2017 жыл №68 (8089) Газет 1933 жылы



жүктеу 350.45 Kb.

бет1/4
Дата10.09.2017
өлшемі350.45 Kb.
  1   2   3   4

Нұрлат БАЙГЕНЖЕ.

9 ҚЫРКҮЙЕК 

СЕНБІ

ТЫНЫСЫ


АУДАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ГАЗЕТ

Жаңақорған



2017 ЖЫЛ 

№68 (8089)

Газет 1933 жылы

 қыркүйектен 

шыға бастады

Сыр – Анам, Қаратау– Панам!

Мәжілісті ашқан Ғалым Әміреев экономикалық және әлеуметтік 

міндеттерді  шешуде  шағын  және  орта  бизнестің  маңызына 

тоқталды.

–  Кәсіпкерлік  саласы  дамыса  –  елдің  бәсекеге  қабілеттілігі 

артып,  нарықтық  тепе-теңдіктің  орнауына  және  жаңа  жұмыс 

орындарының  құрылуына  жағдай  жасайды.  Бұл  –  тұрақты 

экономикалық  өсуді  қамтамасыз  етеді.  Мәселен,  озық  елдер  са-

натына  жататын  Жапонияда  шағын  және  орта  бизнес  90  пайыз-

дан астамын құрайды. Ал, Германия, Италия және Францияда 70 

пайыздан  жоғары  болса,  АҚШ,  Ұлыбритания,  Бельгияда  50  пай-

ызды құрайды. АҚШ, Жапония, Ұлыбритания, Германия, Франци-

яда секілді алпауыт елдерде шағын және орта бизнес жалпы ішкі 

өнімнің 50-70 пайызын қамтамасыз етеді, – деді аудан басшысы.

Мемлекет  басшысы  Нұрсұлан  Назарбаев  «Бір  мақсат,  бір 

мүдде,  бір  болашақ»  атты  Жолдауында:  «2050  жылға  қарай 

Қазақстанның ішкі жалпы өнімінің қазіргі 20 пайызы орнына кемінде 

50 пайызын өндіруі тиіс» деп Үкіметке нақты тапсырма берді. Ал, 

«Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» 

КӘСІПКЕРЛІКТІҢ

КӨКЖИЕГІН КЕҢЕЙТЕТІН ЖОБА

АУДАН ӘКІМІ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ 

ӨРКЕНДЕТУДІҢ ТЫҢ ТЕТІГІН ҰСЫНДЫ. ЯҒНИ, 

«ЖАҢАҚОРҒАН – ЕРКІН БИЗНЕС АЛАҢЫ» ЖО-

БАСЫ АЯСЫНДА КӘСІПКЕРЛІК САЛАСЫНА 

СЕРПІЛІС БЕРУГЕ КІРІСТІ. ЖОБАНЫ ЖАН-

ЖАҚТЫ ТҮСІНДІРУ МАҚСАТЫНДА М.КӨКЕНОВ 

АТЫНДАҒЫ АУДАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНЕ 

КӘСІПКЕРЛЕРМЕН ҚАТАР АУЫЛДЫҚ ОКРУГ 

ӘКІМДЕРІН, МЕКТЕП ДИРЕКТОРЛАРЫ МЕН 

БАЛАБАҚША МЕҢГЕРУШІЛЕРІН, КЛУБ ҮЙІНІҢ 

БАСШЫЛАРЫН ЖИНАДЫ. 

атты Жолдауында: «Жаппай кәсіпкерлікті қолдау тетіктерін одан әрі 

жетілдіру керек. Қазақстанның әр өңірі жаппай кәсіпкерлікті, соның 

ішінде  отбасылық  кәсіпкерлікті  дамыту  бағытында  кешенді  шара-

лар  ұсынуға  тиіс.  Жаңадан  ашылған  жұмыс  орындарының  саны  – 

бұрынғыша  Үкімет  пен  әкімдер  қызметінің  тиімділігін  бағалаудың 

негізгі критерийінің бірі болмақ», деген болатын.

«Жаңақорған еркін бизнес алаңы» жобасы – жаппай кәсіпкерлікті 

дамытатын,  бәсекелестік  ортаны  қалыптастыратын,  ауданның 

экономикалық әлеуетін арттыратын бірегей жоба. Алқалы жиында 

аудан әкімі осыны түсіндіруге мән берді.

–  Мақсат  –  жұмысын  бастап  жатқан  кәсіпкерлерге  барынша 

қолдау көрсету, кәсіпкерлердің жаңа буынын қалыптастыру. Шыны 

керек,  кәсіпкерлер  үшін  үлкен  мәселенің  бірі  –  кепіл.  Сондықтан, 

біз барлық мүмкіндіктерді саралай келе, кент аумағындағы босалқы 

жерлерге  мониторниг  жүргізе  отырып,  бос  жер  телімдерін  кепіл 

ретінде қалыптастыру мәселесін қарастырдық.  

Біріншісі,  кәсіпкерлікпен  айналысамын  деуші  тұлғаларға 

тәжірибе  алаңында  бақша  дақылдарын  егу  үшін  жер  учаскелері 

жалдау құқығынсыз 1-2 жылға беріледі.

Екіншісі,  инвестор  ретінде  кәсіпкерлігін  дамытамын  десе, 

Жаңақорған  кенті  аумағындағы  жерлердің  картасы  арқылы  бос 

жатқан  жерлерді  көрсетеміз.  Кәсіпкерлер  ұсынылған  жерлерден 

бизнесі дамуына ыңғайлы жерді белгілеп, бізге ұсыныс білдіруі тиіс, 

– деді Ғалым Махмұтбайұлы.

Одан  кейін  аудан  әкімінің  орынбасары  Ғалымжан  Сопбеков 

кәсіпкерлік мақсатта берілетін жер телімдерінің тәртібін түсіндірді. 

Жалпы,  Жаңақорған  ауданының  аумағы  1  543  396  гектар  (га) 

болса,  соның  235  204  га  босалқы  жерлер  екен.  Сондай-ақ,  ерек-

ше  қорғалатын  табиғи  аумақ,  орман  қоры  және  су  қорының  жері, 

ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлер бар. 

–  Ағымдағы  жылдың  тамыз  айында  Жаңақорған  ауданы 

әкімдігімен кәсіпкерлік мақсаттар үшін сауда-саттыққа шығарылатын 

жерлердің  тізбесі  бекітілді.  Белгіленген  жер  учаскелері  –  Сая-

жай,  Май  бекеті,  «Батыс-Еуропа-Батыс-Қытай»  автожолы  бойы 

мен  Жаңаауыл  аймағында  орналасқан.  Барлық  ұсынылған  жер 

учаскелерінің  көлемі  43,7  гектар  болса,  оның  бастапқы  бағалық 

құны – 62 668 200 теңгені құрап отыр.

Сауда-саттыққа  шығарылатын  жер  учаскелері  белгіленіп, 

олардың  тізімдері  аудан  әкімдігінің  қаулысымен  бекітілді.  Яғни, 

аукционға  шығарылатын  сауда-саттық  объектілерін  тізімі,  әрбір 

сауда-саттық  объектісін  сату  әдісі,  объектінің  бастапқы  және  ең 

төменгі бағасы, кепілдік жарнаның мөлшері және оны төлеу тәртібі 

және аукцион өткізу күні белгіленді, – деді Ғалымжан Жарқынбекұлы.

Жаңақорған  кентінің  бас  жоспарына  сәйкес  келешек-

те  атқарылатын  жұмыстар  жайында  аудандық  сәулет  және  қала 

құрылысы бөлімінің басшысы Зейнулла Әшірбеков сөз етті.

(Жалғасы 3-бетте)

«Бүкiл  әлемде  сақтандыру  жүйесi  жақсы  дамыған. 

Бiздiң  елде  де  сақтандыру  саласын  дамытып,  сақтандыру 

қызметтерiнiң қолжетiмдiлiк деңгейiн арттыру қажет. Мен бұл 

жерде  медициналық  сақтандыру  жайлы  айта  кеткiм  келедi. 

Бұл  прогрессивтi  бағыт.  Дегенмен,  ЕЫДҰ  ұйымына  мүше 

елдердiң ішінде алтауы ғана сақтандыруды енгiзген. Ал Грузия 

сақтандырумен  5  жыл  жұмыс  iстеп,  бұрынғы  жүйесiне  қайта 

оралған.  Ал  бiзде  бұл  «100  қадамда»  жазылған.  Бiз  кейбiр 

жайттарды қарастыруымыз керек. Менiң бiлуiмше, қазiр жар-

налар түсiп жатыр. Дегенмен, бұл жүйенi қарастырсақ, бiратар 

сұрақ  туындайды.  Бiзде  2,7  млн  адам  өзiн-өзi  жұмыспен 

қамтығандар болып саналады. Мен халықты әлеуметтiк қорғау 

саласын  басқарған  барлық  министрлерден  «бұл  не?  әлемнiң 

қай  жерiнде  «өзiн-өзi  жұмыспен  қамтығандар»  деген  сөз 

бар?» деп ылғи сұраймын. «Өзiн-өзi жұмыспен қамтығандар» 

деген  салық  төлемеудiң  тiкелей  жолы.  Мен  Үкiметке  өзiн-өзi 

жұмыспен  қамтығандар  кiм  екенiн  анықтауды  тапсырған  бо-

латынмын. Бiзде өзiн-өзi жұмыспен қамтығандар қандай болу 

керек,  айтыңыздаршы.  Олар,  яғни  3  млн-ға  жуық  азамат 

медициналық  сақтандырумен  қамтылмай  қалайын  деп  тұр. 

Сонда бiз басқаларға бұрынғыша емделе бер, ал оларға төле 

деуiмiз  керек.  Көшсек  көшейiк,  бiрақ  қателеспейiк.  Мәселенi 

толық қарастырғаннан кейiн бiрлескен шешiм қабылдаймыз», 

–  дедi  Елбасы  премьер-министр  мен  Денсаулық  сақтау 

министрiне.

Сондай-ақ,  Нұрсұлтан  Назарбаев  «100  нақты  қадам»  Ұлт 

жоспарын,  «Рухани  жаңғыру»  бағдарламасын  жүзеге  асы-

руды,  салық  саясатын,  жекеменшiк  банктердiң  жұмысын 

жетiлдiрудi,  дәрi-дәрмек  бағасын  реттеудi  тапсырды.  Елба-

сы  өз  сөзiнде  қазақстандықтарға  заң  жобалары  жан-жақты 

түсiндiрiлу керектiгiн де қадап айтты.

«Кейде  бiзде  түсiндiру  жұмыстары  дұрыс  жүргiзiлмейдi. 

Бiз халыққа түсiнiксiз ұғымдармен және терминдермен айтып, 

адамның түсiнiктi тiлiмен жеткiзбеймiз. Бұл жұмысқа билiктiң 

барлық тармақтары атсалысуы керек», – дедi Назарбаев.

Естеріңізге  сала  кетсек,  2018  жылдың  1  қаңтарынан  ба-

стап  сақтандыру  жүйесіне  мемлекет  пен  өзін-өзі  жұмыспен 

қамтығандар қосылады. Мемлекет жеңілдігі бар 14 санаттағы 

10 млн. азамат үшін жарна төлейді.

Атап айтқанда, жұмыссыз ретінде ресми тіркелгендер, зей-

неткерлер, көп балалы аналар, мүгедектер, ҰОС ардагерлері, 

студенттер,  18  жасқа  толмаған  балалар,  жүкті  әйелдер  мен 

3 жасқа толмаған бала күтімімен үйде отырған тұлғалар т.б. 

үшін ел бюджетінен ай сайын 5029 теңге төленеді. Сондай-ақ, 

келер жылы жарна төлейтін топтың бірі – өзін-өзі жұмыспен 

қамтығандар  міндетті  сақтандыру  жүйесіне  ай  сайын  төменгі 

айлық жалақының 5 пайызын немесе 1414 теңге төлеуі тиіс. 

Жұмыскерлер жарнаны 2019 жылдың бірінші қаңтарынан ба-

стап  аударады.  Жарна  мөлшері:  2019  жылы  –  жалақының  1 

пайызын, 2020 жылы – 2 пайызын құрамақ. Жалпы, міндетті 

сақтандыру шеңберінде медициналық көмек 2018 жылдан ба-

стап көрсетіле бастайды.

ЖЕТIЛДIРЕ ТҮСУ 

ҚАЖЕТ

МҰНЫ ПАРЛАМЕНТ ПАЛАТАЛАРЫНЫҢ БIРЛЕСКЕН ОТЫ-



РЫСЫНДА МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБА-

ЕВ АЙТТЫ. ЕЛБАСЫ ЕНГIЗIЛIП ЖАТҚАН МЕДИЦИНАЛЫҚ 

САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСIНIҢ ТОЛЫҚ ЖЕТIЛМЕГЕНIН СӨЗ ЕТІП, 

3 МЛН-ҒА ЖУЫҚ ӨЗIН-ӨЗI ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫҒАНДАР САНА-

ТЫНА КIМДЕРДIҢ ЖАТАТЫНЫН АНЫҚТАУДЫ ТАПСЫРДЫ. 

«ДАЛА КҮНІ»: 

КЕЛЕЛІ КЕҢЕС ІРГЕЛІ ІСТЕРГЕ БАСТАЙДЫ

ЖАҚСЫНЫҢ ЖҮРЕГІ 

МЫҢДЫ ЖЫЛЫТАДЫ 

ЖАРЫҚ ДҮНИЕНІҢ СҰЛУЛЫҒЫ – САУЫҢДА. ТИТТЕЙ ЖЕРДЕН ЖАБЫСҚАН ДЕРТ ТҰЛА-БОЙЫҢДЫ 

МЕҢДЕП, САЙ-СҮЙЕГІҢДІ СЫРҚЫРАТҚАНДА ҚУ ЖАНЫҢДЫ ҚАЙДА ҚОЯРЫҢДЫ БІЛМЕЙ, БІР 

ТАРЫНЫҢ ҚАУЫЗЫНА СЫЙЫП КЕТЕРДЕЙ БОЛАРЫҢ РАС. ОСЫ СӘТТЕ ҚАСЫҢНАН ТАБЫЛАР АҚ 

ЖЕЛЕҢДІ АЯУЛЫ ЖАНДАРДЫҢ ҚАДІРІН ШЫН БІЛІП, АУЗЫНАН ШЫҚҚАН ӘР СӨЗІН ҚҰРАННЫҢ ХА-

ТЫНДАЙ КӨРІП, ЖАҒАҢА ЖАРМАСҚАН ЖАНАЛҒЫШТЫҢ ШЕҢГЕЛІНЕ ҚАЛҚАН ҚЫП, ҚАЙРАТТАНЫП 

БАҒАР СЫРҚАТТЫҢ ЖҮРЕГІНЕ СӘУЛЕ ҚҰЯР БІР КҮШ БАР. ОЛ – ДӘРІГЕРГЕ ДЕГЕН СЕНІМ. 

Баян ҮСЕЙІНОВА.

Аудан  әкімі  Ғалым  Әміреев  төрағалық  еткен  жиында 

әлеуметтік салада қандай тындырымды тірліктер атқарылып 

жатқаны нақтыланды. 

–  Ширек  ғасырды  артқа  тастап,  әлемдік  деңгейдегі 

дамудың  жолына  түсіп,  «Мәңгілік  Ел»  деп  аталатын  ұлттық 

мұратымызға  жету  үшін  Елбасының  рухани  жаңғыруға 

бағытталған талап деңгейінен табылуға тиіспіз. 

Мемлекет  басшысының  мақаласын  маңызды  саяси-

идеологиялық құжат ретінде тануымыз тиіс. Себебі, мақалада 

ұлттық  құндылық,  мемлекеттің  ұлттық  құрылымы,  қазақ 

елінің тарихи мұралары мен мұраты қамтылған, – деді аудан 

басшысы.


Одан кейін сала басшылары атқарылған жұмыстар жай-

ында есеп берді. Алдымен, «Туған жер» бағдарламасын іске 

асыруға  бағытталған  аудандық  іс-  шаралар  жоспарының 

орындалуы  мен  ақпараттық  түсіндіру  жұмыстары  жайлы 

аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Әбілғазы Төлегенов 

сөз етті. 

– Ауданда «Рухани жаңғыру» бағдарламасының төрт кіші 

бағдарламасын ілгерілету және үйлестіру бойынша аудандық 

жұмысшы және сарапшылар тобы құрылды. Сондай-ақ, «100 

жаңа  есім»  жобасы  аясында  әр  салада  қызмет  атқарып, 

жетістікке жеткен тұлғаларды айқындау жөніндегі жұмысшы 

топ  құрылып,  жобаға  нақты  есімдер  ұсынылды,  –  Әбілғазы 

Берденұлы.

Бөлім басшысының сөзіне сенсек, ауданда қоғамдық сана-

ны жаңғырту бағдарламасын іске асыруда және «Туған жер»  

бағдарламасын  ілгерілету  және  үйлестіру  үшін  Жобалық 

кеңсе  құрылып,  арнайы  іс-шаралар  жоспары  бекітіліп, 

жоспарға сәйкес түсіндірмелік жұмыстарды жүргізілуде. Кез-

десулерде  мақаладан    туындайтын  міндеттер  түсіндіріліп, 

бірлікті,  тұрақтылықты  сақтау  атсалысуға  шақырып,  ұлттық 

құндылықтарды ұлықтау насихатталды екен. 

Келесі кезекте «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Ру-

хани  қазынам»  атты  үшінші  кіші  бағдарламасын  ілгерілету 

және  үйлестіру  бойынша  атқарылған  жұмыстар  жайлы 

аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы 

Аягөз Айдосова айтты. 

Ол  ауданның  мәдениет  саласындағы  атқарылып  жатқан 

ауқымды  шараларға  жіті  тоқталды.  Ұлттық  өнерді  өрлетіп 

жүрген  қызметкерлердің  еңбегі  еселі  екенін  аңғаруға  бо-

лады.  Айта  кететіні,  аудандық  тарихи-өлкетану  музейінде 

жинақталған  8967  экспонаттың  6500-і  негізгі  қорға,  2467-

і  көмекші  қорға  жатады  екен.  Музей  археологиялық, 

этнографиялық,  нумизматикалық  жәдігерлерге,  қолданбалы 

өнер  туындыларына,  мүсіндерге,  суреттерге,  құжаттарға, 

осы  өңірдің  құрылу  тарихы,  өнеркәсібі  мен  мәдениеті  жай-

лы  мәліметтерге  бай.  Сонымен  қатар  сирек  кездесетін 

қолжазбалар  мен  құнды  кітаптар  да  бар.  Музейге  жылына  

келушілер саны – 11 200. Аудан бойынша мемлекеттік тізімге 

алынған  38  тарихи-мәдени  ескерткіштер  бар  болса,  оның 

төртеуі  Республикалық  дәрежеде,  17-жергілікті  маңызы  бар 

құнды дүние екен. 

«Рухани  жаңғыру»  бағдарламасының  «Тәрбие  және 

білім»  атты  бірінші  кіші  бағдарламасын  ілгерілету  және 

үйлестіру  бойынша  атқарылған  жұмыстар  жайлы    аудандық 

білім  бөлімінің  басшысы  Болат  Ибрагимов  мәлімдеме  жаса-

ды.  Яғни,  аудандағы  білім  ордаларының  пән  аралық  және 

мәдени,  спорттық  деңгейде  жеткен  жетістіктерін  сарала-

ды.  Ұлт  Көшбасшысының  негізгі  бағдары  болашаққа  білімді 

ұрпаққа  даярлау.  Сол  себепті  аудан  ұстаздары  да  тәлімді 

тәрбие мен сапалы білім беріп келетінін айта кеткен дұрыс.

Бүгінде аудан спортының дамуы жаман емес. Облыстық, 

республикалық 

сындарда 

жаңақорғандық 

спортшы-

лар  тұғырдың  биігінен  көрініп  жүргені  көңіл  қуантады. 

Сондықтан, «Тәрбие және білім» бірінші кіші бағдарламаның 

«Саналы  азамат»  бөлімін  ілгерілету  және  үйлестіру  бойын-

ша  атқарылған  жұмыстар  жайлы  аудандық  денешынықтыру 

және  спорт  бөлімінің  басшысы  Махмұт  Рақымжанов  сарала-

ды. Бір сөзбен айтқанда, спорт саласының толағай табыстары 

көп. Бұл да ерен еңбектің арқасы, әрі жастардың патриоттық 

рухын асқақтады.

Дайындаған Мақпал МАРҚАБАЙ.



4

БЕТТЕ


ҰЛТТЫҚ ЖАҢҒЫРУ – 

КЕЛЕШЕК НЕГІЗІ

ЕЛБАСЫНЫҢ «БОЛАШАҚҚА БАҒДАР: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» 

АТТЫ МАҚАЛАСЫНДА ТУЫНДАҒАН МӘСЕЛЕЛЕР 

ТЫҢҒЫЛЫҚТЫ ОРЫНДАЛСА, ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР 

ҰЛЫҚТАЛЫП, ЖАҺАНДАНУ ДӘУІРІНДЕ БӘСЕКЕГЕ 

ҚАБІЛЕТТІЛІК АРТАТЫНЫ СӨЗСІЗ. ОСЫ РЕТТЕ, 

БАҒДАРМАЛАЛЫҚ МАҚАЛАДА КӨРСЕТІЛГЕН МІНДЕТТЕР 

ҚАНШАЛЫҚТЫ ШЕШІЛІП ЖАТҚАНЫН САРАЛАП 

ОТЫРУДЫҢ МАҢЫЗЫ ЗОР. МІНЕ, АУДАН ӘКІМДІГІНІҢ 

МӘЖІЛІС ЗАЛЫНДА ӨТКЕН КЕҢЕЙТІЛГЕН МӘЖІЛІСТЕ 

ОСЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ.  

Айсұлу АЛДАНАЗАР.

4

БЕТТЕ


СӨЙЛЕ, ЦИФР!

ГЕКТАР. БҰЛ АУДАН БОЙЫНША ЕГІЛГЕН КҮРІШТІҢ КӨЛЕМІ. 



9967

ЖАҢАҚОРҒАНДА ЕГІН ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫ-

НАН ЖАҒЫМДЫ ЖАҢАЛЫҚ КӨП. БИЫЛ АУДАНДА 

КҮРІШТІҢ АЛТЫ ТҮРІНЕН ӨНІМ ЖИНАЛАДЫ. АУ-

ДАНДАСТЫРЫЛЫП ЖАТҚАН ЖАҢА СОРТТАРДЫҢ 

ӨНІМДІЛІГІ «ДАЛА КҮНІ» АУДАНДЫҚ СЕМИНАРЫН-

ДА ТАНЫСТЫРЫЛДЫ. ТЫҢ ЖАҢАЛЫҚПЕН ТАНЫСУҒА 

«ТАСБОЛАТ-А» ЖШС ЕГІНЖАЙЫНА АТ БАСЫН 

ТІРЕДІК.

Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ.



2

Жаңақорған 

            тынысы

№68 (8089) 9 ҚЫРКҮЙЕК, 2017 - СЕНБІ

http://zhanaqorgan-tynysy.kz

Дала

дидары


Әне-міне  дегенше,  ел  етек-жеңін  жинап,  дала 

жұмыстары  демін  басып,  табысты  таразалайтын  

шаққа таяды. Әрине, «береке – бірлігі бар елдің ба-

зары, еңбекке деген назары» десек,  Дала академигі 

Ыбырай  Жақаевтың  «Егінді  өсіре  білу  –  алғашқы 

асу  ғана.  Ысырапсыз  жинап  алу  –  мәре»  деген 

қанатты  сөзі  жадымызда  жаңғырып  тұрады.  Десе 

де, «қамбаға түспеген егінді біздікі деме» дегендей, 

әзірге  ауданның  егін  саласы  бойынша  атқарылып 

жатқан ауқымды істердің легін тарқатсақ. 

Аудандық  ауылшаруашылығы  бөлімінен  алған 

мәліметке  сүйенсек,  биыл  аудан  бойынша  31617 

гектар  ауыл шаруашылығы дақылдарын егу меже-

ленген. Оның ішінде дәндi дақылдар 10562 га, май-

лы  дақылдар 2500 га, мал азықтық дақылдар 16000 

га, картоп, көкөнiс, бақша  2555  гектарды құрайды 

екен. Ал, негізгі дақыл күрiштің көлемі 7750 гектар. 

– Ауылдық округтер  бойынша барлық егілген егіс 

көлемі нақтыланып барлығы  34799 гектарға жетті.  

Яғни, дәнді дақылдар  12773 гектар (күріш-9967 га, 

күздік  бидай-2012  га,  жаздық  бидай-100  га,  тары-

313 га дәндік жүгері-381 га), майлы дақылдар 2500 

гектар, мал азықтық дақылдар 16837 гектар (жаңа 

жоңышқа-4617 га, ескі жоңышқа-12165 га, сүрлемдік 

жүгері-55  га),  картоп,  көкөніс,  бақша  дақылдары  

2689 гектарды құрап отыр, – дейді аудандық ауыл 

шаруашылығы бөлімінің маманы Серік Сейдуалиев. 

Сондай-ақ,  бүгінгі  таңда  аудан  бойынша  мал 

азығын дайындау жұмыстары бойынша 136000 тон-

на  мал  азығын  дайындау  межеленген.  Ал,  қазіргі 

күні  аудан  бойынша  күтімге  алынған  12  165  гек-

тар  жоңышқаның        215    гектары  тұқымдыққа 

қалдырылған. Ал, қалған 11 950 гектар жоңышқаның  

бірінші  орымынан  23  000  тонна,  екінші  орымнан 

8119 гектар жиналып, 19959 тонна және 11000 тон-

на  табиғи  шөп  барлығы  53959  тонна  мал  азығы 

жиналып,  мал  азығын  дайындау    жұмыстары 

жалғасуда  екен.  Сонымен  қатар  егілген  2012  гек-

тар  күздік  бидайдың  әр  гектарына  21,2  центнер-

ден  (2016  жылы  1240  гектар  19  центнерден  өнім 

алынды)  барлығы  4250  тонна,  100  гектар  жаздық 

бидайдың әр гектарына 18,0 центнерден 180 тонна 

өніп жиналып (2016 жылы 123 гектар, 17 центнер-

ден), бидай жинау жұмыстары толығымен аяқталса, 

көкөніс,  бақша  дақылдарының  өнімдері  де  жина-

луда  екен.  Белгілі  болғандай,  бүгінгі  таңда  облыс 

және  еліміздің    өзге  облыстар  көлемінде    ауданы-

мызда өндіріліп жатқан бақша өнімдерінің 3000 тон-

насы сатылымға шығарылған. 

ЕГІН ОРАҒЫНА ДАЙЫНДЫҚ

 

–  Ағымдағы  жылдың  11  тамызынан  бастап 



егілген 9967 гектар күріштің суын тарту жұмыстары 

басталып, 20 тамыздан бастап алғашқы егін орағын 

бастап,  25  қыркүйекке  дейін  толық  аяқтаймыз  де-

ген  жоспар  бар.  Егін  орағына  қажетті  техника, 

жанар-жағар  маймен  қамтамасыз  ету  жұмыстары 

өз дәрежесінде жүргізілуде. Атап айтар болсақ, ау-

дан  бойынша  2017  жылғы  күзгі  егін  жинау  және 

дала  жұмыстарын  жүргізу  үшін  Үкімет  тарапынан 

жеңілдетілген бағамен   2275  тонна дизель отыны 

бөлініп отыр, оның 1000 тоннасы ауданға жеткізілді. 

Дизель  отынын  қажет  еткен  шаруашылық 

құрылымдары жанар-жағар майды кедергісіз алуда, 

–  деді  аудандық  ауылшаруашылығы  бөлімінің  бас-

шысы Қаржыбек Бүркітбаев. 

Сондай-ақ,  сала  басшысы  ауыл  шаруашылығы 

техникаларынан бүгінгі таңға 201 трактордан – 181 

данасы,  100  дана  комбайыннан  –  91  данасы,    29 

жаткадан – 27 данасы, 50 жүк көлігінен – 76 данасы 

және 101 дана трактор тіркемесінен 95 данасы дай-

ын екендігін жеткізді. 

Иә,  ендігі  диқаншы  қауымның  бар  тілегі  – 

көктемде  жерге  сіңірген  дәнінің  жемісін  шашпай-

төкпей  жинап  алу.  Яғни,  несібесін  жерден  айы-

рып,  күзден  береке  күтетін  еңбекшіл  қауымға  күн 

қарасып, қамбаға құйғанша ауа райы құбылмаса игі.

Елімізде  агроөнеркәсіп  кешенін  дамыту  –  аграрлық 

саясаттың маңызды бағыты. Бұл тұрғыда Мемлекет бас-

шысы халыққа арнаған Жолдауында алдыға батыл қадам 

жасап, Үшінші жаңғыруды бастауға пәрмен берді. Оның 

ішінде, ауыл шаруашылығы саласын жаңа экономиканың 

драйверіне  айналдыруға  баса  маңыз  берілді.  Яғни  ол 

өз  кезегінде  агралы  саланың    қарқынды  өсуін  және 

оны  тиімді  бизнес  көзіне  айналдырып,  тұрақты  жұмыс 

көздерінің ашылуына даңғыл жол ашады.

Осы  орайда,    бір  ғана  ауылшаруашылық  саласы 

бағыты бойынша Жаңақорған ауданы аймақтың алдыңғы 

қатарлы көшбасшысына айналды. Оған қоса, аудан әкімі 

Ғалым Әміреевтің инциативасымен жарқын жобалар мен 

жаңашыл бастамалар жүзеге аса бастады. Соның айқын 

бір көрінісі ретінде жыл басында  аудан орталығында та-

рихи оқиға орын алды. Елбасы Жолдауынан туындаған 

басым бағытты одан әрі дамыта түсу мақсатында өңірде 

тұңғыш  болып  агро-инудстриялық  аймақтың  тұсауы 

кесілді. 

Өздеріңізге  белгілі,  өңірде  «Нәтижелі  жұмыспен 

қамтуды  және  жаппай  кәсіпкерлікті  дамытудың  2017-

2021  жылдарға  арналған  бағдарламасы»  жүзеге  асуда. 

Жалпы  халық  үшін  жасалған  құнды  құжаттың  діттегені 

–  өңірлік  кәсіпкерліктің  қалыпты  және  теңдестірілген 

өсімін  қамтамасыз  ету.  Сондай-ақ,  халықты  нәтижелі 

жұмыспен  қамту  және  азаматтарды  кәсіпкерлікке  тар-

ту.  Әсіресе,  ауылдық  жерлердегі  кәсіпкерлердің  ілкімді  

бастамаларын  кеңейтуді  көздейді  бұл  бағдарлама.  Бұл 

бағытта  «Батыс  Еуропа-Батыс  Қытай»  халықаралық 

автокөлік дәлізінің бойынан агроиндустриялық аймақтың 

келшегі кемел. 

Бүгінгі  таңда  агроиндустриялық  аймаққа  152  га 

жер бөлінді. 9 363 200 теңгеге аймақты абаттандыруға, 

көгалдандыруға қоршау жұмыстары жүргізіліді. Нақтырақ 

айтқанда,    47  га  жер  қоршалды.  Атакәсіпті  арқау  ет-

кен  Жаңақорған,  Шалқия  кенті  мен  Бірлік  ауылының 

кәсіпкерлері  45  гектар  аумаққа  шаруашылығын 

жүргізуде. Белгісі 50-ге жуық жұмыссыз адам жұмыспен 

қамтылған.  Әсіресе,  Жаңақорған  кентінің  үлесі  мол. 

Яғни, 12 жеке кәсіпкер 24 гектар жерді тиімді пайдала-

нып, ризығын теруде. 

–  Биыл  2  гектар  жерге  бақша,  көкөніс  өнімдерін 

ектім.  Нәтиже  жаман  емес.  Ерінбей  еңбек  етсең, 

Жаратқан  ризықсыз  қалдырмайды  екен.  Бүгінгі 

таңда  өнімдерінің  басым  бөлігін  нарыққа  шығардым. 

Сұраныста  жақсы.  Келесі  жылы  жер  көлемін  ұлғайтып, 

молырақ  өнім  алуға  жұмыс  жасасақ  деген  жоспар  бар. 

Ең  бастысы  істі  ұйымдастырып,  агро-аймақтың  ашы-

луына  себепкер  болған  аудан  әкіміне  алғысымыз  зор, 

–  дейді  жаңақорғандық  диқаншы,  «Абдулла»  дара 

кәсіпкерлегінің төрағасы Бектұрсын Шакайдаров. 

Иә, бүгінде Сыр елінде аграрлы саланы дамытуда тың 

серпіліс бар. Оның ішінде, республикада тұңғыш болып, 

Жаңақорғаннан ашылған агро-аймақтың болашағы зор. 

Өйткені, алдағы уақытта агро-аймақтың ауқымы одан әрі 

кеңейе түспек. Яғни, аграрлы сала бойынша облыстағы 

көшбасшы  жеке  кәсіпкерлер  осындағы  тәжірибелік 

алаңда өз өнімдерін өндіруге мүмкіндік алады. 

Бұл  туралы    жақында  аудан  әкімдігінің  мәжіліс 

залында  өткен  аудан  әкімдігі  мен  Оңтүстік  Корея 

республикасының «Hanwoori co ltd» компаниясы арасын-

да  жасалған  екіжақты  меморандум  барысында  белгілі 

болды.  Яғни,  болашақта  «Агротехнология»  орталығы 

мен  минералды  тыңайтқыштар  өңдейтін  зауыт  салу-

да  жоспарда  бар.  Не  десекте,  әзірге  кезең-кезеңімен 

жүзеге асатын бұл жобаға білікті агрономдарда өзінің оң 

бағасын  беруде.  Олай  болса,  «Істі  ұйымдастыра  білген 

ұтады» деген аталы сөзбен тақырыпты түйіндедік.

АГРО-АЙМАҚТЫҢ

болашағы байыпты

Иә,  аудан  көлемінде  соңғы  жылдары  мал 

шаруашылығын  дамытуда  нәтижелі  жұмыстарға  қол 

жеткізілді.  Атакәсіпті  дамыту  жөніндегі  мемлекеттік 

бағдарламалар аясында бекітілген жылдық жоспарлар-

ды бірінші жарты жылдықта орындауға қол жеткізілген. 

Бұл туралы біз аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің 

бас  маманы  Ерғали  Қайырбековпен  тілдесу  барысын-

да білдік. 

  –  Жалпы  өңірде  төрт  түліктің  басы  жыл  санап 

артып  келеді.  Оған  мемлекеттік  бағдарламалардың 

әсері мол. Мәселен, «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 

жылдық жоспар 263 бас мүйізді ірі қара малдың 18 ай-

дан асқан қашары мен сиырын сатып алу қажет бол-

са,  оның  орнына  658  бас  тауарлы  сиыр  сатып  алын-

ды.  Яғни,  жоспар  250  пайызға  асыра  орындалды.  Ал, 

«Алтын  асық»  бағдарламасы  бойынша  жылдық  жо-

спар 125 бас қой сатып алу белгіленсе, 212 бас сатып 

алынды. Жоспар 169,6  пайыз орындалды. Сол сияқты 

«Құлан»  бағдарламасының  жылдық  жоспары  63  бас 

болып белгіленіп, оның орнына 75 бас бие сатып алын-

ды, – дейді бас маман. 

Сала маманының сөзінен бұл бағыттағы жұмыстың 

қарқынды  екенін  байқадық.  Яғни,  төрт  түліктің 

ТӨРТ ТҮЛІГІ 

ТҮЛЕГЕН АУДАН

ЖАҢАҚОРҒАН – БАҒЗЫДАН АТАКӘСІПТІ АРҚАУ ЕТКЕН БЕРЕКЕЛІ 

АЙМАҚ. ЖАЗИРАЛЫ ЖАЙЫЛЫМЫ ТӨРТ ТҮЛІКТІ ТҮЛЕТІП ҺӘМ 

ТӨЛДЕТУГЕ ТАПТЫРМАЙТЫН ЖЕР. ДАЛА ДИДАРЫНЫҢ ТҰМСА 

ТАБИҒАТЫН ОСЫ ҚОНЫСТАН ТАБАСЫЗ. СОДАН БОЛСА КЕРЕК, 

МЕМЛЕКЕТТІК «СЫБАҒА» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ОРЫНДАЛУ БА-

РЫСЫ БОЙЫНША АУДАН ОБЛЫСТА КӨШ БАСТАП ТҰР. БІР ҒАНА 

МЫСАЛ, ӨТКЕН ЖЫЛЫ ЖОСПАР БОЙЫНША 920 БАС МҮЙІЗДІ ІРІ 

ҚАРАҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗУ КЕРЕК БОЛСА, 

ОНЫ 1269-ҒА ЖЕТКІЗІП, 349 БАСҚА АРТЫҚ ОРЫНДАҒАН. 

ӨРІСІНДЕ


саны  бағдарлама  аясында  жылдан  жылға  еселеніп, 

жаңақорғандық шаруалардың шаруасы ширай бастаған. 

Ендігі кезекте аудан бойынша жалпы мал басының са-

нына тоқталсақ. Облыстық статистика басқармасының 

2017  жылғы  1-шілдедегі  мәліметіне  сүйенсек,  бүгінгі 

таңда  мал  басы  61311  бас  мүйізді  ірі  қараға  жетіп, 

оның ішінде аналығы 32380 бас екен.  Ал мұның  388 

басы  ауыл  шаруашылығы  кәсіпорындарының,  23352 

басы шаруа қожалықтарының, 37571 басы жұртшылық 

шаруашылығының меншігіне жатады екен.  Оған қоса, 

уақ мал 267361 бас, жылқы 13835 бас, түйе 1491 басқа 

жетіпті. 

– Сондай-ақ, төл алу барысы да межеленген жоба-

дан кем болған жоқ. Атап айтқанда, жыл басындағы 

әр  100  аналықтан  36  бұзау  алынып  отыр.  Алайда, 

жылдың  қорытындысымен  60-70  пайыз  қамтамасыз 

етіледі  деп  меже  бар.  Оған  қоса,  жыл  басындағы  әр 

саулықтан  80  қозы  алынды.  Әзірге  құлын  мен  бота 

47-ден ғана алынса, жылдың қорытындысымен құлын 

70, бота 50-ден алынады деп жоспарлануда, – дейді 

Ерғали Қайырбеков. 

Түптеп 


келгенде, 

мал 


шаруашылығының 

жоғарыдағы  негізгі  көрсеткіштері  өткен  жылғы 

көрсеткіштермен салыстырғанда жоғары болғаны айт-

пасада  түсінікті.  Әсіресе,  атакәсіпті  дамытуды  арт-

тыру  жөніндегі  мемлекеттік  бағдарламалардың  алар 

орны  айрықша.  Себебі,  жеңілдетілген  субсдидияның 

негізінде  шаруасын  тіктеп,  еңбегін  еселеуде 

қарапайым  қожалықтар.  Осы  тұста,  айта  кететіні, 

Ерғали  Қайырбеков  атакәсіпті  арқау  еткен  мал-

шылар  қауымына  жағымды  жаңалығы  бар  екенін 

жеткізді.  Яғни,  асыл  тұқымды  мал  шаруашылығын 

дамытуды  және  оның  өнімділігін  және  өнімдік  са-

пасын  арттыруға  байланысты  субсиядилауға  өтінім 

беру  жүріп  жатқандығын  тілге  тиек  етті.  Мүйізді  ірі 

қара малдарының селекциялық және асыл тұқымдық 

жұмыстарды жүргізуге субсидия алу үшін 1-қыркүйекке 

дейін  аяқталса,  ал,  қойлардың  аналық  басымен 

селекциялық  асыл  тұқымдық  жұмысын  жүргізуге 

1-қазанға дейін өтінім беру керек екен. 



  1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал