№22 (92) 4 маусым, 2015 жыл Жаннан қымбат оларға ар, Мен жастарға сенемін



жүктеу 0.57 Mb.

бет1/6
Дата08.09.2017
өлшемі0.57 Mb.
  1   2   3   4   5   6

№ 22 (92)

4 маусым, 2015 жыл

Жаннан қымбат оларға ар,

Мен жастарға сенемін.

Мағжан

А Ң Д А Т П А



4-бетте

ЖАЗҒЫ 


ДЕМАЛЫСТЫҢ 

ЖАЙЫ


8-бетте

ДҮНИЕ 


ЖАРЫҚ

9-бетте

ӘСКЕРИ 


МАМАНДЫҚТЫ 

ТАҢДАУ ҮШІН...



2-бетте

Сабақтан қайтқан оқушы лардың аяғы 

саябырлаған  соң  үйіне  беттеген  мек­

теп инспекторы «Жастар» саябағындағы 

бассейнді  қаршадай  екі  қыздың  айнала 

шапқылап  жүргендерін  байқап  қалды. 

Әлдебір  келеңсіз  оқиғаның  болғанын 

сезген ол  темір шарбақтан секіріп өтке­

нін  өзі  де  аңғармаған  еді.  Қы рағы  жігіт 

бассейнге жеткенде ондағы су түбіне ба­

тып ба ра жатқан сәбидің сұлбасын көр ді. 

Ойланып жататын уақыт та жоқ еді. Суға 

секіріп  түсіп,  оның  түбіндегі  балғынды 

алып шықты. Балақайдан тіршіліктің ны­

шаны  білінбейді,  қимылсыз  жатыр.  Де­

реу  алғашқы  медици налық  көмек  көр­

се ту  керектігін  бағамдаған  Меделхан 

іс ке кірісті. Сәби болса, былқ­сылқ етіп 

қимыл сыз  жатыр.  Осы  сәтте  соңынан 

мектеп психологы Асылбек Қайырбеков 

те  жетті.  Мән­жайды  айтқызбай  ұққан 

психолог  бұған  жәрдемдесті.  Аздан  соң 

бұлар  жасаған  жедел  көмек  нәтижесін 

бергендей  болды,  сәби  көзін  ашты. 

«Ух,  тірі  екен  ғой!»  Көкірегін  кере  дем 

алды.  Артынша  ол  жөтеліп­қақалып, 

жұтқан суды сыртқа ақтарды. Сол сәтте 

инспектордың  жүзінде  қуаныш  сезімі 

пайда болды. 

Бұл  оқиға  2015  жылдың  20  мамы­

ры  күні  түс  мезгілінде  өткен­ді.  Жоса­

лы кентіндегі №250 мектеп­лицей жаны­

на  ірге  тепкен  «Жастар»  саябағындағы 

балалар бассейніне абайсызда түсіп кет­

кен аталған мектептің даярлық тобының 

шәкірті  Анар  Бақытқалиқызы  болып 

шық ты. Оны осы мектептің инспекторы 

Меделхан Әбдірейімов ажал тырнағынан 

құтқарып қалды.

Біз  Қармақшы  аудандық  ішкі  істер 

бөлімінде қызмет ететін полиция лейте­

нантына хабарластық. 

­ Биіктігі екі метрлік темір шарбақтан 

қас­қағым  сәтте  секіріп  өткенімді  өзім 

де  сезбей  қалдым.  Баланың  суға  батып 

кеткенін, әрине, мен білген жоқпын. Өзім 

адам  өміріне  арашашы  болғаныммен 

ерлік  жасадым  деп  есептемеймін.  Жал­

пы,  кез  келген  адам  ерлік  жасаймын 

деп  ойламайды,  ерлік  адамның  жүрек 

түкпірінде  жатады,  ­  дейді  Қармақшы 

ауданының  орталығындағы  №250  мек­

теп ­лицейдің испекторы Меделхан Әбді

­

рейімов.



Алты жастағы Анар Бақыт қалиқызын 

ажал  тырнағынан  аршалап  қалған  ішкі 

іс тер  бөлі мі нің    полиция  лейтенанты 

Ме дел хан  Әбдірейімовқа  осы  мек теп­

лицейдің  директоры  Ақзира  Қасымова 

ұжым  атынан  алғыс  айтты.  Біз  жас  жі­

гіт  тің бейбіт күндегі ерлігі ескерусіз қал­

майтынына сенеміз. Қалай дегенде де ол 

сәбиді  өлім  ауызынан  арашалап  қалып, 

үлкен азаматтық көрсетті.



Дәуіржан ЕЛУБАЕВ

ЖАСЫН


ҰЛТ МҰРАТЫ

ЕРЛІК ЖҮРЕКТЕ ЖАТАДЫ

Шиелі  ауданындағы  Ақтоған  ауылдық 

округіне  қарасты  Досбол  би  ауылында  дом­

быра  жасайтын  қыз  тұрады.  13  жастағы 

Назгүл  Әлиеваның  бұл  өнері  жас  ұрпаққа 

өнеге. 

­ Домбыра жасаудағы алғашқы ұстазым – 



әкем, ­ дейді ол. – Ағаш бұйымдарын, ұлттық 

аспапты  жасап  жүргеніме  үш  жылдан  астам 

уақыт болды. 

Назгүл  әкесіне  көмектесіп,  атақты  күй­

шілер  мен  өнер  иелерінің,  айтыскер  ақын­

дардың, соның ішінде Балғынбек Имашевтің, 

жергілікті әншілердің, асабалардың тапсыры­

сын  орындаған.  Ұсталықпен  ғана  шектеліп 

қоймай, аспаптың түр­түрін шертіп үйренген. 

Баян,  домбыра,  сыбызғы  тартып,  ән  айта­

ды.  Мектебінде  күйшілік  өнерімен  көзге 

түсіп,  талай  жетістікті  бағындырып  үлгерді. 

Аудандық «Самға, жұлдыз», «Шырқа, кө ме­

йім»,  «Жеңісті  жақындатқан  әндер»,  облыс­

тық  «Бозторғай»  ән  байқауларында  бас 

жүл дені  иеленіп,  ауылының  атын  шығарып 

келеді.

ШИЕЛІЛІК 



ШЕБЕР ҚЫЗ

Он  бір  жыл  жинаған 

білімнің сыналар сәті – ҰБТ­

ға  оқушылардың  алғашқы 

легі  маусымның  2­сі  күні 

кірді.  Бұл  күні  облыс  бой­

ынша  1  709  баланың  тек                 

1 669­ы қатысты. Қалғандары 

өздері бас тартқан, ал 2 түлек 

халықаралық деңгейдегі жоба 

жүлдегері 

болғандықтан 

сынақтан босатылған.

Қызылорда  қаласындағы 

«Бола шақ»  университетінде 

орналасқан  №733  учаске­

де  Сырдария  ауданы  мен 

қаладағы  оқушылар  сынақ 

тапсырды.  Мұнда  11  ау­

дитория  бар.  Шақыртуды 

күтіп,  қобалжумен  тұрған 

оқушыларға    қала  әкімінің 

орынбасары  Жандос  Базар­

тай сәтті лік тіледі.

­  Үлкен  өмірге  қадам 

басар  сәт  алдындағы  ал­

ғаш  қы  сынақ.  Бұл  –  жи­

ған   білімдерің  мен  еткен  

еңбектеріңнің  сыналар  ке зі.  

Қалайда  өздеріңнің  мық ты 

екендеріңді  дәлелдеп  шы­

ғыңдар.  Біз  сендерге  қандай 

жағдайда  да  сенеміз  және 

қолдау көрсетеміз, ­ деді ол.

Сыр  өңіріндегі  ҰБТ­ның 

алғаш қы  легіне  қатысқан 

қармақшылық 

өрендердің 

орташа көрсеткіші 83,5 болса, 

жаңақорғандықтардікі – 81,6. 

Жаңақорғанда «Алтын белгі­

ге»  үміткер  14  оқушының 

10­ы  ғана  өз  білімін  қорғап 

шықты.  Әзірше  облыс  бой­

ынша  жоғары  көрсеткіш  – 

123  балл.  Оны  Қызылорда 

қала сындағы  №136  мектеп 

оқушысы Аружан Мәдеш ие­

ленсе,  дарынды  балаларға 

арналған  №4  мектеп  түлегі 

Айдын Сейдолла – 120, №140 

мектеп  оқушысы  Сандуғаш 

Сейіткамал 119 балды иелен­

ді.  Биыл  мектеп  бітірген                 

6  452  оқушының  тек  67  па­

йызы  ҰБТ  тапсыруға  ниет 

білдірген. Оның 227­сі – «Ал­

тын  белгіден»,  69­ы  –  үздік 

аттестаттан  үміткер.  ҰБТ­ға 

қатысудан бас тартқан 2 149 

оқушы мектепте мемлекеттік 

емтихан 


тапсырады. 

58 


бала  халықаралық  деңгейде 

ғылыми  жобалар  қорғап, 

ЖОО­ның  мемлекеттік  оқу 

грантын  алдын  ала  жеңіп 

алған. 

Білім  және  ғылым  ми ни с­



тр лі гінің  мәліметіне  сү йен­

с ек,   республика  бойынша 

ҰБТ­ның  алғаш қы  күнінде 

өтініш берген 19 743 тү лек тің 

18  889­ы  тестілеуге  қатыс­

қан.  Солардың  қата рында 

125  балл  алған  талапкер   де 

бар.  Ол  –  Тараз  қала сын­

дағы  №  45  классикалық 

қазақ  гимназиясының  түлегі 

Гүлназ  Ердосова.  Жалпы,               

3 409 бала 100 балдан жоғары 

жинаған. 

Мәди ҚҰРМАНӘЛІ

ҚОҒАМ


ҰБТ-ға түлектер түгел қатыспайды

Әнебір  жерде  Зейнолла  көкемнің 

шаң басқан көзілдірігі мен қолданған 

машинкасы,  тағы  бір  жерде  Әбділ да 

ата Тәжібаевтың қолданған бұйымда­

ры  менмұндалап  тұр.  Көненің  көзін­

дей сарғайған сары парақтың бетіндегі 

жылдап  сақталған  әріптердей  кө м­

ес кі лене  түскен.  Ерекшесі  сол:  олар­

дың  құндылығы  жыл  өткен  сайын  

кемімейді,  керісінше  арта  түседі. 

Тарихтың  алтын  парақтарында  үлкен 

әріптермен 

жазылған 

сәттердің 

куәсі  де  –  осылар.  «Ғалымның  хаты, 

жақсының  аты  өлмейді»  деген  емес 

пе  дана  қазақ.  Бұл  жерде  орныққан 

заттардың қай­қайсысы да аты да, хаты 

да  өлмейтін,  қазақ  тарихында  қайта 

тумас, қайталанбас тұлғаларға тиесілі. 

Бүгінде ел оны мұражайдан қарап жүр. 

Біреулері бойына рухани байлық алса, 

енді  бірі  көк  қағазын  санап  жүр.  Сіз 

ойланып  көріңізші,  мұражайға  соңғы 

рет қашан барып едіңіз?

Нұртөре  Жүсіп  ағамыз  «Біз 

кімнен  кембіз?»  деп  еді...  Иә,  біздің 

мұражай  қай  мұражайдан  кем?  Сыр 

елін  жан­тәнімен  сүйіп,  елінің  рухын 

көтеруде аянбай 

тер 

төккен 


Әбілданың туған жерінен орын тепкен 

мұражайдағы  мұраның  құндылығы 

жоғары.  Бүгінде  облыстық  тарихи­

өлкетану  мұражайында  53  мыңға 

жуық  экспонат  бар.  Алдағы  уақытта 

бұл  жәдігерлердің  санын  55  мыңға 

жеткізу ойда бар. Мұражай директоры 

Бақытгүл  Бекмағамбеттің  айтуынша, 

біздің  өңірдегі  облыстық  мұражайға 

қарасты 2 филиал бар. 

­  Бұл  екі  филиалдың  да  алар 

орны  орасан  зор.  Бірі  –  Қызылорда 

қаласындағы  «Ақмешіт»  мұражайы, 

екіншісі  –  Қармақшы  ауданындағы 

Қорқыт ата мемориалдық кешені. Бір 

жылда  мұражайға  келушілер  саны  40 

мыңдай адамды құрайды. Ал күн сай­

ын  100­200  адам  мұражайды  аралап 

кетіп  тұрады.  Келушілердің  басым 

көпшілігі – оқушылар мен студенттер, 

­ дейді ол.

Сәті түсіп, мұражайға келушілермен 

де дидарластық. Ауылдан қалаға оқуға 

түсіп,  Алаштың  Ақмешітін  аралап 

жүрген – жастар. Мұражайды айналып 

өте алмапты. «Болашақ» медициналық 

колледжінің  студенттері  Төребек 

Әшірбек пен Бағила Мекебаева мұнда 

жиі ат шалдыратын көрінеді. Олардың 

айтуынша,  мұражайға  жиі  келген  аб­

зал. Ата­баба мұрасын жадында ұстап, 

көзінің қарашығындай қорғаған қазақ 

халқы  үшін  бұл  қасиетті  жүк  екенін 

айтады  олар.  Ал  олардың  жетекшісі 

Нұрсұлу Әйтімова:

­  Қазақ  халқының  өзіне  ғана  тән 

ұлттық  мінез,  болмыс  бар.  Тек  қана 

қазақтың бойынан табылар қайсарлық, 

ержүректілік бар. Мұның барлығын біз 

мұражайдағы  талай  тарих  қойнауын 

ішіне  бүккен  мына  жәдігерлерден 

байқаймыз. Ел тәуелсіз жылға аяқ ба­

сып, бодандықтың кебісін лақтырғалы 

ұлттық  құндылықтарымызға  мән 

беріліп  келеді.  Бізге,  оқу  орындары­

ның  оқытушыларына  мұражайға 

келіп,  студенттерді  аралату  бола шақ  

ұрпақтың  ұлтжанды  болып  қалып­

тасуы үшін де керек, ­ дейді. 

Мұражай басшылығы келушілердің 

қатарының  арта  түсуі  үшін  түрлі 

мекемелермен,  оқу  орындарымен 

келісімге  отырады.  Сондай­ақ  мек­

теп  оқушыларымен  де  арнайы  ашық 

сабақтар  өткізу  дәстүрі  де  үзілмей 

жалғасын тауып келеді.



№ 22 (92) 4 МАУСЫМ, БЕЙСЕНБІ, 2015 ЖЫЛ

Жалғасы. Басы 1-бетте

ҰЛТ БАЙЛЫҒЫ

­  Шеберхана  ашып,  ісін  ұршықша 

иіріп  әкету  –  менің  басты  арма­

ным.  Домбыраны  әкемнің  көмегімен 

үйрендім. Бір домбыра жасау үшін бар 

болғаны 4­5 күн уақыт жеткілікті. Әрбір 

іске тек махаббат пен қызығушылығық 

керек. Келген кісілер ризашылықтарын 

білдіріп  кетіп  жатады.  Бірде  анамның 

құрбысының  сөзін  құлағым  шалып 

қалды,  «өзі  кішкентай  болса  да  та­

лабы  таудай  екен,  бір  жерді  жарып 

шығады­ау, шамасы» деп отыр. Негізі, 

біздің шағын кәсібіміз бар. Музыкалық 

аспаптарды  жасаумен  айналысамыз. 

Шеберхананың  үлкен­кішілігі  емес, 

қажетті  құралдары мыздың  қолымызда 

болғаны  ғой  –  ма ңыздысы.  Қыста  ше­

берхананы  жылы та тын  қондырғыны 

пайдаланамыз.   Дом быраның  қалай 

жасалатынын 

біл гісі, 

үйренігісі 

келетіндердің  қарасы  көп.  Мен 

білгенімді  үйретуден  тайынбаймын. 

Білмегеннен  сұрастырған,  ізденген 

жақсы  емес  пе?!  ­  дейді  әке  жолын 

қуған қаршадай қыз. 

Бір  таңғаларлық  нәрсе,  домбыра­

ны  жасарда  ешқандай  шегенің  қажеті 

жоқ екен. Алдымен, домбыраның мой­

ын ағашын жасап алады, ол қарағайдан 

дайындалады.  Одан  кейін  мойын 

ағашын  жақсылап  жонып,  қалыпқа 

келтіріп алып, шанақтарды бекітеді. Ол 

ағаштарды  Алматыдан  тапсырыспен 

алдырады.  Өйткені  өзімізде  өспейді. 

Шанақты жасаған соң мойынын ағашқа 

бекітеді.  Дыбыстың  қалай  шығуы 

бет  тақтайына  байланысты.  Оны  ою­

өрнекпен  безендіреді.  Домбыра  жасау 

үшін музыкалық қабілет керек. 

­ 

Бала 



күнімнен 

әкемнің 


қасында  жүріп,  жасаған  музыкалық 

аспаптарының 

әрқайсысын 

бір 


шертіп  көріп,  үйреніп  алдым.  Әуелгі 

қызығушылығым  да  содан  басталды 

десем  болады.  Аспапты  тарта  білсең, 

ән айту да қиынға соқпайды. Қай жері 

бұзылып  тұрғанын,  оны  қалай  жөндеу 

керек  екенін  білу  оңайырақ  болады,­

дейді шебер. 

Райкүл  апа  қызының  болашағынан 

зор үміт күтеді. 

­  Өнердің  қай  саласына  болмасын, 

қызымның қызығушылығы, бейімділігі 

жоғары. Болашақта мықты шебер бола­

тынына сенімім мол, ­ дейді анасы. 

Назгүлді  осы  өнерге  баулыған 

ұстазы – әкесі Дүйсенбек аға да: 

­  Қазақ  болғаннан  кейін  қазақтың 

домбырасын әлемге таныту қажет. Мен 

қызымды  мақтан  тұтамын.  Көптің  ба­

тылы  бара  бермейтін  істі  қолға  алды. 

Қолөнермен  бала  кезінен  айналысты. 

Қасымда  жүріп  әр  нәрсені  бір  сұрап, 

қызығушылық  білдіретін.  Осы  күні 

домбыраны  өз  бетінше  жасай  алады. 

Мен  үйде  болмасам,  тапсырысты  өзі 

қабылдап, жұмысты өзі істейді, ­ дейді. 

Назгүл  –  отбасында  алты  баланың 

кенжесі.  Болашақта  музыкалық  аспап­

тар  жасайтын  үлкен  шеберхана  ашу­

ды  армандайды.  Назгүлдің  шеберлігі 

–  әлі  бастамасы  ғана.  Болашаққа  де­

ген  жоспары  орындалатынына  өзі  де, 

жақындары да нық сенімді. 



Мөлдір САБЫРЖАН

«Мемлекеттік  ақпараттық  саясатты 

ұйымдастырудың  тиімді  жолдары»  де­

ген  тақырыппен  жуырда  Жаңақорған 

ауданында  облыстық  журналистер  фо­

румы  өтті.  Оған  «Сыр  медиа»  ЖШС­

не  қарасты  облыстық,  қалалық  және 

аудандық  басылымдардың,  «Қазақстан­

Қызылорда» телеарнасының жетекшілері 

мен қызметкерлері қатысты. 

Ақпарат  тасқыны  дүрілдеп  тұрған 

заманда  электронды  және  баспа  БАҚ 

өкілдерінің  халық  пен  билік  арасына 

дәнекер болу жолында білім­біліктілігін 

сарп етіп, оқырман мен көрерменге жыл­

дам әрі сапалы дүние ұсынуы аса маңызды. 

Өңірдің  әлеуметтік­экономикалық  да­

муына  да  қаламгерлердің  қосатын 

үлесі  бөлек.  Аудан  әкімдігінің  мәжіліс 

залындағы  жиында  сөз  сөйлеген  аудан 

әкімі  Руслан  Рүстемов,  облыстық  «Сыр 

бойы» газетінің бас редакторы Жұматәлі 

Әбдіраман, 

«Қазақстан­Қызылорда» 

телеарнасы  директорының  орынба­

сары  Айсұлу  Қасымова  қоғамдағы 

ақпарат  құралдарының  маңыздылығына 

тоқталды. 

Шара 

соңында 


аймақ 

басылымдарының  жетекшілеріне  сый­

сияпат  жасалды.  Ел  өміріндегі  ерек­

ше  науқан  –  Президент  сайлауын 

өткізуде  белсенділік  танытқан  азамат­

тар Елбасының «Алғыс хатымен» мара­

патталды. 

Осыдан  кейін  сырбойылық  БАҚ 

өкілдері  ежелгі  Сауран  қаласының  ор­

нын – ашық аспан астындағы мұражайды 

аралап, «Талдысу» лагерінің жұмысымен 

танысты.  Қаратауға  саяхат  жасап,  көңіл 

сергітті. 

Н.ҚАЗЫБАЙҚЫЗЫ

МҰРАЖАЙҒА СОҢҒЫ РЕТ  

ҚАШАН БАРДЫҢЫЗ?

АЙМАҚ - АҚПАРАТ



Түйін

Адамзаттың  жер  бетінде 

пайда  болған  сәтінен  бастап, 

бүгінгі  өркениеттің  дамыған 

кезіне  дейінгі  аралықта  орын 

алған  ұлы  географиялық  ашу­

лар, жау лап алулар мен жаңадан 

ойлап  табылған  дүниелер,  ре­

волюциялар  мен  халықаралық 

қақтығыстар ­ барлығына куәлік 

еткен,  алдыңғы  ұрпақ  жол­

дамасын  келесісіне  арнайы­

лап  немесе  кездейсоқ  сақтап 

қалған  тарихи  жәдігерлер  мен 

құндылықтарды  бағалай  білу  – 

маңызы үлкен шара. Сондықтан 

ұлтжанды  ұрпақ  екеніңізді  дә­

лелдеп,  мұражай  мұраларын 

қан шалықты  бағамдап  жүрсіз? 

Жо­жоқ,  ең  алдымен  бір 

сұрақ:   мұражайға  соңғы  рет 

қашан  бардыңыз?  Соны  еске 

түсіріңізші!

Айдана ЖЕҢІС

ЖАҢАҚОРҒАНДА ЖУРНАЛИСТЕР ФОРУМЫ ӨТТІ

ҚЫЗ


-  Әңгімемізді  білім  беру  жүйесіндегі 

зайырлылық  қағидаттарын  айқындау-

дан бастасақ. Дін саласындағы ғылыми-

зерттеу  мекемесінің  басшысы  ретінде 

осы  қағидаттарды  қалай  түсіндірер 

едіңіз?

- Зайырлылық қағидаттары заңнамалық 

нормалар  арқылы  бекітілетіндіктен  бұл 

орайда алдымен заң тілімен сөйлеуге тура 

келеді. «Діни қызмет және діни бірлестіктер 

туралы»  заңның  3-бабының  4-тармағы 

бойынша  діни  білім  беру  ұйымдарын 

қоспағанда, бiлiм беру мен тәрбиелеу жүйесі 

дін  мен  діни  бірлестіктерден  бөлiнген 

және зайырлы сипатта болады. 2007 жылы 

қабылданған  «Білім  туралы»  заңға  сәйкес 

білім  саласындағы  мемлекеттік  саясаттың 

негізгі қағидаттарының бірі – білім берудің 

зайырлы,  гуманистік  және  дамытушылық 

сипаты.  Сонымен  қатар  аталмыш  заңға 

сәйкес  білім  беру  ұйымдарында  саяси 

партиялар 

мен 


діни 

ұйымдардың, 

бірлестіктердің  ұйымдық  құрылымдарын 

құруға  және  олардың  қызметін  жүргізуге, 

білім 

беру 


ұйымдарында 

нәсілдік, 

этностық, діни, әлеуметтік ымырасыздықты 

насихаттауға,  педагог  қызметкерлердің 

білім  беру  үдерісін  саяси  үгіттеу,  діни 

насихат жүргізу мақсатында пайдалануына 

тыйым  салынады.  Бұл  ұстанымдар  біріге 

отырып,  еліміздегі  білім  беру  жүйесінің 

зайырлылық 

қағидаттарын 

құрайды. 

Білім  алушылардың  бостандықтары  мен 

құқықтарын,  қауіпсіздігі  мен  заң  аясында 

әрекет  етуін  қамтамасыз  ету  мақсатында 

жасақталған.  Осы  орайда  назарда  ұстай-

тын  ең  басты  нәрсе  –  зайырлылық  дегені-

міз дінсіздік емес, ол – гуманистік құнды-

лықтарды, соның ішінде адамның ар-ұждан 

және  діни  сенім  бостандығын  жүзеге 

асы руды  қолдайтын,  дүниетанымдық  ер-

кіндік ті, рухани саладағы ой-сананың көп-

түр лілігін  мойындайтын,  адамгершілік-

өнегелілік  және  құқықтық  құндылықтарға 

негізделген әмбебап жүйе. Сондықтан діни 

таным да зайырлы дүниетанымның бір бө-

лі гі болып табылады. 



- Демек, білім беру жүйесінің зайыр-

лы лығы діни білімге жол берілмейді де

­

ген ді білдірмейді ғой?

-  Әрине,  солай.  Зайырлы  жүйеде 

діни  білімге  де,  дінтанулық  білімге  де 

тыйым  салынбайды.  Керісінше,  еліміздің 

заңнамалары аясында діни және дінтанулық 

білім  берудің  өзіндік  мүмкіндіктері  жа-

сақталған.  Әңгімемізді  мектеп  қабыр-

ғасынан  бастап  өрбітсек.  Білім  жүйесінің 

зайырлы  сипатына  сәйкес  орта  мектепте 

діни білім емес, дінтанулық білім беріледі. 

Ал  діни  білімді  мектеп  оқушысы  өз 

қалауына  сәйкес  және  ата-анасының 

келісімі  бойынша  діни  бірлестіктер 

жанындағы  сауат  ашу  курстарынан  ала 

алады.  Дін  –  ұлт  дүниетанымының,  мә-

дениеті  мен  тарихының  ажырамас  бөлігі 

болғандықтан  ел  азаматтарының  дін 

туралы  түсінігінің  дұрыс  қалыптасуы 

орта  мектептен  басталуы  тиіс.  Сондықтан 

бірінші  кезекте  дін  туралы  түсініктер 

мен  діндер  тарихы  туралы  мәліметтер, 

соның  ішінде  Қазақстан  үшін  дәстүрлі 

діндерге  қатысты  мағлұматтар,  олардың 

пайда  болуы,  дамуы,  қоғам  өміріндегі 

орны  туралы  дінтанулық  ақпараттар 

орта  мектептен  бастап,  білім  беру 

мекемелеріндегі  «Тарих»,  «Алаштану», 

«Адам.  Қоғам.  Құқық»,  «Этносаралық 

келісімнің даму тарихы» секілді қоғамдық 

пәндер 


аясында 

оқытылып 

келеді. 

Екіншіден,  2004  жылдан  бастап  еліміздегі 

орта мектептердің 10-сыныбында «Дінтану 

негіздері»  пәні  таңдамалы  арнайы  курс 

ретінде оқытыла бастағаны баршаға белгілі. 

2009  жылдан  бастап  бұл  пән  9-сыныпта 

оқытылатын  міндетті  факультативті  пән 

ретінде бекітілді. Осы пән аясында оқушы-

лар ға  діндер  тарихы  мен  тәжірибесі,  дәс-

түрлі  діндер  мен  жаңа  діни  қозғалыстар, 

Қазақстандағы  негізгі  діндер,  олардың 

қасиетті  кітаптары  және  діни  мейрамдары 

туралы  мол  мәлімет  берілуде.  Сонымен 

қатар  ислам  дінінің  қазақ  жеріне  таралуы, 

ұлт  ғұламаларының  рухани-діни  мұрасы, 

туған  топырағымыздағы  исламдық  мәде-

ниет  туындылары,  Қазақстан  мұсыл-

ман да  рының  діни  танымындағы  хана фи  

мазхабының  орны  секілді  рухани  тарихы-

мыз бен  тамырлас  өзекті  дінтанулық  мәсе-

лелер де ғылыми тұрғыдан оқытылады.

-  «Дінтану  негіздері»  пәні  енгізілгелі 

бері біршама уақыт өтті. Қандай өзгеріс-

тер күтілуде?

-  Пәннің  қоғамтанулық  мазмұнын 

күшейте отырып, білім алушыларға зайыр-

лы  мемлекет  қағидаттары  мен  қазақстан-

дық  қоғамның  дәстүрлі  құндылықтарын 

таныту  мақсатында  пәннің  атын  «Зайыр-

лылық  және  дінтану  негіздері»  деп  өз-

гертуге  шешім  қабылданды.  Жаңа  бағ-

дар лама  жасақталып,  мазмұнына  өзекті 

толықтырулар  енгізілді,  бұл  бағдарлама 

Білім  және  ғылым  министрінің  арнайы 

бұй ры ғы мен  бекітілді.  Қазір  авторлық 

ұжымдар тарапынан жасақталған аталмыш 

пәннің  оқулықтан,  хрестоматия  мен 

мұғалімге арналған құралдан тұратын оқу-

әдістемелік кешеніне дінтану сараптамасы 

жүргізіліп,  қайта  толықтыруға  жолданды. 

Одан  сабақ  беретін  мұғалімдердің  білік-

ті лігін  арттыру  мақсатындағы  білім  же-

тілдіру  курсының  жүйелі,  толыққанды 

бағ дарламасын  жасау  және  жүзеге  асыру 

жоспарлануда.  Қазірдің  өзінде  «Қазақстан 

Республикасындағы 

мемлекеттік-кон-

фес сия лық  қатынастар»  атты  арнайы  кө-

лемді  әдістемелік  құрал  қазақ  және  орыс 

тілдерінде  жасақталып,  электронды  нұс-

қасы  барлық  өңірге  жіберілді.  Бұл  жинақ 

қазіргі  «Дінтану  негіздері»  пәнінің  де, 

болашақ  «Зайырлылық  және  дінтану 

негіздері» пәнінің де бағдарламасын толық 

қамтуымен ерекшеленеді. Орта мектептерді 

білікті  маманмен  толық  қамтамасыз  ету 

мақсатында  жоғарғы  оқу  орындарында 

тарихшы-дінтанушы  мамандығымен  педа-

гог  кадрлар  даярлау  мүмкіндіктері  қарас-

тырылуда. 



  1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал