2016 жыл, сәрсенбі



жүктеу 1.19 Mb.

бет2/12
Дата11.03.2017
өлшемі1.19 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Тараз қалалық мәслихаты

хатшысының міндетін атқарушы.                                

Құрметті Тараз 

қаласының тұрғындары!

Индира баЙҚоНЫС

Алқалы жиынды ашып, жүргізген қала басшысы 

шаһарда діни экстремизм мен терроризм көріністерінің 

алдын алудың маңыздылығына кеңінен тоқталып, бұл 

бағытта атқарылып жатқан жұмыстардың жай-жапсарын 

№9,10,11 мобильдік топ жетекшілерінен сұрады.

Алғашқы болып ортаға шыққан қала әкімдігінің эко-

номика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы,  

№9    мобильдік  топтың  жетекшісі  Қайсар  Сарытай 

өзі жетекшілік ететін аумақта ешқандай діни экстре-

мизм мен терроризмнің белгілері байқалмағанын, бұл 

мәселенің  алдын  алу  үшін  бірқатар  іс-шаралардың 

атқарылғандығын жеткізді. Әріптесінің сөзін жалғай һәм 

қайталай жөнелген  қала әкімдігінің сәулет және қала 

құрылысы бөлімінің басшысы, №10 мобильдік топтың 

жетекшісі Ілияс Бекежанов та дінде ешқандай шетін 

мәселенің жоқтығына сендірді. Ал қала әкімдігінің жер 

қатынастары бөлімінің басшысы, №11 мобильдік топтың 

жетекшісі Бақытжан Сүгірбеков тіпті өзі жетекшілік 

ететін аумақта қанша адамның жат діннің ағымына 

ілескенін білмейтінін ашық айтты. 

Мобильдік топ жетекшілерінің есебін мұқият тыңдаған 

Нұржан Сәбитұлы бұл азаматтарға жұмысты ширату 

 

„

Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу - мемлекет саясатының басым 



бағыттарының бірі. Қала әкімі Нұржан Календеровтің төрағалық етуімен қала әкімдігі 

жанындағы Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңес өтіп, онда   мобильдік топ 

жетекшілері есеп берді.

Топ жұмыстарын ширату керек

керектігін, діни экстремизм мен терроризмнің қаупі 

жөнінде  халық  арасында  түсіндіру  жұмыстарын 

жандандыруды, әсіресе жас ұрпақпен жиі кездесулер 

ұйымдастырып тұруды тапсырды.

Жиын  соңында    қала  әкімдігі  жанындағы  Діни 

бірлестіктермен  байланыстар  жөніндегі  кеңестің 

мүшелері тың ойларын ортаға салып,  алдағы 2017 жылға 

арналған жұмыс жоспарын бекітті. 

Кезек күттірмейтін мәселе.   Суретті түсірген Ю.Ефимов.

бірлік - басты құндылығымыз.   Суретті түсірген А.Қартабай.


ТәуелсізДіК-25

4

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №50 (1338), 14 ЖелТоқсан  2016 Жыл  //



 

„

Аймақта халықты жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамытудың бірнеше тетіктері қолға алынып



жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Әсіресе, «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020»  бағдарламасы 

арқылы аталған мәселелер өз шешімін тауып келеді. 

Ниет болса, несие де болады

Индира баЙҚоНЫС   

ҚР Денаулық сақтау және әлеуметтік 

даму  министрлігінің  қолдауымен 

Қ а з а қ с т а н н ы ң   і с к е р   ә й е л д е р 

қауымдастығы  тың  бағдарламаның 

тиімді  тұстарын  халық  арасында 

кеңінен насихаттау және  жамбылдық 

нәзік  жандарды  кәсіпкерлікке  тарту 

мақсатында  брифинг  өткізді.  Оған 

Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен 

қамтуды  үйлестіру  және  әлеуметтік 

бағдарлама лар  басқармасының 

бөлім  басшысы  З.Медетова,  «Ауыл 

шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» 

АҚ Жамбыл облыстық филиалының ма-

маны Ә.Нұралиев, жас кәсіпкерлер мен 

журналистер қатысты. 

Жиында  сөз  алған  Ә.Берікұлы 

«Жұмыспен  қамтудың  жол  картасы  - 

2020»  бағдарламасы  халықты    оқыту 

мен  жұмыспен  қамту  және  кәсібін 

бастағысы келетін азаматтарды қолдауға 

арналғанын айтты. 

- Өз кәсібін ашуды көздейтін кісілер 

«Игілік»,  «Береке»,  «Бірлік»  және 

«Кәсіпкер»  бағдарламалары  арқылы 

кәсіптерін  бастай  алады.  Биыл  бұл 

бағдарлама арқылы несие алуға 782 адам 

өтініш беріп, оның 172-сі несие рәсімдей 

алған. Жоспар бойынша биыл әйелдердің 

үлес  салмағын  30  пайызға  жеткізуді 

көздеген едік. Бірақ бүгінгі таңда олар 

22 пайызды ғана құрап отыр. Біз жыл 

соңына  дейін  міндеттелген  межені 

бағындырамыз деп сенемін,-деді ол. 

Сондай-ақ  Әділет  Берікұлы  аталған 

бағдарлама  аясында  2011-2015  жыл-

дар  аралығында  облыста  222,5  адам 

жұмысқа  орналасқанын  және  35  мың 

адам, оның ішінде 33,5 пайыз әйелдер 

кәсіпкерлік  негіздерінен  оқудан  өтіп, 

өз  жеке  істерін  ұйымдастыру  үшін 

микрокредит  алғанын  жеткізді.  Ал 

З.Медетова  облыста  жұмыссыздар  са-

нын азайтып, кәсіпкерлікке даңғыл жол 

салатын бағдарламаға қатысып жатқан 

жамбылдықтардың  қатары  жыл  санап 

артып отырғанын, бұл мақсатта олар ау-

дан, ауыл тұрғындарымен жиі жүздесіп, 

бағдарламаның  тиімділігін  түсіндіріп 

жатқандарын атап өтті. Бұған қоса, ол 

биылдан бастап «Жұмыспен қамтудың 

жол  картасы  -  2020»  бағдарламасы 

арқылы жеке кәсіптерін бастауды мақсат 

етіп отырған қала тұрғындарына да несие 

берілетінін, бүгіннің өзінде 18 азаматтың 

құжаттары қаралып жатқанын жеткізді. 

Осы ретте айта кететін бір жайт, сала ма-

мандары бұл несиенің сауда-саттықпен, 

яғни  алып-сатарлықпен  айналысуды 

көздейтін  адамдарға  берілмейтінін 

ескертті.

Ал    облыстық  іскер  әйелдер 

қауымдастығының  атқарушы  директо-

ры Х.Оспанова бұл бағдарлама Жамбыл 

өңірінде оның оң нәтиже беріп, әйелдерді 

жұмыспен қамтуға және кәсіпкерлікке 

тартуға зор ықпал етіп отырғанын тілге 

тиек етті.  Алайда әйелдерді жұмыспен 

қамту  бойынша  жүйелі  жұмыстар  әлі 

де  атқарылуы  тиіс.  Себебі  облыста 

жұмыссыз  адамдардың  саны  451  мың 

болса,  әйелдердің үлес салмағы 56 пай-

ызды құрап отыр.



 

„

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай 



Төле би көшесінде «Гүлденген Қазақстан» 

атты монументалды-архитектуралық 

кешенінің ашылу салтанаты болды.

Тәуелсіздік тойына тарту

Қазақстан  Республикасының  2001  жылғы  23 

қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті  

мемлекеттік  басқару  және  өзін-өзі  басқару  туралы» 

Заңының 10-бабының 3-тармағының негізінде, алтыншы 

шақырылған Тараз қалалық мәслихатының кезекті он 

үшінші сессиясы қала әкімі аппаратының мәжіліс залында 

2016 жылдың 23 желтоқсанында сағат 11:00-де болады 

деп, Сіздердің назарларыңызға хабарлаймын.

Кезекті  сессияның  қарауына  келесі  мәселелер 

ұсынылады:

1.  2017-2019  жылдарға  арналған  қалалық  бюджет 

туралы.

2. Тараз қаласы Ішкі істер басқармасының жергілікті 



полиция қызметі бастығының есебін қарау және оның 

қызметін бағалау туралы.

3. 2017 жылға арналған Тараз қалалық мәслихатының 

перспективалық жұмыс жоспарын бекіту туралы.

4. Әртүрлі.

Тұрақты комиссиялардың отырысы 2016 жылдың 23 

желтоқсанында сағат 10:00-де өтеді.

Ғазизжан МадИМаров, 

Тараз калалық мәслихаты 

хатшысының міндетін атқарушы.                                         

МЕНІҢ АғАшЫМ 

МЕНІМЕН БІРГЕ өСЕДІ

 

„

 «Тараз» қонақ үйінің аумағындағы саябаққа Тәуелсіздіктің 25 құрдасы 25 боз арша 



талын отырғызды. 

арайлым ШабдеНова

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай облыс әкімдігінің ішкі 

саясат бөлімі мен табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды 

реттеу  басқармасының  ұйытқы  болуымен  «Менің  ағашым 

менімен бірге өседі» акциясын өткізді. Шараға 25 белсенді 

Егемендіктің құрдасы қатысты. Саламатты өмір салтын наси-

хаттап, жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу және табиғатты 

аялауға баулуды мақсат еткен акцияны облыс әкімдігінің табиғи 

ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының 

басшысы Серік Қойбақов ашты. «Баршаңызды мерейлі мере-

кемен құттықтаймын. Сіздер тәуелсіздігімізбен қатар бой түзеп 

келе жатқан жалынды жастарсыздар. Егемендігіміздің ертеңі  

сіздердің қолдарыңызда. Бүгінгі шараның сіздердің өмірде алар 

өзіндік  орны бар деп ойлаймын. Бұл талдарды тек отырғызып 

қана  қоймай,  алдағы  уақытта  өздеріңіз  бақылауларыңызға  

алыңыздар»  –  деген  басқарма  басшысы  25  жасқа  естелік 

сыйлықтар үлестірді. 

– Бүгінгі шараның жастарға берері мол. Қазақта «Бір тал 

кессең, он тал ек» деп бекер айтылмаған. Тәуелсіздіктің құрдасы 

ретінде  қаламыздың  көркейіп  өсуіне  үлесімді  қосқаныма 

қуаныштымын. Алдағы уақытта өзім отырғызған талды баптап, 

артымнан өсіп келе жатқан іні-қарындастарыма үлгі етемін,–

дейді Тәуелсіздіктің құрдасы Нұржан Туғанбай. 

Аялы ағаш - саялы.

    Суретті түсірген Н.Тұрғынбек.

Тараз қалалық мәслихаты 

депутаттарының 

назарына!

Құралай СеЙСеНбеКҚЫЗЫ  

Монументтің ашылу салтанатына облыс әкімі Кәрім 

Көкірекбаев қатысты.

-  Еліміздің  ең  ұлық  мерекесі  –  Тәуелсіздіктің 

25    жылдығы.  Тараз  қаласының  тарихында  алтын 

әріптермен жазылатын айтулы оқиғаның куәсі болып 

отырмыз.  Бұл  -  тәуелсіздіктің  символы,  ғасырдан-

ғасырға,  атадан  балаға  мұра  болатын  айрықша 

рәміз.  Монументтің жоғарғы жағында орналасқан 

«Қазақстан-2050» стратегиясының белгісі халықтың 

рухын,  ел мәңгілігін, іргесінің беріктігін аңғартады. 

Бірқатар зиялы қауым өкілдері, облыс депутаттарының 

бастамасымен орнатылған осынау ерекше монумент 

Тәуелсіздіктің мерейлі тойына тарту болып  отыр,-

деді облыс әкімі.

Сондай-ақ  ескерткіштің  ашылу  салтанатына  ҚР 

Денсаулық  сақтау    және  әлеуметтік  даму  вице-

министрі  Елжан  Біртанов,  жазушы-публицист 

Арғынбай Бекбосын және ҚР Парламенті Сенатының 

экс-депутаты  Александр  Савченко  қатысып,  ізгі 

тілектерін арнады. 

Триумфалды  арка  пішінде  жоспарланған 

архитектуралық монументтің құрылыс жұмыстарын 

жүргізуші бас мердігер - «Визарт НТ» ЖШС. Туын-

ды  суретші-монументші  Аманат  Назарқұлов  және 

сәулетшілер Асқар Рыспаев, Ильяс Бекежанов, Жүсіп 

Суанбектің шығармашылық композициясы. 

Шығыста  арка  мәңгілік  махаббат  пен  бақыттың 

символын  білдіреді.  Ең  жоғарғы  жағындағы  қара  

шаңырақ – мемлекеттің түп негізі, отбасының бейнесі 

болса, оның жан-жағында түркі халықтарының сим-

волы саналған сегіз бұрышты жұлдыз - Қазақстанның 

болашаққа бастар жолы іспетті. Шаңырақтан төмен 

Елбасының «Мәңгілік Ел» идеясын көрсететін лого-

тип орналасқан. Және де Қазақстанның картасы бей-

неленген жер шары да төменгі жағынан орын теуіпті. 

Сонымен қатар төрт тұғырлы арканың қырлары ою-

өрнекпен безендірілген. Монументтің биіктігі-15,8,  

көлемі-3,5 метр. 

Авторлардың айтуынша, композицияға жер шарын 

қанатымен  қорғап,  аялай  қалықтап  ұшып  жүрген 

көгершіндердің  бейнесін  қосқысы  келген.  Уақыт 

тығыздығына байланысты бұл ой іске аспай қалған. 

Туындыдан  еркіндік  пен  жеңіл  леп  сезілердей 

қарапайым әрі терең мағыналы болуын басты назарға 

алған авторлар ескерткіштің жобасын осыдан үш жыл 

бұрын дайындапты.


//   «Жамбыл - Тараз»  //  №50 (1338), 14 ЖелТоқсан  2016 Жыл  //

5

ТәуелсізДіК-25



білім кілті - болашаққа аманат. 

 Суретті түсірген  Н.Тұрғынбек.

 

„

1986 жылдың желтоқсанында 



қазақ жастары алаңға шығып, 

ұлттық мүдде жолында атқарушы 

билікке өз наразылықтарын білдірді. 

Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен 

тұспа-тұс келіп отырған Желтоқсан 

көтерілісінің 30 жылдығы 

қарсаңында қала әкімі Нұржан 

Календеров желтоқсаншыларды 

марапаттады.

Ерліктері ұмытылмайды

Нұржан СерІКХаНҰлЫ

Игі шара мектеп оқушыларының 

орындауындағы қазақы бимен ашы-

лып, әуезді әнмен жалғасып отыр-

ды. Оқушылар мен ата-аналардың 

қуанышын бөлісуге облыс әкімінің 

орынбасары  Ерқанат  Манжуов, 

қала  әкімі  Нұржан  Календеров 

бастаған бір топ атқамінер азамат-

тар жиналды.  

- Тәуелсіздік алған жылдардан 

бері қалада 8 мектеп, 2 мектепке 

қосымша ғимарат, 25 балабақша, 

2  қосымша  білім  беру  ұйымы  - 

барлығы 37 білім нысаны ашылып, 

балалар игілігіне берілді. Биылдың 

өзінде  бұл  жаңа  мектеп  қалада 

ашылған  екінші  білім  нысаны. 

18 млрд. 300 млн. теңге қалалық 

білім саласына қаражат бөлінген 

екен.  Мұның  бәрі  -  Елбасының 

сара  саясатының  игі  нәтижесі 

және  болашақтағы  инвестиция-

мыз. Оқушылар  тәуелсіздігіміздің 

50-100 жылдығында білімді, абы-

ройлы  ел  азаматы  атанып,  осы 

күнді мақтанышпен еске аларына 

сенімім мол,-деген облыс әкімінің 

орынбасары Ерқанат Нұрбапаұлы  

жаңа мектептің ұстаздар ұжымына, 

оқушыларға толағай табыс тіледі. 

Бұдан әрі облыс әкімінің атынан 

мектепке  плазмалық  теледидар 

табыс етілді. Қуанышы қойнына 

сыймаған  ата-аналардың  аты-

нан  ақын  Абдолла  Бақбергенов 

сөз тізгіндеп, Елбасы Нұрсұлтан                 

Н а з а р б а е в   п е н   же р г і л і кт і 

әкімдіктегі ел азаматтарына алғыс 

айтты. Ерқанат Нұрбапаұлы мен 

облыстық  ардагерлер  кеңесінің 

төрағасы  Еркінбек  Солтыбаев 

салтанатты түрде жаңа мектептің 

 

„

«Кірпіш зауыты» алабында жаңадан бой көтерген 300 орындық №60  орта мектеп аумақ 



тұрғындарының, ата-аналар мен бірталай жыл бойы шалғай білім мекемелеріне табан тоздырып  

жүрген оқушылар үшін көптен күткен сый, тәуелсіздіктің тартуы болды. 

КөпТЕН КүТКЕН ҚуАНЫш

 

„

Қала әкімі Нұржан Календеров ҚР Тәуелсіздік мерекесі 



қарсаңында ел тарихындағы саяси науқындарда белсенді 

жұмыс жүргізген азаматтарды қабылдады. 

Белсенділер марапатталды

Сейділдә ТӨреН

Азаматтарды  қабылдап,  алғыс  білдірген  шаһар  басшысы  Нұржан 

Сәбитұлы әуелі Егемендіктің 25 жылдығымен құттықтап, ширек ғасыр 

уақыт ішінде еліміздің қол жеткізген жетістіктеріне тоқталды. Сондай-ақ 

ол тәуелсіздікпен бірге жасасып келе жатқан киелі шаһардың да өсіп-

өркендеп, ел дамуына қосқан үлесі айтарлықтай екендігін баса айтты. 

Сонымен қатар ел үшін маңызды даталарды тілге тиек еткен қала әкімі 

биылғы  жылдың  наурыз  айында  өткен  Парламент  Мәжілісінің  және 

мәслихат  депутаттарының  сайлауында  шаһар  тұрғындарының  үлкен 

белсенділік танытқандығын баса айтты. Мұнымен қоса, өңіріміздің азамат-

тары өзге елдердегі түрлі сайлауларда комиссия құрамына еніп жүргендігін 

мақтанышпен жеткізді. Содан соң Нұржан Сәбитұлы ҚР Тәуелсіздігінің 25 

жылдығына орай ҚР Орталық сайлау комиссиясының Алғыс хатымен Тараз 

қаласы әкімі аппаратының кеңсе бөлімшесінің басшысы, қалалық аумақтық 

сайлау комиссиясының мүшесі Гүлнар Әбдікерімова, Төле би атындағы 

№8 гимназия директоры Бибіхадиша Шымырова, №7 мектеп-гимназия ди-

ректоры Наталья Исеева, Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжі 

директорының ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары Құралбек 

Игенбай, №53 орта мектеп директорының орынбасары Фарида Шортанба-

ева, Тараз химия-технология колледжінің мамандар бөлімінің меңгерушісі 

Айгүл Ілиясоваларды марапаттады. Сонымен қатар Ресей Федерациясы 

Федералдық Жиналысы Мемлекеттік Думасы депутаттарының сайлауы-

на белсене араласқаны үшін Төле би атындағы №8 гимназия директоры 

Бибіхадиша  Шымырова  мен  облыстық  көші-қон  полиция  басқармасы 

басшысының орынбасары, полиция полковнигі Талғат Базаралиевке облыс 

әкімінің Алғыс хатын тапсырды. 

Жиын соңында Нұржан Календеров марапат иелеріне алдағы уақытта да 

қаламыздың қоғамдық-саяси өміріне белсенділік таныта беретіндіктеріне 

сенім білдірді.  

Индира баЙҚоНЫС

Еркін сұхбаттасу форматында өткен жиында 

қала басшысы Нұржан Сәбитұлы сөз алып, тұғыры 

биік  тәуелсіздіктің  маңдайымызға  бұйыруына 

1986 жылы Алматыда және республиканың өзге 

де  қалаларында  өткен  Желтоқсан  көтерілісіне 

қатысқан  жігерлі  жастардың  қосқан  сүбелі 

үлестерін атап өтіп, көтеріліс қатысушылары мен 

куәгерлерін Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойы-

мен және Желтоқсан көтерілісінің 30 жылдығымен 

құттықтап, бірқатар азаматтарды Алғыс хатпен және 

«Желтоқсанның 30 жылдығы» естелік медалімен 

марапаттады.

- Расында, тәуелсіздік бізге оңай келген жоқ. 

Бұл соқпақ жолда ата-бабаларымыз қаншама сұм 

соғысты бастан кешіп, ерлік көрсетті. Сіздер де 

осыдан 30 жыл бұрын азаттықтың ақ таңы ату үшін, 

ұлттық мүдде жолында алаңға шығып, қайсар мінез 

көрсеттіңіздер. Араға бес жыл салып, яғни 1991 

жылдың 16 желтоқсанында  ғасырлар бойы зарыға 

күткен тәуелсіздікке де қолымыз жетті. Міне, ши-

рек ғасырда егемен еліміз Тұңғыш Президентіміз 

Нұрсұлтан Назарбаевтың жүргізіп отырған са-

лентасын  қиды.  №60  мектеп 

директорының міндетін атқарушы 

Қалдыкүл Әмірбекованың айтуын-

ша,  осы  уақытқа  дейін  №22,6,14 

мектептерінде  оқып  келген 

оқушылар енді өз үйлеріне жақын 

жаңа мектепте білім алатын болады. 

- Нысан құрылысы 2015 жылдың 

шілде  айында  басталды.  Жұмыс 

кестеге  сай  аяқталды.  Жобадағы 

құрылыс  материалдарының 

барлығы  -  жергілікті  өнімдер. 

Кірпіш    өзіміздің  кірпіш  зауы-

тынан  алынды.  Құрылысшылар 

да  жергілікті  азаматтар.  Жұмыс 

толығымен 1 қарашада аяқталған еді. 

Бұл - біздің компания филиалының 

қала  бойынша  ел  игілігіне  беріп 

отырған  алғашқы  нысан,-деді 

«ORNAU  CONSTRUCТION» 

ЖШС филиалының басшысы Айдар 

Әшімжанов.   

-  Тәуелсіздіктің  25  жылымен 

тұспа-тұс Тараз қаласында екінші 

мектеп  бой  көтеріп  отыр.  Сәуір 

айында  Құмшағал  ауылында 

300 орындық мектеп ел игілігіне 

берілсе,  «Кірпіш  зауыты»  ала-

бында  тағы  көптен  күткен  білім 

нысанының тұсауы кесілді. Мектеп-

те екі ауысыммен қазақ және орыс 

тілінде білім беріледі. Және 42 адам 

жұмыспен қамтылып отыр. Олардың 

11-і №14 М.Мақатаев атындағы мек-

тептен ауысып келді. Жаңа мектеп 

110 орындық мәжіліс залымен, 100 

орындық  асханамен,  лингафон-

ды,  мультимедиалық  кабинеттер,  

компьютерлік сыныптар - барлығы 

21  оқу  бөлмесімен  қамтылған. 

Бір сөзбен айтқанда, сапалы білім 

алуға толық жағдай жасалып отыр. 

Болашақ ел жастарының қолында,-

деді қалалық білім бөлімінің басшы-

сы Гүлзия Заурбекова. 

С а л т а н а т т ы   ш а р а   м е к -

теп  оқушыларының  концерттік 

бағдарламасына жалғасты.  

рабдал саясатының арқасында аяғынан нық тұрып, дамушы 

мемлекеттермен иық тірестіруде,-деп ағынан жарылған  қала 

басшысы тараздықтарды мәртебесі биік Тәуелсіздік мерекесімен 

құттықтай келе, ортақ Отанымыз Қазақстанға бақ-береке тіледі.

Бұдан соң Нұржан Календеров Желтоқсан көтерілісіне 

қатысқан жерлестерімізге Алғыс хат пен  «Желтоқсанның 30 

жылдығы» естелік медалін салтанатты түрде тапсырды. Қала 

әкімінің Алғыс хатына Санат Конарбаев, Мұрат Бердалиев,                                                                                                                                 

Эльмира Оспанова, Жанар Қамысбекова, Гүлнар Сыдықова, 

Күлпаш  Есентаева,  Гүлмира  Сағынтаева  ие  болса, 

«Желтоқсанның 30 жылдығы» естелік медалі Досберген  

Сағынтаев, Гауһар Оразбекова, Әбілсейіт Сыдықов және                        

Исмаил Хаджимуратовтарға тапсырылды.

Жиын барысында Желтоқсан көтерілісіне қатысушылар 

мен  куәгерлер өз естелік оқиғаларымен бөлісіп, тағылымды 

әңгіме өрбітті. 

лайықты марапат. 



 

ТәуелсізДіК-25

6

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №50 (1338), 14 ЖелТоқсан  2016 Жыл  //



 

„

Киелі Жамбыл жері - баһадүр батырлар мен орақ тілді ақындардың, жез таңдай әншілер мен 



сайыпқыран спортшылардың құт мекені. Осы өлкеде кіндік қаны тамған, бүгінде ел егемендігін 

нығайтуда әр салада жемісті еңбек етіп жүрген дара таланттар исі қазақтың мақтаныштарына 

айналды. Атпал азаматтар халқымыздың ұлық мерекесі Тәуелсіздік күніне арналған 

жүрекжарды лебіздері мен ой толғаныстарын ортаға салған еді. 

Жақсылық ҮШКЕМПІРОВ, 

Мәскеу Олимпиадасының чемпионы: 

«Бірлік пен еңбек бәрін жеңбек!»

-  Қазақ  халқы  үшін  азаттықтың  ақ  таңы 

оңайлықпен атқан жоқ. Бүгінгідей бақытты әрі 

бейбіт күніміздің артында ата-бабаларымыздың  

ғасырлар  бойы  жүргізген  күрескерлігі, 

мақсатшылдығы, өр намысы жатқанын өскелең 

ұрпақ  бір  сәт  те  есінен  шығармауы  тиіс. 

Бабаларымыздың өн бойында бұлқынған күш 

пен  жұдырықтай  жүрегінде  намыс  болмаса, 

бізге  мынадай  ұланғайыр  дала  мирас  болып 

қалар-қалмасы да белгісіз. Сондықтан Тәуелсіз 

Қазақстанның ұрпағы бабалар рухына тағзым 

етіп,  олардың  ел  үшін  жасаған  жанқиярлық 

ерліктерінен  сабақ  алулары  тиіс.  Расында,              

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, біз  

«Біз - Ұлы Даланың текті перзенттеріміз». Жеті 

атадан аспай қыз алыспайтын, қан тазалығына 

айрықша мән беретін қазақтай дана, текті халық 

жер  бетінде  жоқтың  қасы  болар.  Жаратқанға 

шүкір,  небәрі  тәуелсіздікке  қол  жеткізген  25 

жылдың  ішінде  Қазақ  елі  кемеңгер,  Тұңғыш  

Президентінің арқасында толайым табыстарға 

кенелді.  Әр  салада  жеткен  жетістігімізбен 

мақтана  әрі  шаттана  аламыз.  Ел  басқарған 

білікті басшыларымыз бен  қараша халықтың 

ерен еңбегі ақталып, егемен еліміз дамыған 50 

мемлекеттің қатарына қосылды. Дамудың даңғыл 

жолына түскен Қазақстан алдағы уақытта үздік 

30 елдің санатынан көріну үшін әлемдік қаржы 

дағдарысына қарамастан еңбек етуде. Бұйыртса, 

ол  күнге  де  жетерміз.  Ал  тәуелсіздік  өзінің 

алтын тұғырына қонған ширек ғасыр уақытта 

қазақ спортшыларының да айы оңынан туып, 

саңлақтарымыз  биік  белестерді  бағындырды. 

Осы орайда айта кететін бір жайт, дербес  елдің 

Мемлекеттік  Туы  мен  Гимні  екі  жағдайда 

ғана  дүние  жүзі  халықтарының  назарына 

ұсынылады. Біріншісі - Президентіміздің өзге 

бір елге мемлекеттік іссапармен барған кезде, 

екіншісі - ел мерейін үстем еткен спортшыла-

рымыз дүбірлі додаларда топ жарған жұлдызды 

сәтінде.  Бүгінгі спортшыларымыз бақытты деп 

айтып  жүремін.  Себебі  біздің  уақытта,  яғни 

Кеңес дәуірінде қазақтың қаракөздері Тәуелсіз 

Қазақстанның намысын қорғаған жоқ. Ал бүгін 

бәрі де керісінше.  Өмірлерін спортқа арнаған 

жандарға мемлекетіміз барлық жағдайды жасап 

берді. Тіпті, қарапайым халық үшін де зәулім 

спорт  сарайлары  қалтқысыз  қызмет  етуде.  

Жалпы қазаққа тәуелсіздікті сақтау әрі нығайту 

үшін  мызғымас  бірлік  пен  ерен  еңбек  қана 

қажет. Мен  бұл сөзді ізімді басып келе жатқан 

іні-қарындастарыма айтудан шаршаған емеспін. 

Жалқаулық, неқұрайлық, бір сәттік қызығушылық 

жақсылыққа  жеткізбейді.  Міне,  жастарымыз 

осыны түсініп, бабалар аманатына адал болып, 

тәуелсіздікті көздерінің қарашығындай сақтаса 

деймін. Мен барша отандастарымды мерейлі 

мерекеміз Тәуелсіздік күнімен шын жүректен 

құттықтаймын. Егемен еліміздің іргесі берік, 

келешегі кемел болсын!

Оразкүл АСАНҒАЗЫ, 

мемлекет және қоғам  қайраткері: 

«Той тойлай отырып, ой бағайық, ағайын!»

- Тәуелсіздік - Қазақ елінің ұлық мерекесі. 

Ақиқатында,  азаттық  бізге  азаппен  келді. 

Қаншама ұрпақ осы бір қадірлі дүниенің жо-

лында құрбан болып, жандарын қиды. Қазақтың 

қайсар ақыны Жұбан Молдағалиев айтқандай, 

біз «мың өліп, мың тірілген халықпыз».  Талай 

зұлмат заманды бастан кешіп, тар жолда тайғақ 

кешсек те аман қалдық, өр рухымыз  өлген жоқ.  

Жаудан қайтпаған қазақ бабамыз Ұлы Даласын 

кеудесінен шыбын жаны шыққанша қорғады. 

Киелі  Жамбыл  өңірінде  Қазақ  хандығының 

туын  тіккен  Жәнібек  пен  Керей  хандардың 

даралығы мен даналығына кейінгі ұрпақ нұқсан 

келтірген жоқ. Тіпті, орыстардың қол астын-

да  өмір  сүрген  халқымыз  тәуелсіздік  үшін 

ұдайы  күресті.  Шоқан  Уәлиханов,  Ыбырай                                                                   

Алтынсарин, Абай Құнанбаевтар ұлтымызды 

білімге шақырса, ХХ ғасырдың басында Алашор-

да үкіметін құрған Әлихан Бөкейханов, Ахмет 

Байтұрсынов,  Міржақып  Дулатовтар  қазаққа 

адал қызмет етті.   Ал 1986 жылы Қайрат, Ләззат 

бастаған  жастарымыздың  алаңға  шығуы    70 

жылдай Кеңес үкіметіне бодан болған қазақтың 

өр рухы өшпегенін дәлелдеп берді.  Міне, осының 

бәрі  тәуелсіздік  үшін  жасалған  ұлы  ерліктер 

еді.  Тәуба,  1991  жылдың  16  желтоқсанында 

Қазақстан тәуелсіз мемлекет болып жарияланды. 

Сол күннен бастап, еліміз тек дамуға, өрлеуге 

бет  алды.  Әлбетте,  мұның  бәрі  Елбасымыз 

Нұрсұлтан Назарбаевтың жүргізген  салиқалы 

саясатының,  Ұлт  көшбасшысын  қолдаған 

халықтың арқасы деп айтуға толық негіз бар. Біз 

25 жылдың ішінде, қуатты, әлем мойындаған, 

дамудың  даңғыл  жолына  түскен  мемлекетке 

айнала білдік. Шекарамызды шегендеп, шетел 

асқан қандастарымызды туған елімізге шақырып, 

бауырымызға  бастық.  Кеңес  үкіметі  тұсында 

өлуге шақ қалған тілімізді қайта тірілтіп, жан 

бітірдік десек, артық айтқандық болмас. Құдайға 

шүкір, бүгінгі таңда қазақтардың үлес салмағы 

70  пайызды  құрап  отыр.  Ана  тілімізде  білім 

алатын мектеп оқушылары мен студенттердің 

үлес  салмағы  60-70  пайызға  жетті.  Әрине, 

мұның  бәрі  ана  тіліміздің  өз  тұғырына  қона 

бастағанын  көрсетеді.  Тек    әр  қазақ  өз  тілін 

анасындай ардақтап, оның көсегесінің көгеруіне 

жан жүрегімен ықпал етсе болғаны. Әр қазақ 

отбасында қазақтың тіліне, діліне, дініне, төл та-

рихына деген зор құрмет болса, ұлттық рухымыз 

асқақтап, мемлекетіміз де Мәңгілік Елге айналары 

сөзсіз. Біз Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойын 

тойлай отырып, терең ой бағуға, егемендігімізді 

нығайтудың  тың  жолдарын  табуды  қаперден 

шығармауға тиіспіз. Себебі сан ғасырлар бойы 

аңсап, қолымыз жеткен тәуелсіздіктің ғұмырын 

ұзақ қылу - әр қазақтың перзенттік борышы. Осы-

нау ұлы міндетті ұмытуға  ешбіріміздің хақымыз 

жоқ.    Осы  тұста  тәуелсіздікті  нығайтуға  зор 

үлестерін қосып келе жатқан жерлестерімді Ұлы 

Даланың ұлық мерекесі Тәуелсіздігіміздің ширек 

ғасырлық мерейтойымен құттықтап, Отанымыз 

Қазақ еліне бақ-береке тілеймін. 

Бақытжан ЕРТАЕВ, Халық қаһарманы, ҚР 

Парламенті Мәжілісінің депутаты: 

«Ширек ғасырда бағындырған белес көп»

- Қазақ халқы осыдан 25 жыл бұрын ғасырлар 

бойы  аңсаған  азаттыққа  қол  жеткізді.  Міне, 

содан  ширек  ғасыр  уақыт  та  өте  шығыпты. 

Бір қарағанда, бұл тым көп мерзім емес. Бірақ 

Тәуелсіз Қазақстан осы жылдарда ғасырға бергісіз 

жолдардан жүріп өтті. Біз осы жылдар аралығында 

орасан зор істерге құлаш ұрып, биік белестерді 

бағындырдық. Мұның артында сөзсіз ҚР Тұңғыш 

Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жүргізген са-

рабдал саясаты тұр. Елбасы ә дегеннен әуелі эконо-

мика, сосын саясат қағидасын берік ұстанып, жас 

мемлекетімізді аяғынан тік тұрғызды. 1997 жылы 

Елбасы ұсынған «Қазақстан-2030» Даму страте-

гиясы 2012 жылы өз міндетін мерзімінен бұрын 

аяқтап, нәтижесінде, Қазақстан әлемнің дамыған 

50 елінің қатарына енді. Одан кейін «Қазақстан - 

2050» стратегиялық міндеті қабылданып, әлемнің 

ең дамыған 30 елінің қатарына кіру міндеті алға 



1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал