2016 жылдың 10 желтоқсан күні сағат 00-ден бастап орталық «Достық» алаңында



жүктеу 0.99 Mb.

бет1/10
Дата09.01.2017
өлшемі0.99 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

 №49 (1337) 7 желтоқсан

 

2016 жыл, сәрсенбі



www.z-taraz.kz

2016 жылдың 10 желтоқсан 

күні сағат 9.00-ден бастап 

орталық «Достық» алаңында 

төмендетілген бағамен ауыл 

шаруашылығы өнімдерінің 

жәрмеңкесі өткізіледі.  

Жәрмеңкеге барлығыңызды 

шақырамыз.

Тараз қаласының 

әкімдігі.

ҚұрмеТТі Тараз Қаласының 

ТұрғынДары!

Темір жол 

билеттерін 

«Қазпочта» АҚ 

бөлімшелерінде 

сатып 

алыңыздар.

Приобретайте 

железнодорожные 

билеты во всех 

отделениях АО 

«Казпочта».



Тарихи қысқа мерзім ішінде еліміз көрші мемлекеттермен арадағы шекараны                                                                                               

межелеп,  іргесін  бекітті.    Шекараның  халықаралық  деңгейде  танылуы  – 

Қазақстанның қауіпсіздігінің кепілі. Бұл – сөзсіз елбасының ерен еңбегі. 

 

„



Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен  өткен телекөпір арқылы еліміздің 

әр өңірінде бірқатар жаңа әрі қуатты өндіріс орындары іске қосылды. Еліміздің индустриалды-

инновациялық дамуына салмақты үлес қосып отырған салтанатты саптың қатарында Жамбыл 

өңіріндегі өндіріс ошақтары да бар.    

 

2-бет.

 

4-бет.

 

8-9 беттер.

Мінсіз қызмет -

айрықша құрмет

Мен көрген Желтоқсан

 

„

6 желтоқсан – Қазақстанның 



прокуратура қызметкерлерінің 

кәсіби мерекесі. 

Тәуелсіздігімізбен түйдей 

құрдас ҚР Прокуратурасы жас 

мемлекетімізбен бірге жасап

қанатын кеңге жайып келеді.   

 

„

Осыдан тура 30 жыл бұрын 



ел жастары «елім» деп еңіреп, 

«тәуелсіздік» деп тоталитарлық 

жүйеге тас атып, түбегейлі қарсы 

шықты. Бұл тарихи оқиғаға 

әулиеаталық жастар да үн қосты. 

  

 



7-бет.

Мекемтас Мырзахметұлы



өрісі кеңейген өнДіріс

Қала-ҚаРБалас

2

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №49 (1337), 7 ЖелТоқсан  2016 Жыл  //



БаянДы БолаШаҚ Берік ҚолДа

Нұржан СЕРІКХАНҰЛЫ

Тәуелсіздіктің  шуағына  шағылысқан  елорда 

шаңырағының астында жүздескен республикамыздың 

рухы биік, арманы асқақ жастары ең алдымен бас 

қаланың мәдени-сәулетті жерлерін аралап шықты. 

Олардың әрқайсысы да өз саласының жеңімпаздары. 

Бірі еліміздің мәдениетін мәртебелі етуге, бірі спорттан 

алдына жан салмаған, енді бірі экономиканың еңсесін 

көтеріп келе жатқан кәсіпкер, яғни әр сала бойынша 

салмақты үлес қосып жүрген бүгінгі мемлекетіміздің 

мақтаныштары.  Олардың  қатарында  «Болашақ» 

бағдарламасының түлектері, «Дипломмен – ауылға!» 

мемлекеттік бағдарламасы бойынша ауылдық жерлерде 

еңбек етіп жатқан жас қызметкерлер, өндіріс, өнер, 

денсаулық сақтау, мәдениет салаларының мамандары, 

жас кәсіпкерлер мен депутаттар бар. Екі жылда бір 

рет өтетін бұл шараға делегаттар осыдан тура бір ай 

бұрын іріктелген еді. Үш күн  қатарынан өткен шараның 

алғашқы екі күнінде дарынды жастар өзара боулинг, 

үстел теннисі және мәдени-концерттік бағдарлама 

арқылы өз өнерлерін ортаға салып, өңірлерінің намы-

сын өрге жетеледі. Бұл орайда әулиеаталық 44 делегат та 

бар өнерін бөлісіп, облыстың абыройын асқақтатты. Ал 

ҚР Тұңғыш Президенті күні, яғни тура желтоқсанның 1 

күні жастар таңсәріден Тәуелсіздік сарайына жиналып, 

Мемлекет басшысымен кездесті. Жалпы Елбасының өз 

сөзімен айтқанда, бұл форум жаңа жаһандық жағдайда 

елімізді дамыта түсу үшін жастардың жігер, қуатын 

біріктіру мақсатында өтті. Жиын төріне ұрандатып, 

тік тұрып қарсы алған жастарға Мемлекет басшысы да 

үлкен сенім арта сөйледі.  

Жас ұрпақтың қуаты – Тәуелсіз Қазақстанның қуаты 

деп санаймын. Қатар келетін қос мейрам – Тұңғыш 

Президент күні, ал екінші қуаныш ол, әрине, келе 

жатқан алдымыздағы Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы. 

Егемендік алған жылдары елімізде 2,7 млн. жоғары 

білімді маман дайындалды. 1991 жылы жоғары оқу 

орындарына небәрі 42 мың адам қабылданса, бүгінде 

бұл  көрсеткіш  100  мыңға  артты.  Ал  келер  жылы 

тегін кәсіптік білім беру жүйесі іске қосылады. Бұл 

жұмыссыз жүрген 58 мың жасқа екі қолға бір күрек 

тауып беруге септігін тигізбек. «Дүние де өзі, мал да 

өзі, ғылымға көңіл бөлсеңіз» деген хәкім Абайдың 

дана сөзіне үңіле білген елдің болашағы зор. Елімізде 

соңғы 5 жылда жас зерттеушілер мен ғалымдардың 

саны  65%-ға  артты.  Бүгінде  жаңа  технологияның 

тілін біліп, талайға таңдай қақтырған жастар жетерлік. 

Уақыт зымырап, атқан оқтай, соққан желдей өтіп 

барады, - деген Нұрсұлтан Әбішұлына жастардың 

жалындаған жастық жігері шалқар шабыт бергендей. 

Тіпті Мемлекет басшысы қит етсе, жастарды жамандай 

жөнелетін бүгінгінің әжелерін қалжыңмен қағытып, 

оқу оқып жүрген қыз-жігіттерге өз саласында елеулі 

кәсіпкер, ғалым, дәрігер, мұғалім мен спортшылардың 

жетістігінен үлгі алуға кеңес берді. 

- Сендердің араларыңда қазірдің өзінде ақылы мен 

білімі Отанымызға зор пайда әкеліп жатқан өскіндер 

аз емес. Маған «Қазіргі жастар бұрынғыдай емес» 

деген кезде: «Әжелер де бұрынғыдай емес қой, шұлық 

тоқымайды, бәліш пісірмейді» - деп айтамын. Алайда  

интернетті жақсы біледі. Әрине, бұл қалжың. Бірақ 

іс жүзінде солай болып отыр. Рим императоры Марк 

Аврелийдің өмір жайлы мынадай бір нақылы бар. 

Ол: «10 мың жыл өмірің бардай өмір сүрме. Өмір 

қысқа, тірі кезіңде, мүмкіншілігің барда жақсы болуға 

тырыс» дейді. Жақсы сөз. Жас ұрпаққа, өткеніміз бен 

келешегімізге қамқорлықпен қарау әрқашан менің 

саясатымның басты мән-маңызы болып келеді. Әрбір 

жас қазақстандықтың білім алуына, жұмыс істеуіне, 

отбасын құруына, баспана алуына мүмкіндігі бар. 

Мемлекет баршаның өндірістен жұмыс орнын та-

буына кепілдік беретін өмірдегі алғашқы жұмысшы 

мамандығын тегін алуға мүмкіндік туғызып отыр. 

Тек  2016  жылғы  бірінші  жартыжылдықта  жас 

бизнесмендердің  55  жобасына  банк  несиелерінің 

пайыздық төлемдерін мемлекет тарапынан субсиди-

ялау түріндегі қаржылық қолдау көрсетілді. Біздің 

мақсатымыз – еліміздің шағын және орта бизнесінің 

Қазақстан өнімінің жартысынан астамын өндіруіне 

қол  жеткізу.  Еңбек  жасақтарының  жұмысына  250 

мыңнан астам жас атсалысты. Олар 150 мың гектар 

жерге 50 миллионға жуық ағаш отырғызды. Еңбек 

жасақтарының ізгі мақсаты – елімізді көгалдандыру 

және  оның  экологиялық  тұрғыдан  таза  болуын 

қамтамасыз ету. Жастарымыздың әлемдік деңгейдегі 

Назарбаев университетінде білім алуына мүмкіндіктері 

бар. Бүгін жастар алдында бар әлемнің есігі ашық. 

Сіздер жақсы уақытта өмір сүріп, болашаққа нық 

қадам басып бара жатқан елмен бірге өсіп келесіздер. 

Ел ішінде де, әлемде де, соның ішінде мемлекеттер 

арасындағы қарым-қатынас саласында да жұмыс жа-

сайтын бір ғана қағида бар, ол – бәсекеліктің мәңгілік 

механизмі.  Сондықтан  Қазақстанның  әлемдегі 

дамыған  30  елдің  қатарына  қосылуы  ғылымды 

қамтитын экономикаға негізделуге тиіс. Әлем жаңа 

технологиялық дәуірге аяқ басты. Оның үрдістері 

таңғалдырады, тәнті етеді және тамсандырады, со-

нымен бірге ол елдің келешегіне қатысты мәселеге 

орай қатаң талап қояды. Болашақ біздің алдымызға 

мынадай үзілді-кесілді шарт қойып отыр: бар бол, 

жетіл немесе жоқ бол! Бұл инновациялардың артында 

тұрған негізгі әлеуметтік сын-қатер, ол – көптеген 

кәсіп түрінің жойылуы, жұмыс орындарының жаппай 

қысқаруы, яғни жаһан бойынша жұмыспен қамту 

аясының тарылуы. Осы орайда бұған дейін менің 

бастамаммен әзірленген Инновациялық индустриялан-

дыру, «Нұрлы жол», «100 нақты қадам» Ұлт жоспары 

бағдарламаларымен  тығыз  байланысты  Жалпыға 

Ортақ Еңбек Қоғамының өзектілігі ерекше артып 

келеді. Қазақстан студенттері ортасында да стартап 

санының артуы үшін осындай қолайлы жағдай жасау 

қажет деп санаймын. Қазір еліміздің жетекші жоғары 

оқу орындарында да алғашқы табысты жобалар пайда 

бола бастады. Осы тәжірибені өрістете түсу керек. 

Бұл – Білім және ғылым министрлігі басшылығының, 

жоғары оқу орындары мен Ұлттық кәсіпкерлер палата-

сы басшыларының міндеті. Мәдени бағдарлама аясын-

да және «Болашақтың энергиясы» атты тақырыппен 

өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіндегі во-

лонтерлер жұмысы барысында Қазақстанды лайықты 

деңгейде танытуларыңа тілектеспін, – деді Мемлекет 

басшысы.


Шара барысында Еуропа, АҚШ, Жапония елдерінде 

«Болашақ» бағдарламасы арқылы білім алып жатқан 

жастар онлайн арқылы Елбасыны және форум деле-

гаттарын мерекемен құттықтаса, әр өңірдің жастары 

бейнеэкранда флешмоб арқылы «Отан», «Халық», 

«Қазақстан» атты жазуларды бейнелеп, мерекенің 

мерейін асырды. Форумға қатысушылар да мереке 

иесін сыйлыққа көміп тастады.  Бірі кітап, екіншісі өз 

қолымен құрастырған дрон сыйласа, Тәуелсіздіктің төл 

құрдасы, қарағандылық Арман Тосқанбаев Елбасыға өзі 

құрастырған отандық қол сағатты тарту етті. 

- Қазір жасым 25-те. 4 компаниям бар. Оның біреуі 

жылына 168 млн. теңге табыс табады және 33 жұмыс 

орнымен қамтамасыз етеді. Отандық брендпен сағат жа-

сайтын кәсіпорным «Қазақстанда жасалған» жобасын 

іске асыруға үлес қосуда. Сіздің тапсырмаңызбен жүзеге 

асқан «Бизнес-2020» бағдарламасының арқасында 

біздің кәсіпорын зор серпін алды. Сол үшін сізге зор 

алғыс айта отырып, өзіңізге арнап жасаған қол сағатты 

табыстауға рұқсат етіңіз,-деп жас кәсіпкердің сыйға 

тартқан құны 350 мың теңгелік сағатты Президент 

сол бойда тағып алды. Ал делегаттарға «Ұлы Дала 

ұлағаттары» атты Елбасының сол күні  (1.12.2016 

жыл) жарыққа шыққан өсиет кітабы тарту етілді. 

Осылай барлық облыстан келген жастар еліміздің №1  

адамына деген ыстық ықыласын, шексіз махаббатын 

ізгі тілегімен де, ілкімді ісімен де жеткізе білді. Ал екі 

сағатқа созылған форумды Қайрат Нұртас бастаған өнер 

иелері Назарбаевқа арнап шығарған әнімен аяқтады.

Мерекелік күннің екінші жартысында жалынды 

жастар ҚР Премьер-министрінің орынбасары Иманғали 

Тасмағамбетовпен кездесіп,  еліміздегі «Үш тұғырлы 

тіл» саясатына қатысты пікірлері мен ұсыныстарын 

талқылады. Вице-премьер тіл саясатына келгенде өзекті 

болып отырған мәселе, ол - ана тілінің дамуы жөнінде 

екенін айтты. Ол осынау 25 жылдың ішінде Елбасының 

тапсырмасы бойынша Үкімет қазақ тілінің қолдану 

аясын кеңейту үшін біршама жұмыстар атқарғандығын 

атады.

- Біз өз тілімізді өзіміз құрметтесек, біз оған, шын 



мәнінде, жанашырлық білдірсек қана тілдің болашағы 

болады. Тіл бар жерде, қазақ бар. Тіл жоқ жерде, 

қазақ жоқ. Сондықтан тіл мәселесіне келгенде бар 

сенетініміз - жастар, сіздер»,-деп қадап айтты Иманғали 

Тасмағамбетов.

Тараз-Астана-Тараз

1.12.2016 жыл.

 

„

Қр Тұңғыш Президенті күні - тарихқа таңбаланып, күнтізбеге кестеленген ел өміріндегі ерекше 



мерекенің бірі. Бұл күн - өткеніміз бен өміршең келешегімізді салмақпен саралап, бабалар мен 

ұрпақтың алдында есеп беретін сәт. айтулы мерекеге орай, жас болса да өз саласының табыс тізгінін 

мықтап ұстап, рухы биік замандастарына бас болып жүрген, айбаты арыстандай мың жарымнан аса 

ел жастары елбасымен кездесіп қайтты. ұлт көшбасшысы мен өскелең ұрпақтың басқосуына киелі 

Жамбыл өңірінен қырықтан аса делегат қатысты. 

Нұржан ҚАДІРӘЛІ

Аймақтағы  алпауыт  «Қазфосфат» 

ЖШС-де  қуаты  жылына  220  мың  тонна  

экстракциялық фосфор қышқылын өндіретін 

цех іске қосылды. Аталған көрсеткіш ауыл 

шаруашылығы саласына ауадай қажетті 500 

мың тонна минералды тыңайтқыш өндіруге 

мүмкіндік бермек. Жобаның жалпы құны                

9 646 000 000 теңгені құрап отыр. Жергілікті 

өнімнің  өміршеңдігін  арттырып,  өрісі 

кеңейген  өндірістің  салтанатты  рәсіміне 

облыс  әкімі  Кәрім  Көкірекбаев  бастаған 

бірқатар  атқамінер  азаматтар  қатысты. 

Ал  жүзеге  асып  отырған  жобаға  Елбасы 

Нұрсұлтан Әбішұлы телекөпір арқылы куә 

болды. Тікелей эфир арқылы «Қазфосфат» 

ЖШС-нің бас директоры Мұқаш Ескендір 

жаңа  өндірістің  қуатты  қадамы  мен 

технологиялық  жүйелердің  құрылысын 

баяндап, барша қазақстандықтарды еңбек 

ұжымының атынан ел Тәуелсіздігінің 25 

жылдық  мерейтойымен  құттықтады.  Өз 

кезегінде  сөз  тізгіндеген  Мемлекет  бас-

шысы  бұл  жобаның  ауыл  шаруашылығы 

өнімдерінің экспорты мен тауар айналы-

мын 15-20 пайызға арттыратындығын алға 

тартып, Еңбек Ері екендігін нақты іспен 

дәлелдеп отырған Мұқаш Зұлқарнайұлы мен 

серіктестіктің ұжымына алғысын білдіріп, 

өндірісті іске қосуға пәрмен берді.                                                                               

-  Іске  қосылып  отырған  цехтың 

қуаттылығы - 220 мың тонна. Бүгінгі күнге 

дейін зауыт базасында мұндай цех болған. 

Бірақ оның қуаттылығы жылына 65 мың 

тонна еді. Бұл - үш есе артық көрсеткіш. 

Экстракциялық фосфор қышқылынан 480 

мың тонна минералды тыңайтқыш аммофос 

алынады. 2013 жылы Елбасы  келіп күкірт 

қышқылы цехын ашып берген еді. Оның 

қуаттылығы жоспар бойынша жылына 650 

мың тонна. Бірақ 3 жыл бойы аталмыш  цех-

ты іске қосқанымызбен,  толық қуатта өнім 

алынған жоқ. Себебі одан шығатын өнімді 

толық өңдейтін цех болмады. Сондықтан 

осы  цехты  іске  қосқандағы  ең  басты                                                               

мақсатымыз  -  күкірт  қышқылы  цехын 

толық қуатта жүргізу. Ол мақсатқа  жетіп 

отырмыз. Ол өндірістен  енді 600 мың тон-

на тыңайтқыш өндіретін боламыз. Соңғы 

жылдары минералды тыңайтқыштарға деген 

сұраныс  үлкен  қарқынмен  артып  келеді. 

Мемлекеттік субсидияның да көмегі орасан 

зор.  Себебі баға жоғары болғандықтан бұған 

дейін өзімізде  өндірілген тыңайтқыштардың  

басым көпшілігі сыртқа экспортталатын. 

Соңғы үш жылда өнімнің 50 пайызын мемле-

кет субсидиялап отыр. Нәтижесінде біздің 

өнімнің  70  пайызы  еліміздегі    аграрлық 

саланың  еншісінде  қалды.  Жалпы  мине-

ралды тыңайтқыштар зауытында 970 адам 

еңбек  етсе,  жаңа  цехта  250  адам  жұмыс 

жасауда. Құрылғылар  Үндістан, Финляндия 

және Ресейден алынды. Ал оның барлығын 

жергілікті өзіміздің білікті мамандарымыз 

құрастырып, іске қосты. Сұраныс болып жат-

са, суперфосфат шығарып береміз. Қуатымыз 

480 мыңға жетсе, минералды тыңайтқышпен  

Қазақстанды толық қамтамасыз ете аламыз. 

Өнім қуаты артқан сайын баға төмендейді. 

Сондықтан ауыл шаруашылығы саласының 

мамандарына да өте тиімді болмақ. Осы-

дан 2 жыл бұрын қоймада тыңайтқыштар 

қалып қоятын. Қазір ондай жоқ. Өнімдерді 

Қазақстаннан басқа Ауғанстан, Украина, 

Ресейге, Қытайға жіберіп жатырмыз,-деді 

Минералды тыңайтқыштар зауытының бас-

шысы Төлепбек Исаев.

Жалпы құны 10 миллиардқа жуық жоба 

«Халық банкі», «Қазақстанның Даму банкі» 

АҚ  және  компанияның  өз  қазынасынан 

қаржыландырылыпты. Жаңа өндіріс енді бір 

айда толық қуатына шықпақ. Мамандардың 

айтуынша,  алдағы  уақытта  серіктестік 

базасындағы тағы бір ескі цехтың жұмысын 

жетілдіріп, жылына миллион тоннадай ми-

нералды тыңайтқыш өндіру жоспарланып 

отыр екен.

 

„

кеше мемлекет басшысы 



нұрсұлтан назарбаевтың 

қатысуымен  өткен телекөпір 

арқылы еліміздің әр 

өңірінде бірқатар жаңа әрі 

қуатты өндіріс орындары 

іске қосылды. еліміздің 

индустриалды-инновациялық 

дамуына салмақты үлес қосып 

отырған салтанатты саптың 

қатарында Жамбыл өңіріндегі 

өндіріс ошақтары да бар.

өрісі кеңейген 

өндіріс

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №49 (1337), 7 ЖелТоқсан  2016 Жыл  //

Қала-ҚаРБалас

3

Әйел БарДа - Әлем Бар

 

„

Қазақстан тәуелсіз ел атанған ширек ғасыр уақытта дамыған елу мемлекеттің қатарына қосылып, 



бүгінде бұл көрсеткішті отыздыққа жеткізуді көздеп отыр.  Біздің мұндай толайым табысқа 

кенелуімізге елімізде гендерлік саясаттың дұрыс жолға қойылуы, тіршіліктің күре тамыры саналатын 

нәзікжандылардың әр салада жемісті еңбек етуі негіз болып отыр. 

Ерман ӘбДиЕв,                                                               

Арайлым ШАбДЕНовА.

Тарихы  терең,  көне  қалаға 

бұл  пойыз  түннің  бір  уағында  кеп 

тоқтағанына  қарамастан,  керуенді 

қарсы  алушылардың  қарасы  мол 

болды. Пойыз штабының жетекшісі, 

профессор  Әміржан  Әлпейісов  бұл 

шараның басты мақсаты – ҚР Тұңғыш 

Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 

басшылығымен  өз  даму  жолын 

тапқан  Қазақстанның  табыстарын 

паш ету, «Мәңгілік Ел» идеясын жан-

жақты  түсіндіру,  өскелең  ұрпақты 

отансүйгіштік,  ізгілік  қасиеттерге 

тәрбиелеу,  түрлі  мәдени  шаралар 

шеңберінде мәдени қазыналарымызды 

дәріптеу, сонымен қатар дәрігерлік

әлеуметтік  мұқтаждықтарды  шешу-

ге көмектесу екенін баса айтты. Ал 

пойыз мүшелері бірнеше жерде қала 

тұрғындарымен  кездесіп,  бизнес, 

кәсіпкерлік,  ауыл  шаруашылығы, 

тұтынушылардың құқықтарын қорғау, 

білім беру мәселелері бойынша кеңестер 

берсе, тағы бір топ жергілікті халыққа 

түрлі  көмектер  көрсетті.  Қоғамдық 

қабылдаулар  Қазақстан  халқы  Ас-

самблеясы облыстық хатшылығының 

ғимараты мен «Нұр Отан» партиясы 

облыстық  филиалының  мәжіліс  за-

лында өтті. Облыс әкімі аппаратының 

«Қоғамдық келісім» КММ-де қоғамдық 

қабылдауда пойыз штабының басшы-

сы, тарих ғылымдарының кандидаты 

Әміржан Әлпейісов, Қоғамдық кеңес 

мүшесі Қазбек Қазкенов пен Жезқазған 

қаласының Қоғамдық келісім кеңесінің 

төрағасы  Бекзат  Алтынбеков,  об-

лыс  әкімінің  орынбасары  Ерқанат                                                                                                  

Манжуов,  басқарма  басшылары 

тұрғындардың  мәселелеріне  құлақ 

түрді. Қабылдауға келген 20-ға жуық 

қала  тұрғындары  мамандарға  түрлі 

салада сауалдар жолдады. Келушілердің  

бірі сол жерде мәселелерінің шешімін 

тапса,  енді  бірі  құзырлы  сала 

мамандарының жауабын күтетін бол-

ды. Жалпы қоғамдық қабылдауға келген 

тұрғындардың басым бөлігі әлеуметтік 

сала  бойынша  сауалдарды  көптеп 

қойды. Сондай-ақ осы күні Қазақстан 

халқы Ассамблеясы жанындағы Меди-

аторлар кеңес мүшелері тұрғындармен 

кездесті. Жиын барысында «Қоғамдық 

келісім» РММ медиация кабинетінің 

меңгерушісі Нұрсәуле Алтекова меди-

ация тақырыбында баяндама жасап, 

қатысушылар  тарапынан  қойылған 

сауалдарға жауап берді. 

«Қоғамдық келісім» ғимаратының 

фойесінде  өзбек,  тәжік,  ұйғыр 

этно-мәдени  орталықтарының 

ұйымдастыруымен  өткен  «Бірлік 

түбі  –  береке»  атты  ҚР  Тұңғыш 

Президенті күніне арналған концертте 

этнобірлестіктердің ұлттық тағамдары 

мен ойындары, ұлттық құндылықтары 

дәріптелді. Пойыз жұмысының бары-

сында  штаб  мүшелері  «Бейбітшілік 

және келісім үлгісі – Қазақстанның 

бренді» тақырыбында жастармен кез-

десу өткізіп, лекция оқыды. Кездесуде 

«Мәңгілік Ел» болып қалыптасудың 

жолдары, тәуелсіздіктің ақ таңы туралы 

тарихи деректер айтылып, келушілерге  

жастар тарапынан сұрақтар қойылды. 

Жиын соңында «Теңдессіз сыйлық» 

ҚХА мүшелерінің кітаптар жиынтығын 

штаб төрағасы салтанатты түрде табыс 

 

„

ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында еліміздің алыс түкпірлеріндегі бекеттерге 



аялдап, өңірлердің экономикалық ахуалымен, халықтың әлеуметтік жағдайымен танысып, 

оларға дәрігерлік, кәсіпкерлік, әлеуметтік, құқықтық, ауыл шаруашылық мәселелері 

бойынша қабылдау өткізіп, сауалдарына жауап қайтарып, кеңес беру үшін жолға шыққан 

«Тәуелсіз Қазақстан» пойызы өткен аптада Тараз қаласына келді. 

«Тәуелсіз Қазақстан» пойызы Таразда

Ел жетістігімен мақтанып....   суретті түсірген е.Әбдиев.

Ілкімді істер ұйытқысы.   суреттерді түсірген н.Тұрғынбек.

етті. Сондай-ақ бизнес, кәсіпкерлік, 

тұтынушылардың құқын қорғау, білім 

беру, ауыл шаруашылығы, әлеуметтік 

мәселелер бойынша да түрлі санатта 

кездесулер  өткізіліп,  тұрғындарға 

кеңестер  берілді.  Ал  «Нұр  Отан» 

партиясының  облыстық  филиа-

лында  өткен  қабылдауға  Қазақстан 

халқы  Ассамблеясының  мүшесі, 

Қоғамдық кеңес мүшесі, философия 

ғылымдарының докторы, профессор 

Қазбек  Қазкенов,  еңбек  ардагері, 

Қазақстан  халқы  Ассамблеясының 

мүшесі Абильтай Шайхов, «Нұр Отан» 

партиясы Жамбыл облыстық филиалы 

төрағасының  бірінші  орынбасары      

Масат  Берік  тұрғындар  өтінішіне 

құлақ түрді.  

- Пойыздың басты мақсаты – еліміз 

жеткен  жетістіктерді  насихаттау, 

қоғамдық-мәдени іс-шаралар өткізу, 

тұрғындарды  мазалаған  сауалдарға 

жауап беріп, тегін кеңестер көрсету. 

Ел  Тәуелсіздігінің  25  жылдығына 

орай  жолға  шыққан  пойыз  бүгінгі 

таңға  дейін  49  мың  ауылды  аймақ 

тұрғындарымен кездесті. Оның ішінде 

8 500-ден астам тұрғын медициналық 

көмектер мен кеңестер алса, 6 мыңнан 

астам адамға жеке мәселе бойынша 

көмектер  көрсетілді,–  дейді  штаб 

төрағасы  Әміржан  Әлпейісов.  Осы 

күні  кешкілік  «Тәуелсіз  Қазақстан» 

п о й ы з ы н а   қ а т ы с у ш ы л а р м е н                                                            

облыс  орталығындағы  ҚР  Тұңғыш 

саябағында салтанатты шара өтіп, от-

шашулар атылды. Мерекелік көңіл-күй 

тараздықтардың сыйы болды. 



  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал