2016 жыл, сәрсенбі



жүктеу 1.19 Mb.

бет12/12
Дата11.03.2017
өлшемі1.19 Mb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Жазира баЙҒҰлИева, 

№53 орта мектептің ағылшын тілдері 

әдістемелік бірлестік жетекшісі.

 

„

үштілділік Елбасымыздың: «Тілдердің үштұғырлығы» мәдени 



жобасын кезеңдеп жүзеге асыруды қолға алуды ұсынамын. Қазақстан 

бүкіл әлемге халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде 

танылуға тиіс.  Бұлар:  қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс                       

тілі - ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі - жаһандық 

экономикаға ойдағыдай кіру тілі» деген салиқалы үндеуінен 

бастау алған болатын.

Қоғамдық тіл инспекциясы күш алды

Қоғамдық тіл инспекциясының негізгі мақсаты – мемлекеттік емес мекемелер, оның ішінде 

ҮЕҰ, ұлттық компания, кәсіпорын, ЖШС, АҚ және т.б. заңды тұлғалар қызметіне мемлекеттік 

тілді ендіру, сыртқы көрнекі ақпарат, жарнама, деректемелер тілі, кіріс-шығыс, бухгалтерлік-есеп, 

қаржы-статистикалық және техникалық құжаттарды мемлекеттік тілде жүзеге асыру бағытында 

шаралар ұйымдастыру және мекемелерге ақпараттық көмек көрсету.

Бүгінгі күнге инспекцияның 3 отырысы өтті. Онда Сарысу, Талас аудандары мен Тараз қаласында 

орналасқан 200 мемлекеттік емес мекеменің жай-күйлері қарастырылды. Кеткен кемшіліктер мен 

орны толтырылған олқылықтар отырыстың күн тәртібіндегі өзекті мәселесіне қойылды.

Инспекция облыстық ХҚКО қарасты бес бөлімнің, екінші деңгейдегі банктердің мемлекеттік тіл 

саясатын іске асыру барысын майшаммен қарады. Сондай-ақ «KOMEK.DEMEU.KZ» қоғамдық 

қоры, «Жамбыл облыстық еріктілер қозғалысы» қоғамдық қоры, «SANA» оқыту орталығы» 

ЖШС, «Семсер Гарант» ЖШС, «RBS-Тараз» ЖШС мекемелерінде хаттама, бұйрық, қызметтік 

хаттар мен кепілдік хаттарында кемшіліктер анықталып, онда кеткен қателіктер жолға қойылып, 

іс-қағаздардың мемлекеттік тілде жазылуына ықпал етілді.

Аталмыш жоба өңірде алғаш рет іске асырылып жатқаны белгілі.  Жоба барысында бірқатар 

күрделенген мәселелер туындады. Атап айтар болсақ, екінші деңгейдегі банк басшыларының 

инспекция мүшелеріне мекеменің құжаттарын бермеуі, облыс аумағында тіркелген жауапкершілігі 

шектеулі серіктестіктер мен қоғамдық бірлестіктердің заңды мекенжайында болмауы, олардың 

кейбірі өз қызметін тоқтатқанмен, мемлекеттік органдарында тіркелмеуі сынды мәселелер алдан 

шығып отыр. 

Осыған орай, Қоғамдық тіл инспекциясын республикамызда алғаш болып бастаған Батыс 

Қазақстан облысы екендігі белгілі. 6 жылдан бері жобаны іске асырып келе жатқан Батыс 

Қазақстан облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының ономастикалық жұмыстар және 

көрнекі ақпараттарды бақылау бөлімінің басшысы Гүлнар Әлжанованың қатысуымен арнайы 

оқыту-семинары өткізілді. Семинар барысында көптеген мәселелердің шешімдері қаралып, 

алдағы уақытта ол мәселелерді қаперге алуды мақсат етіп қойды. Мысалы, инспекция қатарына 

еріктілерді тарту, оның ішінде студенттер мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарды кең көлемде тарту 

мәселесін алдағы жылдың еншісіне қалдырдық.

Серікбол берІКҚоЖа,

Қоғамдық тіл инспекциясының төрағасы

Тараз қалалық мәслихатының депутаты.

 

„

«Жаңа-Ру» жастар коалициясының қауымдастығы» заңды тұлғалар 



бірлестігі Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының 

қолдауымен осы жылдың тамыз айында Қоғамдық тіл инспекциясы 

жұмысын бастады. 

Нұржан СерІКХаНҰлЫ

Ширек  ғасырлық  мерейтойға    арналған 

25  жұлдызды  күндер  аясында  «Ұлы  Дала 

Елі  –  Тәуелсіздіктің  25  негізі»  атты  іс-

шаралар жоспарындағы  73-тармаққа сәйкес, 

еліміздің барлық аймақтарындағы ойын-сауық 

кешендерінде  «Сарыарқа»  күйін  орындау-

дан  домбырашылардың  флешмобын  өткізу 

жоспарланған  болатын.  Осыған  орай,  Жам-

был  облысы  әкімдігі  мәдениет,  архивтер 

және құжаттама басқармасының қолдауымен 

облыстық  филармонияның  өнер  ұжымының 

ұйымдастыруымен  «Скиф  Трейд»  сауда 

орталығында 80-нен аса әртіс пен 200-ге жуық 

көрерменді қамтыған, бір мезетте «Сарыарқа» 

күйі орындалған үлкен шара өтті.  Тарихи ту-

ындыда  халық мінезі, өмірі, қадір-қасиеті, ел 

мекендеген дала бейнесі - барлығы қамтылған. 

Сарыарқы  -  халық  пен  даланың  кеңдігін, 

классикалық  күй  өнері  сияқты  шексіздігін 

танытып, ғасырларға жаңғырған  жүрек үні. 

Бүгінде  өнерімен  төрткүл  дүниеге  таны-

лып  отырған  қуатты  мемлекеттердің  бәрі 

бірдей  бағзы  замандардағы  болмысын, 

салтын  паш  ететін  құндылықтарын  толық 

сақтап, мына заманға сол бастапқы қалпында 

жеткізіп  отыр  деп  айту  қиын.  Ал  қазақтың 

қара ағаштан ойылған домбырасы мен оның 

көмейінен  төгілетін,  саналы  тіршілік  иесі 

адам  тұрмақ,  ботасы  өлген  інгеннің  де    тас 

емшегін  жібітерлік  әуез  болып  құйылатын 

күй  өнері  бүгінгі  ұрпаққа  еш  өзгеріссіз, 

мінсіз қалпында  жетті. Сондықтан да қуғын-

сүргінге  ұшырап  жүрген  шағында  жазылған 

Құрманғазының  «Сарыарқасы»  -  бүгінде 

ұлт  мәдениетінің  шығармашылық  шыңында 

тұрған  ең  құнды  рухани  жәдігерлеріміздің 

бірегейі.  Оған  тараздықтар  іс-шара  бары-

сында  теңіздей  толқып,  әсерлі  тебіреніспен 

көз  жеткізді.  Бағдарламада  филармонияның 

Қазақ  ұлт-аспаптар  оркестрі,  «Алатау» 

фольклорлық ансамблі және Тараз қаласындағы 

«Физика-математикалық  бағыттағы  Назар-

баев  Зияткерлік  мектебі»  ДБО  өнерпаздары 

өнер  көрсетті.  Осы  күні  сауда  орталығына 

келген  қала  тұрғындары  мен  қонақтары 

Қазақ  ұлт-аспаптар  оркестрінің  орындауын-

да  С.Мұхамеджановтың  «Шаттық-Отан», 

Ә.Желдібаевтың «Әулиеата», Құрманғазының 

«Балбырауын»,  М  Әубәкіровтің  «Талас», 

Н.Тілендиевтің «Махамбет» сынды күйлерін 

тыңдаса, «Алатау» фольклорлық ансамблінің 

сүйемелдеуімен  филармония  әншілерінің 

орындауындағы  халық  әндерімен  құлақ 

құрышын қандырды. Жұртшылық  әртістермен 

бірге  қосылып  ақын  Қадыр  Мырза  Әлінің 

сөзіне  жазылып,  жарты  ғасырға  жуық  қазақ 

жүрегінің  жырына  айналған    Халық  әртісі 

Ескендір  Хасанғалиевтің  «Атамекен»  әнін 

бірге орындады. Маңдайдан сипаған самалды 

алаштың  алақанына,  ал  аспанмен  астасып, 

көкжиекке арқа сүйеген асқар тауын қазақтың 

мәртебесіне  балаған  бұл  әннің  жалыны 

өткенімізді  тірілтіп,  болашағымызға  күннің 

бояуын  жаққандай  әсер  қалдырды.  Осыдан 

табаны күректей отыз жыл бұрын 1986 жылы 

тәуелсіздіктің  туын  көтеріп,  шыбын  жаны 

оққа қарсы ұшқан Желтоқсан жастары да осы 

әнмен алаңға алаулағаны бесенеден белгілі. Бір 

сөзбен айтсақ, бұл – әр сөзі қазақ деп айқайлап 

тұрған ән. Оның құдіреті тәуелсіз қазақ елінің 

де жүрек ұранына айналған. Сауда үйінде өткен 

думан «Сарыарқа»  күйімен өз мәресіне жетті.  

Қызықты думанмен өткен флешмоб баршаға 

патриоттық  сезім    сыйлап,  рухты  жыр  мен 

патриоттық  сазға  әуелеген  әулиеаталықтар 

көтеріңкі көңіл-күймен  тарқасты.

 

„

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай көне шаһардың күміс 



көмей әншілері мен өнерпаздары бір сәтте бүкіл қазақ халқының 

еркіндікке, азаттыққа деген құлшынысының айқын көрінісіне 

айналған  Құрманғазының «Сарыарқа» күйінің салтанатты 

сарынымен флешмоб ұйымдастырды. 

24

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №50 (1338), 14 ЖелТоқсан  2016 Жыл  //



 «САРЫАРҚА» - 

АзАТТЫҚТЫҢ өР МІНЕзІ

Құттықтау!

Әбдиевтер әулетінің жанашыры, үлкенге 

іні, ініге сырлас дос, бауырға қамқор ел 

ағасы Қали Сейілбекұлы Әбдиев асқаралы 

алпыс жасқа толып отыр. Ел ғылымына 

елеулі үлес қосқан ғалым, талай шәкірт 

тәрбиелеген  ұстаз,  атпал  азамат  Қали 

Сейілбекұлы өмірлік жары Сәуле Сұлтанқызы 

екеуі алтындай ұрпақ тәрбиелеп өсірді. Талай 

жақсылықтың  жаршысы,  игі  бастамалардың 

басында  жүретін  Сіздермен  біз  мақтанамыз. 

Мағыналы да мәнді ғұмырыңыз баянды болғай! 

Ұл-қыздарыңыздың  қызығын  көріңіздер! 

Мерейлі жастарыңыз құтты болсын! Біз Сіздерді 

жақсы көреміз!

Тағдыр – майдан жан берер сөнген күнге,

Жоқты жонып, қолдағы барды сүру.

Ер ғұмыры – ерлік қой елмен бірге,

Әйел заты онсыз да мәңгі сұлу.

Тіршіліктің қашанда бағалы аты,

Жанартау боп бас иген заман да оған.

Мына өмір – Алланың аманаты,

Махаббаты – алпыс жыл алаулаған.

Ұлағат боп ұрпаққа жалғасқандай,

Ұстаздығың қашанда көпке үлгі.

Алпыс жасың салмақты алдаспандай,

Жеңгеміздей  жүзінің өткірлігі.

Бақыт қолдап дәулетті жанның арын,

Аспанындай әулеттің асқарындай.

Тау тарихқа айналсын тағдырларың,

Алпыс томдық алаштың дастанындай!

әбдиевтер әулеті

ТәуелсізДіК-25

Ғасырларға жаңғырған жүрек үні.

   




1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал