2016 жыл, сәрсенбі



жүктеу 1.19 Mb.

бет1/12
Дата11.03.2017
өлшемі1.19 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

 №50 (1338) 14 желтоқсан

 

2016 жыл, сәрсенбі



www.z-taraz.kz

Құрметті Тараз 

қаласының 

тұрғындары!

С і зд е рд і   а с а   кие л і  де 

қастерлі  мереке  –  Қазақстан 

Республикасының Тәуелсіздік 

к ү н і м е н   ш ы н   ж ү р е кт е н 

құттықтаймын.

Бұл мереке – біздің тарихы-

мызбен тамырлас, рухымызбен 

үндес, болашағымыз үшін аса 

маңызды саналатын ерекше күн.  

Еліміз  тәуелсіздікке  қол 

жеткізген  ширек  ғасырға 

жуық уақыт ішінде Қазақстан                  

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан 

Әбішұлы Назарбаевтың білікті 

басшылығымен  бірқатар 

қоғамдық-саяси,  әлеуметтік-

экономикалық  реформаларды 

сәтті  жүзеге  асырып,  өзінің 

ішкі-сыртқы  с аяс атт ағы 

сындарлы  болмыс-бітімін 

қалыптастырып  үлгерді. 

Экономикалық қуатын нықтап, 

әлеуметтік  міндеттемелерін 

тиянақты жүзеге асырып келеді. 

Білім мен ғылым, шаруашылық 

салалары жаңа технологиядан 

қалыс қалмай, заман ағымымен 

ілесе  дамуда.  «Мәңгілік  Ел» 

идеясының маңына топтасқан 

қазақстандықтардың  мақсат-

міндеттерінің  барлығы  да 

бүгінгі күні «Қазақстан-2050» 

стратегиясы  мен  «100  нақты 

қадам»  Ұлт  жоспарынан, 

«Нұрлы  жол»  мемлекеттік 

бағдарламасының  аясынан               

туындап отыр. 

Қазақстанның  тарихында 

түбегейлі бетбұрыс басталды. 

Жүргізіліп отырған саясаттың 

арқасында  халқымыз  жаңа 

дәуірге қадам басып, «Мәңгілік 

Е л д і ң »   н е г і з і   қ а л а н д ы . 

Қазақстанның  ұлтаралық 

бірлік пен келісім тәжірибесі 

көптеген елдер үшін үлгі болып 

табылады.  Елімізде    140-тан 

астам ұлттар мен ұлыстар бір 

шаңырақ  астында  тату-тәтті 

өмір сүруде. 

Жылдан-жылға  әлеуметтік-

экономикалық  тұрғыда  тек 

алға  ілгерілеп,  ел  халқының 

әл-ауқаты артып келеді. Қала 

азаматтарының  еліміздің 

өсіп-өркендеуіне қосқан үлесі 

зор.  Тәуелсіздік  жылдары 

бір  ғана  облыс  орталығында                                                             

«Астана»  және  «Бәйтерек», 

«Арай»  мөлтек  ауданда-

ры  тұрғызылып,  11  мектеп, 

56  мектепке  дейінгі  мекеме, 

екі  мектептен  тыс  балалар 

шығармашылығы  орталығы, 

алты  денсаулық  нысаны,  бір 

мәдениет  және  алты  спорт 

кешені пайдалануға берілді.

Тәуелсіздік  -  туған  жерін,                                                                 

О т а н ы н   с ү й г е н   ә р б і р 

қазақстандық үшін  ұлы бақыт 

әрі үлкен қуаныш. Тәуелсіздіктің 

25 жылдығында ғасырға бергісіз 

жолдан өтіп, ауқымды жағынан 

орасан  зор  табыстарға  қол 

жеткіздік. 

Тәуелсіздіктің  тал  бесігінде 

тербелген ардақты ағайындар, 

мереке құтты болсын! Бүгінгі 

мерейлі  мерекемен  қаланың 

барлық тұрғындарын құттықтап, 

әр  отбасының  шаңырағына 

ырыс-береке,    халқымыз 

ау ы з б і р ш і л і к т е   б о л ы п , 

бүгінгіден де тамаша кезеңдерге 

бірге  жете  берейік  деген  игі 

тілегімді білдіргім келеді.



Нұржан КалеНдеров,

Тараз қаласының әкімі.

МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ 

МҰРАТЫ

Сан ғасыр аңсап жеткен тәуелсіздіктің ғұмырын ұзақ қылу - әр қазақтың 

перзенттік борышы.

Оразкүл Асанғазы,

мемлекет және қоғам қайраткері.

 

6-бет.

 

„

Тәуелсіздік - ұлық мереке! Дәл осыдан 25 жыл бұрын алты алаштың асыл арманы ақиқатқа айналып, азаттықтың 



ақ таңы арайлап атты. Мерейлі мереке қарсаңында көне шаһарда «Гүлденген Қазақстан» атты монументалды-

архитектуралық кешені бой көтеріп, тараздықтар мерекені ұлықтады.  



ҚР «Пошта туралы» Заңының нормаларының өзгеруіне байланысты тіркелмеген пошта 

жөнелтілімдеріне тыйым салу жөнінде.

«Қазпошта» АҚ Жамбыл облыстық филиалы, ҚР «Пошта туралы» Заңының 10-бабы  4-тармағына 

сәйкес, тіркелмеген пошта жөнелтілімдерін мемлекеттік органдар арасында және мемлекеттік 

заңды тұлғаларға, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаларға  жазбаша жауап жіберілу барысында 

тіркелмеген пошта жөнелтілімдерін жөнелтуге тыйым салынғанын хабарлайды.

Хаттарды жөнелту заңды тұлғалар арасында Қазақстан Республикасы аумағында тапсырыс хат-

тармен ғана жүзеге асырылады.

Осыған байланысты, 2017 жылға арналған бюджетті жоспарлау кезінде пошта жөнелтілімдерін 

жіберу шығыстарын ҚР «Пошта туралы» Заңының  10-бабы 4-тармағын ескере отырып салуы қажет.

«Қазпошта» аҚ  

Жамбыл облыстық филиалы.

 

4-бет.



Хабарландыру!

ҚАлА-ҚАрбАлАс

2

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №50 (1338), 14 ЖелТоқсан  2016 Жыл  //



ТҰғЫРЫМЫз, ғҰМЫРЫМЫз –

ТӘуЕЛСІзДІК

Нұржан СерІКХаНҰлЫ

Салтанатты жиын облыс әкімдігінің мәжіліс залын-

да өңір басшысы Кәрім Көкірекбаевтың қатысуымен 

өтті.  Басқосуда  өңірдің  әлеуметтік-экономикалық 

және    мәдени    дамуына  үздіксіз  үлес  қосып  келе 

жатқан 70-тен астам азаматтың аттары аталып, оларға 

жоғары  дәрежелі  мемлекеттік    наградалар  табыс 

етілді.   Олар:  өнеркәсіптік және  ауыл шаруашылығы  

кәсіпорындарының қызметкерлері,  мәдениет, білім беру, 

денсаулық сақтау мекемелерінің, бұқаралық ақпарат  

құралдарының  өкілдері, мемлекеттік  қызметкерлер,  

еңбек ардагерлері.

- Тәуелсіздіктің 25 жылында еліміз өз алдына қойған 

мақсаттарына толық қол жеткізді десек, артық айтқандық 

емес. Ең бастысы, Қазақстан  дамыған елу мемлекеттің 

қатарына енді. «Қазақстан - 2030» стратегиясы мерзімінен 

бұрын орындалды. «Қазақстан - 2050» жаңа стратеги-

ясы, Ұлт жоспары «100 нақты қадамда» белгіленген 

межелер өз деңгейінде орындалды. Мәңгілік Елге қадам 

бастық. Осының бәрі - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы 

Назарбаевтың дана да парасатты саясатының нәтижесі. 

Мемлекетіміз қаншама қиыншылықтарды бастан кешірді. 

Осы отырған барлығыңыз сонау 90-жылдардан бері 25 

жыл бойы сол қиыншылықтарды арқалап жүріп, бірге 

жеңе білдіңіздер. 1999 жылдары бюджетте бар-жоғы 

5-ақ млрд. теңге болатын. Ал қазір 200-300 млрд. теңге. 

Ол кезде ауылдарда электр жарығы жоқ. Балалардың 

жәрдемақысы 4-5 жылдап алынбады, зейнетақы, жалақы  

уақытылы төленбеді. Сол қиыншылықтармен қатар, 

жетістіктерді де мақтанышпен айта аламыз. Жамбыл 

өңірінің 25 жылдыққа қосқан үлесі де айтарлықтай. 

Ширек ғасырдың ішінде өңірде 3 млн. шаршы метр жерге 

тұрғын үй соғылды. Одан бөлек 132 білім, 162 денсаулық, 

302 спорттық нысан салынды. «Батыс Еуропа – Батыс 

Қытай» халықаралық көлік дәлізі толығымен аяқталды. 

Газ бұрын 48 елді мекенде ғана болған еді. Қазір  158 

елді мекен газдандырылды.  Сапалы жолдарымыз 75 

пайызға жетті. Индустриалдық карта бойынша айтсақ, 

Жамбыл өңірі аграрлық өңір болғандықтан мал, егін 

шаруашылығымен айналыстық. Өндіріс саласы бойынша 

бір ғана «Қазфосфат» бар еді. Қазір 49 жоба бойынша 173 

млрд. теңгеге 6 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары 

ашылды. Көптеген күрделі жобаларымыз осы 25 жылдың 

ішінде атқарылды. Бұл жетістіктің барлығы - Мемлекет 



 

„

Тұғыры биік Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай кеше Елбасы Жарлығымен мемлекеттік    



және   қоғамдық   қызметте   сіңірген сүбелі  еңбегі мен елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына 

қосқан салмақты үлесі үшін  жүзге жуық азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Мереке қарсаңындағы мерей, құрмет.   Суретті түсірген Н.Тұрғынбек.

басшысының және осы отырған барлықтарыңыздың 

еңб


ектеріңіздің арқасы,-деген Кәрім Нәсбекұлы 40-қа 

жуық азаматқа «Ерен еңбегі үшін» медалін, 3 азаматқа 

«Шапағат» медалін салтанатты түрде табыс етті. Бірінші 

аталған марапат тізімінде Тараз қаласының әкімі Нұржан 

Календеровтің де аты аталды. Осы уақытқа дейін 4 

мың адамға ота жасап, оларды ажалдан арашалап 

қалған «Жүрек» кардиохирургиялық клиникасының 

директоры Абдуталып Ашировқа «Шапағат» медаліне 

қоса, «Жамбыл облысының Құрметті азаматы» атағы 

берілді. Ал өз саласының шылбырын ұстап, шыңына 

шыққан 18 азамат Қазақстан Республикасының Құрмет 

грамотасымен марапатталды. Және Жамбыл облысының 

әкімі Кәрім Нәсбекұлы мен орынбасарлары Бекболат 

Орынбеков, Абдалы Нұралиев, Ерқанат Манжуов, Тимур 

Жанке, облыс әкімі аппаратының басшысы Рахматілдә 

Рахманбердиев және облыстық мәслихаттың хатшысы 

Бағлан Қарашолақов «Қазақстан Республикасының 

Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен наградталды. 

Ал 11 азамат «Жамбыл облысының Құрметті азаматы»   

атанды. Олардың қатарында «Луговой жылқы зауыты» 

ЖШС басшысы Халит Базаралиев пен 98 жастағы еңбек 

ардагері Марзия Ибрагимовалар бар. Бұдан әрі мара-

паттау шарасы «Баласағұн» орталық концерт залында 

жалғасты. Мерекелік сахна мінберінде облыс басшысы 

мемлекетіміздің 25 жыл ішінде басқан әр қадамын 

жіпке тізіп айтып өтті. Мемлекетіміздің қорғаны болған 

Қарулы Күштерімізді, ана тілінің мәртебесін,  жалпы 

айтқанда, түркі әлемінің қара шаңырағына айналған қазақ 

даласының жетістіктері Тәуелсіздіктің жемісі, Елбасының 

жеңісі екендігін баса айтты. Келесі жылы өткелі отырған 

«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін де тілге тиек етті.  

-     Ел Тәуелсіздігінің 25 жылында Қазақстан та-

мырын тереңге жайған, алып бәйтерегі бүршік атқан, 

самұрық  құсы  қолына  қонған,  ұрпағына  шуағын 

шашқан ел белесіне көтерілді. Бүгінде біз - әлем 

мойындаған, әлемдік өркениет көшінде өзіндік бет-

бейнесі, мақтан тұтар мәдениеті, лайықты салт-дәстүрі  

бар    біртұтас  мемлекетпіз.  Біздің  тұғырымыз  да, 

ғұмырымыз да - Тәуелсіздік! Барша облыс жұртшылығын 

ел Тәуелсіздігінің 25  жылдық ұлық мерекесімен шын 

жүректен құттықтаймын. Отбасыларыңызға амандық, 

дендеріңізге саулық тілеймін. Тәуелсіздік күні қарсаңында  

Президент  Жарлығымен жамбылдықтардың үлкен 

тобы жоғары мемлекеттік наградалармен марапатталып 

отыр. Енді  Елбасының тапсырмасына сәйкес жоғары 

мәртебелі миссияны орындап, мемлекеттік наградалар-

ды тапсыруға рұқсат етіңіздер,-деген облыс басшысы 

III дәрежелі «Барыс» орденімен журналист, қоғам 

қайраткері Арғынбай Бекбосынды, Жамбыл облыстық 

Қоғамдық кеңесінің төрағасы Жандар Кәрібайұлы мен 

облыстық мәслихат депутаты Асаубай Майлыбаевты 

«Парасат» орденімен, «Жақын және алыс шетелдердегі 

мүгедектердің халықаралық қоғамдық қозғалысы» 

қоғамдық бірлестігінің Халықаралық кеңесінің төрағасы 

Сергей Чуйковты II дәрежелі «Достық» орденімен 

және 14 азаматты «Құрмет», тағы 3 азаматты «Еңбек 

Даңқы» орденімен марапаттады. Марапаттау рәсімінен 

кейін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-

министрі Елжан Біртанов сөз тізгіндеп, еліміздегі саяси 

тұрақтылық пен экономикалық-әлеуметтік саладағы 

қайта жаңғыртуларды, қазақстандықтардың өмір сүру 

сапасының жылдан-жылға жақсарып келе жатқандығын 

мақтанышпен жеткізді.  Салтанатты жиын мерекелік 

концертке жалғасты. 



арайлым ШабдеНова

Ф о рум д а   а л д ы м е н   ж и н а л ғ а н 

көпшілікке спорт сарайының фойесінде 

облыстық  тарихи–өлкетану  музейінің 

және Ш.Уәлиханов атындағы облыстық 

әмбебап ғылыми кітапханасының көрмесі 

ұсынылды. Ал сахна шымылдығы жастар 

флешмобымен түрілді. Ширек ғасырда 

еліміз  жеткен  жетістіктерді  және  об-

лыс  тұрғындарын  мерейлі  мерекемен 

құттықтау үшін әуелі облыс әкімі Кәрім 

Көкірекбаев мінберге көтерілді. 

– Санаулы күндерден соң біз еліміздің 

тәуелсіздігіне 25 жыл толатын бәріміз 

үшін де аса құнды мерекені қарсы алғалы 

отырмыз.  Осынау  құндылығына  баға 

жетпейтін  маңызы  зор    мейраммен  

баршаңызды құттықтаймын. Ақын Жұбан 

Молдағалиев айтқандай, «мың өліп, мың 

тірілген» қазақ елі Ғұн, Сақ, Алтын Орда 

дәуірінде де мұндай өркендеген емес. Бұл 

күнде Тәуелсіз Қазақстан – ең  беделді 

халықаралық  ұйымдардың  мүшесі. 

Әлемдегі  ең  үздік  50  елдің  қатарына 

қосылдық. Еліміздің экономикасының, 

әлеуметтік    жағдайының  дамуы  өте 

жоғары.  Тәуелсіздік  –  ұлы  жол.  Арқа 

төсінде арайлы астанамыздың салынуы 

–  зор  жетістігіміз.  Осының  барлығы 

–  Ұлт  көшбасшысы,  Елбасының  ерен 

еңбегінің арқасы. Біздер алдымызға мақсат 

қойып, «Мәңгілік Ел» болуға  бет алдық. 

Тәуелсіздігіміздің  25  жылдығы  –  ұлт 

мақтанышы. Біз Тұңғыш Президентімізбен 

мақтанамыз!  Біз  батырларымызбен, 

еліміздің  қол  жеткізген  толағай  табы-

старымен мақтанамыз. Біздің тірегіміз 

– Қазақстан, тілегіміз – бірлік. Тілегіміз 

– тыныштық, тілегіміз – татулық! Алға, 

Қазақстан! – деді Кәрім Нәсбекұлы.

Облыс басшысының құттықтау сөзінен 

соң, сахнаға «Ақ кербез» би ансамблі мен 

«Алатау» халықтық аспаптар ансамблі 

патриоттық әндер мен билерден шашу 

шашты.  Кенен Әзірбаевтың «Туған жер», 

Алтынбек  Қоразбаевтың  «Ой,жайлау» 

әндері тебіренген көңілдерді ән бесігінде 

тербетті. Ортадағы ашық алаңды жайлаған 

көк байрағымыз желбірегенде, әр жүректің 

отаншылдық рухы асқақтай түсті.

Мұнан соң сөз сөйлеген Қазақстанның  

Еңбек Ері, «Қазфосфат» жауапкершілігі 

шектеулі серіктестігінің директоры Мұқаш 

Ескендіров  біздің өңір химия өндірісінің 

Отаны екенін, фосфор  – қазақстандық 

бренд екенін айта келіп, бүгінгі таңда 

мәртебесі  биіктеген  Қазақстанға  бақ-

береке, ел болашағы жалынды жастардың  

қадамына сәттілік  тіледі. Дзюдо күресінен 

Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері  

Елдос Сметов тәуелсіздік алған жылдар-

дан бері  еліміздің спортшылары Олимпи-

адалардан 69  медаль олжалағанын, оның 

19-ы  алтын медаль екенін мақтанышпен 

айтты. 

Ал  облыстық  Қазақстан  халқы  Ас-



самблеясы хатшылығының жанындағы 

Аналар кеңесі төрайымының орынбасары 

Сара Даузова, «Днепро» украин мәдени 

орталығының төрағасы Федор Климен-

ко қазақстандық жастар тәуелсіздіктің 

рухымен  тыныстап    тәрбиеленіп  келе 

жатқанын,  барша  ұлт  өкілдерінің 

жұмысын  үйлестіретін  Ассамблея                     



 

„

 Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Тараз-Арена»  спорт сарайында «Болашағымыз – 



бірлікте» атты форум өтіп, оған қатысушы жамбылдықтар бірлікті ұран етті. 

Береке мен бірліктің Отаны 

институты жемісті жұмыстардың ордасы 

болғанын, татулықты ту еткен жамбылдық 

аналардың  бақытты  екенін  тілге  тиек 

етті. Жалынды жастардың атынан сөз 

алған жас көшбасшылардың да үндері 

жарқын шықты. М.Х.Дулати атындағы 

Тараз мемлекеттік университетінің 1-курс 

студенті Карина Карташова тыныштық 

жайлаған елде қызыққа толы жалынды 

шақтарды өткеріп жатқанын, Елбасының 

жастарға қамқорлығын сезінетінін ай-

тып:  «Ұлтым  бөлек  болса  да,  жалғыз 

ғана  Отаным  –  Қазақстан!»  –  деді. 

Ал  Тараз  мемлекеттік  педагогикалық 

институтының студенті Әлібек Мұратбаев 

ел  Президентіне  жамбылдық  жастар 

атынан  шынайы  алғысын    білдіріп, 

ел дамуына өзінің де үлес қосатынын 

жеткізді.  Форумның  соңы  концерттік 

бағдарламамен  жалғасын  тапты. 

Мерекелік шараға арнайы келген эстрада 

әншілері Кәмшат Жолдыбаева, «Азия» 

тобы және Нұржан Тәжікенов халықтың 

ыстық ықыласына бөленді.

бірлік - басты құндылығымыз.   Суретті түсірген А.Қартабай.



//   «Жамбыл - Тараз»  //  №50 (1338), 14 ЖелТоқсан  2016 Жыл  //

ҚАлА-ҚАрбАлАс

3

БАСТЫ СЫй – БАСпАНА

 

„

Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойына орай әлеуметтік аз қамтамасыз етілген, көп балалы 



отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға «Арай» алабында жаңадан бой көтерген 80 пәтерлі 

тұрғын үй берілді.

Шынболат СеЙдУалИев

Партия Тараз қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Нұржан 

Календеровтің төрағалығымен өткен басқосуға Саяси кеңес мүшелері, 

әр сала бойынша тұрақты комиссия мен  қалалық мәслихаттың фракция 

мүшелері қатысты. Күн тәртібіне партия Тараз қалалық филиалының  

XVIII есеп беру-сайлау конференциясында айтылған сын-ескертпелер мен 

ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту шығарылды. 

Саяси кеңес Бюросы мүшелерінің функционалдық міндеттер бөлінісін 

бекіту, филиалдың 2017 жылдың І жартыжылдығына арналған жұмыс                                                                                                                                            

жоспарын бекіту, Партиялық бақылау комиссиясының құрамы мен төрағасын 

бекіту, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің 

құрамы мен төрағасын бекіту де қаралды. 2017 жылдың І жартыжылдығына 

арналған медиа-жоспарын бекіту, партиялық жобаларды іске асыру бойынша 

2017 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту, қоғамдық қабылдаудың 2017 

жылға арналған кестелерін бекіту және партия мүшесінің жауапкершілігі 

туралы мәселелер шығарылды. Аталған мәселелер бойынша «Нұр Отан» 

партиясы Тараз қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Арын 

Асқарбеков хабарлама жасады. Сондай-ақ ол партия жарғысын және Әдеп 

кодексінің талаптарына қайшы келетін әрекеттер жасап, ішкі  партиялық 

тәртіпті бұза отырып, жемқорлық әрекеттерге жол берген облыс әкімдігінің 

денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы, партия мүшесі 

Е.Масалимовты партия қатарынан шығару туралы ұсынысын жеткізді. 

Сонымен қатар партия төрағасының орынбасары тестілеу мен әңгімелесу 

кезеңінен өткен партиялық резервке үміткерлерді таныстырды.  

Жиын соңында ұсынылған жобалар бірауыздан қабылданып, жұмыс 

барысы нақтыланды. 



 

„

«Нұр Отан» партиясы Тараз қалалық филиалы Саяси 



кеңесінің Бюро отырысы өтті.

Жұмыс нақтыланды

Қуанышты сәт.   Суретті түсірген автор.



Нұржан СерІКХаНҰлЫ

Қуаныш  иелерінің    қатарында  ҰОС 

ардагерлері,  жас  отбасылар,  бюджеттік  ме-

кеме  мамандары  мен  әскери  қызметкерлер  

бар. Қалалық құрылыс бөлімінің тапсырысы 

бойынша бой көтерген тұрғын үйді «Арыстан 

сервис»  компаниясы  жобалап,  құрылысын 

«Агроспецстрой»  ЖШС  жүзеге  асырған. 

Қоныс иелерінің қуанышын бөлісіп, жаңа пәтер 

кілттерін  табыстау  рәсіміне  облыс  әкімінің 

бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков, қала 

әкімі Нұржан Календеров және қалалық бөлім 

басшылары қатысты. 

-  Тәуелсіздігіміздің  25  жылдығына  орай 

көне шаһарда тағы 80 пәтерлі тұрғын үй ел 

игілігіне беріліп отыр. Ең күрделі қолжетімді 

баспана мәселесі Жамбыл өңірінде өз шешімін 

тауып келеді. Бұның бәрі - Елбасының сараб-

дал саясатының нәтижесі. «Арай» алабында 

келесі  жылы    тағы  11  көп  қабатты  тұрғын 

үйді  халықтың  игілігіне  беретін  боламыз. 

Оның  ішінде  6-ы  несиеге,    5-і  «Бәйтерек 

девелопмент» АҚ арқылы берілетін болады. 

Жалпы облыс бойынша тәуелсіздігіміздің 25 

жылында  3  миллионға  жуық  шаршы  метр 

жер  тұрғын  үй  салуға  берілген.  Сабалақов 

көшесінің 360 гектар жерінде, «Автобекет» 

маңындағы 100 гектар жерде осындай егжей-

тегжейлі жоспарларға сәйкес шағын және көп 

қабатты, жеке үйлер салу жоспарлануда. Бұл 

жоспарларға бүгінде мемлекет тарапынан тиісті 

қаражат бөлініп, арнайы инфрақұрылымдық 

жұмыстар  атқарылуда.  Өңірде  136  білім, 

130  денсаулық,  62  спорттық  нысан  салын-

ды.  Яғни    25  жылдық  мерекені  біз  жоғары 

деңгейде қарсы алып отырмыз. Бүгінгі қоныс 

иелерін шын жүректен құттықтаймын,-деген                                       

Бекболат Серікбекұлы жаңа пәтерге ие болған 

жанұяларға бақыт, еңбектеріне табыс тіледі. 

Бұдан  әрі  облыс  басшысының  бірінші 

орынбасары мен қала әкімі Нұржан Сәбитұлы 

салтанатты  түрде  жаңа  пәтерлердің  кілтін 

тұрғындарға табыс етті. Қуанышы қойнына 

сыймаған  халықтың  атынан  №65    пәтердің 

тұрғыны,  ҰОС  ардагері    Ережепбай 

Желдібаев сөз алып, Елбасыға және Мемлекет 

басшысының саясатын өңірде жүйелі түрде 

жүргізіп отырған жергілікті әкімдікке алғысын 

айтты.  2007 жылдан бері үй кезегінде тұрған 

Андрей  Иванов  пен  Юлия  Иванованың  11 

баласы бар екен.  3 бөлмелі пәтерге ие болған 

олардың да жергілікті билікке алғыстан басқа 

айтары жоқ. 

Сіздерді 16 желтоқсан –  Қазақстан 

Республикасының Тәуелсіздік күнімен 

құттықтаймын!

Халқымыздың ғасырлар бойы аңсаған 

тәуелсіздігіне ие болғанымызға биыл 25 

жыл толып отыр. Бабаларымыз ұмтылған 

аңсарлы мақсат – тәуелсіздікке біздің 

ұрпақ қол жеткізді. Сондықтан да бұл күн 

тұтас ұрпақтардың орындалған арманын 

білдіретін қуанышты әрі маңызды мереке 

болып саналады. Өйткені тәуелсіздік пен 

теңдік, егемендік пен мемлекеттілік – кез 

келген халық үшін аса құнды ұғымдар.

Тәуелсіз  Қазақстан  –  біздің  үлкен 

отбасымыз және ортақ шаңырағымыз. 

25  жылда  елімізде  Ата  Заңымыз 

қабылданды, ұлттық теңгеміз енгізілді. 

Тәуелсіздіктің қорғаны – Қарулы Күштер 

құрылып,  барлық  көршілерімізбен 

мемлекеттік  шекарамыз  берік 

шегенделді. Қазақстанның халықаралық 

деңгейдегі беделі артып, әлемдік сахнаға 

көтерілді, Дүниежүзілік сауда ұйымына 

кірді. Халықаралық ұйымдардың мүшесі 

болды. Еуразиялық экономикалық одақ 

жұмысын бастады. Республикамыздың 

осындай  биіктерді  бағындыруына  ел 

азаматтары сүбелі үлес қосып келеді.

К е л е с і   ж ы л ы   е л о р д а м ы з -

да  «ЭКСПО-2017»  халықаралық 

мамандандырылған  көрмесін  өткізу 

мәртебесіне ие болдық.

Тараз қаласы күн санап әлеуметтік- 

экономикалық жағынан өсіп-өркендеп, 

Елбасымыз  Нұрсұлтан  Әбішұлы                     

Назарбаев  алға  қойған  стратегиялық 

мақсаттарды іс  жүзіне асыруға өзіндік 

үлес  қосып  келеді.  Мұның  өзі  халық 

тұрмысының  түзеліп,  хал-ахуалының 

артуына негіз болды.

  Бізде  ширақ,  сауатты,  жаңашыл 

жастар  буыны  өсіп  келеді.  Болашақ 

ұрпақ біздің жетістіктерімізді лайықты 

бағалап, мақтан тұтарына еш күмән жоқ. 

Олар біздің тәжірибемізден даналықтың, 

сындарлы іс-әрекеттің және кез келген 

қиындықтың алдында иілмес беріктіктің 

үлгісін көретін болады.

Бостандық пен еркіндіктің бастауы 

болып табылатын осы салтанатты күні 

баршаңызға игілік пен бақыт, бақ-дәулет, 

ырыс тілеймін! 

    Ғазизжан МадИМаров,  




  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал