2016 жыл, сәрсенбі



жүктеу 1.17 Mb.

бет1/12
Дата14.09.2017
өлшемі1.17 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

 №24 (1312)  15 маусым

 

2016 жыл, сәрсенбі



www.z-taraz.kz

 5-бет.

 

7-бет.

Жақсы отбасы – 

көпке үлгі

 

„

Құлпамышовтар мен 



Власовтар отбасы өңір 

намысын Астанада 

қорғайтын болады.      

Сезім мен сергелдең

 

„

Балет өнерінің 



майталмандары үш күн 

қатарынан жамбылдық 

көрермендерді тәнті етті. 

 

13-бет.

Шомылуда сақтық 

керек


 

„

Өңірде жыл басынан бері 



19 адам суға кетсе, оның 

9-ы балалар. 

 

4-бет.

ХАБАРЛАНДЫРУ

Барлық шаруа 

қожалықтарына!

Жамбыл, Байзақ 

аудандарынан 

Тараз қаласына өткен, 

иелігінде жер телімдері 

бар шаруа қожалықтары           

Тараз қаласының статисти-

ка басқармасына есеп 

тапсыру үшін 20.06.2016 

жылға дейін есеп 

тапсыруы қажет. Есеп 

тапсырмаған жағдайда 

10 АЕК көлемінде айыппұл 

төленеді.



Біздің 

мекенжайымыз: 

Қ.Қойгелді к., 190 

(Тараз қаласы бойын-

ша мемлекеттік кірістер 

комитетімен бір аулада). 

Телефондарымыз: 

54-18-33, 54-14-40

 

„



Адам өмірінің арашашысы, денсаулығына демеу болатын дәрігер мамандығының 

иелері қашанда ерекше ілтипатқа ие. Жыл сайын маусым айының үшінші жексенбісінде  

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесі аталып өтіледі. Бұл мамандықтың арқалар 

жүгі де ауыр. Қоғамның ең басты байлығы адам денсаулығын сақтауда ақ желеңді абзал 

жандардың еңбегі  зор.  

 8-11-бет.

ДӘРІГЕР, КӘСІБІҢ 

ҚАСТЕРЛІ!

,

!


ҚАЛА-ҚАРБАЛАС

2

//   «ЖАМБЫЛ - ТАРАЗ»  //  №24 (1312), 15 МАУСЫМ   2016 ЖЫЛ  //



 

„

Кеше Астанада ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов 



халық  алдында есеп берді. Өз есебінде министр бұл саладағы 

бірқатар жетістіктермен қатар, өзекті мәселелерді алға тартты. 

Жиын барысында республиканың 14 облысы тікелей бейне- 

байланысқа шығып, министрге өз сауалдарын қойды.  

Елде қалта ұрлығы өршіп тұр

Индира БАЙҚОНЫС

Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы әуелі  өзі б

асқаратын министрліктің атқарып отырған 

жұмысына  кеңінен тоқталып, Отанымыздың тыныштығын сақтау жолында ішкі істер 

қызметкерлері аянбай еңбек етіп жатқанын және әрбір Қазақстан азаматының полицияға 

жолдаған талап-тілегі жерде қалмайтынын тілге тиек етті. 

- Қазір біз ашық түрде жұмыс істеп жатырмыз. ҚР Ішкі істер министрінің ресми сайтына ел 

тұрғындары тарапынан сан қилы сауалдар жолданады. Сол сайтта министрліктің күнделікті 

атқарып жатқан жұмысы, есептері, жаңалықтары, БАҚ-та жарық көрген материалдары жария-

ланады. Менің өзімнің де жеке блогыма сауал жолдауларыңызға болады. Сонымен қатар,  біздің 

сенім телефонымыз да халық үшін жұмыс істейді,- деді Қалмұханбет Қасымов. 

Мұнан кейін министр жыл санап елімізде қылмыстың саны артып келе жатқанын жеткізді. 

Оның айтуынша, қылмыс жасауға баратындардың 60-63 пайызын қалта ұрлығын жасайтын 

қарақшылар құрап отыр екен. 

-  Бүгінде ұрлықтың 25-27 пайызы ұялы телефондарға қатысты болып отыр.  Біз үшін ұялы 

телефондардың ұрлығы өте үлкен мәселеге айналды. Көптеген елдерде егер телефон ұрланатын 

болса бұғаттап тастайды. Демек, оны ұрлаудың өзі қисынсыз. Сондықтан АҚШ-та ұялы теле-

фон ұрлығы мүлдем жоқ десе де болады. Телефон тауып алса, бірден қайтарып береді. Неге 

біз де солай істей алмаймыз?! Себебі біздің елге контрафактілік телефондар өте көп еніп кетті. 

Сол себепті егер ұялы телефон ұрланған кезде, полицейлер оның IMEI-коды арқылы бұғаттаса, 

бірден 50-100 контрафактілік жолмен келген телефон бұғатталып қалады, - деді министр.

Қалмұханбет Нұрмұханбетұлына  халық тарапынан жолданған сауалдардың дені  5 маусымда 

Ақтөбе қаласында орын алған терактіге байланысты болды. Күллі елді алаңдатып отырған 

өзекті мәселеге орай министр түсініктеме берді.  

 - 5 маусымда Ақтөбеде біз діни экстремизм мен лаңкестікке тағы да тап болдық. Өкінішке 

орай, Ұлттық Ұланның 3 әскери қызметшісі мен 5 бейбіт тұрғын қаза тапты. 7 әскери қызметші 

мен 12 полицей жарақат алды. Қазіргі уақытта терактіге қатысқандардың барлығы ұсталды 

және кейбірінің көздері жойылды. Тергеу жұмыстары жүргізілуде, - деді ол. 

Сондай-ақ,  Қалмұханбет  Қасымов  қазіргі  таңда  Ақтөбеде  жағдай  тұрақталғанын, 

лаңкестіктің «қызыл» қаупі алынып, оның «сарыға» ауысқанын жеткізді.  

Ал облыс әкімдігінің ғимаратында тікелей байланысқа шыққан жамбылдықтар да 

Қалмұханбет Нұрмұханбетұлына өз сауалдарын жолдады. Соның бірі қаламыздағы №35 

мектептің оқу ісі жөніндегі меңгерушісі М.Букина министрден  жасөспірімдер арасындағы 

қылмыс мәселесі жөнінде сұрады. 

Өз кезегінде, Қалмұханбет Қасымов жасөспірімдер қылмысы министрліктің және жергілікті 

атқарушы биліктің жіті назарында екенін, бүгінгі таңда республика мектептерінде 3 мыңнан 

аса мектеп инспекторы жұмыс істейтінін және олардың санын 1 мың адамға көбейту мәселесі 

тұрғанын жеткізді. Сондай-ақ,  министр жасөспірімдер қылмысын азайтуда мектеп, арнаулы 

және жоғары оқу орындарындағы ішкі тәртіпті күшейтіп,  ата-аналардың да жауапкершілігін 

арттыру керектігін шегелеп айтты. 



КӘСІПОДАҚ ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТҚА ЛАЙЫҚ

 

„

Қалалық мәдениет үйінде Қазақстанның кәсіподақтар күніне орай 



облыстық кәсіподақтар орталығы салалық кәсіподақ ұйымдарымен 

бірлескен салтанатты жиын өтті. Мерекелік жиын барысында ең үздік 

кәсіподақ қызметкерлері марапатталды.

Еңбектің еленгені.  

 

Арайлым БАҚЫТЖАНҚЫЗЫ

Жиынға облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат 

Орынбеков  қатысып,  кәсіподақ  қызметкерлерін  кәсіби 

мерекелерімен құттықтады.  

– Бүгінде Кәсіподақтар федерациясының құрамында 

2  миллионнан  астам  кәсіподақ  мүшесі  бар.  Олар  18 

салалық,  16  аймақтық  бірлестіктерде  шоғырланған.  Ал 

біздің  облыста  аумақтық  кәсіподақ  бірлестігінде  122 

мыңнан  астам  кәсіподақ  мүшесі  бар.  Сонымен  қатар  9 

салалық кәсіподақ ұйымдары мен 4 ірі жергілікті салалық 

кәсіпорындардың  жұмысын  кәсіподақтар  орталығы 

үйлестіріп отыр. Сіздер жұмысшылар мен қызметкерлердің 

материалдық-тұрмыстық жағдайларын одан әрі жақсартуға 

өз үлестеріңізді үздіксіз қосып келесіздер. Сіздерді төл 

мерекелеріңізбен  құттықтай  келе,  отбасыларыңызға 

амандық тілеймін, – деді облыс әкімінің бірінші орынба-

сары.

Сонымен қатар жиында облыс әкімінің бірінші орын-



басары  Бекболат  Орынбеков  облыс  әкімдігінің  қаржы 

басқармасының бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін 

бағдарлау  бөлімінің басшысы Айнұр Тасқынова мен «Жа-

сыл Ел-Тараз»ЖШС-і директорының кеңесшісі Баярбек 

Баялиевке облыс әкімінің Құрмет грамотасын  табыс етті. 

Ал  қалалық  мәслихаттың  Құрмет  грамотасы  облыстық 

филармониясы «Балауса» циркінің жетекшісі Т.Альчикенов 

пен білім және ғылым саласы қызметкерлерінің кәсіптік 

одағының  қалалық  комитеті  филиалының  бас  маманы 

А.Стыбаевқа табыс етілді. Сондай-ақ «Нұр Отан» парти-

ясы  және  ҚР  Кәсіподақтар  федерациясы  мен  облыстық 

кәсіподақтар  орталығының  Құрмет  грамоталарымен 

бірқатар кәсіподақ белсенділері марапатталды. 

Салтанатты  жиында  сөз  алған  облыстық  кәсіподақ 

комитетінің төрағасы Бақыт Сапарбаева әріптестерін төл 

мерекемен  құттықтап,  одақ  комитетімен  қоян-қолтық 

жұмыс жасап жүрген бірқатар сала басшыларына Алғыс 

хат  табыс  етті.  Ал  ҚР  Кәсіподақтар  федерациясының 

«Кәсіподақтарға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен «Шу-

Талас бассейні» инспекциясының су пайдалануды реттеу 

және  басқару  бөлімінің  бас  маманы  Т.Ибраев  марапат-

талды. Сондай-ақ мерекелік кеште кәсіподақ саласының 

ардагер қызметкерлеріне де құрмет көрсетілді. Ал салта-

натты жиын соңы облыстық филармонияның концерттік 

бағдарламасымен жалғасын тапты.

 

„

Облысымыздың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері Алматы 



қаласында жәрмеңке өткізіп, өз тауарларын өткереді. 

Тараздың тауарлары Алматыда

Шынболат СЕЙДУАЛИЕВ

Б і зд і ң   ө ң і рд і ң   т ауа р 

өндірушілерінің қатысуымен 

өтетін  ауыл  шаруашылығы 

жәрмеңкесіне құны 200,0 млн. 

теңгеден астам 220 тоннаға 

жуық  ауыл  шаруашылық 

тауарлары  ұсынылмақ. 

Атап  айтқанда,  57,5  тонна 

ет  өнімдері,  16,2  тонна  сүт 

өнімдері, 112,4 тоннадан астам 

көкөніс-бақша өнімдері бар. 

Сонымен  қатар  33,9  тонна-

дан астам облыста өндірілетін 

басқа да ауыл шаруашылығы 

тауарлары  жәрмеңкеде  сау-

даланады. Оның ішінде ара 

балы, құрт, ірімшік, макарон 

өнімдері, өсімдік майлары бар. 

Айта кетерлігі, аймақтың тауар өндірушілері Алматы 

қаласының тұрғындарына өз тауарларын 15-20 пайыз 

төмен бағамен ұсынатын болады. 

Алатау бөктеріндегі жәрмеңкеге Жуалы ауданы, 

Боралдай ауылдық округіндегі «Береке-3» шаруа 

қожалығының басшысы Гүлмира Битұрсынова 1 тонна 

жылқы және ірі қара етін алып бара жатыр екен. 

-  Еттер  -  өзімнің  шаруа  қожалығымның  еттері. 

Соншама жерді артқа тастап барғандағы жәрмеңкенің 

ұтымды тұсы еттер тонналап сатылады. Бұл біз үшін өте 

тиімді. Алматы қаласында жылқы етін 1250, сиыр етін 

1050 теңгеден саудаламақ ниеттемін, - дейді қожалық 

иесі. Сондай-ақ осы Жуалы ауданынан жәрмеңкеге 

3 тонна сүт, 1 тоннадан астам сүт өнімдері саудаға 

шығарылмақ. Осы аудан бас-аяғы 3,5 млн. теңгенің 

өнімдерін саудаламақ ниетте. 

Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы 

басқармасы басшысының орынбасары Еркебұлан 

Анабековтің  айтуынша,  оңтүстік  астанада  өтетін 

жәрмеңке Алматы қаласының айналасында азық-түлік 

белдеуін құру және ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына 

орай өткізіліп отыр екен. 

-  Алматы  қаласындағы  жәрмеңкеге  бару  үшін 

10 арнайы жүк көлігін бөліп отырмыз. Оның 5-уі 

тоңызытқышпен  жабдықталған.  Сондай-ақ  тауар 

өндіруші мекемелердің өкілдері 2 автобуспен барып 

қайтпақ. Бұл көліктердің барлығы басқарма тарапынан 

қарастырылған. Ол жақта біздің аймақтың тауарлары 

20 пайыз төмендетілген бағамен сатылатын болады. 

Дегенмен бағаға шектеу болады. Жалпы жәрмеңкеге 

Алматы қаласының әкімі мен біздің облыстың әкімі 

қатысады деп жоспарлануда, - деді ол. 

Жыл басынан бері облыста азық-түлік тауарлары 

бағаларын тұрақтандыру мақсатында түрлі деңгейдегі 

56 жәрмеңке өткізіліп, онда 401,5 млн. теңгенің тауар-

лары өткерілген. Ондағы тауарлар нарық бағасынан 

8-20 пайыз төмен болған. Мәселен, біздің шаһардың 

коммуналдық базарында 44 жәрмеңке өткізіліп, 308 

млн. теңгенің азық-түлік тауарлары өткерілген болса, 

орталық алаңда 2 жәрмеңке өткізілген. Ол жерде құны 

72 млн. теңгенің 230,3 тонна тауарлары өткерілген. Ал 

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай тұрақтандыру 

қорының әлеуметтік автокеруені арқылы облыстың 

барлық аудандарында 10 жәрмеңке өткізілген. Онда 

құны 21,5 млн. теңгенің 238 тонна тауарлары сатылған.



//   «ЖАМБЫЛ - ТАРАЗ»  //  №24 (1312), 15 МАУСЫМ  2016 ЖЫЛ  //

ҚАЛА-ҚАРБАЛАС

3

ОРТАҚ МҮДДЕЛЕР ТОҒЫСТЫ

 

„

 «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы мен Қазақстан халқы 



Ассамблеясының Жамбыл облыстық хатшылығы бірлескен жаңа жоспарын бекітті. 

Жер - елдің игілігі

Шынболат СЕЙДУАЛИЕВ

Партияның Жамбыл облыстық филиалында 

өткен шараға партия белсенділері, облыстық 

мәслихат  депутаттары,  облыстық  Қазақстан 

халқы Ассамблеясының мүшелері, этно-мәдени 

бірлестік  жетекшілері,  «Қоғамдық  келісім» 

КММ қызметкерлері, партия облыстық филиа-

лы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының 

мүшелері мен Ассамблеяның жастары қатысты. 

Жиында «Нұр Отан» партиясы облыстық 

филиалы  төрағасының  орынбасары  Шәбден 

Тілеумұрат  партия  мен  Қазақстан  халқы 

Ассамблеясының  өзара  байланыс  орнатуға 

мүдделі болуының себебін жеткізді. 

-  Бұл  байланыстың  маңызы  зор.  Біз 

елдегі ішкі тұрақтылықты сақтау, татулықты 

нығайту  бағытындағы  жұмыстарды  бірлесе 

атқарып  келеміз.  Енді  Партия    Төрағасы 

Н.Ә.Назарбаевтың  белгілеген  мақсат-

міндеттерді орындау үшін «Нұр Отан» парти-

ясы мен Қазақстан халқы Ассамблеясы өзара 

үндесе қимылдайтын болады. Қол қойылған 

құжат  –  осыған  негіз.  Бірлескен  іс-шаралар 

жоспарында  жылдың  соңына  дейінгі  мерзім 

қамтылды. Соның ішіне ҚР Тәуелсіздігінің 25 

жылдығын насихаттау, Елбасымыздың «Әлем. 

ХХІ ғасыр» манифесі аясында іс-шараларды 

бекіту,  жастар  арасында  кездесу,  лекциялар 

ұйымдастыру  кіреді.  Сонымен  қатар  қазақ 

халқының  тарихын,  мәдениетін  және  өзге 

ұлт  өкілдерінің  де  ұлттық  құндылықтарын 

насихаттау,  ұрпақтар  сабақтастығын  дамыту 

мәселесіне айрықша көңіл бөлінген, - Шәбден 

Тоқтасынұлы. 

Ал    Қазақстан  халқы  Ассамблеясының 

облыстағы  хатшылығының  меңгерушісі                    

Маржан Қожаеваның айтуынша, қол қойылған 

бұл  меморандум  бірлескен  жоспарды  толық 

орындауға үлкен септігін тигізеді. Іс-шаралар 

жоспарында «Қазақстан – 2050» Стратегиясын 

тиімді жүзеге асыру, «100 нақты қадам» Ұлт 

жоспары  мен  «Нұрлы  жол»  бағдарламасын 

ілгерілету,  сараптамалық  және  пікір  алмасу 

алаңдарын ұйымдастыру, Достық үйі мен «Нұр 

Отан» партиясының қоғамдық қабылдаулары 

негізіндегі әріптестік-әлеуметтік маңызы бар 

жобаларды жүзеге асыру көзделген. 

-  Мәселен,  екі  жақтың  бірлесе  іске  асы-

ратын  «Мектепке  жол»  акциясы  біздердің 

біріккен күшіміз бен қаржылық көмектеріміз аз 

қамтылған отбасылардың балаларын ғана емес, 

науқас  балалар  мен  олардың  ата-аналарына 

да  үлкен  көмек  болады.  Осындай  бірлескен 

жобаларымыздың  арқасында  бізден  көмек 

күткен қоғамның әрбір мүшесіне материалдық 

көмекпен  қатар,  моральдық  көмек  те  бере 

алатын боламыз. Бірігіп жұмыстар атқаратын 

болсақ,  алар  асуымыз  көп  болмақ,  -  дейді               

Маржан Төреғұлқызы.  

 

„

Ауыл шаруашылығы маманы ретінде қоғамдық 



топ құрамымен Жер реформасы бойынша барлық 

аудандарда болып, ауданның зиялы қауымдарымен, 

шаруашылық қожайындарымен кездесу өткіздік. 

Жамбыл жол 

бөлімшесінде 

жаңа басшы

Жамбыл  жол  бөлімшесінің 

мәжіліс залында өткен жиында 

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ы бас инженері 

Бауыржан Орынбасаров бөлімше 

қызметкерлеріне жаңа директор-

ды таныстырды. Бұл лауазымға 

бұған  дейін  Жамбыл  жол 

бөлімшесі директорының орын-

басары қызметін атқарып келген, 

Тараз  қалалық  мәслихатының 

депут аты,  өңірге  белгілі 

теміржолшылар династиясының 

өкілі  Берік  Сағымбекұлы 

Ақшалов  тағайындалды.  Ал-

дымен  Қайрат  Орынбасаров 

ұлттық компания президентінің 

атынан  соңғы  екі  жылда  Жам-

был  жол  бөлімшесін  басқарып 

келген  Дәулетбай  Есімбековке 

алғысын айтып, жаңа басшының 

алдында тұрған міндеттерді тілге 

тиек етті. Дәулетбай Дасырұлы 

бірлікте жұмыс атқарған бөлімше 

қызметкерлеріне  алғысын 

жеткізсе, жол бөлімшесінің жаңа 

тағайындалған  басшысы  Берік 

Сағымбекұлы ұлттық компания 

тарапынан өзіне білдірген сенімді 

ақтайтындығын айтып өтті. Жи-

ында Жамбыл жол бөлімшесінің 

қызметкерлері  Дәулетбай 

Дасырұлының  иығына  шапан 

жауып, құрмет көрсетті.



«Жамбыл-Тараз» ақпарат.

Тараз қалалық 

мәслихаты 

депутаттарының

назарына!

«Қазақстан 

Республикасындағы жергілікті  

мемлекеттік басқару және өзін-

өзі  басқару  туралы»  Заңының 

10-бабының  3-тармағының 

негізінде, алтыншы шақырылған 

Тараз  қалалық  мәслихатының 

кезекті бесінші сессиясы қала 

әкімі аппаратының мәжіліс за-

лында 2016 жылдың 29 маусы-

мында  сағат  10:00-де  болады 

деп, Сіздердің назарларыңызға 

хабарлаймын.

Кезекті  сессияның  қарауына 

келесі мәселелер ұсынылады:

1.  2015  жылғы  қалалық  

бюджеттің атқарылуы туралы.

2.  Ішкі  істер  органдарының 

Жергілікті  полиция  қызметі 

басшысының есебін қарау және 

оның қызметін бағалау туралы.

3. Әртүрлі.

С е с с и я д а   қ а р а л а т ы н 

мәселелерді қалалық мәслихат 

депутаттарымен алдын ала қарау 

2016 жылдың 27 маусымында 

сағат 15:00-де өтеді.



Балабек НАРБАЕВ,

Тараз калалық

мәслихатының хатшысы.                                          

Бірлескен жұмыста нәтиже бар.  

 Суретті түсірген Е.Пак

Кездесу  мақсаты  елдің  ашық 

ой-пікірлерін  білу,  сараптау  және 

жинақтау болды. Кездесу барысын-

да барлығымыздың көзіміз жеткені 

халық  Елбасының  қоғамдық    ре-

зонанс  туғызған    Жер  кодексінің 

бірқатар  нормаларына  марато-

рий  жариялағанын  құптап  жатыр. 

Азаматтардың    толғандыратын 

мәселелердің  басым  бөлігіне 

тоқталар болсам, жерді ешкімге сат-

пай, шетелдіктерге жалға бермеу. Заң 

талаптарын күшейте отырып жерді 

жалға беріп, Қазақстан азаматтары 

жалға алған жерді міндетті түрде са-

тып алу. Шыны керек, бүгінде жерді 

ұтымды  пайдаланып  жатқанымыз 

жоқ. Сол себепті жалға алған жерді 

игеріп,  шаруашылыққа  жаратпа-

са,  қайтып  мемлекетке  қайтарып 

берулері керек. Расында, кейбір ша-

руа қожалықтарында жерді игеруге 

техника құралдары мен  қаржылары 

жетіспейді.  Ең  маңыздысы, 

Заңымыздың  қауқарсыздығынан 

қорыққан  қарапайым  халық  көп 

жылға  жалға  алған  жерлерді 

шетелдіктер түбінде иемденіп ала 

ма деп үрейленеді. Олардың мақсаты 

- жердің өзге мемлекеттің қарауында 

қалмауы.  Менің  ойымша,  жерді 

сатып  алатын  ел  азаматтарына  да 

көлеміне шектеу қою керек. Себебі, 

қалталы азаматтар мемлекеттен аук-

цион арқылы жерді еш қиындықсыз 

алып,  оны  игеруге  күш  жұмсап 

жатқан жоқ. Ауыл маңындағы не-

месе шалғай аудандардағы мал жай-

ылымдарын кеңейтуіміз керек. Ол 

жерлерді жалға емес, халық игілігіне 

беруіміз  керек.  Жайылымдардың 

жеке меншікке өткенін құптамаймыз. 

Жерге байланысты заңдарды қайта 

қарап, керек болса өзгеріс енгізіп, 

барлық мәселені шегелеп шешетін 

уақыт жетті. 

Сағынхан ӘМРЕҚҰЛОВ, 

облыстық қоғамдық

 кеңестің мүшесі.

Сақтықтың серті  – тәртіп 

 

„

Ақтөбе облысында орын алған террористік 



актілерге байланысты, мемлекеттік органдардың, 

азаматтары мен лауазымды адамдардың 

қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін террористік 

әрекеттердің алдын алу, лаңкестерді 

зарарсыздандыру, сондай-ақтеррористік 

акциялардың зардаптарын түсіндіру мақсатында 

Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер 

кітапханасында жиналыс өтті.

Сейділдә ТӨРЕН

  Жиында  Жамбыл  облыстық 

балалар  мен  жасөспірімдер 

кітапханасының  директоры 

Г.Инкарбекова Ақтөбеде болған 

террористік оқиғаға байланысты 

ұжым  қызметкерлеріне  жұмыс 

барысында  тәртіпті  нығайтуды 

және  күдікті  жағдайлардан 

абай  болуды,  экстремизм  мен 

террористік, лаңкестік жағдайлар 

арамызда орын алмас үшін алдын 

ала  қолданылатын  шараларды 

үнемі бақылауда ұстауды ескертті. 

Кітапхана директорының орын-

басары  Ж.Айтжанова  мекемеге 

келіп  түскен  хатпен  танысты-

рып  Ақтөбедегі  оқиғаға  байла-

нысты,  ҚР  ҰҚК  бұйрығымен 

Қазақстан  Республикасының 

аумағында  ағымдағы  жылдың 

6  маусымынан  бастап  40  күн 

мерзімге террористік қауіптіліктің 

бірқалыпты  «сары»  деңгейі 

еңгізілгені жайында айтып өтті. 

Сондай-ақ кітапхана мекемесінің 

қауіпсіздігін бақылауда ұстап, кел-

ген оқырмандардың сөмкелері мен 

қорап немесе шығып тұрған сым, 

темір сияқты заттарға көңіл ауда-

рып және де мекемеден тыс, сырт-

та жүргенде адамдар көп жүретін 

мекемелерде,  дүкендер  немесе 

көліктерде  күдікті  нәрселерден 

сақ болуды ескертті. 


МӘҢГІЛІК ЕЛ

4

//   «ЖАМБЫЛ - ТАРАЗ»  //  №24 (1312), 15 МАУСЫМ  2016 ЖЫЛ  //



КЕҢЕСПЕН КЕЛІСІЛГЕН ІС

 

„

Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасының мәжіліс залында өткен баспасөз 



мәслихатында палатаның 2013-2016 жылдар аралығында атқарған жұмыстарының 

қорытындысы тыңдалды.

Шынболат СЕЙДУАЛИЕВ

Жиында «Қазфосфат» ЖШС  бас директо-

ры,  Өңірлік  кәсіпкерлер  палатасы  кеңесінің 

төрағасы Мұқаш Ескендіров кеңестің аймақтағы 

атқарып  жатқан  жұмысына  тоқталып  өтті. 

Сондай-ақ ол сөзінде кеңес пен Кәсіпкерлер 

палатасы  үнемі  тығыз  байланыста  жұмыс 

жасап келе жатқандығын жеткізді. Мұнан соң 

сөз тізгіндеген Жамбыл облысы Кәсіпкерлер 

п а л ат а с ы н ы ң   д и р е кто р ы   Қ а рл ы ғ а ш                                                                                                

Аралбекова    палатаның  2013-2016  жыл-

дар  аралығында  атқарған  жұмысының 

қорытындысы туралы айтып берді. 

Облыстық кәсіпкерлер палатасы басшысының 

сөзінше, статистикалық ресми мәліметтерге 

сәйкес,  облысымызда  ірі,  орта  және  шағын 

кәсіпкерлік субъектілерінің саны бүгінгі таңда 

67 378-ді құрап отыр. Оның 66 991-і, яғни 99,4 

пайызы шағын бизнеске тиесілі. 309-ы орта 

бизнес болса, ірі бизнес 78. Есепті мерзімде 

Жамбыл облысының Кәсіпкерлер палатасына 

9 975 өтініш келіп түскен. Оның ішінде құқық 

қорғау саласы бойынша келіп түскен өтініштер 

саны 406, экономикалық сұрақтар 9 437, 132-і 

әлеуметтік  сұрақтар  бойынша.  Кәсіпкерлер 

құқын қорғау бағытында 191 өтініш оң шешімін 

тауып, жалпы сомасы 3 миллион 913,3 мың 

теңгеге бизнес мүддесі қорғалған. 

Палата сарапшылары нормативтік-құқықтық 



  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал