№22 (10621) 30 мамыр жұма 2014 жыл



жүктеу 316.99 Kb.

бет1/4
Дата20.01.2017
өлшемі316.99 Kb.
  1   2   3   4

№22

(10621) 

30 мамыр

 жұма 

2014 жыл

баянта


Газет 1931 жылғы 4 қыркүйектен шыға бастады

Газет 1931 жылғы 4 қыркүйектен шыға бастады

    

БАЯНАУЫЛ АУДАНДЫҚ ГАЗЕТІ

  

  



redakciyabayantau

redakciyabayantau@mail.ru

@mail.ru

у

АБЫЗ БАБА МƏШҺҮР ЖҮСІП ТІЛЕКТЕС БОЛҒАН

Бүгінде біразымыз қалтамыз толса, құны қарыштап 

тұрған қымбат демалыс орындарына баруға жанымыз 

құмар-ақ.  Алайда  осы  біз  қазақы  иісі  аңқып  тұрған 

демалыс аумақтарының олардан қай жері кем? - деген 

сауалмен көкейімізді көмкеріп көрдік пе?

Бірақ  ондай  сауалдан  гөрі,  отандық  демалыс 

аймақтарының  қызмет  ұсыну  аясы  көңілімізді 

толтырмайды, - дегендердің қатары көп болар. Бұдан 

біздегі  туризмнің  дамуы  кенжелеп  қалмады  ма? - 

деген ой туындайтыны əбден орынды. 

Біле білсек, еліміздегі басқа туристік аймақтардан 

еш кемдігі жоқ, табиғаты көркем, əсем Баянауылдағы 



«Жасыбай»  демалыс  аймағының  орны  ерекше. 

Сондықтан да жаз маусымы басталысымен ағылатын 

туристердің легі осы мекеннен көптеп табылады.

Ендеше  бұл  мекеннің  жазғы  демалыс  маусымына 

дайындық кезеңінің жағдайы қаншалықты дəреже де? 

Биыл  «Жасыбайда»  жа-

ғымды  жаңалықтар  мен 

өзекті  өзгерістер  орын 

ала  ма?  Міне  осы  сұрақ 

төңірегіндегі мəселелерді 

анықтауға 

жақында 


Павлодар  облысы  əкі-

мінің 


орынбасары 

Тұрғанов 

Дүйсенбай 

Нұрбайұлы  бастаған  бір  топ  облыс  өкілдері  келді. 

Аудан  əкімшілігінде  өткен  жиынға  мекемелер  мен 

ұйымдардың  басшылары,  ауылдық  округтер,  кент 

əкімдері, кəсіпкерлер қатысты. 

Облыс  əкімінің  бірінші  орынбасары  əрбір 

жауапты  мекемелердің  тізгінін  ұстағандардың  

баяндамаларын  тыңдады.  Кəсіпкерлік,  сауда  жəне 

туризм  басқармасының  басшысы  Нүкенов  Қайрат 

Теміршотұлы 

Баянауыл 

ауданының 

туристік 

инфрақұрылымын  дамыту  жөніндегі 2012-2015 

жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын тəптіштеп 

жеткізіп  берді.  Туристік  əлеуетке  оң  əсер  ететін 

Баянауыл  ауданының  инфрақұрылымын  дамыту 

бойынша жүргізілген жұмыстардың тізбегін Баянауыл 

ауданының  əкімі  Əйткенов  Ернұр  Нұрмұханұлы 

нақтылады.  Баянауыл  туристік  аймағын  демалыс 

маусымына  дайындау  барысы  жəне  ұлттық  табиғи 

паркімен  ұзақ  мерзімді  пайдалануға  берілген  жер 

телімдерін  игеру  жөнінде  Баянауыл  ұлттық  табиғи 

паркінің  директоры  Рахметов  Болат  Дүйсенбайұлы 

айтып өтті.

Туристік аймақтағы өртке қарсы жəне судан құтқа-

ру іс-шараларының жөн-жосығын Павлодар облысы 

бойынша  төтенше  жағдайлар  департаментінің 

басшысы 

Айтжанов 

Мылтықбай 

Жанатұлы 

жеткізді.  Аудан  аумағында  жұмыс  істеп  тұрған 

туристік  нысандарда  тұрғындардың  санитарлық-

эпидемиологиялық  əл-ауқаты  төңірегінде  заңнамаға 

сəйкес 


бақылауды 

жүзеге 


асыру 

бойынша 


Қазақстан  Республикасы  тұтынушылар  құқығын 

қорғау  агенттігінің  Павлодар  облысы  бойынша 

тұтынушылардың  құқықтарын  қорғау  департаменті 

басшысының  міндетін  атқарушы  Сəуле  Кəрімқызы 

Оспанова қатты сынап сөйледі. Өйткені, санитарлық 

талаптардың  орындалмай  жатқанына  деректер  де, 

күмəн да көп.  

Жиын соңында облыс əкімінің бірінші орынбасары 

құзырлы  мекеме  басшыларына  бірқатар  талаптар 

қойып, көп шаруаларды жүктеді. 



Қанат ТИТАН.

ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС - ЖАНҒА ЖАЙЛЫ БОЛСЫН

МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Жаз  жетісімен  əркімдер  қаланың  қапырық  ауасы  мен 

сапырылысқан  тіршілігінен  бірсəтке  қол  үзіп,  еркін  тынығуға 

қолайлы  мекен  іздейді.  Өйткені,  қайнаған  қарбаластан 

шаршағандар  үшін  таза  ауа  мен  тамаша  табиғаттың  аясында 

жан сергітудің өзі рахат емес пе.

ОРАЛМАНДАР ҚОНЫСТАНАТЫН 

ӨҢІРЛЕР БЕЛГІЛІ

ҚР  Үкіметінің  оралмандарды  қоныстандыру 

бағытында  қолға  алған  жұмыстары  көңіл  қуанта-

ды.  Шеттен  келген  ағайындардың  уығын  тігетін 

жерлері де заңдық тұрғыда бекітілген. 2014 жылғы 

20  наурыздағы  №248  қаулысына  сай,  Ақмола 

облысы,  Атырау  облысы,  Шығыс  Қазақстан 

облысы,  Павлодар  облысы,  Солтүстік  Қазақстан 

облыстары енді оралмандарға қоныс болмақ. 

АҚТӨБЕЛІКТЕР ШЕГІРТКЕГЕ 

ҚАРСЫ КҮРЕС БАСТАДЫ

Ақтөбе облысында қара шегіртке тағы қаптайтын 

түрі бар. Мамандар биыл зиянкестер тіпті екі есе 

көп  болады  деп  дабыл  қағуда.  Енді  дер  кезінде 

жоюға  барын  салып  жатыр.  Бірақ,  көрші  Ресей 

де  зиянкестермен  күреске  белсене  кіріспесе, 

ала  жаздайғы  улау  жұмыстары  текке  кеткелі 

тұр.  Былтыр  да  миллиондаған  шегіртке  осы 

елдің  аумағынан  ұшып  келген  болатын.  Мамыр 

басталысымен  мамандардың  болжамын  естіген 

ақтөбелік  егіншілерден  маза  кетті.  Осыған  орай, 

Ақтөбе  облысының  басшылары  өңірдегі  барлық 

аймақты түгін қалдырмай шегірткеге қарсы улауды 

қолға  алды.  Сонымен  қатар,  Ресей  тарапымен 

келіссөз жүргізу жалғасуда.

АТА-АНАҒА КӨМЕК

Бүгінде мектеп бітірушілердің Ұлттық бірыңғай 

тестілеуге  қызу  дайындалып  жатқаны  белгілі. 

Осыған  орай, «Жасөспірімнің  ҰБТ  тапсыруға  да-

йындығы  кезінде  ата-аналарға  психологиялық 

көмек  көрсету»  тақырыбында  республикалық 

ата-аналар  жиналысы  өтпек.  Жобаны  «Нұр 

Отан» партиясы мен Қазақстан Республикасының 

Білім  жəне  ғылым  министрлігі  ұсынып  отыр. 

Республикалық ата-аналар жиналысы 18 мамырда 

(жексенбі күні) еліміздің 17 қаласында бір мезгілде 

өтеді.  Алдын  ала  деректер  бойынша,  оған 45 000 

мектеп  түлегінің  ата-анасы  қатыспақ.  ҚР  Білім 

жəне  ғылым  министрлігінің  деректері  бойынша, 

2014  жылы 154 ҰБТ  өткізу  пункттерінде 100 

мыңнан  астам  мектеп  түлегі  тестілеуден  өтпек. 

ҰБТ  биылғы  жылдың 1-15 маусымы  аралығында 

өт кізіледі.



СЕНІМДІ ТІКҰШАҚ 

ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛАДЫ

Қазақстанда құрастырылатын ЕС 145 тікұшағы- 

əлемдегі  ең  үнемді,  əрі  қауіпсіз  тікұшақтардың 

бірі. «Еурокоптер  Қазақстан  Инжиниринг»  оқыту 

академиясының  нұсқаушы-ұшқышы  Викторас 

Матюшиностың  айтуынша: «Бұл  тікұшақтың 

бас ты  ерекшелігі - үнемділігі.  Ол  сағатына 200 л 

жанармай  жұмсайды.  Ұшу  қашықтығы – 715 км. 

Кө лік бортына екі ұшқыштан басқа сегіз адам не-

ме се екі зембіл сыяды. Сонымен қатар, мұнда қо-

сал қы  медициналық  құрал-жабдыққа  арналған 

орын бар. Құрастыру кезінде қауіпсіздік жүйесіне 

де мəн берілген. ЕС 145 тікұшақтары əлемдегі ең 

қауіпсіз  тік ұшақ тардың  бірі  болып  саналады». 

Ардагер  ұшқыштың  айтуынша,  бұл  тікұшақтар 

еш қашан қауіпті жағдайда қалдырып көрген емес.



ЖУРНАЛИСТЕРГЕ 

АРНАЛҒАН БАЙҚАУ

«Нұр  Отан»  партиясы  журналистер  арасында 

жыл  сайын  өтетін  республикалық  «Нұр  Сұңқар» 

байқауының басталғанын жариялады. «Нұр Сұңқар» 

-  бұл  партия  мен  БАҚ  өкілдері  арасында  əріп-

тестік  пен  ынтымақтастықты  дамытуға  үндейтін 

Қазақстанның  түкпір-түкпіріндегі  журналистерге 

арналып жарияланатын жыл сайынғы ашық байқау. 

Өткен жылы оған екі жүзге жуық журналист қатыс-

қан болатын. Байқауға 2013 жылғы 1 қыркүйек пен 

2014  жылғы 10 маусым  аралығында  жарияланған 

жəне  эфирге  шыққан  очерк,  сұхбат,  мақала, 

телевизиялық  жəне  радиохабарлар,  əлеуметтік 

зерттеулер,  жарияланымдар  мен  хабарлар  жəне 

басқа  түрлі  жанрдағы  материалдар  қабылданады. 

Журналистік жұмыстарды мемлекеттік жəне орыс 

тілдерінде ұсынуға болады. Байқау материалдарын 

қабылдаудың  соңғы  күні – 2014 жылдың 14  

маусым (қабылдап алынатын күн). Жеңімпаздарды 

марапаттау 2014 жылғы 27 маусымда  Астана 

қаласында  өтеді.  Жеңімпаздарға 1 миллион  теңге 

көлемінде сыйақы табыс етіледі.



«НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ 

БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ.

АҚПАРАТ

СЕМИНАР МЕМЛЕКЕТТІК 

ТІЛГЕ АРНАЛДЫ

2014  жылғы 22 мамырда  сағат 10.00-де 

Жоғарғы Сотта «Сот кеңселерінде іс-қағаздарын 

жүргізуде  мемлекеттік  тілдің  қолданылуы» 

тақырыбында  бейнеконференцбайланыс  ар-

қылы  семинар  өтті.  Семинардың  мақсаты – 

жергілікті  соттарда  сот  ісі  мен  іс-қағаздарын 

мемлекеттік  тілде  жүргізудің  жай-күйін, 

олардың  сапасын  арттыру,  жалпы,  құжат 

айналымында мемлекеттік тілдің үлесін көтеру 

мəселелерін талқылау. 

Іс-шараға  қатысу  үшін  БАҚ  өкілдері 

шақырылды.  Аккредитацияны  Жоғарғы  Сот-

тың  баспасөз  қызметі 21 мамыр  күні  сағат 

17.00-ге дейін жүргізді. Аккредитация мəселесі 

бойынша 74-76-09, 74-76-63, 74-75-99, 74-78-

78, 74-79-06 телефондары,  сондай-ақ, 

pressa@


supcourt.kz

  электрондық  мекен-жайы  қызмет 

етті.

МАЙТАБАН ƏСКЕРДЕН 

ҚҰТҚАРМАЙДЫ 

Елімізде  көктемгі  əскерге  шақырылым 

өтуде.  Осы  ретте  кейбір  болашақ  сарбаздар 

медициналық тексеруге алдын ала шақырылып 

жатыр.  Өйткені,  Отан  алдындағы  борышын 

өтеушілердің  денсаулығына  қойылар  талап 

өзгерген.  Бұған  дейін  жігіттердің  əскерге 

жарамсыз  деп  табылуына  негіз  болған  кейбір 

аурулар  қазір  тізімнен  алынып  тасталды. 

Бұрын  созылмалы  асқазан  ауруымен  (гастрит) 

ауыратын  болашақ  сарбаздың  əскерге  баруы 

үш  жыл  кейінге  қалдырылса,  қазір  ол  мерзім 

қысқарған. 

Сондай-ақ, 

екінші 

дəрежелі 



майтабандылық 

əскерден 

құтқармайды. 

Денсаулық  сақтау  министрлігімен  келісілген 

Қорғаныс  министрінің  бұйрығы  бойынша, 

жастар  белгілі  бір  шектеулермен  əскери 

қызметке  жарамды  саналады.  Дəл  осындай 

өзгертулер  лор,  кардиологиялық  ауруларға  да 

қатысты болып отыр.


№22 (10621) 30 мамыр, жұма, 2014 жыл                                                    Баянтау

2

- 420 орындық  Майқайың  мектебін 

салуды  өткен  жылдың  сəуір  айында 

қолға  алған  болатынбыз.  Құрылысты 

Павлодардағы  «Портал-ПВ»  ЖШС 

жүргізуде.  Мектепке 776 млн.  теңге 

қаражат  бөлінген-ді,  қазір  соның 390 

млн. теңгесі игерілді. Жоспар бойынша 

мектеп  биылғы  жылдың  желтоқсан 

айында  тапсырылуы  тиіс  болатын. 

Бірақ  мердігерлер 1 қыркүйекке  дейін 

аяқтауды  межелеуде.  Бүгінгі  таңда 

құрылыстың 80 пайызы  аяқталды. 

Қазір  ішкі  сылақ,  əрлеу  жұмыстары 

басталды.  Айта  кету  керек,  сəтін 

салса  білім  ордасының  салынуы, 

жабдықталуы  уақыт  талабына  сай 

болмақ. Құрылыста еңбек ететіндердің 

50  пайызы  майқайыңдықтар.  Көп 

жылдардан бері халықтың ренішін 

тудырып  келген  жол  мəселесі  де 

биыл қолға алынды. Кент ішіндегі 

бір  жарым  шақырымдық  жолға 

асфальт,  тротуар  төсеуге 32 млн. 

теңге  қаражат  бөлінді.  Қазір 

жұмыс қызу жүріп жатыр. Жалпы 

алғанда  көп  жылдардан  бері  кент 

жұртшылығын бірқатар мəселелер 

алаңдатып  келген  еді.  Солардың 

ішінде міне, мектеп, жол мəселесі 

шешілді, мəдениет үйі, балабақша 

күрделі  жөндеуден  өтті.  Кентте 

үш  балабақша  бар,  оның  біреуі 

-  Үшқұлын  ауылында.  Алдағы 

уақытта  тағы  бір  балабақша  салу 

күн  тəртібінде  тұр,  оның  жобасы 

жасалды. 

Кент 


тұрғындарын 

ауызсу  мəселесі  де  алаңдатуда. 

Екібастұз-Майқайың  су  жүйесінің 

жұмысы 2011 жылы қолға алынған-ды. 

Кезең-кезеңімен  жүзеге  асырып  келе-

міз. Екі кезеңі аяқталды. Биыл 119 млн. 

теңгенің жұмысы игерілмек. Тоқ етерін 

айтқанда  алдағы  жылы  кентте  ауызсу 

жағдайы  толығымен  шешіледі  деп 

күтілуде. Айта кетейін, қазіргі уақытта 

аудан тұрғындарының тек 38 пайызы ға-

на  орталықтандырылған  су  жүйесімен 

қамтылған. Бұл бағытта Жуантөбе мен 

Ақсаң ауылдарының су құбырын қайта 

құрылымдау жұмысы шешімін күтуде. 

Баянауыл,  Жаңатілек  пен  Шөптікөл 

ауылдарындағы  су  қорының  деңгейін 

зерттеу  жұмыстары  жүргізіліп,  қоры-

тындысы «Центрказнедро» мекемесіне 

сараптамаға жіберілді. Ағымдағы жылы 

Құндыкөл, Бірлік, Торайғыр, Мұрынтал 

жəне  Теңдік  ауылдарындағы  су  қорын 

тексеру  жоспарланып  отыр.  Баянауыл 

ауылында  көптен  күткен  жалпы  құ-

ны 4 млрд. 492 млн. теңгені құрайтын 

су  құбыры  құрылысының  жобалық-

сметалық  құжаттары  дайындалып, 

мемлекеттік  сараптамаға  жіберілді. 

Əрине,  мұның  бəрі - аз  жұмыс  емес, 

миллиондаған  қаражат  жұмсалатын 

күрделі істер.

-  Жұмыс  жемісті  болсын!  Негізі, 

Баянауыл  елімізге  əдемі  табиғаты-

мен,  талантты  тұлғаларымен  та-

нылған  жер  ғой.  Дей  тұрғанмен, 

көпшіліктен  аудан  жолдарының, 

көл  жағдайының  нашар  екенін  жиі 

естиміз.

- Оны жоққа шығармаймыз. Расында 

көп  жылдардан  бері  жөндеу  көрмеген, 

əсіресе,  ауылға  апаратын  жолдардың 

сын  көтермейтіні  рас.  Бұл  жағдай 

əкімдікте  қаралып,  бірқатар  жобалар 

қолға  алына  бастады.  Атап  айтқанда, 

ауданға  кіре  берістегі  Сарыадыр  бұла-

ғын  абаттандырудан  бастап,  жоғарыда 

айтып өткен кентішілік жолды жөндеу-

ді  қолға  алдық.  Аудандық  маңыздағы 

жолдың  ұзындығы - 356 шақырым,  ал 

ауылішілік  жолдың  ұзындығы - 96,6 

шақырым. Оның ішінде 110 шақырымы 

асфальтті, 246 шақырымы қиыршық тас 

төсенішті  болып  келеді. «Жұмыспен 

қамту - 2020» бағдарламасы  аясында 

Жасыбай  демалыс  орнына  апаратын 

жолдың 8 шақырымына  былтыр 

74  млн.  теңгенің  жөндеу  жұмысы, 

Майқайың 

кентінің 

шаруашылық 

жолына 16 млн.  теңгенің,  Ақши-

Ұзынбұлақ автожолына 3 млн. 981 мың 

теңгенің ағымдағы жөндеу жұмыстары 

жүргізілді.  Биылғы  жылы  Жасыбайға 

апаратын 15 шақырым жəне Торайғыр 

ауылының 16 шақырымдық  жолына 

орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге 

қаражат бөлінді. Қазір жөндеу жүргізу 

үшін  конкурс  жарияланып,  жеңімпаз 

мердігер  анықталды.  Бұл  жұмыс 

мамыр  айының  соңында  басталады. 

Көпшіліктің  талабы  бойынша  Жосалы 

мен  Лекер  жолдарын  жөндеуді  қолға 

аламыз. Оған да тиісті қаражат бөлінді. 

Конкурс жарияланды, нəтижесі маусым 

айында белгілі болады.

-  Жылда  орташа  жөндеу  жұ-

мыстары 

жүргізілсе 

де, 

ауыл 

жолдарының  жағдайы  тіпті  нашар 

ғой. Бұл бағытта не істелмек?

-  Ол  мəселе  назарымызда.  Мəсе-

лен,  Бірлік  ауылына  апаратын  жолға 

су  өткізетін  тюбинг  орнату,  Қарашат-

Жаңа  Жайма,  Баянауыл-Угольной, 

Алексеевка-Жаңажол 

бағыттары 

бойынша 


жолдарға 

мемлекеттік 

сараптама  мен  жобалық-сметалық 

құжаттар 

əзірленді. 

Аудандағы 

құрылыс  жұмысына  келетін  болсақ, 

жалпы  алғанда,  бізде  соңғы  жылдары 

бұл  саланың  жұмысы  қарқынды 

жүруде.  Мысалы,  өткен  жылы 2312 

шаршы  метр  тұрғын  үй  салынса,  со-

ның ішінде 710 шаршы метр үй - жеке 

тұлғалардың  еншісінде.  Атап  өтейін, 

«Жұмыспен қамту - 2020» мемлекеттік 

бағдарламасының  аясында  Баянауыл 

мен  Майқайыңда 2 пəтерлі  он  тұрғын 

үй  сатып  алынды,  Қаражар  ауылында 

спорт  залы,  Ақшиде 100 орындық 

клуб  үйі,  аудан  орталығында 110 

орындық  балабақша  салынып,  іске 

қосылды,  Жасыбайға  апаратын  жол 

бойында  қонақ  үй  салынды.  Мешітте 

Қ.Сəтбаевтың  мұражайында  күрделі 

жөндеу 


жұмыстары 

жүргізіліп, 

«Нұр  Отан»  партиясы  аудандық 

филиалының  ғимараты  талапқа  сай 

тұрғызылды.  Тағы  бір  айта  кетерлік 

мəселе,  біздегі  демалыс  орындарынан, 

оның 

ішінде 


Жасыбай 

демалыс 


аумағынан  шығарылатын  қоқыстар-

ды, қатты тұрмыс қалдықтарын залал-

сыздандыруға  арналған  тазартқыш 

құрылысы  жүргізілуде.  Сондай-ақ, 

аудандағы  көлдерді  тазарту  жұмыста-

ры  қолға  алынды.  Сабындыкөлді 

тазартуға  республикалық  бюджеттен 

489 млн. теңге қаржы бөлінген болатын. 

Биыл  осы  көлді  тазартқаннан  кейін, 

келесі  кезекте  Торайғыр,  Жасыбай 

көлдері тұр.

-  Ернұр  Нұрмұханұлы,  биыл 

əйгілі тұлғалар Шəкен Аймановтың 

туғанына 100 жыл, 

Жүсіпбек 

Аймауытовтың 125 жылдығы. 

Осыған 

байла-

нысты 

ауданда 

қандай 

мəдени 

і с - ш а р а л а р 

белгіленді?

Шəкен 



Аймановтың  шы-

ғ а рм а ш ы л ы ғ ы н 

насихаттау 

ба-


ғытындағы  іс-шара-

лар  қаңтардан  бас-

тап  қолға  алынды. 

Аудандық 

«Шəкен 

оқулары», 



түрлі 

спорттық  жарыстар 

өтті. 

Мəдени 


шаралар 

аудандық 

мəдениет 

үйінде 


актерге 

арналған 

мерекелік  концерт-

пен  басталып,  ауыл-

дық  клубтарда,  бар-

лық 


мектептерде 

жалғасын 

табуда. 

Мерейтойға орай об-

лыстық,  республика-

лық 


бюджеттен 

қаражат 


бөлініп, 

ескерткіш  орнату  қолға  алынды. 

Мұражайын  да  жөндеуіміз  керек. 

Шəкен  ағамызға  арналған  мерейтой 

шілде  айында  өтеді.  Алдымен  ретро-

фестиваль  ұйымдастырылмақ.  Оған 

Асанəлі  Əшімов,  Венера  Нығматул-

лина 


сынды 

өнер 


жұлдыздары 

бастаған  мəртебелі  қонақтар  қаты-

сады. 

Содан 


кейін 

Мойылдыда 

киіз  үйлер  тігіліп,  аламан  бəйге, 

концерт,  т.б.  ұйымдастырылмақшы. 

Жүсіпбек  Аймауытовтың  мерейтойын 

өткізуді  де  жоспарлап  отырмыз. 

Облыстық  Ж.Аймауытов  атындағы 

қазақ  музыкалы  драма  театрымен 

байланыс  жасап,  əйгілі  тұлғаның 

шығармашылығын  насихаттау  үшін 

бірқатар іс-шаралар белгіленді. Жақын-

да Павлодар театрында республикалық 

театрлар фестивалі өтті. Жүсіпбек аға-

мыздың  мерейтойы  биылғы  жылдың 

қыркүйек  айында  болады.  Маңызды-

сы  киіз  үй  құрып,  той  жасау  емес,  ең 

алдымен  осы  тұлғалардың  өмірі  мен 

шығармашылығын  қазіргі  жас  ұрпақ 

білуі  тиіс.  Сондықтан  бірінші  кезекте 

ұлы  тұлғалардың  шығармашылығын 

насихаттау жұмысы білім ордаларынан 

бастау алды.



-  Ауданда  шешімін  күтіп  тұрған 

қандай мəселелер бар деп ойлайсыз?

-  Мəселе  баршылық.  Атап  айтар 

болсам, Соның бірі - Жасыбай демалыс 

орнын  іркіліссіз  электр  қуатымен 

қамтамасыз ету жағдайы. Сабындыкөл 

электр  стансасынан  ұзындығы 11 

шақырымдық 10 кВт  жоғары  вольтті 

электр 


кернеулерін 

тарту 


үшін 

Баянауыл мемлекеттік парк аумағынан 

жер телімдерін беру мəселесі шешілген 

жоқ.  Сондай-ақ,  Баянауыл  демалыс 

аймағы  болып  есептелсе  де,  аудан 

балалары  бүгінгі  күн  талабына  сай 

ұйымдастырылатын  жазғы  демалыс-

тан  тыс  қалуда.  Демалыс  лагерінің 

құрылысы  үшін  жер  телімдерін  бөлу 

мəселесін  құзіретті  органдар  арқылы 

шешу қажет. Баянауыл ауылында кеңес 

уақытында  салынған 50 орындық 

балабақша  ғимараты  жекешелендіру 

кезінде жеке меншікке сатылып кеткен 

болатын.  Осы  өңірдің  тумасы,  қазір 

Мəскеуде  тұратын  Сымбат  Миколян 

иесінен  сатып  алып,  бізге  қайтарып 

берді.  Осы  балабақшаны  жөндеп,  іске 

қосу  да  күн  тəртібінде  тұр.  Жалпы 

алғанда, 

Баянауылда 

балабақша 

мəселесі  биылғы  жылдың  соңына 

дейін  толық  шешімін  табады  деген 

ойдамыз. Ауыл шаруашылығын дамы-

ту бағытында да атқарылған жұмыстар 

баршылық. 

Ауданның 

топырағы 

құнарлы,  шөбі  шүйгін  болғандықтан 

мал  өсіруге  қолайлы.  Бір  қуанарлығы, 

мал  басының  саны  өсе  түсуде. 

Қылқұйрық  саны 0,7 пайызға,  ірі  қара 

7,1 пайызға, қой-ешкі саны 2,1 пайызға, 

ал  асыл  тұқымды  мал  басының  саны 

24 пайызға өсті. «МТС Жайма» ЖШС 

2010  жылдан  бастап  инфрақұрылымы 

дамыған  мал  шаруашылығы  кешенін 

құруға  байланысты  инвестициялық 

жобаны  іске  асыруда.  Осы  жобаның 

негізінде 7 мың асыл тұқымды қазақтың 

ақ  бас  сиырын,  оның  ішінде 2500 

бас  аналық  мал  өсіруге  негізделген 

құны 1 млрд. 518 млн.  теңгелік 

инвестициялық жоба «ҚазАгроқаржы» 

АҚ  арқылы  қаржыландырылды.  Оған 

АҚШ-тан,  Ресейден  асыл  тұқымды 

ірі  қара  əкелінді.  Осы  шаруашылықта 

мал  бордақылайтын  алаң  құрылысы 

жүріп  жатыр.  Өткен  жылы  ауыл 

шаруашылығы  саласына  тағы  бір 

инвестор  тартылды.  Ол - «Баянауыл-

Агро» шаруа қожалығы. Шаруашылық 

асыл тұқымды бұқа мен қой сатып ал-

ды. Ауданда ауыл шаруашылығы өнім-

дерін  дайындаумен,  қайта  өңдеумен 

айналысатын 25 пункт  жұмыс  істейді. 

Сондай-ақ,  қазір  бізде 6 наубайхана, 

шағын  диірмен  мен  жартылай  өңдел-

ген ет өнімдерін шығаратын цех жұмыс 

істеп тұр.

- Расында, ауданда көп жылдардан 

бері  ескерілмеген  мəселелер  бірте-

бірте  шешімін  тапқан  екен,  ауыл 

шаруашылығында 

да 

ілгерілеу-

шіліктер  бар,  іске  сəт  дейміз. 



  1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал