2015 жыл, сәрсенбі



жүктеу 1.15 Mb.

бет3/11
Дата09.09.2017
өлшемі1.15 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Хандықтың саяси-әлеуметтік 

жағдайы

Феодалдық  қанау  көптеген 

салық түрін енгізді. Малшыдан 

зекет, егіншіден ұшыр жиналды. 

Ең  жоғары  басқарушы  хан-

дар  болды.  Олар  тек  Шыңғыс 

тұқымынан шықты. Феодалдық 

шартты  жер  иеленушілік,  жер-

ге  меншіктің  тұрақты  түрлері, 

әсіресе  қазақстанның  оңтүстік 

аудандарында, Сыр бойындағы 

қалалар аймағында қалыптасты. 

Олардың сойырғал, иқта, милк, 

вакуф  сияқты  түрлері  болды. 

Ханнан тархандық құқық алып, 

сыйлық  жерді  иеленушілер 

онда  тұратын  егіншілерден, 

қолөнершілерден өз пайдасына 

салық  жинады.  қазақ  қоғамын 

әлеуметтік-таптық  топтарға 

бөлу  негізіне  әл-ауқаттылық 

жағдайынан  гөрі,  әлеуметтік 

шығу  тегі  негізге  алынды. 

Жоғары  аристократтық  топ 

ақсүйектерге Шыңғыс әулеттері 

хандар,  сұлтандар,  оғландар 

төрелер,  қожалар  жатты.  ал 

басқа  халық  әл-ауқатына 

қарамастан  қара  сүйекке 

жатқызылды.



Ойраттар мен жоңғарлар

XVI  ғасырдың  соңында 

ойраттар(қалмақтар)  төрт 

т а й п а л ы қ   б і р л е с т і к т е н 

тұрды.  Олар  Тарбағатайдан 

Шығысқа  қарайғы  өңірді 

алып  жатқан  торғауыттар, 

Ертістің  жоғары  ағысында 

қ о н ы с та н ғ а н   д е р бет те р , 

қазіргі  Дихуа  қаласының 

маңындағы  хошауыттар,  іле 

өзенінің  жоғары  жағындағы 

ш о р о с та р   ед і .   қ аз а қ та р 

мен  ойраттар  арасындағы 

жайылым  жер  үшін  күрес  XV 

ғасырда-ақ  басталды.  XVI  ғ. 

соңында  ойраттардың  шағын 

бөлігі  қазақ  ханы  Тәуекелге 

бағынды.  1635  ж.  Хонтайшы 

Батурдың бастауымен Жоңғар 

хандығы  құрылды.  қазақ-

жоңғар  қатынастары  Батур 

хонтайшы  (1634-1654)  билік 

құрған  кезде  шиеленісе  түсті. 

Онан  кейінгі  жоңғар  хандары 

(Сенге,  халдан)  Оңтүстік 

қазақстанды,  маңызды  сауда 

жолдары  өтетін  қалаларды 

өздеріне  қаратуға  тырысты. 

Бұған қоса қалмақтардың қазақ 

жеріне  жорығы  күшейді.  Бұл 

жорықтардың табысты болуына 

шведтің артиллерия сержанты 

Иоганн  Густав  ренаттың  әсері 

күшті  болды.  1709  жылы 

Полтава  түбінде  орыстардың 

қолына  түскен  ренат  Тобыл 

қаласына  айдалды,  осында 

Ертістің  бойында  Бухгольцтің 

экспедициясы  құрамында 

Кереку  қаласының  маңында 

1715 жылы қалмақтарға тұтқынға 

түседі.  1733  жылға  дейін 

қалмақтардың қолында болды. 

Ол қалмақтарға зеңбірек құюды, 

баспахана  жасап,  әріп  құюды 

үйретеді.  Жан-жақты  әскери 

дайындығы  бар  жоңғарлар 

1710-1711  жж.  қазақ  жеріне 

басып кіріп соғыс жүргізді. Олар 

1717  жылы  жазда  аякөз  өзені 

жағасында қазақтардың 30 мың 

жасағын  талқандады.  Келесі 

жылы  жоңғарлар  қазақтарды 

Бөген,  Шаян,  арыс  өзендері 

бойында тағы да қырады.



 дайындаған  

нұржан серікХанұлы

Гүлжазира ДУНЕСОВА,                  Кітапхана 

меңгерушісі 

7«Б»  сынып  оқушылары 

дайындаған «абылай ханның за-

маны  –  батырлардың  заманы»  

атты  көріністе  қазақ  тарихында 

дарынды хан, аса ірі қайраткер, 

қолбасшы ретінде танылған абы-

лай  хан  мен  сенімді  серіктері 

туралы баяндалды.

Сондай-ақ, іс-шара барысындағы 

«Тұлғаны  таны»  және  «қазақ 

хандығы»  тақырыбында  сла-

ид  арқылы  ұйымдастырылған  

викториналық  ойындардағы 

«қазақ  хандығының  астана-

сы», «абылай ханның шын есімі 

кім?»,  «Тәуке  ханның  еңбегін 

атаңыз», «Жеті жарғы» заңдарын 

құруға  атсалысқан  билер»  атты 

сұрақтарға оқырмандар жарыса 

жауап берді. 

Кітапхана оқырманы  қалмырза 

абылайхан  «Гүлістан - қазақстан», 

«атамекен»  әндерін  нақышына 

келтіре  орындады. 

  7  «Г»  сынып  оқушылары 

Д.қыдыралиев,  а.амирова, 

Ж.Ташмұхаметов, Н.Сайлаухан, 

а.қойшыбек    қазақтың  билері 

мен батырлары туралы өлеңдер 

оқыды.

К і т а п х а н а   м е ң г е р у ш і с і 



Гүлжазира Дунесова «Дулығалы 

дала  перзенттері»  атты  кітап 

көрмесіндегі «абылай хан», «Ұлы 

дала  мемлекеттері»,  «қазақ 

хандығы»  атты  әдебиеттерге  

библиографиялық шолу жасады.

іс-шара соңында қазақтың ұлы 

тұлғаларын ұлықтайтын тамаша 

іс-шарамызға белсене атсалысқан 

сынып жетекшілері  алғыс хаттар-

мен марапатталды.

«Дулығалы дала перзенттері»

 

„

«Орталықтандырылған  көпшілік кітапханалар жүйесіне» қарасты  №6 қалалық кітапхана ұжымы №53 орта мектебінің 7 сынып 



оқушыларымен бірге «Ұмытуға болмайтын ұлы тұлғалар» атты тарихқа шолу жасады.

ТаҒзыМ

8

//   «ЖаМБыл - Тараз»  //  №16 (1251),  15 СӘуір  2015 Жыл



Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ

Ә ш і м б е к   Е р к і м б е к о в 

ақсақалдың  да  балғын  шағы 

соғыс  жылдары  өтті.  Ол  бала 

болса  да,  сол  бір  жылдардың  

кермек дәмін татқандардың бірі. 

Егін  шаруашылығында  еңбек 

еткені әлі есінде.

-  Мен соғыстың, қан майданның 

қақ  ортасында  қолыма  қару 

алып  от  кешпесем  де,  сол  бір 

қасіретке толы жылдары буыны-

мыз қатпай тұрып-ақ қолымызға 

күрек-кетпен  алып,  маңдай 

терімізбен  еңбек  еткендердің 

қатарынанмын.  Менің  есімнен 

кетпейтіні  егіс  алқабында  атты 

жүйекпен  жүргізіп  отырады,  біз 

соның  соңында  салпаңдап  өз 

жұмысымызды атқарып жүреміз. 

Бидай  себеміз,  басқа  да  түрлі 

жеміс-жидек  егіп,  солардың 

жемісін көреміз. Шөп жинаймыз, 

шөмелей жасап, мая биіктетеміз. 

қарнымыз  аш,  қалғып  мүлгіп 

шаршап жүруші едік. Етегі жасқа 

толған  аналардың  көкірек  толы 

өксігін, ащы зары мен күрсінісін 

көрдік.  Төбемізден  күйдірген 

күнді  де,  табанымызға  батқан 

тікенді  де,  аңызақ  желді  де, 

жауратқан  аязды  да  елемедік. 

Өйткені  біз  бала  жүрегімізбен 

соғыс  өрті  сөнген  күні  бақытқа 

бөленетінімізге  үміттендік.  Сол 

бір  бақытты  күннің  туатынына 

имандай  сендік.  ауылға  қара 

қағаздың келгенін де сәби болсақ 

та, үлкендердің қас-қабағынан-ақ 

сезе қоятынбыз. Кейін уақыт өте 

келе жұрт қара қағазға сенуден 

қалды. Себебі «қара қағаз» келіп, 

өлдіге санаған талай азаматта-

рымыз  аман  есен  елге  оралып 



Шарапат ҚУАНЫШБЕКОВА, зейнеткер

1942 жылдың маусым айында менің 

атам  аралбек  Жаманов  туған  ағасы 

Телғара екеуі бірдей майданға аттана-

ды. Майданда қан кешіп, небір алапат 

шайқасты  бастан кешеді. Сталинград 

үшін болған қырғын шайқастың бірінде, 

снаряд  жарықшағы бір қолын иығынан 

жұлып әкетіпті. Есін госпитальда жиып, 

ұзақ емделген соң, майданға  жарамсыз  

болып,  елге  қайтарылады.  Елге  аман 

келгеніне тәуба деді, мойымады. 

Елге  келіп  бейбіт  еңбекке    белсе-

не  араласты.  атамның  тұлғасы  мен 

тұрпатына,  жанының  сірілігіне,  етінің 

тірілігіне, ісінің ірілігіне  таң қалатынбыз. 

адам жігері дегеннің  кереметтігін, мінез 

бен  рухтың  мықтылығын    мойындап, 

іштей  қайран қалушы едік. 

1974 жылы осы атамның  шаңырағына  

келін болып түстім. Ол кісінің  баласы 

Берікпен  көңілім  жарасып,  бір  отау 

болып  өмір  сүруге  келіскенбіз.  Сонда 

қайын  атамның    қуанышында  шек 

болған жоқ. Біресе  күледі, біресе жы-

лайды.  «айналайын  мән  берме,  бұл 

қуаныш жасы ғой»  деп елжірейді. Сірә,  

ұрпағының    отау  құрғанында,    ұрпақ 

жалғасқанында  қанша мән барын  май-

дангерлер  жақсы білсе керек.  қайын 

атамның  үлкен  ұлы  11  жасында  көлік 

апатынан қайтыс болыпты. атам сегіз 

қырлы,  бір  сырлы,  әнге  де,  әзілге  де  

жанып тұратын кісі еді. Домбыра шертіп, 

сырнай тартып, өз ортасының   көркін 

кіргізетін, жарқын  мінезді  жас жігіт егер 

сол  соғыс  болмаса,    сыңар  қолымен 

қалар ма еді?.. Бірақ жаратылысынан 

қайсар, өмірге құштар, ер көңілді, ашық 

жарқын  жүретін  ол  кісі  тағдыр  тосқан  

тауқыметке    сынбады,  өмір  сынағына 

төтеп    бере  білді.  Мүгедектігімен  

мүсіркетпеді. Жалғыз  қолымен  сырнай 

тартып, күй шертіп, көпшілікке  мұңлы, 

сырларын төкті. атам сыңар қолымен 

сиыр сойып,  жалғыз өзі жылқы жығып,  

жіліктей    беруші  еді.  Көрмегендерге  

аңыз сияқты болуы мүмкін. Мен  қайын 

атамның    мықтылығын  әркез    көзбен 

көріп,  таң  қалушы  едім.  ірі  қараны 

арқанмен  тартуға  көмектесетін    адам 

табылса, әрі  қарай жалғыз өзі реттеп 

шығушы  еді.  қойды  жиырма  минутқа 

жеткізбей    сойып,    бұзып  тастайтын. 

Жомарттығы    сонша  –  үйден      қонақ 

үзілмейтін.  атам    үйінің    дастарханы 

жиылмаушы еді. Бір  күнде  екі-үш рет 

қазан көтеріп, ет асатын кездеріміз көп 

болатын. 

атам  оқ  пен  оттың  ортасынан  ора-

лысымен,  сауда  саласында  қызмет 

атқарды.  Осы  салада  қырық  жылдай 

уақыт еңбек етті. арына да , атына да дақ 

түсірмеді. Соғыстағы  ерлігі үшін алған   

«Отан соғысы» орденіне, Сталинградты 

қорғағаны  үшін алған медаліне бейбіт 

күнде де бірнеше  медальдар қосылды. 

«Кеңес  тұтыну кооперациясының  үздігі»  

атанды. Суреті  Тараз қаласындағы са-

уда  саласының  өкілдеріне  арналған 

көрнекті  құрметті  тақтада  ұзақ  жыл 

ілініп тұрды. Талас аудандық  шикізат 

дайындау  мекемесінің  ардагері  еді. 

Елге сыйлы болды. қазақтың   құрметті  

қаламгері, ақын, қоғам қайраткері Шона 

Смаханұлының  Таластан  шыққан  ар-

дагерлерге  арналған    ұзақ  толғауы 

бар. автор  өзі де аталмыш толғауын 

Сүлеймен  Жаңабаев,  ізтай  Оразали-

ев, Әтірбек арықбаев, Сәти  Көбесов, 

Әуесхан  Бидайбеков,  Серік    Оспанов  

секілді боздақтарға арнағанын айтады. 

Бұл  арнаулар  Шонаның  «Жымияды 

жеңешем»  таңдамалылар  жинағына 

енді.  ал  кітаптағы  жеңешесі  –  менің  

енем еді, жас келіні – мен  болатынмын.  

  Шона  ата  менің  әкем  Тұрар 

қуанышбековпен балалар үйінде  бірге 

жатып,  бірге  оқыпты.  Үш    соғыс  және 

еңбек  ардагерлері  өте  тату  болды. 

Бастары    қосыла  қалса,  әңгімелері  

ұзаққа  созылушы  еді.  асыл  адамдар,  

бейбіт  өмір бейнетқорлары сол кездегі 

сана–сезіммен, ата–бабаларының аяғы 

баспаған айдалада отан үшін айқасты,  

жау  оғына  кеуделерін  тосты.  Көбінің 

сүйегі  майданда қалды. 

Менің қайын атам мен енем екеуі алты  

ұл-қызды тәрбиелеп өсірді. Ұлды ұяға, 

қызды қияға қондырып, немере сүйді. 

Барлығы да әртүрлі салада еңбек етеді. 

Майдангердің  ұл-қыздарынан тараған  



тыл Майданының ардагері

 

„



Олар бала болып ойнамады. Ойнағысы-ақ келетін. Уақыт тапшы еді. себебі, 

зұлмат соғыстың ауыртпалығы үлкендерге ғана емес балалардың да тағдырына 

әсер етті. 5-6 жасқа толған бүлдіршіндердің өзі, икемі келген жұмысқа жегілетін. 

1941-ші жылдармен балалығы тұспа-тұс келген балғындар таң алакеуімнен  

кеш қарайып батқанша жұмыстың соңында жүрді. Еңбекпен бірге еңбектеп 

өсті. «баланың істегені білінбейді! әкең мен ағаларың майданнан ертең батыр 

болып оралғанда сендерді мақтан тұтады» дейтін ауылдағы үлкендер. Расында, 

тарамысша тырмысып жүріп бөбектер де аз іс атқарған жоқ. 

жатты.  аяқ  қолы  жоқ,  мүгедек 

болып келсе де, аман оралғанын 

медет тұттық. Менің балалығым 

ойын  алаңында  емес,  еңбек 

майданында осылай өтті,- деді 

ақсақал.


Байзақ  ауданы,  абай  колхо-

зында  дүниеге  келген  ол  орта 

мектептің екі ғана пәнін жоғары 

дәрежеде  меңгере  алмапты. 

ауылдың  қара  баласы  үшін 

қиындық  тудырған  сабақтар 

орыс  әдебиеті  мен  орыс  тілі 

еді.  Үздік  оқушылар  қатарынан 

көрінген  оқушы  баланың  ең 

сүйікті  пәндері  есепке  қатысты 

алгебра мен геометрия екен. 

Кейін 8-ші сыныпты бітіріп, ес 

біліп, есейген тұста Әшімбек ата 

әскери комитеттің ұйғарымымен 

қарағанды  қаласына  кен  қазу 

жұмыстарына  аттанады.    Бір 

қолында  қайла,  бір  қолында 

күрек  5  шақырым  бірде  ілгері, 

бірде төмен жүріп еңбек еткені де 

оңай тие қоймапты. қарағандыда 

кен  қазу  жұмыстарын  бір  жыл 

атқарған соң, елге оралады. 

Әшімбек  ақсақал  ет  комби-

натында  35  жыл    жүк  тасушы 

болып  жұмыс  атқарған.  Күлсін 

әжей  екеуінің  отасқанына  60 

жылдың жүзі болыпты. 

-  Әшімбек  атаң  екеуміз  бас 

құраған соң, жылы ұямызды өз 

еңбегімізбен, маңдай терімізбен 

соғуды  ұйғардық.  Әйел  адам-

мын, жаным нәзік деп қарап оты-

ра  алмадым.  Батпақ  илеп,  құм 

тасып,  кірпіш  құйдым.  Сөйтіп, 

осынау  қара  шаңырағымызды 

екеулеп  жүріп  кірпішін  қалап, 

екеулеп  жүріп  соғып  бітірдік. 

Неміс құрылысшыны жалдадық. 

қ ұ д а й ғ а   ш ү к і р ,   б ү г і н д е 

қызымызды  қияға,  ұлымызды 

ұяға қондырып отырмыз,- дейді 

Күлсін әжей. 

қ о с   қ а р и я н ы ң   ө м і рд е г і  

мақтаныштары  ол  өздерінің 

жемісті  еңбектері  үшін  алған 

мақтау қағаздары мен алғыс хат, 

орден-медальдары. «Осы күнге 

жеткеніміз  де  еңбектің  арқасы 

деп білеміз» дейді қос қария.

қайын атам да, өз әкем де майдангер еді

 

„

Ұлы Отан соғысының Жеңіспен аяқталғанына биыл 70 жыл. сол сұрапыл соғыста  отан үшін от кешкен майдангерлер қатары таудан 



тамған тамшыдай  сиреп барады. Майданнан аман оралып, бейбіт күнге араласып, беріректе  бақилық болған соғыс батырларын да 

ұмытпау – парызымыз. сондай майдангердің  бірі менің  қайын атам аралбек  Жаманов туралы ой бөліскім келеді. 

20 немере, 23 шөбере  жас бұтақтай  

жайқалып өсіп келеді. 

Ерлік  ескірмейді,    ерлік  естен 

шықпайды! Ұлы Жеңісті  жақындатқан, 

Отанға  адал  кісілер,  міне,    осылар. 

Олар  артына  өшпес  із  қалдырды. 

аталардың    қанымен,    батырлардың  

ерлігімен келген  Жеңіс бұл. Майдангер 

қайын атамды үнемі еске алып жүремін. 


ТаҒзыМ

9

   //    «ЖаМБыл - Тараз»  //  №16 (1251),  15  СӘуір  2015 Жыл   //



g

 Табиғатынан нәзік болса да, қазақтың қаршадай қызы қаңғыған оқтан да, 

қасарысқан жаудан да, азуы алты қарыс ажалдан да қорыққан жоқ. Болмысы екі 

дүниеге де сесті отты айналшықтаған бір түйір көбелектей нәркес қанаттарымен 

елі мен жерін жаудан тасалап өтті. Балалық шағынан жетім өскен ару, қырда гүл 

теріп, жастық шақтың қызығын көрер тұста қолдарына суық қару алып, ер қатарлы 

майданға аттанды. Бәрі де уақыттың уысында. лап еткен соғыс өртін сол бір түйір 

көбелектің қанатындағы леп сөндірді. Есесіне, Әлияға деген сағыныш алауы жа-

лындап келеді...   

Әлия – Шығыс жұлдызы

әлия  Молдағұлова    ақтөбе  об-

лысы, Хобда ауданы, бұлақ ауылын-

да  сарқұлов  Нұрмұхаммед  және 

Молдағұлова Маржанның отбасында 

1925  жылы  дүниеге  келген.  Кейбір 

деректерде оның  туылған күні 15 мау-

сым десе, кейбірінде 25 қазан делінеді. 

ал  үшінші  бір  деректе  батырдың 

туылған күні 20 сәуір деп айтылады. 

Тарихтың  астында  талай  шындық 

жатыр. әлия мен Мәншүкке арналған 

«Қос шынар» қоғамдық бірлестігінің 

басшысы    Ғалымжан  байдербестің 

айтуынша,  әлия  8  жасқа  келгенде, 

анасы Маржан кісі қолынан қаза тапқан 

екен. бұл аты шулы ашаршылық жыл-

дарында орын алған оқиға. Маржан 

картоптың келдегін (масағын) жинап 

жүрген. Күзетші оны атып өлтірген. 

бұл кезде әлияның әкесі Нұрмұхаммед 

байдың баласы болғаны үшін қуғынға 

түсіп  жүргендіктен    кісі  қолынан 

мерт болған әйелін өздері сол кездері 

тұрған  Құрайлы  өзенінің  төменгі 

сағасына асығыс жерлей салған екен. 

Осылай әлия 8 жаста анадан айыры-

лады.    Нұрмұхаммед  сарқұловтың 

қолында ұлы бағдат пен қызы әлия 

қалады.  Екі  кішкентай  балаларға 

қарау қиынға түскен соң, әкесі Темір 

ауданындағы  Шығырлы  ауылында 

тұратын  қарындасы  Қанышаның 

қолына апарады. Көп ұзамай ұлы ауы-

рып қайтыс болып, әкесі жалғыз қалған 

әлияны әйелінің ақтөбедегі бауыры 

әубәкір Молдағұловтың қолына әкеліп 

береді. Осылайша, әлияның өмір жолы 

Молдағұловтар отбасында жалғасады. 

әжесі  қазіргі  Құрайлы  ауылында 

тұрған, немересін өте жақсы көрген, 

оған  адамгершілікті,  жақсылықты, 

еңбекқорлықты  үйреткен.  әлия 

нағашысы  әубәкір  Молдағұловтың 

үйінде,  өзімен  түйдей  құрдас 

нағашысының қызы сапурамен өсіп, 

есейеді. Үй-іші әлияны өз баласындай 

бауырға басады. әубәкірдің әйелі сән 

қыздарға  көп  нәрсені  үйретіп,  оған 

қыздар үй жұмысында жәрдемдеседі. 

Кішкентай  бауырларын  тәрбиелеп, 

бағады. Өз құрдастарына қарағанда, 

әлияның  мінезі  тік,  қатал  болған 

екен. әлия үшін ленинград  қаласы  

оның екінші отаны болды. әлияның 

мұғалімдері, бірге оқыған дос қыздары 

оны  өте  ұстамды,  терең  ойлы,  таза, 

ұқыпты деп естеріне алады. 6-7 сы-

ныптарда әлия староста болған. Үздік 

оқуы мен үлгілі тәртібі үшін әлияны 

Қырымдағы  бүкілодақтық  пионер-

лер лагері артекке жіберген. артек-

те  батырлардың  тақтасында  атақты 

Рубен  Ибаррури,  Тимур  Фрунзенің 

қасында  әлия  Молдағұлованың  да 

суреті  бар.  әлия  оқуда  өте  зерек, 

талапты, ынталы болып, кітапты көп 

оқыған. соғыс басталған соң, балалар 

үйімен  бірге,  Ярослав  облысының 

Вятское  селосына  эвакуацияланған. 

Вятское  орта  мектебін,  7  сыныпты 

бітірісімен,  Рыбинск  авиациялық 

техникумына түседі, бірақ көп ұзамай 

(1942 жылы) ЖШҚә-ға (Жұмысшы-

Шаруа Қызыл әскері) майданға жіберу 

туралы өтініш жібереді. 1942 жылы 

әлия  өз  еркімен  майданға  аттанып, 

мергендер  мектебін  үздік  бітірді. 

бірақ біраз уақытқа дейін оның алғы 

шептегі атыс-шабыс алаңында білімін 

іс жүзінде көрсетуіне рұқсат етпеді.  Өзі 

оқыған қаласының құрсауда қалғаны 

оны қатты алаңдататын еді. 1943 жылы 

снайперлер дайындау орталық әйелдер 

мектебін аяқтайды. 1943 жылдан ба-

стап 54-ші арнайы атқыштар 

бригадасы  4-батальонының 

снайпері болған (22-ші әскер, 

2-ші балтық жағалауы фрон-

ты).  Жау  әскерінің  30-дан 

аса сарбазы мен офицерінің 

көзін жойған. 1944 жылы 14 

қаңтарда  Псков  облысының 

солтүстігіндегі  Новосоколь-

ники  ауданында  қаза  тапты. 

19  жасар  әлияны  майдан-

дас  жолдастары  «Шығыс 

жұлдызы»  деп  атап  кеткен. 

әлия  Нұрмұхаммедқызы 

Молдағұловаға 1944 жылы 4 

маусымда  Кеңес  Одағы  ба-

тыры  атағы  беріліп,  ленин 

орденімен марапатталды. 

Әлия Әулиеатада 

оқыған

1933 жылы Молдағұловтар 

отбасы Шалқардан Жамбылға, 

ол  кезде  әулиеата  деген 

кішкентай  станцияға  көшіп 

барады.  Үйлері  теміржол 

в о к з а л ы н ы ң   ж а н ы н д а 

болғандықтан әлия алғаш мек-

теп табалдырығын теміржол 

мектебінде аттайды. Тарихтың ізімен 

Тараз қаласындағы теміржол вокзалы 

маңында іргесін ілгеріректе қалаған 

№11 мектепке ат басын бұрған едік. 

алайда  аталған  мектептің  алдында 

әлияның ескерткіші орналасқанымен 

ол  мектептің  батырға  қатысы  жоқ 

болып  шықты.  ал  ескерткіш  2006 

жылы соғылған. Мектеп ұжымының 

айтуынша, кезінде осы мектептің ал-

дында «бұл мектепте Кеңес Одағының 

батыры  әлия  Молдағұлова  оқыған» 

деген жазуы бар тақтайша болған екен. 

белгісіз себептермен ол тақтайша да 

ғайып болыпты. Негізінде, сол жыл-

дары әлия №19 мектепте оқыған екен. 

аумалы-төкпелі  заматта  ол  мектеп 

көнеріп,  халық  оқу  ошағын  қазіргі 

№11 мен №28-ші мектептерге бөліп 

жіберген көрінеді. әлияның балалық 

шағына куәгер алтын ұя осылай тасада 

қалады. ал ескігөз тұрғындар әлияны 

№11 мектепте оқыған деп атап кетеді. 

Дегенмен,  №11мектепте  білім  алып 

жатқан 887 оқушы әлия апаларының 

ескерткішімен  күн  сайын  бетпе  бет 

кезігіп, тағзым етуден жалыққан емес. 

батырдың  туған  күні  немесе  Ұлы 

Жеңіс күні қарсаңында жыл сайын гүл 

шоқтарын қойып, іс-шаралар өткізіп 

келеді. алдағы келе жатқан Жеңіс күні 

қарсаңында жоспарланған мерекелік 

шаралары аз емес.

...Көп кешікпей нағашысы әубәкір 

әскери-көлік  академиясына  оқуға 

түсіп,  отбасымен  Москваға  көшеді. 

Кейінірек соғыстың алдында акаде-

миямен  бірге  ленинградқа  ауысады 

да, әлияны өздерімен ала кетеді. ал 

нағашысы жұмыс бабымен Ташкентке 

ауысқанда,  отбасы  жағдайына  бай-

ланысты  нағашысы  әлияны 

балалар үйіне тапсырды. Осы-

лайша әлия ленинградта қалып 

қойып, №140 мектепте оқуын 

жалғастырады. «әлияның қолы 

шебер, ұқыпты, бөлмесі кірсе-

шыққысыз  жайнап  тұратын. 

Төсек жапқышы, көпшігі, те-

резе  перделерін  өзі  тоқыған 

шілтермен көмкеріп, айна ал-

дында  герань,  олеандр,  ка-

мелия  өсіретін. бір қызығы, 

осы аталған гүлдер өте нәзік 

әрі сұлу, сонымен қатар шөлге 

төзімді,  суыққа  шыдамды 

өсімдіктер. Осы гүлдер арқылы 

да  мен  әлияның  сұлулықты 

сүйетінін, мінезі де осы гүлдер 

сияқты екенін байқадым» деп 

жазған екен балалар үйіндегі 

ұстазы өзінің естелігінде. 

Әлия – ән!

әлия-саптан ұмтылып, 

                                                                                                            

Жүгіріп шықты аптығып, 

  

Қ ұ ш а қ т а п   а л ғ а н   м ы л т ы ғ ы н ,                                                                                                      



Кірпігін  қақпай  қалт  тұрып,-  деп 

келетін қазақ өлеңінің өрен жүйрігі, 

белгілі ақын сағи Жиенбаевтің «әлия» 

атты поэмасы бар. ал қаһарман қызға 

жасалған  тағзымдардың  ішіндегі  ең 

ерекшесі  сейдолла  бәйтерековтың 

«әлия» әні еді. «әлия» әні дүниеге 1975 

жылы келген екен. Көзі тірісінде сазгер 

былай дейді:«ән ойымда біраз жүрді. 

Күрделі әуен жадымды баурай жөнелді. 

басында ыңылдап қана жүрдім. бірде 

бәкір  Тәжібаевтың  жыр  жинағын 

қолыма алып, аша бергенім мұң екен, 

көзіме ақынның әлия Молдағұловаға 

арналған  өлең  жолдары  түсті.  Жа-

дымда  жүрген  әуенге  салып  едім, 

құйып  қойғандай  дәл  келді.  бұл  ән 

арнау емес, бұл ән - жоқтау. балғын 

қыздың ерлігін ұлықтау, ел жадында 

қалдыру үшін осындай ән қажет-ақ». 

Дайын ән жас әнші Нағима Есқалиеваға 

ұсынылады. алайда, ән кеңінен сол 

кезде 17 жасар әнші Роза Рымбаеваның 

орындауында  танылды.  1976  жылы 

«золотой  Орфей»  байқауында  ән 

шырқалып, бірінші орынды иеленді. 

Мәскеуліктер «әлия» әнін «Ең үздік 

жыл әні» деп бағалап, марапаттаған 

болатын. «әлия» әні арқылы жас әнші 

Роза Рымбаева көпшіліктің көзайымына 

айналып, өнер көгінде кеңінен қанат 

қағуына жол ашты. сондай-ақ, «әлия» 

әні  көпшілікке  сазгер  сейдолла 

бәйтерековті де таныстырды. себебі, 

сол  кезде  сазгер  есімі  елге  таңсық, 

аса  танылмаған  екен.  «әлия»  әні 

көптің көңілінде, қазақ қыздарының 

әнұранына айналды.  ән патриоттық 

рух  пен  ұлттық  құндылықтың  лебі.  

Тарихқа тағзым, ерлікті ұлықтайтын 

әсем ән. «әлия» әні халық қазынасына 

айналған, орны ерекше шығарма болып 

қалары  сөзсіз.  Кейінірек    сейдолла 

бәйтерековтің “әлия” әнін орындаған 

әнші  Роза  Рымбаева  дүниежүзілік 

байқауда лауреат атанды.



Тың деректер

әлияның азан шақырып қойған аты 

– ілия екен, орыстар лия деп атаған. 

әлияны  анасы  «ақмоншағым»  деп 

еркелетіпті. ілИЯ – семит тілдерінде 

жаратушы мағынасын береді. бұл есім 

әдетте  су  иесі  ілияс  пайғамбардың 

құрметіне қойылады.



...1942  жылдың  желтоқсанында 

Мәскеу түбіндегі қыздарға арналған 

мергендер мектебін 6 ай оқып тауысқан 

4  құрбы  майданға  аттанды.  әлия 

Молдағұлова,  Надя  Матвеева,  Валя 

Яковлева,  зина  Полякова  Калинин 

облысы  Холм  қаласының  түбіндегі 

қорғаныста  тұрған  54-атқыштар 

бригадасының 4-батальонына түседі. 

Қанды көйлек жолдасы, өмірлік құрбысы 

зина Полякованың естелігінен: «…1943 

жылдың қарашасында төртеуміз Холм 

түбінде барлау соғысына  қатыстық. 

Бұл барлау соғыс тәсілі немістерден 

«тіл» алу мақсатында жүргізілетін. 

Біз  батальон  солдаттарымен  бірге 

немістердің траншеясына басып кіріп, 

5 немісті тұтқындадық. Қыздар (Лия, 

Надя, Валя) немістермен ұрыста өздерін 

нағыз солдат ретінде көрсете білді. 

Қолма-қол ұрысқа жасқанбай кірісті. 

Артынан жертөлемізде осы ұрыс бар-

лауын еске ала отырып, әуелі күлдік, 

сосын бойымыздағы қорқыныш оянып, 

ағыл-тегіл жыладық… Лия өте сүйкімді 

әрі көңілді қыз еді. Күлкісі келсе, риясыз, 

ашық даусымен барынша сыңғырлай 

күлетін….  Демалыс  сәттерінде  бір-

бірімізге  жастық  шағымыз,  туған 

жеріміз туралы әңгімелейтінбіз. Лия 

көбінесе Надя Матвеевамен бірге жүрді. 

Надя Лиядан екі жасқа ересек, оған 

қамқор болып жүретін. Насва станса-

сы үшін шайқас алдында (бұл Әлияның 

өміріндегі  соңғы  түн)  біз  30  граду-

стан жоғары аязда окопта жатып, 

соғыстан кейін қалай өмір сүретініміз, 

оқитынымыз жайында сөйлестік. Түні 

бойы әңгімелестік (шабуыл таңғы сағат 

4-те басталатын). Біздер үшеу едік: 

Надя, Лия және мен. Санамызда кейін 

кездесе алмаймыз деген ой жоқ...».

әлияның өлімі туралы әр түрлі ай-

тылады. батальон командирі Моисеев 

соғыстан кейін Поляковтарға жазған ха-

тында әлияның жау окобында емес, жау 

снаряды түсіп өртенген сарайда қалғаны 

туралы айта келе: «Жау шебіне жетпей 

орта жолда ашық жерде жатып қалған 

ротаны әлия шабуылға өзі бастады. Ол 

қазақша-орысша: «алға, бауырлар! Отан 

үшін!», – деп ұрандатты. Ротада қазақ 

жауынгерлері көп еді», – деп жазады.



...«Казачиха  деревнясын  алғанға 

дейін рота жарты құрамынан айрыл-

ды.  Бұл  маңның    қорғанысы  мықты 

еді. Үздіксіз шайқастардан біздің сол-

даттар әбден қалжырайды. Бірнеше 

күннен  бері  ұйқысыз,  тамақсыз…. 

Оның үстіне, сықырлаған аяз тұрды, 

ұйытқыған  желдің  қарқыны  күшті. 

Соған қарамастан Казачиха қолға өтті. 

Бір кезде немістер деревняны танкімен 

қоршай бастады,  жаяу әскері соңында. 

Лия бір үйдің ішінен оқ атып жатты. 

Ату нүктесін басқа жаққа ауыстыру 

үшін жүгіріп жүргенде оқ тиді. Жаяу 

әскерлер  түгелдей  қаза  тапқасын, 

шайқасқа Поляковтың барлау взводы 

кірісті.  Барлаушылар  Лияның  құлап 

қалғанын көрген бойы жауып тұрған 

оқтың  астымен  көмекке  ұмтылды. 

Лия ішінен жараланған еді. П.Поляков, 

Н.Неруш, Гончаров, тағы да  біреу бар, 

Әлияны алып шықты да, қамыс жапқан 

әлде  сарай,  әлде  шөп  қора  ма,  соған 

апарып  жатқызды.  Ол  жерде  басқа 

да  жаралы  8  адам  жатты.  Лияны 

шөпке жатқызып, қайтадан ұрысқа 

кірісті. Іле-шала Лия жатқан сарайдың 

төбесіне  жау  снаряды  түсіп,  сарай 

әп-сәтте  өртеніп  кетті.  9  адамнан 

кімнің тірі қалғаны беймәлім. Сарай 

жермен-жексен болды. Жауынгерлер 

жауды  қуып  кете  береді.  Деревня 

адамдары қайта оралып, қаза тапқан 

жауынгерлерді жинады. Григорий Бой-

ков пен оның қызы Евдокия  өртенген 

сарайдан  шағын  бойлы,  жартылай 

күйік  шалған  қыздың  денесін  плащ-

палаткаға орап шығып, алысқа апармай 

алма баққа жерледі», –  деп жазады 

әлияның қаруласы Г.Гальперин өзінің 

естеліктерінде.

соғыс басталғанда ол небәрі 17 жаста 

болған. сол кезде майданға өзі сұранып, 

атқыштар даярлайтын бөлімді бітіреді. 

Майдан  даласында: Сіз  жауынгерлік 

тапсырманы орындауға нәзіксіз ғой? 

Майданға қалайша келдіңіз? Жасыңыз 

нешеде?  деген  сұрақтарға:  «Мен 

Молдағұловамын. Қазақстандықпын. 

Жасым 17 - де. Майданға өз бетіммен 

келдім.  Қандай  болсын  жауынгерлік 

тапсырманы  орындауға  дайынмын. 

Керек болса, Москва қорғағанда өлген 

біздің  28  бауырлар  сияқты  өлеміз» 

деген екен. 

Түйін

Ерліктің  мәңгілік  ариясына 

айналған  Әлия.  «Өмірдің  жалғасы 

үшін, тірлік гүлі күл болып қалмасы 

үшін қырғын мен қан-жосаны кешкен» 

(Ф.Оңғарсынова) батырлардың бірегейі 

— Әлия... Сіз туралы тарихтың айта-

ры әлі алда. Туған жердегі тоқсаныншы 

көктеміңіз  құтты  болсын.  Қазақ 

үшін дүниеге келіп, қыршын кеткен 

болмысыңызға  мың  да  бір  алғыс. 

Жаныңыз Жәннәтта болсын, апа!..



1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал