2016 жыл, сәрсенбі



жүктеу 1.12 Mb.

бет1/12
Дата09.01.2017
өлшемі1.12 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

 №9 (1297)  2 наурыз 

 

2016 жыл, сәрсенбі



www.z-taraz.kz

 6-9-бет.

 

„



Құшақ-құшақ гүл мен сырлы сезімге толы 8 наурыз мерекесінің түбінде нәзік жанды 

қауымның өз үні мен еселі еңбегі, қайсарлығы мен қажырлы күресі жатыр. Тепсе темір үзер 

ермен бірге қан мен терді қатар төгіп, ел мен жер үшін жан берген, халқының болашағын 

алтын құрсағына жасырып, аманат пен ар алдында адалдықтың озық үлгісін танытып кеткен 

қазақтың аяулылары бүгін ардақты ел анасына айналды.  

Құрметті әйелдер, 

қарындастар!

Сіздерді  адам  баласын  қуанышқа 

бөлеп,  шаттыққа  кенелтетін  көктемнің 

алғашқы  айындағы  шат-шадыман, 

қуанышты мерекелердің бастауы - 8 наурыз 

Халықаралық  әйелдер  күні  мерекесімен 

шын жүректен құттықтаймын!

Әйел-ана  –  әрбір  отбасының  тірегі, 

қоғамның белсенді мүшесі, еңбектерімен ел 

құрметіне бөленген жұмысшы, қызметкер, 

мекеме  басшысы  және  білікті  кәсіпкер. 

Әйел  қатыспайтын,  араласпайтын  бірде-

бір сала жоқ десек, артық айтқандық емес.

Бүгінгі күні әйел-аналарды аса қиын да 

жауапты  лауазымдардан,  қызметтерден 

көптеп  көреміз.  Соған  қарамастан,  олар 

өз иықтарына отбасының барша жүгі мен 

жауапкершілігін артып, қоғам өмірінің нағыз 

тұтқасы болып келеді. Сол себепті де Елба-

сы Н.Ә.Назарбаев өзінің мемлекеттік саяса-

тында әйел аналардың еңбегін жеңілдетіп, 

қоғамда беделін көтеріп, ежелгі дәстүрімізді 

сақтай  отырып,  салт-санамен  өркениетті 

елдерге  тән  нәзік  жандылардың  құқығын 

қорғауға, олардың мүдделерін қамтамасыз 

етуге барлық күш-жігерін салып отыр. Біз өз 

тарапымыздан Елбасымыздың  сара сая-

сатын іс-жүзіне асыра отырып, қаламызда 

гендерлік саясат талаптарын орнықтыруда 

мақсатты  түрде  жұмыс  жасап  келеміз. 

Өйткені  біздің  бүгініміз  де,  ертеңіміз  де, 

бүкіл болашағымыз да, ең алдымен, әйел-

ананың  қолында.  Өйткені,  біздің  сүйікті 

аналарымыз «бір қолымен бесікті, екінші 

қолымен әлемді тербетіп» отыр.

Әйелдердің  жағдайын  жақсарту 

жөніндегі  Ұлттық  жоспар  дәйекті  түрде 

жүзеге асып келеді. Мемлекет әйелдердің 

іскерлік  және  кәсіпкерлік  дарындарын 

ашуға,  еліміздің  саяси-қоғамдық  өміріне 

белсене араласуына қолайлы мүмкіндіктер 

туғызуда. Қаланың қоғамдық өміріне белсе-

не араласып, тарихи шаһардың әлеуетінің 

артуына  үлес  қосып  жүрген  қыздар, 

әйел-аналар,  қарындастарымыз  біздің 

мақтанышымызға да айналып үлгерді. Біз 

олармен мақтанамыз.

Сіздерге  және  отбасыларыңызға 

жақсылық,  шаттық,  береке-бірлік,  арқа 

сүйер  азаматтардың  аялы  алақанын 

сезіп, сүйіспеншілік пен құрметтің биігінде 

болуларыңызға тілектестік білдіремін!



Ізгі ниетпен, Тараз қаласының 

әкімі Нұржан КАЛЕНДЕРОВ.

1 наурыздан бастап, Тараз 

қаласы аумағын көріктендіру

көгеріштендіру және санитарлық 

тазалау жөніндегі көктемгі екі 

айлық бастау алды. Осы шараға 

қала тұрғындарын белсенді түрде 

қатысуға шақырамыз.

Тараз қаласы әкімдігі.

Хабарландыру!



Нәзік жаНды 

қайсар рух

Халық қамын көздейтін, ой бағатын,

Қиянатқа төзбейтін қайран ақын.

Қарсы шығып зұлымдық, жауыздыққа,

Жақсылықтың жаһанға жайған атын.

 

14-бет.



серік Томанов

60 жыл

Ұлы дала жыршысы

 

„

Облыс әкімі кәрім көкірекбаев қазақ Ұлттық университетінің ғалымдарымен ауыл 



шаруашылығы саласына енгізілетін инновация мәселесі бойынша жиын өткізіп, салаға 

қатысты мәселелерді талқыға салды.

Нұржан СЕРІКХАНҰЛЫ

Өңір басшысы төрағалық еткен  облыстың аграрлық секторындағы 

жағымды өзгерістер мен  тауар өнімдерінің көбейтілуі зерделенген басқосуға 

облыс әкімінің салалық орынбасарлары, бірқатар аудан әкімдері, тиісті 

басқарма және облысымыздың ғылыми-өндірістік, агроқұрылымдар басшы-

лары, шаруа қожалықтарының жетекшілері, БАҚ өкілдері қатысты. 

-  Өңірдегі  ауыл  шаруашылығы  саласы  жылдан-жылға  жоспарға 

сай  нәтижелі  жұмыстар  атқарып  келеді.    Шақырылған  ғалымдардан 

салаға  қатысты  мәселелер  болса  шешімін  табуды  тікелей  сұранамыз. 

Облысымыздағы егіс алқаптарын игеруде су мәселесі халықты алаңдатқан 

еді. Қазір ел жаңа технологияларды пайдалануда. 2014 жылы 7 ай су болмай 

құрғақшылық болып, ел салған егінін ала алмай қалған жағдайлар болды. 

Сол кезде халық тамшылатып суару арқылы өнімін артық жинады. Іс жүзінде 

жаңа технологияны пайдаланудың тиімділігін түсінді. Мысалы, 1 га жерден 

600-800 центнерге дейін қызылша алып отырмыз. Ал Кеңес үкіметі тұсында 1 

гектар жерден 500 центнер өнім алғандарға «Социалистік Еңбек Ері»  атағын 

беретін болған. Мысалы, Байзақ ауданында 1 га жерден 100-120 центнер өнім 

алған. Сол Кеңес үкіметі кезінде Жамбыл облысынан 1034 вагон пияз Ресейге 

тасымалданған екен. Бұл - басқа еш өңірде болмаған жайт. Бізде суармалы 

жерлер бар. Мысалы, қазірдің өзінде Жуалы ауданында 5,3 млрд. теңгеге 

«Көксай» каналынан 27 шақырым жерге канал тартылып, халықты сумен 

қамтамасыз етіп отырмыз. Сонымен қатар, бізде шаруа қожалықтары жұмыс 

жасайды. Осы қожалықтарға сіздер өсімдік, мал шаруашылығы болсын, 

өздеріңіздің ғылыми үлестеріңізді қоссаңыздар деген ниет. Бұл басқосудың 

басты мақсаты  да осы, - деген Кәрім Нәсбекұлы өңірдегі шаруа қожалықтар 

саласында қажетті мамандардың тапшылығын да баса айтып өтті. Бұдан әрі 

әріптестерін  Әулиеатаға бастап келген  ғалым Тілектес Исабайұлы бәсекеге 

лайықты ауыл өнімдерін өндіру мәселесіне жіті тоқталып өтті. 

«Мемлекет басшысының агроөнеркәсіп кешенін жүзеге асыру үшін бүгінгі 

күні ғылым мен өндіріс тікелей қарым-қатынаста қызмет атқару керек. Бұл - 

бүгінгі негізгі міндетіміз. Арадағы тиімді байланысты нығайту мақсатында 

жаңа жобаларды да іске асыруға болады. Бізде ауыл шаруашылығы сала-

сында шешілмей келе жатқан мәселелер көп. Әлемдегі әр континентте белді 

университеттер ғылым мен агробизнестің интеграторы болып отыр. Біз де 

саладағы салмақты мәселелерді бірлесе шешуіміз керек» - деді ол. Сондай-ақ, 

аграрлық сала - ауқымды сала

 

„

Былтыр елімізде қазақ хандығының 550 жылдығы, абай жылы деп аталса, 



биыл Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы және жыр алыбы жамбылдың жылы 

болды. Бір-бірімен тұспа-тұс келген осындай тарихи сәттерді ел-жұртымыз 

кең ауқымда атап өтуде. жамбыл ақынның туғанына 170 жыл толуына 

орай Мәскеуде бастау алған әдеби-сазды кештің сарыны алатау бөктерінде 

жалғасып, Тараз шаһарында қорытындыланды.

Қала-Қарбалас



Нұржан СЕРІКХАНҰЛЫ

Ресей астанасы Мәскеу қаласындағы ұлттар 

үйінде  өткен  кеште  Жамбыл  Жабайұлының 

өлеңдері  оқылып,  ақынға  арналған  күй 

тартылып,  көрермендер  арнайы  түсірілген 

бейнеүндеуді тамашалады. Мұндай ауқымды 

мәдени  шараны  қазақ  Жастар  одағы  мен 

Қазақстанның  Ресейдегі  елшілігі  бірлесіп 

ұйымдастырыпты.

Көрші  елде  өткен  көрнекті  жиынға 

қатысқан    Ресей  Жаратылыстану  ғылымдар 

академиясының  мүшесі  Дина  Аманжолова: 

«Жамбыл Жабаев – тек Қазақстан тарихын-

да  ғана  емес,  Кеңес  Одағына  еңбегі  сіңген 

ұлы  тұлға.  Тума  талантының  арқасында 

сол  кезеңнің  өмірін  кереметтей  суреттеген 

кемеңгер жан», – деп ақынның рухани әлемін 

әспеттесе, Ресей әдеби палатасының басшы-

сы Георгий Брегман: «Жамбыл – Ленинград 

пен Сталинград қалаларын азат етуге айтулы 

үлесін қосқан адам. Оның отты шығармалары 

сол кездің өзінде-ақ, сарбаздарға жігер беріп, 

жеңіске қарай құлшындыра түсті. Сондай-ақ, 

екі  елдің  ынтымақтастығын  нығайтуға  сол 

кездің өзінде септігін тигізген», – дейді. Ал 

елімізде ақынның дүбірлі тойы жыл басынан 

бері  тойланып  келеді.  Тәуелсіздігіміздің  25 

жылдығымен тұспа-тұс келген   ұлы ақын, жы-

рау, жыршы, КСРО Мемлекеттік сыйлығының 

лауреаты Жамбыл Жабайұлының  мерейтойы  

Қазақ ұлттық аграрлық университетінде «Жыр 

алыбы - Жамбыл»  атты әдеби-сазды рухани 

кешке  ұласты.  Бұған  қоса,  сөз  мәйегін  кие 

тұтқан  абыз  жыраудың  шығармашылығын,  

рухани бай мұрасын насихаттау мақсатында 

Таразды тағы тербетіп өтті.  

 Суреттерді түсірген В. Алсуфьев

Тараз қалалық мәслихаты 

депутаттарының 

назарына

«Қазақстан  Республикасындағы 

жергілікті  мемлекеттік басқару және өзін-

өзі басқару туралы» Заңының 10-бабының 3 - 

тармағының негізінде, бесінші шақырылған 

Тараз қалалық мәслихатының кезекті елу 

екінші сессиясы қала әкімі аппаратының 

мәжіліс залында 2016 жылдың 11 науры-

зында сағат 10.00-де болады деп, Сіздердің 

назарларыңызға хабарлаймын.

 

Кезекті  сессияның  қарауына  келесі 



мәселелер  ұсынылады:

1.  Құқық  қорғау  органдарының, 

білім беру мекемелерінің және қоғамдық 

құрылымдардың кәмелетке  толмағандардың 

арасында құқық бұзушылықтың алдын алу 

бойынша жұмысы туралы.

2.  Мәслихат  хатшысының  мәслихат 

алдындағы есебі.

3. Заңдылық, азаматтар құқығын қорғау, 

құқылық  тәртібі  және  гендерлік  саясат 

жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі.

4. Әртүрлі.      

Сессияда  қаралатын  мәселелерді 

қалалық мәслихат депутаттарымен алдын 

ала қарау 2016 жылдың  9 наурызында сағат 

16-00-де өтеді.



ЕСКЕРТу: Бұл туралы хабарлама 

«Салық тәртібі» газетінің 2016 жылғы 

1  наурызы  күні  шыққан  санында 

жарияланған. 

Қ.БЕКБоЛАТов,

Тараз калалық мәслихаты 

хатшысының м.а.   

Қазақ  мемлекеттік  қыздар  педагогикалық 

университетінде Алматы қаласының, Алматы 

облысының  әкімдіктерінің  және  Л.Гумилев 

атындағы  Еуразия  ұлттық  университетінің 

ұйымдастыруымен жыр алыбының құрметіне 

арналған  «Жамбыл  Жабаев  -  Ұлы  Даланың 

алып жыршысы» атты халықаралық ғылыми-

теориялық конференция өтті. Той барысында ҚР 

Ұлттық музейі   «Әлем ақыны» атты әдеби кеш 

ұйымдастырды. 

«аТыңНаН айНалайыН, 

әулиеаТа»

Республика  бойынша  ақынның  атымен 

аталған  жалғыз  өңірімізде    «Тыңда,  дала, 

Жамбылды!»  атты  республикалық  жыршы-

термешілер  байқауы  өтті.    Жамбыл  Жабаев 

атындағы қордың төралқа мүшесі, Жамбылдың 

ұрпағы  Бекжан  Махметов,  филология 

ғылымдарының  докторы,  профессор,  Жам-

былтану және халық ақындары институтының 

директоры Бекен Ыбырайым және Жамбылдың 

шөбересі Мұратхан  Жамбылов және жырсүйер 

қалың көпшілік қатысқан доданы облыс әкімінің 

орынбасары  Ерқанат  Манжуов  ашып  беріп, 

халықтың өнерін насихаттауға бағытталған жыр 

бәйгесіне алыстан ат терлетіп келген барлық 

үміткерлерге сәттілік тіледі. 



Жалғасы 15-бетте.

//   «ЖаМБыл - Тараз»  //  №9 (1297),  2 Наурыз 2016 Жыл  //

2

ғалым елімізде ауыл шаруашылығы саласын дамыту мақсатында жүзеге асқан 



«Агробизнес-2020», «Алтын асық», «Сыбаға», «Ырыс» сынды бағдарламалар 

аясында атқарылып жатқан жұмыстарды да атап өтті. Мұның барлығы - салаға 

деген ғылыми көзқарастан туындаған жобалар. Сала ғалымдар тарапынан 

тәжірибелік көмекке қай кезде де мұқтаж. 

Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының 

бас директоры Серік Дөненбаев облыста егілген дақылдардың жайын жіті айтып 

өтті. Өсімдіктің географиясына қарай арнайы жасалған жаңа сорттардың жайы 

жиналғандардың қызығушылығын тудырды. Дақылдарды суару, шығынды азай-

ту секілді мәселелердің шешімін табу мақсатында ғалым тамшылап суарудан 

да тиімді жобаны таныстырды. Ол – дақылға жамылғы жабу. «Жамылғымен 

қымталған өсімдік маңында арам шөптер өспейді. Бұл жоба тіпті суды 50 

пайызға дейін үнемдейді. Өнімнің өсімін көбейтеді» - дейді ол. Жоба нәтижесі 

көңіл қуантарлық. Жаңа жүйемен егін салып, өнімді артығымен жинаған шаруа 

қожалықтары да слайдтар арқылы жиналған көпшілікке таныстырылды.  

Басқосу барысында ғалымдар дақылдардың түрлі сұрыптары, екі рет 

өнім алу, мал басын асылдандыру, бақтардың көлемін ұлғайту, төрт-түлікте 

кездесетін аурулардың алдын алу мәселелеріне қатысты жаңа технология-

ларды ортаға салды.

Екі күнге созылған семинар-кеңес барысында ғалымдар аудандарды 

аралап, шаруашылық басшыларымен тәжірибелік кездесулер өткізді.



айТулы күн

3

//   «ЖаМБыл - Тараз»  //  №9 (1297), 2 Наурыз 2016 Жыл  //



 

„

жамбыл облысы «іскер әйелдер 



қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің 

бастамасымен қр  Тәуелсіздігінің  25 

жылдығы шеңберіндегі  «25 мейірімді 

іс» жобасының аясында  5 шағын 

мөлтек аудан жатақханаларында 

жылжымалы қайырымдылық жәрмеңке 

ұйымдастырылды. 

шын жүрекпен!

Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ

Алғыс айту күні  қолға алынған қайырымдылық іс-шарасы 5-ші 

мөлтек аудандағы №25 жатақхана алдында өтті. Оған  көп балалы және 

тұрмысы төмен отбасылар легі ағылды. Түрлі тұрмыстық заттар, киім-

кешек, ойыншықтар мен жиһаздар ортаға қойылғанда, осы маңдағы 

жатақхана тұрғындары қас-қағым сәтте керек-жарағын қалауынша 

алып кетіп жатты.

- Осы жатақханада тұрып жатқаныма 16 жылдың жүзі болды. Бұл 

қайырымдылық іс-шарасына тұрмысы төмендерге көмектесу үшін ар-

найы келдім. Осы 25-ші жатақханада жұбайы қайтыс болған 3 балалы 

жалғызілікті әке тұрады. Көлденең табыс тауып күнелтеді. Сол кісіге 

керек-жарағын апарып бермекпін. Қандай іс болсын, Алланың сауабы 

үшін жасалып жатқандықтан, көмекке зәру жандарға қол ұшын созғанға 

не жетсін?! -  дейді  Бағила Жуанышова. 

Ал 36 жастағы  7 баланың анасы Баян Оңғарова  № 24 жатақхананың 

бөлмесін жалдап тұрады. Жеті бірдей перзентін қатарынан қалдырмай 

жеткізу үшін еңбек етіп жүрген отағасының айлығы  30 мың теңгені 

ғана құрайды екен.

 - Менің алты ұл, бір қызым бар. Өзім кішкентайыммен үйде отыр-

мын. Балаларға алатын жәрдемақы  13 мың теңге көлемінде. Мұндай 

қайырымдылық іс-шарасы расында көп көмек. Жиі ұйымдастырылып 

тұрса деген ойым бар,- деді көп балалы ана. 



 

„

1 наурыз алғыс айту күніне орай «қазақ елі» монументінде мерекелік жиын өтті.



рахМеТ, қазақсТаН халқы!

 

„

Биылғы жылы күнтізбемізге алғаш рет енген 1 наурыз алғыс айту күні 



орталық «достық» алаңында сән-салтанатымен тойланды.

Алғыс айту күні - Президенттің бейбітшілік пен келісім 

саясатының салтанаты. Елбасының дана, сарабдал саясатының 

нәтижесінде елімізде қоғамдық келісім мен жалпыұлттық 

бірліктің бірегей үлгісі қалыптасты, оның арқауы - Қазақстан 

халқы  Ассамблеясы.  Бейбітшілік,  достық  пен  келісім 

құндылықтары Қазақстанның көпұлтты халқының тарихи 

тағдырымен етене байланысты. Айтулы даталардың бір күнде 

тоғысуы біздің жаңа мерекемізге ерекше мағына және айрықша 

маңыз бергендей. Бұл мереке адамдар арасындағы, Қазақстанның 

біртұтас халқын құрайтын барлық этностар арасындағы өзара 

сенім мен сыйластық деңгейінің жоғарылығын,  өзара түсіністік 

пен терең құрметін айғақтайтындай.

Алғыс айту күні - қуғын-сүргінге ұшырап, аласапыран 

заманның  тауқыметін  тартқан  халықтың  рухани  игілігі  - 

кеңпейілділігі мен қайырымдылық дәстүрлеріне терең тағзым 

белгісі. Сондай-ақ бұл күн – шаттық тасып, бірлік нығаятын 

күн. Анаға өмір сыйлағаны үшін, әкеге қорған болғаны үшін, 

досқа құшағы мен иығы үшін, әжеге ыстық алақаны үшін алғыс 

айтатын күн. 

Қазақстан  халқы  Ассамблеясының  құрылған  күнімен 

тұспа-тұс келген еліміздегі татулық пен бірлікті  ту еткен 

ұлыстар достығын ұлықтаған айтулы мерекеге облыс әкімі 

Кәрім  Көкірекбаев,  облыс  әкімінің  орынбасары  Ерқанат 

Манжуов, қала әкімі Нұржан Календеров пен орынбасарлары, 

облыстық, қалалық басқарма мен бөлім басшылары және қала 

тұрғындары қатысты. Мерекелік шара ХХ ғасырдың орта 

шенінде аласапыран заманның тауқыметін тартқан түрлі ұлыс 

пен этнос өкілдерінің қонақжай қазақ жеріне табан тіреп, қазақ 

халқы барлық ұлтты бөліп-жармай, қанатының астына алуын 



алғысым шексіз сіздерге!

Тарихқа тағзым. 

 Суретті түсірген В. Алсуфьев

Тілектер тоғысты. 

 Суретті түсірген В. Алсуфьев

Жақыныңа жәрдемдес. 

 Суретті түсірген В. Алсуфьев

Шынболат СЕЙДуАЛИЕв

Б и ы л ғ ы   ж ы л ы   Е л б а с ы 

Н.Ә.Назарбаевтың  Жарлығымен 

бекітілген  1  наурыз  Алғыс  айту  күні 

еліміздегі ұлттар татулығы мен бірлігін 

жаңа деңгейге көтеретін ерекше мереке 

қатарына қосылып отыр. Бұл мереке - 

жылдар бойы ауызбіршілікте, татулықта 

өмір сүріп жатқан халықтардың бір-біріне 

ризашылық білдіретін күні. Сол себепті 

де Алғыс айту күні қазақстандықтарды 

және өзге ұлт өкілдерін бір-біріне одан 

әрі жақындатады, біртұтастықты нығайта 

түседі. 


Қазақ халқының ұғымында туған жер-

ден қасиетті ешнәрсе болған емес. Қазақ 

халқы ел болып бірігу, ұлт болып ұйысу 

жолында талай белестерден өтті. Осын-

дай ерекше сезімдер айтылған жиынға 

қала  әкімі  Нұржан  Календеров,  қала 

әкімінің орынбасары Маржан Қожаева, 

қалалық  ішкі  саясат  бөлімінің  басшы-

сы Кенжебек Олжабаев, қалалық білім 

бөлімінің  басшысы  Гүлзия  Заурбекова 

мен қызметкерлері, мектеп мұғалімдері 

мен  қаламыздың  белсенді  оқушылары 

қатысты.

Шарада  №24  мектеп-гимназияның 

директоры Марина Гладченко құттықтау 

сөзін  сөйлеп,  қазақ  халқына  алғысын 

жеткізді. 

-   Б ү г і н   м е н і ң     Қ а з а қ с т а н 

жұртшылығына  айтқым  келетіні  –  тек 

алғыс.  Өйткені  өткен  ғасырдың  орта 

шенінде  біздің  ата-бабаларымыз  бас 

сауғалап  кішкентай  ғана  Тараз  жеріне 

келіп табан тіреді. Олар келгенде, қазақтар 

бір  уыс  нанын  бөліп  беріп,  бауырына 

басқан. Содан ата-бабаларымыз осында 

тамырын  тереңге  жайып,  тіршілігін 

жаңғыртты. Бұл жер біздер үшін екінші 

Отанымыз болып кеткен. Себебі, біз мұнда 

туылдық, өсіп-өніп жатырмыз. Қазір мен 

Қазақстанмен мақтанамын. Рахмет саған, 

Қазақстан! Рахмет, Қазақстан халқы!-деп 

ризашылық сезімін білдірді. Сондай-ақ 

Өзбек этно-мәдени орталығының вице-

президенті Абдрахман Зайнутдинов те 

сезімге толы алғысын айтты.

- Қазақстанда 130-дан астам ұлт пен 

ұлыстың өкілдері тұрып жатыр. Мұндағы 

әр халықтың өз тарихы, өз болмысы бар. 

Десе  де,  қазақтың  қонақжайлығының 

арқасында ұлттар тағдырлас болып кетті. 

Себебі,  бір шаңырақтың  астында  өмір 

сүргеннен кейін тілегі де бір, жүрегі де 

біте қайнасып соғып жатыр. Елбасының 

бастамасымен тойланып жатқан мейрамға 

орай  мен  қазақ  халқына  осы  жерде 

тұратын  өзге  ұлт  өкілдерінің  атынан 

рахметімді айтамын,-деді.

Мұнан  соң  жиынға  қатысушылар 

«Қазақ елі» монументіне гүл шоқтарын 

қойып, бір-біріне алғыс айтып тарқасты.    

бейнелейтін  театрландырылған  көрініспен  басталды. 

Көріністе өзге ұлт өкілдері басқа түскен қиыншылықты 

қазақ жеріне келіп еңсеріп, осындай азат елге айналған 

Қазақстан халқының мейірбандығы мен мейіріміне бас 

иіп,  шаңырағымыздың  биік  болуын  тіледі.  Сонымен 

қатар сахна төріне шыққан мейірімді ана, қамқор әке, 

инабатты келіндері бар - Бекзатхановтар, Рахымберди-

евтер және Ахметовтер отбасы шығып баланың әке мен 

анаға, келіннің енеге, ененің  ошағының отын сөндірмей 

отырған келіндері мен баласына деген ерекше мейірімге 

толы рахметтерін жеткізді. Мерекелік кеш аясында сахна 

жанына «Алғыс қобдишасы» орнатылып, оқушы жастар 

ол қобдишаға өздерінің сезім мен алғысқа толы хаттарын 

салып, тілектерін білдірді. «Шын мұқтаждың алғысынан 

асқан бақыт жоқ» деген сөзді берік ұстанған халықтың 

ниетін  ұғынған  мүмкіндігі  шектеулі  жандар  «Алғыс 

кітабымен» ортаға шығып, жиналған көпшілікке ақжарма 

тілектерін білдірді. Мүмкіндігі шектеулі жандар арасын-

да жүзу спортынан Әлем және Азия чемпионы Зульфия              

Габидуллина да қала жұртшылығына ыстық ықыласы мен 

зор алғысын жеткізді. 

Мерекелік шара барысында қалалық білім бөлімінің 

ұйымдастырумен мектеп оқушыларының сурет туынды-

ларынан мерекеге орай арнайы көрме ұйымдастырылып, 

облыстық филармонияның мерекелік концертіне ұласты. 

Көктемнің алғашқы шұғыласымен қатар келген Алғыс 

айту күні қаламызда қоғамдық көліктерде зейнеткерлердің 

тегін жүруі ұйымдастырылуымен бастау алған мереке 

шаһарымыздың әр төңірегінде жоғары деңгейде тойланып, 

айтулы мерекенің сәнін кіргізді. Мәселен, қалалық мектеп-

тер мен кітапханаларда қайырымдылық шаралары және 

түрлі кездесулер ұйымдастырылды. Мұның ішінде «Тараз 

Арена» спорт сарайында «Талантты жастарға алғыс айта-

мын!» тақырыбында жастар Олимпиада чемпиондарымен 

кездессе, облыстық перзентханада 1 наурыз қарсаңында 

туылған балаларға сыйлық беру мақсатында «Сүйінші!» 

акциясы, облыстық жасөспірімдер үйінде өңірімізге та-

нымал әнші Оңал Азаматованың қайырымдылық концерті 

және облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасы 

Жастар ресурстық орталығының  ұйымдастыруымен «Көне 

Тараз» музейінде әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға 

және қарттарға көмек көрсету мақсатында «Шын жүректен!» 

акциясы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, мерекені 

мерекеге ұластырды. 



Ерболат ПӘРМЕШ,

М.Х.Дулати атындағы 

ТарМу-дың 4-курс студенті.    

4

//   «ЖаМБыл - Тараз»  //  №9 (1297), 2 Наурыз 2016 Жыл  //



 

„



  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал