2022ж Сөйлеу онтогенезі



жүктеу 19.01 Kb.
Дата03.11.2022
өлшемі19.01 Kb.
#23241
Жуломанова Л Қтә402 Психолингвистика 5апта срсп

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
Филология факультеті
ОСӨЖ №5
Тақырып: Сөйлеуді меңгеру үдерісі.

Орындаған: Жуломанова Л, Қтә – 402
Тексерген: Алдашев Н


2022ж
Сөйлеу онтогенезі - тілді меңгерудегі процестер, кезеңдер, әдістемелер жиынтығы. Осы жерде онтолингвистиканың үш бағытын атап өткен жөн:
1) баланың өз ана тілін меңгеруі және оқуы;
2) бір тілді әр түрлі ұлт өкілдерінің балаларына оқытудың заңдылықтарын зерттеу;
3) әр түрлі тілді әр түрлі ұлт өкілдерінің балаларына оқыту заңдылықтарын анықтау;
Бұл үш бағыттың барлығы бір-бірімен тығыз байланысты әрі бірін-бірі толықтырып отырады. Алайда әр бағыттың нақты міндеті мен мақсаты болады, сол мақсат-міндеттерді анықтау үшін case study әдісін қолдану тиімді. Бұл әдіс бала тілінің меңгерілуін толық және жете зерттеуге мүмкіндік береді. Осы ғылымнаң негізін салуылардың бірі Ч. Осгудтың айтуы бойынша, психолингвистика - ақпаратты кодтау және декодтау үдерістері туралы ғылым. Яғни психолингвистиканың қарастыратын мәселелерінің бірі - ақпаратты қабылдау үдерісінің ерекшеліктері. Зиндер мен Штерн еңбектеріне сүйенсек, ақпаратты қабылдау жағдайларына байланысты адам әртүрлі қабылдау стратегиясын қолданады екен.
Cөйлеуді қабылдаудың психофизиологиялық және психолингвистикалық аспектілеріне байланысты теориясы бойынша, сөйлеуді қабылдау - бұл өте күрделі және көпөлшемді үдеріс. Және де ең бастысы, қабылдаудың екі түрлі жағдаяты болады. Бірінші жағдаят бойынша - қабылдаудың алғашқы бейнесінің қалыптасуы. Екіншісі - қалыптасқан бейненің анықталуы.
Баланың сөйлеу тілі туа біткен процесс емес. Ол онтогенез барысында адамның әлеуметтік дамуымен байланысты. Сөйлеу тілінің дамуы мидің орталықтарының және оларды жалғайтын жолдарының қалпына, баланың ой-өрісі мен дене дамуына байланысты болады. Баланың сөйлеу тілі дамуын зерттеген ғалымдардың көпшілігі екі негізгі кезеңге бөледі: сөйлеу тілі шыққанға дейінгі (баланың туылған кезінен бір жасқа дейін) және сөйлеу тілі шыққан кезен (бір жастан кейін). Сөйлеу тілі шыққанға дейінгі кезеңді дайындық кезең, деп атайды. Өйткені бұл кезде баланың сөйлеу тілін меңгеруге дайындық жүреді. Баланың туылған кезінен бастап дауыс реакциялары пайда болады. Олар айқай және жылау. Бірақ бұлар әлі де адамның сөйлеу тілінің дыбыстарынан бөлек. Сонда да айқай да, жылау да, сөйлеу аппаратының үш бөлігінің (демалу, дауыс шығару, артикуляция) әр түрлі қимылдарының дамуына әсерін тигізеді. Екі аптадан кейін бала айналасындағы сөйлеген адамның дауысына назар аударады, жылауын қояды, адамдар оған сөйлегенде «тыңдайды». Бір айдың аяғында баланы әлдилеп жұбатуға болады. Сөйлеген адамға басын бұрып және оның артынан көзімен қарайтын болады. Интонацияға (дауыс ырғағына) реакция береді: жылы және қатты сөйлегенді сезеді. Бұл кезде баланың уілдеуі әр түрлі интонациямен шығады. Ең бірінші пайда болатын дауысты дыбыстар (а, о, у,). Содан кейін еріндік дыбыстар пайда болады. Бұл физиологиялық ему процесіне байланысты. Ең соңында шығатын тіларты дыбыстар. Бұл физиологиялық жұту процесіне және тілдің түбінің көтеріңкі болуына байланысты. Уілдеу баланың еркіне байланысты емес. Ол өз бетімен пайда болады. Баланың 5-6 айында былдыр пайда болады. Былдыр дегеніміз - белгілі дыбыстық комплекстердің, дауыссыз және дауысты дыбыстардың тіркестерінің пайда болуы. Уілдеу мен былдыр қарым-қатынас қызметін атқармайды. 7-8 айында бала ересектердің сөйлеу тіліне еліктейді. Бала естіген дыбыс тіркестерін заттармен және олардың іс-қимылдарымен сәйкестендіреді. Бала міндетті түрде айналада тек қана дұрыс сөйлеу тілін есту керек. Бірақ бала әлі де ситуацияға, интонацияға, сөзге бір реакция береді. Ал 10-11айында сөздің өзіне реакция беретін болады. Бірінші жылдың аяғында балада алғашқы сөздер пайда болады. Осы кезеңде баламен жиі қарым - қатынаста болу керек. Баланың сөйлеу тілінің дамуы оның жеке ерекшеліктеріне байланысты. Бір бала бірнеше сөз айта алатын болса, екінші бала он шақты сөз қолданады. Бұл баланың соматикалық жағдайына, нерв жүйелерінің түріне, тәрбиесіне, т.б. байланысты. Баланың алғашқы сөздері шыққаннан бастап дайындық кезеңі аяқталады.
Сөйлеу тілі шыққан кезең өзара үш кезеңнен тұрады. Мектеп жасына дейінгінің алдынғы кезеңі бір жастан үш жасқа дейін созылады. Сөйлеу тілі оны құрайтын компонентері бойынша дамиды: дыбыс айтуы, сөздік қоры, грамматикалық құрылысы.
Сөйлеу тілінің фонетикалық жағының дамуында баланың күнделікті еститін сөйлеу тілінің маңызы зор. Бала осы кезде айналада тек қана дұрыс сөйлеу тілін естуі керек. Бұл кезеңде бала дыбыстарды алмастырып, шатастырып, бұзып айтады, немесе мүлдем айтпайды.
Баланың бірінші сөздері жалпылама мағынада қолданылады (бір сөзбен немесе дыбыс тіркестерімен бала затты, сезімін, өтінішін білдіреді). Мысалы, «су» деген «мынау су», «су бер» дегенді білдіруі мүмкін. Баланы тек жағдайға қарай түсінуге болады. Сондықтан бұны ситуациялық сөйлеу деп атайды. Бұндай сөйлеуде бала ишара және мимика көп қолданады. Баланың сөздік қорының дамуы 2-3 жастың арасында белсенді болады. Әр түрлі авторлар баланың сөздік қорының толуы жайында әр түрлі сандық мәліметтер береді. Ең көп таралған мәліметтер мынандай:
1 ж.6 айда-10-15 сөз;
2 ж. соңында – шамамен 300 сөз;
3 ж. қараған шағында -1000 сөздің көлемінде.
3 жасқа қараған шағында балада сөйлеу тілінің грамматикалық жағы қалыптаса бастайды. Алғашқыда бала өзінің өтініштерін бір сөзбен білдіреді, содан кейін-қарапайым фразалармен.
Сөйлеу тілінің сөздік қорының дамуы: алғашқыда бала тек қана сөздің номинативтік функциясын менгереді. Сонымен қатар етістіктерді қолдана бастайды. Кейін басқа да грамматикалық категорияларды игереді: сын есім, есімдік, үстеу. А. Н. Гвоздевтің айтуы бойынша 3жастағы балада грамматикалық негізгі категориялары толық қалыптасады. 4жастағы бала өз тілінде жай және күрделі сөйлемдерді қолданады. 5жастағы бала қосымша сұрақтарсыз тыңдаған әңгіменің мазмұнын өз бетімен айтып бере алады.
Осы жаста баланың фонематикалық қабылдау қабілеті де дамиды: алғашқыда бала дауысты және дауыссыз дыбыстарды, кейін-жіңішке және жуан дауыссыздарды, ызың дыбыстарды ажырата бастайды. 4жасында қалыпты дамыған бала ана тілінің барлық дыбыстарын ажырата алуы керек, яғни оның фонематикалық қабылдау қабілеті толығымен дамыған болуы қажет.
Сөйлеу тілінің грамматикалық құрылысының дамуы үш кезеннен тұрады: аморфты түбір-сөздерден тұратын сөйлемдер (1 кезең), сөйлемнің грамматикалық құрылысын игеру (2 кезең), ана тілінің морфологиялық жүйесін игеру (3 кезең).
Мектеп жасындағы кезең (7-17 жас).
Бұл кезеңде баланың сөйлеу тілі дамуының ерекшелігі - сөйлеу тілін саналы түрде игеруі. Балалар дыбыстық талдауды, грамматикалық ережелерді толығынан меңгереді. Сөйлеу тілінің жаңа түріне-жазбаша сөйлеу тіліне бастаушы роль беріледі. Сонымен, мектеп жасында баланың сөйлеу тілінің қайта құрылуы байқалады - тіл дыбыстарын қабылдап, ажыратудан бастап сөйлеу тілінің барлық құралдарын саналы түрде қолдануы.
Баланың сөйлеу тілінің дамуы қалыпты және уақытынша өту үшін, оған жағымды жағдай болу керек: баланың соматикалық және психикалық денсаулығы мықты болуы; ойлау қабілеті қалыпты; есту және көру қабілеті қалыпты; қоршаған сөйлеу ортасы дұрыс болуы керек.
жүктеу 19.01 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет