№22 (179), қараша, 2014 жыл Газет 2004 жылдың 30 сәуірінен бастап шығады Тұңғыш Президент күні құтты болсын!



жүктеу 426.03 Kb.

бет1/5
Дата08.03.2017
өлшемі426.03 Kb.
  1   2   3   4   5

Елбасы – ел тірегі

№ 22 (179),  

қараша, 2014 жыл

Газет 2004 жылдың 30 сәуірінен бастап шығады

Тұңғыш Президент күні құтты болсын!

Сіздерді 1 желтоқсан – Тұңғыш 

Президент күнімен шын жүректен 

құттықтаймын!

Еліміз үшін айрықша мемлекеттік 

мереке – Тұңғыш Президент күнінің 

орны бөлек. 1991 жылы бірінші 

желтоқсанда тарихымызда алғаш 

рет өткен жалпыхалықтық сайлауда 

қазақстандықтар өз еркімен Қазақстан 

Президентін сайлады. Еліміз 

егемендік алып, дамудың жаңа жолын 

таңдады. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы 

Назарбаевтың салиқалы басшылығымен 

халқымыз Тәуелсіздік Туын биікке 

көтерді. Ата Заңымызды, Рәміздерімізді 

және рухани құндылықтарымызды 

қастерлей отырып, өміріміздің сан 

саласын дамыту, жас мемлекетіміздің 

абыройын асқақтату жолында тамаша 

бастамалар өмірге келді.

Тұңғыш Президент күнінің ерекшелігі 

сонда, ол – қазақ халқының мемлекет 

болып қалыптасуының маңызды кезеңін 

айқындайды. Өйткені, президенттік 

басқару формасы мен тәуелсіздіктің 

жиырма үш жылдық тәжірибесі біздің ел 

үшін осы басқару формасының тиімді 

екенін көрсетті, ішкі және сыртқы 

саясаттың негізгі бағыттарын анықтауға 

мүмкіндік берді.

Тұңғыш Президент – Елбасы 

Н.Ә.Назарбаевтың көрегендік 

саясатының арқасында  тәуелсіз 

Қазақстан Орталық Азия өңіріндегі, 

ТМД-дағы алдыңғы орынға шықты. 

Мемлекет басшысының жүргізіп отырған 

1-желтоқсан – Тұңғыш 

Президент күні қарсаңында 

дамушы Орталық Азияның елімізде 

оқитын бір топ шетелдік жастары 

Қазақстан Республикасының 

Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы 

Назарбаевтың атына шын көңілден 

шыққан жүрекжарды тілегін 

білдіріп, арнайы хат жолдады.

 Онда Елбасының 2014 жылы 

11  қарашада жұртшылыққа арнаған 

«Нұрлы  жол – болашаққа бастар 

жол» атты Жолдауын Қазақстан 

халқымен бірге мұқият түрде 

тыңдағандарын, мәтіні мерзімді 

басылымдарда жарияланған соң 

тағы да оқып, Жолдау Қазақстан 

мемлекетінің жаңа экономикалық 

саясатының негізі екендігін 

түсінгендіктерін жазған.

– Құрметті Қазақстан 

Республикасының Президенті! 

Біз, кезінде өзіңіз ұлы ғалымның 

атын берген Лев Николаевич 

Гумилев атындағы Еуразия ұлттық 

университетінде, дамушы, гүлденген,  

жасампаздыққа толы мемлекетте 

оқимыз, – делінген хатта. – Сіздердің 

еліңізде өтіп жатқан әрбір  жарқын 

оқиғаларға куә болып, тәлімі 

мен тағылымы мол кездесулерге 

қатысқанымызды әр кез мақтан 

тұтамыз. Көптеген ұлт пен ұлыс 

өкілі тұратын ел бауырмал келеді. 

Байқағанымыз, мұнда абсолютті 

теңдік, интеллект және мәдениет 

жоғары бағаланады. Сіздердің 

елдеріңіздің тәуелсіздік алғанына 

тура 23 жыл! Қазір біз де дәл осы 

жастамыз!

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия 

ұлттық университетінде біз қоғамдық 

өмірге белсене араласып, ғылыми 

жобаларға қатысамыз. Әрине, 

бізден сабақ қатал түрде сұралады. 

Бұл түсінікті де, өйткені біз мықты 

маманға айналуымыз керек. Ал оқу 

ордамызда сапалы білім алу үшін 

барлық жағдай жасалған.

Нұрсұлтан Әбішұлы, сіздің 

бойыңыздағы кемеңгерлік қасиетіңіз 

халыққа шынайы қамқорлық 

көрсетуіңізден айқын көрінеді. 

Ертең білімімізді жетілдіріп, біз 

маман болып шыққан соң, Сізді 

және еліңізді, қонақжай халқыңызды 

ешқашан ұмытпаймыз. Сізге үлкен 

рахмет айта отырып, Қазақ Елі 

және  әлемнің гүлденуіне еңбек ете 

беріңіз. Сізді алдағы келе жатқан қос 

мереке – Тұңғыш Президент күні 

және Қазақстан Республикасының 

Тәуелсіздік күні мерекесімен шын 

жүректен құттықтаймыз! – делінген 

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия 

ұлттық университетінде білім алып 

жатқан шетелдік студент жастардың 

хатында.


Құрметті профессор-

оқытушылар мен сала 

қызметкерлері, студент-

жастар!

салиқалы ішкі және сыртқы саясаты 

әлеуметтік-бағдарлы экономикасы бар 

заманауи, қарқынды дамушы мемлекет 

құруды қамтамасыз етті.

Президентіміз ел дамуының даңғыл 

жолын байыптайтын «Қазақстан-2050» 

Стратегиялық бағдарламасын ұсынды. 

Салмақты құжатта тәуелсіздік тәжірибесі 

бағамдалып, болашақ еншісіндегі іргелі 

істер межеленді. 1997 жылы Елбасымыз: 

«Біз нені құрғымыз келеді, таңдаған 

мақсатымызға жеткізетін дамуымыздың 

траекториясы, магистралі қандай болуы 

тиіс, соны анық білуіміз және айқын 

түсінуіміз керек», – деген еді. Елбасының 

айтқаны айнымай келді. Содан бері 

Қазақстан халқы Президенттің 

басшылығымен еліміздің гүлденуі үшін 

еңбек етіп, күш-жігеріне сүйене, алға 

адымдап қадам басуда.

Елбасы ортақ Отанымыз –

Қазақстанды дамыту жолында 

елдегі тұрақтылық пен бейбітшілікті 

басшылыққа алды. Тәуелсіздікке жиырма 

жыл толмай жатып-ақ елімізді Еуропа 

төріне шығарып берген Елбасымыз 

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 

еңбегі ерен. Бүгінде Қазақстан Еуразия 

кеңістігінде стратегиялық қуаты күшті, 

маңызы үлкен мемлекеттер ретінде 

мойындалып отыр. Дәлірек айтар болсақ, 

Қазақстан Республикасының жетiстiктерi 

мен экономикалық толымдылығы, 

халықаралық беделiнiң нышаны 

ретiнде – Азиада жалауының біздің 

елде желбіреуі, әлемдiк қауымдастық 

мойындаған Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға 

төрағалық етуі және ЕҚЫҰ саммитінің 

елордамыз – Астанада өтуі, сондай-

ақ, Ислам конференциясы ұйымы мен 

Шанхай ынтымақтастық ұйымдарына 

төрағалығы мәселелерi бойынша салалық 

халықаралық ғылыми-практикалық 

конференцияларда жетекші рөл атқаруы 

– бәрі де біз үшін үлкен мақтаныш, 

үлкен абырой. Басқасы басқа, әлемнің 

161 елінің дауыс беру қорытындысы 

бойынша Астана қаласы «ЕХРО-

2017» халықаралық мамандандырылған 

көрмесінің иесі атанды. Осынау тамаша 

табыстардың бастаушысы да, ұйытқысы 

да – Ұлт көшбасшымыз.

Қазіргі таңда еліміз дамудың жаңа 

тарихи кезеңіне аяқ басты. Себебі, осы 

күнге дейін қол жеткізген жетістіктер 

Қазақстанның болашағын жаңаша 

межелеуге мүмкіндік беріп отыр. 

Нұрлы жол – жаңа экономикалық 

бағдарымыздың негізіне инновациялық 

экономика алынады. Осылайша

халқымыздың өмір сүру сапасы орташа 

еуропалық деңгейге сәйкес болмақ. Міне, 

XXI ғасырға Қазақстан халқының, Ұлт 

Көшбасшысының межелеген мақсаттары 

осындай.


Құрметті әріптестер!

1 желтоқсан - Тұңғыш Президент 

күні құтты болсын!

Н.Ә.Назарбаевтың ел игілігі жолын-

дағы тамаша бастамаларын жүзеге 

асыруғ 


а үлесімізді қосып, алға қойған 

мақсаттарға қол жеткізе берейік!

Еліміз аман, жұртымыз тыныш, 

жолымыз нұрлы болсын! Дендеріңізге 

саулық, отбасыларыңызға амандық 

тілеймін!



Құрметпен,

 ректор Е. СЫДЫҚОВ

Шетелдік 

студенттердің лебізі 

2

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

№ 22 (179), 

қараша, 2014 жыл

АҚПАРАТ АЙДЫНЫ

Тәлімі мен тағылымы мол кездесу

«Ұлттық тарихты зерттеу мен оқытудың 

қазіргі кезеңдегі өзекті мәселелері»

Жуырда Журналистика және 

саясаттану факультетінің 

ұйымдастыруымен           көрнекті      ақын, 

халықаралық ақпараттандыру 

академиясының академигі Нәзікен 

Алпамысқызымен кездесу кеші 

өтті. 

Бүгінде Қазақстан Жазушылар 

Одағының мүшесі, Жамбыл 

атындағы және «Алаш» халықаралық 

сыйлықтарының иегері, экономика 

ғылымдарының докторы Нәзікен 

Алпамысқызы ғылым мен ақындықты 

ұштастырған ерекше тұлға.  Ақынның 

шығармашылығы туралы кезінде 

Қадыр Мырза-әлі «Нәзікеннің 

поэзиясы – ой-сезімнің қаймағы» 

деп баға берген екен.  Қазақ сөзінің 

құдіретін де, сырын да, сиқырын да 

тани білген Нәзікен Апамысқызы көп 

жылдан бері Т.Рысқұлов атындағы 

Қазақ экономикалық университетінде 

қызмет етеді.

Кездесуді ұйымдастырған 

баспасөз және баспа ісі кафедрасының 

меңгерушісі, ф.ғ.д., профессор 

Намазалы Омашұлы ақынның 

шығармашылығы жайында баяндама 

жасады. Ал кеш қонағы, танымал 

журналист, публицист Жұмагүл 

Солтиева Нәзікен Алпамысқызының 

толғанысты жырларында ұлы Абайдың 

тереңдігі, Мұқағали поэзиясының 

сыршылдығы көрініс тапқанын ерекше 

атап өтті. Сондай-ақ, «Дарын» 

мемлекеттік жастар сыйлығының 

лауреаты, жазушы Айгүл Кемелбаева 

өз сөзінде ақын болмысындағы қайсар 

мінез өлеңдерінде нәзіктікпен әдемі 

үйлесім тапқанын айтты. 

Кеште журналистика және 

саясаттану факультетінің студенттері 

Тоғжан Заттар, Айшолпан Сейіт, 

Арай Кенжина, Абай Тіленшиев, 

Мадина Әсембек, Назым Смағұлова, 

Ержан Төлемісов ақынның өлеңдерін 

мәнерлеп оқыса, 2-курс магистранты 

Құрманғазы Жұмағұлов «Баян-ай» 

әнін нақышына келтіріп орындады. 

Нәзікен Алпамысқызының өлеңдері 

ой мен сезімге тұнып тұр. Әрі 

философ, әрі лирик, әрі ақын. Заман 

мен қоғам, адам мен табиғат тірлігінің 

ішкі иірімдеріне өзінше үңіліп, ерекше 

байламдар жасай білетін өзіндік 

қолтаңбасы бар суреткер. 

«Шырағдан», «Күрең шетен», 

«Жарқырап аспанымда күн 

тұрғанда» атты кітаптарымен қазақ 

поэзиясында өзіндік биігін орнатқан 

Нәзікен апамыздың 

өлеңдерін оқыған 

студенттер алдыңғы толқынның 

өнегесімен өнер өріне ұмтылыс леп 

бергендей болды. Кездесу барысында 

Нәзікен Алпамысқызы  студенттердің 

сұрақтарына жауап беріп, тіпті өзі 

қызыға айналысатын алма өсірудің 

құпияларымен де бөлісті. Сырлы 

жырмен өрнектелген әсерлі әңгіме 

кеші қонақтарға да, шәкірттерге де 

тамаша көңіл-күй сыйлады.



Ботагөз

ТАҢАТАРОВА,

ЖжСФ 1-курс магистранты

Оқу ордамызда «Ұлттық 

тарихты зерттеу мен оқытудың 

қазіргі кезеңдегі өзекті 

мәселелері» атты халықаралық 

ғылыми конференция болып 

өтті. Тарих ғылымдарының 

докторы, профессор Тілеген 

Садықовтың 60 жасқа толу 

құрметіне орайластырылған 

жиынға мемлекет және қоғам 

қайраткерлері, Парламент 

Мәжілісінің депутаттары, жоғары 

оқу орындарының басшыларымен 

қатар алыс-жақын шетелдерден 

тарихшы ғалымдар қатысты.

Халықаралық жиынды уни-

верситеттің әлеуметтік-мәдени 

даму жөніндегі проректоры, 

филология ғылымдарының 

докторы, ҚР ҰҒА корреспондент 

мүшесі Дихан Қамзабекұлы ашып, 

оқу орнының басшысы Ерлан 

Сыдықовтың атынан мерейтой 

иесін құтықтады. Содан кейін 

асқаралы алпыс жасқа толып 

отырған ғалым, тарих факультетінің 

деканы Тілеген Садықұлына 

ректордың арнайы бұйрығымен 

берілген «Лев Гумилев» медалін 

табыс етті, конференция жұмысына 

сәттілік тіледі.

Конференцияда тарихты та-

мырынан тарта жазудың хас шебері, 

белгілі қаламгер Қойшығара 

Салғараұлы, Мемлекет және 

тарих институтының директоры 

Бүркітбай Аяған, философ-

ғалым Ғарифолла Есім ұлттық 

тарихты зерттеу мен оқытудың 

негізгі мәселелерін айта келіп, 

мерейтой иесіне игі тілектерін 

арнады. Сондай-ақ ақжарма ақ 

тілек әріптестері мен шәкірттері, 

жерлестері мен шетелдік қонақтар 

тарапынан да аз болмады. 

Мінберден сөз алған шешендер 

мен көсемдер конференция 

тақырыбын аша түсіп, Тілеген 

Садықұлының кешегі Кеңес одағы 

кезінде ғылымға бет бұрып, ұлттық 

тарихты тереңнен зерттеуді алдына 

басты мұрат етіп қойғанын, бүгінде 

тарих факультетін басқарып, 

шәкірттерге нағыз үлгі тұтар 

ұстазға айналғанын сөз етті. 

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай 

түйіні: еткен еңбегі де, жеткен 

жетістігі де жан-жақты айтылып, 

бергенінен берері көп ғалымның 

құрметіне арналған жиын өзінің 

алдына қойған мақсат-мұратын 

толық ақтады.

Еуразия ұлттық университеті 

білім беру, ғылым кеңістігінде 

ресейлік жоғары оқу орны 

Б.Н. Ельцин атындағы Орал 

федералдық университетімен 

(ОРФУ) әріптестік байланыс 

орнату жөнінде уағдаласты. 

Өзара түсіністік туралы 

меморандумға университеттің 

бірінші проректоры Жәмилә 

Нұрманбетова және Орал 

федералдық университетінің 



Әріптестік байланыс

ректоры Виктор Кокшаров қол 

қойды. Сондай-ақ, кездесуге 

ОрФУ-дің бірінші проректорының 

орынбасары Александр 

Пономарев, ЕҰУ өкілдері қатысты. 

Халықаралық білім беру 

кеңістігінде қарқынды дамып келе 

жатқан ОрФУ мен ЕҰУ арасындағы 

тығыз ынтымақтастық 2014 

жылдың аяғынан бастау алып, 2015 

жылдан бастап кезең-кезеңмен 

жүзеге асырылатын болады. 

Құжатта көрсетілгендей, 

әсіресе, академиялық ұтқырлық 

аясында студенттермен алмасу 

және қос дипломды білім беру 

тармағына баса көңіл бөлінген. 

Сонымен қатар кездесуде 

екі жақ тарапынан бакалавриат 

және магистратура деңгейінде қос 

дипломды білім берудің бірлескен 

білім беру бағдарламасын даярлау 

саласындағы 

ынтымақтастық  

мәселелері талқыланды. 

Меморандум аясында PhD 

бағдарламаларын әзірлеу бойынша 

бірлескен жұмыстар жүргізу 

жоспарлануда. Мұнымен қоса, 

ғылыми және ғылыми-техникалық 

зерттеулер, сонымен қатар 

конференциялар, семинарлар, 

симпозиумдар және т.б. іс-

шараларды өткізу көзделіп отыр. 

Кездесуде сөз алған бірінші 

проректор Жәмилә Нұрманбетова 

аталмыш меморандум екі ЖОО 

арасындағы бұрыннан келе жатқан 

достық әрі іскерлік қарым-қатынас 

негізінде бекітіліп отырғандығын 

айтты.


– «Бұл ретте мұндай маңызды 

құжатқа қол қою екі білім 

ордасының ынтымақтастығын 

одан әрі нығайта түсетіні анық», - 

дейді Жәмилә Нүсіпжанқызы. 

Өз кезегінде ОрФУ-дің 

оқу орда басшысы Виктор 

Кошкаров өздерінің тарапынан 

ынтымақтастықтың қарқынды 

дамуына бар күш-қуатын 

салатындықтарын жеткізді. Және 

алдағы уақытта ақпараттық 

технологиялар, радиоэлектроника, 

құрылыс және басқа да 

салаларда бірлескен магистрлік 

бағдарламалар дайындауға 

екі ЖОО-ның оқытушы-

профессорларымен, білім 

алушыларымен жұмыс жасауға 

ниет танытты. 



3

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

№ 22 (179), 

қараша, 2014 жыл

Қазақстандағы исламтану 

мәселелеріне арналды

«Дипломмен – ауылға» 

бағдарламасы бойынша

Ұлы даланың кемеңгер ғалымы

Университеттің Ғы­

лыми кітапханасында 

Дінтану кафедрасының 

ұйымдастыруымен «Қа­

зақстандағы исламтану 

мәселелері: өткені, бүгіні 

және болашағы» атты 

халықаралық дөңгелек 

үстел өткізілді. 

Аталған іс-шараға ҚР 

БҒМ Ғылым комитетінің 

Р.Б. Сүлейменов атындағы 

Шығыстану институтының 

директоры, филология 

ғылымдарының докторы, 

профессор Дербісәлі 

Әбсаттар, Ташкент қаласынан Шығыстану институты академиясының ғалымы 

Б. Бабаджанов, Санкт-Петербургтан А. Бустанов, Алматы қаласы Ислам 

мәдениетінің Египет университетінен Б. Манабаев т.б ғалымдар қатысып, 

«Әлемдік діндердің өзекті мәселелері: адам құндылықтары», «Қазақстандағы 

дінтанулық білім берудің сапасын арттырудың негізгі мәселелері», «Араб 

деректеріндегі түрік тайпаларының діни нанымдары мен әдет-ғұрыптары туралы 

мағлұматтар», «Дінтану» пәнін оқытудың бүгінгі мәселелерін талқылады. 

Дөңгелек үстел барысында «Исламдану және Орта Азиядағы киелі 

шежірелер» атты кітаптың тұсаукесер рәсімі өткізілді. Сонымен қатар жиналған 

қауым кітапхана тарапынан ұйымдастырылған «Қазақстандағы Ислам діні» 

тақырыбында қойылған кітап көрмесін тамашалады. 

Қазақстан 

Рес пуб-

ли  ка сының 

Ұлттық 

мұра-


жайында қазақстандық ар-

хеология мектебінің  негізін 

қалаушылардың бірі К.А. 

Ақышевтың 90 жылдығына 

арналған көрменің ашылуы 

болды. Көрме экспозициясына 

археологиялық табылған 

заттар, ғалымның жеке заттары, 

фотоматериалдар көрсетілген.

«Алтын адам» тәуелсіз 

Қазақстанның басты символы 

болып табылады. Бұл экспонат 

Алматы қаласының маңындағы 

Есік қорғанынан Кималь 

Ақышев бастаған экспедиция 

құрамымен табылған болатын. «Тамаша артефакт тек Қазақстанның ғана 

емес, барлық әлемнің мұрасы болып табылады», - деді өзінің алғы сөзінде 

Қазақстан Республикасы Ұлттық мұражайының директоры Д.Қ. Мыңбай. Ол 

көрмені ұйымдастыруға көмек көрсеткені үшін көрнекті археолог, ғалымның 

әріптестеріне, шәкірттеріне және жұбайына алғыс айтты. 

Мерекелік ашылу аясында «Қазақстан археологиясының дамуының 

тенденциялары мен дамуы» атты дөңгелек үстел өткізілді. Оған т.ғ.д., антрополог 

О.И. Смағұлов, т.ғ.д., Ж.К. Таймағанбетов, т.ғ.д., профессор В.Ф. Зайберт, т.ғ.к., 

доцент М.К. Хабдулина, т.ғ.к., профессор С.У. Жауымбаев, т.ғ.к., доцент В.В. 

Варфоломеев, т.ғ.к., В.К. Мерц, т.ғ.к., А.З. Бейсенов, т.ғ.к., Д.А. Байтілеу сияқты 

танымал ғалымдар қатысты. «Археология және этнология» мамандығының 

төртінші курс студенті А. Раисова Кималь Ақышевтың өмірі мен ғылыми жолы 

жайлы баяндама жасады.

Іс-шараға археология және этнология кафедрасының оқытушылары, 

магистранттары мен студенттері қатысты. 



Баспасөз орталығы

«Шетел тілдері теориясы 

мен тәжірибесі» кафедрасында 

Қазақстан Республикасының 

Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 

Қазақстан халқына Жолдауын 

талқылауға арналған шара 

өтті. Кафедра меңгерушісі 

Д.Х. Байдрахманов «Нұрлы 

жол – болашаққа бастар жол» 

Жолдауында атап көрсетілген 

елдегі индустриализациялау 

және даму бағытын тілге тиек ете 

келіп, өз сөзінде Елбасының білім 

және ғылым саласына айрықша 

көңіл бөлгенін жан-жақты 

ашып көрсетті. Жолдаудағы 

экономикалық саясаттың бағыт 

-бағдарына тоқтала келіп, қазіргі 

экономиканың серпінді дамуы 

Қазақ елі үшін әлемнің озық 

30 елінің қатарына енуге зор 

мүмкіндік беретінін атап өтті..

Жолдауда Елбасымыз елдің 

алдағы жылдардағы жүрер 

жолын анықтап берді. Үкіметке 

тапсырылған жұмыстардың 

нәтижелі жүріп жатқанына 

ерекше көңіл бөлді. Әсіресе, 

«Дипломмен – ауылға» 

бағдарламасының дұрыс бағытпен 

келе жатқанына назар аударды.. 

Мәселен, осы бағдарлама аясында 

елімізде 17 мың жас тұрақты 

жұмыспен қамтылыпты. Қазіргі 

таңда «Дипломмен – ауылға» 

бағдарламасы бойынша үлкен 

жұмыстар жүргізілуде. 

Талқылау барысында 

Жолдауда көрсетілген өзекті 

мәселелерге баса назар 

аударылып, алдағы уақытта да 

оны басты бағдар ретінде ұстап, 

тәуелсіз еліміздің даму жолында 

оның әрбір азаматының қажырлы 

еңбек ету қажеттілігі атап өтілді.  



Билік пен бірлікті серік еткен

Кездесуге «Нұр Отан» партиясы 

Астана қаласындағы «Нұр» филиалы 

төрағасының бірінші орынбасары Асхат 

Оралов, "Нұр" филиалы "Жас Отан" 

Жастар қанатының атқарушы хатшысы 

Мұхамеджан Болысбек және "Жас Отан" 

ЖҚ белсенді мүшелері, жастар қоғамдық 

бірлестіктерінің жетекшілері және т.б. 

қатысты. 

Мырзатай Жолдасбекұлы оқу 

ордамыздың тізгінін ұстаған басшы 

болғаны белгілі. Сондықтан болар

кездесудің ең алғашқы сәттерінен-ақ ескі 

естеліктермен көмкерілген университет 

бөлмесінің қабырғаларындағы батыр 

бабамыз Күлтегін мен Қазақстандай 

енді-енді қанаты қатайып келе жатқан 

бүркіт бейнелерінің ілінуі бекер 

еместігінен бастады. Осы жерге еліміздің 

Президенті келіп жоғары оқу орнының  

ашылуына куә болғанын айтып, 

сөзін «Сендер де көшбасшымыздай 

болыңдар» деген бата тілектен бастады. 

Елбасының тектілігін тілге тиек ете, 

оның ұстазы болғанын, кейіннен ағалы-

інідей араларындағы ізет пен құрметке 

толастаған қарым-қатынасты, осынау 

дәреже-даңққа бірліктің бекемдігімен 

жеткенін, кез келген кезеңдегі арадағы 

ажырамас түсіністікті көңіл теңізінің 

терең тұңғиығынан төгілте берді. 

Кеш қонағы оған бұйырған жоғарғы 

биліктің тізгіні де Президенттің қырағы 

көзіндегі сейілмес сенімінен басталғанын 

баяндап, мемлекеттің босағасын берік 

еткен, билік пенен бірлікті серік еткен 

«Нұр Отан» партиясының асқақтығын 

айтты. Соңғы кездері алаштың ар-

намысына қозғау салып жүрген 

Жириновскийдің «қа зақта мемлекеттік 

болмаған» деген жал  ған сөзін жік-жікке 

талдай, дұрыс еместігін дәлелдеп кетті.   

Мырзатай Жолдасбекұлы Нұрсұлтан 

деген атына заты сай сәулелі тұлғаны 

тарихтағы Абылайдың арманын 

орындаушы деп бағалайды. Себебі, 

дүниеден өтер алдындағы өсиетінде 

айтып кеткен Абылай ханның: «Үш 

жүздің басын қоссам, көшпенділерді 

біріктіріп ел етсем, қала салсам», – деген 

үш арманын да жүзеге асырған хан тек 

Нұрсұлтан.   

Кеш барысында Мағжанның «Мен 

жастарға сенемін» дегеніне сабақталған 

саралы да, саналы ақыл-кеңестер 

көптеп айтылды. Оның тобықтай түйіні 

егеменді елдің жастарының жан-жағына 

жалтақтамай, ақылдың  айдынына 

шомып, ұлттық намысты кемел 

болашаққа қайық қылуы керектігіне 

саяды.   

Жалпы кездесудегі руханилықтың 

қайнары Мырзатай ағамыздың айтқан 

ақылдарында ғана емес, тәуелсіздіктің 

арайлы ақ таңына арналған «Қос басар» 

деген күйі мен осынау өр тұлғаның 

жүрген жолын таныта түсетін «Бедел-

ай, бөпем-ай», «Сағыныш» әндерінің 

орындалуында да болды. 

Кездесу кешінің соңында құрметті 

қонағымыз «Кіндігімді кескен жыр» 

атты кәдесін сыйға тартып тұрып дүние 

жинамай кітап жинау, қазіргі тірліктің 

электронды жүйесіне қарамастан 

руханилықты жоғалтпау жайлы сөз 

қозғап, «Жасасын «Нұр Отан», 

жасасын «Нұрсұлтан», жасасын 

«Қазақстан!»» - деген ұранды сөзімен 

аяқтады. 

Ал біз, өз кезегімізде бір жарым 

сағаттың ішінде ғана көкейімізге оралған 

қаншама ойларды елегімізден өткізе, 

осынау мемлекеттің қалыптасуы мен 

дамуына зор үлесін қосқан Мырзатай 

ағамыз заңғар азаматтарымыздың керуен 

көші жалғаса берсе екен деп тіледік.



  1   2   3   4   5


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал