінің, 

Білім  және  ғылым  саласындағы  бақылау 

Комитетінің  биология  саласы  бойынша 

сараптау  комиссиясының  төрағасы  (2007- 

2011),  Президиум  мүшесі  (2011-2012). 

Білім  және  ғылым  министрлігі  Болон  және 

академиялық 

ұтқырлық 

орталығының 

(Нострификация)  биология  саласы  бойынша 

сараптау  комиссиясының  төрағасы  (2008 

жылдан бері). Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 

ұлттық  университетінің  "Хабаршы"  ғылыми 

журналының Жаратылыстану және техникалық 

ғылымдар сериясы редакция алқасының мүшесі.

БҒМ  тағайындаған  үздік  ғалымдарға 

берілетін  стипендияның  иегері  (2005  ж.); 

“Қазақстан  Республикасының  Тәуелсіздігіне 

10  жыл”  атты  медалімен  (2001ж.),  Қазақстан 

Республикасының  ғылымын  дамытуға  сіңірген 

еңбегі үшін медалімен (2004 ж.) марапатталған.

Еуразия  ұлттық  университетінің  бүкіл 

профессор-оқытушылар 

құрамы, 


сала 

қызметкерлері,  студент-жастары  мерейтой 

иесін туған күнімен құттықтап, зор денсаулық, 

ұзақ өмір, шығармашылық табыстар тілейміз!

 МИКОЛОГИЯ МЕКТЕБІН 

ҚАЛЫПТАСТЫРҒАН 

ҒАЛЫМ 

Әбиев Сардарбек Әбиұлы 70 жаста



Л.Н.  Гумилев  атындағы 

ЕҰУ  қабырғасында  ҚР  Білім 

және  ғылым  министрлігі  алқа 

мәжілісінде  білім  және  ғылым 

саласына  қосқан  үлесі  үшін 

жарияланған  конкурстың  нәти-

жесі  жарияланып,  Халықаралық 

қатынастар  факультеті,  Түркі-

тану кафедрасының профессоры 

Шаймердинова  Нұрила  Ғаббас-

қызы түркітану ғылымы саласына 

қосқан  үлесі  үшін  «Күлтегін» 

сыйлығына ие болды. 

ЕҰУ  ұжымы  Нұрила  Ғаббас-

қызын шын жүректен құттықтап, 

ғылымға  қосар  үлесіңіз  көбейе 

берсін деген тілек білдіреді! 

«Күлтегін» 

сыйлығына 

ие болды


4

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

№ 23-24 (204-205), 

желтоқсан, 2015 жыл

№5 Оқу-зерттеу ғимаратының 

кітапханасына қарасты  412-дәріс-

ханасында  «Жолдау – өзек, жастар 

оған тірек» атты тақырыппен Елбасы 

Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан 

халқына «Қазақстан жаңа жаһандық 

нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» 

атты биылғы Жолдауына филология 

факультетінің президент стипендиясын 

алушы студенттер  қатысып факультеттің 

белсенділері мен оқу озаттарын 

Жолдаудан алған әсерлерімен 

бөлісу сағатын ұйымдастырды. 

Оған факультеттің Жастар саяси 

орталығының мүшелері, «Алқа» әдеби-

сазды клуб құрамы, «Лағыл» қыздар 

клубы, «Жас Отан» Жастар қанаты 

құрамы, «Avenue» Жастар  арнасы,  

«Сенім» кәсіподақ ұжымы, «Алтын 

белгі» қауымдастығының студенттері 

қатысты.


Жолдау – елдің мақсаттары 

мен міндеттерін түсіндіретін, 

 

болашағымызға бағдар ететін басты 



«Жолдау – өзек, жастар оған тірек»

құжат. Ал, сол мақсат-мұраттарды жүзеге 

асырып, ұлт болашағының жарқын 

болуына игілікті істер тындыратын, 

аянбай тер төгетін – жастар. Елбасы 

әрдайым саналы жастарға үлкен сенім 

артып келеді. Арқасына артылған 

жүкті сезінген бүгінгі студент -  алдағы 

мақсаттарын халық қамын жақсартумен 

байланыстырған, еткен еңбегінің 

жемісін жаһандану заманындағы 

Қазастанның нық қадамдары деп білген 

болашақ ел тізгінін ұстар азамат. Өз 

өмірлеріндегі маңызды кездесулердің 

бірі деп санап, шынайы ұлшылдық 

сезімі кеудесін кернеген қатысушы 

студенттер арасында Еуразия 

ұлттық университетінің студенттері 

де табылды. Университетіміздің 

ең белсенді, ең білімді, ең алғыр 

деген студенттер құрамы  «Жолдау 

– өзек, жастар оған тірек» жиыны 

аясында филология факультетінің 

белсенділерімен жүздесіп, Жолдаудан 

алған әсерлері жөнінде әңгіме өрбітті.

Аталмыш іс-шараның өтуіне 

атсалысқан деканның студенттермен 

жұмыс жөніндегі орынбасары Гүлмира 

Әбдімәуленқызы сөз сөйлеп, Жолдауда 

талқыланған негізгі мәселелерге 

студенттер назарын аударды. Жиында 

филология факультетінің белсенді 

студенттері Илеубаева Айсұлу, 

Балтабай Досжан, Жалелов Дәулет, 

Сұлтан Есбол, Арыстанбекова Назым 

да өз ойларын ортаға салды. 

Шара соңыңда жас қаламгер 

Жалелов Дәулет өзінің Президентке 

арнаған  «Абылайдың арманын 

орындаған Елбасы» атты өлеңін 

оқып, көрермен қошеметіне ие болды. 

Қызықты жиынның куәгері болған 

филология факультетінің белсенділері, 

Жолдауды жете түсіне білген студенттер 

жақсы көңіл-күйде тарқасты. 

Филология факультетінің 

«Avenue» Жастар арнасы

Елбасы Жолдауын қолдаймыз!

Елбасының жыл сайынғы 

Жолдаулары – еліміздің 

тәуелсіздігінің нығаюы, мемле 

ке-


ті міздің нық іргетасын қа лаудағы 

маңызды шаралардың бірі. Еліміз 

"тәй-тәй" басып, тәуелсіздік 

туын желбіреткеннен бастап 

Президентіміздің нұсқаған бағдары 

мемлекетімізді тек алға  жетелеуде. Әрине, егемендікке қо 

жеткізу оңай емес, алайда оны жаһандану заманындаболып 

жатқан ахуал жағдайында сақтап қалу одан да қиын. 

Осыдан екі жыл бұрын Елбасы "Қазақстан-2050" 

Стратегиялық жоспарын жариялаған болатын. Бүгінде, 

бұл бағыттың арқасында көптеген мәселелер шешіліп 

отыр. Президентіміздің осы жолғы жолдауы жаһандану 

заманындағы теке-тірестерге бой алдырмас үшін, көбіне 

антикризистік стратегияға бағытталған. Менің ойымша, 

Елбасының ұсынған бағыты еліміздің бүгінгі қатерлер 

мен мүмкіндіктер заманында әрі қарай дамуын шарықтата 

түспек. 

Еліміздің қамы үшін әрбіреуіміздің тамшыдай болсын 

үлесіміз маңызды. Өйткені, біздің басты мақсатымыз 

- 30 дамыған елдер қатарына кіріп, тұтқасын нық 

ұстар "Мәңгілік елге" айналу. Елбасымыздың салиқалы 

саясатының арқасында мемлекетіміз "тар жол, тайғақ 

кешуде" дұрыс бағыт анықтап,  кез келген сыннан мүдірмей 

өте алады.  Сен  еліңе қажетсің, елің саған қажет!  



ЕҰУ  БІЛІМ  АЛУШЫЛАРЫНЫҢ  ПІКІРІ

Елбасының әрбір Жолдауы 

ел қамы үшін екені белгілі. 

Басшының жолдауы да 

тығырықтан шығар жолды 

көрсетері сөзсіз. Қысылтаяң 

уақытта Президенттің 

көрсеткен сара жолы әркімге қажет. Халықтың 

басына күн туғанда қиындықтан алып шығар – 

басшының көрсеткен жолы ғана. Н.Ә. Назарбаевтың 

кезекті Жолдауы да қазақ елі үшін пайдасы мол 

боларына кәміл сенімдімін. 

Теңгенің едәуір құлдырағаны кімге болмасын 

ауыр тиіп жатқаны белгілі. Бірақ біздің Елбасымыз 

тұрғанда қандай да бір қиындық болмасын еңсереріміз 

айдан анық.  Қазақта Назарбаевтай Елбасымыз 

тұрғанда күн санап өркендей берері сөзсіз. Кезекті 

Жолдауы да игілікке бастарына сенемін. Тәуелсіздік 

алғаннан бері де талай тығырықтан өткен біздің ел бұл 

дағдарыстан да өтері сөзсіз. Бастысы Президентке 

деген сенім мен халық арасындағы бірліктің болуы 

қажет. Елбасының көрсеткен сара жолымен талай 

қиындықтан өткенбіз, амандық болса, бұл сыннан да 

сүрінбей өтеміз!

2015 жылдың 30 қараша күні 

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың 

Қазақстан халқына Жолдауын 

теледидар арқылы емес, өз көзіммен 

көріп, өз құлағыммен есту бақыты 

бұйырды. 

Биылғы Жолдауында Елбасы-

мыз Қазақстанның дағдарысқа 

қарсы мүмкіндіктерін баса назарға ала отырып, 

жаһандық дағдарыстың қауіп қана емес, сонымен бірге 

жаңа мүмкіндіктер екенін атап өтті. Бұл жолы еліміздің 

дағдарысқа қарсы алдын алу стратегиясын алғаш рет 

қолданып отырғаны көпшілікке мәлім. Қазіргі дағдарыс 

уақытында осы тығырықтан шығу үш маңызды - өсім, 

реформалар, даму ұғымдарымен сәйкес. 

Сонымен қатар Елбасымыз кәсіпкер, іскер 

азаматтарымызға жекешелендірудің жаңа легіне белсене 

қатысуды, қаржыны заңдастырып, қуатты ел болу жолында 

өзіне және өзгелерге жәрдемдесуге кеңес берді. Осы 

тұста маған ұнағаны – қазақстандық тауарлардың сапалы, 

ыңғайлы, әдемі әрі арзан болуы қажет екендігіне баса 

назардың аударылғандығы болды. 

Еліміздің болашағы, жаңа әрі жас буыны – біздер! Қазіргі 

техникалық мамандықтардың, ғылым мен инновацияның 

шарықтап тұрған заманында, біздер шеберліктің шыңына 

жете біліп, білімді, еңбекқор, бастамашыл, белсенді болуға 

дағдылануымыз қажет! 

Аян Ерментаев

Заңғар Орманша

Данияр Азамат 

Елбасымыз жыл сайынғы Жолдауында 

Ұлы  жоспарлар  негізінде  атқарылған 

істерге  терең  талдау  жасай  отырып, 

қол  жеткен  нәтижелерді  жан-жақты 

саралап, 

бағалайды. 

Ағат 


кеткен 

кемшіліктерді  де  дер  кезінде  тауып,  оны 

уақытында  түзетуді    үкіметке  жүктейді. 

Еліміз  тәуелсіздіктің  25  жылдығына 

аяқ  басты.  Осы  ширек  ғасырға  жуық 

уақытта  Қазақстанның  ең  үлкен  олжасы 

–  тыныштық  болды.  Бұл  еліміздегі 

барлық  ұлттардың  ынтымақ-бірлігінің 

арқасында 

жүзеге 


асты. 

Әсіресе, 

«мың  өліп,  мың  тірілген»  кеңпейілді 

қазақтың  қасиетімен  ғана  шаңырағымыз 

шайқалмай,  керегеміз  кеңге  жайылды.

Қазақ  хандығының  550  жылдығы 

аясында  өлгенімізді  тірілтіп,  өшкенімізді 

қайтадан 

жандандыра 

бастадық. 

Тарихымызды  қазақтың  көзімен  қарап, 

қайыра  жазып,  арманда  кеткен  Алаш 

арыстарының 

аманатын 

орындауға 

тынбай  атсалысып  жатырмыз.  Алаш 

қозғалысының  әу  бастағы  түпкі  ойы  – 

қазақ  елінің  тәуелсіздігі  болатын.  Елбасы 

Жолдауының  басында  «Тәуелсіздікті 

баянды  ету  оған  қол  жеткізуден  де 

қиын»  десе,  аяғында  «Тәуелсіздіктің 

туын  желбіретіп,  тұғырын  нығайтқан 

біздің  тарих  алдында  жүзіміз  жарқын! 

Біздің  тірегіміз  –  тәуелсіздік,  тілегіміз 

–  тұрақтылық,  білегіміз  –  бірлік»  деді. 

Міне,  осыдан-ақ  біздің  "Мәңгілік  Ел" 

идеямыздың  өзегі  –  тәуелсіздік  екенін 

анық  аңғарамыз.  Тоқсан  ауыз  сөзіміздің 

тобықтай  түйінін  және  де  Мемлекет 

басшысының  сөзімен  түйіндесек:  «Мен 

барлық  саяси  партияларды,  қоғамдық 

бірлестіктерді, 

барлық 

азаматтарды 



Отанымыздың  игілігі  жолындағы  ортақ 

іске бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара 

отыра  жұмылып,  аталған  Жолдауды 

жүзеге 


асыруға 

белсене 


қатысуға 

шақырамын»  деген  болатын.  Сондықтан 

біздің  оқу  ордамыздың  оқытушылары 

да  осы  міндет  биігінен  көріну  жолында 

бір 

кісідей 


атсалысатын 

болады. 



  1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал