2016 жыл, сәрсенбі



жүктеу 1.19 Mb.

бет3/12
Дата11.03.2017
өлшемі1.19 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ

ТЕКТІ пЕРзЕНТТЕРІ

қойылды. Елордамыз Алматыдан Астанаға көшіп, 

Сарыарқа төріндегі әсем қала күллі қазақтың 

сүйікті шаһарына айналды. Астана БҰҰ-ның 

шешімімен «Әлем қаласы» атағына ие болды. 

Елбасы - Қазақстан Республикасының Қарулы 

Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан 

Әбішұлы отандық армияның әлеуетін арттыр-

ды.  Жыл  санап  қорғаныс  саласына  бөлінетін 

қаражаттың көлемі де ұлғайды. Мәселен, 2013-

2015 жылдары бұл салаға триллионнан астам теңге 

жұмсалды. Әскери сала қызметкерлері мемлекет 

тарапынан әлеуметтік тұрғыдан қорғалуда әрі 

олардың кәсіби біліктіліктерін арттыруға да үлкен 

көңіл бөлінуде. Осы тұста айта кететін жайт, 2000 

жылы  «Келісімшарт  бойынша  әскери  қызмет 

туралы» Заң жобасы қабылданған-ды. Қазіргі 

таңда Қазақстан армиясындағы солдаттар мен 

сержанттардың 70 пайызы келісімшарт негізінде 

жұмыс істейді. Сондай-ақ Отан қорғаушылардың 

қатарында ер азаматтармен қатар нәзік жандардың 

қарасы жыл санап артып отырғандығы қуантады. 

Мемлекет басшысы егемен еліміздің ішкі са-

ясатымен  қатар,  көп  векторлы  халықаралық 

қатынастарға өзінің пайымды пікірін, нақты істерін 

көрсете отырып, әлемге Орта Азиядағы көшбасшы 

саясаткер ретінде танылды. Соның нәтижесінде, 

Қазақстан 2010 жылы Еуропадағы Қауіпсіздік және 

ынтымақтастық ұйымына төрағалық етсе,  еліміз 

Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесінің 

2017-2018 жылдарға тұрақты емес мүшесі болып 

сайланды.  Бұйыртса,  келесі  жылы  Астанада 

«ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған 

көрмесі  өтеді  деп  күтілуде.  Бұл  ауқымды  іс-

шараға  әлемнің  100-ден  аса  мемлекетінен 

қонақтар келеді. Айта берсек, тәуелсіздік алған 

25 жылдың ішінде жеткен жетістіктеріміз көп. 

Біздің мақсатымыз айқын, жастарымыз жігерлі. 

Амандық болса, қазақстандықтар Елбасының 

көреген саясаткерлігінің арқасында әлі де талай 

табыстарға жетеді деп сенемін. Себебі біздің 

алдымызда Ұлы Даланы «Мәңгілік Елге» айнал-

дыру міндеті тұр. Мен барша жамбылдықтарды 

шын жүрегіммен Тәуелсіздік күнімен құттықтай 

отырып, еліміз қуатты, әскеріміз айбынды болсын 

деген тілек арнаймын. 



Мейрамбек БЕСБАЕВ,                                              

ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:                                                                                                                                

«Тәуелсіздік - теңдесі жоқ байлығымыз»

-  1991  жылғы  16  желтоқсан!Дәл  осы  күні 

исі  қазақтың  өлгені  тіріліп,  өшкені  жанды. 

Көксегені  келіп,  көкейдегісі  оралды.  Мерейі 

өсіп, мәртебесі биіктеді. Түрлі тарихи кезеңдерде 

елдің бірлігі мен жердің тұтастығы үшін төгілген 

қан мен жосылған тердің қарымтасы қайтты. 

Әрине, бәрін де тарихтың сый-сыбағасы деуге 

болар.  Расында, ұрпақ қамы үшін күндіз күлкі, 

түнде  ұйқы  көрмеген,  байырғы  бабалардың 

өрлігі  мен  ерлігін  ұмытпауға  тиіспіз.  Соның 

ішінде, 1986 жылы желтоқсанның ызғарында 

орталықтың озбыр саясатына төзбей, азаттықтың 

әнін  шырқай  алаңға  атойлап  шыққан  қазақ                                                                     

жастары  бүгінгі тәуелсіздігімізді жақындата 

түсті. Аллаға шүкір, тәуелсіз ел атандық. Біз өнер 

жолында жүргендіктен, шетелге жиі шығамыз. 

Сонда байқайтыным, Қазақстан небәрі 25 жылдың 

ішінде әлемдегі алпауыт мемлекеттердің біріне 

айналып үлгерді. Шетелдіктердің Қазақстан және 

оның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 

туралы оңды  пікірлері көңіл қуантады. Дамудың 

даңғыл жолына түскен тәуелсіз еліміз тіл-көзден 

аман болып, Елбасының «Мәңгілік Ел» идеясын 

іс жүзіне асыру үшін бірлесе еңбек етейік дегім 

келеді. Осы оңтайлы сәтті пайдалана отырып, 

халқымызды теңдесі жоқ байлығымыз  Тәуелсіздік 

мерекесінің 25 жылдығымен құттықтаймын. Ел 

аман, жұрт тыныш болғай!

дайындаған Индира баЙҚоНЫС.


//   «Жамбыл - Тараз»  //  №50 (1338), 14 ЖелТоқсан  2016 Жыл  //

ТәуелсізДіК-25

7

АзАТ ЕЛДІҢ ҰЛАНДАРЫ

Жансеріктің арманы –

Олимпиада шыңы

Сондай жанның бірі – Жансерік Сәрсенбиев. 

Өзі– спортшы. Жамбыл ауданының тумасы Жансерік 

Серікқұлұлы  1997-2005  жылдар  аралығында 

Ю.Гагарин атындағы орта мектепте білім алған. Ол 

бала күнінен спортқа жақын болды. Соның ішінде 

күреске. Ауыл арасындағы ұйымдастырылған 

спорттық іс-шаралардан қалмай, қалалық, облыстық 

турнирлердің жеңімпазы болған бала Жансерік                                                                                                              

2005  жылы  Тараз  қаласындағы  ОМСДБМИ 

оқуға келеді. Мұнда үш жыл білім алып, спортта 

өзін  жан-жақты шыңдап, 2008  жылы Алматы 

қаласындағы  Спорт және туризм академиясында 

оқуын жалғастырып, оны 2012 жылы тәмамдайды. 

Тынымсыз еңбек пен қажырлы қайраттың арқасында 

Жансерік Сәрсенбиев дүбірлі додаларда ел намы-

сын қорғап, қоржынымызға талай жүлде салады. 

Ол 2011 жылы Азия чемпионатының жеңімпазы 

атанып, дәл осы жылы Әлем чемпионатының 

күміс жүлдегері атағына ие болады. Одан бөлек, 

2013  жыл  мен  ағымдағы  жылы  ол  Қазақстан                                                                                                           

Республикасы чемпионатының жеңімпазы. Спортшы 

бүгінде Қазақстан Республикасының халықаралық 

дәрежедегі спорт шебері.  Жансерік Сәрсенбиев 

қазіргі уақытта Жамбыл облысы әкімдігінің дене 

шынықтыру және спорт басқармасына қарасты 

Жоғарғы спорт шеберлігі мектебінің грек-рим 

бөлімінде өзінің спорттық шеберлігін жетілдіруде. 

Жастар арасында облыстық грек-рим күресінен аға 

жаттықтырушысы Асылжан Байзақов – балуанның 

жеке бапкері. «Жансерік өзін тек жақсы жағынан 

көрсетіп, алдына қойған мақсатына жете ала-

тын  спортшы  екенін  дәлелдей  білді.  Ол  оқу-

жаттығу үдерісіне шығармашылық көзқарасымен 

қарайды. Жаттықтырушылар мен спортшылар 

арасында беделді. Келешегінен зор үміт күттіретін 

спортшылардың бірі» – дейді жаттықтырушысы. Ал 

Жансеріктің алға қойған мақсатының бірі – Олим-

пиада шыңы. 

– Ел тәуелсіздік алған жылдан бастап біздің 

мемлекетімізді  әлем  таныды.  Ширек  ғасыр 

тұсында көк байрағымыз көкте сан мәрте көтеріліп, 



 

„

Алпауыт мемлекеттермен терезесі тең ел болғанымыз



ең алдымен, тәуелсіздіктің арқасы. Ал егемендіктің ширек 

ғасырында сан салада Туымызды көкке желбіретіп

Әнұранымызды асқақтатып жүрген Тәуелсіздіктің төл құрдастары 

да бар. Біз оларды мақтан етеміз.

Жансерік СәрСеНбИев

Әнұранымыз шарықтады. Еліміздің намысын қолдан 

бермей, талай шыңдарды бағындырып, алпауыт 

мемлекеттермен тереземіздің тең екенін көрсетіп, 

дәлелдей білген аға буын өкілдерінің ізін біз басып 

келеміз. Алдағы уақытта еліміздің атын абыроймен 

шығаруда аянбай еңбек етемін, – деді Жансерік 

Серікқұлұлы. 



Өмірін темір жолмен тоғыстырған

Соңғы жылдары Елбасының тапсырмасымен 

транспорттық-логистика  саласын дамыту мықтап 

қолға алынды. Жаңа жүйенің болашағы зор. Әсіресе, 

бүгінде осы саладағы ірі оператор «ҚТЖ»ЖТ» 

АҚ-ы жаңа серпін алды. Жүк және жолаушылар 

тасымалында тың техникаларды енгізіп отырған 

ұлттық компанияда Тәуелсіздік құрдастары да 

еңбек етуде. Ақбота Ержанқызы соңғы төрт жыл-

дан бері «ҚТЖ» ЖТ» АҚ-ы ЖТ-Жамбыл жол 

бөлімшесі Шайқорық станциясында жүктерді 

қабылдап, тапсырушы болып қызмет етеді. Бала 

Ақботаның арманы диспетчер болу еді. Ол №13 

Тараз темір жол колледжіне оқуға түсіп, оны қызыл 

дипломмен тәмамдайды. Ақбота орта арнаулы оқу 

орнын аяқтағаннан кейін, Д.Қонаев атындағы  көлік 

университетіне «Көлік және қозғалысты басқару 

ұйымы» мамандығы бойынша жоғары білім алып 

шығады. Мектеп жасынан-ақ түрлі шараларға 

белсенді қатысып, өзін жан-жақты көрсеткен Ақбота 

қиын да қызық мамандығын мақтан ететіндігін жа-

сырмады. Нәзікжанды арудың алдағы арманы – өз 

саласының үздігі болып, алдыңғы буынның жолын 

жалғау. Жыл сайын дәстүрлі түрде ұлттық компа-

ния ұйымдастыратын жастар форумына белсенді 

қатысатын Ақбота түрлі байқаулардың жеңімпазы. 

Әсіресе, би билеуді жақсы көретін Тәуелсіздіктің 

құрдасы форумда би билеуден алдына жан салмай, 

тек үздіктер қатарынан көрінген. Ал бос уақытында 

қазақ поэзиясын оқуды ұнататын Ақбота Ержанқызы 

Мұқағали Мақатаевтың жыр шумақтарын жатқа 

біледі. 


– Темір жол саласы – түрлі кәсіпті бір арнаға 

тоғыстырған сала. Қиындығы мен қызығы қатар 

жүретін  мамандығымды  мақтан  етемін.  Әр 

саланың өз қиындығы болатыны хақ. Апаттық 

жағдайлардың  алдын  алу,  жол  қозғалысы 

қауіпсіздігін қамтамасыз ету – жұмыстың басты 

талабы. Мен станцияға келген барлық жүктерді 

қабылдап, шығарып салып отырамын. Жұмыс                                                                                                                  

ауысыммен. Бүгінгі жеткен жетістігім тәуелсіздіктің 

арқасы деп білемін. Ширек ғасырда біздің салада да 

алға ілгерілеу болды. Мен өзімді Егемендіктің төл 

құрдасы екенімді мақтанышпен айтамын, – дейді 

Ақбота Жүнісбекова. 

Халыққа қызмет ету - парызым 

«ҚазТрансГазАймақ»  Ақ-ы    компаниясы- 

елімізге белгілі компания. Табиғи газды тасымал-

дау нарығында орны қалыптасқан компанияның 

өңірдегі мекемесінде Егемендіктің төл құрдасы 

Нұрсұлтан Абдумаминов та қызмет етеді. Халыққа 

операциялық қызмет көрсету бөлімінің жетекші 

маманы – Тараз қаласының тумасы. №35 орта 

мектептің түлегі «Қаржы» мамандығы бойын-

ша Жамбыл политехникалық колледжіне оқуға 

түсіп, оны үздік тәмамдайды. Кейін М.Х.Дулати 

атындағы  Тараз  мемлекеттік  университетінде 

білімін жалғастырады. 2-курс оқып жүргенде «Жа-

сыл Ел» жасақтарының қатарында жүріп, алғашқы 

нәпақасын тапқан. Тәуелсіздіктің құрдасы Елба-

сымен аттас болғаны өзіне үлкен жауапкершілік 

жүктейтінін түсінеді. Студент кезінде-ақ Алма-

ты қаласында «Алматыметроқұрылыс» АҚ-ы  

компаниясында  жұмыс  жасап,  еңбек  жолын 

бастайды. Дипломын қолына алған Нұрсұлтан 

«ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ы облыстағы филиалына 

маман болып қызметке тұрады. Салада еңбек етіп 

келе жатқанына төрт жыл. 2015 жылы өз саласының 

дамуына қосқан үлесі үшін Мақтау грамотасы-

мен марапатталған. Мағжан есімді ұл тәрбиелеп 

отырған Егемендіктің құрдасы қатарластарынан 

қалмай, еліміздің дамуына аз да болса өз үлесімді 

қоссам дейді. 

– О баста газ саласы мен үшін қара түнек болып 

көрінетін. Бүгінде халықпен қызмет жасау арқылы 

өз саламды күнделікті басқа қырынан танып 

білудемін. Жылдық жоспарға сай биылдың өзінде 

біз қала бойынша 2 мыңнан астам үйді көгілдір 

отынмен қамтамасыз еттік. Алдағы жоспарланған 

жұмыстардың барлығы кестеге сай атқарыла береді. 

Мен Тәуелсіздіктің құрдасы екенімді мақтан етемін. 

Еліммен қатар бой түзеп, алға қойған мақсаттарға 

жету үшін аянбай еңбек етемін. Өсіріп отырған 

ұлыма жақсы әке болу үшін мен барлық жағынан 

үлгі болуым керек деп білемін, – дейді Нұрсұлтан 

Мақсатұлы.

Ұлттық құндылығым – байлығым

Бүгінде орта және шағын бизнесті қолдауға 

айрықша  көңіл  бөлінуде.  Нарық  заманында 

өзінің ісін өрге домалатып, кәсіптің көзін тапқан 

кәсіпкерлер арасында еліміздің брендін шетел 

асырып жүрген жандардың қатары да жыл санап 

артуда. Соның бірі – Тәуелсіздіктің төл құрдасы 

Меруерт Тлеубердиева. Жамбыл облысы, Жамбыл 

ауданы, Аса ауылының тумасы Меруерт Мадиярқызы 

Б.Момышұлы атындағы мектептің түлегі. Төрт 

жасынан бастап бимен шұғылданған Меруерт 12 

жасқа келгенде, алыс-жақын ауылда биден сабақ бере 

бастаған. Анасы қызын ес білгеннен бастап би, ән, 

тоқыма тоқу, тігін тігу, сурет салу сынды қолөнердің 

барлық түріне баулыған. Ауылда сыныптан тыс 

жұмыс жасайтын үйірмелердің жоқтығы жанына 

қатты батқан бала Меруерт есейгенде ауылға бала-

лар мен жасөспірімдер мектебін ашуды мақсат етіп 

қояды. 2006 жылы Меруерт Мадиярқызы  Украи-

нада өткен «Жаңа есімдер» атты әлем бойынша би 

жарысының Гран-при мен алтын медалінің және 

«Еуразия» кубогының иегері атанады. Азия елдері 

бойынша еліміздің намысын қорғауға барған Меру-

ерт Шұғыла Сапарғалиқызының биін билеп, әлемге 

қазақ биін тағы бір мойындатады. Әлем мойындаған 

биші үш бірдей жүлдені иемденіп, 2007 жылы 

Қазақстанның  рекордтар кітабына енеді.  М.Х.Дулати 

атындағы ТарМУ-дың көп салалы колледжінде, со-

сын  университетінде «Қаржы» мамандығы бойынша 

оқуын үздік тәмамдаған Меруерт университетте 

қосымша «Хореография» мамандығының сертифи-

катын алады. Меруерттің 200-ден астам шәкірті бар. 

Шәкірттерінің алды облыстық, республикалық  және 

халықаралық байқаулардың жеңімпазы. Сонымен 

қатар Меруерт    Қырғызстанда өткен Орта Азия 

бойынша «Мини Мисс» конкурсының ІІ орын, Тараз 

қаласында өткен «Жібек жолы аруы» байқауының 

Гран-при иегері. 2010-2012 жылдар аралығында 

облыстық филармонияда жұмыс жасаған Егемендік 

құрдасы облысымыздың, республикамыздың намы-

сын Польша, Дания, Германия, Исландия, Украина 

мемлекеттерінде қорғап, қазақ өнерін таныта білді.  

Меруерт бала күнгі арманына 2004 жылы Аса ау-

ылында «Айналайын» балалар мен жасөспірімдер 

мектебін ашу арқылы қол жеткізеді. Қоғамдық 

бірлестік ретінде тіркелген кәсіпорын әлеуметтік 

жобамен де айналысады. Бүгінде би, сурет, дизайн, 

тігу, тоқу түрлерін ауыл балаларына тегін үйретеді. 

Еріктілерді де дайындайды. Кәсіпорында мүмкіндігі 

шектеулі жандар тігін тігудің қыр-сырын меңгеруге 

де мүмкіндік алған. Барлығы 15-тен астам жас 

қыз-келіншекті белгілі уақыт аралығында оқытып, 

қолөнер түрлерін жан-жақты үйренуге мүмкіндік 

беріп отырған «Айналайын» қоғамдық бірлестігі 

заң жүзінде 4 адамды жұмыспен қамтып отыр. 

Ал балалардың ұсақ моторикасы мен ой-өрісін 

дамыту үшін қазақша мозаикалар мен құрақтың 

құрастырмалы түрлерін, қазақша пазлдар шығаруды 

жолға қойған. Нарық заманына сай бағалары да 

қолжетімді. 

– Мен бала күнімнен еңбек етуді, уақыт та-

лабына  сай  бәсекелестікке  қабілетті  болуды 

үйрендім.  Шығармашылық  адамы  болғаннан 

кейін өз мүмкіндігімді қағазға түсіріп, қазақы 

нақышта ою-өрнекпен көмкерілген қыз жасауын 

жасап, еліміздің ұлттық өнерін шетелге танытып 

жүргенім  үшін  бақыттымын.  Алғаш  шетелге 

шыққанымда, менің қазақы келбетімді моңғол қызы 

деп қабылдағанда  намыстанғанмын. Бүгінде біздің 

елді алты құрлық таниды. Біздің өнерге, мәдениетке, 

елімізге, жерімізге шетелдің азаматтары құрметпен 

қарайды. Бұл – біздің ширек ғасырда жеткен үлкен 

жетістігіміз. 

Мен Тәуелсіздіктің құрдасы ретінде 

Астана қаласындағы «Сарыарқа» республикалық 

велотрегінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан 

Назарбаевтың қатысуымен Тәуелсіздігіміздің 25 

жылдығына арналған Қазақстан халқы Ассамблея-

сы этно-мәдени бірлестіктерінің «Бейбітшілік пен 

келісімнің 25 жылы» атты фестиваліне қатыстым. 

Ассамблея төңірегіне топтасқан қазақстандық  300  

меценаттың қатарында облыс  жастары атынан 

барғаным – мен үшін үлкен мәртебе, зор сенім. 

Біздің қол жеткізген жетістіктеріміздің барлығы  

– тәуелсіздігіміздің арқасы, – дейді Меруерт 

Мадиярқызы. 



дайындаған арайлым ШабдеНова.

Меруерт ТлеУбердИева

ақбота ЖҮНІСбеКова

Нұрсұлтан абдУМаМИНов

ТәуелсізДіК - 25

8

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №50 (1338), 14 ЖелТоқсан  2016 Жыл  //



ТАРАзДЫ ТАНЫТҚАН

ТАуАРЛАР

 

„

1991 жылғы 16 желтоқсан! Қазақ елі тарихындағы азаттықтың ақ таңы арайлап 



атқанын күллі әлемге айғақтаған ұлы күн. Талай зұлматты, сұм соғысты бастан кешкен 

халқымыздың асыл арманының ақиқатқа айналғанына да ширек ғасыр толып отыр.   

Еркіндік жолы - ерлік жолы 

Міне, содан бері  25 жыл уақыт та 

өте шығыпты. Бір қарағанда, бұл тым 

көп те мерзім емес. Алайда Тәуелсіз 

Қазақстан мемлекеті осы жылдарда 

ғасырға татитын  даңғыл  жолдардан 

жүріп өтті. Біз осы жылдар аралығында 

алдымызға ұлы мақсаттар қойып,  сол 

мақсат-мұратымызды іс жүзіне асырып,  

толағай табыстарға қол жеткіздік.

Соның  ішінде,    жастарға  саналы 

тәрбие,  сапалы  білім  беруде  де  көп 

жұмыстар  атқарылды.  Бұл  ретте, 

мемлекеттің  жүргізіп  отырған  сын-

дарлы  саясатын    жастар  арасында 

кеңінен  насихаттауда  Ш.Уәлиханов 

атындағы Жамбыл облыстық әмбебап 

ғылыми кітапханасының өзіндік сүбелі 

үлесі бар. Тұғыры биік Тәуелсіздіктің 

25  жылдығына  орай,  кітапхана 

қызметкерлері  өскелең  ұрпақты 

отансүйгіштікке  баулу  мақсатында 

түрлі іс-шаралар легін ұйымдастырып 

келеді. Атап айтқанда,  кітапхананың 

фойесінде тұрақты түрде «Тәуелсіздік 

туы астында», «Қазақстан: ғасырлар 

мен  мыңжылдықтар  тоғысында» 

атты  тұрақты  кітап  көрмелері 

ұ й ы м д а с т ы р ы л ы п ,   к і т а п х а н а 

оқырмандары мен қонақтарының на-

зарына ұсынылуда. Ал №39 мектеп-

гимназияның  мәжіліс  залында                           

«Мен – қазақ, қазақпын деп мақтанамын, 

ұранға  «Алаш»  деген  атты  аламын» 

атты  әдеби жыр кеші 1916 жылғы ұлт-

азаттық көтерілістің 100 жылдығына 

орай өтіп,  онда мектеп оқушылары 

бабалар ерлігімен танысты. Сондай-ақ  

кітапхана ұжымының тікелей мұрындық 

болуымен  облыстық  мүгедектерді 

оңалту  және  бейімдеу  орталығының 

емделушілері арасында «Тәуелсіздік – 

елімнің ерлік жолы, жайна мәңгі, тәуелсіз                                                                                                                  

ел - Қазақстан!» атты әдеби-сазды кешін 

және  облыс әкімдігінің мәдениет, архив-

тер және құжаттама басқармасы, «Та-

раз»,

 «Елім-ай», «Достық» жастар мен 



білімгерлер бірлестіктерінің бірлесе 

ұйымдастыруымен  «Тәуелсіздік- 

тұғырым, Қазақ хандығы – ғұмырым» 

атты  көпшілік-мәдени  іс-шара  ая-

сында «Көне Тараз» тарихи-мәдени 

орталығындағы  арнайы  бөлінген 

алаңда  «Жарқын іспен күллі әлемді таң 

қылып, жасай бер, елдігіміз мәңгілік!» 

тақырыбында жас оқырмандар фо-

румы,  Тараз  политехникалық 

колледжінде «Ерлік пен намыстың 

жыр жолдары» әдеби-сазды кеші өтті. 

Әрине, тізбектей берсек, тұғыры биік 

тәуелсіздікті арқау еткен іс-шаралар 

мұнымен  бітпейді.  Ең  бастысы, 

өскелең ұрпақ ата-бабаларымыздың 

аманатындай  болған  тәуелсіздікті 

көздерінің  қарашығындай  сақтап, 

егемен еліміздің атпал азаматтары 

болғай!


 Күлмира ТҰрСЫНбаева,

Ш.Уәлиханов атындағы Жам-

был облыстық әмбебап ғылыми 

кітапхананың мерзімді басылым-

дар секторының меңгерушісі.

 

„

Жергілікті тауар өндірушілердің өндірген өнімдері ел назарына ұсынылды. 



Шынболат СеЙдУалИев

Шаһарда кәсіпкерлік саласына әкімдік тарапынан қолдау 

көрсетіліп келеді. Сол  қолдаудың арқасында қалада шағын 

және орта кәсіп саласы да кең қанат жайып, алға басуда.  ҚР 

Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай қала әкімдігі кәсіпкерлік 

және өнеркәсіп бөлімінің ұйымдастыруымен қалалық мәдениет 

үйінде  жергілікті  тауар  өндірушілердің  көрмесі  өтті.  Онда 

шаһардың 20-ға жуық өнеркәсіп өкілдері өз тауарларын көрмеге 

келушілердің назарына ұсынып, жұмыстарын таныстырды. 

Олардың қатарында елімізге ғана емес, алыс-жақын шетелдерге 

танымал «Қазфосфат» ЖШС, «Жамбылгипс» АҚ, «Арайстрой-

маркет» ЖШС, «ТаразКожОбувь» ЖШС, «Энерджи-Тараз» 

ЖШС бар. 

-  Көрмеде  ауыл  шаруашылық  және  өндірістік  өнімдер 

келушілердің назарына ұсынылуда. Біздің қала өндірістік қала 

болғандықтан, кәсіпкерлердің басым бөлігі осы сала бойынша 

жұмыстарын өркендету үстінде. Оларға Үкімет тарапынан қолдау 

да көрсетіліп жатыр. Мәселен, «Бизнестің жол картасы-2020» 

бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы және 

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры арқылы кәсіпкерлер көмек 

алуда. 2016 жылдың басынан бері 60-тан астам кәсіпкер 14 млрд. 

теңге несие алып, өз істерін алға дөңгелету үстінде,-дейді қала 

әкімдігі кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы Серікжан 

Әбдікерімов. Сондай-ақ ол жеңіл өнеркәсіп саласына да көңіл 

бөлініп келе жатқандығын жеткізді. 

Шаһарда  мемлекеттік  бағдарламалардан  қолдау  тауып, 

кәсібін өрге домалатып жатқан кәсіп иелері баршылық. Сон-

дай кәсіпорындардың бірі - «Mark of profection» ЖШС-і. Ұн 

өнімдерін даярлайтын кәсіпорын жұмысын 2008 жылы бастаған. 

Бастапқыда «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен 

дамытудың бірыңғай бағдарламасы арқылы субсидия алып, 

аяққа тұрып алған. Кейіннен барып «Даму» кәсіпкерлікті дамыту 

қоры арқылы алған қомақты несиеге өндірістерінің өрістерін 

біршама кеңейткен. Бүгінде ұлттық тағам еттің қамырын дай-

ындайтын өндіріс ошағының «Асату» және «Бір асым ет» деп 

аталатын өнімдері өзіміздің облысты, сондай-ақ еліміздің барлық 

аймақтарын қамтып отыр. Мұнымен қоса, олардың өнімдері 

Ресей нарығында да үлкен сұранысқа ие екен. 

-  Қала  әкімдігі  кәсіпкерлік  және  өнеркәсіп  бөлімінің 

ұйымдастырып отырған көрмесі кәсіпкерлерге үлкен қолдау 

болып жатыр. Өнімдерімізбен қала басшылығы келіп танысса, 

тұрғындар біздің өнімге қызығушылықтарын білдіруде. Жалпы 

бүгінде серіктестігіміз 75 адамды тұрақты жұмыспен қамтып 

отыр.  Келер  жылдан  бастап  құрамына  жұмыртқа,  көкөніс, 

өсімдік  шырындары  қосылған  жайма  нандарды  өндіруді                     

жоспарлаудамыз. Сондай-ақ алыс-жақын шетелге шықсақ деген 

меже қойып отырмыз. Айта кететінім, биыл республикалық 

«Сала  көшбасшысы»  байқауының  1-дәрежелі  дипломымен 

марапатталдық,-дейді серіктестік жетекшісі Болат Жетпісбаев.      



1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал