2022 жылға дейін «Nur Otan»


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық жұмыс кеңесі



жүктеу 29.66 Kb.
бет2/3
Дата03.11.2022
өлшемі29.66 Kb.
#23227
1   2   3
Антикор 1
6 Апта Абдимажитова Шахниза ЖМА-012, 10 апта Абдимажитова Шахниза, 22-28, аглшн сессия, Махаметов срс 7 неделя, 4672270, Кіріспе. Онтогенез за дылы тары. О ушыларды даму физиологиясы, Дип.-Қазақ-татар-ауыз-әдебиеті
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық жұмыс кеңесі – сыбайлас жемқор-лыққа қарсы тиімді іс-қимыл, себептері мен оның пайда болуының алғышарттарын жою мәселелері жөніндегі консультациялық-кеңесші орган.
Кеңес сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзушылықтардың жолын кесуге жәрдемдесу, мемлекеттік билік, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару органдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, сыбайлас жемқорлықты туғызатын себептер мен шарттарды жою, лауазымдық жағдайын пайдаланумен қасақана және құқық бұзушылықтарды түп тамырымен жою, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа атымен төзбеушілік қатынасты қалыптастыру бойынша мемлекеттік саясатты жетілдіру, бойынша жұмыс жасайды.
Кеңестің міндеттері:
1) партияның, қоғамдық ұйымдардың, сондай-ақ партияның консуль-тациялық-кеңесші институттарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл жөніндегі бағдарламалық құжаттарын іске асыруды және орындау мониторингін қамтамасыз ету;
2) партияның өңірлік және аумақтық филиалдары жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестерінің қызметін үйлестіру;
3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамда төзімділік қалыптастыру,
4) сыбайлас жемқорлық жағдайына партиялық және қоғамдық ісер ету тетігін жетілдіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың әртүрлі инновациялық нысандарын, әдістерін және құралдарын қолдану;
5) азаматтық қоғам құрылымдарымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзара әрекет жасасу;
6) жеке және заңды тұлғалардың сыбайлас жемқорлықтың пайда болуы фактілері бойынша өтініштерімен жұмыс.


1.2. Саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдар ынтымақтастығының негізгі бағыттары
Саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдар ынтымақтастығының негізгі бағыттары мыналар болып табылады:
– мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар және олардың лауазымдық тұлғаларының жұмысында ашықтыққа қол жеткізу;
– олардың қызметіндегі сыбайлас жемқорлықты туғызатын кемші-ліктерді анықтау, сондай-ақ оларды жоюға бастамашылық ету;
– әрбір сыбайлас жемқорлық фактісін қоғамдық талқылауға шығарып отыру;
– азаматтық қоғам институттарының мемлекеттік органдардың қызметі туралы ақпаратты пайдалануының заңды және моральдық жауапкершілігі жағдайын қалыптастыру.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық бірлестіктің, өңірлік және аумақтық қоғамдық кеңестердің қызметі, бұл жұмыстарға барлық деңгейдегі депутаттардың, ҮЕҰ мен БАҰ қатысуы арқасында мейлінше сыбайлас жемқорлыққа бейім салаларды қоғамдық бақылау арқылы қамту айтарлықтай кеңейді. Қоғамдық қабылдау бөлмелері азаматтардың сенімін ала отырып, кері байланыстың маңызды арнасы және халықтың құқықтарын қорғаудың пәрменді құралы болды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестер мәслихаттардағы депутаттық фракциялармен, прокуратура, қаржы полициясы органдарымен, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департаменттерімен және басқа да мемлекеттер органдармен бірлесіп халықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымын қалыптастыруға, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, әлеуметтік маңызды мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуына қоғамдық бақылауды дамытуға бағытталған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы іс-шараларды іске асырды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңестер мен партиялық бақылау комиссияларының отырыстарында мемлекеттік органдардың жұмысы туралы БАҚ-та жарияланған сыни материалдар, мемлекеттік органдардың мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру жұмысын ұйымдастыру, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау тағы басқа да салаларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері қарастырылады.
Жалпы алғанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестер мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы қатынасты байланыстыратын пәрменді құрал болды, олардың жұмысы бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен көрсетіледі. Қоғамдық кеңестердің жұмысының арқасында мемлекеттік органдардың қызметі қоғам өкілдері үшін ашық, қол жетімді бола түсті.
Жастар арасында нысаналы жұмыс жүргізілуде. Патриоттық тәрбие және облыстық бағдарламаларды іске асыру мақсатында жұмысқа ҮЕҰ жастары тартылады. Жыл сайын көктемде Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қамқорлығымен еліміздің жоғары оқу орындарында студенттік жастар мен «Студент ЖОО-дағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы» жастар ұйымдарының арасында акция өткізіледі.
Бұл акция барысында жоғары оқу орындарында сенім жәшігі орнатылып, Қазақстан студенттері Альянсы республикалық штабының сенім телефондарының нөмірлері басылады, студенттер арасында жоғары оқу орындарындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығының алдын алу бойынша парақшалар, плакаттар, стикерлер таратылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және халыққа сыбайлас жемқорлықтың қоғам мен мемлекет дамуына келеңсіз әсерін түсіндіру жөніндегі ақпараттық-насихаттық іс-шаралар кешені өткізіледі. «Жас Отан» ЖҚ кеңесінің белсенділері «Қарсы» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық жастар қозғалысын құрды, оның мақсаты әлеуметтік әрекеттің алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес болып табылады.
«Қарсы» ЖҚ өткізетін іс-шаралар («Парасыз студенттік сессия», «Жастар сыбайлас жемқорлықты жояды» және т.б.) қазақстандық қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік ахуалын қалыптастырады.
Барлық мемлекеттік органдарда лауазымды адамдардың Мемле-кеттік қызметшілердің ар-намыс кодексін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнаманы бұзу фактілері туралы хабарлау үшін жұмыс режимі сағат 9-дан 18-ге дейін белгіленген сенім телефоны орнатылады.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға, оның ішінде насихаттау және түсіндіру жұмысына айрықша назар аударылады, оның шеңберінде алуан түрлі акциялар, «дөңгелек үстелдер», семинарлар, халықтың әртүрлі топтарының өкілдерімен кездесулер ғылыми практикалық конференциялар және сыбайлас жемқорлыққа арналған басқа да іс-шаралар өткізіледі.



жүктеу 29.66 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет