2022 жылға дейін «Nur Otan»



жүктеу 29.66 Kb.
бет1/3
Дата03.11.2022
өлшемі29.66 Kb.
#23227
  1   2   3
Антикор 1
6 Апта Абдимажитова Шахниза ЖМА-012, 10 апта Абдимажитова Шахниза, 22-28, аглшн сессия, Махаметов срс 7 неделя, 4672270, Кіріспе. Онтогенез за дылы тары. О ушыларды даму физиологиясы, Дип.-Қазақ-татар-ауыз-әдебиеті

1.1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыруда саяси партиялар мен партиялық ұйымдар
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыруда саяси партиялар мен партиялық ұйымдар белсенді қатысуда.
Саяси партиялар азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтастық орнатуға және қоғамдық бақылауды дамытуға ерекше көңіл бөледі. Әріптестер ретіндегі осы институттардың оң әсері олардың тәуелсіздігін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы мүдделілігін қамтиды. Олардың әлеуетін тиімді пайдалану қоғамның осы процеске қатысуын кеңейтуге мүмкіндік береді.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мақсаты сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне төзбеушілік ахуалын қалыптастыру болып табылатын «Аманат» партиясы (2022 жылға дейін «Nur Otan») — Қазақстанның билік етуші ең ірі, әрі доминантты саяси партиясы болып табылады. Партияның төрағасы Ерлан Жақанұлы Қошанов. Партия 1999 жылы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтің бастамасымен «Отан» партиясы атымен құрылған болатын. Осы партияның 2015 – 2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы жүзеге асырылуда және де, Мемлекеттік қызмет жүйесін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды одан әрі жетілдіру мақсатында, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Мемлекет басшысының 2019 жылғы 13 маусымдағы № 12 Жарлығымен Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) болып қайта құрылды.
2022 жылы 2 ақпанда Қазақстан Республикасы Президентінің №802 Жарлығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы және оны Іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары бекітілді.
Іс-қимыл жоспарында мынадай міндеттерді шешуге бағытталған тұжырымдама ережелерін іске асыру жөніндегі іс-шаралардың нақты тізбесі көзделген:
1) сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру;
2) сыбайлас жемқорлық мүмкіндіктерін болдырмау;
3) жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жетілдіру;
4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда азаматтық қоғамның рөлін күшейту;
5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды іске асырудың тиімді мониторингін қамтамасыз ету;
6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның қызметін одан әрі жетілдіру болып табылады.

Ұлттық бюро Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің құрамындағы ведомство болса, Агенттік Жарлыққа сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда ерекше кешенді құзыреттер бөлінген тәуелсіз құқық қорғау органы болып табылады.


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейтуге және оның алдын алу тиімділігін арттыруға бағытталған.


Бағдарламаны қабылдау бірінші кезекте «сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрарлық мәдениетті қалыптастыру, қоғамдық бақылауды күшейту, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықты туғызатын себептер мен шаттарды жою» болып табылады. Осы құжатқа сәйкес Қазақстанда қоғамдық бақылау институты енгізілуде, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрарлық мәдениетті қалыптастыру бойынша шаралар қабыл-дануда. Бағдарлама шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың қоғамдық инфрақұрылымын құру және азаматтар құқық-тарын қорғау, олардың лауазымына қарамастан тұлғаларды жауап-кершілікке тарту, сыбайлас жемқорлықпен проблемаларды талқылау бойынша негізгі міндеттер шешілді.

жүктеу 29.66 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет