2016 жыл, сәрсенбі



жүктеу 2.18 Mb.

бет1/14
Дата03.03.2017
өлшемі2.18 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

 №21 (1309)  25 мамыр 

 

2016 жыл, сәрсенбі



www.z-taraz.kz

 

„



Бүгін еліміздің барлық мектептерінде соңғы қоңырау сыңғыры соғылады. Алтын ұя 

мектебінен үлкен өмірге қанат қаққалы тұрған түлек біткен жас өскін секілденеді. Балғын 

балалықтан кемел өмірге аяқ басып, мектептен алған білімін көктете отырып, туған 

жердің көркеюіне үлестерін қосатын болады. Мәуелі бақ – алтын ұя мектептің бауы мәңгі 

күтеді оларды.           

 5-бет.

 

8-бет.

Қалта ұрлығына 

құрығымыз 

қауқарсыз ба?

 

„



Жыл басынан бері қалада 

2146 мүлікті ұрлау дерегі 

тіркелген. Оның 770-і қалта 

ұрлығына қатысты.      

Қызметте де, 

спортта да белсенді

 

„

«Тараз-Арена» спорт 



сарайында мемлекеттік 

қызметшілер арасында 

облыстық спартакиада 

өтті.   


 

20-бет.

Саяси репрессияға не 

тосқауыл болды?

 

„



Саяси қуғын-сүргін 

құрбандары туралы ақиқат 

әлі толық ашылған жоқ...

 

6-7-бет.



АтА-АнАлАр 

нАзАрынА!

Мектепке дейінгі меке-

мелерге кезекке тұрған 

2011-2013 және 

2012-2014 жыл-

дары туылған 

бүлдіршіндердің 

балабақшаға жолдама 

беру тізімі жарияланды.

,

 12-15-бет.

Мәуелі бақ – алтын ұяМ


қала-қарбалас

2

//   «ЖаМбыл - Тараз»  //  №21 (1309), 25 МаМыр   2016 Жыл  //



Мәдениет МайталМандары 

Марапатталды

 

„

Облыстық қазақ драма театрында Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай салтанатты жиын 



өтті. Оған облыс әкімінің орынбасары ерқанат Манжуов қатысты. 

 

„

«нұр Отан» партиясы облыстық филиалының мәжіліс 



залында бақылау-тексеру комиссиясының кезекті 

комиссия отырысы өтті.

Жарна төлеу – әр ұйымның міндеті

Арайлым ШАбденовА

Жиынды  партия  облыстық  филиа-

лы  Бақылау-тексеру  комиссиясының  

төрағасы  Мырзақасым  Байбеков  ашып, 

жүргізіп отырды. Комиссия отырысының 

күн тәртібінде партияның Тараз қалалық 

және  Байзақ,  Жамбыл,  Жуалы,  Сарысу 

және  Талас  аудандық  филиалдарының 

ішкі партиялық және қаржы шаруашылық 

қызметін  тексеру  қорытындылары 

қаралды. Күн тәртібіндегі негізгі мәселе 

бойынша «Нұр Отан» партиясы облыстық 

филиалы  Бақылау-тексеру  комиссиясы 

төрағасының  орынбасары  Н.Үкібаев 

баяндама жасады. Өз кезегінде комиссия 

төрағасының орынбасары  Тараз қалалық 

және  Байзақ,  Жамбыл,  Жуалы,  Сарысу 

және  Талас  аудандық  филиалдарында 

соңғы екі жылда атқарылып отырған оң 

істерге  кеңінен  тоқтала  отырып,  орын 

алған кемшіліктерге назар аударды. Және 

ол кемшіліктерді тез арада жою жолдарын 

ұсынды. Жалпы, партия аймақтық фили-

алы Бақылау-тексеру комиссиясының ең 

басты міндеті партия Жарғысы талапта-

рын орындауға бағытталған. Оның ішінде 

бухгалтерлік есеп, есептілік жұмыстары, 

салық төлемдерінің дұрыс рәсімделуіне 

бақылау жасауды іске асыру. Партияның 

берген  мәліметтеріне  сүйенер  болсақ, 

бүгінде  аудандарда  бастауыш  партия 

саны көбеюде. Осы орайда, аудандарда 

атқарылған  жұмыстарға  көңілі  тол-

майтынын  айтқан  комиссия  мүшелері 

алдағы уақытта іс қағазды ретке келтіру, 

жарналарды  уақытылы  төлеу  сияқты 

жұмыстарға баса назар аудару қажеттігін 

барлық басшыларға қатаң ескертті. 

Комиссия  отырысы    «Нұр  Отан» 

партиясының  Тараз қалалық және Байзақ, 

Жамбыл,  Жуалы,  Сарысу  және  Талас 

аудандары филиалдарының төрағалары, 

аудан әкімдері көтерілген мәселелер бой-

ынша есеп беріп, комиссия мүшелері мен 

төраға  тарапынан  қойылған  сұрақтарға 

жауап берді. Комиссия қаралған мәселелер 

бойынша  партияның  аумақтық  фи-

лиалдары  басшыларына  орын  алған 

кемшіліктерді  тез  арада  жою  туралы 

арнайы тапсырмалар беріп, тиісті қаулы 

қабылдады. 

Жиынды  қорытындылаған  Бақылау-

тексеру  комиссиясының  төрағасы 

М.Байбеков  жақын  күндері  облыстың 

қалған  аудандарына  тексеру  комиссия 

мүшелері барып, талдау жүргізетіндігін 

айтты. 

Еңбектің жемісі.  



 Суреттерді түсірген Н.Тұрғынбек

 

„

қытайдың Суцянь қаласының әкімі тараз шаһарына келіп, 



екі қала арасында достық қарым-қатынасты нығайтуға 

бағытталған  ұсыныстарымен бөлісті.

ынтымақ – ырыс кілті

Айсана нҰРбАП

Осыдан тура жиырма жыл бұрын негізі қаланған 

Суцянь  қаласында  қазіргі  таңда  5  миллионнан 

астам халық тұрады екен. Жиырма жасар қаланың 

аз уақытта қол жеткізген жетістіктері де аз емес. 

Егін  шаруашылығын  едәуір  дамытып  отырған 



Арайлым ШАбденовА

Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні мереке болып 

күнтізбеге енгізілгеніне үш жылдың жүзі болды. Елбасының 

Жарлығымен 21 мамырға белгіленген мереке биыл да жоғары 

деңгейде аталып өтті. Жиын театр фоесінің кіреберісінде 

мәдениет басқармасына қарасты мекемелердің көрмесінен 

бастау алды. Салтанатты шараны облыс әкімінің орынбасары 

Ерқанат Манжуов сөз сөйлеп ашып, сала қызметкерлерін төл 

мерекелерімен құттықтады. 

- Әр халықтың дүниетанымы, рухани байлығы, тыныс-

тіршілігі,  салт-дәстүрлері  дәл  осы  мәдениет  деген  асыл 

ұғыммен  астасып  жатыр.  Қай  елдің  мәдениеті  мықты 

дамыса, ол елдің еңсесі де биік, рухы да жоғары болады. 

Мәдениеттің өзекті бөлігі - өнер. Мәдениет – ел мәйегі, 

мемлекеттілікті айшықтайтын ең басты факторлардың бірі. 

Сондықтан да, өнерін сүйген, өнерпазын мәпелеген елдің 

мәртебесі қашанда биік. Құрметті сала мамандары, сіздерді төл 

мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтай отырып, сіздерге 

табыс, отбасыларыңызға амандық тілеймін, – деді Ерқанат 

Нұрбапаұлы.

Содан кейін облыс әкімінің орынбасары облыстық орыс 

драма театрының әртісі Э.Аққұлиева, облыстық қазақ драма 

театрының  бас  суретшісі  Р.Сапаралиева,  облыстық  орыс 

драма театрының әртісі, қоюшы-режиссері Б.Ізбасаровқа ҚР 

Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының 

үздігі» төсбелгісін табыс етті. Ал министрліктің Құрмет 

грамотасы Меркі аудандық тарихи-өлкетану музейінің дирек-

торы М.Амиева, Қордай аудандық мәдениет үйінің директо-

ры К.Сарсембаева, Қордай аудандық орталықтандырылған 

кітапхана жүйесінің директоры А.Мақашоваға табысталды. 

Сонымен қатар, салтанатты жиында облыс әкімдігінің 

мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы 

Дүйсенәлі Бықыбаев әріптестерін төл мерекелерімен құттықтап, 

бірқатар сала мамандарын «Нұр Отан» партиясының Құрмет 

грамотасы және басқарманың Алғыс хатымен марапаттап, 

ақшалай сыйақы табыс етті. Мәдениет және өнер қызметкерлерін 

салтанатты шарада мәдениет саласының ардагері Әлібек Әмзеев, 

Іскер әйелдер қауымдастығы төрағасының орынбасары Хадиша 

Ергешқызы құттықтап, жүрекжарды лебіздерін білдірді. 

Мерекелік кештің соңы облыстық филармония әншілерінің 

концерттік бағдарламасымен жалғасты.  

қытайлық қалада жеңіл өнеркәсіп сала-

сы мен тұрмыстық техниканың түр-түрі 

өндірілетін көрінеді. Екі мың жылдық та-

рихы бар Тараз шаһарымен достық қарым-

қатынасты нығайту мақсатында Суцянь 

қаласының мэрі Ванг Тияньки бастаған бір 

топ қытайлықтар арнайы келіпті. Шараны 

ашып берген қала әкімінің орынбасары 

Жақсылық Сапаралиев қонақтарды Тараз 

шаһарының тарихымен, бүгінгі жеткен 

жетістіктерінің бірсыпырасымен таныс-

тырып өтті. Бұдан әрі сөз алған Суцянь 

қаласының басшысы да қазіргі уақытта 

Өзбекстан, Қырғызстан секілді көршілес 

елдердің  бірқатар  қалаларымен  тығыз 

байланыста жұмыс жасап отырған Суцянь 

қаласының  тіршілігімен  таныстырды. 

Жиында ауыл шаруашылығы саласы мен 

туризм  кластерін  дамытудың  бірқатар 

тиімді жолдары айтылды. Қытайлықтар 

қала жұртына өздерінің достық лебіздерін 

жеткізіп, бірқатар ұсыныстарымен бөлісті. 

Жақсылық Мырзабекұлы көршілес елден 

келген қонақтарға олардың  ұсыныстары 

ескерілетінін және бірлесе атқарылатын 

жұмыс  алдағы  уақыттың  еншісінде 

екендігін айтып, жиынды қорытындылады. 

Шара соңында екі қала өкілдері бір-біріне 

кәдесыйлар жасап, естелікке суретке түсті. 

Достық - алтын көпір.  

 


 

„

елімізде  «Медиация туралы» Заңның қабылдануы



медиацияның дамуы өркениет көшіне батыл бет түзеген 

қоғамымыздағы оң өзгерістердің жүзеге асырылып 

жатқандығының айқын көрінісі болар. 

Медиация кабинетіне келіңіз!

Арайлым бАқытжАнқызы

  Қарапайым  халық  толықтай  түсіне 

бермейтін бұл ұғым біздің қоғамға енді 

ғана  еніп  жатыр.  Елбасы  Нұрсұлтан                  

Назарбаев Судьялар одағының V съезінде 

сот  тәртібімен  қаралуға  жататын  дау-

дамайларды  азайту  мәселесіне  назар 

аударуды, соттан тыс реттеудің баламалы 

тетіктерін,  соның  ішінде  бітімгершілік 

және медиация процедураларын енгізуді 

тапсырған болатын. Осыған орай, 2011 

жылдың 28 қаңтарында ҚР «Медиация 

туралы» Заңы қабылданды. Аталған Заңға 

сәйкес Қазақстанда дауларды баламалы 

шешудің жаңа түрі – медиация енгізілді. 

Бүгінде бұл бағытта жұмыс жасап жатқан 

арнайы мамандардың барын бірі білсе, 

бірі білмейді. Осыған орай, жақында қала 

әкімдігінің ғимаратынан «Бітімгер» меди-

ация және құқықтық орталығы ашылды. 

Мұнда  барлығы  138  медиатор  халыққа 

қызмет көрсетеді. Аталмыш орталықтың 

директоры  Лариса  Сафанованың  ай-

туынша,  Мойынқұм  ауданынан  өзге 

барлық  аудандарда  қызмет  көрсететін 

орталықтарда  мамандар  сотқа  дейінгі 

дауларды шешуде түрлі құқықтық кеңес бе-

румен қатар некені жалғастыруға, ата-ана 

құқықтарын жүзеге асыруға, балалардың 

тұрғылықты  жерін  белгілеуге,  ата-

аналардың балаларды бағып-күту салымы-

на қатысты ерлі-зайыптылар арасындағы 

келіспеушіліктерді және алимент төлеудегі 

түрлі қиындықтарды медиация арқылы 

шешеді.  Қала әкімдігінің ғимаратынан 

ашылған медиация орталығының маман-

дары кез келген тұрғынға көмек көрсете 

алатынын  алға  тартады.  Бірақ  қызмет 

көрсету ақылы көрінеді.

    –  Медиациялық  тәртіптің  мақсаты-

тараптардың  шиеленіс  деңгейін 

төмендету  және  даудың  екі  жақты  да 

қанағаттандыратын шешіміне қол жеткізу. 

Медиацияның  тараптары  жеке  және 

заңды тұлғалар болуы мүмкін. Медиатор 

медиация  тарабы  болып  табылмайды. 

Медиация  сотқа  дейінгі  тәртіпте  және 

азаматтық, еңбек, отбасы, басқа кұқықтық 

қатынастардан  туындайтын  дауларда, 

жеңіл және орташа ауыр қылмыс туралы 

істер бойынша қылмыстық ісі барысында 

қарастырылатын дауларда қолданылады. 

Медиатор басшылыққа алатын негіз бола-

тын 5 қағидамен ерекшеленеді: еріктілік, 

тараптардың тең құқылығы, медиатордың 

тәуелсіздігі  және  бейтараптығы,  меди-

ация рәсіміне араласуға жол берілмеуі, 

құпиялылық, – дейді медиатор Фарзана 

Диденко.

Медиацияның  артықшылықтары  да 

жоқ  емес.  Мәселен,  тараптар  уақытын 

үнемдейді,  сот  рәсіміне  қарағанда  бұл 

рәсім әлдеқайда қысқа, мемлекеттік баж 

салығы  төленбейді  және  адвокаттың 

қымбат  тұратын  қызметі  мұнда  қажет 

емес.  Азаматтық  немесе  қылмыстық 

үдеріс шегінен тыс жүзеге асырылатын 

медиация,  келісім  жасағаннан  бастап 

отыз  күнтізбелік  күннен  кешіктірілмей 

аяқталуы тиіс. Қажет болса, тараптардың 

өзара  шешімі  бойынша  медиацияны 

өткізу  мерзімі  отыз  күнтізбелік  күнге 

дейін  ұзартылуы  мүмкін,  алайда  бұл 

мерзім  жиынтық  та  алпыс  күнтізбелік 

күннен аспауы тиіс. Ерекше жағдайларда 

шешілетін  даудың  қиындылығына  бай-

ланысты қосымша ақпарат пен құжаттар 

қажет болған жағдайда медиацияны өткізу 

мерзімі тараптардың және медиатордың 

келісуімен отыз күнтізбелік күннен асыр-

май ұзартылуы мүмкін.

Медиация азаматтар мен заңды тұлғалар 

арасындағы  даулы  жағдайды  азай-

тып,  шешімнің  ерікті  түрде  орындалу 

деңгейін көтеруге ықпалын тигізеді деп 

үміттенеміз. Ал егер сіздерге медиатордың 

көмегі  қажет    болса,  қала  әкімдігінің 

ғимаратында орналасқан 215-кабинеттің 

есігін қақсаңыздар болады. 

//   «ЖаМбыл - Тараз»  //  №21 (1309), 25 МаМыр  2016 Жыл  //

қала-қарбалас

3

қала көркі - Ортақ Мүдде

Жөндеу жұмыстары қолға алынды.  

 Суретті түсірген Н.Тұрғынбек



 

„

былтыр қазақ хандығының бес жарым ғасырлық белесін тойлау кезінде облыстық басқармалар мен кәсіпкерлер шаһарымызда 



350 тұрғын үйдің сыртын әрлеп берген болатын. биыл бұл игі шара облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық 

шаруашылық басқармасының бастамасымен жалғасын тауып отыр.

Жастардың жайын жастар біледі

нұржан СеРІКХАнҰЛы

Жалпы қалалық әкімдіктің мәліметі бойынша, биыл қаладағы 

орталық  көшелердің  бойындағы  80  көп  пәтерлі  тұрғын  үйдің 

қасбетін  жөндеу  жұмыстары  жоспарланыпты.    Жыл  басынан 

бері  «Тараз  Құрылыс  Инвест»  ЖШС-і  №1  қалалық  аурухана 

маңындағы «Плаза» көп пәтерлі тұрғын үйінің сыртын, ал қалалық 

жер қатынастар бөлімі  Крупская көшесіндегі ардагерлер тұрып 

жатқан 2 қабатты көп пәтерлі үйлердің қасбетін әрлеу жұмыстарын 

жүргізіпті. Аталған нысандарға жалпы 1,5 млн. теңге көлемінде 

қаржы жұмсалған екен. Сәулет және қала құрылысы бөлімі Төле 

би көшесінің бойындағы №56  үйдің сыртын сырлап беріпті. Ал 

Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай нақты уақытта энергети-

ка және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының 

басшысы  Ерік  Көшербаевтың  бастамасымен  Сүлейменов 

көшесінің бойындағы №8,10,12,14,16 үйлердің сыртын жөндеу 

жұмыстары жүргізіліп жатыр.  Атап айтқанда, бес үйдің төртеуіне 

«ТаразЭнергоОрталық» АҚ, «ТаразТрансЭнерго» АҚ,  «Жамбыл-

Жылу» КММ, «Темір жол-Жылу» ЖШС-і мекемелері бел шеше 

кірісіп те кетіпті. Ал бесінші тұрғын үйге игі шараға елден бұрын 

қолдау білдірген басқарманың өзі тікелей атсалысып отыр. 

«ТаразЭнергоОрталық» АҚ-ы шебері Асылбек Тыныбеков: «Үйдің 

қасбетін сырлау жұмыстары орталықтың өз қаражатына жасалуда. 

№14 үйдің сыртын қырып, ескірген сырын тазалап жатырмыз.  Тех-

ника да өзімізге тиесілі. Үйдің сырт бетін әрлеу жұмыстарын 2 күнде 

толық аяқтаймыз» - десе, «Жамбыл-Жылу» КММ-нің бригадирі 

Ерболат Мамырбаев: «Жұмысты таңсәріден бастадық. Тіпті, №12  

үйдің сыртын тазалап, бір жақ бетін аяқтадық. Енді бір жарым күнде 

үйдің сыртын әктеп, сырлап, жұмысын толық аяқтаймыз» - деп отыр.   



 

„

тараз инновациялық-гуманитарлық университетінде қала 



әкімінің орынбасары Жақсылық Сапаралиев жастармен кездесу 

өткізді. аталмыш шараны қала әкімдігінің ішкі саясат бөлімі 

«Жастар ресурстық орталығы» кММ ұйымдастырды.

Арайлым ШАбденовА

Жиынды  қалалық  «Жастар  ресурстық 

о р т а л ы ғ ы »   К М М - н і ң   д и р е к т о р ы                                                                                                                                      

Елдос Төлендиев ашып, жүргізіп отырды. Өз 

кезегінде сөз алған қала әкімінің орынбасары 

Жақсылық Мырзабекұлы жастарға қаламыздың 

әлеуметтік-экономикалық жағдайын дамыту 

тенденциялары мен бағдарламалардың негізгі 

бағыттары бойынша атқарылған жұмыстар тура-

лы баяндады. Шаһар басшысы орынбасарының 

жасаған  баяндамасы  барысында  жастарға 

жасалынып  жатқан  түрлі  жеңілдіктер  мен 

жұмыссыздықтың  алдын  алу  мақсатында 

мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан түрлі 

бағдарламалар легі де сөз болды.

– Бүгінгі таңда мемлекет тарапынан көрсетіліп 

жатқан көмек өте көп. Оның ішінде жастар 

үшін жасалынатын жеңілдіктер ауыз толты-

рып айтарлықтай. Жастар  іс жүзінде бірқатар 

бағдарламалардың  жемісін  көруде.  Тек 

жалқаулыққа салынбай, өз болашақтарыңызды 

қазірден  бастап  ойлап,  жоспарлайтын 

болсаңыздар,  оқу  орнындағы  немесе  қала 

әкімі жанындағы түрлі сауалдар бойынша сала 

мамандарына жүгіне аласыздар. Біз сіздердің 

көкейлеріңізде жүрген сауалдарға жауап беруге 

қашанда дайынбыз, – деді жастармен ашық, 

еркін тақырыпта кездесу өткізген қала әкімінің 

орынбасары. 

Кездесудің екінші жартысы еркін форматта, 

ашық сұхбат жүзінде өрбіді. Мұнда жиылған жас-

тар кездесуге келген қонақтарға көкейде жүрген 

сауалдарын қойып, мардымды жауап алды. Жал-

пы, жиын барысында қойылған сұрақтың басым 

бөлігі Жер кодексінің түсіндірілу жұмыстары 

мен жер беру мәселесі туралы болды. Сонымен 

қатар, қала ішіндегі құрылысы бітпеген нысан-

дар мен жастар жұмыссыздығының алдын алу 

шаралары туралы да ой айтылды.

Мұндай  кездесулер  2012  жыл  Елбасының              

Назарбаев университетінің студенттері алдында 

оқыған дәрісінен бастау алған болатын. Жыл 

сайын дәстүрге айналған жастармен кездесу 

үрдісі алдағы уақытта да өз жалғасын табатын 

болады.


Мәңгілік Ел

4

//   «ЖаМбыл - Тараз»  //  №21 (1309), 25 МаМыр   2016 Жыл  //



балаларға арналған 

Мерекелер

 

„

1 маусым – Халықаралық  балаларды қорғау мерекесі шеңберінде 



«қазақстан балалары – нұрлы жолмен» атты бүкілқазақстандық акциясы 

өтеді. бұл жөнінде өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық білім 

басқармасының өкілдері айтты. 

Журналистермен болған баспасөз конференци-

ясына облыс әкімдігінің кәмелетке толмағандар 

істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі 

комиссиясының хатшысы Бақыт Жақсылықова, 

облыстық  білім  басқармасының  бөлім  басшы-

лары  Светлана  Шевченко,  Мұхтар  Керімбеков 

және қалалық білім бөлімінің әдіскері Марина 

Алиева қатысты. 

Шарада сөз алған Бақыт Жақсылықова өңірімізде 

1  маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні 

шеңберінде өткізілетін іс-шаралар жоспарын облыс 

әкімінің орынбасары Ерқанат Манжуов бекіткенін 

тілге тиек етіп, сол күні өткізілетін негізгі шаралар 

бұрнағыдай Т.Рысқұлов саябағында емес, Атшабар 

аллеясында өтетіндігінен хабардар етті. 

Іс-шаралар жоспарына сәйкес, қаламызда жетім 

және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, от-

басы үлгісіндегі балалар үйлерінің балаларына, 

балалар мен жасөспірімдердің арнаулы мектебінің 

тәрбиеленушілеріне,  ерекше  қажеттіліктегі 

балаларға арналған, көп балалы және аз қамтылған 

отбасылардың балаларына арналған «Балаларға 

жылылық  сыйла»,  «Әлеуметтік  дүкен»,  «Бар 

жақсылық – балаларға», «Қуан, сәби» акциялары 

мен «Жаз, балалық шақ, отбасы мерекесі» атты 

балалар карнавалы ұйымдастырылатын көрінеді. 

Сондай-ақ  қалалық  мәдениет  үйінде  мүгедек 

балаларға  арналып  түрлі  іс-шаралар  өткізілу 

жоспарланып отыр екен. 

- Халықаралық балаларды қорғау күніне орай 

барлық аудандарда балалар мен жасөспірімдердің 

жазғы  демалыс  кезеңінің,  мектеп  жанындағы, 

қала  сыртындағы  лагерьлердің,  сауықтыру 

орталықтарының  мерекелік  ашылу  салтанаты, 

«Бақытты  балалық  шақ»,  «Қазақстан  балала-

ры – нұрлы жолмен», «Біз бақытты баламыз», 

«Біз бейбіт өмірді бейнелейміз!», «Біз - Тәуелсіз 

еліміздің  бақытты  балаларымыз!»,  «Әрқашан 

күн сөнбесін!» тақырыптарында ертеңгіліктер, 

шығармашылық байқаулар, ашық есік күндері, 

спорттық  жарыстар,  мерекелік  іс-шаралар 

ұйымдастырылады, - дейді Светлана Шевченко. 

Жалпы  жазғы  демалыс  кезіндегі  барлық  іс-

шараларға  1-10  сыныптарда  оқитын  187029 

оқушыны толық қамту жоспарланып отыр. Оның 

87%-ы – жазғы сауықтыру және демалыс шара-

ларымен, 57,6%-ы – еңбекпен және демалыс ша-

раларымен қамтылмақ. Биылғы жылы жергілікті 

бюджеттен балалардың жазғы сауықтыруларына 

277 млн. 917 мың теңге қаралып отыр екен. 

Арайлым дүйСенбеКовА,

М.Х.дулати тарМУ-дың 

1-курс студенті.

 

„

Жаңа өзгертулерге 



байланысты енді тұтынушының 

құқығы бұзылған жағдайда, 

оның өз-өзін ақтауы үшін 

түбіртек қағазы талап етілмейді. 

тек ұялы телефон арқылы 

түсірілген бейне немесе аудио 

деректер болса жеткілікті. 

 

„

елімізде мемлекеттік жастар саясатын жоспарлы түрде іске асыруға бағытталған 2015 



жылдың 9 ақпанында «қазақстан республикасының мемлекеттік жастар саясаты туралы» 

Заңы қабылданды. Сонымен қатар, Мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі 

тұжырымдамасы кезең-кезеңімен орындалуда.

тұтынушы 

талабы заңмен 

қорғалады

Мәңгілік ел –

қазағым

 Жастар саясаты - басты назарда 

Ал қаладағы дүкендерден тауарларды сатып алу 

кезінде ұялы телефон арқылы сатушының қызметін 

бейнеге  түсіруге  ешкім  тыйым  салмауы  керек. 

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде 

өткен кезекті жиын барысында Жамбыл облысы 

бойынша  Тұтынушылардың  құқығын    қорғау 

департаменті басшысының орынбасары Ғазиз На-

дуев мәлімдеді. Сондай-ақ  Ғазиз Дүйсенбекұлының 

айтуынша,  бұрынғы  заңнама  бойынша  құқығы 

бұзылған тұтынушы 14 күннің ішінде алған тауар-

ды сатушыға қайтара алатын болса, жаңа өзгертуге 

сәйкес енді 20 күннің ішінде қайтара алады. Және 

шағымданған тауарды нақты сол сауда нысанынан 

алынғанын дәлелдеу үшін түбіртек қағаздың да 

қажеті жоқ. Өзімен бірге бейне немесе аудио дерегі 

болса жеткілікті. Жиын барысында департамент 

қызметінің негізгі бағыты мен алдағы 21 шілдеде 

күшіне енетін жаңа жүйенің үлгісін, өнімдердің 

қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша атқарылып 

жатқан  кешенді  шараларды  таныстырып  өтті.  

Бұдан әрі «Жамбыл-Тараз» газетінің тілшісі Нұржан 

Серікханұлы биылғы жылдың желтоқсан айын-

да іске қосылатын аса қауіпті және карантиндік 

инфекция  диагностикасы  бойынша  Орталық 

референс-зертхананың жұмысы және азық-түлік 

сауда дүкендерінде тұрмыстық техниканы саудалай-

тын дүкендердегідей тауар жөнінде тұрақты түрде 

мәлімет беретін мамандардың жоқтығын алға тар-

тып, жаңа талаптардағы нақты өзгерістерді сұрады. 

Ал облыстық «Қазақстан-Тараз» телеарнасының 

тілшісі  Жалғас  Саңғыл  тұтынушы  тамақтан 

уланған жағдайда, оның денсаулық жағдайының 

қаншалықты ескерілетіндігін және автокөліктерді 

сақтандыру  бойынша  жұмыс  жасайтын  меке-

мелер  тарапынан  тұтынушылардың  бұзылған 

құқықтарына байланысты сауал тастады. Сонымен 

қатар, жиын барысында коммуналдық саладағы 

тұтынушылардың құқықтары да тілге тиек етілді. 

Басқарма басшысы орынбасарының айтуынша, 

таяуда күшіне енетін жаңа өзгертулерге байланыс-

ты енді тауар сатумен айналысатын кәсіпкерлік 

нысандарына талап күшейтілетін болды. Енді олар 

әрбір сатып отырған тауары жөнінде тұтынушыларға 

толық ақпарат беруге міндетті. Ал сақтау мерзіміне 

байланысты бұл талаптарды орындамағандарға 

әкімшілік жаза түрінде нақты шара қолданылады. 

Мәселен, құрамы бұзылған бір дана сары май үшін 

ең төменгі айыппұл 42 мың теңгені құрайды екен. 



  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал