2017 Жыл №31 (8053) аудандық ҚОҒамдық саяси газет сыр – Анам, Қаратау – Панам!



жүктеу 354.43 Kb.

бет1/4
Дата13.09.2017
өлшемі354.43 Kb.
  1   2   3   4

25 СӘУІР 

СЕЙСЕНБІ 

2017 ЖЫЛ 

№31 (8053)

АУДАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ - САЯСИ ГАЗЕТ



Сыр – Анам, Қаратау – Панам!

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ «БӨБЕК» 

ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМИ ПРАКТИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ 

ЖӘНЕ САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЫЛ 

САЙЫНҒЫ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН ӨТЕТІН 

ЖАС ҒАЛЫМДАРДЫҢ БАЙҚАУЫНДА НҰРАЙ 

БАЙҚОЖА ЖҮЛДЕЛІ ОРЫННАН КӨРІНІП, ОБ-

ЛЫС МЕРЕЙІН АСҚАҚТАТТЫ. ТӨКЕН ОМАРОВ 

АТЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒАРЫШТЫҚ ФИ-

ЗИКА МЕН АСТРОНОМИЯДАН ОҚУШЫЛАРДЫҢ 

ҒЫЛЫМИ ЖАРЫСЫНДА НҰРАЙ МӘЖИТҚЫЗЫ 

МЕН АЙДАРХАН ӨМІРБЕК ҚОРҒАҒАН ЖОБА 

ЕКІНШІ ОРЫНҒА ЛАЙЫҚ ДЕП ТАНЫЛДЫ. 

ҚУАНЫШТЫ ХАБАР ЖЕТКЕННЕН КЕЙІН 

ЖАҢАҚОРҒАН ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫ АЛДЫН-

ДА НҰРАЙДЫ АТА-АНАСЫМЕН БІРГЕ БІР ТОП 

МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ, АЛҒАШҚЫ ҰСТАЗЫ 

КҮТІП АЛДЫ. ӘРІ, АУДАН ӘКІМДІГІ ТАРА-

ПЫНАН ҚҰТТЫҚТАУ ХАТ ТАПСЫРЫЛЫП

ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ.

Алдымен,  бұл  байқаудың  мақсаты  мен 

маңыздылығы  жөнінде  облыстық  білім 

басқармасының 

ғылыми-практикалық 

орталығының  әдіскері  Әсел  Ахметова 

түсіндіре кетті.

– Жыл сайын дәстүрлі өтіп келе жатқан 

бұл  ғылыми  жобаның  өскелең  ұрпаққа 

берері мол. Орыс және қазақ тілінде өткен 

бұл  сынға  11  облыстан  өнертапқыштар 

бақ  сынады.  Қызылорда  облысынан  төрт 

оқушы қатысуға мүмкіндік алды. Оның екеуі 

Жаңақорғаннан,  Нұраймен  бірге  Жаңарық 

ауылының  тумасы  Ақмарал  Сансызбай  да 

жобасын ұсынды. Шыны керек, алғашында 

ұйымдастырушылар  бізге  күдікпен  қарады. 

Себебі,  жыл  сайын  қатыссақ  та  жүлделі 

орынға  іліне  алмай  келеміз.  Міне,  бүгін 

Нұрай  мен  Айдархан  қорғаған  жоба  бізге 

жеңіс сыйлады. Келер жылы бас жүлде алуға 

тырысамыз, – деді.

–  Жобаның  мақсаты  –  кун  жүйесіндегі 

майда  ғарыштағы  объектілердің  және 

газ-шаң 


бөлшектерінің 

станционалды 

жағдайларын  қарастыра  отырып,  олардың 

орнықтылығын  және  эволюциясын  зерттеу 

болып  табылады.  Жобаны  жасап  шығуға  бір 

жылға  жуық  уақыт  кетті.  Ғылыми  жетекшім 

Бауыржан  Елеусінов  пен  пәндік  жетекші 

Гулзина  Бекмұхаметованың  еңбегі  сіңді. 

Үмітті  ақтауға  тырыстық,  нәтижесінде  екінші 

орынға  қол  жеткізіп  отырмыз.  Енді  алдағы 

уақытта  жоспар  құрып,  дайындықты  бастай-

мын. Байқоңыр қаласында өтетін Халықаралық 

байқауға  қатысып,  грант  жеңіп  алғым  келеді. 

Тағысын тағы, – деді білімпаз қыз.

Ол өз жеңісі  алдымен ата-анамның арқасы 

және оны  қолдап, демеу болған ұстаздарының 

еңбегінің  нәтижесі  екенін  атады.  Иә,  бүгінгі 

қыздарының  жемісіне  қуанған  ата-ананың 

қуаныштан  көздерінде  жас  алды,  көңілдері 

шаттыққа  толды.  Осындай  талантты  да  дарын-

ды, ерекше қабілетті қызды өмірге алып келген 

жандардың шаңырағы қашанда үлгі боларлық.

Иә, 

Мәжит 


Балқожаев 

пен 


Жанат 

Алтыбаеваның  отбасында  үйдің  кенжесі  болып 

дүние есігін ашқан Нұрай 2007-2008 оқу жылында 

алғаш мектеп табалдырығын аттайды. Сол күннен 

бастап-ақ  алғырлығымен,  зеректігімен  көзге  түсе 

бастайды. 



(Жалғасы 3-бетте)

–  Кез  келген  кеселдің  алдын  алуға  бола-

тынын  ұмытпауға  тиіспіз.  Ол  үшін  қарапайым 

қағидаларды  ұстанып,  сақтық  шарасына 

қырағылық  танытқан  абзал.  Әсіресе  «Қырым 

–  Конго  қанды  безгегі»  (ҚКҚБ)  секілді  аса 

қауіпті  жұқпалы  аурулардың  соңы  қайғылы 

жағдайларға  ұшыратып  жатады.  Бұл  – 

табиғатта  кене  арқылы  таралатын  ауыр  ин-

токсикациялы  және  айқын  гемморагиялық 

синдроммен  (көгала  ауруы)  сипатталатын  ви-

русты  табиғи  ошақты  ауру.  Аудан  көлемінде 

16  елдімекен  осы  аурумен  қолайсыз  болып 

есептеледі.  ҚКҚБ-нің  вирусы  сыртқы  орта-

да  төзімсіз,  қайнатқанда  бірден  өледі.  Негізгі 

инфекция  көзі:  жабайы  және  үй  жануарла-

ры және таратушы эктопаразиттер – кенелер. 

Ауру  трансмиссивті,  қарым-қатынас  арқылы 

және  аэрогенді  (ауа  тамшылары  арқылы) 

жолдары  арқылы  таралады.  Медициналық 

қызметкерлердің ішінде қанмен тығыз байланы-

ста  болатын  мамандарда  (хирургтар,  акушер-

гинекологтар және олардың мейірбикелері) қан 

кетіп жатқан науқастарға көмек көрсету кезінде 

тиісті ережелерді сақтамаса, арнайы киімдерді 

кимеген  жағдайда  жұқтыру  қаупі  өте  жоғары. 

Ауру  негізінде  тек  табиғатта  кене  арқылы  та-

райды, – дейді Асхан Отарбеков. Сондай-ақ, ол 

аурудың  алдын  алу  үшін  кенеге  қарсы  залал-

сыздандыру жұмыстарының саны мен сапасын 

арттыру қажеттігін айрықша атап өтті. Өйткені, 

ауру  шыққан  ошақтардағы  эпидемияға  қарсы 

кететін  шараға  қарсы  шығынды  есептемеген-

де  «Қырым  –  Конго  қанды  безгегі»  ауруымен 

ауырған бір науқасты емдеуге 3 475 478 теңге 

қаржы жұмсалады екен. 

  

–  Бұл  тұрғыдан  алғанда  аудан  бойынша 



халық арасында насихат жұмыстары мен қоса 

залалсыздандыру  жұмыстары  жүргізілуде. 

Биылғы жылы Ақтөбелік «Сервис-DESO» ЖШС 

тендер  жеңімпазы  болып  табылған.  Жасы-

ратыны  жоқ,  залалсыздандыру  жұмысы  кеш 

басталды.  Оның  үстіне,  өздеріңізге  белгілі, 

көктем  маусымы  жауын-шашын  жиі  болуда. 

Бұл  өз  кезегінде  кенелерге  қолайлы  жағдай 

туғызады.    Оған  қоса,  жылы  ауа  райының 

қалыпты  сақталуы  ҚКҚБ  ауруының  кезеңдік 

көрсеткішінің  көтерілуіне  қолайлы  жағдай 

тудырып,  ауру  санының  өсуіне  алып  келуі 

ықтимал.  Сондықтан  сақтық  шараларын  ба-

рынша сақтап, залалсыздандыру жұмыстарына 

жауапты  мекеме  алдын  алу  шарасын  жедел-

деткені тиімді, – деді дәрігер-эпидемиолог.

Айта кету керек, 2016 жылы кене шағып зар-

дап шеккендер саны 214 жағдайға жетсе, биыл 

екі ай ішінде  7 жағдай тіркелген. Сала маманы 

сөз соңында,  тұрғындарға маусымдық құбылыс 

салғырттықты  көтермейтінін  айта  келе,  ба-

рынша  сақтық  шараларына  жауапкершілікпен 

қарауға кеңес берді. 

Яғни, оқырман талғамына сай ба-

сылым  мазмұнын  арттыру  басты  на-

зарда.  Оған  қоса,  журналистердің 

шығармашылық  потенциалы  мен 

ізденіс  мүмкіндіктерін  жетілдіре  түсу 

алқалы  жиында  айтылған  болатын. 

Сондай-ақ,  аудандық  басылымдар 

озық  тұстары  бойынша  бір-бірімен 

өзара  тәжірибе  алмасу  керектігі 

көтерілді.  Міне,  осы  мақсатта  Шиелі 

аудандық  «Өскен  өңір»  газетінің  бір 

топ  мамандары  «Жаңақорған  тыны-

сы»  басылымының  редакциясына  ат 

басын  бұрды.  Діттегені  –  әріптестік 

ынтымақтастықты 

арттыру. 

Өз 


кезегінде  аудандық  басылымның 

тұтқасын  ұстаған  Нұрлат  Байгенже 

шиелілік  журналистерді  құшақ  жая 

қарсы  алды.  Төрін  ұсынып,  газеттің 

озық  тәжірибесімен  бөлісті.  Әсіресе, 

газетті  жоспарлау,  беттің  дизайнын 

әрлеу,  баспасөз  қызметін  жанданды-

ру  бағытындағы  барын  ортаға  сал-

ды.  Алқалы  жиын  өткізілді.  Алғашқы 

кезекте, қалам ұстаған қауым алдын-

да жас журналист Әлібек Жарықбаев 

аудандық 

басылым 

беттеріндегі 

мақала  мазмұны  мен  көтерер  жүгін 

бір  сілкіп  алды.  Дұрысы  –  газеттің 

беттелуінен  бастап,  әрбір  мақалаға 

жеке-жеке  тоқталып,  ондағы  кемшін 

тұстар  мен  ұтымды  жағын  баяндап 

берді. Ал, төл басылымның дизайнері 

Ерлан  Абдрасилов  пен  Жасұлан  Сей-

деметов шиелілік әріптестеріне әрлеу 

өнерінің  қыр-сырына  қанықтырды. 

Әрі  әрбір  бетті  жасағанда  мақала 

мәтінінің  мазмұнына  сай  көрнекі 

суреттерді  қалай  таңдау  керектігі 

жөнінде  кәсіби  шеберліктерін  жа-

сырып  қалмады.  Ал,  «Өскен  өңір» 

газетінің  бас  редакторының  орын-

басары 


Елдос 

Жүсіп 


бастаған 

шығармашылық  топ  порталдағы  пай-

далы  мәліметтерімен  бөлісті.  Яғни, 

бүгінде  өздеріңізге  белгілі,  әрбір 

басылымның  жеке  сайттары  бар. 

Ақпараттық  технология  күн  санап 

дамыған  заманда,  жаңалықтардың 

электронды  нұсқасын  оқырман  наза-

рына ұсыну күн тәртібінде. Оған қоса, 

сайттағы  оқырмандар  санын  артты-

руда  «Өскен  өңір»  газетінің  өзіндік 

тәжірибесі  мол.  Көрші  ауданның  бұл 

бағыттағы  тың  тәсілдерін  төл  басы-

лым  тілшілері  санаға  түйіп,  сайтқа 

серпін  беретін  болып  уағдаласты. 

Осылайша,  екі  жақты  әріптестік 

ынтымақтастық  негізіндегі  ақпарат 

алмасу  сәтті  ұйымдастырылды.  Қос 

тарап  алдағы  уақытта  бұл  бағыттағы 

жұмыстар  жалғасын  табатын  болып 

келісті. 

Күн  сенбі.  Шиелі  шаһары.  Бұл 

жолы  қырық  шақырымдағы  қоңсыға 

«Жаңақорған 

тынысы» 

газетінің 

тілшілері барды. Мақсат – аймақаралық 

журналистер  арасындағы  спорттық 

сайысқа  қатысу.  Салауатты  өмір  сал-

тын    насихаттауға  бағытталған  ша-

раны  ұйымдастыруға  «Сыр  бойы» 

газетінің 

Шиелі, 

Жаңақорған 



өңіріндегі  меншікті  тілшісі,  қаламы 

қарымды  қаламгер  Нұрмахан  Ел-

тай  ұйытқы  болды.  Үстел  теннисі 

мен  дойбы  ойыны  жарысына  4  ко-

манда  қатысты.  Командалық  жүйеде 

жарысқан 

жүйріктер 

қатарында: 

«Сыр медиа» ЖШС меншікті тілшілері, 

«Жаңақорған 

тынысы», 

«Өскен 


өңір»,  «Шарайна-Сейхун»  газетінің 

шығармашылық  ұжымы  бар.  «Қос 

тойың қабат болсын, екі дүниең абат 

болсын»  демекші,  спорттық  шарамен 

қатар,  Нұрмахан  Назымханұлының 

жетекшілігімен  ашылған  «Тастүлек» 

теннис клубының ашылу рәсімі өрбіді.

                   (Жалғасы. 2-бетте)

ЖАРҚЫН ЖЕҢІСІ

НҰРАЙДЫҢ

Әлібек ТЕМІРБЕК.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 

төрағалығымен Астананың әлеуметтік-экономикалық да-

муы мәселелері бойынша және халықаралық «Астана 

ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесіне дайындық 

барысы туралы кеңес өтті, деп хабарлайды Үкіметтің 

баспасөз қызметі. 

ЭКСПО-ҒА

ДАЙЫНДЫҚ 



ПЫСЫҚТАЛДЫ

ЭКСПО-ҒА

ДАЙЫНДЫҚ 



ПЫСЫҚТАЛДЫ

Елбасы  мақаласында  заман  талабына 

сай көне мен бүгінгіні қисынды ұштастыра 

отырып,  еліміздің  рухани  кодқа  сүйену 

қажеттігін  ұтымды  айтқан.  Негізі  ұлттық 

тек    дегеніміз  –  ұлтты  біріктіріп  ұстап 

тұратын  іргетас.  Оған  тіл,  дін,  діл,  жал-

пы  рухани  құндылықтар  жатады.  Ал, 

діл  дегеніміз  –  қанымызға  сіңген  қасиет. 

Яғни,  бұдан  шығатын  қорытынды  –  Ұлт 

Көшбасшысы  кез  келген  жаңғырудың  ең 

алдымен ұлттық болмысқа, салт-дәстүрдің 

замана  сынынан  сүрінбей  өткен  озығына 

негізделуге  мән  беріп  отыр.  Бұл  сындар-

лы  шақтағы  өзгерістерге  үрке  қарағаннан 

гөрі,  жаңашылдық  пен  сана  жаңғыруына 

сергектік 

танытқан 

абзал. 

Өйткені, 



бүгінгідей жаһандану заманына ұлттық жа-

дымен ғана төтеп бере аламыз. 

 

 Мұзарап МАХМУТОВ, 

кент ардагерлер кеңесінің төрағасы.

Бүгінгі  таңда  Мемлекет  басшысы 

ұсынған  қазақ  әліпбиін  кезең-кезеңімен 

латынға көшіру жайын еліміздің ғалымдары, 

зиялы  қауым  өкілдері  қызу  талқыға  салу-

да. Әрине, бұл заман талабынан туындаған 

маңызды  мәселе.  Өйткені,  Елбасы  латын 

қарпіне  көшу  ХХI  ғасырдың  басты  тала-

бы  екенін  айта  келе,  мұның  қазіргі  техно-

логия мен коммуникациямен, ғылыми және 

инновациялық  процестермен  тікелей  бай-

ланысы  барын  жеткізді.  Яғни,  ғаламдық 

ақпараттық  кеңістігіне  жедел  кіруге  кең  

тыныс ашылады. Екіншіден, түркі тілдес ел-

дермен  ықпалдастық  пен  ынтымақтастық 

одан әрі нығая түседі. Бір сөзбен айтқанда, 

латын графикасын қабылдау арқылы біздің 

әлем  елдері  алдындағы  түсіністігіміз  арта 

түсері  айқын.  Бұл  өз  кезегінде  озық  отыз 

елдің қатарына енуге өзіндік үлесін қосары 

сөзсіз. 


                 Динара ҚАЛЖАНОВА, 

№169 Ильялетдинов атындағы 

мектептің  мұғалімі.

Ж

аңғыру жолы



Ұтымды ұсыныс

ПАЙЫМ МЕН ПІКІР

Кеңес  барысында  елорда  дамуының  өзекті  мәселелері 

мен  перспективалары,  сондай-ақ  басталуына  48  күн  қалған 

халықаралық көрмені өткізудің ұйымдастырушылық аспектілері 

талқыланды.  Бүгінгі  таңда  көрмеге  қатысуға  115  ел,  21 

халықаралық  ұйым  ниет  білдірді,  2,5  млн  турист  келеді  деп 

жоспарланған.

Мемлекет  басшысы  еліміз  бен  халқымыз  үшін  алдағы 

«ЭКСПО-2017»  көрмесінің  маңыздылығын  атап  өтіп,  шетелдік 

қонақтар мен Қазақстанның барлық өңірінен келетін туристерді 

қабылдауға жан-жақты дайындалу қажет екеніне назар аудар-

ды.

«Біз  дайындықтың  соңғы  кезеңіне  жеттік,  ауқымды  жұмыс 



атқарылды.  Елорда  көп  адамды  қарсы  алуға  дайын  болуға 

тиіс.  Инфрақұрылымды,  қонақ  үйлерді,  мәдениет  ошақтарын, 

қалалық қызмет көрсету мекемелерін әзірлеп қою қажет», – деді 

Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан  Назарбаев  Астананың  тұрғындар  үшін  қолайлы 

әрі жайлы, сондай-ақ әлемнің үздік қаласының біріне айналуға 

тиіс екенін атап өтті. Осы орайда, Мемлекет басшысы елорданы 

одан әрі дамыту жөнінде бірқатар тапсырма берді.

«Қаланың  басқарудың  барлық  саласында  қазіргі  заманғы 

цифрлық  технологияларды  енгізу  қажет.  Үкімет  Астананы 

цифрлық  технологиялар  енгізілетін  негізгі  алаңға  айналдыруы 

керек.  Менің  тапсырмам  бойынша,  «ЭКСПО»  аумағында  IT-

стартаптардың  халықаралық  технопаркі  ашылатын  болады»,  – 

деді Елбасы.

Сондай-ақ,  Қазақстан  Президенті  қаланы  Дубай,  Гонконг, 

Сингапур қалаларының үлгісімен дамытуды және онда Еуразия 

кеңістігі ауқымындағы қаржылық және іскерлік хаб құруды тап-

сырды.


«Бүгінде  Астанада  шетелдік  2700  компания  жұмыс  істейді. 

Олар қала экономикасына 3,2 миллиард АҚШ доллары көлемінде 

инвестиция салды. Дегенмен, бұл ретте қолда бар мүмкіндіктер 

толық  пайдаланылмай  отыр.  Астана  арнайы  экономикалық 

аумағының  әлеуеті  жеткіліксіз  пайдаланылуда.  Елорданы  одан 

әрі  дамыту  барысында  урбанизация  үрдісін  ескеруге  тиіспіз. 

2030  жылға  қарай  қала  тұрғындарының  саны  тағы  1  миллион 

адамға өсуі мүмкін. Бұл қала алдына үнемі жаңа жұмыс орында-

рын ашу арқылы ел-жұртты еңбекпен қамтамасыз ету міндетін 

қояды», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасы  тұрғын  үй  секторын  дамыту  жайына  арнайы 

тоқталып, Үкіметке мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алу 

үшін кезекте тұрғандардың мәселесімен айналысуды тапсырды.

«Қала  жалпы  көлемі  кем  дегенде  2  миллион  шаршы  метр 

болатын  тұрғын  үйлерді  жыл  сайын  пайдалануға  беріп  оты-

руы қажет. Бас жоспарда болмауға тиіс заңсыз құрылыстарды, 

15  мың  бау-бақша  учаскелерін  сүру  жұмыстарын  жанданды-

ру керек. Қаланың орталық аудандарын ескірген үйлерден та-

зарту қажет. Астана әкіміне елорда құрылысын ықшамдап салу 

жөнінде ұсыныс енгізуді тапсырамын», – деді Мемлекет басшы-

сы.

Бұдан  бөлек,  Қазақстан  Президенті  тұрғын  үйді  жалға 



беру  жөнінен  «көлеңкелі»  нарықтың  белең  алып  отырғанына, 

үлескерлердің  проблемаларына  тоқталып,  заманауи  көлік 

инфрақұрылымын ұйымдастыру қажеттігіне назар аударды.

«Туристік  орталыққа  айналу  үшін  Астананың  әлеуеті 

жеткілікті. Үкіметке әкімдермен бірлесіп, елорда туризмін дамы-

ту жөнінде шаралар қабылдауды тапсырамын», – деді Нұрсұлтан 

Назарбаев.

Мемлекет басшысы елорданы азық-түлікпен қамтамасыз ету 

жұмысының кемшін тұстарына тоқталды.

«Қалада  салынған  көкөніс  қоймасы,  коммуналдық  рынок, 

сауда павильондары желісі әлі де толық пайдаланылмай отыр. 

Мәселен,  сегіз  көкөніс  қоймасының  екеуі  жұмыс  істемейді,  ал 

қалғандарының  төрттен  бір  бөлігі  ғана  толтырылған.  Өткен 

екі  жыл  ішінде  ғана  Астанаға  құны  42  млрд  теңгеден  асатын 

қаражатқа  импорттық  азық-түлік  әкелінген.  Олардың  көбісі  – 

өзіміз  өндіре  алатын  өнім.  Мұның  бәрі,  түптеп  келгенде  Аста-

на төңірегінде азық-түлік белдеуін дамыту жөніндегі жұмыстың 

сәтсіз болғанын білдіреді», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет  басшысы  «ЭКСПО-2017»  халықаралық  көрмесіне 

қаланың  дайындығы  мәселелеріне  назар  аударып,  ұлттық 

компания  мен  Үкімет  алдындағы  басымдығы  бар  міндеттерді 

анықтады.

«Нысандардың 

көпшілігінің 

құрылысы 

аяқталып, 

пайдалануға берілуге дайын. Сонымен бірге, Конгресс-орталық 

пен  мейрамхананың  құрылыс  жұмыстары  әлі  де  жалғасуда. 

Олардың уақтылы тапсырылуын қамтамасыз ету керек. Қонақтар 

алғаш  әуежай  мен  вокзалға  келген  сәттен  бастап-ақ  көргенін 

көңілге түйе бастайды. Барлық инфрақұрылым толық дайын бо-

луы қажет. Алматы, Қарағанды және Көкшетау қалаларының да 

әуежайлары резерв ретінде қонақтарды күтіп алуға дайын болу 

керек», – деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан  Назарбаев  автокөлікпен  келетін  туристерге  жол 

бойында қызмет көрсету ісін ұйымдастыру қажеттігін атап өтті.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы көрме өтетін күндері мәдени-

көпшілік  және  ерекше  маңызы  бар  іс-шаралар  ұйымдастыруға, 

ақпараттық жұмысқа, Астана қонақтары мен тұрғындарының 

қауіпсіздігі мәселелеріне назар аударып, қонақтарды қарсы 

алуға волонтерлердің дайындық дәрежесі жөнінде сау-

ал қойды.

«Енді  көрмені  мазмұндық  жағынан  толтыру 

мәселесіне келейік. Қатысушы елдер экспозиция жо-

баларын  әлі  бекітіп  болған  жоқ.  Барлық  шетелдік 

қатысушылардың  өз  павильондарын  мазмұндық 

жағынан толтыру процесін тездетуді «Астана ЭКС-

ПО-2017»  ұлттық  компаниясы  мен  Сыртқы  істер 

министрлігіне тапсырамын. Қазақстанның павильо-

нына да ерекше назар аударылады. Оған отандық 

28 әзірлеме, соның ішінде жоғары оқу орындарының 

жобалары  іріктеп  алынды.  Біздің  экспонаттар 

жәдігерлердің  халықаралық  экспонаттардан  кем 

түспеуге тиіс», – деді Қазақстан Президенті.

                

МАУСЫМДЫҚ ҚҰБЫЛЫС

САЛҒЫРТТЫҚТЫ КӨТЕРМЕЙДІ 

 

КҮН ЖЫЛЫНДЫ ДЕГЕНШЕ САН ТҮРЛІ АУРУ-



СЫРҚАУДЫҢ ӨРШИТІНІ БЕЛГІЛІ. ОҒАН ҚОСА, 

ҚАҺАРЛЫ ҚЫСТАН ЖАН САУҒАЛАП ШЫҚҚАН 

КЕНЕНІҢ КҮННІҢ КӨЗІ ЖЫЛЫНЫСЫМЕН ЖЫЛУ 

ҚАНДЫ ЖАН-ЖАНУАР МЕН АДАМҒА КЕСІРІ КӨП. 

ЕРТЕ КӨКТЕМНЕН БАСТАП КЕНЕМЕН КҮРЕС 

ЖҰМЫСТАРЫ ДА САЛА МАМАНДАРЫ ТАРАПЫ-

НАН БАСТАЛЫП КЕТЕДІ. ДЕСЕ ДЕ, КӨКТЕМНІҢ 

АЛҒАШҚЫ КҮНДЕРІ ЖАҒЫМСЫЗ ЖАҢАЛЫҚПЕН БА-

СТАЛДЫ. ЖАҚЫНДА ҒАНА КЕЛІНТӨБЕЛІК А.Б. ДЕ-

ГЕН АЗАМАТ КЕНЕ ШАҒУ ДИАГНОЗЫМЕН АУДАНДЫҚ 

АУРУХАНАҒА ТҮСТІ. ОСЫ ТҰСТА, БҰЛ БАҒЫТТАҒЫ 

ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ШАРАЛАРДЫҢ ЖҮРГІЗІЛУ БА-

РЫСЫ ЖАЙЛЫ АУДАНДЫҚ ЕМХАНАНЫҢ ДӘРІГЕР-

ЭПИДЕМИОЛОГЫ АСХАН ОТАРБЕКОВ ЖУРНА-

ЛИСТЕРГЕ БРИФИНГ ӨТКІЗДІ. АЛҒАШҚЫ КЕЗЕК-

ТЕ АЙТА КЕТЕТІНІ, КӨП ЖАҒДАЙДА ТҰРҒЫНДАР 

АУРУДЫҢ АСҚЫНДЫРЫП АЛҒАННАН КЕЙІН ҒАНА  

ЕМДЕУ МЕКЕМЕСІНІҢ КӨМЕГІНЕ  ЖҮГІНІП ЖАТА-

ТЫНЫ ЖАСЫРЫН ЕМЕС. 

Ерубай ҚАЛДЫБЕК. 

ӘРІПТЕСТІК 

ӘЛЕУЕТІ АРТА ТҮСТІ

«КӨРШІ КЕЛСЕ, ЖОЛ 

ЖАҚЫН». АТАДАН ҚАЛҒАН 

БҰЛ НАҚЫЛДЫ НАРТАЙ 

АҚЫННЫҢ ЖЕРЛЕСТЕРІ 

ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТТЫ. 

ЖАҢҒЫРУДЫҢ РУХА-

НИ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ 

БАҒЫТТА БОЛҒАНЫ БІЗДІ ДЕ 

ҚУАНТТЫ. СЕБЕБІ, ҚҰДАЙЫ 

ҚОҢСЫНЫҢ ӨЗІМЕН БІРГЕ 

ҚҰТЫ ҚАШАНДА ҚАСЫНДА. 

ТҰСПАЛДАМАЙ ТАРҚАТА 

АЙТАЙЫН. ТАҚЫРЫП 

ТҮСІНІКТІ БОЛУЫ ҮШІН СӘЛ 

ӘРІДЕН БАСТАЙЫН. СӘУІР 

АЙЫНЫҢ БАСЫНДА СЫР 

ЕЛІНІҢ ҚАЛАМ ҰСТАҒАН 

ҚАУЫМЫ СЫРДАРИЯ АУДА-

НЫНДА БАС ҚОСҚАН БОЛА-

ТЫН. КӨШПЕЛІ СЕМИНАР-

ДА «СЫР МЕДИА» ЖШС-НІҢ 

БАС ДИРЕКТОРЫ АМАНЖОЛ 

ОҢҒАРБАЕВ ОБЛЫСТЫҚ, 

ҚАЛАЛЫҚ ЖӘНЕ АУДАНДЫҚ 

ГАЗЕТ РЕДАКТОРЛАРЫ-

НА БІРҚАТАР ТАПСЫРМА 

ЖҮКТЕДІ.

Самат ОҢҒАРҰЛЫ. 

БАСПАСӨЗ – 2017



Құрметті оқырман! 

2017 жылдың ІІ жарты жылдығына жа-

зылу науқаны басталды. «Сыр медиа» ЖШС 

қарасты облыстық, қалалық және аудандық 

газеттерге «Жаңақорған тынысы» газетінің 

редакциясына келіп, жазыла аласыздар. 

Айта  кететіні,  серіктестік  бас  директо-

ры  А.Оңғарбаев  оқырмандарға  бағаны  қол 

жетімді  ұстауды  ұйғарып,  басылымдарға 

жазылу бағасын өзгеріссіз қалдырды. 



Жеке адамдарға: 

«Сыр бойы», «Кызылординские ве-

сти» – 2750 теңге.

«Ақмешіт жастары»  – 1500 теңге.

«Ақмешіт апталығы», «Жаңақорған 

тынысы» – 2000 теңге.

Ғалым ЖАЙЛЫБАЙ, Қазақстан Жазушылар одағы 

басқармасы төрағасының бірінші орынбасары,

 Халықаралық «Алаш» әдеби 

сыйлығының лауреаты: 

– «Жаңақорған тынысы» газеті – 

уақытқа бейімделген, өзіндік 

талғамы мен талабы бар басылым. 

БРИФИНГ

БӘРЕКЕЛДІ!



Меншік иесі:

жауапкершілігі

шектеулі серіктестігі

Бас директор



Аманжол ОҢҒАРБАЕВ

Жаңақорған аудандық

«Жаңақорған тынысы» газетінің редакциясы

Бас редактордың міндетін атқарушы



Нұрлат БАЙГЕНЖЕ

Телефондар:



Бас директор -8(7242) 70-00-36

Бас редактор -21-4-35

Бас редактордың орынбасары -21-9-71

Жауапты хатшы -79-1-35

Тілшілер -22-2-44

Газет Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агентігінде 

19.06.2014 ж. қайта тіркеліп, №14411-Г куәлігі берілген.

«Жаңақорған тынысы» аудандық газеті ҚР СТ ИСО 9001-2009

«Сапа менеджменті жүйесі» талаптарына сәйкес сертификатталған.

Газет әр аптаның сейсенбі, сенбі күндері шығады. Қолжазбалар өңделеді 

және кері қайтарылмайды. Жеке авторлардың пікірі редакцияның түпкілікті 

көзқарасын білдірмейді.

Газет редакцияның компьютер орталығында

теріліп, беттеліп, «Сыр медиа» ЖШС баспаханасын-

да басылды. Қызылорда қаласы, Бейбарыс Сұлтан 

көшесі, 4 А. Тел: 8(7242) 40-06-68. Газеттің таралымы 

бойынша 22-2-44 немесе 8(7242)70-14-08 телефоны-

на хабарласуға болады.



       


  1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал