2015 жыл, сәрсенбі



жүктеу 1.15 Mb.

бет1/11
Дата09.09.2017
өлшемі1.15 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

 №16 (1251)          15

 сәуір 


2015 жыл, сәрсенбі

www.z-taraz.kz



Әлия - шығыс 

жұлдызы

 

„



Соғыс басталғанда ол 

небәрі 17 жаста еді...                                                                                                                                                            

                                    

9 бет.

Бұзақы бала қайдан 

шығады?

 

„



Балалар қылмысының 

90 пайызына мейірімсіз  

отбасы кінәлі.                                                                                                                                                     

                                 



13 бет.

 

„



Мамандар  қала  аумағында  биылғы  жылы  шамамен  20-25  гектарға 

зиянкестердің  таралуы  мүмкін  деген  болжам  айтуда.  Әрине,  жасыл-желекке 

бөленген шаһардың көркін кіргізіп, ажарын ашып тұрған тал-дарақтар мен гүл 

біткеннің аурудан аман болып, жайқалып тұрғаны бізге керегі. Сондықтан ерте 

көктемнен қамданып, химиялық баптау, агротехникалық жұмыстар жүргізу қажет.                                                                                                                                           

                                                                                                                          12 бет.



235 жаңа жұмыс орындары құрылды

2015 жылдың 1 сәуіріне Тараз қаласында

«Тараз» үздіктерді 

сүріндірді

 

„



«Тараз» командасы 

астаналықтардың 

қақпасына 2 гол салып 

қапыда қалдырды.                                                                                                                                                   

                                  

14 бет.

ТаБиғаТ - Тал Бесік


қала-қарБалаС

2

//   «ЖаМБыл - Тараз»  //  №16 (1251),  15 СӘуір  2015 Жыл



Мың түп  ағаш 

отырғызды

 

„



Жұмыла кірісіп, жеміс ағаштарын отырғызған полиция 

қызметкерлері қоғамдық қауіпсіздікті күзетіп, қылмыспен күресіп 

қана қоймай, қоршаған ортаға қол ұшын созып, қала табиғатына 

қамқорлық көрсетті.



Нұржан СЕРІКХАНҰЛЫ

Ұлы    Жеңістің  70  жылдығына  арнап,  об-

лыс  аумағында  игі  шаралар  жан-жақты 

атқарылуда. Осынау мәртебелі мерекемізге 

орай ұйымдастырылған игі шараға Жамбыл 

облысы ііД басшысы, полиция полковнигі Бе-

кет аймағамбетов, қала әкімі Нұржан Кален-

деров және «Казфосфат» ЖШС бас директо-

ры Мұқаш Ескендіров, полиция қызметкерлері 

мен  Ұлттық гвардияның ұландары  қатысып, 

ағаш отырғызу жұмыстарына бір кісідей ат 

салысты.  алдымен  тәртіп  сақшылар  300 

түп  жеміс  ағаштарын  «Бәйтерек»  мөлтек 

ауданындағы  облыстық  және  қалалық 

балалар  ауруханаларының  ортасындағы 

бос  жатқан  аумаққа    отырғызды.  Негізінен 

алма,  алмұрт,  шабдалы  сынды  жеміс 

ағаштары.  «Бұл  ағаштарды  күтіп-баптау 

жұмыстарын  «қазфосфат»  қызметкерлері 

өз мойындарына алып отыр. Тал отырғызу 

шарасы  алдағы  уақытта  да  жалғасатын 

болады»,  -  дейді  ұйымдастырушылар.                                                                                                                           

- Әрбір горнизонның жауынгерлері жеке-жеке 

тал алып, өз қолдарымен егіп жатыр. Бала-

лар ауруханасына қарасты каналдың жаны-

нан ағаш отырғызуға жер бөлінді. Осы жерге 

300-дей тал егеміз. қазір егіп біттік. Енді тағы 

да ыбырайым Сүлейменов көшесінің бойына  

800 түптен артық тал егеміз,-дейді игі баста-

ма көтеріп, шараның өтуіне мұрындық болған 

ОііД басшысы Бекет аймағамбетов. Бұдан 

әрі,  шараға  қатысушылар  даңқты  мерген 

ыбырайым Сүлейменов атындағы көшеге ат 

басын бұрып, 800-ге тарта қарағаш пен те-

рек көшеттерін отырғызды. Ұлы Жеңістің 70 

жылдығына орай алдағы уақытта да қаланы 

көгалдандыру  жұмыстары  жалғасатын  бо-

лады.


Серікбол БЕРІКҚОЖА,  «Жаңа-Ру» жастар 

коалициясының Президенті

Елбасымыз  қазақстан  халқына  жолдауында 

–  мемлекет    пен  азаматтың  мақсаттары  барлық 

бағыттар бойынша сәйкес келуі өмірлік тұрғыдан 

маңызды  екенін  атап  өтті.  «адам  болашағына 

сенімді болуы керек, сонда ғана толыққанды мем-

лекет құруға болады. Мемлекетте азаматтардың 

дамуы  үшін,  жеке  және  кәсіби  тұрғыда  өсуге 

жағдайлар  жасалып,  мүмкіндіктер  ашылған 

жағдайда  ғана  сенім  пайда  болады.  Мемлекет 

осыны түсініп, халықпен біріге жұмыс істеуі тиіс» 

- деген болатын.

Нарықтық  заманда  біз  бұл  мәселеге 

прагматикалық тұрғыдан қарауымыз қажет. Прези-

дент өз сөзінде, «Егер мемлекет әр азаматтың өмір 

сапасына, қауіпсіздігіне, тең мүмкіндіктеріне және 

болашағына  кепілдік  беретін  болса,  біз  елімізді 

сүйеміз, онымен мақтанамыз. Осындай тәсіл ғана 

патриотизмді  және  оны  тәрбиелеу  мәселесіне 

прагматикалық және шынайы көзқарасты оятады. 

2050 жылға қарай біз – қазақстанның  кез келген 

азаматы  ертеңгі  күнге,  болашаққа  өте  сенімді 

болатындай  саяси  жүйе  құруымыз  керек.  Біздің 

болашақ  ұрпағымыз  сырт  елден  гөрі  Отанында 

өмір сүргенді артық көретіндей, өйткені  өз жерінде 

өзін жақсы сезінетіндей болуға тиіс. Біздің еліміздің 

әрбір  азаматы  өзін  өз  жерінің  қожасы  ретінде 

сезінуге тиіс» - деп баса айтқандығы баршамызға 

мәлім.

Елімізде  жүзден  аса  ұлт  пен  ұлт  өкілдері 



мекендейді. Олардың татулығы мен тұтастығын, 

ынтымақта өмір сүруін қамтамасыз ете алғанымыз 

жөн. Әрине, жақсы өмірді барлық адам аңсайды. 

алайда азаматтардың құқықтары сақталып, оқуға 

түсу,  жұмысқа  тұру  және  қызмет  бабында  өсу 

мәселелері оңтайлы шешіліп, мамандарды кәсіби 

тұрғыда бағалау сынды нормалар сақталып отыр-

са, сонда әрбір жас жоғары білім алып өскенде елі 

үшін аянбай еңбек етер еді.

Осы  тұрғыда  Елбасы  өз  бойымызда  және 

өскелең ұрпақтың бойында жаңа қазақстандық 

патриотизмді  тәрбиелеуге  шақырады.  қазіргі 

таңда  жас  қазақстандықтардың  патриоттық 

сезімдерін  қалыптастыру  мақсатында  на-

сихат  жұмыстарын  жүйелі,  мақсатты  түрде 

білім, мәдениет жүйесі мен бұқаралық ақпарат 

құралдары арқылы жүргізу қажет деп білемін. 

Мұндай  тәрбие  үдерісіне  жеке  тұлғаны, 

азаматтық қасиеттері мен құқықтық мәдениетті 

қалыптастыратын барлық әлеуметтік институт-

тарды енгізу керек. Жастардың Отанымыздың 

болашағына деген жауапкершілігін өз тағдырын 

Отан тағдырының ажырамас бөлігі деп сезінуі 

арқылы    қалыптастырудың  маңызы  орасан 

зор.  Осылайша  тәрбиелеп,  бойына  рух  беру 

арқылы  біздің  болашағымыз  –  Отанымыздың 

болашағы,  ол  жауапкершілігі  жоғары  және 

сенімді азаматтардың қолында деп білетін бо-

ламыз. Біздің жастар абырой, парызға адалдық, 

тәртіпті  басты  орынға  қойып,  ауылдық  елді-

мекендер мен қаланың гүлденуі жолында аянбай 

еңбек ету сияқты түсініктердің жолын ұстанып 

өсулері тиіс. Елбасының Жалпыға Ортақ Еңбек 

қоғамының  идеясы  да  соны  меңзейді.  адал 

еңбек етіп, өмір сүретінді, саламатты өмір сал-

тын ұстанатынды, отбасылы, өзінің бабаларын 

есте  ұстап,  оларды  құрметтейтін,  солардың 

өнегесімен өзінің балаларын тәрбиелейтіндерді 

айта аламыз. Осы орайда Мемлекет басшысы 

Нұрсұлтан Назарбаев бастамасымен басталған 

«қазақстанда  жасалған»  жалпыұлттық  ак-

циясы  қазақстандық  патриотизмді  дамытуға 

бағытталған деп білемін. 

Айсана НҰРБАП

Штаб мүшелері, қала әкімдігінің бөлім басшылары мен 

коммуналдық мекемелердің басшылары, бас инспектор-

лар мен ПИК төрағалары қатысқан жиынды қала әкімінің 

орынбасары Ерік Көшербаев жүргізіп отырды. Күн тәртібі 

бойынша шарада 2014-2015 жылдардағы жылыту маусы-

мында атқарылған жұмыстар мен  2015-2016 жылдардың 

жылыту маусымына отын-энергетика кешені және тұрғын 

үй-коммуналдық  шаруашылық  нысандарын  дайындау 

мәселелері сөз болды.  аталған мәселе бойынша алғашқы 

болып сөз алған қала әкімдігінің ТЖКШ, ЖК және аЖ бөлімі 

басшысының орынбасары  қадірбек Демидбаев қаладағы 

жылу өндіруші және жылу жеткізуші мекемелердің тара-

пынан  атқарылған  жұмыстар  мен  алдағы  дайындықты 

пысықтап өтті.                                                                             

 – Жалпы қала бойынша 249,412 шақырымды қамтитын 

жылу жүйелері бар, оның ішінде магистральді жүйелер 86, 

242 шақырым, ішкікварталдық жүйелер 163,459 шақырым. 

Орталықтандырылған жылу жүйесіне жалпы 1 475 нысан 

қосылған, оның ішінде 1 207-сі көппәтерлі тұрғын үй, 26- 

денсаулық сақтау мекемелері, 102 білім беру мекемелері,  

14-і әлеуметтік және басқа да 126 нысан бар. ал, алдағы 

жылдардағы жылыту маусымына жоспарланған дайындық 

шараларына сәйкес, Крупская көшесі №32 «а» және Вол-

ков көшесі №1 «а» мекенжайларындағы қазандықтар мен 

жылу құбырларына, ысырмалар мен фильтрлерге тексеру 

жүргізіліп,  жөндеу  жұмыстары  жүргізілетін  болады.  Тек 

коммуналдық қарыздар мәселесі әлі де шешімін таппай 

отыр. 2014-2015 жылдардағы жылыту маусымы бойынша 

жылу мен ыстық су қызметтерінің төлемақы қарыздарының 

жалпы сомасы 82,837 млн. теңгені құрап отыр, - деді ол. 

«ТаразЭнергоОрталық» ақ, «ЖамбылЖылу» МКМ, «Тараз 

Су» МКМ, «қазТрансГазаймақ» ЖӨФ ақ, «Тараз қалалық 

электр жүйесі» ЖШС басшыларының  мәлімдемелерімен 

жіті танысқан Ерік Көшербаев шығындардың нормативін 

қадағалауды тапсырды. Мәселен «ЖамбылЖылу» МКМ-

нің  нормативті техникалық шығыны 16-дан 15 пайызға 

азайған. Көршілес ресей елінде бұл көрсеткіш 12-13 пай-

ызды құраса, Жапония елдерінде бар жоғы 4-5 пайызбен 

шектелетін көрінеді. Бұдан әрі сөз алған «ТаразСу» МКМ 

басшысы  Марат  Смайлов  алдағы  жылыту  маусымына 

дайындық бойынша жоспарланған іс-шараларды жіті ай-

тып өтті. 2015 жылы аталмыш кәсіпорын тарифтік смета 

бойынша  114651,35  мың  теңгеге  өз  қаражат  есебінен 

қаладағы бірқатар нысандарға күрделі жөндеу жұмыстарын 

жүргізуді жоспарлап отырған көрінеді. Ол жоспардың ішінде 

Желтоқсан,  рысқұлов,  Шостакович, қашқари,  Королев, 

асқаров,  асимов,  лесная,  Гамалея,  Сәтбаев  көшелері 

мен «Самал» ықшам ауданындағы №14 үйдің, «қаратау» 

ықшам  ауданына  қарасты  №16,  17,  18,  19,  20,  21,  22 

үйлерінің су құбырлары мен кәріз құбырларын ауыстыру 

жұмыстары бар. Сонымен қатар мекеме басшысы Тараз 

қаласы республика бойынша шайынды суды тазалайтын 

қондырғысы жоқ жалғыз облыс орталығы екендігін де тілге 

тиек етті. қазіргі таңда қаладағы «көлік жуу» нысандары 

ауызсуды көп пайдаланатындығы рас. 

Жиынға  қатысушыларды  алдағы  іс-жоспарымен 

таныстырған  «қазТрансГазаймақ»  ЖӨФ  ақ  директоры 

Болат  Мұртазаевқа  қалалық  мәслихатының  хатшысы 

Балабек  Нарбаев  былтырғы  жылы  көгілдір  отынсыз 

қалған үйлердің жайы мен модернизация жұмыстарынан 

кейін көшелерді қалпына келтіру жұмыстарының сапасы 

төмен  екендігін  баса  айтты.  Жол  мәселесіне  келгенде  

ы.Сүлейменов көшесі мен Жамбыл даңғылында жүріп 

жатқан жөндеу жұмыстары да әңгімеден тыс қалған жоқ. 

Басқосуда облыстық денсаулық сақтау басқармасының 

Тараз қалалық бөлімінің басшысы Серік қасмақасов пен 

қала әкімдігі білім бөлімінің басшысы Гүлзия заурбекова 

мәлімдеме жасап, мәселелі сұрақтарын ортаға салды. 

қарыз көлемі - 83 миллион теңге

 

„

Тараз қаласы әкімдігінің мәжіліс залында аяқталған жылыту маусымының 



қорытындысы мен алдағы жылыту науқанына қатысты дайындық шаралары талқыланған 

жиын өтті.

Патриотизмді 

қалыптастыру 

жастардың қолында

 

„



Патриоттық сезім жалпы адам 

баласының еліне, жеріне, өз тілі мен 

мәдениетіне, ұлттық құндылықтарына 

жеке қатынасын, өзіндік бағасын 

түйсінуін, қуаттап қолдауын 

пайымдайтын сезім көрсеткіші болып 

табылады. 


қала-қарБалаС

3

//   «ЖаМБыл - Тараз»  //  №16 (1251),  15 СӘуір  2015 Жыл



Білімнің биігі – ғылым 

антына адал курсанттар

 

„



М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-де Ғылым қызметкерлерінің күніне орай салтанатты жиын өтті. Шарада 

отандық ғылымның дамуына елеулі үлес қосып, жетістіктерге қол жеткізген 2013-2014 оқу жылындағы 

ғылым рейтингісі бойынша жоғары көрсеткіштерге ие болған университет ғалымдары марапатталды.

 

„



Тұрар Рысқұлов ескерткішінің алдында әскери-техникалық мектептің 

курсанттары ант қабылдады.

Дін 

мәселесі 



басты 

назарда


 

„

Тараз қаласы 



әкімдігінде қала 

әкімдігі жанындағы 

діни бірлестіктермен 

байланыс жөніндегі 

кеңес өтті.

Шынболат СЕЙДУАЛИЕВ

12  сәуір  –  Ғылым  қызметкерлерінің 

күні  болып  Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың  

Жарлығымен  2011  жылы  «Ғылым    ту-

ралы»  заң  қабылданып,  бекітілген 

болатын.  Сондай-ақ,  қр  Президенті 

Н.Ә.Назарбаев ХХі ғасырды қазақстанның 

алтын  ғасырына  айналдыру  мақсатында 

еліміздің  жарқын  жолы  –  қазақстандық 

патриотизмді, инновациялық жобаларды, 

экономика  салаларын,  ғылым-білімді 

дамытудың  даңғыл  жолын  көрсететін  10 

ілкімді    идеяны  жүзеге  асыруды  мақсат 

етті.  Үлкен  жетістіктерге  жетуіміз  үшін 

мемлекет ғылымға сүйенуі тиіс. Ғылымсыз 

экономика,  өндіріс  те  алға  жүрмейтіні 

анық.  ал  дамыған    30  елдің  қатарына 

жетудің басты көрсеткіші – ғылымға көңіл 

бөлу.  қазақстандық  ғылымның  басты 

бағыты  әлемдік  мәні  бар  жаңа  техноло-

гияларды  жасау  және  оны  іске  қосу,  со-

нымен  еліміздің  инновациялық  жүйесін  

жүзеге  асыру  және  қалыптастыру  үшін 

нақты бизнесті ауқымды ету. Себебі, Ұлт 

көшбасшысы  Н.Ә.Назарбаев  айтқандай 

отандық ғылымның жетістіктері және оның 

таяу болашағы ұлттық идея мен саясаттың 

тірегі. 


М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік 

университетінде  ғылыми-зерттеу 

жұмыстары қр «Ғылым туралы заңына», 

«М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік 

университетінің  2011-2020  жылдарға 

арналған  Даму  Стратегиясына»  және 

«қазақстан  республикасындағы  білім 

беру  жүйесі.  Жоғары  оқу  орындарында 

ғылыми-зерттеу  жұмыстарына»  сәйкес 

жүргізіліп  келеді.  Осы  туралы  толығырақ 

М.Х.Дулати  атындағы  Тараз  мемлекеттік 

университетінің  ректоры,  педагогика 

ғылымдарының  докторы,  профессор 

Махметқали  Сарыбеков  университетте 

болған мерекелі жиында атап өтті. 

- 2014 жылы тақырыптық жоспарға сай 

121 ғылыми  тақырып бойынша бюджеттік 

уақыт  есебінен  жүргізілді.  Олардың  74-і 

ізденуші-бастамалық  ҒзЖ  және  47-і 

қр  Президентінің  Жолдауы  бойынша. 

құрамы  14  ғылыми  бағдарламаларға 

сай  4  –  іргелі,  102  –  қолданбалы  және 

15  –  тәжірибелі-конструкторлық    зерт-

темелерден  тұрады.  Ғылыми-зерттеу 

жұмыстары  9  факультетте,  45  кафедра-

да,  3  ҒзИ-да,  5  ғылыми  орталықта  және 

«а.С.ахметов  атындағы  Наноинженерлі 

зерттеу әдістері» инженерлі бейінді зертха-

насында жүргізілді. университеттің ғылыми 

әлеуеті аймақтағы басқа жоғары оқу орын-

дарына  қарағанда  жоғары.  қазіргі  таңда 

жоғары  оқу  орнында  42  ғылым  докторы, 

257 ғылым кандидаты, 19 PhD докторлары, 

296 магистр жұмыс істейді,- деді ректор. 

Жиын  барысында  ғылым  саласындағы 

жемісті  еңбегі  үшін  және  2013-2014 

оқу  жылының  ғылым  рейтингісінің 

қорытындысы бойынша үздіктер марапат-

талып, номинациялар тапсырылды. «ака-

демик М.Үркімбаевтың қоғамдық бастама-

лары»  қоры  жариялаған  «2015  жылдың 

жас,  жалынды  болашағы»  байқауы  мен 

«Үздік  ғылыми  жоба»  республикалық 

байқауының  нәтижелері  жарияланып, 

жеңімпаздары  анықталды.  Сондай-ақ 

ғылым  жолына  ерте  араласып,  өзіндік 

ізденуі  арқасында  біршама  жетістіктерге 

жетіп  жүрген  студенттерге  «Студент-

ізденуші» куәліктері табыс етілді.

 Жиын соңы университет өнерпаздарының 

концертіне ұласты.      

Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ

аталмыш  шараға  қала  әкімі 

Нұржан  Календеров  қатысты.

Бүгінгі  таңда  қаладағы  билік 

өкілдері  дін  төңірегіндегі 

маңызды  мәселеге  қатты 

көңіл  бөлуде.  Дін  ауқымын 

кеңінен  талқылау  мақсатында 

өткен    тағы  бір  жиын  осының 

айғағы  болды.  қалалық  діни 

бірлестіктермен  байланыс 

жөніндегі  кеңестің  мүшелері, 

ұлттық мәдени ұйым және Бақ 

өкілдерінің  қатысуымен  өткен 

жиынға қала мешіттерінің имам-

дары да қатысты.  Тараз қаласы 

әкімдігінің  ішкі  саясат  бөлімінің 

басшысы Кенжебек Олжабайдың 

мәлімдемесінен  бастау  алған 

жиында  діни  экстремизм  мен 

терроризмнің көріністерін алдын 

алуға  бағытталған  мобильдік 

топтардың  құрамы  мен  жа-

дынамасы  бекітілді.  Және  де 

осы  тақырыпты  кеңінен  қолға 

алып, халық арасында таратуға 

ба ғ ы т та л ғ а н   а қ п а р ат т ы қ -

н а с и х а т т ы қ   т о п   қ ұ р а м ы 

нығайтылып, оларға тәжірибелі 

көмек беру де қарастырылды. 

Сондай-ақ,  күн  тәртібіне 

қойылған маңызды мәселелердің 

бірі  сәуір  айының  барысын-

д а   м о б и л ь д і к   то п та рд ы ң 

жетекшілерімен  арнайы  се-

минар  өткізіліп,  осы  айдың 

30-шы  жұлдызына  дейін,  әр 

аумақтың дін картасы әзірленіп 

бітуі тиіс екені сөз болды. қала 

аумақтарында орналасқан діни 

бірлестіктердің, филиалдардың 

(мешіттер),  ғибадат  үйлерінен 

тыс  жерлерде  діни  жораларды 

өткізуге  арналған  үй-жайлар 

мен  миссионерлік    қызметін 

ат қ а р у ш ы л а рд ы   а н ы қ т а у 

жұмыстарына  кварталдық 

комитеттері  мен  пәтер  иелерін 

кеңінен  тарту  талап  етілді. 

ай  сайынғы  мәліметтерді, 

мобильдік топтардың жұмысын 

жадынама талаптарына сәйкес 

ақпаратты, фотосуреттерін қоса 

тіркеп,  ішкі  саясат  бөліміне 

тапсыру  міндеттелді.  Жиында 

сөз  алғандар  осыдан  екі  жыл 

бұрынғы  діни  экстремизмнің 

құрбаны  Ғазиз  Байтасовтың 

оқиғасын  еске  алып,  мұндай 

мәселелердің  алдын  алу 

керектігін баса айтты. 

Сейділдә ТӨРЕН

Облыс  орталығындағы  әскери-техникалық 

мектептің  тарихы  тым  тереңде.  1937  жылдың 

қарашасынан  бастап  «Әуе  және  химиялық  әскери 

күштерінің  қоғамдық  ықпалдастығы»  әскери  оқу 

пунктінде әртүрлі әскери мамандықтарға шақыртулар 

жүргізілген. Бұл әскери-техникалық мектеп ашылғалы 

бері мекеменің аты сан мәрте өзгергенімен, өз ісінің 

үздіктерін  даярлаудағы  басым  бағыты  өзгермеген. 

Осы уақытқа дейін аталмыш мектепте снайперлер, 

атқыштар, жүргізушілер және басқа да мамандықтар 

бойынша  оқытылған.  Оқу  орнында  2013  жылдың 

ақпан  айынан  бастап  курсанттар  40  күндік  әскери 

оқу тәжірибесінен өтуде. 2014 жылы 14 взводтан 460 

курсант даярланып шыққан.

Биылғы  жылдың  түлектері  Тұрар  рысқұлов 

ескерткішінің алдында әскери ант қабылдап, егемен 

елдің еңсесін көтеруде адал еңбек ететіндігін жеткізді. 

Курсанттар әскери формада қолдарына қару алып, 

ал взвод командирлерінің алдында қасқайып тұрып, 

сарбазға лайық серт берді. ант мәтіні Кеңес әскері 

мен  мемлекетіміздің  қарулы  күштерінде  борышын 

өтегендердің  барлығына  жақсы  таныс.  «...ант 

қабылдаймын және салтантты түрде ант етемін!» деп 

курсанттар адал, батыл және тәртіпке қатал жауынгер 

болуға, өмір бойы Отаны қазақстан республикасын 

қорғауға  уәде берді. 

Мектеп  директорының  әскери-патриоттық  жұмыс 

жөніндегі  орынбасары  қайрат  Молдабеков  өз 

сөзінде:  «Біздің  бүгінгі  бітірушілеріміз  атқыштар 

мамандығы  бойынша  даярланды.  Оқу  үрдісі  192 

сағаттық  бағдарлама  аясында  тактикалық,  әскери-

оттық,  саптық,  дене  шынықтыру,  инженерлік, 

барлаушылыққа дайындық, әскери медицина, жап-

пай қырып-жою қаруынан қорғану және қр қарулы 

Күштерінің  Жарғысын  оқыту  негізінде  жүргізілді. 

Оқу  төлемақысы  263.3  мың  теңгені  құрайды.  Бұл 

қаржы курсанттарды тамақпен, киіммен және түрлі 

жабдықтармен қамтамасыз етуге жұмсалады. 40 күн 

бойы олар казармалық тәртіпте болды. Курсанттар 

ерікті болғандықтан, оқуға барынша тиянақтылықпен 

қарайды»  деген  ойымен  бөлісті.  Жалпы,  осы  лек 

бойынша 72 курсант бітіріп отыр. Олардың жастары 

22 мен 27 жас аралығын құрайды. 

Әскери ант қабылдауға курсанттардың достары мен 

ата-аналары қатысты. Шара соңы  ант қабылдаған 

жауынгерлерді құттықтау рәсіміне жалғасты.   


Сайлау - 2015

4

//   «ЖаМбыл - ТаРаз»  //  №16 (1251),  15 сәУіР  2015 Жыл 



б ү г і н   а с т а н а   қ а л а с ы н д а   Қ Р 

Президенттігіне  кандидат  Т.сыздықов 

пен Республикалық сайлауалды штабтың 

жетекшісі а.Қоңыров кезектен тыс сайлауды 

бақылау жөніндегі Республикалық қоғамдық 

комиссияның өкілдерімен кездесті.

Тараптар сайлауалды науқанының бары-

сы туралы сұқбаттасты, сайлау комисси-

ялары жұмысында қоғамдық бақылаудың 

маңыздылығына тоқталды.

Т.сыздықов  комиссия  өкілдеріне  штаб 

жұмысын хабардар етті, насихат материал-

дарымен таныстырды, аймақтардағы ша-

ралар және алдағы жұмыс жоспары туралы 

айтып берді.

- Қазақстанда сайлау насихатын өткізуге 

барлық  мүмкіндік  жасалған.  сайлау 

науқанын  жүргізу  барысында  аймақтық 

сайлау комиссиялары тарапынан берілген 

кеңестер мен тиімді заң талаптары, баҚ-

тың мәселелерді толықтай қамтуы, Орталық 

сайлау комиссиясы тарапынан дайындалған 

әдістемелік нұсқаулықтар – мұның барлығы 

сайлау науқанын қалыпты және келеңсіз 

өткізуге толық мүмкіндік береді – деп атап 

өтті кандидат.

а.Қоңыров  бақылаушылардың  наза-

рына  ҚКХП  кандидатының  үгіт  насихат 

материалдары баҚ-та толық жарық көріп 

отырғандығын жеткізді.

сайлау науқаны басталғалы бері баҚ-пен 

тығыз қарым-қатынастың нәтижесінде 40-қа 

жуық Интернет желілерінде біздің канди-

датымыз  және  сайлауалды  штаб  туралы 

100 деген материал және баспа бұқаралық 

ақпарат құралдарында 20-дан аса мақала 

жарық көрді.

Жалпы  алғанда,  сайлау  науқаны 

басталғалы  республикалық  штабтың 

ұйымдастыруымен Тұрғын сыздықовтың 

Қазақстанның 5 аумағында сайлаушылармен 

11 кездесуі өтті.

ҚКХП кандидатының насихат автокеруені 

ақмола,  солтүстік-Қазақстан,  Қостанай, 

Павлодар және Шығыс-Қазақстанда болды.

бүгінгі күнде сайлауалды науқанға облыс 

орталықтарының 203 қалалық және аудандық 

комитет,  2000  аса  бастапқы  партиялық 

бірлестік қамтылған.  аймақтық штабтар 

сайлаушылармен кездесу ұйымдастыруда. 

Насихат жұмыстары партияның бастапқы 

өкілдіктерінде қолға алынған.

Кездесу  соңында,  қос  тарап  кездесу 

барысында  ашық  және  пайдалы  сұхбат 

болғандығын атап өтті.



  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал