2015 жыл, сәрсенбі



жүктеу 1.15 Mb.

бет4/11
Дата09.09.2017
өлшемі1.15 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Дайындаған Нұржан 

СЕРІКХАНҰЛЫ 

КЕлБЕТ

10

//   «ЖаМБыл - Тараз»  //  №16 (1251),  15 СӘуір  2015 Жыл



Бейбіт қоЙШыБаеВ,                             

жазушы, публицист, ғалым, 

тарих ғылымдарының 

кандидаты 

ыбырайым  Сүлейменов 

мергеннің  майдандағы  ерлігі 

жайында  С.арынұлы  1954 

жылдан жазып келеді. Бүгінде 

осынау  соғыс  қаһарманының 

Сарысу ауданынан шыққанын, 

майданда  280  фашистті  жер 

жастандырғанын, көзі тірісінде 

Кеңес  Одағының  Батыры 

атағына  ұсынылғанын,  бірақ 

белгісіз  себептермен  батыр 

ата ғ ы н ы ң   бе р і л м е ге н і н , 

Невель қаласы үшін шайқаста 

Мәншүк  Мәметовамен  бір 

шепте 1943 жылғы 15 қазанда 

қаза  тапқанын  (Невельдегі 

б е й і т т е р і н і ң   б а с ы н а : 

«Пулеметші Мәншүк Мәметова 

(1922–1943)»;  «Снайпер 

ы б ы р а й ы м   С ү л е й м е н о в 

(1911–1943)»  деп  жазылған) 

жұртшылық  біледі.  Сағат 

аға  бала  кезінде  ауылдас 

ы б ы р а й ы м д ы   с о ғ ы с қ а 

аттанғанына дейін көріп жүрген 

екен. Бертінде, батырдың өмір 

жолын  журналист  ретінде 

зерттеуге  кіріскенінде,  оның 

сол  шақта  жасы  сексеннен 

асқан  ақ  шашты  қарт  анасы 

Т ы н ы ш б а л а   ш е ш е й д і ң 

әңгімесін  тыңдап,  қолындағы 

түрлі  құжаттармен,  газеттер 

қиындыларымен,  баласының 

м а й д а н н а н   ж о л д а ғ а н 

х а т т а р ы м е н   т а н ы с қ а н . 

«Басқа  алты  ұлым  бір  төбе, 

ыбырайым  қарашығым  бір 

төбе болатын», – деп күрсінген 

қ а р и я .   ы б ы р а й ы м н ы ң 

өлеңдетіп  жазған  хатындағы: 

«қабырғалы қалың ел, алыста 

жатқан  қазағым.  Елдігің  үшін 

болашақ,  Соғыстың  көрдің 

азабын.  Өлімге  де  бас  идік, 

Көрмеуге  фашист  мазағын. 

Отан үшін тоқтаттық Жігіттіктің 

базарын!» – деген жолдарды 

жатқа  айтып  берген.  Ұлының 

ерлігін  дәріптеген  еліне 

разылығын,  қабырғасын 

қайыстырған  қайғы  бұлтын 

баласының  аты  өшпегені 

сергітетінін,  соны  медет 

тұтатынын әңгімелеген. Бірде 

көрші  кемпір:  «Балам  батыр 

деп  мақтанасың.  Барған 

жерде  төрге  шығасың,  жұрт 

жапырыла құрметтеп жатқаны. 

Егерде  балаң  шын  батыр 

болса,  алтын  медалі  қайда? 

Соны көрсетші маған?» депті. 

Сонда  оған  Тынышбала 

шешей: «қимаса да соларың 

б ұ л   а т а қ т ы ,   Ұ л ы м н ы ң 

ерлікпенен  даңқы  шықты. 

Ұ м ы т п а с   ы б ы р а й ы м д ы 

елім  менің,  Көрсеткен  қан 

майданда  батырлықты.  Сен-

дағы  іші  тар  сорлы  екенсің, 

Күнәһар, мазалама әруақты», 

– деген екен.  

қарт  ананың  немересі, 

ы б ы р а й ы м н ы ң   а рт ы н д а 

қалған жалғыз қызы алмагүл 

әкесі  жайында  Мәскеуден 

сұрастырғанында, оған КСрО 

қорғаныс  министрлігінің  Бас 

к адрлар  басқармасынан 

полковник  Колесников  1958 

жылғы  5  сәуірде  мынандай 

жауап  қайтарыпты:  «Сіздің 

К С р О   Ж о ғ а р ғ ы   К е ң е с і 

Төралқасының  Төрағасы 

К.Е.Ворошилов  жолдасқа 

жолдаған  хатыңыз  мұқият 

тексерілді. армияның Әскери 

Кеңесі старшина Сүлейменов 

ыбырайымды  1943  жылдың 



ҚажыМас Қайраткер -    ҚалаМгер

 

„



Еліміз Жеңістің 70 жылдығын атап өтуге дайындалып 

жатқан  биылғы жыл басында мерзімдік баспасөзде 

әйгілі соғыс қаһарманы жайында «сұрмерген ыбырайым 

сүлейменов» атты мақала жарияланды. авторы белгілі 

қарт қаламгер, Қазақстанның Құрметті журналисі, Жамбыл 

облысының Құрметті азаматы, ақын және журналист сағат 

арынұлы. ағамыз биылғы сәуірдің 21-нде 85 жасқа толады.

шілдесінде  Кеңес  Одағының 

Б ат ы рл ы ғ ы н а   ұ с ы н ғ а н ы 

анықталды. Бірақ, ол Калинин 

майданының  Әскери  Кеңесі 

тарапынан  қолдау  таппаған, 

мергенді  ленин  орденімен 

марапаттауға  ұйғарылған. 

Сол бойынша КСрО Жоғарғы 

Кеңесі  Төралқасының  1944 

жылғы  4  маусымдағы  указы-

мен  старшина  Сүлейменов 

ыбырайымға  ленин  ордені 

берілген. Сондықтан бұрынғы 

ш е ш і м д і   қ а й т а   қ а р а у ғ а 

мүмкіндік  жоқ.  Мұнымен 

қатар  Сүлейменов  ыбырай-

ым  ерлігі  мен  сіңірген  еңбегі 

үшін  бұдан  бұрын  «қызыл 

Жұлдыз»  орденімен  және 

«Жауынгерлік  еңбегі  үшін» 

медалімен марапатталған».

С.арынұлы  ыбырайымның 

жаумен жан аямай шайқасып 

көрсеткен теңдесі жоқ, Жеңіс 

күнін  жақындату  жолындағы 

ерлігін  тарихи  құжаттар 

мен  майдандастарының 

е с т е л і к т е р і   а р қ ы л ы 

ж а ң ғ ы р т а д ы .   М е р г е н 

Сүлейменов  фашистердің 

281  солдаты  мен  офицерін 

жер құштырған (яғни жаудың 

атқыштар  батальонының  тең 

жартысын жалғыз өзі жойған) 

делінетін ресми мәліметті тал-

дай отырып, бұл көрсеткіштің  

әлі  де  толық  еместігіне  на-

зар  аударады.  қолында 

бар  құжаттарды  салыстыра 

зерттегенінде  ыбырайым 

сұлатқан  басқыншылардың 

саны  300-ден  әлдеқайда 

көп  болғанына  көз  жеткізеді. 

Тек  Невель  қаласын  екінші 

рет  жаудан  азат  еткен  6 

қазандағы ұрыстарда мерген 

ыбырайымның  60  фашисті 

жойғаны  белгісіз  себеппен 

есепке  алынбай  қалған.  Со-

нымен,  атақты  мергеннің 

қолынан  оққа  ұшқан  фашист 

солдаты мен офицерінің нақты 

саны  341  болады.  Осынша 

жауды бесатармен жайратқан 

Сүлейменовке  Батыр  атағын 

қимаудан    өткен  әділетсіздік 

бола  ма  деп  қынжылады 

қаламгер. Сол орайда кезінде 

Әзілхан  Нұршайықовтың 

күйінішпен айтқан сөздерін де 

еске түсіреді: «қазақ солдаты 

ыбырайым  Сүлейменов  239 

фашисті жойған кездің өзінде-

ақ  сөзсіз  Кеңес  Одағының 

Батыры  болуға  лайық  еді. 

Бірақ  сәті  түспеді.  ал  300-

ден астам жауды жайпап, ер 

өліммен  өлгеннен  кейін  де, 

ол Батыр атағын алуға лайық 

еді. Ұсынылып, әлдекімдердің 

қазақтардан  батырларды 

көбейте беріп қайтеміз деген 

арам  ниетімен  өтпей  қалды 

ма, білмеймін… Бар білетінім, 

Ұлы  Отан  соғысында  ерен 

ерлік  көрсеткен  есіл  ер 

ыбырайым  Сүлейменов  Ба-

тыр  атағына  ілінбей  қалды. 

Мұндай  жауынгердің  Батыр 

атағын  алмағанына  қалай 

өкінбессің?!».  «Жасыра-

тыны  жоқ,  соғыс  кезінде 

аз  ұлттардың  өкілдерін 

кемсітуге жол берілді, – дейді 

С.арынұлы.  –  Кемсіткендер 

өздерінің түймедейін түйедей 

етіп  көрсетуді  мақсат  тұтты. 

Бұл тоталитаризмнің солақай 

саясатының  салдары  еді. 

С л а в я н   н ә с і л д і л е р д е н 

басқалардың  майдандағы 

көзсіз  ерліктеріне  күдікпен 

қ а р а у,   м е н с і н б е у   о р ы н 

алды.  Кезінде  Бауыржан 

Момышұлына,  рахымжан 

қошқарбаевқа  және  басқа 

бауырларымызға  Батыр 

атағының  берілмей  қалғаны 

осындай  келеңсіздіктің  кеса-

патынан болғаны белгілі».

Мемлекеттік  тәуелсіздікке 

қол  жеткеннен  кейін,  1995 

ж ы л ы   ы . С ү л е й м е н о в к е 

қазақстан  республикасының 

«Халық  қаһарманы»  атағын 

бергізуге  ұсыныс  жасалған, 

бірақ  шенеуніктер  тарапы-

нан  жіберілген  біліксіздік, 

қарадүрсіндік  салдарынан 

ұсыныс  өтпей  қалған.  Бұл 

әділетсіздікті  кеш  болса  да 

түзету  үшін  пәрменді  ша-

ралар  қолданылуы  тиіс  деп 

есептейді  автор.  Батыр 

әруағын  қастерлеудің  тағы 

бір  жолы  шешілмей  тұрған. 

Ұлы  Отан  соғысының  ел 

таныған батыры, даңқты мер-

ген ыбырайым Сүлейменовке 

ескерткіш  орнату  қажетін 

С.арынұлы алғаш кеңес билігі 

кезінде көтерген еді. алайда 

бұл  мәселе ондаған жылдар 

бойы  сөзбұйдаға  салынуда. 

Бұл жөнінде арнайы шешім де 

қабылданған. қаржы жоқ деп 

айтуға  ешқандай  қисын  жоқ. 

құлақ сарсытқан құрғақ уәде 

ғана бар. Тәуелсіздік орнағалы 

мәселені  ол  республикалық 

баспасөзде тағы бірнеше рет 

көтерді. ақыры 2013 жылы қр 

Премьер-министріне  арнайы 

хат жазып, Ұлы Отан соғысы 

кезіндегі  асқан  ерлігі  үшін 

ыбырайым  Сүлейменовке 

кеш те болса тәуелсіз еліміздің 

«Халық  қаһарманы»  атағын 

беру,  Тараздағы  сұрмерген 

көшесі  қапталында  жатқан 

аллеяға  зәулім  ескерткішін 

тұрғызу жайында ұсыныс жа-

сады.  Ұсыныстарды  орынды 

деп тапқан Үкіметтің Жамбыл 

облысы  әкімдігіне  берген 

тапсырмасы  оң  шешімін  та-

батын  сияқты.  Жақында  об-

лыс  әкімі  Кәрім  Көкірекбаев 

атақты мергенге Ұлы Жеңістің 

70  жылдығына  орай  Тараз 

қаласында  ескерткіш  салуға 

қатысты  мәселе  қаралып, 

тиісті  шешім  қабылданғанын 

о б л ы с т ы қ   а р д а г е р л е р 

кеңесінің кезекті пленумында 

жария  етті.  автор  абыройлы 

мәселені өстіп жеріне жеткізе 

тиянақтады.

С а ғ ат   а р ы н ұ л ы   қ аз а қ 

журналистикасының  туын 

биік  ұстап,  әрдайым  абы-

ройын  көтере  түсуге  өзіндік 

үлесін    қосып  келе  жатқан, 

республикамызға көптен таны-

мал журналист. Ол  тәуелсіздік 

дәуірінде  жастарға  тән  ша-

бытпен қалам тербеп жүрген 

ересек буын ішінен әрдайым 

өткір  пікірлерімен  ерекше 

көзге  түсетін.  Біз  бұл  кісінің 

түрлі кемшіліктерді – еліміздің 

абыройына нұқсан келтіретін 

к елеңсіздік терді,  рынок 

желеуімен  жалпыхалықтық 

б а й л ы ғ ы м ы з д ы   т а л а н -

таражға  салған  сыбайлас 

жемқорларды,  құлқынның 

қ ұ л ы н а   а й н а л ғ а н 

ш е н е у н і к т е р д і ,   б и л і к 

буындарындағы түрлі тұтқаға 

ие  болып  алып,  қилы  қисық 

тірліктерімен бірлігімізге іріткі 

салып жүрген рушылдар мен 

топшылдарды  әшкерелеген 

мақалалары  оқырманды 

р и з а ш ы л ы қ қ а   б ө л е й т і н . 

Оқыған  сайын  тағы  сондай 

кемшіліктерді батыл көрсетіп, 

өткір  пікірлерін  білдіруіне 

іштей  әркім  тілектес  бола-

тын.  Жарияланымдарының 

жоғарыда  аталған  бірімен 

ата л м ы ш   ж е ң і с к е   ж ет у і 

сексеннің бесінші басқышына 

көтерілген ақсақал қаламгердің 

қалам-қаруын  тастамай, 

ж е м і с т і   ш ы ғ а р м а ш ы л ы қ 

жұмыстарымен  жауынгерлік 

с а п т а   н ы қ   ба с ы п   к ел е 

жатқанын көрсетеді.

Ол  Жамбыл  облысында 

туып-өсті.  Күллі  өмір  жолы, 

журналистік  қызметі  де  осы 

облыспен  тығыз  байланыста 

өтуде.  Облыстық  газетте,  ра-

диокомитетте қызмет атқарып, 

қатардағы  тілшіден  басшы 

қызметкерге  дейін  көтерілді. 

« Ш ұ ғ ы л а – ра д у га »   ат т ы 

Жамбыл  аудандық  газетінің 

алғашқы  бас  редакторы  бол-

ды.  Жаңа  шығармашылық 

ұжым    қалыптастырып,  бір 

шоғыр  жас  журналистерді 

тәрбиеледі.  Баспасөз бен ра-

диода жарты ғасырдан астам 

үзбей  еңбек  етті.  қарымды 

қ а л а м ге р   « С о ц и а л и с т і к 

қазақстан»  (қазіргі  «Егемен 

қазақстан»), «Еңбек туы», «ақ 

жол»,  «Оңтүстік  қазақстан», 

«Тың өлкесі», «лениншіл жас» 

(қазіргі «Жас алаш»), «ана тілі» 

және  заманауи  өзгерістерге 

орай шаңырақ көтерген басқа 

да  республикалық  басылым-

дарда жарияланған көсемсөз, 

очерк, сын және проблемалық 

мақалаларында еліміздің эконо-

микасына, әдебиеті мен өнеріне 

қатысты сан түрлі мәселелер 

көтерді.  Маңызды журналистік 

жұмыстарын    топтастырған 

бес кітабы жеке басылымдар 

ретінде  жарық  көрді.    Ол  тек 

Жамбыл облысына ғана емес, 

бүкіл  республикамызға  таны-



ҚажыМас Қайраткер -    ҚалаМгер

КЕлБЕТ


11

//   «ЖаМБыл - Тараз»  //  №16 (1251),  15 СӘуір  2015 Жыл

ар ма, көке? абызымсың, ырысым,

асыл ойдың жарқылдатқан қылышын.

аталы сөз арзандаған заманда

айдай болған ақиқаттың жырысың.

қара бастың құлы болған жалғанда,

Некен-саяқ тектілердің бірісің.

Өзің болдың күзетшісі шындықтың

Өткізбейтін өтіріктің «ұрысын».

Бұлтақтамай бұрыс дейтін бұрысын,

асыра айтпай дұрыс дейтін дұрысын.

Шен-шекпені, мансабына қарамай,

Бетке айтасың. азулысың, ірісің.

Жазғаныңды іздеп жүріп оқиды ел,

Шет қалмайды назарынан бір ісің.

адалдықты мұрат еткен жастардың

Үлгісісің, ұстазысың, пірісің.

Мүләйімсу Сізге мүлде жат қылық,

айтысқанды жеңесің тек «мат» қылып.

«Менмін» деген көп ақынды әкімдер

«Мініп жүр ғой» ертоқымсыз ат қылып.

Емессіз Сіз ешкімге әсте жалынған,

арғымақсың – ащы тері алынған.

Жоламайсыз шекпенді мен шендіге,

Ең болмаса сипатпайсыз жалыңнан.

Болса-дағы таудан биік атағы,

істерінде көрінсе егер «шатағы»,

Сойып салып сынаған соң өзіңіз,

аяқтары аспаннан кеп жатады.

айтсаң сірә, терең қазып айтасың,

қайтсаң-дағы жетіп бір-ақ қайтасың.

Сөйлей кетсең арындайсың өзендей,

Доптай қылып домалатқан сай тасын.

Өзгені Сіз тек өзіндей көресің,

қисық сөзге түзу жауап бересің.

Кей пенделер түсінбейді бірақ та,

құдай тарғып жаратқан соң өресін.

Ұсақтардың майдалығын кешіріп,

Өз ісіңнің ақтығына сенесің.

ақиқаттың асқарына бағыттап,

Келе жатсың кісіліктің кемесін.

Жазылды ма ұлтымның жан жарасы?

Тебіреніп «Елтұтқаны» қолға алдың,

Әр парағын сипап ашып толғандың.

…Әттеген-ай,- дедің оқып біткен соң,

Өкінішке айналғандай құт кешің.

қайта оқыдың «Елтұтқаны» қолға алып,

қалт жібермей қайырмасын, нүктесін.

апыр-ау бұл жаңсақтық па, бұл қалай?

Шүкір, қазақ не бір асыл ұлға бай.

Барды бар деп, жоқты жоқ деп жазса да

Болмас па еді, тарихымды былғамай.

Шаяхметов, Тәшенов жоқ, Шәмші жоқ,

қасым да жоқ «Елтұтқаның» ішінде.

академик бүкіл елге құрметті

Базанова Нәйлә апам да кірмепті.

Әлия мен Мәншүкке де Мырзатай

ашпапты есік, іліп алып ілгекті.

Күш-жігерін аямаған елінен,

Хрущевке бастырмаған белінен.

қорғап қалған ұлтарақтай жер бермей,

Москваға қазақтың кең жерінен.

қос Жұмекең тұру керек еді ғой

Орын алып «Елтұтқаның» төрінен!

Тағы басқа толып жатыр көп күмән,

Тарихты үшеу өз ойынша «шайқаған».

қонышынан басқан әбден қорықпай,

«Старт» алып ру менен тайпадан.

Бір қызығы Найман ақтамберді де

Ошақты боп «ояныпты» қайтадан!

Жағымпаздық өз айласын асырды,

Жалған сөзбен былғап талай ғасырды.

Міне, осылай пенделіктің «жемісі»

құбыладан адастырып жастарды,

Күл- қоқыс болып шашылды!

қалам алып, ағам сонда ашынды,

Сезім тулап, алай-түлей тасыды.

«аруақты алалаған зиянды

кітап бұл»,- деп аттың сыннан жасынды.

«Бәрекелді, азамат!»,- деді бар қазақ

құрметпенен қол соғып,

Әділдікке, ақиқатқа бас ұрды.

қазақ біткен бауырың да туысың,

Орамды ойдың орманысың, нуысың.

қайраткері, қаламгері қазақтың,

Жалғасқан сол тектіліктен туысың!

Иманы бар тура жолдан тайдырмас,

Жаратқанның сүйікті бір құлысың.

Нағашыңыз – Сейфолланың Сәкені,

Ел басқарған арын ата ұлысың.

алсам егер шежіреңді арыдан,

Бидай өсіп шықпасындай тарыдан.

Тұқымыңда болған соң бекзаттық

Имандылық, ақиқатшыл ақындық.

қаныңызға ежелден-ақ дарыған

айболаттай атаң даңқын таратқан,

Намазбенен әрбір жарық таң атқан.

Парасатты жан болыпты білімді

Шариғаттан, шежіреден сөйлесе,

Тамсандырып елді аузына қаратқан.

Кешегі өткен тар жол,тайғақ кешуде

Талай жанға қолын созып, қорған боп,

Жүрегінің мейірімін таратқан.

Өзі көсем, өзі шешен, өзі бай,

құдайберген игіліктің барлығын

Ел-жұртының кәдесіне жаратқан.

қарсы біткен иір бұтақ өзіңсің,

Тамыр алып айболаттай дарақтан.

Сол заманда қатар қонған ауылы,

Ұлы Сәкен Сейфуллиннің бауыры.

Бибі-айша анаң сондай жан еді,

құрметтеген бүкіл аймақ, қауымы.

Көпті көрген көне көздер кешегі

аңыз еткен Бибі-айша шешені,

Келін болып түскенінде жарықтық

құт-береке алып келген деседі.

қаймықпай-ақ балшайбектің сотынан.

Бұл өмірден өткенінше қартайып,

Бес намазын қаза қылмай оқыған.

Сегіз қырлы, бір сырлы еді әз анаң,

Ою-өрнек, әсем кесте тоқыған.

Сізді әлдилеп талған талай білегі,

Бибі-айша мейіріммен түледі.

Перзенті боп ақтадыңыз үмітін,

қабыл болып анаңыздың тілегі.

қасиетін жалғап ата-әкенің,

Кешегіден бүгінгіге әкелдің.

анаңның ақ сүтімен сіңірдің,

Сымбаты мен ақындығын Сәкеннің.

Сәби кезде бесігіңде бұлқындың,

құлыншақ боп желіде де жұлқындың.

Дәл осындай асылдардан жаралған,

Бүгін абыз ақсақалысың ұлтымның.

Әрбір ойың мағыналы, жүйелі

Сол үшін де елің Сізді сүйеді

«Бәрекелді, сондай болу керек»,-деп

Ұлы Сәкен Сейфуллиннің жиені!

«Мерей тойың құтты болсын»,-деп бүгін

құттықтады қуанышпен ұлысың.

Сексен бесті хас батырдай қарсы алған

Көпке ұнады нар тұлғалы тұрысың.

қарқын алып, шапқан сайын алқынбай,

ашылуда арғымақтай тынысың.

аттан түсу Сізге көке ертерек,

алдында көп атқаратын жұмысың.

Әрбір ісің арналады халқыңа,

Сіз емессіз «тырбаңдайтын» күні үшін.

Шабыттанып жырдан шашу шаша бер,

айдай болып жарқыратқан түн ішін.

құдай қосып жар сүйдіңіз тектіден,

Ол жағынан өкінішің жоқ білем.

қашан келсек үйдің іші Иранбақ,

Отбасына жан дүниеңіз тоқ білем.

Ердің бағы байланысты жарына

Бұл бақыттың түп қазығы қанайдай

Шешеміздің еңбегі ғой деп білем.

Шүкір деңіз, бағың болды алғаның,

Үмітіңді ақтап жатыр балдарың.

құт-береке алып келген үйіңе

анамызға нұры жаусын алланың!

Сізде сондай бір қасиет бар ғажап:

Бәрі туыс, бәрі бауыр әр қазақ.

Тарақтым деп жақын тартсам өзіңді

Өкпелей ме деп қорқамын бар қазақ.

ақын аға алатаудай атағың,

Бұл өмірде ұзақ болсын сапарың.

Осы жырым – сәйгүлігім мінгізген,

Осы жырым – Сізге қамқа шапаным!

Мәуелеген саялы бір терексің,

ақылың көпке азық болар зерексің.

ақ пен қара арпалысқан заманда

Сағат көке, Сен халқыңа керексің.

Бәрімізге өмір берсін Жасаған,

аман жүргей алдымызда әз ағам.

қошеметтеп жиналғанда ел-жұртың,

Өзім болам той бастайтын асабаң!

Бегалы аралбекұлы ысқақ

сәуір, 2015 жыл. Тараз қаласы.

мал қаламгер.

С . а р ы н ұ л ы н ы ң   б ү к і л 

журналистік  қызметінің  өрісі  де, 

қайнар бұлағы да кәдімгі қазақ ауы-

лы болды. ауыл тіршілігі кеңес за-

манында оның басты тақырыбына 

айналған.  Ол  қазақ  шаруасының 

–  малшының,  диқанның    ерлікке 

парапар еңбегі мен оны жақсарту 

ж ол д а р ы   ж а й ы н д а   ж азд ы . 

Әділетсіздікке  ұшырағандарға 

араша түсті. Тауқыметті тіршілікте 

мойымай,  ел  дәулетін  асыруға 

үлес  қосушыларды  дәріптеді. 

Баспасөздің ауыл тұрғындарымен 

байланысын нығайту, қарапайым 

еңбек  адамының  мәртебесін 

көтеру,  оларды  еліміздің  басты 

тірегі,  негізі  ретінде  насихат-

тау,  халық  дәстүрлерінің  өркен 

жаюы, ана тіліміздің өміршеңдігін 

қамтамасыз  ету,  әдебиетіміз 

бен  мәдениетіміздің  ел  өмірімен 

біте  қайнасып  жатуы    жолын-

да  кеңес  заманында  да,  бергі 

тәуелсіздік  дәуірінде  де  жан 

аямай  тер  төкті.  Ұзақ  жылғы 

журналистік  қызметінде  ол  Жам-

был  облысын  түгел  аралап,  ел 

тыныс-тіршілігімен  етене  таны-

сты.  Әр  ауданның  хал-ахуалын 

тікелей  еңбекшілермен  араласа 

жүріп  танып-білді.  Шу  өзенінің 

төменгі  ағысындағы  алқапты, 

Мойынқұмды,  Бетпақдаланы, 

Сарыарқаны  мекендеген  жұрт 

өмірін, жер жағдайын жақсы танып-

біліп, көрген-білгенін, ойға түйгенін 

облыстық  және  республикалық 

баспасөз беттерінде оқырманмен 

бөлісіп отырды. 

Сағат  ағаның  әдебиет  пен 

өнер  тарихын  толықтырудағы 

еңбегі де зор. 50–60-жылдары Шу 

бойындағы  шаруашылықтарды 

аралай  жүріп,  адамдармен  кез-

десу  сәттерінде  әлемдік  музыка 

мәдениеті  тарихында  өз  орны 

бар  атақты  қобызшы  ықылас 

Дүкенұлының  бейітін  тапты.  Ба-

сына белгі қоюға мұрындық бол-

ды. Халқымыздың мақтанышына 

айналған  әйгілі  композитор 

және  орындаушы  ықаңның 

сол  жылдары  көзі  тірі  жақын 

туысқандарымен  сұхбаттасты. 

Даңқты  өнерпаз  жайындағы 

естеліктерді жазып алып,  қобыз 

күйлерімен  бірге  радио  арқылы 

күллі  қазақ  еліне  таратты. 

республикалық  әдеби  газетке 

әрі  танымды,  әрі  проблемалы 

материал жариялады. Жергілікті 

музыкант Сәбит Нұркеевтің  Са-

рысу ауданында музыка мектебін 

ашуына  қолдау  көрсетті.  Мек-

тепке  ұлы  қобызшы  ықыластың 

есімін  бергізу,  одан,  мектеп-

ке  жаңа  ғимарат  салғызу  үшін 

түрлі  мекемелер  табалдырығын 

тоздырып  жүрген  директор 

Нұркеевтің  оң  нәтижеге  қол 

жеткізуіне жәрдемдесті. ықаңның 

туыстарынан,  өзге  де  тікелей 

көрген  адамдардан  бет-бейне 

ерекшеліктерін ауызша сұрастыру 

арқылы,  ұлы  композитордың 

суретін  қылқаламмен  салғызу 

жөніндегі  ізденістеріне  ақыл-

кеңесін беріп, ұдайы моральдық 

көмегін  тигізіп  тұрды.  Соны-

мен  қатар,  «халық  жауы»  атты 

қара  таңбадан  50-жылдардағы 

алғашқы  лекте  ақталған  қазақ 

әдебиеті  классиктерінің  бірі, 

мемлекет  қайраткері,  ақын 

Сәкен  Сейфуллиннің  өміріне 

байланысты ел ішінде сақталған 

мәліметтерді  және  оның  біраз 

өлеңдерін  жұрт  аузынан  жа-

зып  алып,  жұртшылық  игілігіне 

ұсынды.  Сәкеннің  қиырдағы  ла-

герь  қапасынан  жолдаған  өлеңі 

жайында  жақында  жариялаған 

мақаласы  жұртшылықты  ойға 

қалдырды.

Сағат  арынұлының  өзі  де 

п о э з и я н ы   ж а н ы н а   ж а қ ы н 

тұтқан.  Майталман  қаламгердің 

«ақиқаттың  жолы  алыс»  атты 

кітабына  жазған  алғысөзінде 

профессор  Әбдеш  қалмырзаев 

оның  журналистігімен  қатар, 

ақындығы  хақында  да  жылы 

пікір  білдірген  болатын.  Сағат 

аға өлеңді мектеп қабырғасында 

жаза  бастаған.  Есейген  сайын 

өлеңінің өрісі күрделілене түскен. 

«Өлеңге  бар  әркімнің  таласы...» 

деген  поэзиялық  туындысында 

(1980):  «Жазған  емен  өлеңді 

өзім  үшін,    Әлдеқандай  ала 

құйын  сезім  үшін»,  –  деп  сырын 

ашып,  «Бір  терең  ой  жаныңды 

тебірентпесе  –  Өлең  емес, 

ұқсаса да сыртқы пішін», – деген 

жолдармен ақындық мақсаты жәй 

ұйқас құру емес екенін білдіреді. 

Оның  кемел  шағындағы  қалам 

тербесі, шынында, тек қана жанын 

тебіренткен  терең ойдан туындап 

жатқанын  көресің.  Мұны  өлең, 

дастандары ғана емес, күнделікті 

тыныс-тіршілікке  сергек  үн 

қатып  отырған  публицистикалық 

мақалалары  да  танытады. 

«Әділетті аттағанды көрсем егер, 

қаным  шапшып  басыма,  қайнар 

ішім. Шенеуге мұндайларды тырп 

еткізбей,  Жұмсаймын  құдіретті 

сөздің  күшін»,  –  деген  өлең 

жолдарында  қаламгерлік  және 

азаматтық ұстанымы түйінделген.

Тәуелсіздік  жылдары  Сағат 

аға  оқырмандарын  қазақтың 

ұлттық  рухын  қорлап  жүрген 

мәңгүрттерді  әшкерелеудегі  

батылдығымен  және  қайрат-

қарымымен  қайран  қалдырып 

келеді.  Мәдениет  мұраларын 

сақтау, тарихты бұрмалауға  жол 

бермеу мәселелеріне өте кірпияз 

қарайтынын көрсетті. Баспасөзде 

әрдайым  әділдік  үшін  шайқасып, 

шындықты бет-жүзге қарамай тура 

айтып  келеді.  «Опасызды  омақа 

асырып, өткір тіл – Бет қаратпай, 

турашыл айтар шешім. Біреуге ол 

жаға  ма,  жақпай  ма,  Менің  онда 

болмайды ешбір ісім», – дейді ақын-

журналист.  Өлең  тілімен  ағынан 

жарылу дегеніңіз осындай-ақ болар. 

Онысының хақтығына күллі жария-

ланымдары куә. Оны оқырмандары 

өмір  бойы  ақиқаттың  ақ  жолы-

нан  айнымаған  қаламгер  ретінде 

біледі. Ол қиындықтан қорықпай, 

әділет туын ұдайы жоғары ұстауда. 

Шығармашылығы  айқайлап  ай-

тып  тұр  –  ол  әрқашан  турашыл 

болып  келе  жатқан  қаламгер. 

Тек  шындықты  жазды,  көлгірсуге 

ешқашан жол бермей, әділ сөйлеуді 

әрдайым мұрат тұтты. Бұл жастарға 

өнеге  боларлық  қасиет,  мұны 

өскелең ұрпаққа  қашанда үлгі етіп 

тартуға тұрады.

адалдық пен азаматтықты серік 

еткен    журналистика  ардагері 

бүгінде айтулы жасқа – сексеннің 

бесеуіне  көтерілді.  қаламы  әлі 

қолында,  айтары  да  мол.  Бар-

ша  күш-жігерін,  қаламының 

қарымын өз елінің рухын көтеруге 

жұмсап,  әр  салада  еңбек  ететін 

ұл-қыздарының,  немерелерінің 

ортасында  қанай  жеңгемізбен 

бірге  бақытты  өмір  сүріп  келе 

жатқан  қаламгер  ағамыз  Сағат 

арынұлын ақсақалдық белесімен 

құттықтай  отырып,  ұзақ  ғұмыр, 

шығармашылық жеміс тілейміз!  

аБыз аҒаҒа ТаҒзыМ




1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал