2015 жыл, сәрсенбі



жүктеу 0.91 Mb.

бет1/10
Дата16.01.2017
өлшемі0.91 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

 №45 (1280)   4 қараша  

 

2015 жыл, сәрсенбі



www.z-taraz.kz

 9-бет.

Жолаушы 

тоңып қалмасын

 

„



Қала ішінде 527 

автобус пен шағын 

маршруттар тасымалдау 

қызметін көрсетеді. 

Қылышын сүйретіп 

келген қысқа олар 

қаншалықты дайын?  

«Америкалықтар 

қазақ 

боксшыларына 

таңданды»

 

„



- Біздің қазақ боксы 

бір орнында тұрмауға, 

секіруге, шапшаңдыққа 

негізделген.  

 

5-бет.

 

19-бет.



Аялы АлАқАн

 

„



Соңғы екі-үш жылда бір емес, бірнеше баланы аялы алақанына алып, ошағының 

жылуымен бөлісіп отырған отбасылар көбейіп келеді. Осындай батыл қадаммен бала 

тәрбиесіне үлкен үлес қосып, көпшіліктің алғысына бөленіп жүрген ата-аналарға 

арналып, елімізде 2011 жылдан бастап  «Қамқоршылар күнін» мерекелеу дәстүрге 

айналды.                                 

Көлік жүргізушілер 

мен жаяу 

жүргіншілердің 

назарына!

Ағымдағы жылдың               

5 қарашасы күні сағат 

9:00 – 13:00 аралығында 

Тараз қаласының Әуежай 

және сол тұсқа жақын 

аумақтарда оқу-жаттығу 

шаралары өтетіндіктен, 

көлік қозғалысы мен жаяу 

жүргіншілер жолына 

шектеу қойылады.


 

„

Өткен аптада Астанадағы «Тілеп - қобыз сарайы» көп 



функциялы концерт залында қазақстан халқы Ассамблеясы 

қоғамдық келісім кеңестерінің форумы өтті. 

шаңырақ


2

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №45 (1280),  4 Қараша 2015 Жыл  //

Ел тірегі - татулық.  

   


қоғАмдық Келісім – 

ТұрАқТылық Кепілі

ЗЕРЕ ОРАЗБЕК

Қазақстан халқы Ассамблеясы Қоғамдық 

келісім кеңестерін одан әрі нығайту және да-

мытуды көздеген форум жұмысы аясында ҚХА 

мүшелері,  ҚР  Парламентінің    депутаттары, 

мемлекеттік  және  кәсіподақ  органдарының 

өкілдері, өңірлік Қоғамдық келісім кеңестерінің 

мүшелері, этно-мәдени бірлестіктердің басшыла-

ры, Ардагерлер кеңестерінің, ҚХА Журналистер 

клубының өкілдері бас қосты. Жамбыл облысынан 

Қазақстан халқы Ассамблеясы облыстық хатшылық 

меңгерушісі Лариса Лысова, Мойынқұм ауданы 

әкімінің орынбасары Бақытжан Исеев, Меркі 

аудандық әкімдігі Ішкі саясат бөлімінің бас маманы                                                                       

Назира Қаймолдаева, «Вынхуа» дүнген этно-мәдени 

бірлестігінің орынбасары Идрис Юнусов және 

«Жамбыл-Тараз» газетінің директор-бас редак-

торы, қалалық мәслихаттың депутаты Эльмира                        

Мырза-Ғали қатысты.

ҚР Президенті, ҚХА Төрағасы Нұрсұлтан 

Назарбаевтың тікелей тапсырмасымен құрылған 

Қоғамдық келісім кеңестері бүгінгі таңда үлкен 

күшке айналып отыр. ҚХА Төрағасының орынба-

сары – Хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжанов 

өз сөзінде олардың саны еліміз бойынша 1722-ге 

жеткенін ауыз толтыра айтты. Соның ішінде 

облыстық деңгейде 10, қалалық деңгейде 77, 

аудандық деңгейде 47 және ауылдық деңгейде 1 

377 кеңес, ірі кәсіпорындар ұжымдарында 111 

Қоғамдық келісім кеңесі жұмыс істейді екен.Жыл 

басынан бері қарай кеңестер саны 252-ге көбейсе, 

әсіресе, қалалық деңгейде және ірі кәсіпорындарда 

қатары арта түскен.

Форум жұмысында өңірлердегі ҚХА Қоғамдық 

келісім кеңестерінің тәжірибелерімен бөлісу, 

ұйым қызметінің елдегі қоғамдық келісім мен 

ұлттық бірлікті нығайтумен байланысты жаңа 

нысандарын іздестіру көзделді.   400 мыңға жуық 

тұрғыны бар, 87 ұлт пен ұлыстың өкілі мекен еткен 

Тараз қаласындағы Қоғамдық келісім кеңесінің 

жұмысы туралы аталған кеңестің мүшесі Эльмира                   

Мырза-Ғали баяндады: 

- Қоғамдық келісімді іске асыруда жетекші 

рөлді өңірде Жамбыл облысы Қазақстан халқы 

Ассамблеясы атқарады. Халықтар достығын 

нығайтуда бұл институтқа Тараз қаласы бойынша 

26 этно-мәдени бірлестіктер енгізілген.Қазіргі таңда 

этно–мәдени орталықтар осы кеңестер арқылы 

әлеуметтік топтардың құқықтары мен мүдделерін 

қорғап, қарапайым халықты толғандыратын түрлі 

мәселелерді шешуде жергілікті атқарушы билікпен 

әріптес болып отыр. Мәселен, Кеңестің 2014-2015 

жылдары өткізілген отырыстарында Тұрғын 

үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 

2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасының 

орындалуы, этносаралық келісімді дамытудағы 

этно-мәдени бірлестіктердің атқарған жұмыстары, 

қала округтерінде жүргізілген әлеуметтік сауал-

нама нәтижесінде анықталған халыққа қызмет 

көрсету саласындағы мәселелерді шешу жолдары 

жан-жақты талқыға салынған болатын. Сонымен 

қатар Қоғамдық келісім кеңесінде ҚР «Тіл туралы» 

Заңының қала инфрақұрылымында, қоғамдық көлік 

пен денсаулық сақтау мекемелерінде  қолданылуы 

сараланған еді. Өз жұмысын түрлі үкіметтік емес 

ұйымдар және саяси партиялармен тығыз бай-

ланыста атқаратын Кеңес  үстіміздегі жылдың 

шілде айында Қазақстан патриоттар партиясы 

қалалық филиалының өкілдерімен бірге тұрмыстық 

қалдықтар мәселесі және коммуналдық қызмет 

төлемдерінің тарифі бойынша мәжіліс өткізді. 

Сондай-ақ сал ауруына шалдыққан балалардың 

денсаулығын жақсартуға арналған  иппотерапия 

кешенінің құрылысын жүргізу үшін бастама 

көтерген-тін. «Жүректен жүрекке» әлеуметтік 

жобасы аясында пайдалануға берілген бұл кешен 

бүгінде тағдыр тәлкегіне ұшыраған жасөспірімдерге 

үміт сыйлап отыр. Қоғамдағы өзекжарды бұл 

мәселелердің шешілуінде этно-мәдени бірлестіктер 

жетекшілерінің белсенді түрде атсалысқанын ерек-

ше атап өту қажет. 

Сондай-ақ баяндамашы 2015 жылдың ба-

рысында  Жамбыл  облысы  Қазақстан  халқы 

Ассамблеясының хаттамалық тапсырмасының 

негізінде,  жалпы  қазақстандық  мәдениетті 

қалыптастыруға  бағытталған  аймақтық 

этникалық топтардың мәдениетін, дәстүрлерін, 

тілдерін  одан  әрі  қалыптастыру  мақсатында 

қалада  орналасқан  8  ірі  компаниялар  мен 

кәсіпорындарда («Қазақстан темір жолы» ҰК» 

АҚ,  «Қазақтелеком»,  «КазТрансГазАймақ», 

«Қазпошта», «Таразэнергоорталық» акционерлік 

қоғамдары мен «Жамбыл-Жылу», «Тараз-Су» 

мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындары және 

«Темір конструкциялар мен резервуарлар зауыты» 

жауапкершілігі шектеулі серіктестігі) Қоғамдық 

келісім  кеңестері  құрылып,  жұмыс  атқарып 

жатқанын мәлімдеді. 

Еліміздің түкпір-түкпірінен келіп, бір шаңырақ 

астында  бас  қосқан  форумға  қатысушылар 

өзара пікір алмасып,  этносаралық қатынастар 

саласындағы  мемлекеттік  және  азаматтық 

институттардың өзара іс-қимылын жандандыру, 

осы өзара іс-қимылдың тетіктерін жетілдіру 

мақсатында тәжірибе жинап қайтты. 

Форум қорытындысы бойынша, жергілікті 

жерлердегі Қоғамдық келісім кеңестерінің рөлін 

жаңадан бекітілген заңнамалық нормаларға сәйкес 

күшейтуге бағытталған шаралар әзірленетін бола-

ды. Форум соңында қатысушылардың Мемлекет 

басшысына арнаған үндеуі қабылданды.   

«Біз қазақстандықтармыз!» деген мақтаныш

Бүгінгі  күні  еліміздегі  азаматтық 

институттардың барлығы қоғамдағы келісімнің, 

бірліктің,  елдіктің  үздік  өнегесін  ұстануды 

мақсат  етеді.  Бұл  Елбасы  айтқан  «Мәңгілік 

ел»  идеясының  өміршеңдігін  уақыттың  өзі 

дәлелдегені айғақтайды. Астана қаласында өткен 

Қазақстан халқы Ассамблеясы Қоғамдық келісім 

кеңестері  форумында  біз  елдік  мұраттардың 

бір арнаға ұйысқан жолында тың идеялардың, 

жаңа жұмыс тетіктерін жан-жақты қарастырдық. 

Қатысушылардың барлығы аталған форумда ел 

дамуының даңғыл жолы ұлттық құндылықтарды 

ұлықтауда екендігін білді. Жалпы, форумда ашық 

пікірлер тоғысып, қатысушылардың арасындағы 

емін-жарқын  сұхбаттар  алаңы  ел  келешегінің 

жарқын  жолын,  даму  жолын  талқылады.  «Біз 

қазақстандықтармыз!»  дегеннің  өзі  жүрекке 

жылулық, көңілге мол сенім ұялатты.

Жамбыл облысындағы барлық аудандар мен 

Тараз қаласы әкімдігі жанынан Қоғамдық келісім 

кеңестері құрылған. Барлық кеңестердің жұмысы 

нақты жолға қойылып, өз тәжірибелерін насихат-

тап отыр. Ал Тараз қаласы әкімдігі жанындағы 

Қоғамдық келісім кеңесі – облыс орталығындағы 

қоғамдық  өмірге  белсене  қатысып  отырған 

ұйымның бірі. Форумда сөз сөйлеген «Жамбыл-

Тараз» ЖШС редакциясы» директор-бас редак-

торы,  Тараз  қалалық  мәслихатының  депутаты 

Эльмира Мырза-Ғалидің пікірін қатысушылар 

жақсы қабылдады. Сондай-ақ форумда ҚР Пар-

ламент Мәжілісінің депутаттары С.Сейдуманов, 

А.Мурадов,  Қазақстан  Азаматтық  Альянсы 

төрағасы Н.Ерімбетовтің баяндамалары тұшымды 

болды.  Күн  тәртібіне  шығарылған  Қоғамдық 

келісім кеңесінің жаңа Ережесінің жобасы қызу 

талқыға түсті.

Жалпы, бүгінгі қоғамда жоғарыда атап өткен 

Қоғамдық келісім кеңестері әлеуметтік ортаның 

түйінді мәселелерін тарқатуда тың бастамалар 

көтеріп, қоғамның қозғаушы күші болары анық.

Лариса ЛЫСОВА,

Қазақстан Халқы Ассамблеясы 

Жамбыл облыстық бөлімшесінің меңгерушісі

 

„

отбасындағы, тіпті ұжымдағы ынтымақ пен келісім  мемлекеттің 



дамуына ықпал етеді. «отбасы - шағын мемлекет» деп тегін айтпаса 

керек-ті.

отбасылық құндылық – ұлт тірегі

  «Бірге өмір сүру» атты достық, 

толеранттылық  және  отбасылық 

құндылықтар  фестивалі  кезінде 

«қазақстандық»    деген  атқа  ие 

болудың  қаншалықты  мақтаныш 

сыйлайтынын  сезіндім.    Форум 

барысында халық қалаулыларымен 

пленарлық  дискуссия  өткізіліп, 

қоғамды толғандыратын көкейкесті 

мәселелер бойынша ой бөлістік. 

 Мемлекеттік басқару жұмысында 

қоғамдық кеңестердің ықпалы мен 

әріптестігін арттыру қажеттігін уақыт 

өзі туындатып отыр.  

Елбасының  «Ұлт жоспары-100 

нақты  қадам»  бағдарламасында 

қоғамдық  кеңестер  құру  тура-

лы  айтылған  болатын.  Аудан 

және  ауыл  әкімдерінің  жанынан 

құрылған  қоғамдық  кеңестер 

әкімдердің  жұмысында  басты 

көмекші және ақылшы болып қана 

қоймай,  әлеуметтік-экономикалық 

мәселелерде,  бюджетті  пайдалану-

да оң шешімін табуға өзіндік үлес 

қосады  деген  сенімдемін.  Жалпы 

алғанда, елімізді басқаруда ұстанған 

бағыт    «Келісіп  пішкен  тон  келте 

болмас» деген даналық сөзге саятыны  

мені қатты қуантты. 

 

Бақытжан ЕСЕЕВ,



 Мойынқұм    ауданы әкімінің 

орынбасары                      

 

„

қазан айының 26-27 жұлдызында  Астана 



қаласында  өткен қазақстан халқы Ассамблеясы 

қоғамдық келісім кеңестері форумында еліміздің 

басты мақтанышы,ел бірлігінің сақтаушысы мен 

қозғаушы күші қазақстан халқы Ассамблеясы 

екендігіне тағы бір  көз жеткіздім. 

қала-қарбалас

3

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №45 (1280), 4 Қараша 2015 Жыл  //



қажетті мамандарды 

даярлау - уақыт талабы

 

„

қала әкімі нұржан Календеровтің 



төрағалығымен «нұр отан» партиясы 

Тараз қалалық филиалы саяси кеңес 

Бюросының кезекті отырысы өтті.  

Индира БАЙҚОНЫС

Бюроның күн тәртібінде үш мәселе қаралды. Атап айтқанда, 

қаланың экономикалық-әлеуметтік жағдайы, «Жұмыспен қамту жол 

картасы - 2020» бағдарламасының 2012 және 2015 жылдың 9 айы 

аралығында атқарылған жұмыстары мен Тараз қалалық мәслихаты 

депуттарының есептері тыңдалды.  

Алқалы жиында алғы сөз алған қала әкімдігінің экономи-

ка және бюжеттік жоспарлау бөлім басшысының орынбасары 

Талғат Мұқанов халықты тұрақты жұмыспен қамту мақсатында 

қабылданған  мемлекеттік  бағдарламалар  оң  нәтижесін  беріп 

отырғанын  атап  өтті.  Мәселен,  «Жұмыспен  қамту  -2020» 

бағдарламасы аясында 2012 жылы жұмыспен қамтылғандар саны  

865 адам болса, 2013 жылы 1132, 2014 жылы 3749  адамды құрса, 

ағымдағы жылдың 8 айында  631 адам жұмысқа орналасқан.  

Нұржан Сәбитұлы қаржылық дағдарыс қыспаққа алған уақытта, 

бұл бағдарламаның жүйелі түрде жұмыс істеуі маңызды екенін 

баса  айтты.  Ал  Тараз  қалалық  әкімдігінің  жұмыспен  қамту 

орталығының директоры Сәуле Қойбақова осы жылдар аралығында  

жоғары және арнаулы оқу орындарын аяқтаған түлектер «Жастар 

тәжірибесі» арқылы жұмысқа орналасып келетінін айтып, бүгінде 

бұл бағдарламаға 1835 түлек қатысып, оның  962-сі немесе 52,4% 

тұрақты жұмысқа тұрғанын жеткізді. 

Бұл  ретте,  қала  басшысы  «Жастар  тәжірибесіне»  

қатысушылардың басым бөлігі  гуманитарлық яғни заңгерлер, пе-

дагогтер болып отырғанын тілге тиек етіп, жалпы мектеп түлектері 

мамандық таңдағанда, еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптерге 

басымдық беру өте-мөте маңызды екеніне тоқталып: «Біздің 

жастар қоғамға аса қажетті мамандықтарды игерсе, жұмыссыз 

қалмайды. Жалпы, баршамыз жұмыла отырып, ел ішінде осы мәселе 

төңірегінде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге тиіспіз»,- деді 

Нұржан Сәбитұлы.     

Саяси кеңес отырысында қалалық мәслихаттың депутаттары 

Жақып Жексембиев пен Эльмира Мырза-Ғали  атқарған жұмыстары  

жөнінде есеп берді.  Халық қалаулысы, «Партияның 50 тұлғасы» 

жобасының қатысушысы Эльмира Иниятқызы 2012-2015 жылдар 

аралығында 44 сессия өткенін атап өтіп, мәслихат сессиясының күн 

тәртібіне шығарылған түрлі мәселелер бойынша бірнеше комиссия 

құрамында жұмыс істегенін айтты. 

Депутаттың  ықпал  етуімен    «Төрткүл»  тұрғын  алқабын 

жарықтандыруға бюджеттен  90 миллион теңге бөлініп, елдімекенге 

электр энергиясы тартылса,  қалалық мәслихаттың 20 депутатының 

бірі  болып,    аз  қамтамасыз  етілген  20  отбасы  балаларының 

болашақта жоғары білім алулары үшін арнайы есепшот ашып, серти-

фикаттар табыс етті. Сондай-ақ, халық қалаулысы  жыл басынан бері  

24 қоғамдық қабылдау өткізіп, азаматтардың түрлі мәселелерінің дер 

кезінде шешілуіне мұрындық болып, депутаттық сауалдар жасаған.

Нұржан Календеров халық қалаулыларының белсенді, өнімді 

жұмысына жоғары баға берді. 

Жиын соңында Саяси Бюро мүшелерінің бірқатар ұсыныс-

талаптары негізге алынды.



Баршамыз жауаптымыз

 

„

Тараз қаласы әкімдігі жанындағы 



діни бірлестіктермен байланыстар 

жөніндегі Кеңестің отырысы өтті.

Айсана НҰРБАП

Отырысқа қала әкімі Нұржан Календеров және Кеңес мүшелері 

қатысты. Жиын барысында облыс аумағы бойынша діни эктремизм 

және терроризмге қарсы бірқатар мәселелер талқыға түсті. Бүгінгі 

таңда қала әкімдігі ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен қала 

ішіндегі барлық білім беру мекемелерінде аталған тақырыпқа 

қатысты үгіт-насихат жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. 

Дейтұрғанмен, жиын барысында Ішкі істер басқармасы маманда-

ры қызметкерлердің тапшылығына байланысты мәселеге қатысты 

жұмыстарды күшейту нақты уақытта баяу жүріп жатқандығын алға 

тартты. Кеңес мүшелері бұл мәселенің шешімін талқыға салып, 

облыс әкімдігінің 2014 жылы 27 наурыз айындағы «Қазақстан 

Республикасы діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл 

жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны 

Жамбыл облысында іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын 

бекіту туралы» №105 қаулысын іске асыру бойынша нақты 

ұсыныстар айтты. Ал күн тәртібіндегі екінші мәселе – қаладағы 

діни экстремизм мен терроризм көріністерінің алдын алуға және 

болдырмауға бағытталған №№7,8,9,10,11 мобильдік топтардың 

атқарған жұмыстары туралы топ жетекшілері Нұрбол Қалдыбаев, 

Жеңіс Паримбеков, Бекмұхан Әбілқайыров, Ілияс Бекежанов 

және Бақытжан Сүгірбеков мәлімдеме жасады. Дегенмен, аталған 

мобильдік топтардың атқарған жұмысы кеңес мүшелері тарапынан 

сынға ілікті. 

Бүгінгі таңда қала әкімдігі мешіт имамдары мен ЖОО кафе-

дралары, діни орталықтармен бірлесе жұмыс жасауда. Атқарылған 

жұмыстардың нәтижесі де жоқ емес. Діннің мәселесі ортақ 

болғандықтан, оны шешуге барлық жұрт бір кісідей атсалысуы 

қажет. Осыған орай, алдағы уақытта әрбір сайлау округі бойынша 

арнайы жоспар құрылып, оған квартал төрағалары мен үй ағалары 

да өз үлестерін қосатын болады. 

Жиын  соңында  қала  әкімі  Нұржан  Сәбитұлы  аталған 

мәселелерді жіті талқылап, анықталған кемшіліктерді жыл соңына 

дейін жоюға уақыт берді. 



қоғАмның қозғАушы Күші

 

„

елімізде кәсіподақтар қызметіне тікелей әсер ететін өзгерістер 



орын алуда. осы орайда, «қазақстандық салалық білім және ғылым 

қызметкерлері кәсіптік одағының Жамбыл облыстық ұйымы» 

қоғамдық бірлестігі өткенді саралап, алдағы қызмет бағытын 

айқындау мақсатында кәсіподақ комитетінің пленумын өткізді.

Ерман ӘБДИЕВ

Пленум  жұмысына  Қазақстандық 

салалық білім және ғылым қызметкерлері 

к ә с і п т і к   о д а ғ ы н ы ң   т ө р а й ы м ы                                  

Майра Амантаева, облыс әкімдігі білім 

басқармасы  басшысының  орынбаса-

ры  Жәмила  Бекбатырова,  аудандық 

білім  бөлімдерінің  басшылары,  білім 

мекемелерінің  басшылары,  сонымен 

қатар, сала ардагерлері мен БАҚ өкілдері 

қатысты.  Пленумда  негізгі  хабарлама-

ны  Кәсіподақтың  Жамбыл  облыстық 

ұйымының төрайымы Гүлсін Орынбаева 

жасады. Ол өз баяндамасында «Кәсіподақ 

органдарының «Қазақстандық салалық 

білім  және  ғылым  қызметкерлерінің 

кәсіптік  одағы»  ҚБ-ның  ХІІІ  Съезінің 

және облыстық ұйымның ІХ есеп беру-

сайлау Конференциясының шешімдерін 

орындау міндеттері туралы» мәселелерін 

атап өтті. 

-    Кәсіподақтың  облыстық  ұйымы 

облыстық білім басқармасымен бірлесе 

отырып,  жұмыс  берушілермен  қарым-

қатынас  жүргізуді  қамтамасыз  ететін 

салалық  аймақтық  келісім,  бірыңғай 

ұжымдық шарттар жасау арқылы жүзеге 

асырылатын  көп  деңгейлі  әлеуметтік 

әріптестік  жүйесін  жетілдіру  шарала-

рын қабылдауда. Әлеуметтік әріптестік 

жүйесінің шынайы қызметі нәтижесінде 

сала  қызметкерлері  мен  білім  алу-

шылары  үшін  көптеген  кепілдіктерді 

сақтап  қалуға  мүмкіндік  туып  отыр. 

Кәсіподақтың  құқық  қорғау  жұмысы 

есепті  мерзімде  ең  басты  жұмыс 

бағыты    ретінде  көп  жағдайда  тиімді 

қорғау  қызметін  қамтамасыз  ету  мен 

кәсіподақ  мүшелігіне  ынталандыруға 

ықпал  етуде.  Штаттық  кәсіподақтық 

еңбек  инспекциясы  пәрменді  қызмет 

атқаруда. Жұмыс берушілер тарапынан 

еңбек  заңдылығының  талаптары  мен 

нормаларының орындалуын, сақталуын 

жоспарлы әрі тақырыптық негізде тек-

серу ісі тәжірибеге нықтап енді. Барлық 

нысандағы құқық қорғау жұмысын жүзеге 

асырудың 2014-2015 ж.ж. экономикалық 

тиімділік жиынтығы 6.0 млн. теңгеден 

артық  соманы  құрады.  Кәсіподақтың 

құқықтық  қызметінің  араласуымен 

2014-2015  жылдары  заңсыз  жұмыстан 

босатылған 6 сала өкілі жұмысқа қайта 

орналасқан,  23  қызметкерді  жұмыстан 

босатуға  жол  берілген  жоқ.  Әрдайым 

сала  өкілдері  мұғалімдерге  жұмыс 

берушілер тарапынан жасалған  заңсыз 

әрекеттердің  алдын  алу  мақсатында 

тиісті  материалдар  мемлекеттік  еңбек 

инспекциясына  жолданып  отырылады. 

2014 жылдың мамыр айынан бері 4000-

ға жуық адамға тегін құқықтық қызмет 

көрсетілді.  Оның  ішінде  537  адамға 

жазбаша түсінік берілсе, 3513 сала өкілі 

инспекторлардың  жеке  қабылдауында 

болған. Осы уақыт аралығында кәсіподақ 

заңгерлері 19 кәсіподақ мүшесіне соттар-

да өкілдік жасады, құқығы бұзылған 22 

кәсіподақ мүшелерінің құжаттары сотқа 

жолданды, - деді Гүлсін Рақымжанқызы. 

Жиында бірнеше ауданнан келген өкілдер 

есепті мерзімде атқарған жұмыстарына 

есеп  берді.  Сондай-ақ,  Қазақстандық 

салалық білім және ғылым қызметкерлері 

к ә с і п т і к   о д а ғ ы н ы ң   т ө р а й ы м ы                                                    

Майра  Амантаева  бүгінгі  күні  Елбасы 

Нұрсұлтан Назарбаевтың әсіресе, білім 

саласының мамандарына жасап отырған 

қамқорлығын айта келе: «2016 жылдың 

1  қаңтарынан  педагогтердің  айлық 

жалақысы 29 пайызға көтеріледі. Бүгінгі 

күні ұстаздарға бар мүмкіндік жасалып 

отыр. Біліктіліктерін көтеруде де соны 

жұмыстар атқарылуда. Сондай-ақ жоғары 

оқу орындары мен мектеп ұстаздарының 

демалыстарын ұйымдастыруда кәсіподақ 

көп  жұмыстар  атқарып  отыр.  Мұндай 

жұмыстардың  дені  Жамбыл  облысын-

да  да  жақсы  жолға  қойылған.  Бүгінгі 

күні  ұстаздар  қауымының  құқығын 

қорғауда  арнайы  құқық  инспектор-

лары  жұмыс  атқаруда.  Әлеуметтік 

тұрғыдан мұғалімдердің құқықтарының 

қорғалып,  еңбек  қатынастарын        рет-

теуде  заңнамалық  көмек  алып  отыр. 

Заман ағымына қарай тың инновациялар 

білім  бәсекесін  биікке  көтеруде  соны 

бағыт беріп отыр. Мұғалімдер тың әдіс-

тәсілдерді игеруде жаңалықтың жаршысы 

болуда» - деді. Жиын соңында аймақтағы 

қоғамдық  өмірге,  өңірдің  әлеуметтік-

экономикалық дамуына белсене арала-

сып, кәсіподақ қозғалысының дамуына 

үлес қосып жүрген азаматтар марапаттың 

төрінен  көрінді.  Атап  айтқанда,  Меркі 

ауданы  «Қарлығаш»  балабақшасының 

меңгерушісі  Н.Дүйсебаева,  Қордай 

ауданы  әкімдігінің  білім  бөлімінің 

басшысы  Қ.Раймқұлов,  М.Х.Дулати 

атындағы  ТарМУ  «Құрылыс  мате-

риалдары  және  конструкциялары» 

кафедрасының меңгерушісі Б.Үсенбаев, 

Тараз  қаласындағы  «Дарын»  мектеп-

интернатының  тарих  пәнінің  мұғалімі 

М.Бегалиевалар  «Білім  және  ғылым 

қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген 

еңбегі  үшін»  төсбелгісіне  ие  болды. 

Сондай-ақ,  кәсіподақтық  басылым 

беттерінде  Қазақ  хандығының  550, 

ҚР  Конституциясының  20,  Қазақстан 

халқы  Ассамблеясының  20  және  Ұлы 

Жеңістің  70  жылдығына  арналған 

мақалалар  мен  туынды,  шығармалар 

байқауының  қорытындысы  бойынша 

авторлар – М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-

дың  аға  оқытушысы  С.Көшербаев, 

Қордай  ауданы  №27  Ы.Алтынсарин 

атындағы орта мектептің тарих пәнінің 

мұғалімі  Б.Есімова,  Меркі  аудандық 

білім  бөлімінің  әдіскері  И.Мамедова, 

Кәсіподақ  комитетінің  Шу  аудандық 

ұйымының  аймақтық  құқықтық                                                     

инспекторы  Х.Маразыковалар  арнайы 

сыйлықтармен марапатталды.

Ой-пікір бір арнаға тоғысты.  

  Суретті түсірген Б.Бекназаров



ӘлЕумЕт

4

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №45 (1280), 4 Қараша 2015 Жыл  //




  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал