22 шілде №83 (17020) 2014 жыл



жүктеу 0.62 Mb.

бет1/7
Дата11.09.2017
өлшемі0.62 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7

ДИДАР

шығыс қазақстан Облыстық газеті



1931 жылдың 24-қазанынан шығады 

сейсенбі

22 шілде

№83 (17020)

2014 жыл

www.media-vko.kz 

Палатцы  ауылдық  округі  аумағындағы  «Елдар»  шаруа  қожалығы  қазақтың  ақ  бас 

сиырларын, байыс тұқымды қой, мұғалжар және жабы жылқысын өсіруге маманданған 

ірі шаруашылыққа айналып отыр.

аумағы  атшаптырым  кешен  Песчанка 

ауылынан  қашық  емес,  бұрынғы  «самар» 

кеңшарының  №4  тауарлы  сүт  фермасында 

орналасқан.  шаруашылықтың  беталысы  жа-

ман емес. 

шаруашылық басшысы – ербол шәкеров. 

Кәсіпкер жұмыс бабымен жүргендіктен, бізге 

шаруашылықтың бүгінгі тыныс-тіршілігі тура-

лы қожалықтың меңгерушісі Владимир бело-

усов әңгімелеп берді. 

–  биыл  ақтөбе  облысынан  ет  бағытын- 

дағы мұғалжар тұқымды 42 бас жылқы әке- 

лінді.  Жылқының  бұл  тұқымы  көп  күй 

талғамайды,  біздің  өңірдің  ауа  райына 

бейімделген,  бұл  тұқымның  біздің  облыс-

та  алғаш  рет  пайда  болып  отырғанын  атай 

кету  керек.  Өткен  жылдан  бері  бие  бай-

лай  бастадық.  Күніне  30  литрден  саумал 

жиылып,  ашыған  соң,  облыс  орталығында 

сатып  отырдық,  –  дейді  Владимир  бе-

лоусов.  –  болашақта  жылқыларға  қора 

саламыз,  қымызды  шөлмектерге  құятын 

қондырғы  сатып  алып,  бағалы  сусынды  ау-

дан  жұртшылығына  ұсынуды  жоспарлап  

отырмыз. қымыз өндіру қуатын тәулігіне 300 

литрге жеткізу көзделген. бұл мақсатқа жету 

үшін, мұғалжар және жабы тұқымды 200 бас 

бие өсіріп отырмыз. 

Меңгерушінің  айтуынша,  шаруашылық- 

та  Палатцы  және  Песчанка  ауылдарынан  

15  адам  жұмыс  істейді.  қаспақовтардың  от-

басы  осы  жерде  тұрады,  отанасы  сәуле  –  

аспаз,  жұбайы  нәскен  –  малшы.  Жұмыс-

шылардың  барлығы  әлеуметтік  аударым-

дармен  қамтамасыз  етілген,  ай  сайын  ең- 

бекақы  беріледі,  еңбек  келісімшарты  жа-

салған. 


бордақылау  алаңында  он  бас  жылқы 

семіртілуде.  есік  алдындағы  қорғанда  жаңа 

туған  төлдерімен  сиырлар  жүр.  сиыр  табы-

нын  асылдандыру  мен  мал  басын  арттыру 

үшін,  145  сиырға  қазақтың  ақ  бас  тұқымды 

5  бұқасы  сатып  алынған.  қойдың  байыс 

тұқымы да өсіп жатыр, шаруашылықтың қой 

Тірек ауылы

агробизнес–2020

«невада-семей» қозғалысына – 25 жыл

серік Әбілхан

«Елімізде ең көрікті ауыл екеу болса, соның бірі – Қаратал», – дейді зайсандықтар. Бұл сөздің жаны бар. Бағандарында гүл өсіп, 

бау-бақшасында жеміс-жидегі самсаған, көшесінде көлденең ағаш жатпайтын көрікті ауылдың көркем келбеті – расымен де, көрген 

жанның көз қуанышы. Ал мұндай көрікті ауылдың әлеуметтік-экономикалық ахуалы төмен болуы тиіс емес.

(Жалғасы 2-бетте)

Түйемойнақ аралы түрлене түседі

ҚАРАТАЛдА ТұРғындАРғА 

ҚАжеТТінің бәРі бАР

раушан нұғманбекова

Семейдің  бас  жоспары  бекітіліп,  алдағы  уақытта  шаһардың  сәулеті 

арта  түсетін  болады.  Бұрындары  қалай  болса,  солай  салына  беретін  сау-

да  орындары,  нысандар  енді  тек  бас  жоспар  негізінде  ғана  өз  тәртібімен 

тұрғызылады.  Бас  жоспарды  жобалаушы  «ГРАДО»  ЖШС-нің  директоры 

Әркенжан  Маметов  қаланың  оң  және  сол  жағалауы,  орталық  бөлігінің  

жоспарымен таныстырды.

Оның  айтуынша,  бас  жоспарды 

дайындау  барысында,  ең  алдымен, 

тоғыз  жолдың  торабында  орналасқан 

семейдің 

географиялық 

орнала-

суы,  қаланың  аумақтық  дамуы  мен 



қалыптасып  келе  жатқан  инженерлік 

коммуникацияларға  ерекше  көңіл 

бөлінген.  қаланың  түбегейлі  жоспар-

лануы  ережеге  сәйкес,  барлық  даму 

деңгейін  әрі  халық  санының  өсуін, 

аумағының  өзгеруін  ескере  отырып, 

50  жылға  дейінгі  аралықты  қамтыған. 

соған  орай  11  ықшамауданның 

жаңа кейіпке енген арал семейліктердің 

сүйікті  демалыс  орнына  айналған. 

түйемойнақ 

аралындағы 

тарихи-

мәдени  кешенге  қала  тұрғындары 



мен  қонақтары  жаздың  күні  жиі 

келеді.  «театр  киім  ілгіштен  бастала-

ды»  демекші,  кешеннің  кіреберісіндегі 

мәрмәр  қақпа  оған  айрықша  сән-

салтанат  беруде.  ал  тас  плиталардан 

қашалған жол бойындағы сәкілер мен 

шамдар  кешеннің  көркемдік  мәнін 

айшықтайды.  Даңғыл  жолдың  тура 

бейбітшілік  стелласына  апаратыны 

тегін  емес.  бұл  халқымыздың  ниеті 

түзу, пейілі кең, болашаққа көзқарасы 

жарқын екендігін білдіреді.

– семейдегі бірегей демалыс орны 

саналатын  түйемойнақ  аралы  бүгінде 

ынтымақ пен бейбітшіліктің символына 

айналды,  –  дейді  қала  тұрғыны  сәуле 

сәкентаева. 

ал  «Мэрлер  бейбітшілік  үшін» 

ұйымының мына бір естелік құлпытасы 

оның  мазмұнын  аша  түскендей.  бел-

гітас  халықаралық  ұйым  хатшылығы 

өкілдерінің  семейге  іссапары  кезінде 

орнатылған  болатын.  айта  кету  керек, 

«Мэрлер  бейбітшілік  үшін»  қозғалысы 

2020  жылға  дейін  әлемдегі  ядролық 

қаруды жою мақсатын көздейді. бүгін-

де оның құрамында бес мыңнан астам 

қала  бар.  «бейбітшілік»  белгітасынан 

кейін  елбасы  нұрсұлтан  назаРбаеВ-

тыҢ  «Ядролық  сынақтарды  тоқтату» 

туралы  тарихи  Жарлығы  қашалған 

тас  кітаптың  белгісі  де  көрген  адамға 

ерекше  әсер  етеді.  биыл  –  «невада-

семей»  антиядролық  қозғалысының  

25  жылдығы.  Олай  болса,  түйемой-

нақты  көркейту  –  семейліктер  үшін 

үлкен қуаныш.

–  түйемойнақта  біз  жоспар  бо-

йынша спорттық аймақ құруды ұсынып 

отырмыз,  –  дейді  «гРаДО»  Жшс-нің 

директоры Әркенжан Маметов. 

(Соңы 2-бетте)

кешенді  дамуын,  маңызды  магис-

тральды  көшелердің  кеңейтілуі,  ба-

лабақша,  мектеп,  аурухана  сынды 

әлеуметтік нысандардың құрылыстары 

да қарастырылған. Мәселен, ертіс өзе-

ні  бойындағы  жасыл  желекті  аумақты 

демалыс  орындары  ретінде  тиімді 

пайдалану  көзделген.  Осы  орайда, 

түйемойнақ  аралына  қатысты  жоспар 

да  ерекше  екендігін  айта  кету  керек. 

бүгінде  адам  аяғы  саябырсымайтын 

көрнекті жерлердің бірі – түйемойнақ 

аралы. Күрделі жөндеуден өтіп, бүгінде 

отарындағы ұсақ мал 400 басқа жеткен. 

–  бізде  жемшөп  жеткілікті.  Меншіктегі 

егіс  алқабына  сұлы  мен  арпа  егеміз,  –  дейді 

шаруашылық меңгерушісі. 

шаруашылық қазір науқандық жұмыстар-

ға  дайындалуда.  тракторшы  Михаил  Козен-

ков өзінің темір тұлпарын егіс жинау жұмысы-

на  даярлап  жатыр.  Кешен  аумағы  толықтай 

қоршалып, айнала жарық орнатылған. Кешен 

аумағында қат-қабат етіліп құрылыс матери-

алдары  жиналған.  алдағы  уақытта  құрылыс 

жұмысын  жүргізу  жоспарланып  отыр.  Жаз-

да  машина-трактор  паркіне  бокстар  мен  

асхана салынбақшы. 

 Палатцы ауылдық округінің әкімі берікбол 

Мұқышевтың  айтуынша,  «елдар»  шаруа 

қожалығы  округте  ұйымдастырылатын  түрлі 

шараларға демеуші болып келеді. қажет кез-

де  техника  бөліп,  қолдан  келген  көмектерін 

аямайды.  құрылғанына  үш  жыл  болған 

қожалық  қазір  әжептәуір  табысқа  жетіп  

отыр. 


Клара Нұрпейісова

Көкпекті ауданы.

Қайда? Қашан?



Көкжарлы Көкжал 

бараққа ескерткіш 

орнатылады

3-бет

Құнды жәдігер қай жер-

де сақтаулы?

екі ғасыр бұрын 

жасалған қару 

табылды

6-бет

оТ

басылық бизнес

қ

ыс қамы

о

мар

Та шаруашылығы

«Жұмыспен  қамтудың  жол  карта- 

сы-2020»  бағдарламасы  аясында  өз  

кәсібін  бастаған  ерболат  Мұқамет-

қалиұлы  алған  несиесін  ата  кәсіпті 

дамытуға  жұмсап  келеді.  Мемле-

кет  қамқорлығының  арқасында  ісін 

кеңейтіп,  ойлаған  жоспарын  жүзеге 

асырып отырған жігіт бүгінде тынымсыз 

еңбектенуде. Өйткені, оның кәсібі жыл 

мезгілдеріне тәуелді. Жаздың жадырап 

тұрған  шағында  қарманып  қалмаса, 

алған несиені уақытында төлеу қиынға 

айналуы  мүмкін.  бие  байлап,  қымыз 

баптауға бала кезден икемі бар ерболат 

бүгінде отбасылық бизнесін дөңгелетіп, 

төрт  бірдей  іні-қарындасын  жұмыспен 

қамтып отыр. 

Ұлттық асхананың өңірімізде өркен 

жаюы  үшін  Жұра  ауылында  істеліп  

жатқан  оңды  істердің  басында  ер-

болаттай  жігіттердің  жүргені  көңілге 

қуаныш  ұялатады.  Ол  кәсібінің  ауқы-

мын  кеңейтуді  жоспарлап  отыр.  Мал 

басын көбейтіп, тағы да жұмыс орнын 

ашпақ.  ал  қазір  ол  ашқан  асханаға 

келушілер көп. 

Бородулиха ауданы.

қазір  тоғыз  бу  қазандығының 

төртеуінде  жөндеу  жұмыстары  аяқ-

талса,  үшеуінде  әлі  жалғасып  жатыр. 

Одан бөлек жеті турбинаның үшеуінде 

ағымдағы жөндеу жүргізілсе, төртеуін-

де  күрделі  жөндеу  жұмыстары  алдағы 

уақытта  атқарылады.  нәтижесінде  то-

ғыз қазандық пен жеті турбина алдағы 

жылыту маусымына тас-түйін болмақ.

сондай-ақ,  орталықта  технология-

лық үдерістерді басқарудың автоматты 

жүйесін қайта қалпына келтіру, өндіріс-

тік  ғимараттардың  электротехникалық 

және көмекші қондырғыларын жөндеу 

қолға алынған.

биылға  межелеген  ең  ірі  жобаның 

бірі  –  №9-шы  турбинаны  күрделі 

жөндеуден өткізу және 120 мВт қуатқа 

ие №12-ші турбинаның құрылысы де-

сек,  екеуі  де  жоспарлы  уақытта  тәмам 

болмақ.


бүгінгі  күні  кәсіпорында  110  мың 

тоннадан астам көмір қоры сақталған. 

бұл – жиырма күнге жеткілікті отын.

Шығыс-Ақпарат

қожалық  басшысы  В.самсоновтың 

айтуынша,  құны  жеті  миллион  теңгені 

құрайтын украиндық «аИВ-50» агрега-

тын  ұлы  екеуі  арнайы  нұсқауға  сәйкес 

құрастырыпты.

Әрбір  жаңа  істің  қиындықтармен 

келетіні  сөзсіз.  Жоғары  сапалы  да-

йын  өнімге  қол  жеткізу  үшін,  оңтайлы 

техникалық, технологиялық өлшемдер 

жасап  шығарумен  қатар,  жұмсалатын 

материалдың үнемделуін де ескеруіміз 

керек.  қазір  айтарлықтай  нәтижеге  

қол  жеткіздік,  әріптес-омарташылар-

дан тапсырыс алуға дайынбыз, – дейді 

В.самсонов. 

Цехтың  тұсаукесеріне  омарташы-

лар,  ауыл  тұрғындары  көп  жиналды. 

бал  Катонқарағай  ауданының  бренді-

нің бірі болғандықтан, омарташыларға 

аса  қажет  дүниелердің  ауданда  жа-

салуы  олардың  жұмысын  әжептәуір 

жеңілдетпек.  қазірдің  өзінде  ауданда-

ғы  омарта  шаруашылықтары  шаруа 

қожалығына тапсырыс беріп жатыр.

Катонқарағай ауданы.

Төрт бірдей 

туысқанын 

жұмыспен 

қамтыды

Өскемен жЭО-да

жөндеу 

жұмыстары 

қарқынды

Ара ұяларын 

жасайтын цех 

ашылды

Белағаш өңірінде қазақ асханасы қайта түлеп келеді. Қарағайлы ауы-

лының маңында орналасқан қымызхана осы сөзімізге дәлел бола алады.

Өскемен  ЖЭО-да  жылыту  маусымына  дайындық  бойынша  жөндеу 

бағдарламасы  сәтті  жүзеге  асырылуда.  Ағымдағы  жылға  белгіленген 

жөндеу жұмыстарына жиыны 5,3 млрд. теңге қаражат бөлінген.

Солоновка ауылындағы «Восход» шаруа қожалығында бос ара ұяларын 

жасайтын  цех  ашылды.  Ауданның  омарташылары  бұған  дейін  ұяларды 

Зырян қаласы және басқа жақтардан сатып ауға мәжбүр болатын.

Эльмира Тайырқызы

серік Әбілқасымұлы

Телекөпір

Бұл  сайыста  кімдер  топ 

жарды?

Аударыспақтан 

алғаш рет 

облыстық 

чемпионат 

ұйымдастырылды 

6-бет

Мүгедек  балаларды  ит-

пен қалай емдеуге бола-

ды?


Өскеменде 

канистерапия 

қолға алына 

бастады 

3-бет

мемлекеТТік қызмеТ

Электрондық үкіметті 

пайдалануда алдыңғы 

қатарда келеміз

нұржан кенжеұлы

Облысымызда  мемлекеттік  қызмет  көрсету  сапа-

сы  қандай  және  қарапайым  халыққа  ол  қаншалықты 

қолжетімді?  Кеше  Өскемен  қаласында  бас  қосқан 

сараптамалық  фокус-зерттеу  тобының  мүшелері  осы 

және өзге де сұрақтарға тұщымды жауап іздеуге тырыс-

ты.

екі  күнге  жалғасатын  басқосуға  еліміздің  Экономика 

және  бюджеттік  жоспарлау,  сонымен  қатар,  Өңірлік  даму 

министрліктерінің  өкілдері,  облыстық  басқармалар  мен 

департаменттердің  қызметкерлері  қатысып,  өзара  пікір  ал-

масатын  болады  деп  жоспарлануда.  қатысушылар,  әсіресе, 

сәулет  және  қала  құрылысы,  сондай-ақ,  табиғи  ресурстар 

және  табиғат  пайдалануды  реттеу  салаларына  ерекше  мән 

бермек.

айта  кетейік,  соңғы  жылдары  ел  аумағында  мемлекет-



тік  қызмет  түрлеріне  жан-жақты  мониторингтер  кешенді 

түрде  жүргізіліп  келеді.  бір  мысал  келтірер  болсақ,  2013 

жылдың  желтоқсанынан  2014  жылдың  ақпаны  аралығында 

мемлекеттік  органдар  мен  ұйымдар  тарапынан  көрсетілетін 

қызметтер  сапасына  30-дан  астам  қоғамдық  мониторинг 

жүргізілген екен. 

Мұндай  мониторингтерді  ұйымдастырудың  мақсаты  жа-

йында  баяндама  жасаған  байланыс  және  ақпарат  агенттігі 

электрондық  қызметтерді  және  халыққа  қызмет  көрсету 

орталықтарын  дамыту  департаментінің  директоры  абылай-

хан Оспанов былай дейді:

– бүгінге дейін дәл осындай жұмысты Оңтүстік қазақстан, 

солтүстік  қазақстан,  қызылорда  және  Маңғыстау  облыста-

рында  өткізгенімізді  айта  кеткім  келеді.  енді,  міне,  шығыс 

қазақстанға келіп отырмыз. Жалпы, сіздердің облыстарыңыз 

халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлері мен сапасы 

жағынан өзге өңірлерден анағұрлым алда келеді. бұған аймақ 

басшылығының  қолдауымен  электрондық  үкіметтің  жап-

пай  қолданысқа  енгізілуі  ерекше  септігін  тигізуде.  Мысалы, 

қазіргі  уақытта  облыс  халқының  компьютерлік  сауаттылығы 

айтарлықтай  жоғары  деңгейде,  тұрғындардың  көпшілігі 

ғаламтормен  де  жұмыс  істей  біледі.  Жалпы,  біздің  түпкілікті 

мақсатымыз  да  осы.  қазақстандықтардың  компьютерлік 

сауаттылығы  кем  дегенде  80  пайызды,  ғаламтормен,  оның 

ішінде ұялы телефон арқылы да жұмыс істей білуі кем дегенде 

75 пайызды құрауы тиіс. Осы арқылы  қазақстанды әлемдегі 

электронды  жағынан  сауатты  25  елдің  қатарына  енгізуді 

мақсат етіп отырмыз.

а.Оспанов сонымен қатар, 2015 жылы шығыс қазақстанда 

арнайы  қызмет  көрсететін  жаңа  орталық  ашылатынын  тілге 

тиек етті. атап айтқанда, бұл орталықта, әсіресе, көлік иелеріне 

жан-жақты  көмек  көрсетіледі.  темір  тұлпардың  құжаттарын 

жөнге  келтіру,  жүргізуші  куәлігін  алу  сияқты  қызметтердің 

барлығы осы жерде көрсетіледі деп жоспарлануда.

Жиынға  қатысқан  облыс  әкімі  аппараты  басшысының 

орынбасары  баян  закирьянова  соңғы  кездері  аймақтағы 

халыққа  көрсетілетін  қызмет  түрлерінің  саны  анағұрлым  ар-

тып, 125-ке дейін жеткенін ерекше назарға алды.



Мұғалжар мен жабының үйірін молайтып отыр

Мүлікті жария етудің 

мән-жайы түсіндірілді

Кеше  «24  kz»  және  «Хабар»  арналарының  тікелей 

эфирінде  кешкі  сағат  21.30-да  Мемлекет  басшысының 

тапсырмасына  сәйкес  елімізде  алдағы  1  қыркүйектен 

басталатын  мүлікті  жария  ету  акциясына  байланыс-

ты  телекөпір  болып  өтті.  Телекөпірге  еліміздің  өзге 

өңірлерімен бірге біздің облыс та қатысты.

Жиын  барысында  бас  прокуратура,  Ұлттық  банк,  Әділет 

министрлігі  мен  Өңірлік  даму  министрлігінің  өкілдері  мүлікті 

жария ету турасында маңызды ақпараттар берді. 

шығысқазақстандықтар  телекөпірге  Өскемендегі  этно-

ауылда  орналасқан  киіз  үйде  тікелей  эфир  арқылы  қатысты. 

Көрермендер сауалдарын 553-705 телефон нөміріне қоңырау 

шалып немесе legalization.kz@minfin.gov.kz, egov.kz порталда-

ры арқылы жолдауға мүмкіндік алды.  

Шығыс-Ақпарат


0

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

Қоғам


2

№83 (17020)

22 шілде

ДИДАР


Шаһар 

Ш

аруа

Ш

ылығы

(Соңы. Басы 1-бетте)

Облыс  әкімі  Бердібек  САПАРБАЕВ  осы 

мекенге  келген  бір  сапарында  Қараталды 

«Қазақ  елінің  шығыстағы  қақпасы»  деп 

атаған.  Майқапшағай  кеден  бекетінен  елі-

мізге  енетін  шетелдік  қонақтар  шекараның 

шебінде  орналасқан  Қараталға  қарап,  бүкіл 

мемлекетімізді танып, білетінін, баға береті-

нін  еске  салған-ды.  Сондықтан  бұл  ауыл 

өзіне  қойылған  биік  талап  үдесінен  шығуға 

тырысып  келеді  және  мұнысы  нәтижесіз  де 

емес. 


Қазір ауылда тұрғындарға қажеттінің бәрі 

бар.  Саусақпен  санасақ,  мәдени-рухани  іс-

шаралардың  ошағына  айналған  мәдениет 

үйі,  жас  ұрпақты  білімнің  қайнарынан 

сусындатқан  мектеп,  басы  ауырып,  балты-

ры сыздаған жандар бас сұғатын отбасылық 

дәрігерлік  амбулатория,  бос  уақытта,  әсі-

ресе,  жастар  үшін  серуендеп,  қыдыратын 

саябақ,  имандылық  үйі  –  мешіт,  балалар-

ды спортқа тәрбиелейтін футбол алаңы мен  

хоккей  қорабы  сияқты  орындардың  бар-

лығы да жұмыс істейді. 

2012  жылы  республикалық  қазынаның 

23  млн.  теңге  қаражатына  салтанат  құрған 

Жастар  саябағы  бүгінде  жастардың  ғана 

емес, үлкен-кішінің игілігіне айналған. 

Тірек елді мекенін дамыту бағдарламасы 

аясында  7  млн.  теңгеден  астам  қаражатқа 

Омаров,  Рамазанов  көшелері  жарықтанды-

рылып,  2  млн.  418  мың  теңгеге  ауылдың 

кіреберісі абаттандырылған. 

–  Бұрынғыдай  бос  жүретін  адамды  көр-

мейсіз  қазір  ауылдан.  Әркімнің  өз  кәсібі 

бар.  Еңбек  етіп,  табыс  табуда.  Жұмыстан 

қолдары қалт еткенде демалатын, қатарына 

қарай  шүйіркелесіп,  көңіл  көтеретін,  бы-

лайша  айтқанда,  бос  уақытты  тиімді  пай-

даланатын  орындар  ұйымдастырылған.  22 

млн.  теңгеге  күрделі  жөндеу  жүргізілген  за-

манауи мәдениет үйінде мерекелік шаралар 

өткізуден бөлек, кітапхана мен тұрғындарды 

ақпараттық  қолдау  бойынша  онлайн  орта-

лық қызмет істейді. Мұның бәрі ауыл жұртын 

қазіргі  уақыт  көшінен  қалмай  ілесіп  отыру 

мақсатында  жасалып  жатқан  дүниелер,  – 

дейді Қаратал ауылдық округінің әкімі Талғат 

Дүйсембаев.

БҰҰ-ның  бірлескен  бағдарламасы  ая-

сында  ашылған  онлайн  орталықта  бизнес-

жоспар құру, оны тіркеу және қаржыланды-

ру  жөнінде  құқықтық,  кәсіпкерлік  кеңестер, 

мемлекеттік бағдарламалар туралы ақпарат- 

тар беріледі. Кәсіппен айналысқысы келетін-

дерге  оқу  курстары,  семинарлар  мен  тре-

нингтер  өткізіледі.  Орталық  іске  қосылғалы 

бері екі жарым мыңдай адам онлайн жүйесі 

арқылы  ақпаратпен  қамтамасыз  етіліп,  ин-

тернет пайдалануды меңгерген. Ал кітапхана 

қоры  былтыр  10  мың  125  кітапты  құраған, 

оның 487-сі жаңадан алынған туындылар.

Ауылдағы  қарашаңырақ  –  мектеп  ғима-

раты күрделі жөндеуден өткен. 118 млн. 271 

мың теңгеге білім ұясының іші толық қалпы-

на келтірілсе, былтыр 11 млн. теңгеден астам 

қаражатқа  ауласы  қоршалып,  тас  төсеуіш-

тер төселген. 17 млн. 408 мың теңгеге білім 

ошағының шатыры жаңаланған. 

–  Облыс  және  аудан  басшыларының 

қолдауы  арқасында  бюджеттен  қомақты 

ақша  бөлініп,  мектебімізге  күрделі  жөндеу 

жүргізіп  алдық.  Енді  биыл  жылу  трассасын 

күрделі жөндеуден өткізіп алсақ болды. Оған 

қажетті  17  млн.  теңгеден  астам  қаражат 

республикалық  бюджеттен  бөлініп  қойған. 

Жалпы,  мектепте  21  пән  бөлмесі  бар, 

олардың  ішінде  физика,  химия,  биология 

бөлмелері  заманға  сай  жабдықталған.  Оқу 

шеберханасы,  спортзал,  асхана,  дәрігерлік 

кабинет  сияқты  басқа  да  бөлмелер  жұмыс 

істейді.  Балалар  ыстық  тамақпен,  сүтпен-

балмен қамтылған, – деп түсіндірген мектеп 

директоры Майгүл Сәрсенбаева биыл қанат 

қаққан түлектердің ішінде бір оқушы «Алтын 

белгі»  иегері  атанғанын  да  мақтанышпен 

жеткізді. 

Жүгері өңдейтін 

зауыт ашылады

Қараталда  негізінен  ауыл  шаруашылығы 

мен  шағын  және  орта  бизнес  кең  өркен 

жайған.  Ықылым  заманнан  төрт  түлігін 

төскейде  мыңғыртып,  несібесін  жерден 

теріп  келген  жергілікті  тұрғындар  ауыл 

шаруашылығын 

қолдауға 

бағытталған 

мемлекеттік  бағдарламалар  өмірге  келгелі 

тіпті  белсенді.  Оның  үстіне  ауылдың 

республикалық  маңыздағы  Омбы-Майқап-

шағай  тас  жолының  дәл  үстінде,  Қытаймен 

шекараның  түбінде  орналасуы  аталған 

салалардың  алға  басына  мүмкіндік  береді. 

Іргеде  бір  жарым  миллиардтан  астам  тұты-

нушысы  бар  алпауыт  нарық  тұрғанда,  оның 

әлеуетін кәдеге жаратпау дұрыс емес, әрине. 

Сондықтан  қараталдық  кәсіпкерлер  ішкі 

нарықтан  артылған  өнімін  Майқапшағай 

кеден бекеті арқылы шекара асырып, пайда 

табады. Сол секілді Қытайдан бағасы арзан, 

сапасы жақсы тауарларды елге әкеледі. Жал-

пы,  Зайсан  өңірінде  көршімен  алыс-беріс, 

барыс-келіс қатынастар жақсы дамыған. 

Ауылдық  округ  аумағында  1  әскери  ко- 

мендатура,  5  застава  және  бір  кедендік 

бекетінің  орналасуы  Қараталдың  стратегия-

лық  маңызды  елді  мекен  екенін  аңғартады. 

Осы  ретте  ауылда  кеденшілерге  арналған 

тұрғын үйлер мен жатақханалар салынған.

Өткен  жылы  ауыл  шаруашылығын 

қаржылай  қолдау  қоры  арқылы  2  адамға  

5 млн. 200 мың теңге, ал «Жұмыспен қамту- 

2020»  бағдарламасымен  11  адамға  мал 

өсіруге,  бір  адамға  жылыжай  салуға  жал-

пы  сомасы  28  млн.  600  мың  теңге  несие 

берілген.  Бұдан  бөлек,  мал  шаруашылығын 

түлетіп,  нақтылы  жұмыстар  атқарған  шаруа 

қожалықтарға 16 млн. 242 мың теңге, дәнді 

дақылмен  айналысатын  диқандарға  3  млн. 

325 мың теңге көлемінде қайтарымсыз суб-

сидия төленген. 

– Біз былтыр арпаның әр гектарынан 20 

центнерден  жоғары  өнім  алдық.  Алдыңғы 

жылмен  салыстырғанда  түсім  жақсы.  Енді 

биыл  жылы  бұрын  екпеген  жүгері  дақылын 

отырғыздық.  Келешекте  жүгері  дәнін  өң-

дейтін  құны  4  млрд.  теңгеге  жуық  зауыт  

салуды  жоспарлап  отырмыз.  Егер  мем-

лекеттен  тиісті  қолдау  болса,  кәсіпорын 

құрылысын  қазір  бастауға  дайынбыз.  Осы 

шаруамен Кореяға барып, ол жақтағы жүге-

рі зауыттарының жұмысымен жете танысып, 

сөйлесіп  келдім.  Жобаны  үкімет  қолдаса, 

кәрістер  зауытты  орнатып  беруге  және  бо-

лашақта  өндірілетін  өнімдерді  сатып  алуға 

әзір отыр, – дейді «Бота» шаруа қожалығы-

ның басшысы Бауыржан Баймұханбетов.

Естеріңізге  салайық,  жүгеріден  жарма 

мен крахмал өндірілсе, крахмалдан глюкоза, 

мактоза,  фруктоза  сияқты  қантты  алмасты-

ратын әлемде жоғары сұранысқа ие өнімдер 

алынады.  Оны,  әсіресе,  кондитерлік  фаб-

рикалар  молынан  тұтынады.  Әзірге  жүгері 

өңдейтін  зауыт  елімізде  Алматы  облысында 

ғана екеу бар.

Бір  айта  кетер  артықшылығы,  жүгері 

дақылы  топырақтың  құнарын  жоғалтпайды, 

керісінше,  арттыра  түседі  екен.  Мамандар-

дың  пікірінше,  Зайсан  ауданының,  оның 

ішінде  Қараталдың  жер  жағдайы,  қара 

топырағы  жүгері  өсіруге  әбден  лайықты. 

Жалпы,  бұл  дақыл  елімізде  Алматы  облы-

сында  және  біздің  өңіріміздің  Зайсан  ауда-

нында ғана жақсы өседі екен.

Сонымен  қатар,  Қаратал  округінде  ағаш 

тілетін цех, кірпіш құятын цех, үш наубайха-

на  мен  бес  май  сығатын  цех,  екі  сауда  үйі, 

екі шағын диірмен, 18 сауда дүкені халыққа 

қызмет көрсетеді.

Ата кәсіптің шылбырын ұстаған «Әмрен» 

шаруа  қожалығы  бие  байлап,  аудан 

тұрғындарын  қымызбен  қамтамасыз  ету-

мен  қатар,  жүз  бас  ірі  қараға  арналған  мал 

бордақылау алаңын іске қосты. Енді тауарлы 

сүт фермасын ашпақ.

Болашаққа  межеленген  міндеттер  қата-

рында  ауыл  шаруашылығы  бойынша  мал 

тұқымын  асылдандыру  мақсатындағы  қол-

дан ұрықтандыру пункті, 5 мың бас тауыққа 

арналған құс фермасы, бос жатқан жерлерді 

игеру және басқа жобалар көзделсе, шағын 

және  орта  кәсіпкерлікте  халыққа  қызмет 

көрсететін  ғимарат,  фотосалон,  тойха-

на,  сауда  дүкенін  ашу  тәрізді  жобалар  бар. 

Мыңға  жуық  адам  тұратын  Үлкен  Қаратал 

елді мекенінде клуб салу, демалыс орында-

рын құру, типтік жобамен жаңа емхана салу 

жоспарда  бар.  Округтегі  әрбір  түтінді  Зай-

санның  көгілдір  отынымен  қамтамасыз  ету, 

«Ақбұлақ»  бағдарламасы  бойынша  ауылда 

таза  ауызсу  жүйесін  тарту,  қатты  тұрмыстық 

қалдықтар  сақтайтын  алаң,  140  орындық 

балабақша  салу  да  кезек  күттірмейтін 

мәселелердің бірі дейді ауыл әкімі.



Зайсан ауданы.

Қараталда тұрғындарға ҚаЖеттінің бәрі бар

түйемойнақ аралы 

түрлене түседі

(Соңы. Басы 1-бетте)

–  Судағы  спорт  түрлерін  дамытуға,  мәселен,  ескекті 

қайықпен жүзуге арналған желі құру ойда бар. Сондай-ақ, 

жастардың  түрлі  шараларда  басқосуына  арналған  орын-

дарды дайындауды ұсынудамыз.

Бас жоспарға орай қала ішімен өтетін теміржол бойын-

да санитарлық қорғау аймақтары құрылмақ. Тоғыз жолдың 

торабында  орналасқан  Семей  үшін  бұл  өте  маңызды. 

Сонымен  қатар,  көлік  қозғалысын  тиімді  ұйымдастыру 

мақсатында  республикалық  қаражат  есебінен  қосымша 

көпірлер  салынуы  әбден  мүмкін.  Бас  жоспарға  сәйкес, 

«Восход» кентінде қуатты №3 ЖЭО құрылысы бой көтереді. 

ЖЭО-ның құрылысына арналған жер телімін әзірлеу ісі қол-

ға алынған. Сонымен қоса, бұл аумақта жаңа «Жұмысшы» 

кенті салынады. Мұнда келешегі жарқын болады деп күтіліп 

отырған  «Қарағайлы»  ауданын  дамыту  ісі  қолға  алынып-

ты.  Қазіргі  таңда  ол  ауданда  жаңа  Назарбаев  зияткерлік  

мектебі  салынатын  аумақ  белгіленген.  Мектеп  қала  ба-

лаларын  ғана  емес,  ауыл  оқушыларын  да  қамту  үшін 

жанынан  интернат  қоса  салынады  деп  жоспарлануда.  

Ә.Маметовтің  айтуынша,  ықшамауданда  қазақ-түрік 

лицейі,  оңалту  орталығы  орналасады.  Бұл  нысандар-

ды  жобалау  жұмыстары  жүріп  жатыр.  Жуырда  құрылысы 

да  басталмақ.  Келешекте  ол  жерде  көпқабатты  тұрғын 

үйлер,  әлеуметтік  нысандар  салынып,  тұрмыстық  қатты 

қалдықтарды өңдейтін зауыт құрылысы қолға алынады. 



Семей.


  1   2   3   4   5   6   7


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал