2016 жыл, сәрсенбі



жүктеу 1.05 Mb.

бет1/11
Дата08.09.2017
өлшемі1.05 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

 №8 (1296)  24 ақпан 

 

2016 жыл, сәрсенбі



www.z-taraz.kz

 5-бет.

 

„



Биылғы жылғы күнтізбемізде ұлттар татулығы мен бірлігін жаңа деңгейге көтеретін 

ерекше мереке пайда болды. Елбасының Жарлығымен 1 наурыз Алғыс айту күні болып 

белгіленді. Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнімен тұспа-тұс келген күнтізбедегі 

бұл күннің еліміздегі татулық пен бірлікті ту еткен ұлыстар достығын ұлықтайтын айтулы 

күнге айналары анық.

Көп қарға тең келмейді бір сұңқарға,

Көп жылқы тең келмейді бір тұлпарға.

Жақсының әрқашанда жөні бөлек,

Жаман адам жарымас бір қымтарға.

 

6-7 бет.

«Барысхан» 

абаттанып келеді

Адасқан ару ғұмыр...

Болашақ 


балабақшадан 

басталады

 

„

Көгілдір отынға қол 



жеткізген барысхандықтар 

жергілікті биліктің 

жұмысына дән риза. 

 

„



Сирияға баруға бел буған 

тараздық қаракөздердің 

тағдыры не болды екен? 

 

„



«Step by step» 

халықаралық 

бағдарламасының тиімді 

жолы көп.

 

3-бет.

 

9-бет.

 

8-бет.

Жамбыл Жабаев

170 жыл

ҚазаҚ халҚына 

мың алғыс


аймаҚ даму Жолында

 

„

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Елбасы н.Ә.назарбаевтың 



«Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, 

даму» атты кезекті Жолдауын жастар арасында насихаттауды мұрат 

еткен жастар автокеруені аудандарға жолға шықты. 

Шынболат СЕЙДУАЛИЕВ

Облыс  әкімдігі  жастар  саясаты  мәселелері 

басқармасының  қолдауымен  облыстық  Жастар 

ресурстық  орталығының  ұйымдастырып  отырған 

шараның  басты  мақсаты  -  Ұлт    көшбасшысының 

кезекті Жолдауын жастар арасында насихаттаумен қатар 

оның  маңыздылығын жеткізу. Сондай-ақ Жолдауда 

көрсетілген негізгі мақсаттар мен міндеттерді жүзеге 

асыру үшін атсалысуға шақыру, тәуелсіздік алған жыл-

дардан бері қол жеткізген жетістіктерді одан әрі арттыру 

болып табылады.

Ақпараттық-насихаттық топ мүшелерін шығарып 

салу рәсіміне үкіметтік емес ұйым көшбасшылары, 

жоғары  оқу  орындарының  белсенді  студенттері, 

«Еріктілер  мектебінің»  волонтерлары,  басқарма 

мен  Жастар  орталығының  қызметкерлері  жиналды. 

Жиында сөз алған облыс әкімдігі Жастар ресурстық 

орталығының директоры Талғат Шайхиев өңір жаста-

рын білімді, еңбекқор, бастамашыл, белсенді болуға, 

ерінбей еңбек етіп, жалықпай ғылым іздеуге шақырды. 

Сондай-ақ ол өз сөзінде Жолдауда көрсетілген басты 

бағыттар мен тапсырмаларды шешу жолында жастарды 

белсенді атсалысуға шақырып, автокеруен мүшелеріне 

сәттілік  тіледі.  Шара  барысында  сөз  тізгінін  алған                                     

ҚР Мемлекеттік қызмет істері Министрлігі Жамбыл 

облысы бойынша департаментінің бас маманы Берік                                                                                                                          

Бегалиев аудан-ауылдағы жастарға Жолдауда көрсетілген 

негізгі мақсаттар мен міндеттерді түсіндірумен қатар, 

«Мемлекеттік  қызмет  туралы»  Заң  турасында  да 

түсіндірме жұмыстары жүргізілетіндігін жеткізді. 

Аудандарға  бет  алған  автокеруен  құрамында 

ҚР  Мемлекеттік  қызмет  істері  Министрлігі                                             

Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының 

орынбасары Дәурен Каипов, осы департаменттің бас 

маманы  Берік  Бегалиев,  «Даму»  кәсіпкерлік  даму 

қоры» АҚ аумақтық филиалының мобильдік топ өкілі 

М.Амиркенов, Қазақстан «Тұрғын үй құрылыс жинақ 

банкі» АҚ Жамбыл облысы филиалы сату және дамыту 

бөлімінің  басшысы Б.Құттыбаев, үкіметтік емес жастар 

ұйымдарының жетекшілері, жоғары оқу орындарының 

белсенді студенттері мен шығармашыл жастар бар. 

Олар аудандарда жастар форумын өткізіп, Жолдауды 

талқылайды. Сонымен қатар Қазақстанның Тәуелсіздік 

алған 25 жылы ішінде қол жеткізген жетістіктері тура-

лы ой қозғамақ. Мұнымен қоса, олар автокеруен туын 

аудандардағы Жастар ресурстық орталығының басшыла-

рына табыстап, ауылдық округтерде жалғасын табатын 

аудандық автокеруенді ауылдық жерлерге шығарып 

салатын болады. Аталмыш автокеруен өз жұмысын 

наурыз  айының  2-ші  жұлдызында  Тараз  қаласында 

қорытындылайтын болады.      

Жолдау қуаты – жастар ықыласы

 

„

аймақтың даму даңғылында облыстың айнасы Тараз қаласының да көркі 



артып келеді. облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев өңір тұрғындарымен болған есеп 

беру кездесуінде өткен жылы атқарылған жұмыстардың барысына тоқталды. 

Қала-Қарбалас

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №8 (1296),  24 ақпан 2016 Жыл  //

Ерман ӘБДИЕВ

Жылды қорытындылаған алқалы жиынға ҚР 

Мемлекеттік қызмет істері министрі Талғат Донақов 

пен Президент әкімшілігінің мемлекеттік инспекто-

ры Ержан Жылқыбаев қатысты. Облыс әкімі қазіргі 

қалыптасқан ахуалды тілге тиек етіп, Елбасының 

мемлекеттің әлемнің ең ірі, алпауыт елдері бастан 

кешіп отырған қаржылық және өндірістік тоқырауларға 

қарсы төтеп беретін стратегиялық бағдарламаларына 

тоқталды. Мемлекет басшысының «Қазақстан жаңа 

жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» 

Жолдауында  қазіргі  жаһандық  сын-қатерлерден 

шығу жолдары көрсетілгенін, қазақстандық арманға 

бастайтын Ұлт жоспарының ел өміріне үлкен серпін 

беретінін қозғады.

– Қазір облыста 5 институционалдық реформаны 

жүзеге асыру бойынша «100 нақты қадам» бағдарламасы 

аясында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Мемлекет 

басшысының еліміздің әлеуметтік-экономикалық да-

муын қамтамасыз ете отырып, халықтың әл-ауқатын 

жақсартуға қатысты берген тапсырмалары облыста 

мүлтіксіз орындалуда. Сыртқы қатерлерді төмендету, 

экономикалық  және  әлеуметтік  тұрақтылықты 

қамтамасыз етуге бағытталған облыстық дағдарысқа 

қарсы бағдарлама қабылданды. Өткен жылы облыс 

экономикасының сенімді алға жылжуына «Нұрлы 

жол», индустрияландыру бағдарламалары негіз болды. 

Бүгінде халықты әлеуметтік қолдау жалғастырылуда,-  

деді  Кәрім  Көкірекбаев.Өңірдің  өткен  жылғы 

әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне жан-

жақты тоқталған аймақ басшысы алдағы атқарылар 

істерді де саралап айтып берді.

Әлемдік қаржы дағдарысы өткен жылы еліміздің 

өнеркәсіп саласына әсер етпей қалған жоқ. Көптеген 

өндіріс орындары жаңадан іске қосылып жатқан 

өңіріміз үшін де бұл кезең ауыр сынақ болды. Облыс 

әкімінің айтуынша, өткен жылдың тоғыз айындағы 

жалпы өнім алдыңғы жылдың сәйкес мерзімімен 

салыстырғанда 99,2 пайызды құраған. Дағдарыстың 

салдарынан өнеркәсіп өнімінің көлемі 8,7 пайызға, 

бөлшек сауда көлемі 3,5 пайызға, көтерме сауда 9,6 

пайызға кеміген. Сыртқы сауда 60,4 пайызды құраған. 

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер 

арасындағы сауда-саттық қана 6,8 пайызға ұлғайған. 

Былтыр облыс бюджетіне 202,2 миллиард теңге түсім 

түскен. Оның ішінде өзіндік кірістер 45 миллиард 

теңгені құраған, алдыңғы жылмен салыстырғанда 19,5 

пайызға артық. Ал жергілікті бюджеттің шығыстары 

99,9 пайызға орындалып, 200 миллиард теңгені құрап 

отыр. 2015 жылы мемлекеттік бюджетке 67,8 милли-

ард теңге салықтар және басқа да міндетті төлемдер 

жиналған.

– Тұрғын үй құрылысын ынталандыру үшін 360 

миллиард теңге бөлініп, оның ішінде 53 миллиард 

теңгесі жалдамалы тұрғын үй құрылысына, 149 милли-

ард теңгесі несиеге берілетін баспанаға, ал 22 миллиард 

теңгесі салымшыларды несиелендіруге үлестірілетін 

болды. Жеке құрылыспен айналысушыларды қолдау 

үшін 97 миллиард теңге, жаппай тұрғын үй салынатын 

жаңа аудандарға инфрақұрылым тарту үшін әкімдіктер 

арқылы 61 миллиард теңге бөлінбек. Ұлттық қор 

қаражатының есебінен «Нұрлы жол» бағдарламасында 

биылға қарастырылған инфрақұрылымдық жобаларды 

жеделдетуге 78 миллиард теңге беріледі. Соның 28 

миллиард теңгесі апатты жағдайдағы мектептерден 

және үш ауысымдағы оқытудан келесі жылдың аяғына 

дейін толық арылу үшін 42 жаңа мектептің құрылысын 

салуға бағытталмақ. Бұдан басқа, «Бизнестің жол 

картасы» бағдарламасы аясында шағын және орта 

бизнес нысандарына жетіспейтін инфрақұрылымды 

салуға қосымша 15 миллиард теңге бөлу тапсырыл-

ды. Үкіметтің арнайы резервінен 63 миллиард теңге 

«Жұмыспен қамтудың жол картасын» жүзеге асыруға 

бөлінбек. Мұның барлығы да қарапайым адамның 

мұң-мұқтажы, оның әл-ауқаты мен тұрмысының 

тұрақтылығына бағытталған. Мемлекет басшысының 

тапсырмасын орындау үшін облыстың қажеттіліктері 

Тілектер ескерілген кездесу. 

 Суреттерді түсірген В. Алсуфьев

 

„

Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер 



департаментінде өткен жылдың қорытындысы мен 

есепті кезеңдегі міндеттер бойынша алқалы жиын 

өтті.

Нұржан СЕРІКХАНҰЛЫ

Басқосуға облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев, 

департамент басшысы Асқар Тынысбеков, 

аудан әкімдері мен Кәсіпкерлер палатасының 

өкілдері, кеден бақылау қызметінің маманда-

ры қатысты.  Жиында облыс басшысы Кәрім 

Нәсбекұлы өткен жылы өңірде өткен дүбірлі 

даталарды, Елбасы саясатындағы басымдылық 

берілген  бағыттарды,  облыс  аумағының 

өндіріс саласының қуатын тілге тиек етіп, 

ел  қазынасына  түскен  тиісті  қаражаттың 

игерілуін, салық саласының жұмыстарына 

да тоқталып өтті. Сондай-ақ, аймақ басшы-

сы өз сөзінде шалғай аудандарда қосымша 

жұмысшылар күшін пайдаланып, мемлекетке 

салық төлеуден жалтарып отырған орындарды 

бақылауға алып, мәселенің шешімін табуды 

аудан басшыларына баса ескертті. Осындай 

кемшіліктерді жойып, ел қазынасын молайту 

жолында бір жеңнен қол, бір жағадан бас 

шығарып, бірлесе жұмыс жасауға шақырды. 

Бұдан әрі сөз алған департамент басшысы 

Асқар Тынысбеков өңірдегі салық саласында 

атқарылып жатқан ауқымды жұмыстарды са-

ралап өтті. Мәселен, өткен жылы мемлекеттік 

бюджетті  орындау  бойынша  болжамдық                

жоспар 112, 6%-ға орындалып, 7,6 млрд. теңге 

артығымен ел қазынасына құйылыпты. Және 

жергілікті бюджеттің орындалу көрсеткіші 

де 6,0 млрд. теңгеге артқан. Яғни, былтыр 

салық және міндетті төлемдердің түсім көлемі 

бұрнағы жылдармен салыстырғанда 3,1 млрд. 

теңгеге артық орындалған. Ал 2016  жылдың 

1  қаңтарында  алым-салық  қалдықтары                                                                                                   

781,7  млн.  теңгені  құраған.    Бұл  өткен 

жылдың есепті кезеңімен  салыстырғанда 

138,7  млн.  теңгеге  төмендеген.    Соны-

мен қатар, өткен жылы мәжбүрлеп өндіру 

шараларының нәтижесінде берешегі бар-

лардан 712,5 млн. теңге өндіріліп, бюджетке 

құйылыпты. Бұған қоса салық және басқа 

да  төлемдерді  әкімшілендіру  бағытында 

уәкілетті  органдармен  бірлесіп  жұмыс 

жасаудың  нәтижесінде  автокөліктерінің 

салығын төлемей жүрген 2164 жеке тұлғадан 

45,9 млн. теңге, мүлік салығына қарызы бар 

жеке тұлғалардан 28,1 млн. теңге, жерге 

қарызы барлардан 2,2 млн. теңге өндіріліпті.  

Жиын  барысында  сала  мамандары  тара-

пынан  кеден  және  экономикалық  тергеу 

қызметі бағытында атқарылған жұмыстар 

мен департаменттің алға қойған міндеттері 

зерделенді. 

салықта салғырттық болмау керек

мен мүмкіншіліктері қайта қарастырылып, дағдарысқа 

қарсы шараларды іске асыру құжаттары әзірленуде. 

Бүгінгі күнге облыста 3,9 миллиард теңгеге 6 жал-

дамалы, 4,7 миллиард теңгеге 6 несиелік тұрғын үй 

құрылысына және 5,9 миллиард теңгеге 8 инженерлік 

инфрақұрылымды дамыту, 500 миллион теңгеге 1 

жылу энергетика нысаны бойынша дайын жобалық-

сметалық құжаттамалар бар, – деп алдағы жұмыс 

жоспарларымен бөліскен облыс әкімі: «Алдымызда 

үлкен саяси науқан тұр. Баршаңызды Парламент 

Мәжілісі мен мәслихат депутаттарын сайлауға белсенді 

қатысуға, еліміздің болашағы жолындағы тұтастығымыз 

бен бірлігімізді тағы да танытуға шақырамын. Біздің 

ортақ шаңырағымыздың тағдырына жауапты қарап, 

отаншылдығымызды нығайта түсетінімізге сенімдімін» - 

деді. Облыс әкімі Кәрім Көкірекбаевтың баяндамасынан 

соң жарыссөзге шыққандар алуан түрлі мәселелерді 

көтеріп, ұсыныс-пікірлерін білдіріп, көкейлеріндегі 

сауалдарын жолдады. Оның қатарында бірқатар аза-

маттар аудандардағы мәселелерді қозғаса, М.Х.Дулати 

атындағы ТарМУ-дың доценті Бекжан Абзалбекұлы 

жас ғалым ретінде өзінің келелі ойларын ортаға салды. 

«Мен біраз жылдардан бері қант диабетіне шалдыққан 

науқастарға арналған аяқ киім жасау жолында ғылыми-

зерттеу жұмыстарын жүргізіп келемін. Еліміз бойынша 

бұл ауруға душар болушылар саны жыл санап артып 

отырғаны шындық. Ондай науқастардың сексен пайызы 

әртүрлі табан ауруларына шалдығады десек, менің зерт-

теу жұмысым солардың алдын алу және емдік үлгідегі аяқ 

киім шығаруға арналған. Осы жобамды қолдап, өндіріске 

енгізуге қол ұшыңызды беруіңізді сұраймын» - деді ол. 

«Барысхан» алқабы №65 кварталдық комитеттің төрағасы 

Құралай Сәмиева былтырғы жылы аймақ басшысының 

есептік жиынында «Барысхан» алқабына «көгілдір отын 

тарту» ұсынысын көтергенін, нәтижесінде өткен жылы 

алқапқа газ тартылып, тұрғындардың игілігіне жарап 

жатқанын жеткізді. Қала тұрғыны Абдолла Бақбергенов 

қала ішіндегі жайма базарлардың жай-күйіне назар аудар-

ды. Кәрім Нәсбекұлы бұл орайдағы шаруалар оң шешімін 

тауып жатқанын айта келе, тиісті орындарға әлі де осы 

тұрғыда нақты жұмыстар жүргізуге тапсырмалар берді.

бағдары айқын құЖаТ

халық пен билік

2


Қала-Қарбалас

3

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №8 (1296), 24 ақпан 2016 Жыл  //



 

„

Қала әкімдігінде 



«мемлекеттік қызметтің 

жаңа моделі және 

мемлекеттік қызметшінің 

жаңаша келбеті» 

тақырыбында семинар өтті.

 

„

орталық «достық» 



алаңында Қазақстан 

Республикасы Тәуелсіздігінің 

25 жылдығына орай өткізіліп 

жатқан ауыл шаруашылығы 

жәрмеңкесі осы сенбіде де өз 

жалғасын тапты. 

мемлекеттік 

қызметші әдебі

Баға төмен болды

Шынболат СЕЙДУАЛИЕВ

Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің 

облыс  бойынша  департаменті  басшысы, 

Әдеп  жөніндегі  кеңестің  төрағасы  Болат 

Исақов төрағалық еткен жиынға қала әкімі 

Нұржан  Календеров  пен  орынбасарлары, 

қалалық  бөлім  басшылары,  персоналды 

басқару қызметінің мамандары мен әкімдік 

қызметкерлері  қатысты.  Басқосудың  алғы 

сөзін  сөйлеген  шаһар  басшысы  Нұржан 

Сәбитұлы  Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың 

жариялаған «100 нақты қадам» Ұлт жоспа-

рын нақты іске асыру кезеңінде қолданысқа 

енгізілген  «ҚР  Мемлекеттік  қызметшілер 

туралы» Заңы турасында айта келе, аталмыш 

заң  қоғам  мен  мемлекеттің  таудай  сезімін 

арқалаған мемлекеттік қызметшілерге үлкен 

жауапкершілік жүктейтіндігін жеткізді. Мұнан 

соң сөз тізгінін алған департамент басшысы 

Болат  Әлмұханұлы  семинардың  мақсаты 

мемлекеттік қызметтің кәсіби сапасына және 

мемлекеттік  қызметшілердің  моральдық, 

этикалық  келбетіне  жаңаша  талап  қоятын 

заңнамалармен    таныстыру  екендігін  тілге 

тиек етті.

Жиын барысында күн тәртібіне сәйкес сөз 

алған департамент басшысының орынбасары 

Нұрлан  Еркебаев  «А»  және  «Б»  корпусын 

бағалау жөнінде  хабарлама жасады. 

Департамент  басшысының  орынбаса-

ры, Әділет жөніндегі кеңес хатшылығының 

меңгерушісі  Дәурен  Каипов  Әдеп  Кодексі 

жөнінде баяндама жасап, ол құжат мемлекеттік 

қызметшілердің  моральдық-этикалық 

келбетіне ғана емес, олардың өзін-өзі ұстау 

мәнерінің базалық стандарттарын бекітетінінен 

хабардар етті.

Мемлекеттік  қызметтегі  ауысулар  мен 

тағайындаулар,  ішкі  және  жалпы  конкурс 

туралы департаменттің Мемлекеттік қызмет 

басқармасының басшысы Гүлназ Смағұлова ха-

барлама жасаса, мемлекеттік қызметтегі сынақ 

мерзімдері мен қағидаларын департаменттің 

мемлекеттік қызмет басқармасының бас мама-

ны Қуаныш Қарашолақов тиянақты түсіндіріп 

өтті. 


Сейділда ТӨРЕН

Бұл  жолғы  жәрмеңкеге  қаламыздан  өзге 

Қордай,  Т.Рысқұлов,  Шу,  Мойынқұм,  Меркі 

аудандары  және  «Тараз»  ССК»  АҚ-ның  та-

уар  өндірушілері  қатысты.  Орталық  алаңда 

ұйымдастырылған  жәрмеңкеде  жалпы  құны 

34,9 млн.теңгені құрайтын 105,3 тонна ауыл 

шаруашылығы  тауарлары  тұтынушылар 

тарапына ұсынылды. Атап айтқанда, 18 тон-

на  ет  өнімдері  (жылқы,  сиыр,  қой,  шошқа 

еті), 2 тонна шұжық өнімдері, 5,5 тонна сүт 

өнімдері, 2 тонна балық, 100 келі тұз, 5 мың 

дана жұмыртқа, 1 тонна кондитерлік өнімдер, 

2 тонна макарон өнімдері, 3,5 тонна бал, 1,2 

тонна  кептірілген  жеміс  және  65,1  тоннадан 

астам  көкөніс-бақша  және  жеміс-жидек 

өнімдері  бар.  Аталған  жәрмеңке  облыстың 

тауар  өндірушілеріне  өз  тауарларын  делдал-

сыз, тікелей тұтынушыларға сатуға мүмкіндік 

бергендіктен,  тауардың  бағалары  нарық 

бағаларынан 10-20 пайызға төмен болды. 

 

„

Көгілдір отынға қол жеткізіп, көзайым болған барысхандықтар жергілікті 



басшылық тарапынан ел игілігі үшін атқарылып жатқан нәтижелі жұмыстарға 

дән риза. алқап тұрғындарының ендігі тілегі - су, жол және электр жарығы.

«БаРысхан» 

аБаТТанып КЕлЕді

Жаңарған алқап.  

 Суреттерді түсірген А.Рысмахан

 

„

«Балауса» аула клубында Тараз 



қалалық Жастар ресурстық орталығы мен 

облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері 

басқармасының ұйымдастыруымен Қазақстан 

Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына 

арналған «мүмкіндіктер калейдоскобы» 

тақырыбында аула клубтарының облыстық 

фестивалі өтті. 

Айару БИДІЛДӘ

Бүгінгі таңда облысымызда 36 аула клубы жұмыс жасаса, оның 21-і Жастар 

ресурстық орталықтарының, ал 15-і білім бөлімінің теңгерімінде жұмыстар 

жүргізуде. Аула клубтарының жүргізіп отырған көркемсөз оқу, ақындық, домбыра 

үйрету, ұлттық ойындар, пікірсайыс, шахмат, дойбы сияқты үйірмелеріне 15 мыңға 

жуық жастар тартылған. Мұндағы басты мақсат – жас ұрпақты қазақстандық 

отансүйгіштікке тәрбиелеу, жастарға салт-дәстүрді, қазақы құндылықтарды на-

сихаттап, жас таланттардың дарынын ашу. 

Көнеден келе жатқан салт-дәстүрдің бірі ән өнерін насихаттау мақсатында 

ұйымдастырылған шараға облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы, 

облыстық, қалалық Жастар орталықтарының қызметкерлері мен аула клубтарының 

мүшелері қатысты. Фестивальдің ашылу салтанатында Тараз жастар орталығының 

директоры Елдос Төлендиев: «Биыл еліміз Тәуелсіздіктің 25 жылдығын атап өткелі 

жатыр. Тек біздің қаламызда емес, республика көлемінде кешенді іс-шаралар 

бекітіліп, соған сәйкес жергілікті жерлерде Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығын 

кеңінен насихаттау мақсатында шаралар ұйымдастырылуда. Сондай шараның 

бірі – бүгінгі  өткізіліп отырған «Мүмкіндіктер калейдоскобы» деп аталған                                                  

фестиваль. Бұл фестивальге аула клубтарының жасөспірімдері мен жетекшілері 



Бар қызық - аула клубтарында

қатысып отыр. Шараны ұйымдастырудағы мақсатымыз – өскелең  ұрпақты                                                                         

Отанымызды құрметтеп, Тәуелсіздікті бағалай білуге тәрбиелеу және еліне, жеріне 

деген патриоттық сезімдерін қалыптастыру, оларды отансүйгіштікке баулу, ән 

айтып жүрген жастардың патриоттық тақырыптардағы көркемдік репертуарла-

рын дәріптеу» - деді. Сондай-ақ ол фестивальге қатысушыларға сәттілік тілеп, 

шабыттарының шарықтай берулеріне тілектестік білдірді. 

Аталған фестивальдің шымылдығы Гүлназ Базарбайдың орындауындағы «Қос 

бәйтерегім» әнімен түрілді. Сонымен қатар Аружан Манатова «Әлия», Аружан 

Темірова «Туған жер», Диана Мамутова «Қазақ елі осындай», Ажар Саттай «Туған 

жер», Мерей тобы «Үш бақытым», Қанат Набибулла «Байтақ елім», Таңшолпан 

Файзрахман «Сәлем саған, туған ел», Вира Ча «Көзімнің қарасы», Мерей Асылбек 

«Егемен елім», Жасұлан Әуезов «Сенің көзің», Аяулым Нұрымбет «Қазақ қызы» 

әндерін орындап, жиналған көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. Фестиваль 

соңында барлық жас орындаушылар ұйымдастырушылар тарапынан Алғыс хат-

тармен марапатталды. 



Нұржан СЕРІКХАНҰЛЫ

Шаһарымыздың солтүстік-шығыс беткейіндегі  

«Барысхан» алқабының тұрғындары биылғы қысты 

көгілдір отынның жылуымен өткерді. Өткен жылы  

іске қосылған желінің ұзындығы 23,1 шақырымды 

құраған. №4  аумақтық округінің бас инспекторы Марат 

Мейірбековтің айтуынша, қазір алқапқа 3 мыңнан аса 

адам қоныстанған. 500 үйдің бүгінде 230-ы көгілдір 

отынды тұтынып отыр. Сонымен қатар, бас инспектор 

«Ақ жол» бағдарламасы аясында 21 мыңнан астам 

тұрғыны бар аумақтық округке қарасты Тектұрмас, 

Қазпоселке мен Барысханда ауыз су мәселесінің 

шешілетінін де растап отыр. Тек қалаға қарай қанатын 

жайып келе жатқан алқапта тұрғындарды алаңдатып 

отырған бірнеше мәселелер бар екен. Осы орайда 

алқапқа арнайы ат басын бұрып, тұрғындармен тілдесіп 

қайттық.

- Көшіп келгенімізге бес жыл өтті. Біз келген жыл-

дары алқапта тұруға ешқандай жағдай жоқ еді. Электр 

жарығы мәселесі әлі де шешілмей келе жатыр. Көбіміз 

жарықты шамамыз келгенше өз қаржымызбен уақытша 

болса да орнатып алдық. Сондай-ақ, өзіміз электр 

есептегіш құрылғыны орнаттық. Сол кезде бізге электр 

энергиясы үш тарифті болады деді. Бірақ осы уақытқа 

дейін тәулік бойы екінші тарифпен тұтынудамыз. Осы 

мәселемен ЖЭС-ке барсақ, олар ЖКХ-ның балансына 

кірмегендігімізді айтты. Балансқа кіргізбесе, неге бізге 

жаңа есептегіш құрылғыны орнатқызды? Ал көгілдір 

отын үшін қала әкімдігіне рахмет. Бірінші жылы келіп 

желілерін орнатты. Былтыр айтқан уақыттарында газды 

орнатып берді. Көгілдір отынның қуатына ешқандай 

дау жоқ. Уақытылы тұтынып отырмыз, -деген алқапқа 

қарасты Қызылқайнар көшесі, 27 үйдің тұрғыны 

Алтын Омарова асфальтке мұқтаж  қара жолдарды да 

тілге тиек етті. 

Сондай-ақ, батпақты белшесінен басып, қашықтан 

білім алып жүрген оқушылар мен қариялар, қала берді 

қарапайым тұрғындар үшін қалаға қатынау қиынға 

соғады екен. Себебі, үш мыңнан астам тұрғыны бар 

алқапқа бірде-бір қоғамдық көлік қатынамайды. Сол 

себепті тұрғындар жергілікті басшылықтан алқапқа 

жетпей қайырылатын №29-шы қоғамдық көліктің 

қатынауына ықпал етулерін сұрап отыр. Ал кварталдық 

комитет төрағасы Құралай Сәмиеваның айтуынша, 

көшелерді  асфальттеу  мәселесі  алдағы  уақытта 

шешімін таппақ. 

- 2014 жылдың сәуірінде басталған көгілдір 

отын желісін орнату жұмыстары былтыр қыркүйекте 

аяқталды. Содан бері үйіміз жылып, қуанып қалдық. 

Бұрын 60-70 мың теңгеге көмір сатып алатынбыз. 

Кейбір отындарды бөлек сатып алуға тура келетін. Қазір 

жылумен де қамтамасыз етіп отырған көгілдір отынның 

қуатына ай сайын 11 мың теңге шығындаймын. 

Әрине, бұл қыс мезгіліндегі баға. Газ орнатылмаған 

үйлер кез келген уақытта желіге қосыла алады. Баға 

көтерілмейді. Орнату жұмыстарына жауапты - «Ак-

барстрой» ЖШС-і. Ал жолдарды асфальттеу жұмысы 

жақын арада жүзеге аспайды. Себебі, бірінші кезекте 

су мәселесі тұр. Алқапқа қарасты желілерді орнату 

жұмыстары толық аяқталғанда ғана жол жөнделеді. 

Былтыр әкімшілік шағал төсеп берген. Биыл жергілікті 

бюджеттен 140 млн. теңге бөлініп, орталық көшелерге 

шебен төселмек,-дейді ол. 

Айта өтсек, қала басшысы Нұржан Календеров 

халық алдындағы биылғы есебінде нақты уақытта 

«Барысхан»  тұрғын  алқабын  сумен,  электрмен 

қамтамасыз ету құрылыстарының ЖСҚ дайында-

лып жатқандығын баса айтқан болатын. Бұған қоса, 

кәсіпкер Ғалым Таңатаров алқапқа 200 орындық 

мешіт салып беруге ниет білдіріп отыр екен. Қажетті 

рұқсат алынып, құжаттамалары да әзірленіп қойыпты. 

Алдағы  бірер жылда  мәселелердің шешілетініне 

барысхандықтардың сенімі мол. 

Бұдан әрі «Кірпіш зауыты» алқабында бой көтеріп 

келе жатқан 300 орындық зәулім мектептің құрылыс 

жұмыстарымен таныстық. 

-  Бұл  мектеп  -  астаналық  «ORNAU 

CONSTRUCTION» ЖШС-нің Жамбыл өңіріндегі 

алғашқы құрылыс нысаны. Құрылыс жұмыстары 

былтыр басталған. Биыл желтоқсан айында аяқтаймыз. 

Жобаның жалпы құны - 800 млн. теңге. Соның қазір 150 

миллионы игерілді. 100-ге жуық құрылысшының 30-ы 

«Кірпіш зауыты» алқабының тұрғындары. Қолданылып 

отырған кірпіштер де осы жергілікті зауыттікі. Қалған 

барлық құрылыс материалдары да жергілікті өнімдер,-

дейді учаске басшысы Ерік Артықбаев.

балғындар ән әлемінде.  

 Суреттерді түсірген В.Алсуфьев

100 қадам

Жаңғыру


Жәрмеңке

4

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №8 (1296), 24 ақпан 2016 Жыл  //




  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал