2016 жыл, сәрсенбі



жүктеу 1.19 Mb.

бет4/12
Дата11.03.2017
өлшемі1.19 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

 

„

Еліміздің 



тәуелсіздік алып, 

әлемдік қауымдастық алдында өзінің даму 

бағыты мен мақсат-мүддесі бар ел ретінде 

танылып, мойындалғанына жиырма бес жыл.  

Рухы берік, мақсаты айқын, өзінің дархан даласы мен марқа жұрты бар 

қазақ елі тәуелсіздік таңын ғасырлар бойы күтсе де, күдерін үзген емес. 

Сондықтан еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев тәуелсіздік туралы: 

«Тәуелсіздіктің біздің бәрімізге артар міндеті мол. Енді еңселі ел болудың жо-

лына шындап түсуіміз керек. Әулетіміздің асуы да, дәулетіміздің тасуы да өз 

қолымызда. Тарих көші ұзақ. Асықсақ та, аптықпайық. Қазақстанның көп ұлтты 

халқының жұлдызы жоғары болатынын, туған елімізде дәулетті де сәулетті өмір 

орнайтынына кәміл сенелік»-деп тұжырымды ойын даналықпен түйіндепті. 

Иә, тарих жолы бірде  тайғақ, бірде жайлы болғанымен, ол әр кезде асыққанды 

көтере бермесі мәлім. Оның үстіне жаңадан бодандық бұғауынан босаған әрі 

көп ұлтты бауырына басқан Қазақстан сияқты жас елдің алдында күрмеуі 

қиын күрделі мәселелер күтіп тұрған еді. Бірінші кезекте жүзден аса ұлттан 

құралған еліміздің ішіндегі ұлтаралық келісім мен өзара татулықты қамтамасыз 

ету негізгі бағдарламалық  іс-шара болғандығы мәлім. Себебі үй ішінен үй 

тігіліп, іргесінен қиқу кетпеген көптеген елдердің  шаңырағы ортасына түсіп, 

керегесі сетінегенін көзіміз көрді. Құдайға шүкір, ортақ үйіміз Қазақстанды 

мұндай алауыздық өртінен аман алып қала білдік. Осының арқасында бүгінгі 

таңда еліміз әлем алдында беделін сақтаумен қатар, ұлтаралық татулықтың 

қазақстандық моделін үлгі етіп келеді.  

Адамзат тарихының ғасырлар бойы жинақтаған тәжірибесі көрсеткендей, 

қоғам мен мемлекет құрылымындағы күрделі құбылыс – тіл мәселесі болып 

келген. Атадан балаға мұра болып қалған ана тілімізді саф алтындай таза 

ұстау, сұғанақ көздерден аман сақтау, жау қабақ пенделердің қанды қолынан 

арашалап қалу ұрпақ алдындағы міндет болуы тиіс.  Сондықтан еліміздің  

тәуелсіздік алғаннан бергі заманда қол жеткізген ең маңызды жетістігі - ана 

сүтімен бойымызға дарыған ұлттық тілімізге мемлекеттік мәртебе беріп, оның 

ғасырдан-ғасырға қарыштай адымдауына жол ашқандығы дер едім. 

Біздер – Кеңес дәуірінің балаларымыз. Сол кезеңде өмірге келіп, білім алдық, 

тәрбиелендік, үлкен өмірге қадам бастық. Мен туып-өскен Сарыкемер, ол кезде 

Михайловка Байзақ ауданы, Свердловский аталатын ауыл тұрғындарының 

басым бөлігі  орыс ұлтынан болушы еді. Тіпті, облысымыздың орталығы Жам-

был қаласындағы 320000 халықтың жарымынан астамы өзге ұлт болса, соның 

көпшілігі орыс ұлты болатын. Мұны неге айтып отырмын? Себебі өз жерімізде 

тұрып, ана тіліміздің тек от басында, ошақ қасында ғана өмір сүруге құқысы 

бар екендігін көзіміз көріп, жүрегімізбен сезген ұрпақ біздер болдық. Мысалы, 

Жамбыл қаласында небәрі бір ғана қазақ мектебі болатын, ал өзге мектептер 

не аралас, болмаса таза орыс мектептері еді. Сондықтан тұтас бірнеше ұрпақ 

тек орысша сөйлеп, өз ана тілінде сөйлеуден аластатылды. 

Бірақ медальдің екі жағы болатыны сияқты қазіргі таңда өткен ғасырда 

болған процестің кері кеткенін аңғаруға болады. Қазір ауылға бара қалсаңыз, 

орысша білмейтін қарадомалақ балаларды көптеп кездестіресіз. «Бұның себебі 

неде? Осы дұрыс па?» деген сауал мені мазалайды. Иә, өз тіліңді бағалап, оған 

жанашырлықпен қарап, таза сөйлеу өз ұлтын сүйетін кез келген азаматтың 

міндеті емес пе?! Алайда ұлтымыздың нағыз жанашыры, кемеңгер қаламгер 

М.Әуезов: «Неғұрлым көп тіл білсең, соғұрлым мәдениетті боласың»-деп 

бос айтпаған шығар.  Оның үстіне, ғасырлар бойы бір өзеннен су ішіп, бір 

таудың етегін жайлап, көршілес болған орыс жұртының тілінен жұрдай болу 

қисынсыз болып көрінеді. Сондықтан  ана тіліміздің қолдану аясы мен тазалық 

сапасын арттыра отырып, көршілес елдердің тілдерін үйрене жүру, олармен 

түрлі деңгейде достық қарым-қатынас орнату болашақ дамуымыздың  басты 

алғышарты болатыны кәміл.   

Тәуелсіздігіміздің тағы бір жетістігі, ел жадында өше бастаған ұлттық 

салт-дәстүрлерімізбен қайта қауышып, алпыс екі тамырымызға ұлттық рух-

пен суарылған қанның телегей теңіз таралуында болды.  Наурыз тойы, айтыс 

өнері, ұлттық ойын түрлері, тағысын тағылар ел ішін кең аралап,  жер-жерде 

қызу қолдау тапты. 

Наурыз тойын көне қариялардың аузынан естігеніміз болмаса, оның табиғи 

мәні мен философиялық мазмұнын ұғынғанымыз жоқ. Абайдың қара сөзінде, 

алаш қайраткерлерінің жазбаларында Наурыз мерекесі жайлы кең айтылса да, 

оны жан-жақты ұғындыру мүмкіншілігі болмады. Сол сияқты халқымыздың 

керемет өнері айтыстың қайта түлеп, ел санасының жаңғыруына тигізген пай-

дасын сезініп отырмыз. Небір дүлдүл, саңлақ ақындарымыздың сарқытындай 

болып қалған айтысымыз бүгінгі таңда ұлттық рухани құндылықтарымыздың 

төріне шыққаны біздерді ерекше қуантады. 

«Тарих жүз жылда қайталанады» дейтін сөз бар. Қайдам. Алайда тарих әр 

уақытта ақиқатты қалайды. Озбырлықты, әділетсіздікті кешірмейді. Әйтеуір 

бір уақыттарда жіберілген түрлі әділетсіздіктерді белгілі бір уақыт өткеннен 

кейін сол тарих өзі жөнге салады. Бұл – айнымас шындық.  Тәуелсіздікке қол 

жеткізгеннен кейін ұлттық тарихымыздың төріне елі үшін басын бәйгеге тіккен 

қайраткер тұлғаларымыз  қайта оралды.  Кезінде Мәскеудің қайырымсыз қанды 

қол көсемдерінің бастауымен, жергілікті шолақ белсенділердің қоштауымен 

қанқасаптың тұзағына ілініп, ел ішінен аластатылған ұлт мақтаныштарының 

елімен қайта қауышуы ұлтымыздың рухани жаңғыруының белгісіндей болды. 

Жиырма бес жыл – тарих үшін қас қағым сәт, ал адам үшін өмірлік маңызы 

бар белестердің жиынтығы. Экономикалық даму, саяси ахуал, мәдени жаңғыру 

сияқты көптеген мәселелер тәуелсіз 

ел үшін аса маңызды. Алайда рухани 

жетілу, ұлттық рухпен сусындау жас 

ұрпақ алдындағы бірінші кезектегі 

күрделі мәселе екендігі айдан анық. 

Тәуелсіздік алған 25 жыл ішінде  

жастар саясаты нақты қолға алы-

нып, Елбасының жіті бақылауында 

болғандығының  өзі  ертеңге  де-

ген  алаңдаушылықтың  көрінісі 

іспеттес. Айдынымыздың ашық, 

шаңырағымыздың биік, көңіліміздің 

жайсаң болуы үшін де ел ертеңі 

жастарымыздың ұлттық рухының 

берік болғандығына назар аудару 

қажет.  


Ғазизжан МадИМаров,

Тараз қалалық мәслихаты

 хатшысының міндетін атқарушы.                                  

Екі мүшел 

белесінде

біздің өнімдер осындай! 



 Суреттерді түсірген  Н.Тұрғынбек.

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №50 (1338), 14 ЖелТоқсан  2016 Жыл  //

ТәуелсізДіК-25

9

ЕҢБЕК ӘуЛЕТІ – ЕЛ ДӘуЛЕТІ

 

„

Облыс орталығында болашақ теміржолшыларға білім 



беріп отырған №13 Тараз темір жол колледжінде аймаққа 

белгілі теміржолшылар династияларының өкілдерімен 

«Егемен елімнің еңбексүйгіш әулеттері» тақырыбында 

кездесу өтті. 

Ұрпақ мақтаныштары.   Суретті түсірген автор.



арсен баЙЗаҚ

Еркін  форматта  өткен  басқосуды  қалалық 

«Жамбыл-Тараз»    газеті  редакциясы»  ЖШС 

директор-бас  редакторының  орынбасары                  

Ерман Әбдиев жүргізіп отырды. Шақырылған 

қонақтардың қатарында Құрметті теміржолшы, 

1993-2007  жылдар  аралығында  Жамбыл 

жол  бөлімшесін  басқарған,  бүгінде  Жамбыл 

бөлімшесі  Ардагерлер  кеңесінің  төрағасы 

Сағымбек  Ақшалов,  Құрметті  теміржолшы, 

«Қазақстандық  салалық  темір  жол,  автомо-

биль,  әуе  және  су  көлігі  қызметкерлерінің 

кәсіби  одағы»  қоғамдық  бірлестігі  Жамбыл 

филиалының  төрағасы  Жұман  Сәменовтың 

ұлы, Луговой станциясы бастығының орынба-

сары Ильдар Сәменов, темір жол саласында 40 

жыл еңбек етіп, өмірге он ұл-қыз алып келген 

«Алтын  алқалы»  ана,  Құрметті  теміржолшы 

Бүбісара  Жаңабаева,  Бүбісара  ананың  ұлы, 

Әскериленген темір жол күзетінің қызметкері 

Рахметжан  Жаңабаев  ұлы  Ермекпен  қатысып 

отырды. Алдымен көпшілікке жамбылдық май-

талман теміржолшылардың еңбек жолы студент 

жастарға слайд арқылы таныстырылды. Алды-

мен сөз алған Сағымбек Әділбекұлы көпшілікті 

Тәуелсіздіктің  25  жылдығымен  құттықтап, 

соңғы ширек ғасырда саладағы тың жаңалықтар, 

бастамалар мен жаңа технологиялар ел келешегі 

жастардың игілігіне екендігін айтып өтті.

-    Тоқсаныншы  жылдардың  басындағы 

тоқырау  кезінде  біз  тепловоздарға  құятын 

жанар-жағармай таба алмаған кезіміз де болды. 

Керекті қосалқы бөлшектер туралы айту тіпті 

мүмкін болмайтын. Алайда ол қиындықтардан 

өттік. Ол, мен әркез айтып отырамын – еңбек 

адамдарының, династиялардың арқасы. Ал бүгін 

қалай?  Өздеріңіз  көріп  отырсыздар,  елімізде 

темір  жол  саласына  керекті  материалдардың 

барлығы  шығарылады.  Өз  локомотивіміз, 

рельсіміз, тағы да қаншама керек-жарақтарымыз 

шығарылады.  Отандық  өнімнің  үлесі  басым. 

Сондықтан осындай заманда, мынадай ғимаратта 

білім алып жатқан Сіздер бақыттысыздар! Ел-

басы Нұрсұлтан Назарбаев - қазақтың басына 

қонған бағы! Осыдан 25 жыл бұрын қандай едік, 

бүгінгі  мемлекетіміздің  келбеті  қандай?  Оны 

зор мақтанышпен айту керек, - деді Сағымбек 

Ақшалов.  Сондай-ақ  Құрметті  теміржолшы 

студенттердің «Сіз Елбасымен жүздестіңіз бе?» 

деген сауалына: «Иә, ондай бақыт маған үш рет 

бұйырды»  -  деді.  «1995  жылы  Шу-Мойынты 

телімін  электрлендіру  жұмыстары  толық 

аяқталып, соның қосылуына Елбасы өзі келіп 

қатысты. Бұл алғашқы кездесуіміз еді. Ал 2002 

жылы облыс орталығында Тараз қаласының 2000 

жылдық тойы дүркіреп өтті. Айта кету керек, 

сол тойдың жоғары деңгейде өтуіне жамбылдық 

теміржолшылардың үлесі зор болды. Және сол 

жылдары қалалық әкімдікке қарап келген вокзал- 

қаланың бас қақпаларының бірі болғандықтан 

жөндеуден өткіздік. Мердігер басқа компания 

болғанымен,  жергілікті  теміржолшылар  тойға 

келген  қонақтардан  ұялмас  үшін  күндіз-түні 

вокзалдың  қайта  жаңғырту  жұмыстарын 

қадағалап отырдық. Еңбек зая кеткен жоқ. Вок-

залымыз жарқырап шыға келді және сол вокзал-

ды Елбасының өзі аралап көрді. Міне, екінші 

рет  осылай  жүздестік.  Сол  кездегі  Жамбыл 

облысының  әкімі  Серік  Үмбетов  атқарылған 

жұмыстардың басында мен жүргенімді айтып 

таныстырды. Елбасы арқамнан қағып, рахметін 

айтты. Одан асқан бақыт болсын ба! Ал үшінші 

рет Қазақстан теміржолының 100 жылдығында 

Астана  төрінде  кездестік»  -  деді  Құрметті 

теміржолшы. Сондай-ақ кеш қонағы Бүбісара 

Жаңабаева: «Шынымды айтсам, бүгінгі ұрпақ 

бақытты.  Біз  қиындықты  бастан  өткердік. 

Бірақ сол қиындықтар – өмір мектебі еді. Бала 

да тәрбиеледік, жұмыстан да қалмадық. Кейін 

балаларымыз  біздің  жолымызды  таңдағанда, 

еш қарсы болған жоқпыз. Өйткені осы саланың 

нанын жеп, нәпақамызды айырдық. Еңбектің 

рахатын  көргенге  не  жетсін!  Міне,  бүгінде 

балаларымның ортасында немерелерімді бағып 

отырмын» - деді. «Алтын алқалы» ананың сөзін 

толықтырған  Сағымбек  Ақшалов:  «Сендер 

Бүбісара апайларыңның да және өмірлік жары 

Ергеш Жаңабаевтың да Құрметті теміржолшы 

екенін  білесіңдер  ме?  Бір  отбасындағы  ерлі-

зайыпты азаматтардың осындай атаққа ие болуы- 

үлкен еңбектің арқасы. Ергеш Жаңабаев ағамыз 

өмірден ерте өтіп кетті» - деді. Бұдан соң сөз 

тізгіндеген қос Құрметті теміржолшының ұлы 

Рахметжан Жаңабаев жастарға еңбектің қадірін 

біліп, әр жеңіске қуана білу керектігін айтып, 

өмірлік тәжірибесімен бөлісті.

-  Мен де сіздер секілді жас болдым. 16 жа-

сымда Алматыдағы темір жол транспорты тех-

никумына оқуға аттанғанымда бала екенмін ғой. 

Уақыт солай болды ма, әлде алған тәрбиеміздің 

әсері  ме,  намысшыл  болдым.  Қазір  18-20-ға 

толған  жастарды  әлі  ата-аналары  сүйреп  жүр 

ғой. Оны өмір көрсетіп отыр. Сондықтан осы 

салаға келген екенсіздер, теміржолшы болуды 

таңдаған  екенсіздер,  қуанатын жетістіктеріңіз 

көп болсын! – деді Рахметжан Ергешұлы. Со-

нымен  қатар  кездесуде  династия  өкілдеріне 

сұрақтар  қойып,  емен-жарқын  пікірлескен 

студенттер өздері дайындаған ән мен жырдан 

шашу шашты. Тіпті, бірі ақын Азамат Есалының 

Сағымбек  Ақшаловқа  арнаған  «Асылдың 

сынығы екен бұл кісі» деген арнауын жатқа оқып 

бергенде, қарияның көңілі көтерілді. Ал шара-

ны қорытындылаған Жамбыл облысы әкімдігі 

білім  басқармасы  басшысының  орынбасары 

Зүбайра Сембина жастарға өмірлік өнегелерін 

айтып, еңбектегі тәжірибелерімен бөліскен еңбек 

әулеттерімен  кездесу  студенттердің  өмірінде 

ұмытылмас  естеліктермен  сақталатындығын 

айтып,  Кәсіптік-техникалық  білім  беру 

қауымдастығының шешімімен №13 Тараз темір 

жол колледжінің директоры Нұржан Нұралиевтің 

кеудесіне саладағы елеулі еңбегі үшін арнайы 

дайындалған мерекелік медаль табыс етті. Ал 

Нұржан Тоқбергенұлы келген қонақтарға сый-

құрмет жасап, алғысын айтты.



 

„

Мектеп оқушылары мен ЖОО студенттері арасында 



тұңғыш рет жанұяның тарихы мен ел тарихын 

тоғыстыратын арнайы жоба ұйымдастырылды.

Отанның төрі - отбасы

Нұржан СерІКХаНҰлЫ

Облыстық  ҚХА,  облыс  әкімі 

аппаратының  «Қоғамдық  келісім» 

КММ-і  мен  білім  басқармасы 

ұ й ы м д а с т ы р ғ а н   б ұ л   б а й қ ау 

мемлекеттік  ұлттық  болмыс  кон-

цепциясы  мен  «Жалпыға  Ортақ 

Еңбек Қоғамы» идеясын ілгерілету 

мен іске асыруға бағытталып, білім 

мекемелері  мен  отбасы  арасын-

да  ұрпақтар  сабақтастығын  және 

салт-дәстүрді  негізге  ала  отырып, 

отбасылық тәрбиенің үздік үлгілерін 

сақтап қалуға негізделген. Отбасылық 

құндылықтарды насихаттап, замана-

уи  тұрғыда  зерделеу  мақсатында 

жүзеге  асып  отырған  бастамаға 

оқушылар  да  зор  қызығушылық 

танытып  отыр.  Байқаудың  тала-

бы  бойынша  үміткерлер  бірінші 

«Отбасылық  шежіре»  номинаци-

ясында  өз  жанұясының,  әулетінің 

тарихын  дәріптеді.  Ал  «Қазақстан 

тарихындағы  тұлға»  номинациясы 

бойынша оқушылар өз әулеттеріндегі 

соғысқа  қатысқан  батыр  ата-баба-

лары  туралы  немесе  ел  өміріндегі 

мәдениет, өнер саласындағы белгілі 

тұлға туралы зерттеу жұмыстарын 

қорғап  шықты.  Ал  соңғы  кезеңде 

барлық қатысушылар өз отбасындағы 

ұдайы  ұстанатын  салт-дәстүрлер 

мен құндылықтарды, атадан балаға 

аманатталып  келе  жатқан  құнды 

жәдігерлерін таныстырды.  

-  Мультимедиалық  байқау 

А с с а м б л е я н ы ң   б а с т а м а с ы -

мен  өңірімізде  бірінші  рет 

ұйымдастырылып  отыр.  Заманауи 

форматтағы  мұндай  байқау  респу-

блика  бойынша  да  бұрын-соңды 

болған емес. Бұған дейін конкурстар 

викториналық сұрақтардан, анкета-

лардан  құралса,  бізде  электронды 

жүйеде,  жаңаша  көзқарастан  ту-

ындап отыр. Басты мақсат - өткен 

тарих пен өзінің тарихын тоғыстыру. 

Мәселен, қазақ халқында «жеті ата» 

деген ұғым бар. Қаланың жастары 

өздерінің  отбасылық  шежіресін, 

ата-бабаларын зерделей келе, өз за-

манына  жаңғыртады.  Сол  арқылы 

өзге ұлт өкілдеріне қазақи «жеті ата» 

ұғымын, оның тәрбиелік маңызын 

ұғындырады, насихаттайды. Қазіргі 

таңда  өзге  ұлт  өкілдері  арасында 

ерте  некелесу  тенденциясы  басым 

болып отыр. Байқау осы мәселенің 

алдын алуға бағытталды.  Алдағы 

жылы  республикалық  деңгейде 

ұйымдастыру да жоспарда бар,-деді 

«Қоғамдық келісім» КММ жетекші 

сарапшысы Әлбина Тапаева.

Байқаудың  тағы  бір  ерекшелігі- 

бала  еңбегін  барынша  әділетті 

б а ғ а л ау ы н д а   б о л д ы .   Ж ә н е 

көрермендер де сахнадағы арнайы 

тақтаға қалаған үміткерлеріне ашық 

түрде  дауыстарын  беріп  отырды. 

Осындай  тәуелсіз  сарапшылар 

қазылық  еткен  байқауға  бас-аяғы 

30-дан  аса  жұмыс  келіп  түскен 

екен.  Олардың  озық  деген  15-і 

байқауға  қатысты.  ЖОО-лардан 

небәрі 2 жұмыс келіп түскен екен. 

Қазылар алқасының қорытындысы 

бойынша  №40  гимназия  оқушысы 

Пак Дмитрий 1-орынды жеңіп алса 

(15 жас), №41 мектептің оқушысы 

Милена Цай (9 жас) мен №40 мектеп 

оқушысы  Александра  Шмелькова 

(12жас)  2-орыннан  көрінді.  Ал 

Шу  ауданы,  Қонаев  ауылы,  Төле 

би  атындағы  мектептің  оқушысы 

Абдураим  Сафарова  (12  жас)  мен 

қалалық  №8  мектеп-гимназияның 

оқушысы  Диас  Досыбиев  (11жас) 

жүлделі  үшінші  орынды  иеленді.  

Жиналғандардың  көп  дауысына 

ие  болған  Т.Рысқұлов  ауданынан 

келген  Ұлан  Пойызбай  (11  жас) 

«Көрермен көзайымы» аталымы бой-

ынша марапатталды. Жеңімпаз бен 

жүлдегерлерге  арнайы  дипломдар 

мен бағалы сыйлықтар табыс етілді. 

Тәрбие көзі - «жеті ата».   



 

„

Биыл міне еңсе түзеп, егемендік 



алғанымызға ширек ғасыр болды. 

Ата-бабаларымыз ғасырлар бойы 

армандаған асқақ арманға біздер 

жеттік.

Дербес елдің бағы

Тәуелсіздікке жету оңай жолмен келмегендігі ақиқат, 

бәрімізге мәлім. Бұл – қазақ халқының ғасырлар бойы 

көздеген арман-мұраттарының орындалуы. 

Жалпы тәуелсіз мемлекетке қол жеткізу, халқымызға 

үлкен серпіліс, күш берді. Себебі біздің өз еркімізбен 

алға  ұмтылуға,  мемлекет  болып  өркендеуге  жол 

ашылды.


Тәуелсіз мемлекет бола салысымен, көптеген шұғыл 

сұрақтарға шешім бірден табыла салған жоқ. Бұл жолда 

сан жоталы, сүрлеулерден өте білдік. Ел болып еңсе 

түзеген әуелгі шақта ел билігіне келген Н.Ә.Назарбаев 

сарабдал саясатты ұстануының арқасында халықтың 

сенімінен шыға алды. Ата Заңымызды қабылдап, 

құқығымызды қорғай алдық. Мұның бәрі – тәуелсіздігін 

енді ғана алған жас мемлекет үшін үлкен жетістік.

Қазір біз болашағымызға сеніммен қарай алатын, за-

йырлы, өркениетті, индустриалдық жаңғырту жолында 

жоғарғы қарқынмен дамып келе жатқан мемлекетпіз. 

Әлем алыптары бізбен санасатын дәрежеге жеттік. 

Бүкіл әлем көз тігетін мәдени шаралардың ордасына 

айналдық. 

Тәуелсіз қазақ елінің  Астанадай  рухани тұғыры 

бар. Ол бірлігімізді, тірлігімізді әлемге айшықты 

айғақтап тұр. Астана – тәуелсіздіктің  тақ-тұғыры. 

Қазақ елінің дербес ел болуына орай байтақ та  бағалы 

елден бата алған Нұрсұлтан  Әбішұлындай  Елбасының 

ел билігін  ұстауы, біз сияқты ұрпақтарының бағы 

деп білеміз. Бүгінде киелі Әулиеата топырағынан 

түлеп ұшқанымызбен, бас қалада қызмет етіп жүрміз. 

Тарихтың темірқазығына баланатын Тараз жері – елі 

үшін еміреніп, жері үшін тебіренетін нар тұлғалы ерлерді  

сыйлаған киелі өлке. Өзім құқық қорғау саласындағы 

алғашқы еңбек жолымды бастаған туған жеріме 

әрқашан бүйрегім бұрып-

ақ тұрады. Жамбылдағы 

жағымды  жаңалықтар 

назарымнан  ешқашан 

таса  қалған  еме с. 

Тәуелсіздіктің  25 

жылдығы  қарсаңында 

жерлестерімді еліміздің 

маңызды  мерекесімен 

құттықтаймын! Еліміз 

еңселі,  болашағымыз                  

баянды болсын!



Қайрат ТӨлбаСИев,

«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты 

дамытудың қазақстандық ғылыми-техникалық 

орталығы» ЖШС бас директоры.

ТӘуЕЛСІзДІК – 

БОЛАшАҚҚА ҚОЛБАСшЫ!

 

„

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының 



ұйымдастыруымен «Жастар Мәңгілік Елді жырлайды» атты жазба ақындардың жыр мүшәйрасы 

өтті.  Қасиетті қара шаңырақ – Қазақстанның жетістіктерін және ана тілі мәртебесін, тағылымын 

тайға таңба басқандай етіп ұлтжанды ұрпақтың жүрегіне жеткізу мақсатында ұйымдастырылған 

байқауға жазушы-журналист пернебай Дүйсенбин,  облыстық «Ақ жол» газетінің бөлім меңгерушісі 

Табиғат Абаилдаев, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Хамит Есамановтар қазылық етті. 

Жүзден жүйрік атанған жеңімпаздар мен жүлдегерлердің өлеңін оқырманмен бөлісуді жөн көрдік.  

Тәуелсіздік

Қырда қалып саңлағың, сайда қалып,

Зар-мұңыңды көмерсің қайда барып?

Ей, замандар, іздерің сайрап жатыр,

Тарих атты жарықшақ айнада анық!

Көрмеп пе едің жеңіліс, көнбеп пе едің?!

Жатыр енді өткенді тергеп те күн.

Беу, қасірет сіңірген қайран далам,

Сенде жатып жұтылған жөргектегі үн.

Талай өтті езгінің қорлығы анық,

Талай сенім кеудеңде сөнді налып.

Еңіредің, езілдің жегілгенде

Бұғау дейтін арбаға сорлы халық.

Ол, ойласам, запыран күндер еді,

Сонда өткеннің есебін кім береді?!

Халқым кешкен алапат шақ хақында,

Ауыр ойдан тілім де күрмеледі... 

Кешкен азап, басыңнан өткен сұмдық 

Ұрпақ үшін бүгінге жеткен шындық.

О, сондағы кешірген қилы тағдыр,

Ғасырымның көзінен кеткен сырғып.

Дәуірінің үніне құлақ түріп,

Тірлік қойған сұрапыл сұрақты ұғып.

Еңіретіп елдігін алған ел бұл,

Тағдырының алдында жылап тұрып!

Ұлы рухым сақталған бұ ғасырда,

Ұлылық бар даңқымда расында.

Ұлы тарих бар менде қанға бөккен,

Ұлы ғасыр, сен соны ұғасың ба?!

Жанна баХаЙ,

бас жүлде.

Тәу етер Тәуелсіздік

Көгімде сұңқар самғайды биік,

Бостандық туын қанатқа байлап.

Төрімде тұлпар шабады биік,

Қайсарлы елім сақталған қаймақ.

Қиындықтарды өткердік талай,

Не көрмедің, өр елім менің?!

Шартараптарға шашумен арай,

Жасайды жарқын өренің сенің.

25 жыл... Арғымақ жас бұл,

Пай-пайлатқан арманға жетіп.

Бойымда билеп алпауыт тасқын, 

Қамалды бұзар жолдардан өтіп.

Қазағым менің, дарынды елім,

Тұрасың дәйім жыр басы болып.

Бостандық шақта туылып едім

Тәуелсіздіктің құрдасы болып.

Қаламым менің қауырсын құсым,

Шабытты байлап қанатты қақтым.

Сондықтан болар болашақ үшін,

Өзгеден гөрі жауаптырақпын.

Ұрпаққа үндеп мен тіл қатамын,

Көгімде қыран ғажап ұшқаның.

Жасасын, елім, Ұлы Отаным,

Бұл менің елім – Қазақстаным!


1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал