2016 жыл, сәрсенбі



жүктеу 1.15 Mb.

бет1/12
Дата09.01.2017
өлшемі1.15 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

 №3 (1291)  20 қаңтар  

 

2016 жыл, сәрсенбі



www.z-taraz.kz

 11-бет.

Тараздық 

былғары брендке 

айналса...

Жергілікті 

полицияның 

жауапкершілігі мол

 

„



Биыл «Тараз былғары 

аяқ киімі» ЖШС 150 мың 

жұп ерлер мен әйелдерге 

арналған сәнді аяқ киім 

өндіруді жоспарлап отыр. 

 

„



Енді қалада қоғамдық 

тәртіпті қадағалау, жол 

қауіпсіздігін қамтамасыз 

ету, тұрмыстық 

қылмысқа қарсы күресу 

міндеттеріне жауапты 

жергілікті полиция 

қызметі өз жұмысын 

бастайды.   

 

12-бет.

 

5-бет.

қыз өссе - елдің көркі

 

„



Тарихтың шымылдығынан шуағын шашқан Айша бибі мен ерліктің қос 

қанатына айналған Әлия мен Мәншүк секілді тарпаң халқымыздың текті 

қыздарының ізбасарлары бүгін де бар. Солардың бірі – Сымбат Жұлдызбай. 

Таяуда ақын Фариза Оңғарсынованың өлеңдерін мәнерлеп оқудан өткен 

республикалық байқауда топ жарып, бас жүлде иеленген шаһарымыздың үкілі 

үміті ел өнерінің болашағы үшін өмір сүріп, аяулы жар, ардақты ана болуды 

басты парызым деп санайды. 

Жамбыл Жабаев

170 жыл

Жеңістің өр дауысы бар жырларымда,

Сол үн бар шаттық шақтың гүл бағында. 

Жеңістің өрен дауысы жаңғырықты, 

Еңбектің дүбірінде, ырғағында.

 

10-бет.



Қоғам

2

//   «ЖАМбыл - ТАрАз»  //  №3 (1291), 20 қАңТАр 2016 Жыл  //



Биік азаматтықтың үлгісі

Жаңаратын уақыт келді

Балабек НАРБАЕВ,

Тараз қалалық мәслихатының 

хатшысы:

-  Мәжіліс  2015  жылы  еліміздің 

саяси,  экономикалық-әлеуметтік 

дамуының  жаңа  кезеңінің,  яғни  жаңа 

жаһандық  нақты  ахуал  жағдайында 

дамуы  туралы  Ұлт  Жоспарын  жүзеге 

асырудың  заңнамалық  негізін  жасау 

бағытында ауқымды жұмыс атқарғаны 

жұртшылыққа мәлім. 

Елбасы  анықтаған  5  институттық 

реформасының  әрқайсысын  жүзеге 

асырудың  «жол  картасы»  жасалды. 

Елімізді ауқымды жаңғыртуға және Пре-

зидент реформаларын барлық бағыттар 

бойынша  нақты  жүзеге  асыруға 

басталған  мезгілде  елдегі  партиялар 

сайлаушылардың жаңа сенім мандатын 

алуы өте қажет. Бұл  Ұлт Жоспарының 

сауатты  жүргізіліп,  дағдарысқа  қарсы 

саясаттың  дұрыс  өтуіне  жағдай  ту-

дырады.  Дағдарыстан  ойдағыдай  өту 

үшін  кең  ауқымды  қоғамдық  бірігу 

керек. Өзіміздің ішкі ресурстарымызды 

жұмылдырып,  бес  реформаны  жүзеге 

асыру жөніндегі нақты іс-әрекеттерімізді 

барлық деңгейде үйлестіру үшін жаңа 

жаһандық нақты ахуал жағдайында да-

муы туралы Мәжіліс сайлауын жергілікті 

мәслихаттар  сайлауымен  қоса  өткізу 

орынды.  Бұл  Реформаларды  жүзеге 

асыруда, мемлекетті басқаруда биліктің 

барлық деңгейінде үндестіктің болуын 

қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, сайлауды 

ұйымдастыру мен өткізуге жұмсалатын 

б юд ж е т   ш ы ғ ы с т а р ы н   б і р ш а м а 

қысқартуға  мүмкіндік  беретіні  анық. 

2016 жылы Қазақстан өз Тәуелсіздігінің 

25 жылдығын атап өтеді. Жалпы ел үшін 

аса  маңызды  тарихи  кезең.  Қазақстан 

өз  дамуының  жаңа  тарихи  сәтінде. 

Оны жаңарған Мәжіліс пен жергілікті 

мәслихаттармен өткізу жаңарудың  ны-

шаны болар еді деп ойлаймын. Мәжіліс 

пен  жергілікті  мәслихаттар  сайлауын 

ертерек  өткізу  әлемдегі  қалыптасып 

отырған  саяси-экономикалық  ахуалға 

лайықты жауап болар еді. Бұл – барша 

қазақстандықтарды  толғандыратын 

мәселе!  Міне,  осы  тұста  мерзімінен 

бұрын  сайлау  өткізу  күн  тәртібінде 

тұрған  мәселелерді  шешуде  бірігуді 

қамтамасыз етпек.

Қоғамдағы  осы  пікірге  жергілікті 

мәслихат депутаттары да қолдау білдіріп 

отыр. Яғни, жаңа кезең, жаңа бастама-

лар  жаңашылдықты  керек  етеді.  Тың 

бастамалар жаңа Парламент мәжілісінің 

депутаттары тарапынан болатындығы да 

анық. «Темірді қызған кезде соқ» дейді 

қазақ, дәл осы уақытты дөп басқандай.



ел қуаттайтын бастама

Бақыт САПАРБАЕВА,

Жамбыл  облыстық  кәсіподақтар 

орталығының төрағасы:

 

- Өз басым Қазақстан Республикасы 



Парламент  Мәжілісі  депутаттарының 

Парламент  Мәжілісі  мен  барлық 

деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының 

мерзімінен бұрын сайлауын өткізу тура-

лы бастамасын қолдаймын. 

А л д а   а т қ а р а р   ж ұ м ы с   к ө п . 

Қазақстанның  жаңа  жаһандық  сын-

қатерлерді  еңсеретін  нақты  жоспары, 

жаңа жаһандық нақты ахуал жағдайында 

дамуы  туралы  стратегиясы  мен  нақты 

Ұлт  Жоспары  бар.  Әрбір  саланы 

елеп-екшеп,  артық-ерекшелігін,  кем-

кетігін  назарында  ұстап,  әрдайым 

соны  ұсыныстар  мен  тың  идеяларды 

ортаға салып, халықтың жұмыла жұмыс 

істеуіне негіз болып отырған Ұлт Жоспа-

ры күрделі кезеңдегі күре жолды тағы 

бір мәрте айқындап берді. Сондықтан, 

жаңа Парламент жаңа бағдарламаларды 

жүзеге  асыратын  жаңа  бастамалар 

алып  келеді  деген  ойдамын.  Бүгінде 

Қазақстан ұлы мақсаттарды жүзеге асы-

руда. Қазақстан- әлемдегі аса дамыған 

30  мемлекеттің  қатарына  қосылуына 

қол  жеткізуді  жоспарлап  отырған  ел. 

Ендеше  келешегіміздің  кемелдігіне 

алаңдаушылық  жасап  отырған  халық 

қалаулыларының  бастамасына  қолдау 

білдіріп,  болашақтағы  жемісіміз 

нәрлі  болу  үшін  атсалысқанымыз  аб-

зал  демекпін.  2016  жыл  –  Қазақстан 

халқы  үшін  маңыз  беріп,  мазмұнын 

айқындайтын ең мәртебелі де жыл бо-

луы  тиіс.  Ғұмырлы  ел  болайық  деген 

асқақ  рухта  тәуелсіздіктің  тұғырын 

қағып,  негізін  қалағанымызға,  дүние 

жүзіндегі  дербес  мемлекеттердің 

қатарына  енгенімізге  25  жыл  толады. 

Расында,  жаңашылдық  бағытта  жаңа 

бастамаларды қолға алатын уақыт келді.



Жауапты кезең

Кәрішал ДӘРЕНБЕКОВ,

Тараз  қаласы  әкімі  жанындағы 

Ақсақалдар кеңесінің төрағасы:

-  Әр  заманның  өз  үні  бар.  Қала 

әкімдігі ж

анындағы Ақсақалдар кеңесі 

Мәжілісті тарату және Парламент пен 

барлық  деңгейдегі  мәслихат  депутат-

тарын  мерзімінен  бұрын  сайлауын 

тағайындау жөніндегі бастаманы заман 

үні деп бағалайды. Және қолдайды.

Қазақстан  әлемнің  ең  дамыған  30 

елінің  санатына  қосылуға  бет  алған, 

дүниежүзілік  қиындықтарға  тойта-

рыс  бере  отырып,  өзінің  даму  стра-

тегиясынан  бір  мысқал  айнымай  нық 

қадам  басып  келеді.  Ұзатылған  жылы 

елімізде  Ұлы  Жеңістің  70  жылдығы 

кең көлемде аталып өтті. Сондай елдік 

шаралардың  қатарында  ардагерлер 

қауымы,  ақсақалдар  мемлекет  тара-

пынан  тыс  қалған  жоқ.  Аға  буынның 

Ұлы Жеңіске қосқан үлесі араға жыл-

дар салынып, талай жылдар белесінде 

ұлықталып келеді, ұлықтала береді. Оған 

көзіміз  куә.  Халықтың  тілеуін  тілеген 

ақсақалдар  Елбасының  бастамасымен 

талай тығырықтан аман шыққанына да 

куә. Мемлекет басшысының дағдарысқа 

қарсы саясатын толығымен қолдау, оны 

ел ішінде насихаттау - қариялардың да 

міндеті. Тәуелсіз Қазақстанды  барлық 

бағыттар  бойынша  жаңғырта  түсетін 

5  институттық  реформаны  жүзеге 

асырудың Ұлт Жоспары табысты жүзеге 

асатынына  да  сенімдіміз.  Мұндай 

тарихи  кезеңде  ел  бірлігі,  татулық 

пен  тұрақтылық  бізге  ауадай  қажет. 

Сондықтан  ел  тарихындағы  жауап-

ты  кезеңге  қадам  басатын  сәтте  елді 

ұйыстырып,  Елбасы  саясатын  қолдау 

халық қалаулыларының да мойнына да 

жүктеліп отыр. Ал жаңа Парламент бұл 

мақсатта ауқымды жұмыс жүргізеді.



кәсібилікті 

шыңдайтын сәт

Гүлнар ТҰРСЫНБЕКОВА,

Та р а з   х и м и я - т ех н о л о г и я л ы қ 

колледжінің директоры:

- Бүгінде елімізде қызу талқыланып 

отырған Мәжілісті таратып, Парламент 

пен барлық деңгейдегі мәслихат депу-

таттарын  мерзімінен  бұрын  сайлауын 

тағайындау  бастамасы  арнаулы  оқу 

орындарының  тарапынан  да  қолдау 

тауып отырғаны анық.

Ұзатылған  жылы  ел  тарихында 

айтулы даталарға толы болды. Сондай 

елдік  шаралардың  жоғары  деңгейде 

өтуі  татулық  пен  бірлікті  ту  еткен 

қазақстандықтардың  ынтымағын 

көрсетті.  Биыл  ел  Тәуелсіздігінің  25 

жылдығы.  Қазақстан  мемлекеттік 

құрылыстың  ең  жауапты  кезеңіне  аяқ 

басып,  5  институттық  реформаның, 

Ұлт Жоспарын жүзеге асыруға кірісті. 

Бұл ел азаматтарының бірігіп, ауқымды 

жұмысты  тың  қарқынмен  қолға  алу-

ына бастау болып отыр. Саяси науқан 

болашағы  біртұтас  елімізді  бірлікке 

бастап, биік мақсаттар аясында тұтаса 

түсуіне мүмкіндік бермек.

Күллі әлемді теңселткен жаһандық 

дағдарыстың кезекті толқыны күшейіп 

келе жатқан тұста, ертеңге деген сенімді 

нығайтып,  экономикамыздың  тұрақты 

болуына  ықпал  ететін  бастамалар 

керек.  Дегенмен,  Қазақстан  аяғынан 

нық  тұра  қоймаған  кезеңнің  өзінде 

алапат  дағдарысқа  тойтарыс  берген 

Қазақстан бұл қиындықтардан да абы-

роймен өтетініне сенемін. Сондықтан, 

саяси  науқандарға  уақыт  ұттырмай, 

тезірек  кірісу  керек.  Жаңа  Парламент 

барша  қазақстандықтардың  арман-

мақсаттарын  алға  жетелейтіндігіне 

сенімім мол.

Жастарға сенім жүктелді

Бақкелді ТҰРСЫНБЕК,

«Нұр Отан» партиясы Тараз қалалық 

филиа лы,  «Жас  От ан»  Жаст ар 

қанатының төрағасы:

-  Тараздық  жастар  ҚР  Парламент 

депутаттарының  Мәжілісті  тарату 

және Парламент пен барлық деңгейдегі 

мәслихаттардың  мерзімінен  бұрын 

сайлауын  өткізу  туралы  бастамасын 

қолдайды.

П р е з и д е н т і м і з   Н ұ р с ұ л т а н 

Назарбаевтың «Жастар – ел болашағы» 

деген  сөзі  әрдайым  әулиеаталық 

жаст ардың  жадында  жатт а лып, 

тәуелсіз Қазақстанның даму жолындағы 

қадамдары  қарышты  болуына  өз 

үлестерін қосатынына мен сенімдімін. 

Елбасы  артқан  сенімді  жастар  үлкен 

жауапкершілікпен  сезінеді.  Еліміз 

біздің  азат  елдің  арқалы  азаматта-

рына  айналуымызға  бар  қамқорлық 

жасап  отыр.  Заманауи  білім  ордалары 

денсаулық сақтау нысандары салынып, 

олар  соңғы  үлгідегі  жабдықтармен 

жарақт андырылуда.  Жаст ардың 

әлемнің  әр  қиырындағы  ең  үздік  оқу 

орындарында  алаңсыз  білім  алуына 

толық  мүмкіндік  жасалған.  Осындай 

қамқорлықтың  арқасында  жастардың 

ертеңге деген сенімі нығая түсуде. Оның 

қатарында  әлемдік  экономикадағы 

қиындықтарға алдын ала лайықты жауап 

берген Қазақстан бұл кедергілерден тың 

қуатпен, жаңарған ел ретінде шығарына 

сенімдіміз. Жаһандық дағдарыстың жаңа 

толқынын абыроймен еңсеру үшін Мем-

лекет басшысы дағдарысқа қарсы сая-

сатын және мемлекетімізді жаңғыртуға 

серпін беретін 5 институттық реформа-

ны  іске  асырудың  «100  нақты  қадам» 

Ұлт  Жоспарын  орындауға  жаңадан 

сайланған  Парламент  сүбелі  үлес 

қосады деп санаймыз. Біз, жастар, бар-

ша қазақстандықтарды, оның қатарында 

көне  шаһар  жастарын,  замандаста-

рымызды  маңызды  бастамаға  қолдау 

білдіруге шақырамыз.

Балабек Нарбаев

Бақыт Сапарбаева

Кәрішал Дәренбеков

Бақкелді Тұрсынбек

Гүлнар Тұрсынбекова


3

//   «ЖАМбыл - ТАрАз»  //  №3 (1291), 20 қАңТАр 2016 Жыл  //



кәсіБи стандарт – 

кемелдену кепілі

 

„

қоғам мен мемлекеттің таудай сенімін арқалаған мемлекеттік қызметшілерге 



талап күшейді.  Осы орайда «кәсіби кадрлар кәсіби мемлекет үшін» атты 

мемлекеттік қызметтің жаңа жобасы әзірленген болатын. мамандарды 

жаңа жүйемен таныстыру мақсатында м.Х.дулати атындағы тарму-дың бас 

ғимаратының мәжіліс залында ауқымды жиын өтті.

Нұржан СЕРІКХАНҰЛЫ

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбай-

лас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 

Жамбыл  облысы  бойынша  департаменті 

ұйымдастырған  басқосуға  аталған  департа-

мент басшылығы, облыс әкімінің орынбасары 

Ерқанат Манжуов, облыс әкімдігіне қарасты 

басқармалар мен мемлекеттік органдардың бас-

шылары, аудандар мен Тараз қаласы әкімдігінің 

аппарат басшылары қатысты. Жиында Елбасы 

Нұрсұлтан Назарбаев жариялаған «100 нақты 

қадам»  Ұлт  Жоспары  аясында  қабылданып, 

үстіміздегі жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа 

енген «Мемлекеттік қызмет» туралы Заңы ая-

сында мемлекеттік  қызметті дамытудың жаңа 

кезеңінде мемлекеттік аппараттың тиімділігін 

арттыру жолдары мен мемлекеттік қызметтің 

меритократиялық моделі талқыланды. 

Жаңа 2016 жыл Елбасы Нұрсұлтан 



Назарбаевтың «Ұлт Жоспары – қазақстандық 

арманға бастайтын жол» мақаласынан бастау 

алып  отыр.  Мақала  күрделі  кезеңіміздегі 

басты бағыттарды айқындап берді. Ұлт Жос-

парына сәйкес көптеген заңдар қабылданды. 

Мемлекеттік қызмет, сот, жергілікті басқару 

істерін дамыту мақсатында бірқатар ауқымды 

жұмыстар атқарылды. Елбасының бас мақаласы 

мемлекеттік қызметкерлерден бастап мектепте 

білім  беру  ісіне  дейін  толық  қамтыды.  Ра-

сында, жаһандану заманы үлкен әрі нәтижелі 

өзгерістерді  талап  етіп  отыр.  Жаңа  Заңның 

аясындағы  жүйеге  сәйкес    әр  маманның 

жұмыс сапасы бақылауға алынып, кез келген  

шенеунік  өз  жұмысын  төменгі  лауазымдар-

дан  бастайтындығына  ден  қойылып  отыр. 

Мемлекеттік қызметші әрдайым өз-өзін дамы-

тып, үнемі жетілдіруі қажет. Себебі, мемлекеттік 

қызметші - мемлекетіміздің бет-бейнесі. «Ұлық 

болсаң,  кішік  бол»  дейді  дана  халқымыз. 

Ең  алдымен,  елдің  сенімін  ақтау,  Отанына 

адал қызмет ету, қай істе болмасын алдыңғы 

қатардан көріну,өз ісімен мемлекеттің беделін 

нығайту  - мемлекеттік қызметкерлердің па-



Басты байлығымыз - ел бірлігі

 

„

Облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен Орталық коммуникациялар қызметі өңірлік филиалында 



түрлі мәселелер кеңінен талқылануда. кезекті брифинг елбасының «Ұлт Жоспары - қазақстандық арманға бастайтын жол» 

атты мақаласында көрсетілген ұлттар бірлігіне арналды.

Индира БАЙҚОНЫС

Бұл жолы журналистермен жүздесуге облыстық Қазақстан 

халқы Ассамблеясы жанындағы ғылыми-сараптамалық топтың 

жетекшісі Парида Мамедова мен «Әулиеата» қоғамдық бірлестігі 

төрағасының орынбасары Айгүл Қабиева келді. 

Әуелі  алғы  сөзді  алған  Айгүл  Қабиқызы  Мемлекет 

басшысының республикалық «Егемен Қазақстан» газетінде 

жарық көрген «Ұлт Жоспары - қазақстандық арманға бастайтын 

жол» атты мақаласы елдің дамуы жолын мейлінше айқындап 

бергеніне жан-жақты тоқталып, соның ішінде, азаттық алған 

25 жылда көп ұлтты Отанымызда салтанат құрған татулық пен 

бірліктің одан әрі бекей түсуіне әр азамат жауапты екенін алға 

тартты.  

- Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жүргізіп отырған салиқалы 

саясатының арқасында осыдан 20 жыл бұрын Қазақстан халқы 

Ассамблеясы құрылды. Міне, осының нәтижесінде қазақ жерін 

мекендеген сан түрлі этнос өкілдері бір үйдің баласындай тату-

тәтті өмір сүріп, тәуелсіз еліміздің қарыштап дамуына өз қомақты 

үлестерін  қосып  келеді.  Ал  мақалада  көрсетілген  төртінші 

реформада қазақстандықтардың  азаматтық біртектілігі  мен  

біртұтастығын нығайту ҚХА-ға, яғни бізге артылып отырған 

жауапкершілігі зор жұмыс,-деді ол. 

Айгүл  Қабиқызының  сөзін  сабақтай  түскен  Қазақстан 

халқы Ассамблеясы жанындағы ғылыми-сараптамалық топтың 

жетекшісі  Парида  Мамедова  Қазақстан  Тәуелсіздіктің  25 

жылдығы  қарсаңында  бірегейлік  пен  келісімді  нығайтудың 

жаңа  сатысына  көтеріліп  отырғанын,  бұл  Қазақстан  халқы 

Ассамблеясы дамуының 2025 жылға дейінгі бірегейлік пен 

бірлікті дамытудың жаңа тұжырымдамасының қабылдануымен 

расталып отырғанын атап өтті. Сондай-ақ, Парида Иманжанқызы  

ҚХА мен «Жастар - Зерттеу» орталығы бірлесе ұйымдастырған 

облыс  тұрғындары  арасында  жүргізілген  сауалнаманың 

қорытындыларын баяндап берді. 

-  Бұл  сауалнамаға  700-ге  жуық  азамат  қатысты. 

Респонденттердің 81 пайызы өздерін қазақстандық ұлт деп 

санайтындықтарын жеткізсе, 98,2 пайызы Қазақстан Республи-

касын өз Отандары деп есептейтіндіктерін айтқан. Бұл өте жақсы 

көрсеткіш,-деді Парида Мамедова.

Негізгі баяндамадан соң Қазақстан халқы Ассамблеясының 

өкілдеріне  тілшілер  де  көкейлеріндегі  сауалдарын  қойды. 

Мәселен, «ҚХА  алдында тұрған міндеттер облыстың шалғай 

елді мекендерінде қалай жүзеге асырылуда?» деген тілші сауа-

лына жауап берген Парида Мамедова бүгінгі таңда бұл мәселе 

Ассамблеяның алдында тұрған басты міндеттердің бірі болып 

табылатынын, өзі жетекшілік ететін ғылыми-сараптамалық топ-

тан бастап,  әрбір этнос орталықтары аудан, ауылдарға ат басын 

бұрып,  халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізетінін айтты. 

«Қазақстандықтар «біртектілік» ұғымын қалай қабылдауда?» 

деген сұраққа Айгүл Қабиева былай деп жауап берді:

рызы.  Отыз  елдің  қатарына  енуге  ұмтылған 

Отанымыздың  өркендеуіне  адал  еңбегімен 

үлес  қосу  мемлекеттік  қызметкердің  кәсіби 

мәртебесін  көтереді,  -  деп  облыс  әкімінің 

орынбасары Ерқанат Нұрбапаұлы мемлекеттік 

қызметкерлерді  жаңа  бағыттар  бойынша 

жұмыла жұмыс жасауға шақырды. 

Сондай-ақ, Елбасы Жарлығымен мемлекеттік 

қызметшілердің жұмыс пен тұрмыстағы жүріс-

тұрысының қалыптары регламенттелген жаңа 

Этикалық Кодексі қабылданған болатын. Ол 

туралы облыстық мемлекеттік қызмет істері 

және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл 

департаменті басшысының орынбасары Ғалым 

Тұрсынбаев кеңінен тоқталып өтті. 

Мемлекеттік билік қызметінде ерек-



ше  басымдық  тиімді  заманауи  мемлекеттік 

қызмет және басқару құрылымдарын құруға 

бағытталып отыр. Бүгінгі күні қолданыстағы 

мемлекеттік қызмет туралы жаңа заңнаманы 

қазақстандық  мемлекеттік  қызметтің  жаңа 

моделі  деп  толық  сеніммен  айтуға  болады. 

Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мем-

лекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып 

табылады. Және мемлекеттік қызметшілердің 

моральдік, әдептілік бейнесіне жоғары талаптар 

қояды. Осыған орай ҚР Президентінің 2015 

жылғы 29 желтоқсандағы №153 жарлығымен 

мемлекеттік  қызметшілердің  Әдеп  Кодексі 

қолданысқа енді. Оның мазмұны мемлекеттік 

қызметшінің  бойындағы  кәсіби  тұрғыдан 

жарасымды  қарым-қатынасқа  жетелейтін 

дағдыларды  қалыптастыруға  бағдарланған. 

Кодексте қызметшілердің кәсібіндегі, қызметтен 

тыс  уақыттағы,  көпшілік  алдындағы  мінез-

құлық стандарттары белгіленген. Осылайша 

Кодекстің талаптары мемлекеттік қызметшілерге 

халықтың  сенімін  арттырып,  мемлекеттік 

қарым-қатынаста мемлекеттік қызметтің жоғары 

мәдениетін қалыптастырады. Яғни халықтың 

сұранысына сәйкес мемлекеттік қызметтің са-

пасын жақсарта білетін, құқық бұзушылықтарға 

жол бермей, адал, әділ, қарапайым тұлғалық 

үлгіні анықтап береді,-деді Ғалым Сұлтанұлы.

«Соңғы  жылдары  кәсіби  стандарт  деген 

ұғым  пайда  болды.  Ол  -  жұмыс  берушінің 

маманға  қоятын  талаптарының  жиынтығы. 

Осы уақытқа дейін кәсіби стандарт біздің елде 

пайдаланылмаса да, басқа мемлекеттерде пай-

даланылып келді. Соңғы екі жылда ҚР Білім 

және ғылым министрлігі кәсіптік-техникалық 

білім  беру жүйесіне  кәсіптік  стандарттарды 

енгізуде. Енді кәсіби стандартқа сай білім беру 

жоғары  білім  беру  орындарында  да  жүзеге 

асады. Осы бағытта адами капиталдың сапа-

сын нығайтуға, біздің мемлекетімізде сапалы 

кадр дайындауға бағытталған бірнеше заңдар 

күшіне енді. Мәселен, ҚР «Білім беру туралы» 

Заңының 38-ші бабына күрделі өзгеріс енгізілді. 

Яғни,  ЖОО-да, барлық мамандықтарда, оның 

ішінде мемлекеттік  жергілікті өзін-өзі басқару 

мамандығында 2- курстан бастап кәсіби практика 

енетін болады. Яғни студент білімінің сапасына 

оқу орны ғана емес, жұмыс беруші де жауапты 

болады»-деді өз сөзінде М.Х.Дулати атындағы 

ТарМУ  ректоры  Махметқали  Сарыбеков.                                                                                                               

Жиын  барысында  бірқатар  сала  мамандары 

күшейген талаптың тиімділігі жөнінде өз ойла-

рын ортаға салып, деректі пікірлерімен бөлісті.

- Әрине, қоғамда бұл тіркес түсінбеушілік тудыруы мүмкін. 

Әсіресе, ауылдық жерлерде «Қазақстандағы барлық ұлт өкілдері 

қазақ  болып  жазыла  ма?»  деген  ойға  да  келуі  ғажап  емес. 

Алайда, біз елдің ішінде мұндай түсінбеушілік болмау үшін 

кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізуіміз қажет. Мұның бәрі 

сайып келгенде, елдің бірлігін, тату тірлігін, жастарымызды 

отансүйгіштікке тәрбиелеу болып табылады,-деді   «Әулиеата» 

қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары.

Жұмыс сапасы жақсарды. 

 Суретті түсірген В.Алсуфьев

Баршаға ортақ міндет. 

 Суретті түсірген В.Алсуфьев


4

//   «ЖАМбыл - ТАрАз»  //  №3 (1291), 20  қАңТАр 2016 Жыл  //



 

„

Жамбыл облысының өңірлік 



коммуникациялар қызметінің 

алаңында «реформаны 

іске асырудағы қоғамдық 

институттардың ролі» тақырыбы 

аясында жиын өтті.

Нұржан СЕРІКХАНҰЛЫ

Басқосуда даму даңғылымен келешекке керу-

ен тартқан еліміздің өміріндегі елеулі өзгерістер 

мен қажеттіліктен туындаған серпінді бастама-

ларды  тілге  тиек  еткен  облыстық  мәслихаттың 

депутаты,  «Нұр  Отан»  партиясының  облыстық 

филиалы Саяси кеңесінің бюро мүшесі Бахтияр 

Алдашов «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын іске 

асыру бағытының республикадағы және өңірдегі 

жағдайына жан-жақты тоқталып, өз ойын ортаға 

салды. 



Қазіргі қоғам, экономика тез әрі үлкен 



өзгерістермен  дамып  келеді.  Көзбен  қарағанда 

барлығы өз орнында тұрғанымен, ұлттық валюта 

бағамының  тұрақсыздығы,  кейбір  тауарлардың 

қолжетімсіз  болуы  секілді  ел  өміріне  әсер  етіп 

жатқан  жағдайлар  көп.  Бұл  -  нарық  заңы  мен 

дағдарыстың нәтижелері. Дәл осындай кедергілер 

бұрынғы кезеңде де орын алған болатын. Бірақ 

Үкімет оның әсерін барынша халыққа білдірген 

жоқ. Нәтижесінде валюта бағамын тұрақтандыруға 

бағытталған  қыруар  қаржымыз  далаға  кетті. 

Әрине,  бұл  -  тиімсіз  жүйе.  Дегенмен,  Елбасы 

Нұрсұлтан Назарбаев осындай кедергілерді нақты 

назарға ала отырып, мәселенің шешімін табатын 

жолды анықтап берді. Міне, Ұлт Жоспары дүниеге 

осылай келген болатын. Реформада мемлекеттік 

қызметшілерге де маңыз берілді. Мәселен, енді 

әрбір мемлекеттік қызметке үміткер өз жұмысын 

ең төменгі лауазымдардан бастайды. Бұл - мемле-

кет үшін адал еңбек ете алатын білікті мамандарды 

анықтайтын қуатты жүйе. Осы іспетті халықтың 

өміріне тікелей қатысы бар нақты қадамдардың 

басым көпшілігі ел экономикасын қуаттандыруға 

бағытталып отыр. Себебі, экономикасыз мемлекет 

өмір сүре алмайды, - деді Бахтияр Әбілқайырұлы. 

«Арнайы сараптамалар нәтижесінде жүз шақты 

мәжіліс  депутаттарының  47-сі  зейнеткер  екен. 

Оның  ішінде  кейбірінің  жасы  жетпіске  келген. 

Олардың орнына жастар келсе, жаңа идеялар да 

жаңғырар  еді.  Оған  қоса,  жаңадан  бас  көтеріп 

келе  жатқан  партияларға  да  мүмкіндік  берілер 

еді.  Сондықтан  да,  дағдарыс  кедергілері  ден-

деген  тұста  сайлау  жұмыстарының  мерзімінен 

бұрын  өткендігін    дұрыс  деп  санаймын»-деді 

өз  сөзінде  Бахтияр  Әбілқайырұлы.  Басқосу 

барысында  облыстық  мәслихаттың  депутаты 

жергілікті  БАҚ  өкілдері  тарапынан  қойылған 

сұрақтарға да жауап берді.  «Знамя труда» газетінің 

тілшісі  сайлауға  қатысты  шығындарды  сұраса, 

«Жамбыл-Тараз» газетінің журналисі өңірімізде 

Ұлттық  Жоспарды  жүзеге  асыру  барысындағы 

кедергілердің мән-жайын білді. Мәслихат депу-

таты сайлау жұмыстарын жүргізудің қаржылық 

жағдайы еш өзгеріссіз қалатынын айтса, рефор-

маны іске асыруда өңірде ешқандай кедергілердің 

жоқтығын  жеткізді.  Дегенмен,    тұрғындарға 

басты бағыттарды түсіндіру жұмыстары жүйелі 

түрде  жүргізіліп  жатса  да,  халықтың  кейбір 

бөлігі өзгерістерден толық хабардар емес екен. 

Ал  облыстық  «Арай»  жастар  газетінің  тілшісі 

Саятхан  Сатылғановты  қазіргі  таңда  Бахтияр 

Алдашов  басқарып  отырған    «Talas  investment 

company» ЖШС» зауытының дағдарыс кезеңіндегі 

жағдайы қызықтырды. «Біз әлі өндірістің қуатты 

күшінен шыққан жоқпыз. Біздің өндіріс тұтынатын 

газдың параметрлері әрқалай. Өнім сапалы болу 

үшін  газдың  құрамындағы  метан  мөлшері  96 

пайыздан  төмендемеуі  тиіс.  Мәселен,  өзбектің 

газы ол шартқа келіп тұр. Ал Бейнеудің газы 87 

пайызбен, Амангелдінікі 84 пайызбен келеді. Сал-

дарынан қондырғылар істен шығып қалады. Де-

генмен, биылғы  жылдың аяғына дейін өндірістің 

межелі қуатты күшінен шығу жоспарда. Ал біз 

өндіретін натрий цианиді алтын өндіруге қажетті 

руданы  шаю  үшін  пайдаланылады.  Сондықтан 

өз  сұранысын  жоймайды  деп  ойлаймын»-деді 

мәслихат депутаты. 




  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал