2016 жыл, сәрсенбі



жүктеу 1.19 Mb.

бет5/12
Дата11.03.2017
өлшемі1.19 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Самат ТоҚбаНов,

3-орын.

дайындаған Нұржан СерІКХаНҰлЫ

Тағзым

Осы күнді қанша ғасыр аңсағам,

Терді төктім, жан берістім қаншама.

«Біз азатпыз» деген тәтті сол сөзді,

Бар әлемге айту үшін жар сала.

Осы жолда ұйқы беріп, қайғы алдым,

Ғасырлардың азуында қайралдым.

Замананың зауалынан зар жұтып,

Ұлтым үшін «ұлтшыл» болып айдалдым.

Тұмар қылып түйіп алып сертімді,

Талай қайғым күйім болып шертілді.

Қарындастың қасіретін арқалап,

Қаратаудан қаншама көш жөңкілді.

Тереземді тең қылам деп әлеммен,

Дәуірлердің кеудесінен зар емгем.

Қасиетті бабалардың кешегі,

Қасіретін жазып кеткем өлеңмен.

Көкбөрідей көкке қарап ұлыдым,

Арыстардың қиып бергем ғұмырын.

Желтоқсанда шындық үшін шырылдап,

Лақтырғанмын тағдырымның құрығын. 

Ал бүгінде азатпын мен еңселі,

Өтті арада тарихтың сан өлшемі.

Айналайын, азаттығым көктен де,

Биік етіп көтеремін мен сені.

Құрбанәлі ШаХабаев,

2-орын.

Жыр қылыш

(поэмадан үзінді)

Мәрт далаға мың жебедей шашылған,

Айбатынан аң менен құс шошыған.

Не өтпеді тамырынан тарихтың,

Қан боп аққан қарт қазақтың басынан?!

Сол қанменен талай дұшпан шөл басты,

Ол заманда өзен де ащы, көл де ащы...

Қанша жерден өмір жауға жақтассын,

Құдай еді – бабаларға қолбасшы!

Жау шапқанда, тұлпар-намыс жер тепті,

Қаншама ер серт етті де, ерте өтті.

Қаншама ауыл үйіндіге айналды,

Қанша мола жермен-жексен боп кетті?..

Ана сүтін, қалың елін мұң ұрлап,

Қайғы соңын жақсылыққа ырымдап,

Әр ауылда қан менен күл сасыған,

Бір-бір жетім сәби жатты шырылдап...

Жау қолымен өртке оранған даламда,

Туыла сап жоқтау айтқан заманда,

Бөрі шешіп бесіктегі байлауын,

Қыран ғана ана болған оларға!

Балалығын құрбан етіп іңірге,

Топырағын тұмар етіп бүгінге.

Кездікпенен ойнап өскен кекті ұлдар,

«Түркіміз» деп жолықпап па ед(і) түбінде?!

Азат етіп тұтқын болған тауларды,

Өзен-көлді, жоталар мен жарларды.

Сол ұлдардың еркелігі  ерлік боп,

О дүниеге қуып барған жауларды!

***

Тәңір өзі топырағыма төрлетті,

Ұмай ана бесігімді тербетті.

Қанатымыз көкжиекті кескілеп,

Оқ жетпеген осы күнге қол жетті!

Бұл дәуірдің биік ұшқан сұңқары,

Уақытты шаңға көмген тұлпары.

Бір ғасырға татиды оның  әр күні,

Әрбір ұлы - мың батырдың ұрпағы.

Жүрегінде жанартаудай от пен жыр,

Қарды жағып, мұзды өртеген көктем бұл.

Алты құрлық алты алашқа ағайын,

Тереземіз төрт мұхиттай мөп-мөлдір.

Көңілдегі көп жыртықты жамаған,

Жаман түсті жақсылыққа балағам.

Дәулетіміз – достығымыз бауырмен,

Адам ата, Хауа анадан тараған.

Тәуелсіздік, сенен ғана жай табам,

Айға қолы жеткен күндей жайқалам.

Сен келгенде қуаныштан жыладық,

Бабаларым тірілгендей қайтадан.

Семен мені тарих мың жыл толғатты,

Сені қазақ, мені Тәңір қолдапты.

...Қанша жерден қарсы шықсын енді өмір,

Тәуелсіздік – болашаққа қолбасшы!

Нұржан ҚадІрәлІ,

1-орын.

10

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №50 (1338), 14 ЖелТоқсан  2016 Жыл  //



АҚ ҚАуырсын

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №50 (1338), 14 ЖелТоқсан  2016 Жыл  //

ТәуелсізДіК-25

11

 

„

Ел Тәуелсіздігінің 25  жылдығы қарсаңында қалалық «Жамбыл-Тараз» газетінің ұжымы дәстүрге 



айналған тәуелсіздік дастарханын жайды. Осымен үшінші рет ұйымдастырылып отырған ізгі шара 

республиканың әр аймағында жалғасын табуда.

ҰРпАҚ ЖАҚСЫЛЫҚ 

ЖАСАуДАН ЖАҢЫЛМАйДЫ

арайлым ШабдеНова

Тәуелсіздіктің  ақ  таңы  арайлап  атқан 

күннен бастап, біз үшін әрбір күн мерекеге 

айналды.  Тәуелсіздіктің  бізге  бергені  де, 

берері  де  көп.  Бір  шаңырақтың  астын-

да,  бір  дастарханның  басында  жина-

лып,  бір  жеңнен  қол,  бір  жағадан  бас 

шығарған  алты  алаштың  дәстүрі  бүгінгі 

күнге шейін ұлықталмаса, ұмытылған жоқ. 

Тәуелсіздігімізді  дәріптеуде  газетіміздің 

директор-бас  редакторы  Эльмира                       

Мырза-Ғалидың  бастамасымен  үш  жыл 

бұрын  бастау  алған  тәуелсіздік  дастар-

ханы  алдыңғы  жылдары  БАҚ  өкілдері 

мен  мәдениет  майталмандарының  басын 

қосқан  болса,  биыл  Желтоқсан  оқиғасы 

куәгерлерінің қатысуымен өтті. Тәуелсіздік 

дастарханын    «Жамбыл-Тараз»  газеті 

бас  редакторының  орынбасары  Ерман 

Әбдиев  жүргізіп  отырды.  Ақ  дастархан-

ды  «Жаңару»  сыбайлас  жемқорлыққа 

қарсы  жалпыұлттық  қозғалыс»  РҚБ 

облыстық филиалының төрағасы Қасымхан 

Төлендиев ақ батамен ашты. Қ.Естемесұлы 

жылы  лебізінен  кейін  «Жаңару»  РҚБ 

төрағасы  Оралбай  Әбдікәрімовтің  Алғыс 

хатын  газеттің  директор-бас  редакто-

рына  табыстады.  Бұдан  кейін    қалалық 

мәслихаттың  депутаты  Эльмира  Мырза-

Ғали жайылған тәуелсіздік дастарханының 

рухани  мақсатына  тоқталып,  «Өлі  разы 

болмай,  тірі  байымайды»  деген  бабалар 

өсиетін, еске салып өтті. 

– Тәуелсіздік күні әр шаңырақта тойла-

нуы тиіс. Ел бостандығы үшін қыршыннан 

қиылған ұл-қыздарымызды жас ұрпақ ара-

сында  ұлықтап,  оларды  еске  алып,  келер 

ұрпақ  тәуелсіздіктің  баға  жетпес  құнын 

жіті түсінсе - біздің басты мақсатымыздың 

орындалғаны,–деді Эльмира Иниятқызы.

Биылғы тәуелсіздік дастарханының жайы-

луына облыстық «Жамбыл спорт» газетінің 

бас редакторы Марат Ахметов ұжымымен 

атсалысты. Бағышталған құранға қол жай-

ып, тәуелсіздік жайлы ой толғаныстарымен 

бөліскен қауымның арасында қала әкімінің 

орынбасары  Кенжебек  Олжабай,  қала 

әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы 

Ұлана  Сламбекова,  облыстық  «Һибатулла 

Тарази» мешітінің найб имамы Ғалымбек 

Төребекұлы  және  Желтоқсан  оқиғасына 

қатысқан «Желтоқсан ақиқаты» Патриоттық 

қозғалысы»  Республикалық  Қоғамдық 

бірлестігінің  Тараз  қалалық  филиалының  

мүшелері болды. 

– Баһадүр бабаларымыз осы тәуелсіздік 

жолында қан төкті, жан алысып, жан берді. 

Ол – жеке-жеке адам емес, жалпы ел үшін 

жасалған үлкен ерлік еді. Қазақ өмір бойы 

тәуелсіздік үшін күресті. Оған тарих куә. 

Ақыры қолымыз жеткен осы тәуелсіздігіміз 

мәңгілік  болғай.  Біздің  тарих  жайлы  сыр 

шертіп, домбырамен ән айтып, әруақтарға 

құран бағыштап отырғанымыздың барлығы, 

айналып  келгенде,  осы  тәуелсіздіктің 

арқасы.  Қазақтың  қуанышы  –  қазақтың 

тәуелсіздігі. Қазақтың әр қара шаңырағында 

тәуелсіздік дастарханы жайылып, осындай 

игі  бастамалар  дәстүрге  айнала  берсін!  – 

деді Кенжебек Мамашбайұлы. 

Биыл КСРО-ның ыдырауын жеделдеткен 

Алматыдағы  Желтоқсан  көтерілісіне  тура 

30  жыл.  Дастархан  басында  «Желтоқсан 

ақиқаты»  Патриоттық  қозғалысы» 

Республикалық  Қоғамдық  бірлестігінің 

Тараз  қалалық  филиалының  төрағасы 

Санат  Конарбаев,  төраға  орынбасары 

Исмаил  Хаджимуратов,  облыстық  «Қан 

орталығы»  КММ  директорының  орын-

басары  Эльмира  Оспанова,  облыстық 

жүйке  аурулары  интернат-үйінің  ди-

ректоры  Мұрат  Бердалиев,  Сарыкемер 

орта  мектебінің  музыка  пәнінің  мұғалімі                                                                                               

Досберген Сағынтаев ұйымдастырушыларға 

алғыс  айтып,  жүрекжарды  лебіздерін 

білдіріп,  оқиғаны  боямасыз  айтып, 

көздеріне  жас  алды.  Басқосуда  қазақтың 

қара  домбырасы  шертіліп,  ән  де  айтыл-

ды.  Тәуелсіздіктің  25  жылдығына  орай 

облыстық  тілдерді  дамыту  басқармасы 

ұйымдастырған  жабық  мүшәйраның  І 

орын иегері Нұржан Қадірәлі тәуелсіздікке 

арнаған  өлеңдерін  оқыса,  газетіміздің 

ең  кішкентай  оқырманы  5  жасар  Дар-

хан  Мәтібай  да  патриоттық  өлеңдерді 

оқып, отырыстың көркін кіргізді.  Келген 

қонақтардың  барлығына  кәдесый  ретінде 

ұлттық ою-өрнектермен көмкерілген қазақы 

киіз үй тарту етілді. 

Дәстүр жалғасы

Желтоқсан  құрбандарын  еске  алу 

мақсатында  бастама  алған  тәуелсіздік 

дастарханын  республикамыздың  түкпір-

түкпірінде  ұлтжанды  азаматтар  қолдап, 

Атырау,  Қызылорда,  Астана  сынды 

қалаларда  өз  жалғасын  табуда.  Ал  Тараз 

қаласында    аталмыш  шараны  қалалық 

мәслихаттың  депутаттары  бірауыздан 

мақұлдап,  ақ  дастархан  төрінен    табыл-

ды.  Тәуелсіздік  дастарханына  қала  әкімі 

Нұржан Календеров, облыстық ардагерлер 

кеңесінің мүшелері, облыстық мәслихаттың 

депутаттары,  «Жыл  адамы»  атағының 

иегері,  Рио  Паралимпиада  ойындарының 

жеңімпазы Зульфия Габидуллина мен БАҚ 

басшылары  қатысты.  Ақ  дастарханды 

«Асыл  Арман»  қоғамдық  бірлестігінің 

төрағасы Ринат Нұрақбаев ашып, жүргізіп 

отырды.  Алдымен  облыстық  ардагерлер 

кеңесінің  мүшесі  Баттал  Жанабаев  бата 

беріп, ұйымдастырылып отырған шараның 

маңыздылығын  тілге  тиек  етті.  Ақ  да-

старханда қалалық мешіттің имамы Ғазиз                

Ахметов ата-баба рухына құран бағыштады.

– Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап 

өтуге санаулы күндер қалды. Бүгінгі таңда 

облыс бойынша «25 жұлдызды күн» аясында 

түрлі іс-шаралар атқарылуда. Шыны керек, 

әрбір қазақ тәуелсіздіктің оңай келмегенін 

біледі, сезінеді. Бостандық жолында талай 

боздақтарымыз  Желтоқсан  оқиғасында 

құрбан  болды.  Мұның  барлығы  тарихқа 

қанмен  жазылғандай.  Бүгінгі  тәуелсіздік 

дастарханын қалалық мәслихаттың 25 де-

путаты ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына 

арнап отыр,-деді Тараз қалалық мәслихаты 

хатшысының міндетін атқарушы Ғазизжан 

Мадимаров. 

Сонымен  қатар  дастархан  барысында 

қала әкімі Нұржан Календеров, облыстық 

мәслихаттың  депутаттары,  облыстық 

ардагерлер  кеңесінің  мүшелері  ойларын 

ортаға  салып,  ұйымдастырушыларға 

алғыстарын  білдірді.  Ал  Рио  Паралим-

пиада  ойындарының  жеңімпазы  Зульфия 

Габидуллина мен оның жаттықтырушысы 

Саттар  Бейсембаев  та  тәуелсіздіктің 

арқасында  жеткен  жетістіктеріміз 

бен  ізгілікті  шараның  өскелең  ұрпақ 

тәрбиесінде  алатын  орнына  тоқталды. 

Шара барысында Абай атындағы Жамбыл 

гуманитарлық  колледжінің  студенттері 

әннен шашу шашты. Ұйымдастырушылар 

жиналған көпшілікке мемлекетіміздің жет-

кен  жетістіктерін  көркем  фильм  арқылы 

көрсетіп, кәдесыйлар тарту етті.

Ауылдың алты ауызы.   Суреттерді түсірген Н.Тұрғынбек, А.Қартабай.

Арнайы тарту.   

Тәуелсіздікке мың тағзым!   



ТәуелсізДіК-25

12

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №50 (1338), 14 ЖелТоқсан  2016 Жыл  //



Құралай СеЙСеНбеКҚЫЗЫ

Сексеннің  сеңгірін  бағындырып,  тоқсанға 

қадам  басқан  Лена  Тоқсанбаева  Лондон, 

Тайланд, Франция, Испания елдерін аралап 

«Саяхатшы  әже»  атанып,  танымал  болды. 

Жеті  қат  жердің  үстіндегі  жұмақты  көріп, 

тікұшақта  қалықтап,  теңіз  толқынындағы 

желкенді  қайықта  тербетіліп,  ұрпағының 

арқасында  арманы  аяқасты  болмаған  ақ 

жаулықты Лена әжей мен немересі Айдынның 

жүрек  түкпіріндегі  ақеділ  арманы  мұңлы 

жанарға нұр, мүмкіндігі шектеулі жандарға 

шексіз  мүмкіндік, сондай-ақ тамшыдай ғана 

ғұмырда жан біткенге  таң шығындай мөлдір 

күн сыйлау еді.

- Әжемнің ойын іске асыру мақсатында көп 

ойландым. Сөйтіп, қайырымдылық шарасын 

театрдан  бастағанды  жөн  көріп,  Алматы 

қаласындағы Мұхтар Әуезов атындағы қазақ 

драма  театрының  директорына  жолығып, 

қарияларға  билетті  төмен  бағада  беруін 

өтіндім.  Театр  басшысы  маған  100  билетті 

тегін беретінін айтты. Тасымалдайтын көліктің 

ақысын  көтермек  ниетпен  жүргізушіге 

жолыққанымда, ол да қарияларға тегін қызмет 

көрсететін ниет білдірді. Барлығы қайырымды 

жандардың  көмегімен  іске  асқан  соң,  той-

ханада  ауызашар  беруге  ниеттендім.    Бұл 

ойымды «Фейсбук», «Инстаграм» әлеуметтік 

желісіне  тараттым.  Ауызашар  да  халықтың 

қолдауымен  жалғасын  тапты,-деді  немересі 

Айдын Тоқсанбаева. 

Бұл кештің басты қонақтары №2 Арнаулы 

әлеуметтік  қызметтер  ұсыну  орталығының 

қызмет алушылары болды. Еңбек жылының 40 

 

„

Бірде теледидардан әкесінің тапқанын тартып 



ала беретін ұл туралы фильм көрген Лена әжей жер 

бетінде осындай қатыгез балалардың бар екені жанына 

батып, жанары жасқа шыланады. Осы оқиға немересі 

Айдынға ой тастады. Ол жаны жаралы қариялардың 

қаяу көңілдеріне көктем сыйлау мақсатында, Қазақстан 

қалаларындағы Қарттар үйінің қарияларына «100 

ата-апа кеші» деп аталатын қайырымдылық шарасын 

ұйымдастырып, мейрамханаларда той жасауға 

бел буады. Сондай шара көне Тараз қаласындағы 

«Гауһартас» мейрамханасында жалғасын тауып, ұлан-

асыр той жасаған асыл әжеге маңдайымды сүйгізіп, 

жүрегі жылылыққа толы қаршадай қыздың қолын алып 

қайттым.

АТАғА ҚҰРМЕТ - КІшІГЕ МІНДЕТ

   Жүрекке әжім түспейді. Суреттерді түсірген автор.

жылында трактор рөлінде отырған Сайлаукүл 

Мұсылманбекова: 

- Мен қазақтың дархан даласы үшін еңбек 

еттім.  17  жасымда  Дінмұхамед  Қонаевтың 

қолынан партбилет алғанмын. Кеңес үкіметі 

кезінде Мәскеу қаласына кәсіподақ  атынан 

екі мәрте барып қайттым. Ол уақытта бұл да 

бір үлкен мәртебе еді. Хан сарайындай мей-

рамханада, ақ дастархан үстінде басымызды 

қосып, көңілді күн сыйлаған жандарға шексіз 

алғысымды білдіремін,-деді. 

Ерлі-зайыпты    Владимир    мен  Светлана 

Молчановтардың қуанышында шек болмады. 

«Мен жас қыздармен билеймін деп ойлаған 

емеспін. Міне, қоларбада отырсам да  шыр 

айнала биледім. Өңіміз егде болса да, көңіліміз 

жас»,-деп әзілдеді Владимир ақсақал.

Жеке  көлігімен  қарияларды  тасымалдау 

үшін арнайы келген Тараз қаласы бойынша 

Мемлекеттік кірістер басқармасының бас ма-

маны Әсел Мақұлбекова мен кәсіпкер Ардақ 

Отыншиева қарттарды көлікпен қамтамасыз 

етті.

Қамкөңіл  қарттардың    алғысын  арқалап, 



шапағатына бөленген Тоқсанбаевтар әулетінің 

анасы Лена әжейге танымалдығын тілге тиек 

етіп,  «Жарнамадағы  суретіңізді  көргенде, 

ата-әжелер сізге алғысын жаудырғанда қандай 

күйде  боласыз?»  дегенімде:  «Ұяламын»  - 

деп  жауап  берді.  «Әлемдегі  ең  әдемі,  әсем 

қаланы  атаңызшы?»  деп  едім,  сыбырлап 

қана:  «Қазақстан  ғой»-дегенде  жанарынан 

жылылық  нұры  төгілген  әжейді  құшақтай 

алдым.  Қарттар  үйін  мәңгілік  мекен  еткен 

жәудіркөздердің  бірін  құшағына  алып,  енді 

бірін  биге  шақырып,  шат-шадыман  күйде 

сыңғырлай  күлген  Айдынның  маңдайында 

шырақ жанып тұрғандай болды маған.  Әлем 

осындай шырақтың шуағына жылынып, нәр 

алып тұрса керек-ті.



Құралай СеЙСеНбеКҚЫЗЫ 

«Асыл арман» ұлттық дәстүр мен өнерді 

қолдау» қоғамдық бірлестігінің құрылғанына 

5 жыл толуына орай  «Тәуелсіз елдің таңдары» 

атты өнер кеші өтті.

Қазақтың  ұлттық  дәстүрін  насихаттап 

жүрген  «Асыл  арман»  бірлестігі  ең  алғаш 

құрылған  жылы  «Тәуелсіздіктің  жемісті  20 

жылы  -  қазақтың  инабатты  20  қызы»  атты 

қала мектептерімен бірлесіп,  «Инабатты ару»  

қалалық  байқауын  өткізіп,  өз  еңбек  жолын 

бастаған болатын. Бүгінде «Инабат» ұлттық 

тәрбие  клубы,  «Зерделі»  шығармашылық 

жастар  клубы,  «Қазына»  балалар  телесту-

диясы, түрлі үйірмелер және тағы да басқа 

жиын-мерекелерге  қызмет  жасайтын  «Ме-

реке» агенттігімен қатар, түрлі мемлекеттік 

тапсырыстар қабылдап жүр. Құрылғанына бес 

жыл толуына орай ұйымдастырылып отырған 

жиын  барысында өнерлі балалар кештің өз 

дәрежесінде өтуіне барынша атсалысты. Кеште 

«Сағындым, әже» әнін орындаған ең кішкентай 

өнерпаз, 5 жасар Әдия Әселбекова:

- Мен өскенде әнші болғым келеді. Бүгін 

әжеме арнап өлең айттым. Маған ән салған өте 

ұнайды,-дейді.

Еңбегі  еленген  қоғамдық  бірлестік 

өздерінің  бес  жылдығына  орай  өткізген 

өнер кешін «Шынар» тобының қазақ биімен 

түрді. Және де  «Асыл Нұр» тобы  «Назер-

ке»,  «Ақсақ  киік»  биін,  ал  «Ақ  ерке»  тобы 

сыған биімен қатар, орыс халқының биін мың 

бұрала биледі. Сонымен қатар, кеш барысын-

да  сахна төріне бүлдіршіндерімен бірге ата-

аналары да өнер көрсетуге мүмкіндік алды. 

Кеште Дина Жамбылқызы «Айша бибі» әнін 

тамылжыта шырқаса, Диляра Мадиярбектің 

орындауындағы «Аққу арман» әні көпшіліктің 

көңілін бір серпілтіп тастады. 

Көрерменнің қошеметіне бөленіп жүрген 

«Асыл арман» қоғамдық бірлестігінің төрағасы 

Ринат  Нұрақбаев  бүгінде  «Ринат-Перизат» 

дуэтіне  де  мүшелік  етеді.  «Ринат-Перизат» 

дуэтінің орындауында біршама әндері осы күні 

көрермен назарына ұсынылды.

- Мен барша халықты Тәуелсіздік таңымен 

құттықтаймын. Қазақтың ұл-қызы әдебінен 

жаңылмай,  салт-дәстүрін  санасына  сіңіріп 

өскен ортаның ұлы ұлық, қызы қылықты бо-

лып жетіледі. Алдыңғы толқын ағалар қаракөз 

қарындастарымыздың ибалы, инабатты болуы 

үшін, ұлдарымыздың жігері тасып, намысы ояу 

азамат болып жетілуіне, ертеңіміздің еңселі 

болуы үшін атсалысуымыз қажет,-дейді Ринат 

Нұрақбаев.

Ұлы ұлық, 

қызы қылықты

 

„

 «Асыл арман» 



ұлттық дәстүр мен 

өнерді қолдау» 

қоғамдық бірлестігінің 

құрылғанына 5 жыл 

толуына орай  «Тәуелсіз 

елдің таңдары» атты өнер 

кеші өтті.

диляра дарХаН

Кеш  шымылдығы  университет  ректоры  Махметғали  Сарыбековтің 

құттықтау сөзімен түрілді. Университет басшысы «ТарМУ аруы» байқауының 

Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылып отырғандығын 

айта кетіп, көпшілікті мерекемен құттықтады. 

Байқау шарты бойынша қатысушылар  І кезеңде «PINK FLOWERS»  

коктейльді  көйлектер  коллекциясының  көрсетілімін  жасап,  сымбатты 

мүсіндерінің көркін аша түсер сан алуан әсем көйлек үлгілерін көрсетті. 

Ал ІІ кезеңде қатысушылар көпшілікке өздерінің шығармашылық қабілетін 

көрсетті. Сұлулардың бірі жыр оқыса, енді бірі ән салып, заманауи үлгіде 

би биледі. 

Соңғы кезеңде қатысушылар кешкі сәнді көйлектердің көрсетілімін 



 Меруерт - ТарМу аруы 

 

„

«Әлемді сұлулық құтқарады» демекші, 



жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін «ТарМу 

аруы-2016» байқауы биыл М.үркімбаев 

атындағы Жастар сарайында өтті. Жоғары 

оқу орнының әр факультетінің намысын 

қорғауға ақылына көркі сай  9 ару қатысты.

жасады.    Жарқ-жұрқ  моншақтармен 

безендірілген  сан  алуан  көйлектер 

көздің  жауын  алардай  жарқырады. 

Түрлі сән үлгісіндегі әсем көйлектер 

онсыз да көрікті қыздардың ажарын 

аша түсті. 

Ун и в е р с и т е т   ө н е р п а зд а р ы 

да  сайыс  барысында  ән  салып,  би 

билеп,  өз  өнерлерін  ортаға  салып,  

көрермендердің көзайымына айналды. 

Кеш  соңында  «Қылықты  ару», 

«Көрікті ару», «Көрермен көзайымы» 

сынды  аталымдарға  лайық  деп 

танылғандар марапатталды. Қазылар 

алқасының мүшелері әр аталымдар бой-

ынша жеңімпаз деп танылған аруларға 

тәжін кигізіп, сый-сияпат жасады.  

Сайыс  соңында  университеттің 

«Заң» факультетінің студенті Мадина 

Садықова  «Екінші вице-ару» атағына  

ие болды. Ал «Бірінші вице-ару» аталы-

мын осы факультеттің студенті Маржан 

Сембекова жеңіп алды.  Ал «ТарМУ 

аруы-2016» байқауының жеңімпазы деп 

танылып, «Көрермен көзайымы» аталымын жеңіп алған «Гуманитарлық-

әлеуметтік ғылымдар» факультетінің студенті Меруерт Тоқмолдаеваның 

қуанышында шек болмады. Байқаудың барлық қатысушыларына 1 айлық 

шәкіртақы көлемінде ақшалай сыйақы берілсе, жеңімпаздар 2 айлық және 

3 айлық шәкіртақы көлемінде  сыйақыға ие болды.

   бәрінен де сен сұлу!


//   «Жамбыл - Тараз»  //  №50 (1338), 14 ЖелТоқсан  2016 Жыл  //

ТәуелсізДіК-25

13

 

„

Еліміздің  



спортшылары дербес 

құрама ретінде жазғы 

Олимпиадаларға 1996 

жылдан бері қатысып 

келеді. Сол кезеңнен 

бері талай жеңістерге 


1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал