2015 жыл, сәрсенбі



жүктеу 0.86 Mb.

бет1/9
Дата16.03.2017
өлшемі0.86 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

 №42 (1277)   14 қазан  

 

2015 жыл, сәрсенбі



www.z-taraz.kz

жанға - жігер, дінге - демеу

 

4-бет.

 

„

 Түркілердің тұтастай  исламға бет бұруы бүгінгі Тараз түбінде болған тарихи оқиғаларға 



тікелей байланысты еді. Бүгінде сол ежелгі Ислам мәдениетінің орталығы болған тарихи 

Тараз шаһарында 28 мешіт бар. Қазақ хандығының 550 жылдығына орай қаланың қақ төрінде 

мыңдаған мұсылманның игілігіне сәні мен сәулеті жарасқан тағы бір жаңа құлшылық ордасы 

бой көтерді.                                    



870  жаңа жұмыс орындары құрылды

2015 жылдың 1 қазанына  Тараз қаласында

мен өз елімнің

патриотымын!

 

„



Ұрпақ тәрбиесіне 

сүбелі үлес қосып, 

қоғамның мәселесін 

қаузап жүрген белгілі 

суретші-аниматор 

Аңсаған Мұстафа: 

«Бәріміз ақшаның 

соңынан қуып кетсек

ұлтымыздың жағдайын 

кім ойлайды?»  



 

ұлттық 

құндылықтарға 

тың серпін

 

„



Б.Момышұлы 

атындағы «Атшабар» 

ипподромында «Ұлы 

дала ойындары» өтті. 

Дүбірлі додада ат шөгені 

(полосы) ойынының 

тұсаукесері көпшілік 

назарына ұсынылып, 

жүйріктер арасынан 

жеңімпаздар анықталды.



   

 

7-бет.

 

11-бет.


қала-қарбалас

2

//   «ЖАМБыл - ТАрАз»  //  №42 (1277), 14 ҚАзАн 2015 Жыл  //



 

„

Тараз төрінде қазақ хандығының 550 жылдығы ауқымды түрде аталып өтті. Елдік шараға Елбасы нұрсұлтан назарбаев қатысты. 



Ел бірлігін ұлықтаған той

Әлеуеті тасыған өңір. 

    Суреттерді түсірген А.Рысмахан, В.Алсуфьев.

Ерман ӘБДИЕВ

Алдымен Президент қайта жаңғыртылып іске қосылған 

«Әулиеата» халықаралық әуежайының жолаушыларға арналған 

жаңа терминалында болды. Нысанды аралау барысында Мемле-

кет басшысына жаңа терминал таныстырылып, әуежайды қайта 

жөндеу, арнаулы жаңа техникалар алу бағытында атқарылған 

жұмыстар жөнінде баяндалды. 

Бұдан  соң  Елбасы  Тәуке  хан  көшесінің  бойында, 

халықаралық «Тараз-Арена» спорт кешеніне қарама-қарсы 

бетте Қазақ хандығының 550 жылдығына орай бой көтерген 

«Қазақ хандығы» монументін ашты.

-  Құрметті қонақтар! Қадірменді жамбылдықтар! Бүгінгі 

біздің бас қосып отырғанымыз баршаңызға мәлім, Қазақ 

хандығының 550 жылдық мерейтойы. Осы мерекемен шын 

жүректен құттықтаймын! Елордамызда бастау алған, екі мың 

жылдық тарихы бар Тараз қаласында жалғасын тапқан бұл 

мереке – біздің халқымыз үшін, өскелең ұрпақ үшін өте керек 

мереке. Біз бодандық бедеуінде тәуелсіздік алмай жүргенде, 

төл тарихымыздан ажырап қалған халықпыз. Тарихымызды 

зерттемей, зерделемей «Мәңгілік ел» боламыз деген идеямыз 

орындалмай қалатын еді. Сондықтан осы жылдар белесінде 

көне тарихымызды барлық жерлерден іздестіріп, тауып, жинап, 

жазып насихаттадық. Біз кеше ғана құрылған халық емеспіз. 

Сонау Сақ пен Ғұндардан, Түрік мемлекеттерінен, одан кейін 

Алтын ордадан қалған, Керей мен Жәнібек артына ел ертіп 

Шудың жағасында ту көтерген елміз. «Қазақ» сөзі сол кездер-

де шыққан болатын. Тарихымызды дүние білсін, келер ұрпақ 

білсін деп осыны жасап отырмыз. Жуырда Астана төрінде 

өткен жиында мен тарихының барлығын айтқанмын. Қазақ 

хандығының 550 жылдығы бұл бүкіл халықтық мереке. Көне 

Тараз шаһарының келбеті жаңарып, тағы бір жаңа күйге енді. 

Тараздың екі мың жылдығын атап өтеміз деп бір жаңартқан 

болатынбыз. Енді Қазақ хандығының 550 жылдығында Тараз 

қаласының іші де, сырты да абаттанып, әдемі болды. Бұл 

шараларға Қазақстанның барлық облыстары атсалысты. Оларға 

үлкен алғысымызды айтуымыз керек. Осының барлығы біздің 

ұрпақтың ата-бабалар аманатына адалдығымызды, ұлы даланы 

сақтап қалған ержүректігіне қарыздығымызды білдіреді. Осы 

тойға 17 мемлекеттен арнайы келген қонақтарға рахметімізді 

айтамыз. Еліміздің Ұлы тарихын әлемге танытып жатырмыз. 

Даму жолында Жамбыл облысы бүгінде қарқынды дамып 

келе жатқанын мен білемін. Жалпы, қазір экономикада жағдай 

күрделі. Бізге де оңай емес. Біздің шетке шығаратын тауарлардың 

бағасының біраз төмендеуі қиыншылық көрсетіп отыр. Бірақ 

Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, тамыры терең болғандықтан, 

бұл қиындықтардан да өтетін боламыз. Сол қиындықтарға 

қарамастан, облыста 170 шаршы метрден аса үй іске қосылды. 

Жыл басынан бері жеті мектеп, үш балабақша пайдалануға 

беріліп жатыр. Мұның барлығы ел игілігіне. Жамбыл өңірі, 

Тараз қаласы арқылы Ұлы Жібек жолы бойымен «Батыс Еу-

ропа-Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі іске қосылып, 

тонналап жүк өтіп жатқандығын білесіздер. Бұл қала арқылы 

облыс аумағынан темір жол өтеді. Бұл қала арқылы газ құбыры 

өтеді. Барлық жағдай жасалған. Осының барлығы елдің игілігі 

үшін. Жамбыл облысы әлі талай биіктерге жетеді деп санаймын. 

Даму қарқыны арқасында әлемнің ең үздік отыз елінің қатарына 

қосыламыз деп жұмыс жасап жатырмыз. «Қазақстан-2050» 

стратегиялық бағдарламасының негізгі бағыты да сол болып 

табылады. Индустриялық бағдарлама аясында облыста 33 

жаңа нысан іске қосылып, бес мыңнан аса жаңа жұмыс орны 

ашылды. Индустрияландыру, «Қазақстан-2050» және «100 

қадам» бағдарламасы - барлығы Қазақстанның болашағы 

үшін. Еліміздің болашағы баянды болуы үшін жасалып жатқан 

бағдарламалар. Оған барлық қазақстандықтар атсалысуы керек. 

Қазақ хандығының тарихы өзге елдердің тарихы іспеттес та-

мырын тереңнен алады. Бүгінгі «Мәңгілік ел», «Ұлы дала Елі» 

ұғымдары  - ертеңімізді бағамдап, келешегімізді айқындап алған 

ел бірлігінің ұғымдары. Жамбыл өңірінде жүзге жуық ұлт пен 

ұлыстың өкілдері тату-тәтті ғұмыр кешуде. Жаһандағы жан 

түршігерлік оқиғаларды өздеріңіз көріп, біліп отырсыздар. Ал 

Қазақстан халқы бірлік пен достықты ұлықтаған ел қатарында 

көш бастап тұр. Қазақстан халық Ассамблеясы өзінің 20 

жылдығын атап өтті. Болашаққа деген жоспарымыз көп. Жу-

ырда БҰҰ Бас ассамблеясының мінберінде әлем елдеріндегі 

жағдайға байланысты өз ойымды айттым. Қазақстанды бүгінде 

әлем біледі. Қазақстанды құрметтейді. Қазақстан - көптеген 

елдердің арасындағы ынтымақтастықты жарастырушы алтын 

көпір. Әлем мемлекеттері бізге келіп съездер өткізуде. Мұның 

барлығы Қазақ халқының бірлігі мен достығының арқасы. 

Жамбыл облысы, Тараз қаласы - менің ең жақсы көретін 

өңірім. Шынында да, Тараз оңтүстік өңірде тұрған қала. Тарих-

ты айтқан кезде Таразды айтпай кетуге болмайды. Мен білем, 

бұрынғы орталық базар аумағында қазба жұмыстары жүргізіліп 

жатыр. Сондықтан әлі талай-талай жаңалықтар болатынына 

сенімдімін. Жамбылда талантты жастар өте көп. Биылғы 

жылдың өзі өте жайлы болып тұр. Аймақта ауылшаруашылығы 

жақсы көрсеткіш көрсетуде. Қазақстандағы жағдай осындай. 

Төле би бабамыз айтып кеткендей, «Бірлік болмаса, тірлік бол-

майды». Тарихымызға үңілетін болсақ, Қазақтың тарихының 

барлығы – бірігу тарихы. Бірлігімізді ұстауымыз керек. Біз өз та-

рихымызда көп ұлтты болып қалдық. Оған ешкімнің кінәсі жоқ. 

Сондықтан баршаңызға зор денсаулық, елімізге бірлік тілеймін! 

Той құтты болсын! – деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев. 

Бұдан соң көпшілік облыс орталығындағы бұрынғы орталық 

базар аумағында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары 

негізінде Тараздың тарихын ұлттық құндылыққа айналдырып, 

жергілікті, аймақтық және халықаралық деңгейде туризм 

индустриясының дамуына сүбелі үлес қосар «Көне Тараз» 

археологиялық саябағы мен музейінің ашылу салтанатының 

куәсі болды. Бұл шараға ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 

қатысты. Президент музей экспозицияларын аралап танысып, 

Қазақ хандығының 550 жылдығына келген шығармашылық 

және ғылыми зиялы қауым өкілдерімен, аймақ тұрғындарымен, 

қонақтармен кездесу өткізді.

Сондай-ақ, Елбасы «Арайстроймаркет-2003» ЖШС-ның 

алюминий радиатор шығаратын зауытында болды 



мӘңгілік ел

3

//   «ЖАМБыл - ТАрАз»  //  №42 (1277), 14 ҚАзАн 2015 Жыл  //



Елордада Ел паТриоТТары 

бас қосТы

 

„

астанадағы «қазақстан» орталық концерт залында «мәңгілік Ел - болашағы біртұтас 



ұлт» республикалық патриоттар форумы өтті. оған 2 мыңнан аса делегат қатысты.  

олардың қатарында ерекше оталар жасайтын жас дәрігерлер, оқушыларына аз 

ғана уақытта халықаралық жарыстарға шығаратын білім бере білген жас ұстаз, үрім 

бұтағымен шахталарда тер төккен шахтерлер жанұясының отағасы, бейбіт күнде ерлік 

жасап, адамдардың оттан, судан өмірін арашалап қалған жандар, мұқтаж адамдарға 

көмек қолын аямаған жомарт кәсіпкерлер, ұжымындағы этнос өкілдеріне қазақ 

тілін үйретіп, тілге құрметті талап ететін басшылар, отандық өнім өндірушілер, яғни 

елжандылықты сөзбен емес, іспен дәлелдеген жандар бас қосты. 

Жалпы, 2007 жылдан бері форум жылдың 

айтулы  оқиғалары  аясында  Қазақстанның 

түрлі  қалаларында  өткізіліп  келеді. 

Ал  биылғы  басқосу  Мемлекет  басшысы 

Нұрсұлтан  Назарбаевтың  «Мәңгілік  Ел» 

жалпыұлттық идеясына арналды. Форумның 

маңызын  Мемлекет  басшысы  Нұрсұлтан 

Назарбаевтың қатысушыларға арнайы хат жол-

дауынан байқауға болады. Хатты Президент 

Әкiмшiлiгi басшысының орынбасары Бағлан                                         

Майлыбаев оқып бердi. «Бүгiнгi форум ерек-

ше. Бұл халқымыздың бiрлiгi мен келiсiмiнiң 

бiрегей дәстүрiн, туған жерiмiз – Ұлы Дала 

Елiне  деген  ерекше  сүйiспеншiлiктi  паш 

етеді. Форум қазақстандықтарды «Мәңгiлiк 

Ел» идеясының айналасына ұйыстыруға және 

қоғамның тұрақтылығы мен бiрлiгiн нығайтуға 

қызмет  ететiнiне  сенемiн»  –  делiнген  Пре-

зидент Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтау 

хатында.

Айдын Айымбетов, 

ұшқыш:

-  Бiздiң жерiмiзден – Байқоңыр ғарыш 

айлағынан  адам  баласы  ең  алғаш  ғарышқа 

ұшты. Қазақстанды бүгінде бүкiл әлем таниды. 

Бұл — өз елiмiздi мақтан тұтудың тамаша үлгiсi. 

Бүгiнде Қазақстан көп табыстарға қол жеткiздi. 

Біз мемлекетімізді одан әрі дамыта беру үшін 

әрқайсымыз өз iсiмiздің үздiгі болуымыз керек. 

Мiне, осы – нағыз патриоттық iс. Мен жастар-

ды елiмiздiң патриоты болуға, өзiнiң нақты 

iстерiмен Отанымыздың көркеюiне үлес қосуға 

шақырамын. Қазақ елi мәңгiлiк жасасын!



Бақытбек Смағұл,

Мәжіліс депутаты:

  -    Біз,  Ауған  соғысының  ардагерлері, 

«Мәңгілік Ел» құндылықтарын қастер тұтамыз. 

Ауған  соғысына  қатысқан  жауынгерлер  – 

соғысты  өз  көзімен  көргендер.  Сондықтан 

Қазақстанның  ұлы  жетістігі  –  ел  бірлігін 

ерекше  бағалайды.  Біз  Елбасына  бейбіт 

өміріміз  үшін,  аяулы  аналарымыз  бен  бал-

бөбектеріміздің  күміс  күлкісі  мен  тыныш 

ұйқысы үшін шексіз ризамыз!



Аружан Саин,

«Милосердие» қайырымдылық қорының 

директоры:

-    Таяуда  Елбасын  Қытай  Халық                          

Республикасы  «Жібек  жолы»  сыйлығымен 

марапаттағанын білесіздер. Осы сыйлықпен 

бірге  қоса  берілген  қомақты  қаражатты 

Президентіміз  біздің  қорға  аударған  бо-

латын.  Бүгінгі  уақытта  29  балаға  өмірін 

сақтап қалуға қажетті операциялар жасалып, 

соның арқасында сол бүлдіршіндер дүниенің 

қызығын көруге мүмкіндік алып отыр. 2010 

жылы «Көктем шуағы» кездесуі барысында 

біз жүректерінде ақауларымен туған балалар 

мәселесін  көтердік.  Осы  жүздесуден  соң, 

Қазақстанда ауруханалар салынды да, осындай 

аурулармен туған талай бүлдіршіннің одан әрі 

өмір сүріп кетуіне қажетті операциялар жасал-

ды. Бүгінде мыңдаған бала дерттерінен айығып 

кетті,  себебі,  біздің  елде  оларды  емдейтін 

дәрігерлерге барлық жағдай жасалған.

Нұрлан Әлімжанов,

актер:

 - Бүгінгі таңда кино өнері – ең басты тәрбие 

құралдарының бірі. Елбасының қолдауымен 

бүгінде қазақ киносы бұрын-соңды болмаған 

қарқынмен дамуда. «Қазақфильм» киностуди-

ясы түбегейлі жаңғыртылып, заманауи техни-

калармен жарақталды. Қазір киногерлеріміз 

жылына 100 фильмге дейін шығара алады. 

Әңгіме  –  санда  емес,  сапада.  Енді  біздің 

алдымыздағы  жауапты  міндет  –  Мәңгілік 

елдің  құндылықтарын  ұлықтайтын  сапалы 

туындылар  жасау.  Халықтың  патриоттық 

рухын көтеріп, Отанымызды сүюге, ел үшін 

еңбек етуге үндеу! Біз оны жан-жүрегімізбен 

сезінеміз.

Дария Қожамжарова,

Тараз  мемлекеттік  педагогикалық 

институтының ректоры:  

-    Елбасы  «Мәңгілік  Елдің  ең  басты 

сипаттарының бірі – ғылым мен білім» де-

ген болатын. Елімізде 2 миллион 600 мың 

оқушы  бар.  Тек  биылдың  өзінде  340  мың 

бүлдіршін  мектеп  табалдырығын  аттады. 

Бұл  –  Тәуелсіздік  тарихындағы  рекордтық 

көрсеткіш. Біз кеше ғана ел болып Ұстаздар 

күнін  атап  өттік.  Шәкіртіне  білім  нәрін 

себетін  340  мың  қазақстандық  ұстазды 

кәсіби  мерекелерімен  құттықтауға  рұқсат 

етіңіздер!  Білімді  ұрпақ  –  Мәңгілік  Елдің 

болашағы.  Мәңгілік  Ел  болу  дегеніміз  – 

бәсекеге қабілетті, зияткер ұлт болу. Зиялы 

ұрпақ тәрбиелеу – менің, мен сияқты барша 

ұстаздардың  борышы.  Ал  жас  ұрпақтың 

борышы – білімді азамат атанып, Ұлы Абай 

айтқандай,  «Мәңгілік  Елдің  кірпіші  бо-

лып қалану». Сол себепті, біздің жасампаз 

еңбегіміздің бәрі де «Мәңгілік Ел» үшін!



Бибігүл Төлегенова,

Халық Қаһарманы:

-  «Мәңгілік Ел» біздің ата-бабамыздың 

аңсаған арманы болатын. Бүгінде біздің оған 

қолымыз жетті. Біздің жастарымыз расында 

да  патриот  болады  деп  сенемін,  сондай-

ақ,  «Мәңгілік  Ел»  идеясын  шын  жүректен 

қолдаймын. Оның дұрыстығына еш күмәнім 

жоқ.  Менің  жасым  85-ке  толды.  Соған 

қарамастан, мен «Мәңгілік Ел» идеясының 

іске асқанын көремін деп ойлаймын. Егер, 

жастар дұрыс еңбек етіп, бұл идеяны жүзеге 

асыруға тырысатын болса, онда ол міндетті 

түрде кешікпей орындалады. Нағыз патриот 

тек өзі үшін ғана емес, елі үшін де өмір сүреді 

деп есептеймін. Біз балабақшада, мектепте, 

жоғары оқу орындарында алған білімімізді, 

тәрбиемізді ұрпақ жолында сарп етуіміз керек. 

Яғни, барлық біліміміз бен біліктілігімізді тек 

өзіміз үшін, өз үйіміз үшін ғана емес, мемле-

кет үшін де еңбек етуі керек. Патриоттықтың 

мәні осында. Мен рухани тәрбиені арттыру 

үшін  өнер  саласында  өте  көп  еңбек  еттім. 

Совхоздан  да,  колхоздан  да,  бригада  мен 

бөлімшелерден де қашқан жоқпын, қорыққан 

жоқпын, тіпті, есек пен түйеге мініп те еңбек 

еттім. Еңбек адамға көрік береді деп ойлай-

мын. Бізге жаңа мемлекетті құруға ешнәрсе 

кедергі жасамасын деп тілеймін. «Мәңгілік 

Ел» тек жүрегімізде ғана мекендеп қоймай, 

бүкіл  әлем  қазақтардың  «Мәңгілік  Елде» 

тұратынын  көрсе  деймін.  Бұл  менің  шын 

тілегім.


Азамат Жұмаділов,

Халық Қаһарманы:

-  Құрметті достар! Мен ешқашан батыр 

атануды ойлаған емеспін. Сол қатерлі түнде 

азаматтық міндетімді ғана атқардым! Менің 

орнымда кім болса да дәл солай істер еді. 

Жауапты сәтте қатерге ойланбай бас тігу – 

елім  деген  әрбір  азаматтың  борышы!  Сол 

оқиғаны Елбасы теледидардан көріп, маған 

«Халық Қаһарманы» атағын берді. Осыдан 

түйгенім: Қазақстанда жасалған әрбір игі іс 

Елбасының назарында. Ұлым дейтін елі мен 

Елбасы барда, елім дейтін ұлдар бар. Патри-

отизм  –  ел  үшін  жасалған  нақты  істерден 

тұрады. Бұл – «Мәңгілік Елдің» басты сипаты! 

Мен еліміздің жастарына үндеу тастаймын! 

Қасиетті  Отанымызды  сүйіп,  құрметтейік! 

Жақындарымызға  көмектесейік!  Лайым 

жерімізден бейбітшілік пен келісім кетпесін!



«Егемен Қазақстан»

6 қазан 2015 жыл

қала-қарбалас

әлЕмді аралаған 

мотошЕру

 

„

ағымдағы жылдың 29 тамызында алматы қаласынан 



шыққан мотобайкерлердің шеруі қазақ хандығының 550 

жылдығы мерейтойы күндері Тараз жеріне табан тіреді. 

байкерлер Хандық тойына келді. 

    Суреттерді түсірген Владимир Алсуфьев.

Жаңа мешіт – ел игілігіне



 

„

облыс орталығында Хандық тойы өтіп жатқан сәтте тағы бір жаңа мешіт ел игілігіне ұсынылды.



Шынболат СЕЙДУАЛИЕВ

Хандық тойы қарсаңында еліміздің бар 

өңірін аралап келе жатқан мотобайкерлерді 

Тараз қаласының әкімі Нұржан Календеров 

және  Жамбыл  облысы  әкімдігі  жастар 

саясаты мәселелері басқармасының басшысы 

Еркебұлан Құралбаев бастаған жастар «Тараз-

Арена» спорт кешенінде сән-салтанатымен 

күтіп алды. Бұл салтанат «Біз – Ұлы дала 

ұрпақтарымыз»  атты  жастар  акциясына 

ұласты. Акцияға облыс әкімдігінің басшылығы, 

шет елдерге және әлемнің 150 елін темір 

тұлпармен саяхаттаған танымал байкерлер, 

велошабандоздар, жоғары және орта арнаулы 

оқу  орындарының  студенттері  мен  қала 

тұрғындары қатысты. Қоғамды тәуелсіздік 

пен тұрақтылық, бейбітшілік және келісімге 

негізделген басты құндылықтар төңірегіне 

топтастыруға, мерекелік іс-шараларға еліміздің 

барлық  азаматтарын  тарту  мақсатында 

ұйымдастырылған жиында алғаш болып 

сөз сөйлеген қала әкімі Нұржан Календеров 

«Қазақстан географиялық қоғамы» қоғамдық 

бірлестігінің президенті Дмитрий Петрухин 

бастаған мотошерушілерге қаламызға аман-

есен  келгендеріне  қуанышты  екендігін 

жеткізді. 

-  Бүгін Тараз жерінде дүбірлі той – Қазақ 

хандығының 550 жылдығы. Бұдан 550 жыл 

бұрын Керей мен Жәнібек хан Шу өңірінде 

Қазақ хандығының іргетасын қалады. Хандық 

тойын мерекелеудің мәні мен маңызы зор. 

Астанадан  бастау  алған  дүбірлі  тойдың 

жалғасы  Ұлы  Жібек  жолының  бойында 

орналасқан ежелгі Тараз жерінде жалғасын 

табуда. Тараз - шаттығы жарасқан құт мекен. 

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев атап 

өткендей, «Ұлы дала ұрпақтары атынан Ұлы 

Жібек жолы бойында орын тепкен, ырыс пен 

бақ қонған Тараз жеріне» қош келдіңіздер!Ұлы 

дала елінде ынтымақ сақталынды. Қазақстан 

Республикасының  мерейі  үстем,  шығар 

белестері биік. Елін шексіз сүйетін патриот 

сезімін жүрегінде сақтаған қаншама асыл жас-

тарымыз бар. Ұлым дейтін ел мен Елбасы бар, 

елім дейтін ұлдары бар. Жерімізде тұрақтылық, 

елімізде бейбітшіліктің желбіреуі осының 

айғағы, - деді Нұржан Сәбитұлы. Сондай-ақ, 

қала әкімі Дмитрий Петрухинге саяхатшылық 

жұмысына барша қазақстандықтардың құрмет 

көрсететінін жеткізді. Мұнан соң сөз алған 

«Қазақстан географиялық қоғамы» қоғамдық 

бірлестігінің президенті Дмитрий Петрухин 

Тараз қаласының тұрғындарына рахметін 

айта келе, Қазақ хандығының 550 жылдық 

мерекесімен құттықтады. 

-  Құрметті тараздықтар, міне, біз бүгін 

аман-есен мәреге жеттік. Шеруіміз 29 тамыз-

да бастау алып, көне шаһарға 50 күн дегенде 

жетіп отырмыз. Командамыздың құрамында 

14 облыстың өкілі бар. Шеру барысында 

барлығы жақсы болды. Бірақ бүгін өте керемет 

күндердің бірі болып отыр,-деп қуанышты 

лебізін жеткізген Дмитрий Иванұлы қала 

әкіміне шерудің басты символы болған Қазақ 

хандығы бейнеленген патриоттық белгісі бар 

туды салтанатты түрде табыстады.

Шара барысы одан әрі қаланың басты 

көшелерінде  мотошеруге  ұласып,  «Нұр 

Отан» партиясы мәжіліс залында Дмитрий 

Петрухин мен оның әріптестері жастар-

мен кездесу өткізді. Кездесуге жоғары және 

орта арнаулы оқу орындарының студенттері, 

белсенді жасотандықтар, облыстық «Жастар 

орталығының» жанынан құрылған «Еріктілер 

мектебінің» мүшелері, ҮЕҰ өкілдері, жастар 

ісі жөніндегі комитет жетекшілері қатысты.

Басқосуды Жамбыл облысы әкімдігі жастар 

саясаты мәселелері басқармасының басшысы 

Еркебұлан Құралбаев ашып, жүргізіп отырды. 

Өз кезегінде Дмитрий Петрухин шеру барысында 

болған қызықтарды әңгімелеп берді. Сондай-ақ 

Хандыққа орайластырылған шеруде түсірілген 

бейне жазбаларды жиналған көпшіліктің наза-

рына ұсынды. Негізінен Дмитрий Петрухин 10 

жыл бойы әлемнің 150 мемлекетін мотоциклмен 

басып өткен екен. Оның жүріп өткен жолы 250 

мың шақырымды құрайды. Ол - адамзат тари-

хында алғаш рет «Ұлы Қытай» қорғанын мото-

циклмен жүріп өткен байкер. Қазақ хандығының 

550 жылдығына орай шыққан мотобайкерлердің 

шеруі осы уақытқа дейін Балқаш, Қарағанды, 

Теміртау, Екібастұз, Павлодар, Семей, Өскемен 

және Астана қалаларында болып, Қазақ хандығы 

бейнеленген патриоттық белгісі бар туларды 

салтанатты түрде табыстаған. Мінекей, біршама 

қалалар мен жолдарды артқа тастаған мотобайкер-

лер шеруді Тараз қаласында қорытындылап отыр. 

Қазақ  хандығының    550    жылдығына 

арналған мерекелік мотошеру «Аю тропик» 

демалыс орталығынан бастау алып, Байзақ 

ауданы, Жамбыл даңғылы, Рахимов, Ұлбике 

ақын, Төле би, Тәуке хан, Қазақ хандығының 

550 жылдығына арналған монумент, Айша 

бибі  және  Қарахан  кесенелері,  «Көне  Та-

раз» археологиялық паркі, Сыпатай батыр 

көшелерімен жүріп өтті.  

Арсен БАЙЗАҚ

Шындығында, Қазақ хандығының 550 жылдығына дайындық бары-

сында Қарахан кесенесі маңында бой көтеріп жатқан жаңа нысан қандай 

мақсатқа жұмсалады деген ой болған еді көптің көкейінде. Енді, міне, 

тарихи шаһар төрінде сәулеті келіскен жаңа мешіттің құрылысы толық 

аяқталып, Хандық тойы күндері, қасиетті жұмада ел игілігіне берілді. Бір 

мезетте мың адам мұсылмандық шарттарын орындай алатын Алланың 

жердегі үйінің ашылу салтанатына облыс әкімі Кәрім Көкрекбаев, Қазақстан 

мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы 

Малғажыұлы, қала әкімі Нұржан Календеров, орталық мешіттің бас имамы 

Данияр Жұмабаев және қала тұрғындары қатысты.

-  Қазақ хандығының  550 жылдығын атап өткен тұста облыс орталығында 

тағы бір жаңа мешіттің ашылуы тарихи сәт болып тұр. Көп ұлтты Қазақстанда, 

оның ішінде көне шаһар Тараз тұрғындары тату-тәтті өмір сүріп, бірлік пен 

ынтымақты кең насихаттап отыр. Бұл – біздің мақтанышымыз. Хандық 

тойының қарсаңында Ахаевтар мен Әлжанқұловтар отбасы осындай баста-

маны қолға алып, бүгін мұсылман қауымына жаңа мешіт салып беріп отыр. 

Жаңа мешіттің ІХ ғасырға тән Қарахан мен Дәуітбек кесенелерінің маңында 

орналасуы да рухани сабақтастық, - деді облыс әкімі өз сөзінде. Бұдан соң сөз 

алған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти 

Ержан қажы Малғажыұлы да қала тұрғындарын Хандық тойы және жаңа 

мешіттің ашылу салтанатымен құттықтады. Құран оқылып болған соң, облыс 

әкімі Кәрім Көкрекбаев пен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 

төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы екеуі салтанатты түрде 

мешіттің лентасын қиды.

Расында, облыс орталығындағы Төле би даңғылының бойына 

орналасқан жаңа мешіттің сәулеті келісті-ақ. Құран сүрелері жазылған 

кітаптың ашылып тұрған беті сәулетінде салынған бұл ғимараттың қала 

көркіне көрік қосатындығына да ел сенімді.



  1   2   3   4   5   6   7   8   9


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал