2016 жыл, сәрсенбі



жүктеу 1.22 Mb.

бет1/12
Дата10.09.2017
өлшемі1.22 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

 №23 (1311)  8 маусым 

 

2016 жыл, сәрсенбі



www.z-taraz.kz

 

„



Міне, жайдары жаз мезгілі де келіп жетті. Жаз - адамдардың алаңсыз демалатын, ой-

санасын тынықтыратын, балалардың шат-шадыман күйге бөленіп, ертегі әлеміне сапар 

шегетін таңғажайып уақыты ғой, шіркін!  Әсіресе, аптап ыстықта жаныңа сергектік 

сыйлайтын теңіз-көлді жағалап, хауыздарда шомылудың рахатын суреттеуге тіл де 

жетпес, сірә!  Десе де, суда балықтай жүзіп, демалыстың ләззатына батып, қауіпсіздік 

мәселесін  қаперден шығарып алмағайсыз, қымбатты оқырман!  



 14-бет.

 

13-бет.

 

3-бет.

Тасада қалған 

науқастардың назы

 

„



Емханалар мен 

ауруханаларда педиатрдың 

міндеті отбасылық 

дәрігердің мойнына 

жүктелуіне көпшіліктің 

көңілі толмай отыр. 

Тараз-Мәскеу арасы 

жақындай түсті

 

„

Сүйінші, ағайын! Енді 



«Әулие-ата» халықаралық  

әуежайынан Мәскеу 

шаһарына небәрі 3 сағатта 

жете аласыз. 



,

ЖАЗ ЖАЙНАТЫП, 

КҮН КҮЛДІРІП...

 

7-бет.

ҰБТ: Биылғы биігіміз – 

85,1 пайыз

 

„

Биыл қала бойынша ең 



жоғары  124 баллға  №45 

мектеп-гимназияның түлегі 

Сұлтан Көбеев қол жеткізді.  


ҚАЛА-ҚАРБАЛАС

2

//   «ЖАМБЫЛ - ТАРАЗ»  //  №23 (1311), 8 МАУСЫМ   2016 ЖЫЛ  //



 

„

 Рәміздер күні мерекесі 



аясында қаламыздағы қоғамдық 

көліктерде жастар акциясы 

ұйымдастырылды. 

Жолаушылар 

Гимн орындады

Шынболат СЕЙДУАЛИЕВ

 «Білімгерлер мен жастардың «Қазақстанның 

болашағы үшін»Тараз бірлестігі» қоғамдық 

бірлестігі  ұйымдастырған  «Рәміздерім-

мақтанышым» атты жастар акциясы қоғамдық 

көліктер  мен  аялдамаларда  өтті.  Акцияға 

қаланың белсенді жастары қатысып, қоғамдық 

көліктерде  арнайы  таратпа  материалдарын 

үлестірді.  Сондай-ақ  қоғамдық  көліктерде 

мерекелік көңіл-күй сыйлау үшін жолаушы-

лармен қосылып Қазақстан Республикасының 

Мемлекеттік  Гимнін  орындады.  Кішкентай 

жолаушыларға сыртқы қабында Тудың бейнесі 

бейнеленген тәттілер таратылды. Акция аясын-

да бірлестіктің белсенді мүшелері жолаушылар-

мен сұхбаттасып, айтулы мерекенің маңызын 

түсіндірді.  Шара  қаланың  орталығындағы 

аялдамаларда өз жалғасын тауып, ол жерлерде 

де таратпа материалдар ұсынылды. 

Қоғамдық  бірлестіктің  төрағасы  Ғабиден 

Исатайдың  айтуынша,  аталмыш  шара 

жолаушылардың көңілін көтеріп, айтулы күннің 

мән-маңызына терең үңіле түседі екен.

-  4  маусым  –  Рәміздер  күні  мерекесі 

қаламыздың  әр  жерінде  өз  деңгейінде  атап 

өтіліп  жатыр.  Біз  осы  күнді  атап  өтуде 

қоғамдық көлікте өзіміздің Гимнімізді айтуды 

жоспарладық. Акция барысында күнделікті 

күйбең тіршіліктерімен жүрген тұрғындар бұл 

күнді маңызы бар мереке деп қабылдамайтынын 

ұқтық. Ол кісілермен сұхбаттасып, мерекенің 

маңызын түсіндірдік. Сондай-ақ жолаушыларға 

жадынама материалдарын таратып, кішкентай 

жолаушыларымызға сыртқы қабында Тудың 

бейнесі  бейнеленген  тәттілер  үлестіріп  жа-

тырмыз. Оларға осы арқылы патриоттық сезім 

сыйлағымыз келеді, - дейді ол. 

- Шынымды айтсам, бұл күннің соншалықты 

маңызы бар мереке екенін осы күнге дейін 

білмеппін.  Өзім  қонаққа  бара  жатқанмын. 

Белсенді жастар қолымызға таратпа материал-

дарын беріп, балама тәттілерін ұсынды. Сонан 

соң барлық жолаушыларды Мемлекеттік Гимнді 

орындауға шақырды. Барлығымыз бірауыздан 

қолымызды жүрек тұсымызға қойып, Гимнді 

орындағанда ерекше әсерге бөлендік. Көңіл-

күйіміз серпіліп қалды, - дейді №30 автобустың 

жолаушысы Хуршида Измуратов. 



МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР - 

ҰЛТ МАҚТАНЫШЫ

 

„

4 маусым - ҚР Мемлекеттік рәміздері күні. Айтулы датаға орай,  



дербестігіміздің негізгі нышандары болып табылатын Мемлекеттік Елтаңба, 

Ту және Гимн ел ішінде мейлінше ұлықталды. Әрбір азаматтың ұлттық рухын 

асқақтатып, елжандылыққа тәрбиелейтін мерекенің салмағын «Баласағұн» 

орталық  концерт залында өткен «Бір ту астындағы Қазақстан» республикалық 

акциясы арттыра түсті. 

 

„

Халықаралық балалар күні қаламызда бар салтанатымен аталып өтті. Сәбилер 



мен балаларға ерекше қуаныш сыйлайтын бұл мерекеден қалалық мәдениет үйі 

де шет қалған жоқ. 

 

„

Халықаралық  балаларды қорғау күнінде 



қалалық мекемелердің бірқатары кішкентай 

балдырғандарға қуаныш сыйлады. Сондай ірі 

шаралардың бірі  «Үміт» мамандандырылған 

балалар үйінде өтті. 

Өмірдің гүлі – балалар! 

Біз бақытты балдырған

Мәдениет үйінің ауласында «Тәуелсіз елдің бақытты ба-

ласымыз» атты мерекелік концерт өтті. Мерекелік шараға 

облысымыздағы балабақша тәрбиеленушілері, мектеп 

оқушылары қатысып, өнерлерін ортаға салды. Өздерінің 

«Машеньки», «Бипыл», «Русская пляска» атты ерекше 

билерімен «Үкілі ару» би тобы келген көрермендердің 

зор ықыласына бөленді. Концерт соңында жыл бойында 

қалалық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен өткізілетін 

мәдени іс-шараларға, ән байқауларына белсене қатысқан 

талантты  жас  дарындарды  Мақтау  грамоталарымен 

Арайлым БАҚЫТЖАНҚЫЗЫ

Мерекелік  кеш  барысында  бүлдіршіндерді  құттықтап,  арнайы 

сыйлықтарын тапсыруға  облыстық, қалалық бірнеше мекеме ұжымы 

атсалысыпты. Атап айтар болсақ, қалалық әскери госпиталь, №2035,  

01713 әскери бөлімдері мен облыстық ішкі істер департаменті емханасы, 

«Жилстройсбербанк» және «Нұр банк» ұжымдарының өкілдері арнайы 

келіп, бүлдіршіндерді құттықтады.

– Балаларды қорғау күні олардың өмірін соғыстан қорғау, денсаулығын 

сақтау, болашақ ұрпаққа демократиялық негізде білім мен тәрбие беру 

жөніндегі барша әлемдегі озық пікірлердің тоғысқан арнасы десек, 

артық  айтқандық  емес.  Дәл  осы  күні  болашақта  адамгершілікке, 

әділдікке, баянды өмірге толы қоғам құру үшін оның негізі – балаларға 

барлық жағдай жасау керектігі тағы да паш етіледі. Бүгінде егемен 

еліміздің тұлымды ұлы, бұрымды қызы үшін  барлық жағдай жасалған. 

«Боламын деген баланың бетін қақпа, белін бу» деген дана халқымыз 

тұлымшақты құлыншақтарға  тағылымды тәрбие беріп, кішіпейілділікке 

баулып, ұлылыққа жетелей тәрбиелеген. Мінекей, осындағы кішкентай 

бүлдіршіндер де еліміздің іргесін қалайтын азаматтар, – деді балалар-

ды құттықтай келген Тараз қалалық мәслихатының хатшысы  Балабек 

Нарбаев.


Бүгінде «Үміт» балалар үйінде ата-ана қамқорынсыз қалған 60-тан 

астам бүлдіршін тәрбиеленуде. Мұнда ең үлкені – бес жастағы сәбилер. 

Мерекелік кештің сәнін де осындағы балақайлар келтірді. Өнерлері өрге 

жүзген бүлдіршіндер келген қонақтарға әннен шашу шашып, жұптаса 

би биледі. «Сәбидің бәрі бақытты болуы үшін жаралған». Сол себепті 

тағдыр тауқыметін ерте шеккен ұл-қыздарға тек мереке күндері ғана 

емес, мүмкіндігінше күнделікті қамқорлық білдірген абзал. 

Индира БАЙҚОНЫС

  Әуелі  жұртшылық    слайд  тақта  арқылы  

Қазақ мемлекетінің іргетасын қалаған жанкешті 

хандар  мен  баһадүр  батырларымыздың  және 

егемен еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан 

Назарбаевтың  елеулі  еңбегі  суреттелген  бей-

нематериалды тамашалады.  Бейбітшілік сал-

танат  құрған  елімізде  бай  да  бақуатты  өмір 

сүріп  жатқан  сан  түрлі  этнос  өкілдері  сах-

марапаттады. Мерекелік думанды қорытындылау бары-

сында мәдениет үйінің қызметкерлері мейрамға демеуші 

болған  Қазақстан  халқы  Ассамблеясының  Жамбыл 

облысындағы хатшылығына және жеке кәсіпкерлерге 

үлкен алғыстарын айтты.  

Мерекелік  шараның  ізін  ала  мәдениет  үйінің  за-

лында Тараз қаласы әкімдігінің білім беру бөлімінің  

ұйымдастыруымен «Балалық шаққа саяхат» атты ар-

найы білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған 

қайырымдылық  концерті  өткізілді.  Бүлдіршіндерді 

көңілді  сайқымазақтар  мен  үлкен  қуыршақтар  күтіп 

алды. Балалар сиқырлы колейдоскоптың көмегімен түрлі 

ертегілер еліндегі Буратино, Еркебала сияқты сүйікті 

мультфильм  кейіпкерлерімен  бірге  Алтын  балықты 

іздеп, «Көңілділер», «Мадагаскар» аралдарымен теңіз 

асты әлеміне саяхатқа шықты. 

Мерекеде  Мектептен  тыс  жұмыс,  балалар 

шығармашылық  орталығының  «Риверданс»  балдық 

би  студиясының,  «Камертон»  эстрадалық  вокал 

студиясының және «Жас дәурен» үлгілі хареографиялық 

ансамблінің тәрбиеленушілері өнерлерін көрсетті. 

Концерт соңында Алтын балықты кездестірген балалар 

өздерінің армандарын айтып, ойын ойнап, тәттілер алып, 

көтеріңкі көңіл-күйде тарады.

Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ,

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дың 3-курс  

студенті.

на  төрінде  мың  бұрала  би  билеп, 

көп ұлтты Қазақстанның тату-тәтті 

тірлігін тағы бір айғақтай түскендей 

болды.  Мұнан  кейін  Қазақстан 

Республикасының  Мемлекеттік 

рәміздері  салтанатты  түрде  сахна 

төріне шығарылып, көпшілік қауым 

«Менің  Қазақстанымды»    әуелете 

шырқады. 

Салтанатты  шарада  сөз  алған 

қала  әкімі  Нұржан  Календе-

ров  Мемлекеттік  рәміздерімізді 

көзіміздің  қарашығындай  сақтау 

арқылы туған елге деген перзенттік 

с ү й і с п е н ш і л і г і м і зд і   е с е л е й 

түсетінімізді қадап айтты. 

- Биыл ел Тәуелсіздігінің ширек 

ғасырлық тойын тойлағалы отырмыз. 

Осы  жылдар  ішінде  Мемлекеттік 

рәміздеріміздің    еліміз  бен  әлем 

халықтары  алдында  абыройының 

асқақ болуы әрбір отандасымыздың 

кеудесінде мақтаныш сезімін оята-

ды.  Бұл  -  Елбасымыздың  жүргізіп 

отырған сарабдал саясатының мәуелі 

жемісі. Сондай-ақ, мемлекетіміздің  

Туы мен Әнұранын жаһанға таны-

туда  саңлақ  спортшыларымыздың 

атқаратын рөлі орасан екені сөзсіз,-

деді шаһар басшысы. 

Мұнан кейін Нұржан Сәбитұлы 

көне  қаламыздың  дамуына  сүбелі 

үлестерін  қосып  жүрген  бірқатар 

сала мамандарын Алғыс хатпен ма-

рапаттады.

Мерекелік  жиынның  соңы  об-

лыс  өнерпаздарының  концерттік 

бағдарламасына ұласты.  

Еңбектері ел үшін.  

 Суретті түсірген А.Қартабай


 

„

Қалалық мәслихаттың 



хатшысы Балабек 

Нарбаевтың төрағалығымен  

алтыншы шақырылған 

Тараз қалалық 

мәслихатының кезектен тыс 

төртінші сессиясында халық 

қалаулылары бірқатар 

мәселелерді қарады.

Тәуелсіздіктің 

25 жылдығына 

арналған монумент 

бой көтереді

Индира БАЙҚОНЫС

Сессия жұмысын қалалық мәслихаттың хат-

шысы Балабек Нарбаев жүргізіп отырды. Онда 

күн тәртібіне бірнеше мәселе шығарылды. Атап 

айтқанда,  Тараз қалалық мәслихаттың 2015 

жылғы 23 желтоқсандағы №48-3 «2016-2018 

жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» 

шешіміне өзгерістер енгізу және аталған уақытта 

қабылданған №48-5 «2016 жылға арналған  Та-

раз қалалық мәслихатының перспективалық 

жұмыс жоспары» талқыланды. Бірінші мәселе 

бойынша  қала  әкімдігінің  экономика  және 

бюджеттік  жоспарлау  бөлімінің  басшысы 

Қайсар Сарытай хабарлама жасады. Оның сөзіне 

қарағанда, бірқатар қаржылық шығындарды 

үнемдеудің  арқасында  шаһардағы  бірнеше 

әлеуметтік нысандарға жөндеу жұмыстарын 

жүргізіп, құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету-

ге және көшелерді жарықтандыруға мүмкіндік 

туған. Олардың қатарында, №18 және №19 

балабақшаларға бюджет есебінен 12 млн. 60 

мың теңге бөлінсе, №20 орта мектептің жөндеу 

жұмысына 7 млн. 90 мың теңге қарастырылған. 

«Салтанат»  мөлтек  ауданында  орналасқан 

280  орындық  балабақшаға  қажетті  құрал-

жабдықтар сатып алу үшін 4 млн. 191 теңге 

бөлінсе, №45 гимназияның  бастауыш сыныпта-

рын жаңа жиһазбен қамтамасыз ету мақсатында 

9 млн. 409 мың теңге қарастырылған. Бұған 

қоса, қала қазынасынан 3 млн. теңге көшелерді 

жарықтандыруға жұмсалса, 4 млн. 500 мың 

теңгеге  шаһарды  көріктендіру  шаралары 

қолға  алынбақ.  Сондай-ақ  бөлім  басшысы 

ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, об-

лыс орталығында бой көтеретін монументті 

тұрғызуға 80 млн. теңге бөлініп отырғанын 

жеткізді. 

Депутаттар  жоғарыда аталған өзгерістерді 

бірауыздан мақұлдады.  

//   «ЖАМБЫЛ - ТАРАЗ»  //  №23 (1311), 8 МАУСЫМ  2016 ЖЫЛ  //

ҚАЛА-ҚАРБАЛАС

3

ТАРАЗ-МӘСКЕУ АРАСЫ



ЖАҚЫНДАЙ ТҮСТІ

 

„

 «Әулие-ата»  халықаралық әуежайы 2013 жылы 



республикалық қазынадан 4,6  миллиард теңге бөлініп

қайта жаңғыртудан өткен болатын. Нәтижесінде әуежайдың 

жолаушылар терминалының аумағы едәуір ұлғайып, жаңарып, 

жоғары  мүмкіндіктерге ие болды. Сондай-ақ әлемнің бірқатар 

елдеріне ұшақ бағыттарын ашу көзделген болатын. 

Баға бағамы бақылауда

Ерман ӘБДИЕВ

Апта  басында,  яғни  дүйсенбі 

күні таңғы 6-00-де  «Әулие - ата» 

әуежайына «Мәскеу-Тараз» бағытына 

жолаушылар тасымалдайтын «S7» 

ұшағы  келіп  қонды.  Ал  Мәскеу 

әуежайынан  Тараз  топырағына 

тұңғыш рет қанат қаққан ұшақпен 

жеткен  жолаушыларды  облыс 

әкімінің  бірінші  орынбасары  Бек-

болат Орынбеков, Тараз қаласының 

әкімі  Нұржан  Календеров,  Тараз 

қалалық мәслихатының хатшысы Ба-

лабек Нарбаев бастаған жамбылдық 



 

„

Облыс әкімінің орынбасары Бекболат Орынбеков бастаған бір топ атқамінер 



азаматтар қаладағы сауда нүктелеріндегі бағамен танысып, тұтынушыларға 

тауардың құнын қолдан өсіріп сатып отырған  кәсіпкерлерге тексеріс 

жұмыстарын жүргізді.

Нұржан СЕРІКХАНҰЛЫ

Елбасының  33  әлеуметтік  тауар 

түрінің бағасын қымбаттатпау туралы 

тапсырмасы бар. Дегенмен, қаладағы 

кейбір  шағын  дүкендерде  төрден 

айтылған талап сақталмаған. Бағаны 

бақылау мақсатында ең әуелі комиссия 

мүшелері облыс әкімдігі ғимаратының 

маңындағы  «Тарго»  дүкеніне  ат  ба-

сын бұрды. Аталған сауда нүктесінде 

қиярдың бағасы қалыпты болғанымен, 

қызанақ қымбат сатылуда (350 тг). Облыс 

басшысының орынбасары дүкен басшы-

сынан қызанақтың не себепті қымбатқа 

саудаланғандығын сұрап, қоспа бағадан 

аулақ болуды ескертті. Сонымен қатар 

құрғақ  жемістердің  бағасы  да  сынға 

ілікті. Базарда 300 тенгеден сатылатын 

құрғақ жемістер бұл дүкенде 500-600 

теңгеден саудалануда. «Біз ешқандай 

бағаны негізсіз өсірмейміз. Өндіруші 

компаниялардың  белгілеген  бағасы 

бойынша жұмыс жасаймыз. Ассорти-

мен жоғары және бағамыз қолжетімді 

болғандықтан,  бәсекелестікке  төтеп 

берудеміз.  Қызанақтың  бағасы  бой-

ынша  мониторинг  жасап,  бағаны 

тұрақтандыратын боламыз»-дейді дүкен 

басшысы  Ириса  Астаева.  Дегенмен, 

дүкендегі 33 әлеуметтік бақылаудағы 

тауарлардың бағасы қолжетімді екен. 

Комиссия «Талас» мөлтек ауданындағы 

жаңадан ашылған «Газпромнефть» АЗС 

жанар-жағармайының да құнын тексерді. 

«Жанармайдың  бағасына  бізде 

шектеу  бар.  Біз  әлі  ол  шектеуден 

асқан жоқпыз. Қазіргі таңда «АИ-92» 

жанармайының 1 литрі  127 теңгеден 

сатылуда» - деді облыс әкімінің  орынба-

сарына АЗС басшысы Марат Тауасаров. 

Ал мамандардың айтуынша, облыс бой-

ынша аталған жанармайдың 1 литрлік 

құны 125 теңге екен. Яғни нақты уақытта 

2 теңге негізсіз қосылып отыр. Бекболат 

Серікбекұлы тиісті мамандарға тексеріс 

жұмыстарын тереңірек зерделеп, заң 

аясында  шара  қолдануды  тапсырды. 

Бұдан әрі комиссия Лермонтов көшесі 

бойындағы «Виктория» сауда нысанына 

табан тіреді. Аталған дүкеннің алдында 

бәзбіреу  газ  баллонын  пайдаланып, 

қуырылған тауық етін саудалап отыр 

екен. Дүкен басшылығымен бірлесіп 

жұмыс  жасап  отырғандықтан  тиісті 

ескерту айтылды. Ал тексеру кезінде 

тауық  етін  саудалап  отырған  азамат  

заңсыз  орнын  тастап  тайып  тұрды.  

Яғни көпшілік орынға жататын дүкен 

алдында  қауіпсіздік  шарасы  мүлдем 

сақталмаған. Бекболат Серікбекұлы бұл 

әрекет  үшін тіпті дүкеннің өзін жауып 

тастауға болатынын баса айтты. Бұған 

қоса аталған дүкенде әлеуметтік маңызы 

бар  өнімдердің  арнайы  бұрышы  да 

орнатылмаған. Б.Орынбеков күнделікті 

тұтынатын бір бөлке нанның салмағын 

тексерді. Нан бағасына сай 595 грамм 

екен.  Және  дүкен  басшысы  Олья 

Батырбекованың айтуынша, отандық 

сусындар мен сүт өнімдерінің бағасы 

арзандапты.  Акциялық  жеңілдіктер 

де қарастырылған.  Бұдан әрі комис-

сия  мүшелері  дүкеннің  маңындағы 

әлеуметтік сауда желісінің дүңгіршегіне 

де  бас  сұқты.  Ол  жерде  10  дана 

жұмыртқа 210 теңге, ал басқа дүкендерде 

220  теңгеден  сатылады  екен.  Деген-

мен «өсімдік майы 350 теңге» деген 

дүңгіршек саудагерінің сөзіне жақын 

маңдағы тұтынушылар қарсы шықты. 

Тұрғындардың айтуынша, күні кеше ғана 

аталған өсімдік майы 380 теңгеден саты-

лыпты. Комиссия мүшелері «Садыхан» 

дәріханасын да назардан тыс қалдырған 

жоқ. Бұл жерде ең бірінші тізімге ен-

ген 106 дәрі-дәрмектің бұрыштамасы 

тексерілді. Дәріхананың кіреберісінде 

ілінген тізім талапқа сай орнатылып-

ты. Ондағы фармацевт маман Раушан 

Жүнісованың айтуынша, жазғы уақытта 

диареяға, қыста тұмауға қарсы дәрілер 

негізгі сұраныста екен. 

Ал  Лермонтов  көшесінің  арғы 

бетінде орналасқан көп салалы сауда 

нысанындағы дәріханада 106 дәрінің 

тізімі талапқа сай емес. Тіпті 200 дәрі-

дәрмектің тізімі жазылған ескі кесте әлі 

күнге дейін ауыстырылмапты. 

Қызанақ қашан арзандайды?  

 Суретті түсірген Н.Тұрғынбек

Ұшақ та келіп жетті!  

 

«Бізге  базар  бәсекелес  емес. 



Біздегі  балалар  киімі  кейбір  сауда 

орталықтарынан  да  арзан  сатыла-

ды.  Ал  киім  бағасы  990  теңгеден 

басталады.  Және  10  пайыз  жеңілдік 

жасаймыз.  Тұрақты  тұтынушыларға 

да әртүрлі жеңілдіктер қарастырылған» 

- дейді «Бора» киім дүкенінің дирек-

торы    Луиза  Халматова.  Комиссия 

мүшелері  көп  салалы  дүкендегі  аяқ 

киімдердің де бағасын тексерді. Тіпті 

облыс орталығында орналасқан  «Ев-

ромебель»    жиһаздар  дүкеніне  де 

бас  сұқты.  Эконом  класс  негізінде 

жұмыс жасайтын жиһаз сауда желісінде 

нақты  уақытта  баға  тұрақты  екен. 

Тіпті  кейбір  жиһаздардың  құны  екі 

есе  арзандапты.  «Таразда  біздің  үш 

салонымыз  бар.  Тұтынушылар  үшін 

бағадан гөрі сапаға жұмыс жасаймыз. 

Ресейлік тауар өндірушілермен тығыз 

байланыстамыз»-дейді  дүкен басшы-

сы  Валентина Нургожаева. 50-ден аса 

адамды  жұмыспен  қамтып  отырған  

«Сулпак»  тұрмыстық  техникалар 

дүкенінде де баға тұрақты, пайыздық 

үстемесіз жеңілдіктер қарастырылған 

екен. Дүкен басшысы Ләззат Нұрбекова 

техникалық  тауарлардың  барлығына 

қатысты жеңілдіктер мен баға саясаты-

на байланысты тұтынушыларға тиімді 

жолдарды саралап айтып берді. 

Рейдтен соң  Бекболат Серікбекұлы 

базарлардағы төмен баға мен шағын 

мөлтек аудандарда орналасқан дүкен 

бағаларын саралап отыруды, әр басқарма 

өзіне  тиесілі  бағытта  тұрақты  түрде 

жұмыс жасап, мәселені бақылап оты-

руды, тәртіп пен талаптың барлығына 

бірдей болуын тапсырды. 

зиялы қауым қарсы алды. Ұлттық 

киім  киген  қыз-жігіттер  ұлттық 

дәстүрімізге сай келушілерге дәм-тұз 

ұсынды.  Осынау  тарихи  алғашқы 

рейспен  134  мәскеулік  жолаушы 

Таразға  жеткен екен. Барлығының 

көңілдері шат-шадыман.  

-Мәскеуге  25  жыл  бұрын 

барып,  сол  елде  қоныстанып 

қалғанбыз.  Туған  өлкеге  қашанда 

аңсарымыз  ауып  тұрады.  Тараз-

да    туған-туыс,    жекжаттар  бар. 

Бұрын пойызбен бірнеше  күн жүріп, 

қалжырап  жетуші едік. Уақыттан да 

ұтылатынбыз. Енді 3 сағаттан астам 

уақытта ұшақпен жететін мүмкіндік 

туғанына  қуаныштымыз.  Мұның  

бәрі - тәуелсіздіктің, тыныштықтың 

арқасы, Елбасы саясатының жемісі. 

Билетті 11 мың 500  рубльге (Ресей 

валютасы)  сатып  алдым.  Темір 

жолдың мүмкіндігін пайдалансам да 

осы қаражат кететін еді. Сондықтан,  

бұл  рейс  өте  тиімді    болды.  Енді 

Құдай қаласа, Таразға үнемі ат ба-

сын бұрып  тұратын  боламыз, - деді 

мәскеулік ақсақал Ораз Таңатаров.

Осы  қуанышты  хабарға  орай 

әуежайда БАҚ өкілдеріне арналған 

баспасөз  конференциясы өтті. Кон-

ференция  жұмысын  «Әулие-ата»  

халықаралық  әуежайының  дирек-

торы Дәулет Хамзин ашып, Мәскеу 

– Тараз арасын ұшақпен жалғаған  

қуанышты күннің маңызы зор екенін 

айтып өтті. Облыс әкімінің бірінші 

орынбасары  Бекболат  Орынбеков 

мұндай  мүмкіндіктің  туындағаны 

халықаралық  деңгейде қол жеткен 

үлкен олжа екенін айтып, «Әулие-

ата» әуежайының мүмкіндіктеріне 

тоқталды.  «S7»  компаниясының 

өкілі  Евгений Чернышев бұл байла-

ныс  Қазақстан мен Ресей арасына 

ғана  емес,  Еуропаның  бірнеше 

елдеріне  әуе  кемесімен  жетуге  

жол  ашатынын  айтты.  Сондай-ақ, 

Мәскеу  арқылы    Ресейдің  қай 

қаласына  барып-қайтқыңыз келсе, 

баратын  және  қайтатын  билетті 

Тараздан  шықпай  жатып-ақ  алуға 

мүмкіндігіңіз  бар  екен.  Мәскеу 

–  Тараз  арасы  шамамен  3  мың 

шақырым    болса,  бұл  аралықты 

әуемен жүріп өтуге 50-55 мың теңге  

көлемінде  қаражат  жұмсалатын 

көрінеді.  Айтпақшы,  осы  күні 

сағат 7-05 уақытында  «Әулие-ата»  

әуежайынан  тұңғыш  рет  «Тараз-

Мәскеу»  бағытын бетке алған ұшақ  

136  жолаушымен  әуеге  көтерілді. 

Бұл ұшақ  Тараз-Мәскеу арасын әр 

аптаның жексенбісінде жалғайтын 

болады.


МӘҢГІЛІК ЕЛ

4

//   «ЖАМБЫЛ - ТАРАЗ»  //  №22 (1310), 1 МАУСЫМ   2016 ЖЫЛ  //




  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал